«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні бойынша



жүктеу 2.02 Mb.
бет7/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл
Жоспары:

1. Салыстырылған тілдердегі етістіктің шақ категориясы

2. Шақ категориясының зерттелуі

3. Өткен шақ
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
1. Етістіктің шақ категориясы қарақалпақ тілінде — мәхәл, қырғыз тілінде — чак, өзбек тілінде замон, ұйғыр, түрікмен тілдерінде,,— заман делінеді. Барлық түркі тілдер сияқты, салыстырылған тілдерде, етістіктің шақтары өткен шақ, келер шақ, осы шақ болып үшке бөлінеді. Барлық тілдерде шақ категориясы іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын, кейде сөйлеп жатқан уақыттың өзінде, немесе кейін болатындығын көрсетеді.

Шақ категориясы тек қана етістіктерге тән. Бұл жөнінде етістіктің ашық райы негізгі орында тұрады, өйткені ол үш шақпен айтылады. Бұған қосымша етістіктің шақ білдіретін басқа да тәсілдері аз емес. Қысқасы, етістік шақпен өте тығыз байланысты, етістік бар жерде шақ бар, шақ етістіктің органикалық. элементі болып есептеледі.

Етістік — тарихи категория, олай болса шақ та етістікпен байланысты. Оны Орхон-енисей ескерткіштерінен, XI ғасырдағы, әдеби жазба мұралар тілінен көруге болады. «Девону луғотит түркте» етістіктердің шақ категориясының жасалуы және оның мезгілдік қатынасы анық байқалады.С. М. Муталлибов «Девандағы» етістіктердің үш шақпен айтылғандығын көрсете келіп, өткен шақтың анықтық түрі — іс-әрекеттің болған, болмағандығын айтушы анық, өз көзімен көргендігін білдіріп, етістіктің түбіріне -ди, -ти, -диң, -тиң, -туң; -дим, -тим, көптік түрі -дилар, -тилар, дим.из, -тимиз, -диңиз, -тиңиз жұрнақтары қосылатындығын көрсетеді.

XI ғасыр тілінде етістіктің келер шақ түрі -р, -ар, -ир, -ур аффикстерінің жәрдемімен жасалған (эгаси тилагинча булмас турур). Бұл аффикстер арқылы жасалған келер шақ етістігі ұзақ келер шақ, жақын келер шақ болып бөлінеді. Бұлардан басқа тілекті білдіретін келер шақ (-ғисоқ, -гисоқ (борғисоқ — бармақшы, тергисоқ — жинамақшы, термекші), мүмкіншілікті білдіретін келер шақ (-у, -ув, -ю) аффикстері арқылы жасалады, шартты білдіретін келер шақ -са, -се аффиксіне эрса, эса көмекші етістіктері қосылған: ула булса йул озмас, билик булса суз ёзмос. Осы шақ көбіне келер шақ арқылы берілгендігі сезіледі. Махмуд Қашқари тек өткен шақ етістігі — феьли мозий, келер шақ етістігі — феьли мустак,бал туралы айтқанда, осы шақ туралъг ешнәрсе көрсетпеген."

2. Ш. Шукуров XII—XIX ғасырдағы жазба әдебиеттердегі етістік формаларының даму тарихына тоқтайды. Автор XII— XIV ғасырдың тіліндегі етістіктердің кейбір өзгешелігін XV— XIX ғасырдағы жазба ескерткіштер және қазіргі өзбек тілімен салыстырып, ескі өзбек тілі мен қазіргі өзбек тілінің ортасындағы етістіктерде болған даму процесі деп қарайды. Шынында, бұл ескі өзбек тіліндегі өзгешелік емес, ал ескі түркі тілдер мен қа-зіргі тілдердің, соның бірі өзбек тілінің даму процесіндегі кейбір айырмашылықтар болып есептеледі. Бір жағынан қазіргі өзбек тілі мен сол XV—XIX ғасырды, екінші жағынан XII— XIV ғасыр тілін салыстырып, етістіктің шақ, жағына байланысты төмендегі өзгерістер атап көрсетіледі: 1) келер шақтың -асы/эси барасы, кэлэси («Тафсир», «Қысас әл-әмбия»); 2) ке-лер шақтың -ысар, -исәр барысар, кәлисәр («Мухаббат-на-мэ»); 3) кейбір осы шақ пен келер шақта I жақтың жекеше түрінде аффиксінің қолданылуы — ала-м, ала-мән, алға-м («Тафсир», «Қыссас ул-әмбия») т. б. Бұл қазіргі өзбек тілі мен XIV—XIX ғасыр тілінде жоқ деп көрсетілген «ескі өзбек» тілінің кұбылысы жалпы түркі тілдеріне — қыпшақ группасы тілдеріне — тән, өйткені бұл «өзгешеліктер» қазіргі қазақ әдеби тілінде де кеңінен қолданылады.

Жалпы алғанда түркі тілдердегі етістіктің шақтары ерте кездерден-ақ зерттеушілердің назарын аударған'.

Салыстырылған тілдерде етістіктің шақтары жасалу тәсілдері мен семантикасы бойынша бір-бірімен өзгешелігінен көрі жалпы ұқсастығы күшті, ол етістіктің табиғатына да байланысты болса керек.

3. Өткен шақ

Өткен шақ салыстырылған тілдерде өткен шақ өткен мәхәл өткөн чак утган өткән, өтен заман деп аталып, іс-әрекеттің сөйлеп жатқан кезден бұрын болғандығын көрсетеді.

Етістіктің түбіріне -ты, -ті, -ды, -ді, -ди аффикстері қосылып жедел өткен шақ жасайды, ал қырғыз тілінде — айқын өткен шақ, өзбек, ұйғыр тілдерінде анық өткен шақ деп қарайды. Мысалдар: Сыпыртқымды балқытып алып шабынатын сереге шыға бергенде қызара бөртіп сабаланып жатқан сыбайласымды таныдым. Ол да мені көрді. Көрді де әрі қарай бұрылып отырды. Мен де оны қысталамадым. (Ғ. Мүсірепов.) — Қаз.

Атам ары жагындагы коондордон алып келип, кесе баштады. (Ю Жантөшев.) Курман менен Мендирманды Сапарбай тартипке чакырды. (Т. Сыдықбеков.) — Қырғ.

Офицер йиқилди вә ётган ерида қулини кутарди. Бу орада жанч босилди. Ахмаджон офицерни олиб кетди. (А. Каххор.) — Өзб.

Есімшенің -қан, -кен, -ған, -ген, -тын, -тін аффикстері арқылы бұрынғы өткен шақ жасалады, ал қырғыз тілінде бұны жалпы өткен шақ, өзбек тілінде ұзақ өткен шақ десе, ұйғыр тілі сүпәт пеилді өз алдына бөліп қарап өткен шақты көрсететіндігі де айтылады. Барлығында да есімшенің өзі-ақ, немесе жіктік жалғауларын қосып алып, іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда ерте болғандығын білдіреді. Мысалдар: Әрине, инженер Асанбай да күдіктенген... Одан әріректе апат күші бәсеңсіген. Тас пен темір балқып барып, есін жинаған. Жан иесі бұл маңайда да түгел қырылған. (Ғ. Мүсірепов.) — Қаз.



Штабта бәрнәччә ат болидиган. Шуларниң бирини мән шәһәр ичидә минип жүридиган. («Уйғур тили».)

Мен уни курмаганман. Москвани мен биламан. Тер тукиб зур шахарни қурганларни курганман, одам тула кучаларни айланиб, жангчиларнинг қаторида юрганман. (Қ. Олимжон.)

Өзбек, қырғыз тілдерінде ұзақ өткен шақ етістігіне — дир аффиксі қосылып та айтылады: Шунинг билан банка бүгун очилмагандир. (С. Айний.) — Өзб. Ала мойнок күчүгү менен ой-ногондур. (Т. Сыдықбеков.)

Қазақ тілінде бұрынғы өтквн шақ -ып, -іп, -п, қырғыз тілінде — капыскы өткөн чак ып+дыр, -тыр, -дир аффикстерімен, өзбек тілінде — (-и), -б эди болып айтылады.

Мысалдар: Кереге салыны сүйреп келе жатқан дардай атан тұрып қалыпты. Бақырып, басын шайқап, жынын шаша бақырыпты. (Ғ. Мүсірепов.) — Қаз.



Илгери биздин элдин көк-чунак деген айгыры карышкырдын көкжалын чайнаптыр. (Т. Сыдыкбеков.) Бизге сыйлық алып, Қыргызыстандан өкүлдөр келе жатыптыр. (К. Маликов.) — Қырғ.

...Шу сирни билай деб келиб эдим. («Сайед».) Шу кеча бировникига уғирликка бориб эдим. («Уғри» эртаги.) — Өзб.

Қырғыз тілінде адат өткөн чак — етістіктің түбіріне -чү аффиксінің қосылуымен жасалады. Түнкүсүн ал оюктан араң бүлбүлдөгөн жарык шооласы көрүндү. Биздин кыздардан да далай кыйындар чыкчу. (Т. Сыдыкбеков.)

Етістіктің өткен шақтағы. айтылу мерзіміне қарап әр тілде әр түрлі бөлушілік бар. Мысалы, өзбек тілінде еткен шақ алты түрге бөлінеді де, әрқайсысы өзіне тән оттенкаларымен бір-бірінен ажыратылады: өткен шақ анықтық етістігі, тарихи өткен шақ т. б. Барлығы да іс-әрекеттің өткендегі орындалу мезгілімен байланысады.
19 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Етістіктің шақ категориясы

(1 сағат)
Жоспары:

1. Осы шақ

2. Келер шақ
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.

Лекцияның мәтіні


  1. Осы шақ

Салыстырылған тілдерде осы шақ — хәзирги мәхәл учур чак — хозирги — һазирқи хәзиркки заман делініп, барлығында да дәл қазіргі сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекетті көрсетеді.

Мағыналық ерекшеліктеріне қарап, қазақ тілінде осы шақ нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді. Қырғыз тілінде — жөнөкөй учур чак, татаал учур чак болуп экиге бөлүнөт.

Өзбек тілінде — аниң хозирги замон феьли, хозирги — келаси замон феьли .

Нақ осы.шақ мағынасын білдіруде — отыр — утир, жүр юр, жатыр — ётир, тұр тур деген төрт етістік дара күйінде де, жіктеліп те жұмсалады.

Қ а з а қ т і л і н д е: Ө з б е к т і л і н д е:

Мен отырмын, біз отырмыз Мен турдим, биз турдик

Сен отырсың, сіздер отырсыздар Сен турдинг, сиз турдингиз

Ол отыр, олар отыр У турди, улар турди

Бұл етістіктер –ып, -іп, -п, -а, -е, -й аффикстерімен келген көсемшелермен де қатар қолданылады. Мысалдар: Улкен залда үш әйел, екі еркек жуынып шығып, дем алып отыр… Осы бақшада қырық екі жас бала ойнап жүр. (Ғ. Мүсірепов.)—Қаэ.



Уни кутиб туриш учун кум устидан силжиб, постга тушиб, чузилиб ётибди. (С. Айний.) Ота, қозон қайнатишга пул бериб турайми? (Ойбек.) — Өзб.

Өзбек тілінде етістіктерге –ётиб, -етир, -яп аффикстері қосылумен анық осы шақ жасалады: — Одамларни кинога хабарлаб келяпмаң, опа! (X. Назир.) Россияга еғоч келиш. Бригадаси бошлиға булиб кетяпман. (Ж. Шарипов.) — Өзб.

Өзбек, ұйғыр тілдерінде –мокда, -мақта, -мәктә аффикстері қосылумен етістіктің осы шақпен айтылғандығын білдіреді: Кушлар шохдан шохга сакрашиб, қувноқ сайрашмоқда. Қишлақ устида кишига хузир берувчи тонг шабадаси ғир-ғир эсмоқда. (X. Назир.) — Өзб.

Уларму бәхитлик ата-анасиниң бир-бирисигэ болған меһриванлигини улғайтип, эркин өкмәктә. (һ. Абдуллин.) — Ұйғ.

Қырғыз тілінде осы шақ етістігі –а, -й аффиксімен жасалған көсемшеге жіктік жалғауы қосылып айтылады. Әсіресе жай осы шақ –т жіктік жалғауын қосып алып, қырғыз тілінін өзгешелігін көрсетеді. Мысалдар: эми өзү, ичтен кыңкылдап, өкүнүчтүү ырдап олтурат. (Т. Сыдыкбеков.) Анда-санда онтоп, тык-тык жөтөлүп, сансыз жатат.Бегим! Төтигинде өрдөк жүрөт… Үшин-тип Каныбек, таттуу кыялдын кучагынан чыга албай, кубанычтуу турат. (К. Жантөшев.)



2. Келер шақ

Келер шақ — келер мәхәл — келер чак келаси замон, келидиган заман гелжек заман деп аталып, барлығында да, етістікпен берілген іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан соң болатындығын көрсетеді. Қазақ тілінде келер шақ — болжалды келер шақ, сенімді келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып бөлінеді, қырғыз тілінде — айкын келер чак, арсар келер чак, өзбек тілінде — хозирги — келаси замон, келаси заман,гумон феьли, келаси замон қатьий феьлитарихий каласи замон қатьий феьли, квласи замон давом феьли, келаси замон моқсад феьли, бұған қосымша эмоқ көмекші (толықсыз) етісті-гінің жәрдемімен — келаси замон хикоя феьли, келаси замон эшитилганлик феьли, келаси замон истак феъли; ұйғыр тілінде — аниқ келидиган заман, гуман келадиган заман, мәхсәт келидиган заман, шәртлик келадиган заман болып бөлінеді. Бұлардан басқа түркі тілдерде де келер шақ грамматикалық тәсілі, контекст, ситуацияны есепке алып, бірде көп, бірде аз болып бөлініп жургенін көруге болады. Мысалы, өзбек тілінде бір кезде келер шақ жетіге бөлінген'. 1) буйрук феьли — утк, уқисин, булур феьли уқурман, давом феьли — уқийман, утинч феьли — уқиғайман, шарт феьли — уқисам, уқиса, орзу феьли уқимоқчиман, уқимоқчи; келгуси феьл — уқигумдир; проф. Фитрат беске бөлген, «Қозирги замон узбек тили» — келаси замон давом феьли, келаси замонгумон феьли деп екіге бөлген, А. Н. Кононов етістіктің келер шағын есімше, шартты рай, қалау райлардың қатынасымен қарайды. Түркі тілдердегі келер шақтың жасалу тәсілдерімен, іс,-әрекеттің келер шақта болатынын көрсетуін еске алсақ, келер шақтың жасалуында барлық тілдерге ортақ, жалпылық бар екендігі сезіледі.

1. Салыстырылған тілдердің барлығында да етістіктің түбіріне -ар, -ер, -р қосылып айтылу арқылы келер шақ жасалады, бұны қазақ тілі грамматикасы болжалды, өзбек тілі — гүмон, қырғыз тілі арсар деп аталуынан белгілі, барлығында да келер шақта іс-әрекеттің орындалу-орындалмауы күмәнмен болжай айтылады.

Мысалдар: Бие байлайтын уақыт болып қалды, кейін айтармын.



Жеңіл мащиналардың көбі бос, бірақ ешкім тоқтаған жоқ, тоқтар емес, мойын бұрар емес. (Ғ. Мүсірепов.)—Қаз.

Ырас, жұрт эми далай оордукту тартар: Согуштун кыйынчылыгын көтөрөрсүңөр. (Т. Сыдыкбеков.) — Қырғ.

Мехнатдан дуст ортар, ғийбатдан душман. Бахил эхсондан кочар, хасис мехмондан. Анов ерда уста Тошпулат бор, биларсиз. (Ойбек.) — Өзб.



Әгэр өлсәм, челиштила өләрмән, зайә қилмай шеир язган қенимдин... чечәк терәрсән мениң сөйгән сейимдим. (Муһәммә-дий.) — Ұйғ. .

Якымлы йылгырмадан якымлы сөзүң ысы гелер. Дурмуш мениң сени әпет окена меңзедесім гелйәр. (Г. Сейитмәдов.) — Түрікм

Салыстырылған тілдердің әр қайсысында етістіктің келер шақ формасы жасалу тәсілімен білдіретін мағыналары бойынша әр түрлі өзгешеліктерге ие. Бұл әсіресе бірнеше тілдерді салыстырып зерттегенде байқалады. Мысалы, қарақалпақ, өзбек, түрікмен тілдерінде етістіктің түбіріне (-а) жақ, (-е) жақ аффикстерінің қосылуымен келер шақ жасалады. Неше әсирден берли адам баласының изи түспеген шөлистан гүлистанға айланажақ. (Т. Жумамуратов.) Ауа, сондай курсты бизде шөлкемлестирежақбыз. (X. Сейтов.) — Қарақ. Урушда кечирганлари қора босриқдай, базьан хотирдан утажак. (Ойбек.)—Лекин сенлар қиематда... жавоб беражаксиз. (С. Айний.) — Өзб.



Ёгсам, Меңлиниң ғызы ялы сиркелилериң йүзүсини алсанам болжак. Сен эйдип-бейдип мени машының рулуна гечирәйжексиң ә? (Сейитмәдов.) — Түрікм.

Сол сияқты қырғыз тілінде етістіктің түбіріне III жақта — т форманты қосылумен келер шақ жасалады. Акыл айга жеткизет, өнөр көккө жеткизет. Кеңешип кескен бармак оорубайт. -(Ма-қал.) Эми жакында эгин орулганы турат.— (К. Баялинов.)

Өзбек тілінде есімшелерге — дир аффиксінің қосылуы іс-әрекеттің болар-болмасына күмән тудырады да, мағынасы келер шақты аңдатады: Гумонимча, бермагандир. (А. Қодирий.) Балки у ролларни хали хам аввалгидек харакат билан уйнаетгандир. (Ғ. Зуннонова.)

Өзбек тілінде келер шақ эмиш (-мыс, -міс) аффикстерінің қосылуымен «келаси замон эшитилганлик феьлин» жасайды. Туйга узи бош булиб турармиш, одам кутишни бенихоят билар эмиш. (А. Қодирий.) Биласизми, ёзда қимизни ичадиган одам топилмас эмиш. (Ойбек.) Келер шактың бұл түрлерінде модальділік өте күшті, сондықтан көптеген тюркологтар бұларды модальділік етістігі деп те атайды .

20 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Салыстырмалы синтаксис

(1 сағат)
Жоспары:

1. Түркі тілдерде сөз тіркесінің зерттеу мәселелері.

2. Сөз тіркестері мен сөйлем.

3. Салыстырылған тілдердегі сөз тіркестернің қолданылуы.

Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
Түркі тілдерде сөз тіркесі синтаксисінің дербес объектісі ретінде өз алдына зерттелуі соңғы жылдардан басталады. Бірақ түркі тілдері жөніндегі зерттеулерде сөздердің бір-бірімен байланысу, тіркесу тәсілдері ерте кездерден-ақ бірқатар тюркологтардың назарын өзіне аударған. М.А.Казем-Бек аталған еңбегінде синтаксис бөлімін «сөз тіркестері» деген атпен атап, онда сөз бен сөздің тіркесуі, байланысу тәсілдері түгіл, сөйлемдердің де тіркесу тәсілдерін зерттейді. Демек, М.А.Казем-Бек «сөз тіркестері» деген ұғымды синтаксистің өзімен тең қойып, сөйлемдерді де оның құрамында қарайды.

Түркі тілдерде сөз тіркестерінің зерттелуі елуінші жылдардан басталады. Ю.М.Сеидов өзінің докторлық диссертациясында сөз тізбектеріне обзор жасай отырып, сөз тіркестеріне арналған жұмыстар көбейіп, зерттеу объектісі кеңейіп бара жатқанына қарамастан, сөз тіркестері бойынша қарсы пікірлер тереңдеп, барған сайын қатты шиеленісіп бара жатыр деп көрсетті.

Шынында да, түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің сонша көп зерттелуіне қарамастан, оның көптеген теориялық мәселелері ойлануды талап етеді. Саластырып зерттелген тілдерде сөз тіркестерінің тіл фактылары бір-біріне ұқсас болса да, зерттелу дәрежесі бірдей емес. Сөйлем мен сөз тіркестерін ажыратудағы бас белгі ретінде сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мен интонациясының болуын көрсетеді. Ы.Жакыпов – қырғыз тілінде – мен орусмун. Аны сен айтканы жетшиет, мысалдар келтіріп «мен», «сен», «силер», «айтканы» деген бастауыштардың «орусмун», «айткансын», күтүп отурасыңдар , «жетишет» деген баяндауыштармен сан, жақ жақ жалғауларында қиыса байланысқандығын дәлелдейді.

Демек, бұл келтірілген мысалдардағы тіркестер предикаттық қатынасты білдіретін, сөйлемдік қасиетке ие болып тұр.

Қазіргі қазақ тілінің грамматикасында: бұл өзеннің маңы өмірі малдан арылған емес деген сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар: бұл өзен,

өзеннің маңы

өмірі арылған емес

малдан


Бұл мысалдардағы сөз тіркестері сөйлемнің құрамынан алынып ажыратылғандықтан, төрт сөз тіркесінің үшеуі «арылған емес» деген сөйлемнің баяндаушымен тіркесіп байланысқан. Бұл үш тіркес сөйлемнің етістіктен болған баяндаушы арқылы байланысып, әрқайсысы сөйлем болуға дайын.

Сөз тіркестері салыстырылған тілдердің барлығында кемінде толық мағыналы екі сөздің синтаусистік қарым – қатынасқа түсіп байланысқан тобы болып есептеледі. Мысалдар:

Қалың кітап, жас бала, айтылған сөз, барар жер – қаз.

Қалың китеп, жаш бала, айтылган сөз, барар жер – қырғ.

Сонымен қатар салыстыртырылған тілдерде сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерінде бір –біріне ұқсастығы, жалпыға байқалады. Бұл әрбір ұлт тілінің өзіне тән фонетикалық, грамматикалық құрылысынан байқалады.

Жалпы алғанда, салыстырылған тілдерде сөз тіркестерінің түрлерінде, олардың жасалу тәсілдері мен мағыналары да жалпылық бар, ал кейбір өзгешеліктер әрбір тілдің даму процесінен келіп шыққан.


21 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Түркі тілдеріндегі жай сөйлем синтаксисі

(1 сағат)
Жоспары:

1. Сөйлемнің модальділігіне және интонациясына қарай түрлері.

2. Хабарлы сөйлем.

3. Сұраулы сөйлем, оның жасалуы.
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
1. Сөйлемнің түрлері түркі тілдерінің грамматикаларында «айтылу мақсатына қарай», «мақсаты мен интонациясына қарай», болмаса тек қана түрлері деп алынады. Ал Т.А.Бертагаев сөйлемнің түрлеріне бөлуде тек қана интонацияның ролін есепке алады да, интонациялық түрлері деп атайды. Сонымен қатар лингвистер сөйлем түрлерін бөлуде модальділіктің де рай күштері екендігін айтады.

В.Л.Владимиров бір ғана «су» деген сөздің айтылу жағдайына қарап, сан түрлі мағынаны білдіретіндігін көрсетеді. Шөлде су жоқ жерде, сусап шөлдеп келе жатқан кісіге «су!» десе, қандай қуаныш, ал жер астындағы жұмыс істеп жүрген су жіберушілер үшін «су!» деген сөз бәле, бақытсыздық деп көрсетеді.

Интонация мен модальдік қана сөйлемнің көп қырлы қызметін жеткізе алатындай қабілетке ие. Сол арқылы сөйлемдер өздерінің тыңдаушысына әсер етеді. Бірін-бірі жете үшін қызмет атқарады. Сондықтан сөйем арқылы тек байымдау емес, сұрау да ойдың әр түрлі сезімде де, эмоциясы да білінеді.

2. Хабарлы сөйлем қарақалпақ тілінде хабар гәп, қырғыз тілінде – жай сүйлөм, өзбек тілінде даракчап, ұйғыр тілінде хәвәр жүмлә, түркімен тілінде хабар сөзлеми делінеді. Хабарлы сөйлемдердің баяндауышы етістіктен де, есім сөздерден де жасалады. Етістіктен болған баяндауыштар өздерінің шақты, жақты білдірушілік қасиеті арқылы сөйлемді тиянақтап қоймай, оған әртүрлі модальдікті береді.

Мысалы: Мектеп қорасына да танкілер тола бастады.Шамаси Азизбек осанлик билан жон берадиган куринмайдыр.

Демек, хабарлы сөйлемдер тек қана бір оқиға немесе бір зат туралы пікірді хабарлап қоймай, оның әр түрлі модальдік жақтарында көрсетеді. Ол үшін түркі тілдерінде лексика – грамматикалық тәсілдерде аз емес. Олар етістік – баяндауыш арқылы жасалмай, модальдік сөздер, интонация арқылы беріледі.

Мысалы: Әттең, «қызыл жалау» жарық көре алмай кетті. Мүмкін, о да бір қырағы көзге шалынар еді – Қазақ.

Эхтимол Комилжон хам бирон нарсадан хафа булгандир. өзб.

3. Сұраулы сөйлем қарақалпақ тілінде сорау гап, қырғыз тілінде суроолуу суйлан, өзбек тілінде – сұрау гаплар, ұйғыр тілінде – соал жумлә,түркмен тілінде сураг геплер деп аталады.

Түркі тілдерінде сұраулы сөйлемдер сұраулық шылаулар сұрау есімдіктері, модаль сөздер, үстеулер мен интонациялардың қатысуы арқылы жасалады.

Сұраулы сөйлем жасауда ең көп қатысатын ежелгі -му шылауы кейбір фонетикалық өзгеріске түскені болмаса, барлық түркі тілдерде бар.

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде – ма, - ме, қырғыз тілінде – бы, - би, - бу, - пу; өзбек тілінде – мы, - ми шылаулары етістіктен немесе есім сөзден болған баяндауышқа қосылуы арқылы сурауы сөйлем сөйлем жасалады.



  • Хат танымайды деген жоқсың ба? – Қазақ.

  • Дагы чыгымды биз беребизби? – Ұйғыр.

  • Битта сигир учур шунга одамни боқа оладими? - Өзбек.

  • Инди душиндингми? Нәме, әжең саңа айтмадымы? - Түркмен

22 ЛЕКЦИЯ.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет