Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



жүктеу 10.36 Mb.
бет44/65
Дата02.04.2016
өлшемі10.36 Mb.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»

Бізде – тіршіліктің бар саласына және бар майданындағы адамдардың бет-ажарына қарамай айтылатын сын мен өзара сын бар. Оны халқымыздың, Отанымыздың ұлы оқытушысы және тәрбиешісі Ленин – Сталин партиясы қайратты даналықпен қолданады. Менің өзіме бұдан бұрын да пайдалы, бағалы әсері болған сондайлық сынды аса зор бағалаймын. Өзімнің жазушы болып қалыптануым мен кеңес қайраткері атану жолында мен Коммунистік партия мен кеңестік Отанның тәрбиелік әсерін, жақсы ықпалын көре отырып өскенмін. Сол үшін өзімді оларға моральдық тұрғыдан өмірлік қарыздармын деп санаймын».
Әрине, бұл кіріспенің құлақ күйі ғана. Әуелі партияның көңілін жібітіп алмаса, құрғақ сөз, кебір арқан сияқты қолды ысып кететін. «Ашық хат» жазудан тәжірибесі бар Әуезов үшін оның тігісін жатқызу онша қиындыққа соқпайтын.
М.Әуезов (жалғасы): «Осы жайларды қабылдаумен қатар «Правданың» мақаласында көрсетілген менің шығармамдағы сыналған нақтылы фактыларды түсінуім туралы, сол мақалада көрсетілген жайларға қатысты қосымша фактыларды да айтпақпын. Жұртшылықтың әділ талабы мен күткеніне орай өзімді салт-сана майданының жауапты қайраткері деп біле отырып жауап бермекпін. Бұл жайды баяндау кеңес жазушысы есебіндегі қарызым деп білемін. Әсіресе, бұрын ешбір тарихтарда болмаған қалыпта, партия мен халықтың жазушылардың сөзіне берген салмағы мен мәнін, беделі мен қуатын, бейілі мен құрметін есте тұтамын.

Кейбір шірік, орасан, зиянды жайларды сынап серпіп тастаумен қатар, менің атыма байланысты кейбір әдебиет фактыларын оқушыларға айрықша ескерте атаймын. Бұлар – идеялық қателігі бар шығармалар болғандықтан да ең нашар шығарма, көркемдігі жоқ шығарма – деп санаймын. Ал ғылыми еңбектерімнің сондайларын идеялық құнсыз, залалды, шығармалар деймін.

Өткендегі осындайлық қателерімді мансұқ етуім арқылы оқушылар алдындағы өз жауапкершілігімді ендігі еңбектерімде тереңдеп түсінбекпін. Социалистік қоғамның көмегі мен керегіне жарап келген бұрынғы еңбектеріме қосымша жаңа шығармалар туғызуға барлық ой-қуатымды, өнерім мен қайратымды түгел жұмсауға тырысамын. Сонымен Отан алдындағы кеңес жазушысы деген атқа сай зор қарызымды ақтамақпын».
Иә, «Кер заман кез болды ғой, маңдайыма. Адымымды аштырмады, жібермеді еркіме ақыл-ойымды шырмап»,– деген Абайдың толғауы, шындығында да, Әуезовтің өзінің авторлық мәтіні еді. Өмір үшін өзінің ең асыл рухани қазынасынан бас тартып та үйреніп қалған болатын.
М.Әуезов «жалғасы): «Осы аталған жайлардан соң З.Кедринаның «Правдадағы» мақаласында сыналған мен жайындағы кітабына ораламын. Бұл еңбекті менің де, қазақ кеңес әдебиетінің де пайдасына арналып жазылған кітап деп танымаймын. Жазушы мен оның шығармасына және негізгі қоғамдық сынға, біздің заман қойып отырған талаптарға бірде-бір жауап бере алатын кітап емес бұл.

Кітап толған мадақтау мен әсірелей мақтаулар. «Правданың» мақаласы өте әділ түрде атап отырған сол кітаптың ең негізгі міндеті болған жайға да жауаптар жоқ. «Правданың» мақаласында: «М.Әуезов өзге де барлық кеңес жазушылары тәрізді мадақтау мен қошеметті күтпейді, ол өзінің табысы мен жетіспегендігін айтатын негізгі әділ сынды тосады», – делінген.

З.Кедринаның өзі зерттеген жазушыны оның замандас жазушыларының тобынан даралап бөліп, аспандатуы сорақылық. Әсіресе бір жазушыны өзге жазушылардан асыра мақтау жолында көңілдестікті, отбасышылдықты қолдануы, әсіресе, татымсыз айыпты, залалды мінез.

З.Кедринаның кітабы жөніндегі менің айыбым: өзімнің творчеством жөніндегі оның сөздеріне, қорытындыларына, бағыттарына әділ сыншылық, қатал талап ретінен қарай алмадым».
Бұл мәтіннің астары жоғарыда түсіндірілді. Дегенмен де өзіңді құрметтеп қалам тербеген адамның еңбегін: «З.Кедринаның өзі зерттеген жазушыны оның замандас жазушыларының тобынан даралап бөліп, аспандатуы сорақылық. Әсіресе бір жазушыны өзге жазушылардан асыра мақтау жолында көңілдестікті, отбасышылдықты қолдануы, әсіресе, татымсыз айыпты, залалды мінез»,– деп бағалау да жарасып тұрмағаны және табиғи емес екені анық. Бірақ өзге қандай амалы бар еді?.
М.Әуезов (жалғасы): «Правданың» мақаласында менің Абай жөніндегі романдарымның да кемшіліктері аталғандықтан, сол кітаптарға әсер еткен өзімнің тарихи түсініктерімдегі бір қате кемшілікті арнап атап өтпекпін. Бұл жай, бірінші, Кенесары Қасымов қозғалысына байланысты мәселеде, екінші, «Абай мектебі» дейтін мәселеде және үшінші, осы аталғандарға жалғас патриархалдық-феодалдық салт-сананың кейбір адамдарын дәріптеу мәселесінде айқын байқалған еді. Осы бір топ мәселелердің ішінде, өзі көбірек таратылып жазылған тақырып болғандықтан да, «Абай мектебі» деген мәселенің романға еткен ауыртпалық дертті әсері, әсіресе, көбірек болды.

Абайдың ақындық мектебі бар – деген өзімнің көптен келе жатқан, кейін аса теріс екендігі анықталған бір түсініктерім бойынша, мен «Абай» романына жалғастыра «Ақын аға» деген кітап жаздым. Осы кітапта романның жағымды адамының бірі етіп, Абайдың жақын досы етіп, оның озғын ойларын тұтынушы етіп Көкбай деген реакцияшыл кертарпа ақынды бейнеледім. Ал Көкбай қазақтың еңбекші халқының қасдұшпаны болған Кенесары Қасымов жайында мадақтап поэма жазған ақын еді.

1951 жылы «Правданың» «Қазақстан тарихы мәселелері марксшілдік-лениншілдік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаласы Кенесары қозғалысының қазақ еңбекші халқына жау мазмұнын әшкереледі. Оны мадақтаушы буржуазиялық-ұлтшыл тарихшыларды таңбалады. Осының артынан Қазақстан Ғылым академиясы мен Жазушылар Одағы бірігіп «Абайтану» жөнінде дискуссия ұйымдастырды да, сол дискуссияға қорытынды жасады. Осы саналған жайлардың барлығы «Ақын аға» романындағы менің қателік, залалды түсініктерімді түгелімен қайта қарап түзеуіме себеп болды.

«Абай мектебі» жөніндегі өз қателерімді тереңдеп ұғыну нәтижесінде ғана мен романымды қайтадан көп өзгертіп жаздым. 1951 жылы «Знамя» журналында жарияланған нұсқасына «Абай жолы» деп жаңадан ат қойып, жаңадан түзеп жазып шыққан сол романыма сегіз баспа табақтай түзетулер кіргіздім. Осы соңғы кітапта Абайдың Кенесары қозғалысына да және ол жайында поэма жазушы Көкбайға да қатты сын айтқыздым. Абай Көкбай мен Кенесарыны жирене сынаған уақытында, әсіресе, олардың Россияға жаулығын батыра әшкерелейді. Өзінің қараңғылық қорлықта жүрген елінің бар үміті, бақытты болашағы тек Россиямен достықтың арқасында ғана туатынын ойлап отырып, жаңағыларды айыптайды.

«Ақын аға» романында жаңағы аталғандай өрескел қателіктер болғандықтан мен сол кітабымды ұлы ақынның қасиетіне сай шығарма деп танымаймын. Ол кітапты солайша мансұқ етіп, оның орнына оқушы жұртшылыққа Абайды тану жөнінде жіберген қателерім турасындағы партиялық сынды ескеріп отырып жазған «Абай жолы» атты романды ұсынамын. Осы айтылғанға байланысты сол «Абай мектебі» дейтұғын мәселенің жөніндегі өз қателерімнің тамырын ашу қажет деп білемін. Бұл мәселе 1933 жылдан бері қарай Абайды тану жөнінде менің сыңаржақ сипаттап келе жатқан бір қателігім боп келді.

Абай өлгеннен кейін көптен соң Абайдың өмірбаяны мен бұрын жарияланбаған шығармаларын жинауға кірісіп жүргенімде мен Көкбай сияқты талай кісілердің ауызша әңгімелері мен естегілерін сынамай қабылдай беріппін. Өз уақытында олар айтқан жайларды қатал сынап, өздігіммен дұрыс байлау жасай алмаппын. Көкбайдың өзін Абайдың шәкіртімін деп айтқанына сенумен бірге, сол Көкбаймен және соған ұқсаған Абай замандастарының шығармаларындағы, салт-санасындағы халыққа қарсы реакциялық жат жайларды түгел аңдамаппын.

Сол Көкбай алуандас кейбір адамдар жөніндегі менің теріс түсінігім 1939 жылы мен жариялаған Абайдың өмірбаянына да араласты. Және «Правданың» 30-ақпандағы мақаласында дұрыс көрсетілгендей, осы жай Абай шығармаларын орысшаға аударып бастыруда орын алуына және кейбір жалған «шәкірттерді» менің орынсыз бағалауыма әкеп соқты. Осы жай және де сондай тақырыптарға жазылған кейбір жұмыстарға менің берген баға-рецензияларымда да орын алды.

Абайдың өмірі мен еңбегін сипаттаған менің романдарымның ішіне кіріп кетуіне Қазақстандағы әдебиеттану ғылымында кең орын алған сорақы бірыңғай ағым теориясының да әсер болды. Соның салдарынан «Абай» романының алғашқы тарауында кертартпа ақын Бұқар, Шортанбайлар орынсыз аталады. Бұл жөніндегі менің қателігім, әсіресе, кертартпа ақын Дулатты мадақтау тұсында тіпті тереңдей түсті. Ешкімнің өмірбаянына сүйенбей, менің өз жанымнан шығарылған халықтық санасы бар жағымды ақын бейнесін жасап едім, сол өз қиялыммен жасаған жағымды бейнеге мен Дулаттың атын бердім. Бұл тұста оқу құралдарында, жеке баспаларда орынсыз мадақталып жүрген жалған халық ақыны делінген Дулаттың атына мен орынсыз құрмет көрсетіппін.

Соның салдарынан әдебиет зерттеушісі есебінде мен қабылдаған буржуазиялық объективтік бірыңғай ағым жүйесі осы тұста «Абай» романының да бір тарауына теріс әсер етті.

Ал Абай жайындағы менің романдарым он екі жыл бойында менің ой-санамның бар күшін салып тудырған белгілі бір дәуірдегі өмірлік тақырыбым есепті шығармалар еді. «Правданың» мақаласында бұл жайдың атап ескертілгеніндей, ол романдарда мен өзімнің бұрынғы көзқарастарымның барлығын өте терең, салмақты түрде қайта сынап жазып ем. Қазақ халқының тарихын маркстік-лениндік тұрғыдан түсінуге өзімнің жаңа идеялық-саяси ең қадірлі, барынша асыл ойларымды танытуда осы еңбектерге ерекше зер салған едім.

Осылайша ұғылған кеңестік оқырмандар, осылайша бағаланған «Абай» романы өзінің бар мүддесімен, барлық негізгі идеясымен және күрделі сюжеттік тартысымен, тұтас тұлғасымен жаңалықтың ескілікпен алысуына арналған-ды.

Және жиырма-отыз жыл бойына созылатын сол алыс, сол тартыс – тарихи жағынан дәлелдену, баяндалу тұрғысындағы диалектикалық процесті сталиндік түсінік бойынша көрсеткен деп түсінемін. Нақтылап айтқанда, бұл жай – жаңалыққа ұмтылған, біртіндеп өсіп, күшейіп бара жатқан Абай бейнесінде көрсетілді, ал ескілікті түсінік – әуелде тұғырында мықты отырғанымен тозуға, жоғалуға, жойылуға үкімі шығарылған Құнанбай бейнесінде, Абайдың әкесі бейнесінде суреттелген. Осындай тарихтық елеулі екі адамды біріне бірін қарсы қойып алу кездейсоқ емес-ті. Бұл «Абай» романы мен кейінгі романдардың да идеялық көркемдік мазмұнындағы ең соқталы арқауы, барлық желінің тұтқасының өзі болатын.

Осы аталған өзімнің негізгі еңбектерімде Құнанбайдың және оның салт-сана жөніндегі туыстары болған арғы-бергі дәуірдің құнанбайшаларын әшкереледім. Сол арқылы тек қана патриархалдық-феодалдық салт-санаға өкім шығарып қана қоймай, панисламизмге, пантюркизмге және сол шақта туып келе жатқан реакцияшыл буржуазиялық-ұлтшылдықты да әшкерелеп үкім айтуға тырыстым. Ал «Абай» романында – Абай бейнесінде, «Абай жолы» романында оның жас серіктері – Әбіш, Дәрмендер бейнесінде қазақ пен орыс халқының достық идеясын танытуға тырыстым. Еңбекші қазақ халқына жарық дүние тек қана орыс мәдениетіне қол арту арқылы ғана болатынын айттым. Ескілікті дәріптеуші консервативтік реакцияшыл санашылдардың барлық топтарын айыптап көрсетуге тырыстым.

Осы аталған еңбектерімде және өзімнің де ұлтшылдық қалыптағы қателерім мен кемшіліктерімді айыптадым да, сол өткен заманды дәріптеген өзімнің бұрынғы бірнеше пьесаларымды, әңгімелерімді, повестерімді де сынап өттім (Қараш).

Осы себепті, әсіресе, ең салмақты және менің идеялық-саяси дұрыс көзқарасымды ең толық, ең айқын көрсететін шығармаларыма әдебиетшілдік-зерттеушілік қателерім әсер еткеніне («Ақын аға» романы сияқты және «Абай» романының кейбір беттері сияқты) ерекше күйінемін.

Өзімнің Абай жөніндегі еңбектеріммен байланысты бір топ мәселелерді сынап өтудің нәтижесінде, өзімнің ендігі қарызым деп білетінім – Абай жайындағы шығармаларымды ерекше зер салып, түбірлі түрде қадағалап, қайта қарап өтуім керек және қажет тұстарымда қайта түзеп жазуым шарт. Бұл жөндегі міндеттерімді романдардың қайта басылу қарсаңында орындамақпын. Және де Абай жөніндегі романдарымның соңғы кітабы «Абай жолы» романының екінші кітабын идеялық көркемдік жағынан мінсіз толық етіп аяқтауым шарт.

Бұл жөнінде, сын ретінде Кенесары мен Абайдан бұрынғы дәуір ақындарын көрсетудегі талаптардан басқа, Абайдың өзінің төңірегінде болған Көкбай, Шұбар, тағы басқалар сияқты адамдардың бейнесін сипаттауларға да қатты зер салып, қайта қарап өтпекпін. Бұрынғыдан да әшкерелей түсіп, олар жайынан қатал үкім шығарып, Абайдың жасырын жаулары етіп суреттеуім шарт. Абайдың тірісінде оған жасырын жау боп, ал ол өлген соң ұлы ақын жолының жауы боп және еңбекші қазақ халқының жауы боп шыққан феодалшыл-байшыл, буржуазиялық-ұлтшылдардың жаулық әрекеттерін аша көрсетуім шарт».

Бұл өзгертулер мен өңдеулер, «қыстырмалар» романның табиғатына жат жалған тартыс әкелді. «Қарашығын» атты тарау қосылып, қазақта жоқ жатақ деген тапты ойлап тапты. Мұсылманшыл, түрікшіл, ұлтшыл Әзімхан бейнесі кіріктірілді. Ұлттық діл мен идеологияға және автордың ішкі көзқарасына мүлдем қарсы, шығарма үшін обал, ұрпақ үшін қауіпті және түзелмейтін тұс осы еді.


М.Әуезов (жалғасы): «Правданың» мақаласында менің қазақша, орысша жазған мақала, зерттеулерімдегі буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы қателіктердің барлығы айтылған. Бұлардың саны ол мақалада көрсетілгеннен гөрі де көбірек. Солардың кейбіреулері туралы «Правданың», «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаласын 1951 жылы талкылау тұсында мен өзімнің ілгергі, соңғы қателерім деп атап-атап өткем-ді. Әдебиеттанудағы өз қателерімді мойындап, Қазақстан Ғылым академиясының жиналысында, Жазушылар одағының жиналысында, Тіл және әдебиет институтында және де Алматының интеллигенциясының қалалық жалпы жиналысында сөйлегемін. Сол жиналыстарда және республикалық баспасөз жүзінде менің қателеріме арналған әділ сындар айтылғаны есімде. Және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ҮІІІ пленумында, онан соң Ү-ҮІ партия сьезінде жасалған Шаяхметов жолдастың баяндамаларында менің идеялық-саясаттық өрескел қателерім туралы әділ сын айтылғаны және де есімде.
Мұның барлығын аталып өтсе де қайталауға мәжбүр болатын.
М.Әуезов (жалғасы): «Бұл жолғы сөзде жеке зерттеулерімдегі қателіктерді нақтылап теріп айтуға мүмкіншілік болмағандықтан, сол бір топ жұмысымның түгелінде байқалатын жалпы негізгі ортақ жайды айрықша атап өтпекпін. Ол айтпағым: әдебиеттану ғылымына мен маркстік-лениндік методология жағынан толық құралданбай келіп араластым. Шамасы отыз жылдан артық уақыт бойында өте көп мақалаларды, пікірлерді, зерттеулерді өз өмірімнің әр кезінде жаза жүргемін. Бұрын баспа жүзінде айтылмаған кейбір жайларды ең алғаш рет мәселе етіп көтеріп жазғандарым да бар. Қазір айқын байқағаным бойынша, 1932 жылға дейін орын алған мендегі буржуаздық-ұлтшылдық идеялар мен шығармашылық идеяларымды кіналап, одан бас тартсам да, бірақ бертінге дейін, көп уақытқа шейін кеңес ғылымының сара жолын айқын меңгере алмадым. 1948-1950 жылдарға дейін кеңестік жоғары оқу орындарының әдебиет бөлімдеріне арналған оқу программасы, оқу кітабы, оқу құралы боп келген, өздерінің қателігі, идеялық-методологиялық терістігі мол шығармаларды – кеңес ғылымының табысы екен деп санап жүрдім. Осылардың ішінде жалған ғылымдық, космополиттік Веселовский жүйесі, Н.Я.Маррдың жалған ғылымы және буржуаздық-объективтік бірыңғай ағым жүйесі де болды. Осы соңғы жүйе – 1938 жылға дейін Қазақстанда ерекше орын алған реакциялық-буржуаздық бір жүйенің орнына 1939 жылы келді. Жаңағы аталған, 1938 жылға шейін дәуірлеген теріс жүйе бойынша қазақтағы барлық ауызша әдебиет ескерткіштері «билер дәуірінің әдебиеті» деп аталды.

Осы жүйеге қарсы 1939 жылдан бастап, барлық ауызша әдебиет үлгілерін түгелімен халықтікі дейтін жүйе орын тепті. «Батырлар» атты жинақ 1939 жылы осындай бағытпен шықты. Осы тұрғыдан орта мектептердің оқу құралдары және ағарту орындарының әдебиет програмдары методикалық құралдары жазылып, басылып, кеңінен тарап жатты. 1940 жылы «Дала жырлары» деген қазақ антологиясының эпос бөліміне арналған кіріспе сөзді мен де осы тұрғыдан жаздым.

Осы алуандас, 1930-1940 жылдары өзім жазған мақалаларды, кіріспе сөздерді, рецензияларды еске ала отырып «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы атты еңбекті дайындаудағы жауапкершілігімді сезіне отырып, оны айырықша сынға аламын. Бұл кітап – Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің 1947 жылғы «Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателер жөнінде» деген қаулысынан соң, 1948 жылы шыққан еді. Бірақ өзінің соңғы қалпында да бұл көп кісі бірігіп жазған еңбектің бірнеше тараулары мен бөлімдерінде өрескел қателер жіберілген құнсыз кітап боп шықты. Сол томның авторының бірі және редакторы болғандықтан да, маған бұрынғы көп қателіктерді қайта қарап, толығынан түзеп жазуға мүмкіншілік берілген еді. Бірақ мен өзімнің бұрынғы мақалаларымдағы және өзге де көп авторлардың оқу құралдарындағы, жоғары оқу орындарының программаларындағы, зерттеулеріндегі, кіріспе сөздеріндегі, жеке очерктері мен монографияларындағы қателіктерді маркстік-лениндік методология жолымен зерттеп шығу жағын қамтамасыз ете алмадым. Томның зерттелмек материалдары арасынан сол кездегі оқу құралдарында, жинақтарда көп тарап жүрген «Орақ», «Мамай», «Шора» сияқты дастандарды кіргізбей шығарып тастағаным болмаса, бар жайды барарына барғыза алмадым. Өзімнің зерттеуімде бірыңғай ағым жүйесін бұзып, «Қозы Көрпештің» кей нұсқаларын және «Қыз Жібекті», онан соң бір топ ертегілерді тыңнан сынап тексергеніммен, бұл істегендерім жеткіліксіз болды. Және «Қорқыт» жайын тексеруде де оны дұрыс деп бағалап, терістік жасадым. Ал бұл ескерткіш кейін, 1951 жылы реакцияшыл шығарма ретінде сыналды. Қатал сынап, талдау әдісін және реакцияшыл феодалдық мазмұндарды әшкерелеп ашу негізін «Қарасай», «Қази», «Алпамыс» сияқты эпостарға және «Қобыландының» Марабай жырлаған феодалдық нұсқасына қолдана алмадым. Сол әдісті, әсіресе, өрескел залалды феодалдық-монархиялық тарихтық жырларға, нақтылап айтқанда, қазақ еңбекші халқының қас дұспаны Кенесары мен Наурызбайға, солар жайындағы жырларға қолданып, оларды таратып сынауға орын берілмеді.

Осылардың орынына, бірінші томда, бұрынғы оқу құралдарында, жоғары мектеп программларында, монографияларда талданып жүрген хандық-феодалдық фольклорға берілген жағымды бағалалар молайтылып, бұрынғы қалпынша қайталанып отырды.

Қазақ әдебиеттану ғылымындағы салт-саналық қателіктерді сынау, маркстік-лениндік тұрғыдан дәлелдеп сынау 1951 жылы «Правдадағы» «Қазақстан тарихы мәселелері марксшілдік-лениншілдік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала шыққан соң, әсіресе, мол өріс алды. Фольклор, XIX ғасыр әдебиеті, абайтану жөніндегі біздің қателерімізді анықтау – жыл санап менің де ғылымдық түсініктер мен міндеттерімді дұрыстап ұғынуыма себеп болды. Бірақ сол бағыттағы түзетулерді өз лекцияларыма кіргізе жүргеніммен, партияның қаулыларына сай боларлық кесек ғылыми еңбек жазып үлгіре алмадым.

Фольклор мен тарихи тақырыпқа қалам тартқан өзімнің жазушы және ғылым қызметкері есебіндегі еңбектерімді салыстыра келсем, қателіктің көбі ғылыми-зерттеу жұмыстарымнан кеткен екен, ал жазушы ретінде жазған көркем шығармаларымда олардың мазмұны идеялық-тарихи тұрғыдан толығырақ, дұрысырақ ашылғанын, танымды шыққанын аңғарамын. Бұның себебі, менің жазушылық еңбекте марксистік диалектиканы дұрысырақ меңгергенім, бұл алуандас еңбекке көбірек маманданғаным, көбірек әзірлігім, дайындығым болғаны әсер етті ғой деп білемін. Осы айтылғанға мысал ретінде өзім жазған «Айман-Шолпан», «Қобыланды», «Бекет», «Түнгі сарын» пьесаларын, «Еңлік-Кебектің» соңғы вариантын және Абай жөніндегі романдарды атауға болады. 1930 жылдарға шейін жазған «Хан Кене» сияқты өзім айыптаған пьесаларға, жаңағы аталған, 1930-1940 жылдар ішінде жазылған шығармалар ұқсамайды. Бұларда – феодалдық санаға қарсы халықтық сана немесе таптық, тарихтық озғын ойлар өткен заман оқиғаларын көрсетудегі негізгі бағыт, мақсат болып отырады».

Бұл қызыл өңеш даудың басы ғана болатын. Негізгі әңгіме мен әшкерелеулер алда еді. Сол тұста қайталанып пайдаланылса да, «Ашық хаттың» желісін бұзбас үшін қысқартпадық.

М.Әуезов (жалғасы): «Осы сөзімнін соңына орай, тағы бір қажет деп тоқтай кететін мәселем – «Правданың» мақаласында көрсетілген негізсіз жікшілдік, отбасылық жөнінде, бұндайлық анық татымсыз, жиренішті фактының ең ауыр ащы жағы – осындай құнсыз, болымсыз әлекке түсу – біздің өзімізге, жазушыларға бәрінен залалды. Жікшілдік кей кездерде бақай қулықтарды туғызады. Соның жетегімен әділетсіздік, қиянат, қызғаныш және талай өзге де былғаныш араласып кетеді. Мұндайда кісі өз еңбегін қуанышты, жарқын, жақсы көңілмен істей алмайды, сондықтан да ішкі ойымен де, сөзімен де нашар пиғылдан сау болу шарт.

Сол залалды мінездер, әсіресе, біздің әдебиеттің өсуіне бөгет болды. Бұндай дертті жағдайда көп нәрселер өзінің лайықты бағасын ала алмайды. Және бәрінен бетері көп сорақы, жат, жаулық жайлар терең тамырына шейін ашылмай жүреді. Отбасылық, жалған достық қарым-қатынастарды бүркенген сондай жаман «шылықтар» жазушылардың сау ортасын бықсытып, көптен бері тырмыса жабысып келді.

Бұл мәселеде жөнінде өзімнің жауаптылығымды терең сезіну нәтижесінде мен жазушыларды осындай масқаралық күйлерден арылуға бекінгеніме сендіремін. Жұртшылықтың бізді сынаған әділ талабына ден қойып, ендігі еңбекті ұлы Отанымыздың игілігіне арнап, шабытты жарқын жолда творчестволық еркін жарыс жасауға арнайық деймін. Мұхтар Әуезов, ақпан, 1953 жыл.».

Иә, жанталас! Екі көзқарас иесінің қақтығысы осымен аяқталуға тиісті еді. Енді шайқалса, екеуі де бірге құлайтынын екеуі де білді. Бірақ жаныққан саясат, жандайшап идеология, кеңестік өктем әрі арандатушы үгіт-насихат оған мүмкіндік бермеді. Өкінішке орай, олар сол «майданда» бірінің жанын бірі қинап, бірінің жүйкесін бірі тоздырып, бірінің сүйкімін бірі кетіріп, жанығумен болды.

Әрине, саяси ширығу әлі де деңгейіне жетпегендіктен де, бұл «Ашық хатты» баспасөзде жариялауға ерік бермегені анық.
4.

Қызылкеңірдек науқан өзінің ең шарықтау мен шалықтау деңгейіне жетті. Мұхтар Әуезов айналысқан ғылыми-шығармашылық еңбектерінің бәрі де әшкереленіп, рухани тұрғыдан жалаңаштанып келе жатты. Енді «Абай» романынан бас тартуы ғана қалып еді. Жазушылардың жиналысында ғылыми-зерттеуден бас тартуының да өзіндік себебі де бар еді. Ол 1953 жылдың қаңтар-ақпан айларында өзіне ең қатерлі күндер мен талмауытты талқылаулардың төніп қалғанын білді.

Өйткені тура осы күндері жаңадан әшкереленген «адам кейпіндегі террорист-докторлардың», «ақ халатты ажал иелерінің» екінші толқыны Лефортово түрмесіне ауыстырылып жатты. Олардан үкім шығару үшін қылмыстарын мойындауды талап етті. Оның жай-жапсарын, тындымданып бара жатқанын барлығы да Левитанның дауысы арқылы радиодан естіп, баспасөзден оқып отырды.

Сол екпінге орайластырылған оқиғалардың ең елеулісі және М.Әуезовтің жеке басына тұтқындалу қаупін тудырған жиналыс қазақ эпосы мен фольклорына қатысты Ғылым Академиясында өткен 1953 жылғы ақпандағы қысқы сессияның мәжілісі мен соның бекітуімен өткен 2 көкек күнгі Жазушылпр одағы төралқасының мәжілісі еді. Оның бет алысы Мұхтар Әуезовті түңілдіріп тынды. Енді «Менің қателерім жайында» атты мақаласын қайтадан өңдеп жазып, оны баспасөзде жариялауға ұмтылды, СССР Жазушылар одағына жолдады.

Оның негізгі мақсаты мен міндеті бас баяндамашы Мәлік Ғабдуллиннің төрт жарым сағаттық сөзіндегі мына шағын үзіндіден анық байқалады:

М.Ғабдуллин: «Осыған қарамастан қазақ эпосының тарихы марксиз-ленинизм ұстанымы тұрғысынан әлі толық зерттелген жоқ. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ эпосының тарихын зерттеу барысында жекелеген зерттеушілердің тарапынан өрескел саяси қателіктер мен бұрмалаушылықтар жіберілді. Эпостарға, тарихи-әлеуметтік тартысты бейнелеудегі қоғамдық сананың жемісі ретінде маркстік-лениндік түрғыдан жан-жақты талдау жасалмады, оның идеялық-таптық мәні ашылмады. Қазақ эпосының тарихы мәселелерінің теріс, маркстік ілімге қарсы бағытта зерттелуіне белгілі бір дәрежеде М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин және басқалар кінәлі. Аты аталған зерттеушілердің кейбіреулері осы күнге дейін өздерінің қателіктерін ашық мойындамай келеді, өз міндерін қатаң сынға алған жоқ және партияның идеология мәселері жөніндегі шешімдерінен тиісті қорытынды шығармай келеді. Аталған әдебиеттанушылардың қателіктері – олардың өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында маркстік-лениндік методологияны қолдана алмағандығында, өткеннің эпостық мұраларына әрбір ұлттық мәдениетте екі мәдениеттің болатындығы туралы лениндік-сталиндік ілім тұрғысынан келе алмағандығында, қазақ эпосының тарихы мәселесін зерттеуде буржуазиялық-ұлтшыл бұрмалаушыларға қарсы аяусыз күрес жүргізбеуінде, ал кейбір жағдайларда солардың өздерінің буржуазиялық-ұлтшыл көзқарастың шырмауында қалып қоюында, тіпті, өздерінің еңбектерінде оны насихаттауында.




1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет