«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні бойынша



жүктеу 2.02 Mb.
бет3/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

ТАҚЫРЫБЫ: Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері

(1 сағат)
Жоспар:

1. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы

2. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы алтай дәуірі

3. Ғұн дәуірі
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә Құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні:

1. Түркі халықтарының Отаны жер шарының екі материгі – Азия мен Европа. Дегенмен басым көпшілігі Азия болып саналады. Оған себеп – көпшілік түркілер осы жерлерді мекендейді, екіншіден, тарихи тамыры да осы құрлықта. Ал Еуропадағы түркілер, негізінен, оның оңтүстігінде орналасқан да, Еділ мен Кавказ тауларының етегін мекендеген.

Жеке түркі тілдерінің қалыптасу дәуірлері әр түрлі. Олардың кейбіреулері ерте қалыптасып, өз іргесін басқалардан бұрынырақ алыстатқан болса, енді біреулері ортақ тіл қауымына соңғы дәуірлерде (ХІҮ-ХҮІ ғғ.) ғана бөлініп шыққан.

Түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің даму кезеңдерін белгілі кезеңдерге бөліп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтауға әрекет етіп келеді. Мысалы, Н.А. Баскаков түркі тілдерін дамуы мен қалыптасуына қарай 6 кезеңге бөлген:

1). Алтай дәуірі;

2). Хун дәуірі (Ү ғасырға дейін);

3). Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғасырлар);

4). Орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасуы мен даму дәуірі (Х-ХҮ ғасырлар);

5). Жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (ХҮ-ХХ ғасырлар);

6). Ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің Қазан тіңкерілісінен кейінгі даму дәуірі.

Н.А. Баскаковтың бұл пікірін ғалымдардың көбісі-ақ қолдайды, бірақ онымен келіспеушілер де жоқ емес. Мәселен, біраз ғалымдар түркі тілерінің Алтай дәуірін мойындамайды. Алайда біз түркі тілдерінің қалыптасуын Н.А.Баскаковтың дәуірлерге бөлуіне сүйене қарастырамыз.

2. Түркі тілінің дамуындағы Алтай дәуірі – мерзімі жағынан әлі анықталмаған, ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелердің бірі. Тілдерді салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеп, туыстық жақындығын анықтағанда олардың ортақ белгілеріне сүйену қажет. Осындай туыстық белгілер түркі-монғол тілдерінің арасында да бар және олар фонетика жүйесінде де, лексика мен грамматикалық құрамында да кездесетіндігін ескере келіп, бір топ ғалымдар «түркі тілдері өз алдына бөлініп шыққанға дейін алтай дәуірі тобында болған» деген топшылау айтады. Олар алтай тілдері тобындағы тілдерден: 1) түркі-монғол тілдері; 2) тунгус-маньчжур тілдері; 3) жапон-корей тілдері бөлініп шықты деген болжамды ортаға салады. Ал Х. Винклер, С.М. Широкогоров, Б. Колиндер, М. Рясянен, Д. Шинор, А. Дильачар сияқты ғалымдар тіпті алтай тіл бірлестігінен де арыға барып, орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады.

Бұл жоба бойынша: бір кездерде, уақыт кезеңі анықталмаған дәуірде орал тілдері мен алтай тілдері генеологиялық жағынан туыстас болған. Тайпалар одағының ыдырауы негізінде орлал тілдері алтай тілдерінен бөлініп шыққан. Өз ретінде, уақыттың өтуіне байланысты, орал тілдері екі топқа (угро-фин және самоди) ыдыраған. Алтай тілдері жоғарыда айтылған үш тармаққа бөлінген.

Салыстырмалы-тарихи зерттеулер алтай тілдерінің деректерінде көптеген ұқсас келетін тілдік материалдардың барлығын анықтады. Жалпы алтай тілдері бірлестігінің құрамына енген тілдерде дыбыс үндестігі, екпіннің тұрақтылығы, жалғамалы тіл болуы, сөз алдынан келетін көмекші сөздердің (предлогтардың) болмауы, жыныс(род) категориясының болмауы т.б.

Көпшілік тілшілер алтай тіл бірлестігін анықтауда дыбыстық сәйкестікке көбірек көңіл бөледі. Мысалы, Н.А.Баскаков осындай белгінің бірі ретінде тунгус тіліндегі т дыбысы мен маньчжур тіліндегі с дыбыстарының и дыбысының алдында тұрғанда түркі тілдеріндегі ч, ш дыбыстарымен сәйкес келетіндігін көрсетеді.

3. Хун дәуірі алтай дәуірімен ұштасып, байланысып жатады да, б.з.д. ІІІ ғ. мен Ү ғ. аралығын қамтиды. Егер Алтай дәуіріндегі тайпалар туралы бізде ешқандай тарихи мәлімет, жазба деректер болмай келсе, Хун дәуірі жайлы аз болса да деректер бар.

Хундар – Қытайдың солтүстігіндегі көршілестері. Ертеден отырықшылықпен айналысып, егін егумен айналысқан қытай халқымен іштей араласып, солармен тікелей байланыста болған, олардан азық-түлік, киім-кеегі мен тұрмысқа қажетті заттарын алып отырған.

Хун империясының өсіп-өркендеп, Қытай империясымен бой таластырған дәуірі – Модэ Шаньюй дәуірі. Б.з.д.. 209 жылы Модэ өз әкесі Тумань Шаньюйды өлтіріп, Хун империясының тағына отырады да, Шаньюй атағын алады.

Түрлі тайпалармен, халықтармен ұзақ араласу нәтижесінде хундардың этникалық, мемлекеттік құрамы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерген еді. Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында хундардың төрт тармағы қалыптасып, төрт түрлі тарихқа ие болды.

1. Солтүстік хундардың бір тобы Қазақстанның солтүстігін жағалай отырып, Орал тауы мен Еділ жағалауына орналасты.

2. Юебань хундары Тарбағатай мен Жетісу өлкелерін қоныстанып, Соғды мәдениетін қабылдаған.

3. Сяньби хундары өз отанын тастап кетпестен, атамекенінде қалып қояды. Бірақ Сяньбилер көп болғандықтан, бірте-бірте түркі ана тілін ұмытып, монғол тілін қабылдайды. Кей ғалымдардың алтай тіл одағы болмаған, түркі тілдерінің монғол және тунгус-маньчжур тілдерінде көптеген ортақ элементтің, тілдік суббстраттың пайда болуына осы хундар себеп болды деуі осыдан.

4. Қытайлық хундар – сянбилерден жеңілген соң оңтүстікке қарай шегініп, Ұлы Қытай қабырғасының екі жағын ала қоныстанған хундардың өкілдері. Бұлар уақыт озған сайын өз қатарын көбейтіп, ҮІ ғасырдың соңына дейін хун империясын құруға әрекет етті.

Түркі тайпалары Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Дон аралығы мен Кавказ тауларының етектерінде қаншама көшіп-қонып жүрсе де, олардың ту тіккен жері – Сібір өлкесі болатын. «Түрік» сөзі де осы Сібірде қоланылған. А.Н.Гумилевтің көрсетуінше, біздің заманымыздың 439 жылы тобасцилар хундардың қалдықтарын жеңіп, Хэси өлкесін қытайдың Вэй империясына қосқан кезде 500 үйлік хунның князі Ашина жужандарға қашып өтеді де, Алтай тауының оңтүстігіне орналасады, олар жужандар үшін темір қорытады. Қытайлықтар Ашина тобын және оның айналасындағы, қол астындағы халықты ту-кю деп атайды. П.Пелльо бұл қытай сөзін тюрк-ют деп транскрипция жасаған. «Турк» деген сөз «күшті», «мықты», «берік» деген мағына білдірсе, ют морфемасы монғол тілінде көптік мағынаны білдіреді.

4 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ : Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері

(1 сағат)
Жоспары:

1. Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғ.).

2. Түркі тілдерінің орта дәуірі (Х-ХҮ ғ.)

3. Түркі тілдерінің жаңа даму дәуірі (ХҮ-ХХғ.)

4. Қазан төңкерілісінен кейінгі дәуір (1917 жылдан бастап)
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә Құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні:

1. Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғ.). Түркі тайпаларының арасында феодалдық қатынастар біздің заманымыздың ҮІ ғасырынан бастап қалыптаса бастайды. Олардың ерте феодалдық мемлекет түріндегі үлкен бірлестігі – Түркі қағанаты ҮІ ғасырдың орта кезінде (552 ж.) құрылған. Ол қазіргі Алтай мен Монғолияның ұлан байтақ атрабын түгел қамтиды. ҮІ ғасырдың аяғында (581 ж.) құрылған Батыс Түркі қағанаты Жетісу жерін билейді де (орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болады), оның құрамына жоғарыда көрсетілген үйсіндер мен қаңлылар, қарлұқтар мен түргештер, чығылдар мен яғмалар кіреді. Көшпелі тайпалардың бір шеті Тарбағатай тауларын мекендесе енді бір шеті Сырдария бойында отырған.

Шығыс Түрік қағандығының орталығы – қазіргі Монғолия жері, дәлірек айтқанда, Орхон өзенінің бойы. ҮІІ ғасырдың ортасында ол Қытай империясының ықпалына түскен. Батыс Түркі қағандығының шығыс жақ аймағы да кейінірек (ҮІІ ғ.) Қытай империясына қарап қалған, ал батыс жақ бөлігі араб жаулаушыларына бағынып кеткен (ҮІІІ ғ.).

2. Түркі тілдерінің орта дәуірі (Х-ХҮ ғ.) – осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқан түркі тілдерінің басым көпшілігі өзінше тұлғаланып, қалыптаса бастаған дәуір. А.Н.Самойловичтің сөзімен айтқанда, бұл кездегі Орта Азиялық мұсылман түріктерінің барлығына бірдей ортақ болып келетін жалғыз арналы және жаппай қолданылатын бір ғана әдеби тіл өмір сүрген. Ол әдеби тіл өз басынан үш түрлі кезең өткізген: а) Қараханидтер династиясына бағынып тұрған түріктердің әдеби тілі (орталығы – Қашқар қаласы, ІХ-ХІІ ғ.); ә) Оғыз-қыпшақ тайпаларының тілінде қолданылған әдеби тіл (орталығы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Хорезм өлкесі, ХІІ-ХІҮ ғ.); б) Шағатай (Шыңғыс ханның екінші ұлы) ұлысында (Хорезм, Батыс және Шығыс Түркістан, Мауреннаһр) тұратын түріктердің әдеби тілі (орталығы – Құлжа қаласы, ХҮ-ХҮІ ғ.).

Түркі тілдерінің жаңа даму дәуірінде (ХҮ-ХХғ.) қазіргі түркі тілдері халықтық тіл болып қалыптасқан. Олар мыналар: татар, башқұрт, қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарайым, құмық, қарачай, балқар, қырым татарларының тілі, түрікмен, гагауыз, балқан түріктерінң тілі, азербайжан, түрік, өзбек, ұйғыр, тува, қарағас, якут, хақас, шор, камасин, кюэрик, сары ұйғыр, алтай т.б.

Қазан төңкерілісінен кейінгі дәуірде (1917 жылдан бастап) бұл тілдер түгелдей дерлік ұлттық әдеби тіл болып қалыптасты. Олар социалистік ұлт тілдері есебінде тез дамып, жан-жақты жетіле түсуде.

Көптеген түркі тілдері Ұлы Қазан төңкерілісінен кейін қалыптасқан социалистік ұлттардың мемлекеттік жазба әдеби тілі дәрежесіне дейін өсіп жетіл ді.

Көне түркі тілдері мен жаңа түркі тілдерінің өзара тарихи байланысымен туысқандық қарым-қатынасы, өз ара жіктелуі (классификациясы) жөнінде жазылған әдебиеттер өте мол. Солардың ішінен М. Қашқари (ХІғ.), Н. Ильминский (1861ж.), А. Мюллер (1896ж.), Н.Аристов (1896ж.), Н.Катанов (1903ж.), Ф.Корщ (1910ж.), А.Самойлович (1922, 1926ж.), И.Батманов (1947 ж.), С.Малов (1952 ж.), Н.Баскаков (1952, 1960 ж.), К.Сартбаев (1961ж.) т.б. жасаған түркі тілдерінің өз ара жіктелу кестесін арнап атап өткен жөн.


5 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ: Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)

(1 сағат)
Жоспар:

1. Түркі тілдерінің генетикалық байланысы

2. Академик В.В.Радловтың классификациясы

3. Академик Ф.Корштың классификациясы

4. Профессор В.А.Богородицкий классификациясы

5. С.Е.Малов классификациясы
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні:

1. Біз салыстырып тексергелі отырған Қазақстан мен Орта Азия тілдері түркі тілдерінің әр түрлі группасына жатады. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдері — қыпшақ, өзбек, ұйғыр тілдері — қарлұқ, түрікмен тілі — оғұз группасына кіреді. Біз осы тілдерді салыстырып зерттеу арқылы қалған түркі тілдердің генетикалық байланысын да анықтауымыз киын емес. Өйткені бүл тілдер қалған түркі тілдерімен де тығыз байланыста болды. Көптеген тюркологтар түркі тілдерін бір-бірімен салыстырып зерттеу былай тұрсын, оны монғол, тұңғыс, маньчжур тілдерімен байланыста тексереді. Типологиялық жақтан бұл тілдер орал тілдерімен (угро-фин, самодий) бірігіп, Орал-Алтай тілдерінің үлкен группасын түзеді. (Бұған қосымша: Е. Д. Поливанов, Ғ. И. Рамстедттер корея тілін, Т. Винклер жапон тілін де қосуды ұсынған). Қазіргі түркі тілдері мен алтай тілдерінің генетикалық байланысын былай қойғанда, алтай тілі мен орал тілдерінің байланысы онан артық болмаса, кем емес деген пікірді айтады.

Б. Я. Владимирцев бұл тілдердің геңетикалық жақтан байланысын мынадай схема арқылы көрсетеді.


Алтай ата тілі (Алтайский праязык.)
















жалпы монғол—түркі




























жалпы монғол




жалпы түркі




жалпы тұңғыс

Тюркологтардың басым көпшілігі өздерінің классификациясында түркі тілдерін ғана қамтыды. Бұлардың кейбіреулері ғылыми негізде жасалмағаны былай тұрсын, түркі тілдерінің өзі де толық аталмайды.

Абель Ремюза 1820 жылы жазған жұмысында түркі тілдерін мынадай группаларға бөлген:

1) Якут группасы (якут тілі);

2) Ұйғыр группасы (ұйғыр, шағатай, түрікмен тілдері);

3) Ноғай группасы (татар тілі);

4) Қырғыз группасы (қырғыз, қазақ тілдері);

5) Түрік группасы (чуваш тілі).

Абель Ремюза бұл классификацияға қосымша кейбір мағлұматтар берген, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тұратын территориясын атаған. Бұл классификация толық емес, оның үстіне ғылми негізде берілмегендігі де сезіліп тұр.

2. Академик В. В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің өзгешелігін есепке алады. В. В. Радлов түркі тілдерін төмендегі группаларға бөледі:

1) Шығыс группа (алтай, шор, хакас, тува, ұйғыр т. б. тілдер);

2) Батыс группа (қырғыз, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері);

3) Орта Азия группасы (ұйғыр, өзбек тілдері);

4) Түстік группа (түрікмен, азербайжан, түрік т. б. тілдері).

Бұған қосымша В. В. Радлов бұл тілдердің фонетикалық өзгешелігіне тоқтаған, ал этникалық жағын есепке алмаған.

Вамбери классификациясы төмендегі үш группадан тұрады:

1) Түстік-Сібір группасы;

2) Шығыс-түркі тілдері группасы (ұйғыр, өзбек, қазақ, қырғыз т.б.);

3) Аралас группа (башқұрт, татар, ноғай т.б. тілдер). Вамбери барлық түркі тілдерін жалпы түркі тілінің диалектісі деп қарайды.

Профессор Н. Ф. Катанов түркі тілдеріне этнографиялық шолу жасай келіп, төрт группаға бөледі. Бұл классификация әрбір түркі тілдерінің езгешелігін есепке алмайды. Оның үстіне кейбір түркі тілдері аталмай қалған.

3. Академик Ф.Корштың классификациясы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық өзгешелігін есепке алып, олардың тілдік материалын талдау негізінде жасалған. Ол түркі тілдерін төмендегі төрт группаға бөледі:

1) Солтүстік группасы( географиялық белгілеріне қарап бұған: құмық, ноғай, татар, башқұрт, чуваш т.б. тілдерді кіргізген);

2) Шығыс группа — половец (құман, қыпшақ), ескі өзбек (шағатай), ұйғыр, орхон, қарагас сияқты тілдер);

3) Батыс группа (түрік, азербайжан, түрікмен тілдері);

4) Аралас группа (солтүстік алтайлықтар, чуваш, якут тілдері).

Академик А. Самайловичтің классификациясы түркі тілдерінің лингвистикалық езгешелігін есепке алады. Ол Радлов пен Корштың классификациясының дұрыс екендігін айта келіп: ,«Пытаясь в настоящей работе дополнить существующие классификации турецких языкйв, а не изменить из нового, а позволяю себе вносить некоторые изменения и в принятую различными учеными номенкулатуру отделов системы турецких языков,— дейді.

Түркі тілдерінің тарихы мен этнографиясын зерттеуде көрнекті орын алған XIX ғасырдағы орыс ғалымы Н. А. Аристов болып есептеледі. Ол түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың Алтай, Монғол жерінен қазақ далаларына өтерінде бәрі араласып, бір-бірімен тығыз карым-қатынаста болған деп есептеп, төмендегі рулардың түркі халықтарының қалыптасуына ұйытқы болғандығын көрсетеді: қаңлы, қыпшақ, дулат, алшын, арғын, найман, керей, қырғыз, саха немесе якут, теле, түрк-түкю; карлұқ т. б.

4. Профессор В. А. Богородицкий Іуркі тілдерін классификациялағанда, оның территориялық орналасуын есепке алып, әрбір тілдің географиялық жағдайына қараған. В. А. Богородицкийдің классификациясы төмендегіше:

I. Солтүстік-шығыс группа (якут, карагас, тува тілдері).

II." Хакас. (абакан) группасы (хакас тілі).

III. Алтай группасы (алтай тілі).

IV. Батыс-Сібір группасы.

V. Волгалық-Оралдық группа (татар, башқұрт тілдері).

VI. Орта Азиялық группа (ұйғыр, қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ тілдері).

VII. Түстік-батыс (түстік) группа (түрікмен, азербайжан, құмық, гагауз, түрік тілдері).

5. Атақты тюрколог С. Е. Малов түркі тілдерінің ескі жазба естеліктерін зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарым-қатынасын, фонетикалық өзгерістерін салыстыра келіп, шығыс түркі тілдерінің батыс түркі тілдеріне қарағанда, ескі элементтерді көп сақтағандығын дәлелдейді. Бұрынғы болған классификацияларға карағанда, С. Е. Малов көбінше дыбыстардың өзгешелігін есепке алады. С. Е. Малов барлық түркі тілдерін ең көне (древ-нейшие),көне (древние), жаңа (новые), ең жаңа (новейшие) деп негізгі төрт группаға бөледі.

а) Ең көне тілдер: булгар тілі, ұйғыр (сары ұйғыр) ,тілі, чуваш тілі, якут тілі.

ә) Көне түркі тілдері: «оғұз» (ескі руникалық жазба түркі естеліктерінің тілі), тофалар тілі, тува тілі, ұйғыр (ескі үйғыр жазба естеліктерінің тілі), хакас тілі, шор тілі.

б) Жаңа түркі тілдері: азербайжан тілі, гагауз тілі, құман тілі, қыпшақ тілі, печенег тілі, половец тілі, салар тілі, түрік тілі, түрікмен тілі, ұйғыр тілі (Қытайдағы немесе Шығыс Түркістан тілі деп аталатын), өзбек тілі, шағатай тілі, чулым тілі.

в) Ең жаңа түркі тілдері: башқұрт тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, қырғыз тілі, құмық тілі, ноғай тілі, ойрот (Алтай) . т.ілі, татар тілі (казан, қасым, мишер, батыс-сібірлік), (чуваш), (якут).

6 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Салыстырмалы фонетика

(1 сағат)
Жоспары:

1. Қазіргі түркі тілдерінің фонетикалық өзгерістері

2. Орхон-енисей ескерткіштеріндегі дауысты дыбыстар

3. Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар (вокалізм)
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні:

1. Қазіргі түркі тілдері өздерінің лексикалық құрамында, грамматикалық құрылысында жалпы түркілік тектестігін сақтай отырса да, фонетикалық өзгерістерге ұшырағандығы анық сезіледі. Сол фонетикалық құбылыстар арқылы түркі тілдерінің бірі екіншісінен ажыратылады. Түркі тілдерін топтастырғанда, олардың жақындық немесе қашықтық дәрежесін анықтауда, тілдегі фонетикалық құбылыстар есепке алынады. Дыбыстар сөз жасаудағы негізгі элемент болып қоймай, сол тілдегі бір сөзді екінші сөзден, генетикалық байланысты бір тілді екінші тілден ажырату үшін де қызмет атқарады. Мысал үшін қала, дала, бала, жала, шаласөздерін салыстырсақ, ір сөз өз алдына дербес мағынаға ие. Бұл сөздерді бір-бірінен ажыратуға себепші болып тұрған тек қана бастапқы қ, д, б, ж, ш дыбыстарының бөлек болуы, әйтпесе қалған ала деген бес сөзді бір сөз деп түсінуге болады. Кейде бұндай сөздерді осы мағынасында ажырату үшін контекст, ситуация керек болған болар еді. Сол сияқты гүндиз – күндіз, гезек – кезек, гелешек – келешек, гелин – келін, горкак – қорқақ деген сөздерде бастапқы г – қ дыбыстарының өзгеше қолданылуы – түркімен, қазақ тілдерінің өздеріне тән құбылыстарын көрсетіп тұр. Дыбыстардың өзгеруіндегі әр түрлі заңдылықтар тілдің морфологиялық құрылысымен, ал сөйлемдердің әр түрлі интонациямен айтылуы – оның синтаксистік құрылысымен тығыз байланысты.

2. Орхон-енисей ескерткіштерінде 8 дауысты дыбыс (а, ә, ы, и, о, ө, у, ү) болғандығы көрсетіледі. Дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болып айтылуы қатар тұрған дауыссыздарға байланысты болғандығы сезіледі. Ескерткіштердегі төрт таңба қазіргі тілдердегі барлық дауысты дыбыстардың орнына қолданылған «а» өз орнында және тіл алды «ә» дыбысының орнына; «ы» өз орнында және «і» дыбысының орнына; «о» өз орнында және «ұ» дыбысының орнына; сол сияқты «ө» өз орнында және «ү» дыбысының орнында келген. Демек, әрбір дауысты дыбыс жуан және жіңішке екі дауысты дыбыстың қызметін атқарған. Орхон-енисей ескерткіштерінде сингармонизм заңы сақталғандығы сезіледі. Ерін үндестігі жөнінде де осыны айтуға болады. (ұзұн, будун, отуз, улуг, күмүш, кутлуг, оглум т.б.)

Көне түркі тілдерін қазіргі тілдермен салыстырсақ, кейбір фонетикалық құбылыстардың ізі байқалады. Солардың бастылары кейбір тілдерде сингармонизм заңының жоғалып кетуі, немесе әлсіреуі; дауысты дыбыстардың созылып айтылуы, жуан, жіңішке болып бөлінуі т.б.

3. Дауысты дыбыстар. Қазіргі түркі тілдерінің дауысты дыбыстар құрамында кейбір өзгешеліктерден көрі ұқсастықтар күшті екендігі сезіледі.

Қазақ тілінде: а, ә, е, ы, и, і, о, ө, у, ү, ұ

Қарақалпақ тілінде: а, ә, е, ы, и, о, ө, у, ү

Қырғыз тілінде: а, э (е), ы, и, о, ө, у, ү

Өзбек тілінде: а, э (ә), и, о, у, ү

Ұйғыр тілінде: а, ә, е, и, о, ө, у, ү

Түрікмен тілінде: а, э(ә), е, ы, и, о, ө, у, ү

Демек, дауысты дыбыстар қазақ тілінде – 11, қарақалпақ тілінде – 9, қырғыз тілінде – 8, өзбек тілінде – 6, ұйғыр тілінде – 8, түрікмен тілінде – 9 әріппен беріледі. Бұл дауысты дыбыстар қай тілдің болса да өзіне тән ерекшелігімен қатар көне түркілік тектестігін де сақтағандығын көрсетеді. Ал қазіргі түркі тілдерін өзара салыстыру арқылы олардың дамуы мен қалыптасу кезеңдерін зерттеуге, жалпы ұқсастығы мен өзгешелігін анықтауға жәрдем етеді. Өйткені қай тілдің болса да лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысы оның фонетикалық құбылыстарымен тығыз байланысты болады. Мысалы, қыпшақ группасының ішінде қазақ, қырғыз тілдері бір-біріне жақын. Солай бола тұрса да, қырғыз тілі қазақ тіліне қарағанда ерін үндестігін барлық буындарда толық сақтаған (тоқум, төлө, көрбөгөн, болбогондор, өлбөгөндөр). Сол сияқты қырғыз тіліндегі дауыстылардың созылыңқылық қасиеті (аа, ээ, оо, уу, үү), бұл тілді қазақ тілінен гөрі алтай, хакас, тува тілдерімен жақындастырады.


Қырғыз тілінде боор бээ уул ооз

Алтай тілінде буур бес уул оос

Тува тілінде баар бес оол аас

Хакас тілінде паар пии оол аас

Қазақ тілінде бауыр бие ұл ауыз
Демек, қазіргі түркі тілдерінің дыбыстарын салыстырып зерттегенде ғана олардың жалпы ұқсастығы мен өзгешелігі байқалады

7 ЛЕКЦИЯ.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет