ТҮркістан – 2019 Тақырып:“Ауру туралы жалпы түсінігі. Медицинаның жалпы даму тарихы”



бет1/6
Дата12.12.2019
өлшемі145.87 Kb.
  1   2   3   4   5   6
"Ішкі аурулар пропедевтикасы"

пәнінен дәріс жинағы


ТҮРКІСТАН – 2019
Тақырып:“Ауру туралы жалпы түсінігі.Медицинаның жалпы даму тарихы”.

Ұлы орыс дәрігері және ғалым С.Б.Боткин медицинаның мақсатын былай анықтаған: <<Медицинаның негізгі мүддесі – аурудың алдын алу, дамыған ауруды емдеу, науқастың күйзелісін жеңілдету>>.

Денсаулық пен дерт бір – біріне қарама –қарсы болатын жағдайлар. Дерттің алғашқы белгісі – ағзаның зақымдануы. Екінші белгісі - әр түрлі зақымдануға ағзаның жауабы (реакциясы).

Дерт ортадағы (сыртқы және ішкі) әр түрлі қоздырғыштарының әсерінен пайда болатын организмнің жауабы, сонымен қатар дерт ішкі ағзалардың бір қалыпты тіршілігінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Ауру өзінің дамуына бірнеше кездерден өтеді:

I кезең – сезілмейтін, жасырынды, латентті.

II кезең – аурудың жаңадан біліне басталуы (продремальді).

III кезең – негізгі белгілерінің пайда болуы.

IV кезең – аурудың қайтуы (бәсеңдеуі).

Аурудың барысына қарай: 1. Жедел

2. Созылмалы.

Ұзақ ауырғаннан кейін аурудың бәсеңдеуін ремиссия дейді.

Бірнеше уақыттан соң аурудың белгілерінің қайталануын рецидив дейді.

Аурадың екінші бір аурудың белгілерінің пайда болуын (осложнение) дейді.Мысалы: асқазан ойық жарасының асқынуы – қан кету, тесілуі (перфорация), пенетрация.

Аурудың соңы – жазылып кетуі немесе халі нашарлап ауру ұзақ уақытқа созылады немесе өлімге әкеліп соқтырады.

Этиологиясы (себкптер) - әр түрлі сыртқы, ішкі қоздырғыштардың әсерінен пайда болатын ауру.

Саusa. ae – себеп.

Олардың экзогенді, эндогенді деп аталады.

Экзогенді себептері:

1. Физикалық себептер – суық, ыстық атмосфералық қысымының көтерілуі, төмендеуі, радиация.

2. Механикалық – мидың шайқалуы, сүйектің сынуы т.б.

3. Химиялық – қышқылдар, сілтілер, газдар, улану заттардың әсері.

4. Биологиялық – микробтар, паразиттер, қан сорғыш жәндіктердің әсері.

5. Психологиялық фактор – нерв жүйесіне қоздырғыштардың әсері, қатты күйзеліс (стресс).

6. "Ятрогения" – дәрігердің байқамай сөйлеуі немесе қатты сөйлеуінен пайда болуы.

7. Әлеуметтік – туберкулез, малярия (безгек) ауруларды тудырады.

Эндогенді себептері:

1. генетикалық (тұқым қуалаушылық).Мысалы: дальтонизм – қызыл мен жасыл түсті ажырата білмейді, гемофилия, семьялық анемия.

Ауру туралы түсініктеме.

Белгілер, симптом (признак) – ауру белгілерімен сипатталынады.Мысалы: субьективті белгілер - әлсіздік, жүректің шаншуф, лоқсу, құсу.

Обьективті белгілер – диагноз қойылады.Мысалы: өкпедегі сырылдар, жүректе – шу.

Синдром – бірнеше симптомдардың жинағы.

Диагностика – ауруды табу, анықтау ғылымы.

Диагностика – ауруды анықтау.

Диагноз – аурудың маңызы және науқастың жағдайы туралы қысқа дәрігерлік анықтама.

Үш түрі болады диагноздың:

1. Болжамалы – субьективті тексеруден кейін қояды.

2. Дифференциальы ( салыстырмалы) – бір аурудың белгілерін, екінші аурудың белгілерімен салыстырып негізгі ауруды анықтайды.

3. Толық (анықталған) – субьективті, обьективті, қосымша тексеру әдістерін салыстырып диагноз қою.

Емдеу:

1. Этиологиялық – себепті емдеу.



2. Патогенетикалық – дамуына әсер ету.

3. Симптоматикалық – симптомына әсер ету.

4. Амбулаториялық.

5. Ауруханада емдеу.

6. Төсек ережесін сақтау.

7. Диетотерапия.

8. Фитотерапия.

9. Физиотерапия.

10. Хирургиялық.

Медицинаның даму тарихы.

Ішкі аурулар (терапия) пәні медицинаның ең негізгі саласы болып есептеледі.

Организмнің ішкі құрылыстарының ауруларын сипаттау, бағыттап ауруын анықтау және олардың емдеу жолдарын зерттейтін ғылым .Фельдшер үшін аурулардың алғашқы белгілерін анықтауға жіне дер кезінде көмек көрсете білуге үйрету. Ауруларды зерттеуде көңіл аударып бақылау жүргізу керек. Пайда болып келе жатқан симптомдарды байқап жүру керек. Ең бірінші күннен бастап өздерін ауруларға деген жанашырлыққа шын жүректен баули білу керек. V – ғасырға дейінгі ертедегі грек дәрігері Гипократ диагноз қоюды алдымен науқастың жағдайына көңіл аударады, тәртібін, мінез – құлқын жақсылап, бақылап алып, содан кейін аураын анықтайды ретімен сұрап, қолымен денені сипалап, немесе саусақпен тықылдатып, қарап диагноз қояды. Ертедегі атақты шығыс ғалымы Абу Ибн Сина (Авиценна) "Қол жазбаларында" "Канон медицины" аурулардың емдеу тізімін құрған, осы уақытқа дейін маңызын жоғалтпаған, мысалы: өтті айдайтын дәрмектерді және т.б. қолдануда. Оқымысты Гален дененің қызуын өлшеудің маңызын айтты. Ал XII – ғасырдың ортасында Ауэнбругер саусақпен тықылдатып, тексеру әдісін (перкуссия) дамытты. Лаэннек диагноз қоюды стетоскоп және аускультацияның маңызы туралы айтқан. Диагностиканың дамуында сұрау және анамнез жинау әдістерін жетілдіруде көп еңбек сіңірген және де іштегі мүшелерін қолмен сипалау (пальпация) әдісін Образцов айтқан. XIX – ғасырдың 2 жартысынан бастап біртіндеп лабораториялық, құралдармен тексеру әдістерін қолданды. XIX – ғасырдың аяғында Рентген X – сәулесін ашты. Кейін рентген сәулесі диагностиканы жақсартты, сонымен емдеу әдістері кеңейіп көбейе берді. Жұқпалы ауруларды жоюдағы ең негізгі беделді болған вакцинаны қолданды. Аурудың белгілерін анықтауға және емдеуде көп үлес қосқан клиницистерінің де еңбегі зор болды.

Боткие Сергей Петрович – сары ауру (вирусты гепатит) жұқпалы ауру деп анықтады. Ең бірінші өт тас ауруында ауырсыздану оң жақ қабырға астынан жүрекке беріледі деп жазған. Ол бірінші амбулатория, сосын ауаухана ашты.Ірі ауруханалар С.П.Боткин есімімен аталған.

Мясников Алексанрд Леонидович – медициналық институттың кафедрасын меңгерген.Кардиология институттың директоры, Гипертония ауру және атеросклероз туралы еңбектерін жазған, бауыр ауруларын зерттеген. Мясниковка "золотой стеотоскоп" халықаралық премия берілген.

Тұңғыш қазақ дәрігерлер.

Халел Досмухамбетов – алғашқы тұңғыш дәрігер, ағартушы, мектеп оқу құралдарын жазған, жоғарғы білім беру орталығын ашқан. Ол "профессор" деген жоғарғы атақты бірінші алған қазақ ғалымы, "Как бороться с чумой среди населения киргизкого края", "Инструкция по борьбе с чумой" деген кітаптарын басып шығарды.

Аққағаз Досжанова – бүкіл Орта Азия мен Қазақстан әйелдері арасынан бірінші рет ел таныған маман дәрігер – гинеколог, педиатрдің екі бірдей қызметін атқарып жүрді, ауылды жерлерде медициналық бөлімшелер ашты, қыздарға арнап дедицина курстар ашты.

Тақырып: Жалпы клиникалық тексеру әдістері.

Терапия – ішкі аурулар туралы ғылым.Ішкі аурулар жиі кездеседі, олардың адамның саулығы мен қызмет қабілетіне келтіретін кеселі де өте көп. Ішкі аурулармен күрес – денсаулық сақтау қызметінің маңызды міндеті болып табылады. Аурудың түрін анықтау үшін науқас адамды тексеру тәсілдерін қолданып, тапқан белгілерді талдау жасау (интерпретация) өте маңызды. Науқасты тексеру арнайы жоспар бойынша жүргізеді.

Ауру адамды тексеру схемасы:

I. Субьективтік тексеру әдісі (сұрастыру әдісі):

1. Паспорт бөлімі немесе науқас туралы мәлімет жинау;

А. Науқастың аты, жөні

Б. Науқастың жасы

В. Мекен жайы

Г. Жұмыс орны

Д. Мамандығы

Е. Ауруханаға түскен күні, уақыты.

2. Науқастың шағымы: негізгі, қосымша

2. Anamnesis morbi (аурудың даму тарихы)

3. Anamnesis vitae (науқас адамның өмірбаяны)

4. Аллергиялық анамнез

5.Гинекологиялық анамнез

II. Обьективтік тексеру әдістері:

А) Науқасты қарау

Б) Пальпация (қолмен сипалау)

В) Перкуссия (саусақпен тықылдату)

Г) Аускультация (тыңдау)

III. Қосымша тексеру әдістері:

А) Лабораториялық

Б) Инструментальді (құралдармен)

Iсубьективтік тексеру әдісі (сұрау әдісі)

Ауру адамды тексерудегі маңызды тәсілдердің бірі болып есептеледі. Сұрастыру әдісі бірнеше бөлімнен тұрады:



  1. Паспорт бөлімі (науқас туралы мәлімет жинау)

2. Науқыстың шағымы

3. Anamnesis morbi

4. Anamnesis vitae

Паспорт бөлімінде науқас адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, мамандығы, ауруханаға түскен күні немесе емханаға келген күні және уақыты анықталады. Бұл мәліметтердің әрқайсысының өзіндік диагностикалық не емдік маңызы бар.

Аурудың шағымы.

Шағым деп науқас адамның өзі сезетін аурулық түсінікті айтады. Шағым негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі не бас шағым әр мүшенің, не әр жүйенің ауруына тән белгі. Мысалы: тыныс алу мүшелерінің ауруларына тән шағымдар – жөтел, қақырық тастау, ентігу т.б. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу мәніне сәйкес келеді. Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процесске жалпы спецификалық реакциясының бейнесін ғана көрсетеді.Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болады. Қосымша шағымдарға мысалы әлсіздік, терлеу, ұйқы қашу, тәбеттің бұзылуы т.б. жатады. Аурудың шағымын жинаған кезде фельдшер, дәрігер "қай жеріңіз мазалайды" немесе "қай жеріңіз ауырады", "қалай ауырасыз" немесе "неге шағымдайсыз" деген сұрақтардан бастайды да, науқасқа өз саулығы жөнінде толық айтып шығуға мүмкіндік береді. Науқас кісінің әңгімесін сыпайы түрде керекті салаға бағыттап отырады фельдшер. Мысалы: Бір жер ауырады деген шағымды талдағанда оның мынадай жақтарын анықтау керек:



  1. Қай жері ауырады және қай бағытта тарайды (ирридиациясы)

  2. Аурудың пайда болу мерзімі (күнде, түнде т.б.) және ұзақтығы.

  3. Аурудың күші (өте күшті, әлсіз)

  4. Ауру сапасы не сипаттамасы (шаншу, кесіп, күйдіріп, солқылдатып ауыру т.б.)

  5. Ауыры себебі (қимыл, тағам қабылдау, демді алу, қобалжу т.б.)

  6. Қосалқы құбылыстар (бас ауруына қосалқы бас айналу, төс тұсы ауырғанда пайда болатын әлсіздік т.б.)

Мүшелер бойынша сұрастыру жүргізгенде шағымдарын анықтайды.

Anamnesis morbi:

Ауру тарихын зерттегенде анықтау қажет:


  1. Аурудың бастамасы (ауру қашан және қалай басталғаны)

  2. Оның даму ерекшеліктері

  3. Аурудың пайда болған себебі мен пайда болу жағдайлары

  4. Өткізген тексерулер және оның нәтижесі

  5. Қабылдаған ем және оның нәтижесі

Anamnesis vitae

Ауырған адамның өмірбаянын зерттегенде анықтау керек жағдайлар:



  1. Ауырған адамның өмірбаяны (қысқаша)

  2. Тұқым қуалаушылық

  3. Науқастың ауырған аурулары

  4. Жыныс қатынасы және семьялық өмірі

  5. Еңбек және тұрмыс жағдайы

  6. Зиянды әдеттері

  7. Аллергологиялық анамнез жинау

  8. Гинекологиялық анамнез

  9. Мүшелер жүйесі бойынша сұрастыру

Сұрастыру әдісінің диагностикалық маңызы зор. Медицинада "дұрыс жиналған анамнез – жарым диагноз" деген ертеде қалыптасқан пікір бар. Оның куәсі – кейбір аурудың диагнозын көп жағдайда дұрыс жиналған анамнез арқасында диагнозын, ұлтабар жарасының диагнозын тек сұрастыру арқылы ғана қоюға болады. Мысалы: стенокардия диагнозын, ұлтабар жарасының диагнозын көп жағдайда дұрыс жиналған анманез арқасында қоюға болады. Сұрастыру ежелгі әдісі болса да, оны жетілдіруде Г.А.Захарьиннің еңбегі зор. Захарьин сұрастыруды "өнер деңгейіне дейін көтереді". Қазіргі қолданып жүрген сұрастыру жүйесін ұсынған Захарьин. Науқасты тексеру схемасын құрастырған М.Я.Мудров, қазіргі кезде қолданып жүрміз.

Обьективтік тексеру әдістері.

Науқасты тексеру арнайы жоспар бойынша жүргізіледі: жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация.

Науқасты қарау.

Қарау ең қарапайым әдіс. Оның диагностикалық мүмкіншілігін тек дұрыс пайдалана білгенде ғана анықтауға болады. Қарау кезінде төмендегідей ережелерді сақтау қажет:


  1. Науқасты қүннің жарық мезгілінде тексеру қажет. Себебі: жасанды жарықта ауаудың кейбір белгілері байқалмайды, кейбір белгілердің түсі өзгеше болып көрінеді. Науқасқа жарық қарсы және бүйірінен түсіп тұру керек.

  2. Қарауды бір реттігімен (жүйелікпен) жүргізу керек.

  3. Фельдшер, дәрігер, мейірбике науқастың оң жағында тұрып тексереді.

  4. Фельдшердің пішіні, киімі сай болу керек, қолы таза, жылы, тырнақтары қысқа алынған.

  5. Тексергенде фонендоскоп жылы болуы қажет.

Қарау тәсілі жалпы қарау және әр мүшені қарау болып екіге бөлінеді.

Жалпы қарау науқас адамның:



  1. Науқастың жалпы жағдайын

  2. Санасын

  3. Төсектегі жағдайын

  4. Сырт жамылғы келбетін (тері және көрініп тұрған кілегей қабықтарды анықтайды).

Мүшелеп қарағанда:

  1. Басты қарау

  2. Бетті қарау

  3. Ауыз қуысын қарау

  4. Мойынды қарау

  5. Кеудені қарау

  6. Қол – аяқты қарау

I. Аурудың дамуы бойынша науқастың хал – жағдайын анықтайды:

  1. Қанағаттандырылық

  2. Орташа

  3. Ауыр халде болуы

II. Науқастың сана – сезім күйі. Ауру адамның санасы көптеген ауруда бұзылады. Сондықтан науқас адам өмір сүретін ортаның өзгеру құрылыстарына сәйкесті реакция жасайды. Бұл жағдайды анық сана немесе науқастың есі дұрыс деп атайды. Кейбір науқастың санасы бұзылады. Сана бұзылуының түрлері:

  1. Ступор (лат. Stupor – есеңгіру, мелшиіп қатып қалу)

  2. Сопор (лат. Sopor – ұйқы)

  3. Кома (гр. Coma – терең ұйқы)



  1. Ступор – есеңгіруде науқас айналасындағы құбылысты жөнді айырып білмейді, қойған сұрақтарға көп кешігіп жауап береді, мөлейіп қатып қалған белгі көрсетеді.

  2. Сопор не терең ұйқыдағы жағдай. Науқас адамды қатты дауыспен, не жұлқылап оятуға болады. Бірақ ол сол бойда тағыда ұйқыға кетеді. Жұқпалы ауруларда, диабеттік, уремиялық, бауыр комасының бастамасында кездеседі.

  3. Кома деп науқастың ессіз күйін атайды. Қант диабетінде (диабеттік және гипогликемиялық кома), уремияда, уремиялық комада, бауыр жетіспеушілігінде (бауыр комасы), қатты уланғанда (дәрі – дәрмекпен, алкогольмен т.б.) ,жұқпалы ауруларда, бас ми ауруларында (миға қан құйылу, мидың ісігі), эпилепсиясында кездеседі.

Ішкі ауруларда жиі кездеседі – сандырақ. Ол жұқпалы ауруларда және уланғанда кездеседі.

III. Аурудың төсектегі жағдайы.

Өмір сүрудегі белсенділік амалына қарай науқас адамдар жатпай жүргендер және төсек тартып жатқандар болып екі топқа бөлінеді. Төсек тартып жатқандардың төсекте 3 түрлі қалпы болады:


  1. Еркін немесе активті қалып (лат.aktivus - әрекетшіл, әлігерлі). Науқас өз мүшелерін еркін қимылдата алады, төсекте қозғалуына, бір бүйірден екінші бүйірге ауысып жатуына мүмкіншілігі бар.

  2. Қимылсыз немесе пассивті (лат.passivus – ентарлық, керенаулық) қалып. Науқас төсекте қимыл жасауына мүмкіншілігі жоқ, төсекте жатқызған қалпын өзгерте алмайды. Бұл қалып сал болғанда, комада және әбден әлсізденгенде кездеседі.

  3. Мәжбүр қалып деп ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалыпты айтады. Науқас амалсыз болады. Клиникада бірнеше түрі кездеседі.

А) Тұрған күйінде қалшиып қатып қалу. Стенокардияда (өліп кету үрейі), қуық ауруларында, қуық түбі безінің ауруларында (тік ішек тұсы қатты ауырғандықтан) адам отыра алмайды.

Б) Ортопноэ (гр. Ortos – тік, pnoe – тініс) қалпы деміккен кезде төсекте амалсыз тік отыру қалпы, ынтыққанда азайтады.

В) Амалсыз бір бүйіріне жату қалпы:


  • жүрек ауруларында науқас амалсыз оң бүйіріне жатады (сол бүйірге жатқаннан жүрек қысылады).

  • "сұрақ белгісі" қалпы – бір бүйірде басты артқа шалқайтып, тізеден бүгілген аяқты ішке тартып жату менингитке тән.

  • амалсыз етпетінен жату – іш өрімі қысылғаннан (ұйқы безінің ісігі, асқазанның артқы қабырғасындағы жара) п.б. ауруға тән.

  • амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы. Бұл қалып экссудативті перикардитте кездеседі.

Аурудың жалпы пішіні (habitus)

Жалпы пішініне жатады:



  1. Дене құрылысы және конституциясы

  2. Өзін ұстау келбеті және жүрісі

  3. Сезімділігі

Конституцияның 3 түрі болады:

Нормастениктерде дене құрылысының қатынас мүшелері сақталған, зат амасу қалыпты жағдайда болады.

Астениктерде дененің ұзындық мөлшері көлденең мөлшерінен басым болады, қол – аяғының ұзындығы кеуде ұзындығынан басым. Бұлардың бойлары ұзын болады, зат алмасуы көтеріңкі болады. Астениктерде – невроз аурулары, өкпе туберкулезі, асқазан жарасы, іш қуысы ағзаларының төмен түсуі жиі кездеседі.

Гиперстениктердің денесінің көлденең мөлшері ұзындық мөлшерінен басым болады, кеуденің ұзындығы қол – аяқ ұзындығынан басымдау, ал іштің ұзындығы кеуде қуысының ұзындығынан басымдау болады. Бұлар орта бойлы, не ортадан төмен бойы бар адамдар, баяу зат алмасу тән. Бұл адамдарда атеросклероз, қант диабеті, өт және бүйрек тасы, семіздік жиі кездеседі.

Адамның өзін ұстау қабілеті.

Организмдегі жалпы тонусын сипаттайды. Сау адамға денені тік ұстау мен серпінді де екпінді жүріс тән. Күйлілігік жағдай деп тері асты шел мен бұлшық еттерінің даму дәрежесін атайды. Анықтайды: біріншісінде – қабырға асты тұсында екі саусақтын арасына алынған тері мен шелдің қалыңдығы, қалыпты жағдайда 2 см шамасында болады; екіншісінде – таразымен өлшенген адам денесінің салмағын тиісті массамен салыстыру. Күйліліктің бұзылу түрлері: арықтау мен семіру.

Арықтау:


  1. Созылмалы қызу болатын жұқпалы ауруларда;

  2. Асқорыту мүшелерінің ауруларында (қылтамақ, асқазан жарасы, панкреатит, энтерит);

  3. Зат алмасу бұзылғанда (қант диабеті);

  4. Уланғанда (қатерлі ісік, туберкулез, бауыр циррозы);

  5. Ішкі секреция без аурулары, (Аддисон ауруы, Базед ауруы);

  6. Психикалық ауруларда (психогенді анорексия) кездеседі.

Арықтаудың ауыр түрін кахексия (көтерім) дейді.

Семіру негізінен эндокриндік ауруларда (Иценко – Кушинг ауруы, микседема, тамақты көп ішіп аз қимыл жасаған жағдайда болады (алиментарлық семіру).

Тері мен кілегейлі қабықтарды қарау.

Теріні қарағанда:



  1. Оның түсін.

  2. Терідегі бөртпелердің түрін.

  3. Терідегі жараны, тері тегісін, тыртықты.

  4. Терінің түктері мен тырнақты.

  5. Тері асты шелдің ісігін анықтайды.

Терінің түсі: тері астымен өтетін кішкене тамырлар, капилярлар теріге күлгін қызғылт түс береді.

Науқас адамның тері түсінің бозаруы (құқылдық, бозарыңқы), қызаруы, сарғаюы, қола түсті болуы байқалады. Терінің бозаруы конституциясына сай қалыпты жағдайда кездеседі.



Терінің бозаруының себептері:

А)анемия


Б)қолқа қақпақтарының аурулары

В)бүйрек аурулары

Г)шок, коллапс

Д)созылмалы уланулар (сынаппен, қорғасынмен)

Е)күшті ауырғандық

Физиологиялық себептер:

1.Күшті сезім билеу

А)эмоция


Б)үрей, қорқыныш

Терінің қызаруы

Физиологиялық жағдайда қызару ұялғанда, қатты ашуланғанда байқалады. Сырқаттанған жағдайда терінің терінің қызару себептері:



  1. Қызу көтерілуде

  2. Гипертония ауруы

  3. Дәрі – дәрмекпен улануда

  4. Қант диабеті

  5. Жүйелі қызыл жегіге тән көбелек тәріздес эритема (екі бетінің қызаруы мұрын үсті арқылы жалғасып)

Терінің көгеруі (цианоз)

Негізгі механизмі қанды көгілдір түсті редукцияланған гемоглобиннің көбеюі.



Себептері:

  1. Тыныс ауруы мүшелерінің аурулары;

  2. Жүрек – тамыр аурулары;

  3. Қанның қан уларымен улануы;

Тері мен кілегей қабықтардың сарғаюы.

Физиологиялық жағдайда сары түсті жемістерді көп жегеннен болады, (мандарин, апельсин т.б.) құрамында каротині көп немесе сары түсті дәрі қабылдағанда (акрихин)



Патологиялық жағдайларда негізгі себептері:

  1. Өт жолдарының бітелуі

  2. Бауыр клеткаларының жарақаттануы

  3. Эритроцияттердің гемолизі.

Механизімі: теріге билирубин жиналады.
Тері бөртпелері.

Эритеме – терінің шағын көлемінің қызаруы. Эритема – тері асты капилляр тамырлардың кеңуінен п.б. кейде терінің қызарған жері тері деңгейінен аздап көтеріңкі де болуы мүмкін (тілмеде кездеседі)

Алиментарлық эритема – кейбір тағамдарға сезімталдықтын ерекше күшейгеннен болады (шоколадқа, жұмыртқаға, жемістерге)

Инфекциялық эритема – кейбір жұқпалы ауруларда кездеседі: сепсис, скарлатина (қызамық), тілме (рожа).

Розеола – қызғылт түсті дөңгелек бөртпе. Пайда болуы капиллярдың жергілікті кеңуіне байланысты. Тері деңгейінен жоғары көтерілмейді. Негізінен жұқпалы ауруларға тән (іш сүзегі). Басқа ауруларда кездеседі – мерез, миллиарлы туберкулез, безгек т.б.

Түйіншек (папула) – кеңіген тамырлардың айналасында эксудациялық процеске байланысты тері ісініп, көтеріле бастайды, розеолланың орнына папула болады.

Себептері: қызылша, мерез, шешек.

Түйінді эритема ревматизмде, туберкулезде, аллергиялық ауруларда кездеседі.

Көпіршік (везикула) – ішінде ұйыма сұйық бар эпидермисте орналасқан диаметрі 1-5 мм қуыс. Көпіршіктің бір түрі ұшық. Ұшық (герпес) пневмонияда, грипте, менингитте кездеседі. Көпіршік ішіндегі ұйыма сұйық іріңдегеннен іріндік (пустула) п.б. Іріңдік сепсисте, түйнемеде және шешекте кездеседі.

Күлдеуік (уртика) – диаметрі 2-3 мм – ден 10 см және одан да үлкен, қызғылт, ақшыл – қызғылт не ақ түсті тері деңгейінен көтеріңкі тұратын, терінің жедел қабынғанынан болатын қйыссыз элемент. Күлдіреуік қатты қышиды. Есек жемде кездеседі.

Терінің қанталауы геморрагиялық диатезге (қансырауға икемділік күй) тән.


Терінің жарасы, тесілуі және тыртығы.

Терінің және тері асты тканьдарының терең жарақаттануын жара (ulcus) деп атайды. Тері жарасы қан және лимфа айналасының бұзылғанынан (вананың варикозды кеңуі, тромбофлебит), қан тамырларының өзгерістерінен (атеросклероз), трофикалық өзгерістен (нерв жарақаттанғанда), туберкулезде, мерезде п.б.

Тері ойығы терінің ұзақ уақыт басылып қалғанынан п.б. Негізгі себептері: сал ауруы, кома және әлсіздік.

Тыртық.Физиологиялық жағдайда тыртық босанған әйелдерде болады.



Патологиялық жағдайда:

  1. Тері жарасының, операция жарасының, жарақаттанған жер жазылғанда п.б.

  2. Шешекте кездеседі.

  3. Иценко – Кушинг ауруында

  4. Мерезде

  5. Туберкулезде

Шаш пен тырнақ күйі:

  1. Шаш пен қабақтың түсуі микседемада болады, мерездің екінші кезеңінде болады.

  2. Әйелде шаштың еркек типтес болып өсуі. Иценко – Кушинг ауруында.

  3. Тырнақтың сынғыштығы мен тегіс еместігі эртремияда, микседемада, қант диабетінде, анемияда кездеседі.

  4. "Сағат әйнегі" тәрізді тырнақ өкпе іріңді ауруларында (өкпе іріндігі, бронхоэктазия ауруы), бауыр циррозында, жүректің іштен туа болған ақауларында кездеседі.

Ісік.

Ісік деп тері асты шелге сұйықтық жиналуды айтады. Ісіктің түрлері:



  1. Жалпы ісік.

  2. Дененің белгілі бір жеріндегі ісік.

  3. Ангионевроздық ісік.

Жалпы ісіктің себептері: жүрек әлсіздігі, бүйрек аурулары, кахексия, микседема. Жергілікті ісік вена тамырының қабынуынан не қысылып қалғанынан болады (тромфлебит, венаның варикозды кеңеюі т.б.). Ангионевроздық ісік деп жергілікті инервация бұзылғандықтан капилляр қабырғасының өткізгіштігі артқаннан п.б. Бұл ісік тез пайда болып, тез жойылып кетеді. Көбіне бетте, кеудеде, қол – аяқта болады.
Пальпация (қолмен сипалау)

Ертеден қолданып келе жатқан тәсілдердің бірі болып жатады. XIX ғасырдан бастап практикалық медицинада кең өріс алып дамыды. Бұл тәсілдің ерекше дамуына үлес қосқан орыс ғалымдары В.П.Образцов пен Н.Д.Стражеско. Пальпацияны қолданған кезде белгілі бір ережелерді сақтау міндетті.



  1. Аурудың тексеретін мүшенің түріне қарай ауру тұрған, отырған, жатқан т.б. қалыптарда болады.

  2. Тексерушінің қолдары тез шаршамайтын, өзіне ыңғайлы қалыпта болу керек. Тез шаршаған қолдың сезімталдығы азаяды.

  3. Тексерушінің қолдары тырнағы алынған, жылы және жұмсақ болуы керек. Тырнақ аурудың терісіне батып, ауыртпалық тудырады. Салқын және қатты қол ауаудың денесіне тітіркендіріп, бұлшық еттің жиырылуын қоздырады.

  4. Қолданылатын әдісіне қарай пальпация беткей және терең пальпация болып бөлінеді.

Беткей пальпацияны теріні, тері асты шелді, лимфалық бездерді, бұлшық етті, сіңірді, буынды, сүйекті, кеуде қуысын, тыныс мүшелерін, жүрек – тамыр жүйесін және ішкі қуыс мүшелерін тексеру үшін қолданады. Терең сипау негізінен ішкі қуыс мүшелерін тексеру үшін қолданады.
Перкуссия (саусақпен тықылдату).

Перкуссия әдісін дәрігер Л.Ауэнбургер ұсынған. Перкуссия тәсілі соққыдан пайда болатын дене қозғалысы тербеліс толқындарын туғызатынына негізделген. Тербеліс толқыны белгілі бір амплитуда болып қабылданады.

Дыбыстың негізгі параметрлері: күші, ұзақтығы және биіктігі. Дыбыс күші дыбыс толқындарының амплитудасының шамасына байланысты. Амплитуда неғұрлым биік болса, соғұрлымкүшті болады. Перкуссияда тербеліс амплитудасының биіктігі тексерілмекші органның құрамында ауа болуына және сол мүшенің серпінділігіне де байланысты. Мысалы: бұл талапқа сай келетін өкпе. Сондықтан өкпеде күшті (ашық) перкуссиялық дыбыс туады. Керісінше, құрамында ауа аз мүшелер перкуссия жүргізгенде, аласа тербеліс амплитудасын береді де жәй (тынық) дыбыс тудырады. Мысалы: бұлшық еттер, бауыр т.б.

Дыбыс ұзақтығы дыбыс толқындарының сөну ұзақтығына байланысты. Тығыз мүшелерде (ауасы аз) дыбыс толқыны тез сөнетіндіктен перкуссиялық дыбыс та қысқа болады. Ауасы бар мүшелерде перкуссиялық дыбыс ұзақ болады.

Дыбыс биіктігі тербеліс жиілігіне байланысты. Тербеліс жиілігі мүшелердің тығыздығына тәуелді. Мүше неғұрлым тығыз болса, перкуссиялық дыбыс биік болады. Құрамында ауа көп органдар перкуссиялық төмен (жуан) дыбыс береді. Негізгі перкуссиялық дыбыс торға өкпе (анық, айқын), жәй (сан дыбысы) және дабыл (тимпандық) дыбыстары жатады. Айқын (өкпе) дыбыс – күшті, ұзақ және төмен дыбыс. Жәй (тынық, сан дыбысы) дыбыс ақырын, қысқа және жоғары дыбыс; ол тығыз мүшелерде пайда болады (бауыр, бұлшық ет, жүрек).

Дабыл дыбысы тимпандық ауасы бар жұқа қабырғалы қуысты мүшелерде пайда болады. Оларға асқазан, ішек, кеңірдек, көмей жатады. Дабыл (тимпандық) дыбысы – күшті және ұзақ дыбыс та бола алады. Егер бұл дыбысты тудырып тұрған жұқа қабырғалы ауасы бар қуыстардың мөлшері кішкентай болатын болса, дыбыс жоғарғы болады. Егер қуыстардың көлемі үлкен болса, онда дыбыс төмен болады. Тимпандық дыбысқа дыбыс толқынының тазалығы тән.


Перкуссия ережелері мен әдістері.

Ережелер сақталуға тиіс:



  1. Бөлме іші тыныш және жылы болуы тиіс.

  2. Перкуссия кезінде аурудың қалпы оның бұлшық еттерінің тартылуына жағдай туғызбауы керек. Перкуссияға ең ыңғайлы қалыптар – аурудың тұрған және отырған қалыптары.

  3. Фельдшердің қалыпы өзіне ыңғайлы болуы керек. Перкуссия кезінде фельдшер аурудың алдыңғы жағында оның оң қолын ала тұрады, ал аурудың арт жағында оның сол қолын ала тұрады.

  4. Өткізу әдісіне қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей перкуссияда перкуссиялық қағу аурудың денесіне тікелей (бірден) тиеді. Тікелей перкуссияда белгіленген мүшені бір берілген біріктіріліп, жартылай иілген төрт саусақпен қағады. Қазіргі мезгілде тікелей перкуссияны жүрек, бауырдың шектерін анықтауға және өкпенің төменгі бөліктерін салыстырмалы перкуссиялау үшін қолданылады. Жанама перкуссиянда тексерілмекші мүшені қағуды плессиметр (тұғырық) арқылы іске асырады. Перкуссиялық соққы денеге тікелей тимейді. Жүргізу әдісіне қарай жанама перкуссия 3 түрге бөлінеді:




  1. Инструментальді перкуссия – перкуссия үшін плессиметр мен балға қолданылады.

  2. саусаққа – саусақ перкуссиясы инструменттер орнына сол қолдың саусағы (ортан саусақ) плессиметр болады, оң қолдың саусағы (ол да ортан саусақ) балғаныңміндетін атқарады.

  3. Құрастырмалы перкуссия – инструмент пен саусақ аралас пайдаланылады.

Бұл әдістердің ішіндегі көп тарағаны саусаққа – саусақ перкуссиясы. Жанама перкуссиядан тек осы перкуссия ғана қолданылады.


Саусаққа – саусақ перкуссиясының әдісі.

  1. Плессиметр саусақты ұзына бойы перкуссия жасайтын мүшенің үстіне тығыз орналастырады. Сол қолдың басқа саусақтары плессиметрге және науқас денесіне тиіп тұрмауы керек.

  2. Балға саусақтың соққысы плессиметрдің ортанғы не шеткі фалангасына 2 – 3 рет тұрақты ырғақпен перпендикулярлі түрде түсу керек.

  3. Перкуссиялық соққы тек білезік буынының қимылы арқылы іске асырылуы керек.

  4. Перкуссиялық соққы қысқа болуы керек. Ол үшін перкуссиялық соққыдан кейін балға – саусақты плессиметрден тез алып кету керек.

  5. Әр перкуссиялық соққының күші бірдей болуы керек.

  6. Қойған мақсатына қарай күшті, не терең және жәй (әлсіз, не тайыз) перкуссия болады.

Жай перкуссия көлемі кішкене және беткей жақын орналасқан элементтерді зерттеу үшін және мүшелердің шегін анықтау үшін қолданылады, басқаша айтқанда жүректің шегін және өкпенің ұшын зерттеуге қолданылады. Перкуссия топографиялық немесе шекаралық және салыстырмалы болып екіге бөлінеді.

Топографиялық перкуссияның мақсаты - әр түрлі мүшелердің шегін, мөлшерін, конфигурациясын анықтау және әртүрлі перкуссиялық дыбыс беретініне негізделген. Салыстырмалы перкуссияның мақсаты – мүшелерде патологиялық өзгерістерді табу. Денің симметриялық нүктесінде перкуссиялық дыбыстың бірдей болатыны – салыстырмалы перкуссияның негізі. Перкуссияның осы түрі тек өкпені зерттеу үшін пайдаланылады. Топографиялық перкуссияның жалпы ережелері:


  1. Перкуссияны анық дыбыстан жай – дыбысқа қарай жүргізу керек.

  2. Плессиметр – саусақты анықтайтын шекараға параллель қою керек.

  3. Жай перкуссияны пайдалану керек.

  4. Шекараны плессиметрдің айқын дыбысқа қараған жағынан белгілеу керек.


Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері:

  1. Симметриялық нүктелер үстінің дыбысын салыстыру керек.

  2. Перкуссиялық қағудың күші екі жақтан бірдей болу керек.

  3. Перкуссия үшін күштіде, жайда перкуссия қолдану керек.



Аускультация (тыңдау).

Организмде табиғи жағдайда пайда болған дыбыстарды тыңдауға негізделген. Осы әдістің авторы француз клиницисі Рене Лаэннек деп есептелінеді. Әдісіне байланысты аускультация тікелей және аспапты аускультация болып екіге бөлінеді. Тікелей аускультацияда құлағын ауру денесіне тікелей тақап тыңдайды, тазалықты сақтау үшін құлақтың астына орасал төсейді.


Артықшылығы:

  1. Аускультациялық дыбыстар өзгеріссіз естіледі.

  2. Кейбір дыбыстарды естйге болады. Мысалы: жүректің III тоны.


Кемшіліктері:

  1. Тазалық сақтау қиындығы.

  2. Қолдануға ыңғайсыздығы.

  3. Этикаға шәлкестеу келетіні

  4. Кейбір дыбыстардың кейде естілмейтіндігі.

Аспапты аускультацияда әртүрлі құралдар (стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоптар) қолданылады.


Артықшылығы:

  1. Тазалығы.

  2. Ыңғайлығы.

  3. Аз мөлшерде дыбысын жеке айырып туындауға мумкіндік бар.


Кемшіліктері:

  1. Дыбыстың аз да болса өзгеретіні

  2. Кейбір дыбыстардың естілмейтіні.


Аускультация ережелері:

  1. Науқасты тыңдайтын бөлме тыныш және жылы болуы керек.

  2. Дененің үсті аускультация кезінде қосымша дыбыс туғызбау керек (өскен түк болса қырып тастау немесе сабындап сулау керек).


Аускультацияның әдісі:

  1. Стетоскоп түктерінің ұшы, құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек.

  2. Стетоскоп түтіктері бір – біріне аурудың денесіне және фельдшердің киіміне тимеуі керек.

  3. Стетоскоптың дыбыс қабылдайтын қалқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс ойылуы керек және барлық шетімен бірдей тиіп тұруы керек.


Қосымша тексеру әдістері.

Диагностикада қолданылатын қосымша әдістер 2 топқа бөлінеді:



  1. Лабораториялық – лабораторияда жүргізілетін анализдер жатады. Мысалы: әртүрлі қанның, несептің анализдері, асқазан сөлінің анализі, қақырықтың анализі т.б.

  2. а)құралдармен тексеру - әртүрлі құрал – саймандар қолданылады. Мысалы:рентгенмен тексеру, электрокардиография, бронхоскопия, т.б.

б)дәрігерлік манипуляциялар – плевраның, перикардиттың, төс сүйегінің пункциясы т.б.
Тақырыбы: “Тыныс алу мүшелерін тексеру әдістері”.

Тыныс алу мүшелерін тексеруде жалпы клиникалық тексеру схемасын пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет