Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет1/13
Дата25.04.2016
өлшемі2.47 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




Тұрсын ЖҰРТБАЙ

„ҰРАНЫМ – АЛАШ!..”

деректі толғау

Астана
2006


АЛҒЫСӨЗ

Қасиетті қазақ топырағының ақыл-ой тамырын отап, тектік ұйытқысын ірітіп, ұлттық тағдырының ұясын бұзған, қатігез жазалау науқанының алғашқы тергеу ісі 1927 жылы желтоқсанда басталып, үкім алпыс жылдан кейін күшін жойды. Түрме – құпия мекеме, түрмеге түскендердің тергеу хаттамасы мен жаза үкімі сақталған құжаттар құпияның құпиясы. Саяси қылмыскерлерге қатысты, оның ішінде КССРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеулеріне екінің бірінің қолы жете бермейтіні анық. Тіпті тєуелсіздік тұсында да ол деректер жалпыѓа жария етілмейді. Бұл кез-келген мемлекеттегі қауіпсіздік мекемесіне тән заңдылық. Сондықтан да “Алаш ісіне” қатысты құжаттарды кітаптың құрылымы мен тартымды оқылуына нұқсан келтіретіндігін сезіне отырып, тергеу барысындағы санкциялар мен хаттамаларды, сұрақ-жауаптар мен қосымша деректерді, жеке адамдардан тәркіленген хаттар мен олардың үстінен жазылған “домалақ арыздарды”, жауапқа тартылушылардың түрме ішінде өзара жазысқан хаттарын толық келтіруді жөн көрдік.

Әрине, олардың барлығы, әсіресе айыпау үкімдері мен жекелеген адамдардың жауаптары нақты өмірлік шындыққа сәйкес келе бермейтіні түсінікті, өйткені тергеу жұмысы жауапқа тартылғандарға қалайда саяси айып тағып, оларды қылмысты етіп көрсетуге бағытталса, айыпталушылар қалайда бір-біріне зиянын тигізбей, араша түсу мақсатын ұстанған. Сондықтан да тергеу ісінде бір-біріне қарама-қайшы жауаптар да кездеседі. Мысалы, қазақ ұлтының көсемі Ахаң – Ахмет Байтұрсынов: Мағжан ақын. Ал менің ақындарда жұмысым жоқ. Рысқұлов қызыл комиссар. Сондықтан да ол мені жақтырмайды. Ал Қожанов мені Рысқұловпен жақсы деп ойлайды. Екеуі де мені кеңес өкіметінің жауы деп есептейді. Мен де оларға жоламаймын – деп жауап берген. Бұған қарап бұл үш тұлғаны өзара жау етіп көрсеткен және оны дәлелдеуге тырысқан ұшқары жарияланымдардың жарық көруі өкінішті, ұлтымыздың ұйытқысы үшін мұның кесірінен басқа пайдасы жоқ, күмәнсізге күдік қана тудырады. Шындығына келсек, патша өкіметі мен кеңестік тергеушілердің арандату тәсілін әбден меңгерген Ахаң – Ахмет Байтұрсынов осы жауабы арқылы Рысұлловты да, Қожановты да қылмысты іске тартылудан аулақтатып, қорғап отыр және солай болды да.

Осындай „түсініксіздіктерге” қарамастан сұрақ-жауаптарды жарияланымға ұсынуымыздың басты себебі: онда өмірі түрме мен аңдудың арасында өткен арыстарымыздың азапты ғұмыры туралы қолға түсе бермейтін мәліметтер, олардың өмір жолы мен көзқарастарынан хабардар ететін деректер кездеседі. Сондай-ақ кеңестік қысым тұсындағы жазалау саясатының ішкі құрылымынан да мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұныњ барлығы алаш арыстарының өмірімен ғана емес, сол бір зауалды заманға тарихи тұрғыдан баға бергісі келген немес оқып, білгісі келген зиялы қауым үшін де түпнұсқалық қызмет атқаратынын, кеңітіп пікір қорытуға да мүмкіндік жасайтындығын ескердік. Әр жауаптың ақиқатын өмірлік дерекпен салыстыра отырып анықтау - осы іске тартылған арыстардың өмірін жеке-жеке зерттеу арқылы жүзеге асатын, дара-дара зерделеу мен уақытты қажет ететін шара. Сондықтан да біз тергеудің барысынан жалпылама мағлұмат беріп, таныстыру мақсатында әр құжатқа қысқаша ғана түсініктеме берумен шектелдік. Ескерте кетеріміз, бұл мәліметтерді пайдаланғанда авторға міндетті түрде сілтеме жасау – ғылыми әдептіліктің ғана нышаны болып табылмайды, сонымен қатар сіздің сүйенген дерегіңіздің дәйектілігіне де кепілдік береді. Бұл авторлық құқықоты жанкешітілікпен қорғау емес, керісінше көпшіліктің пайдалануына еркіндік беру деп есептейміз. Өйткені: бұл мағлұматтар “өте құпия” деген белгімен таңбаланып, ұлттық қауіпсіздік комитетінің ерекше мұрағатында сақталған, ашық танысып, жариялануға рұқсат етілмеген. Сондықтан да авторға сілтеме жасау арқылы ғана пікіріңіздің дәйектілігіне сендіре алатындығыңызды ескерту.

Тергеу ісімен танысудың қысқаша тарихы мынадай: 1987 жылы 13 қаңтар күні Қазақстан жазушылар одағының сол кездегі бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов: 1). Желтоқсан оқиғасына байланысты ұсталған және қысым көріп жатқан студенттер мен жастарды қорғау мақсатында.2). Репрессияға ұшыраған жазушылардың мұраларын ақтау бағытында.3). Басылымға тиым салынған шығармаларды қайта жариялаудың мүмкіндігін қарастыру барысында Праволық комиссия құруды тапсырды. Ақпан айында Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің сол кездегі орынбасары генерал-майор Әбдірахманов бастатқан 7 полковник жазушылар одағына келіп, осы үш мәселе төңірегінде мағлұматтар берді.

1988 жылы қаңтарда Қазақстан жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлйменовтың сұрау салуы бойынша Қазақ ССР-нің бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов „Алашорда” қайраткерлерінің үстінен жүргізілген тергеудің заңсыз жүргiзiлгенiне наразылық бiлдiрiп, Қазақ ССР Жоғарғы сотына ұсыныс жасады. 1988 жылы 4 қарашада Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi коллегиялық мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан „Алашорда” қайраткерлерінің контр-революциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралды. Оған Қазақ ССР Жоғары сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ ССР прокуроры Ғ.Б.Елемесов қатысты. Жиыны 14 томдық тергеу iсiнiң егжей-тегжейiн зерделей тексерiп, барлық куәлардың шағымдарымен танысып, тергеу тарапынан өрескел бұрмалаушылық пен заңсыздықтардың жол берiлгенiн анықтады. Жазушы Т.Жұртбайдың әдеби сарашылығымен жасалған қорытынды да олардың шығармаларында кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Қазақ ССР қылмыс және праволық Кодекстiң 375 статьясын жетекшiлiкке ала отырып, төмендегiдей шешiм шығарды:

Шешiм: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің (Төтенше Мемлекеттік Саяси басқармасының – автор) ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Мир-Якуб, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлов Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Софы, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайреддин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм т.б жөнiндегi қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын.



Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын.

Қазақ ССР-нiң Жоғары соты - Т.К.Аймұхамбетов.

Коллегия мүшелерi – Е. Л. Грабарник, К.Т.Кенжебаев».
Осы шешімнің негізінде Жоғары соттың мүшесі Қазықан Кенжебаев Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.Колбиннің атына “Алаш” қайраткерлерін ақтау туралы қорытынды ұсыныстың мәтінін даярлады. Қазақстан Орталық комитетінің иедеология жөніндегі хатшысы Ө.Жәнібековтің араласуымен Ғылым академиясында арнайы комиссия құрылды, сол комиссияның шешімі бойынша Алаш қайраткерлерін саяси және шығармашылық тұрғыдан ақтау туралы арнайы қаулы шықты. 1989 жылы сәуір айында Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің архивіне рұқсат берілді. 1991-1992 жєне 1997 жылдары құпия архивтегі тергеу ісімен тиянақты түрде танысуға мүмкіндік алды. Деректердің біразы толық, біразының үзінділері ғана тиісті түсініктемелермен жарияланды. Алайда өмірі мен қайраткерлігі беймәлім арыстардың түрмедегі жауаптары мен хаттамаларындағы кейбір көрсетінділер мен айыптаулар ел арасындағы қатардағы оқырмадарға түсінбестік тудырмас үшін 15 жылдан бері жабық сақтауға мәжбүрлік етті. Қазір олардың өмірі мен қызметтері, жазған еңбектері туралы зерттеулер жарияланып, жалпы қауымның тарихи және өмірлік шындықты, жалған айыптаулар мен жаланы ажырата алатындай мүмкіндігі туған сәтте оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Жиынтығы 14 томнан тұратын әрқайсысы бір-бірімен сабақтас 3 тергеу ісінің сұрақ-жауап құжаттары сот хаттамасындағы тіркелген реті бойынша берілді. Сол арқылы тергеу ісі қашан және қалай басталды, кімге қандай айып тағылып, қай күні ұсталды, сұрақ-жауаптар қалай жүргізілді және 72 адамның (бір адам қашып кетіп, мерт болған) айыбы бір-бірімен қалай байланыстырылды, тергеу барысында кім өзін-өзі қалай ұстады немесе алдыңғы жауаптарына қарама-қайшы қандай көрсетінді жасады, қандай арандатулар мен қысым жүргізілді, жалған үкім қалай шығарылды – деген сияқты көптеген ашық та астарлы шетін сұрақтарға жауап беруді, жазалау саясатына негізделген кеңестік сот жүйесінің ішкі құрылымымен таныстыра отырып сот барысын толық ашуды мақсат етіп ұстандық. Тағылған айыптардың жалғандығы, тергеу барысы мен шығарылған үкімнің заңсыздығы туралы пайымдауларға Қазақ ССР Жоғары сотының 1988 жылғы 4 қарашадағы шешімі басты негіз етіп алынды.

Өкiнiшке орай, ақиқаттың ақ жолы соншама тауқыметке толы болды.

Осы алпыс жылдың iшiнде олардың шаңырағы ортасына түсiп, ошағының оты өшiп тынды. Барлығының әйелдерi азапты жылдардың тауқыметiне төзе алмай – жүйке дертiне, сал ауруына, өкпе құртына, көк жөтелге ұшырап, қудалаудың құрбандығына айналды. Басым көпшілігінің соңынан ұрпақ қалмады.

Ең үлкен қиянат та осы.

Сонымен тергеуі қашан басталды және қалай аяқталды? Жазаға тартылғандар кімдер еді? Олардың қылмыстары қандай? Мұның бәрі де орынды сауал. Ал оған бір сөзбен, бір тергеудің дерегіне сүйеніп, толық жауап бере алмайсың. Қысқа қайырып, тұтамдай тұжырғанның өзінде де, әлқиссаны әріден бастауға тура келеді.
БІРІНШІ БӨЛІМ: ТЕРГЕУ ТАРИХЫ
Мұндай қуатты күшке ие ол қандай саяси құжат еді? Осындай түйткілді және аса маңызды сұраққа жауап беру үшін, оқырмандардан алдын-ала кешірім сұрай отырып, Алаш автономиясы құрылтайының жарғысын көпшілік назарына ұсынамыз.

Өйткені «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылу тарихын, мақсат-мүддесін, іс-әрекетін білмей, тергеу ісін түсіну де мүмкін емес.




Каталог: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет