Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



жүктеу 10.36 Mb.
бет5/65
Дата02.04.2016
өлшемі10.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»

«Еңбек тәртібін бұзғаным үшін және мүшелік жарнаны төлемегенім үшін мен партиядан шығарылдым»,– деп жазды.

М.Әуезов (жалғасы): «Мен Орталық Комитетке арыз жазып, партиялығымды қалпына келтiруiме болатын едi, ол кезде (партиядан 1922 жылы шығарды) аз ұлттың өкiлдерiне, оның iшiнде жастарға үлкен кешiрiммен қарағаны белгiлi, партиядан шығып қалған қазақтардың бiразы дерлiктей қайта қабылданды, солардың бiрi боп мен де сөзсiз қабылданатын едiм. Алайда мен өтiнiш бергемiн жоқ. Партииядан сырт қалдым. Сонда өз-өзiнен мынадай сұрақ туады: егерде мен ұлтшылдардың тапсырмасымен партияға кiрген болсам, сонда ол тапсырма 1922 жылы толық орындалып бiттi деп ойлауға бола ма? Керiсiнше, партияға жат пиғылмен кiргендер сол кезде де, одан кейiнгi жылдарда да партия қатарында қалып, әлгi тапсырманы одан әрi орындай беруге ұмтылмай ма»,– деп жауап қайырған.

Ә.Байділдин (жалғасы): «...Сол кездегі пікір таласының үлкен бір тақырыбы М.Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабі болды. Кітап Оқу-ағарту халық комиссариятының баспасынан басылып шығып, таратылуға дайын тұрды. Өлкелік комитеттің тапсыруы бойынша мен оған пікір жаздым. Мазмұны оның атына сай емес еді, онда қазақ әдебиетінің тарихы емес, ұлтшылдық бағыттағы түсініктемелер берілген ескі сарындағы әдебиет нұсқаларының жинағы. Мен мұны кітаптың өзінен сілтемелер ала отырып дәлелдеп шығып, дәл осы қалпында оны таратудың ешқандайда қажеттігі жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасап бердім. Менің пікірім қазақ активтерінің арнайы мәжілісінде талқыланды, онда Тоқжігітов, Орынбаев, Нұрмақов және Жандосов менің Әуезовтің ұлтшылдық сарындағы кітабін таратпау туралы жасаған қорытындыма мүлдем қарсы сөйледі, алайда мәжіліске қатысқандардың көпшілігі: С.С.Жүсіпбеков , К.Тоқтабаев, Нұржанов, Бекенов, Орманбаев және басқалары менің пікірімді қостап шықты (Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» туралы кітабына жазған пікірім мен мәжілісте айтылған сөздердің көшірмесін сол кезде ОГПУ-дің шығыс бөлімінің меңгерушісі Журавлев жолдасқа беріп, шара қолдануын өтінгемін). Сөйтіп менің ұсынысымның нәтижесінде Әуезовтің ұлтшыл кітабі таралымнан алынып тасталды».

Бұл мәжілістегі пікірдің қандай деңгейде және қандай бағытта өткеніне, осы талқылауға қатысқан Жұмабай Орманбайұлының жоғарыда келтірілген «Қаракөз» туралы мақаласын еске ала отырып көз алдына елестетуге болады.

М.Әуезов (жалғасы): «Жас кезiмнен бастап өзiмнiң орынымды әдебиеттен iздедiм, тұңғыш пьесамның сәттi болып шығуы менiң барлық назарымды шығармашылық жұмысқа аударып әкеттi. Партия қатарынан шыққаннан кейiн мен саясатқа мүлдем енжар қарадым, таяу жылдарда, нақтылап айтсам 23/24 жылдары ендi ешқашанда саясатпен айналыспаймын деген шешiмге келдiм. Өзiмнiң өткен өмiрiмдегi әрекетiмдi iштей сараптан өткiзе келiп, өзiмнiң саясатқа мүлдем бейiмсiз екендiгiмдi аңғардым. Содан бастап саясатпен айналысқан емеспiн. Кейiннен университеттi бiтiрдiм, ғылыми марксизмнiң негiзiмен таныстым, өмiрiмдi әдебиетке, педагогикалық-ғылыми жұмысқа арнадым. Бар ықыласымды соған аудардым. Өзгедей әрекетпен айналысқаным жоқ».

Ә.Байділдин (жалғасы): «Осы Кеңестен кейiн Әуезов ашаршылық туралы көлемдi мақала жариялады (Қараңыз: «Еңбекшi қазақ №4 және №5), қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалаудың үлгiсi есебiнде ташкенттiк алашордашылар қағып алып, «Ақ жол» газетi арқылы насихаттауға көштi».

Ол насихат –«Ақ жол» газетінде жарияланған ашаршылықтан қырылып жатқан қазақтарға сауын айтқан:

«Ардақты азаматтар! Бұл күнгі мына сұрапыл ашаршылықтың жұртты жан алқымға алып, састырып тұрғандығын өздеріңіз де білетін шығарсыздар. Бұрынғы тарихтарда мысалы көрілмеген бұл ашаршылық жұрттың қолын байлап, танауын тарс бітіріп отыр. Аштықтан аудандағы бауырларың босуда, қырылуда, ашаршылық құрығына іліккен бұл бауырларыңды осы күйі қоя бергенде: жұрт болып ел қатарына кіреді, баяғыдай болып үйірге қосылады – деуге болмайды. Сондықтан бұл бәленің алдын алып, ерте бастан қамын жеп, тың тұяқ, тоқшылық жердегі бауырлары – туысқандық танытар, елдің қайырымын жоғалтпас, ыңырсып өлімнің құшағында жатқан ағайындарын ескерер, жәрдем қолдарын созар – деген үміттеміз. Бұл туралы ел ішіндегі ақсақал, жұрт ағасы азаматтар елді түсіндірер, үгіттер деп сенеміз. Ал енді ардақты ақсақалдар, ел ағасы азаматтар: 15-майдан бастап Арқадағы ашыққан қазақ, башқұрт бауырларымыздың пайдалары үшін ұдайымен екі жетілік жәрдем аптасы болады. «Өле жегенше – бөле же»,– деп айтқан бабаларыңның мақалын қазақ-қырғыз ұмытпас деген ниетпен сіздерге жүзімізді салып, сөзімізді айтып отырмыз. Ендігісін жұрт өзі білер.

Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Иса Қашқымбайұлы, Қоңырқожа Қожықұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Санжар Асфандиярұлы, Мырзағазы Есполұлы, Кәрім Жәленұлы, Сәдуақас Сейфуллин, Әшім Омарұлы, Уәлихан Омарұлы һам басқалар «,– деген (А.Мектептегі. «Геноцид», «Ана тілі», 2009 жыл, 28 мамыр – 3 маусым) Үндеу болатын.

Бұл насихат емес, ұлтқа сауап, салауат сауға еді.



Ә.Байділдин (жалғасы): «Ол (Әуезов – Т.Ж.) Губерниялық партия конференция-сын өткiзу үшiн Орал қаласына барды. Ол Жолдыбаевпен, Қаратiлеуовпен бірге Орынбор қаласына кiрекештердiң көлiгiмен қайтты. Әуезов өзiнiң бұл жүрiсiн: жол-жөнекей аштардың жағдайын көзiммен көруiм қажет болды – деп түсiндiрдi. Ол Орал губерниясындағы ашаршылық жайлаған қазақ тұрғындарының қасiреттi көрiнiсiне (иттiң өлексесiн, шөптiң тамырын жеген адамдарға, жолдың шетiнде үйiлiп жатқан аштан қырылғандардың өлiгiне, т.б.) қатты күйiнiп келдi, оның есесiне Оралдағы партия қызметкерлерiне риза болды. Бiздiң бағытымызды сенiмдi түрде ұстаған Жолдыбаев, Жантiлеуов, Қаратiлеуов сияқты жiгiттер туралы өте жақсы пікір бiлдiрдi. Сонымен қатар Кенжин, Мырзағалиев пен Асылбеков қатарлы бiздiң өз адамдарымыздың Орал губерниясындағы беделi жоғары екендiгiн айтты. Соны айта тұрып, ат төбелiндей көк езу әйтиевшiлдiң де бар екендiгiн, конференцияда оларға есе теңдiк бермегенiн мысқылдай баяндады.

Сол кезде аштарға көмек комиссиясы да өз iстерiн өзгеше жүргiздi. Сол комиссияға тартылған мекемелер жергiлiктi жерлерге шұғыл жедел хат жолдап жатты. Губерниялардағы зиялылардың игi жақсыларының тiзiмi жасалып, оларды аштарға салауат айтып көмек жинауға ұйымдастыруға тарту үшiн жергiлiктi жерлерге жiберiлдi. Жарлықтар мен нұсқаулар жiберiлдi, губернияларға баратын өкiлдер iрiктелдi. Байтұрсынов комиссияның атынан қазақ елiне арналған көлемдi үндеу жазып, «Еңбекшi қазақта» жариялау үшiн маған алып келдi. Бере салысымен ол менен мұны тезiрек жариялауды өтiндi. Мен айтқанын iстеймiн деп уәде бердiм. Үндеудi шындығында жариялағым келдi… Бiрақ мазмұнымен танысқаннан кейiн ниетiмнен айнып қалдым. Үндеу бір жақты екен. Онда ашаршылықтың жағдайы тым әсiреленiп жазылыпты және аштықты тудырған нақты себеп-салдары дұрыс көрсетiлмептi. Үндеудiң қорытынды бөлiмiнде халықтың қаймақтарын аштыққа қарсы күресуге шақырыпты, сондай-ақ онымен күресудiң жолдарын (барлық зиялыларды жұмылдыру, аштарға жаппай салауат-сауға жинау, оларды аштық жайлаған аудандарға жiберу т.б.) көрсеттi.

Мен бұл мақаланы жарияламауға бекiндiм де, өз қағаздарымның iшiне қоса салдым (Онда газет кеңсесi жоқ болатын). Бiрнеше күн өткен соң Байтұрсынов тағы да келдi де өзiнiң үндеуiнiң қашан жарияланатынын сұрады. Мен: мақаламен танысып шығып, келiсiмiн беру үшiн алқа мүшелерiне берiлдi, таяу арада жариялап қалармыз, – дедiм. Содан кейiн өзiмнiң әрекетiме өзiм қатты ыңғайсызданып қалдым, анау-мынау емес, аштық туралы аса зәру мақаланы үкiмет комиссиялары мен тиiстi мекемелердiң келiсiмiнсiз үндеудi тоқтатып қойғаным қате болды-ау деп ойладым, (Алашорданың жазғаны болса да), осындай ойға келдiм де бірден Асылбеков жолдасқа бардым да (Ол обкомның хатшысы, «Аштарға көмек» комиссиясының мүшесi және «Еңбекшi қазақ» газетiнiң алқа мүшесi болатын), Байтұрсынов екеумiздiң арамыздағы әңгiменi айтып: менiң ойымша бұл үндеудi жариялауға болмайтын сияқты,– дедiм. Танысып шығу үшiн үндеудi алып қалды да, келесi күнi жарияламауға келiсiм беретiндiгiн бiлдiрдi. Сөйтiп, Байтұрсыновтың үндеуi жарияланбай қалды. Ол үндеу соңғы жылдарға дейiн менде сақталып келдi, менiң қағаздарымның iшiнде бар ма, жоқ па, бiлмеймiн…».

М.Әуезов (жалғасы): «Партияның Х съезіне арналып Байтұрсынов жасаған ұлтшылдардың көзқарасын білдіретін баяндама туралы ештеңе де білмеймін, Байділдин маған ешқандай мәлімет берген жоқ».

Ә.Байділдин (жалғасы): «… Осы тұстарда көмек көрсету комиссиясын өз мүдделерi үшiн қатты пайдаланып қалды, олар аштарға жасаған жақсылығы арқылы жеке мүдделерiн жүзеге асыруға тырысып бақты. Кейбiр кездерде олар көздегендерiне (мақсатына) жеттi де, саяси және қазыналық қор жинады. Бұл 1926 жылы Қызылорда қаласында өткен «Торғай iсi» деген сот келесi барысында анық байқалады…».

Бұл неғылған қазыналық қор? Әрине, кеңес өкіметінің «қамқорлығымен» аштыққа ұшырап, қырылып жатқандардың таңдайына нәр татырып, ұлттың мәйегін аман алып қалу арқылы жинаған саяси қор. Абыройын төкпей, халықты қырғынға ұшыратпай, сол «саяси қорды» кеңестік күркілдердің өзі неге сақтап қалмады? Ә.Байділдин бұдан кейін саясаттан шаруашылықты басқару саласына және онда жүргізілген «кедергілер мен қаскүнемдікке» (саботаж) ауысады.



Ә.Байділдин (жалғасы): «Жаз маусымы жақындап келе жатты (22-жылдың наурыз айы). Біздің жетекшілеріміздің (Әуезов пен Сәдуақасовтың) арасында шүйіркелесу басталды. Олар өзара әлденені ақылдасып жүрді. Олардың бір нәрсеге дайындалып жүргені белгілі еді. Бұл сыбырласу 15 күнге созылды. Қаншама тырыссам да ештеңе біліп жарытпадым. Олар сырғақтата жауап берді, менің сұрақтарымды әзілге айналдырды. Біздің арамыздағы мұндай жатырқау менің жоғарыдағы мақаламнан кейін пайда болды. Содан соң олар маған өздерінің саяси маңызы бар жоспарларын ашық айтпай, мәселе не олай, не былай шешілгеннен соң ғана сөйлестік. Сырттай қарағанда біз өте дос адамдар сияқты көріндік: көрісіп жүрдік, әңгімелестік, қалжыңдастық, т.б., алайда біздің арамызда толықтай ішкі түсінік болған жоқ. Сондай сәттерде Сәдуақасов пен Әуезов мені келеке етіп: “Жаз, жаз, тарихта қаласың”, – дейтін (шындығында да, “Қалам” – қаламның күшімен тарихта қалып отыр ғой – Т.Ж.), арасында: “Иә, қалай, жасасындатып жатырсың ба?”, – деп кекететін. (Олар менің “жасасын!” – деп жазған мақаламды емеуірін етіп отыр). Біздің арамыздағы осындай қарым-қатынас туралы Тоғжанов пен Жолдыбаевқа айттым, олар да ұмыта қойған жоқ шығар. Міне, сондықтан да, мен олардың не ойлағанын біле алмадым, тек ашық іс-әрекетке көшкен соң ғана аңғардым.

Сөйтсем, соңғы уақытта олар (Сәдуақасов пен Әуезов Кенжинмен, Мырзағалиевпен және Әлiбековпен бiрiгiп) бір iстi жоспарлапты. Олар: қазақ тұрғындары арасындағы жұмысты жақсартып, ашаршылықпен күрестi күшейту туралы мәселе қою үшiн қаулының жобасын жасапты (Осы да қастандық па? – Т.Ж.). Бұл жобаны олар алдын-ала обкомның жекелеген мүшелерiне көрсетiп, мақұлдатып алыпты. Жангелдиндi көндiрiптi, Асылбековтi өздерiне қаратып, кейбiр еуропалық қызметкерлердiң де көзiн жеткiзiптi. Сөйтiп, обком мүшелерiнiң көпшiлiгiн өз жақтарына шығарып алып, бұл жобаны бекiттiрдi, осы бекiттiрген жобаны жүзеге асыру үшiн жергiлiктi жерлерге баратын қызметкерлердiң тiзiмiн де қоса жасады. Олар губерния бойынша былай: Семейге – Әуезов пен Досов; Ақмолаға – Кенжин мен Төлепов, Қостанайға – Сәдуақасов, т. б. бөлiндi.

Қайталап айтамын, менiң достарымның шүйiркелесуi осы iске тiкелей қатысты екен. Оны көрсетiлген оқиға бойынша обкомда шешiм қабылдағаннан соң барып Әуезовтің өзi маған айтты.

Бiрақта бұл iстiң ресми емес екiншi бір астары бар екендiгiн Қостанайға жүретiн күнi Сәдуақасовтан бiлдiм. Ол маған: «Обкомның шешiмi арқылы бекiтiлген қаулыдағы аштыққа қарсы күрес жұмысын жүргiзумен қатар, барған уәкiлдер жергiлiктi жерлердегi бiздiң қарсыластарымызды, яғни, отарлаушылар мен меңдешевшiлердi орынынан тайдырып, оған қоса кеңестiң 3 съезiне дайындық жүргiзетiн болады»,– деп хабарлады. Осыны айтқан соң ғана Сәдуақасов: «Орынбордағы жаңалықтарды тұрақты жеткiзiп тұр»,– деп өтiндi. Сонымен уәкiлдер елге аттанып кеттi. Қостанайдан Сәдуақасов: «Қостанайдағы пәлен деген еуропалық қызметкерді орынында қалдыру керек, әйтпесе, колонизаторлар оны орынынан ауыстырмақ»,– деп хат жазды».

М.Әуезов (жалғасы): «58-статьяның 7-тармағы бойынша маған тағылған айыпты мойындамаймын, оның үстiне шаруашылық саласындағы iс-әрекеттерiм үшiн тағылған айыпқа менiң мүлдем қатысым жоқ деп есептеймiн және одан үзiлдi-кесiлдi бас тартамын».

Бұған себепкер болған тағы да сол «Қужақтың»:

«Бесінші партия конференциясының жұмысына қарсы ұйымдастырылған (яғни өзін сайлауға – Т.Ж.) Бөкейхановтың, Байтұрсыновтың, Сәдуақасовтың, Досовтың саяси-экономикалық платформасы жасалды»,– деген мәлімдемесі еді.

М.Әуезов (жалғасы): «Өмiрiмде ешқашанда шаруашылық мекемелерiнде қызмет iстегенiм жоқ. Тек қана ағарту саласында жұмыс iстедiм. Бұл арада айтарым, еске алатын бiр мәселе бар: мына айыптауға қарағанда мен ұлтшыл емеспiн, керiсiнше, қаскүнеммiн, әйтеуiр екiнiң бiрi ғана қалуы керек. Бiрақта артта қалған халыққа қызмет ететiн халық ағарту саласында, оның iшiнде сол халықтың өкiлiне зиянкестiкпен шұғылдану намысты әрекет және ақылға қонбайды».

Өткен тарауларда баяндалғанындай, осынау ұшқалақ та таяз ойлы адам талайға кесiрiн тигiзген. «Алаш iсiндегi» аса қауiптi, өзiн де арандатып тынған бұл кiсiнiң өзгеге қазған оры өзiне көр боп бұйырды. Барлық қоясын шығарып, алаш азаматтарын қаралатып алған соң оның өзiн ату жазасына кестi де, тiрi куәнiң көзiн жойды. Тек қана Мұхтарды ғана ажал оғына итермелеп қойған жоқ, өзi танитындардың барлығын шырмауықша шырмады.

Ол енді Мұхтарды басмашылардың қатарына апарып бір-ақ қосты.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Бірде ол (Сәдуақасов – Т.Ж.) менің бөлмеме келді. Бұл құрылтай өткеннен кейінгі 11-12 тәуліктің бірі болатын. Ол әңгімені сондай салмақты зілмен бастады. Ол: «Отаршылдар мені қудалауын тоқтатқан жоқ, керісінше, мені партиядан шығарып тастатуы да мүмкін. Сондықтан да бір батыл қадам жасағым келеді, бірақ не істерімді өзім де білмеймін. Әуезов: Ташкентке ауыс, содан әрі басмашыларға қосыласың – деп ұсыныс жасады»,– деді. Әуезовтің бұл ұсынысын қабылдауға қарсы еместігін, бірақта ол туралы менің пікірімді білгісі келетінін айтты.

Мен Смағұлға не айтарымды білмедім. Оның жағдайының сондай қиын екенін және көңілінің қобалжып жүргенін білетінмін. Алайда менің оның дәл осындай ойда жүргенін және баcмашыларға қосылып кетуге келісім бергенінен мүлде хабарсыз едім әрі ондай арандатуға көне қояды деп ойламағанмын. Маған дәл осындай келеңсіз кеңес берген – обком партияның мүшесі және КЦИК-тің саяси секретары Әуезовтің пікірі түсініксіз, оғаш көрінді. Мен біздің мақсатымызды (ұлт мәселесі жөнінде жүргізіп отырған партияның бағдарламасын) басмашылардың мүддесімен сәйкестендіре алмадым. Мен өзімше, осындай кеңес берген Әуезов әлдебір шірік мақсатты көздеді ме деп ойладым. Сонымен қатар, осы пиғылы арқылы ол Сәдуақасовты құртып, біздің арамыздағы көсем өзі болғысы келді ме екен деп топшылаймын. Себебі: ол кезде біздің мақсатымыз ортақ болса да, әрқайсымыздың жершілдік, рулық тұрғыдан алғанда да жекелеген ішкі мүддеміз бар еді. Әуезов – семейлік, ал біз – Сәдуақасов екеуміз – ақмолалық едік. Соңғы мәселе – Әуезовтің көкейін тескен шешуші мәселе сияқты боп көрінді маған.

Бұл ойымның барлығын Сәдуақасовқа ашық айттым және Әуезовтің ұсынысын қабылдауға түбегейлі қарсы болдым. Мен оған: демалыс алып Мәскеуге бар, одан ауылға барып тынық, жақсылап тұрып демалған соң жұмысыңа қайтіп ораларсың , – деп кеңес бердім. Содан кейін тағы да: мүмкін сен қайтып келгенше басшы адамдардың саған деген көзқарасы өзгерер, сөйтіп бұрынғы жұмысыңды істей бересің – дегенді айттым. Бұған қоса мен: соңғы кезде сенің беделің өте қатты өсіп келеді, жаңа ғана өткен құрылтайда сен өзіңнің жаңа жақтастарыңды таптың, сондықтан да өз болашағың үшін мазасызданудың қажеті жоқ,– деп оны жұбаттым… Келесі күні ол демалыс алды да Мәскеуге жүріп кетті.

Бұл оқиғадан кейін мен Әуезовке күдікпен қарайтын болдым. Ол менің көз алдымда екіжүзді боп елестеді: бірінші Әуезов – партия мүшесі, жауапты қызметкер, ақылды кісі, біздің көзқарасымыздың көсемдерінің бірі, ал екінші Әуезов – бірінші адамның қасиетіне ие, бірақта, әлдебір астарлы оймен жүрген сияқты көрінді».

Осы мәлiмдемеден кейін Әбдiрахман Байдiлдин туралы қандай да бір «неғылайыны» бар сүйiнштi сөз бiлдiруге бола ма? Әсте.

М.Әуезов (жалғасы): «2) … Ақыр-аяғында Байдiлдиннiң көрсетуiндегi: менi 1921 жылы Смағұл Сәдуақасовқа басмашыларға кетiп қалу туралы кеңес бердi-мiс деген жайға келетiн болсам, мұнысы барып тұрған нағыз өтiрiк, сондықтан да мойындаудан бас тартамын. Өйткенi осы жылы: бiрiншiден, мен Семей қаласында тұрдым, тiптi, Сәдуақасовты көргенiм де жоқ, басмашылар жөнiнде ешқандай да хабарым болған емес. Шындығын айтсам, тура сол жылдары менiң Сәдуақасовқа: колонизаторлармен күрес майданын тастап, барлық ақыл-ойын билеп алған және берiле iстеп жүрген партия мен кеңес мекемелерiндегi тiкелей атқарып жүрген қызыметтi тастап басқа жаққа кете қой деуiм, кеңес беруiм мүмкiн емес. Бұл пәлеқор Байдiлдиннiң маған қарсы бағытталған кезектi ойдан шығарылған жаласының бiрi».

Ә.Байділдин (жалғасы): «…Жоғарыда, мәлiм еткенiмiзден көрiнiп отырғанындай, бұл iс-әрекет кезiнде сәдуақасовшылар өздерiнiң айнымалы екендiктерiн танытты. Олардың бiреуi (Әуезов) алашордашылармен қосылып кетсе, екiншiлерi (Тоғжанов) олардың қол шоқпарына қалай айналғанын өзi де білмей қалды, ал үшiншiлерi (мен сияқты тағы басқалары) олардың iс-әрекетiне белгiлi дәрежеде сын көзбен қарап, өзiн толық пайдалануға жол бермедi (Мысалы: Байтұрсыновтың үндеуiн жарияламадым, т.с.с.)».

М.Әуезов (жалғасы): «Байділдин өзін партияның жолына түскен адам ретінде көрсетуге тырысқаннан бастап барлық жерде мені өзінің сыни нысанасы етіп таңдап алды. Әсіресе баспасөз бетінде қатты белсенділік көрсетті. Өзінің сөздерінде шешендікке салып, тұрпайы марксизмді жамылып, жала жабуға көшті... Ал баспасөзде дерексіз жала жабылды. Мұндай жаланы ол өзінің қызметтегі беделін өсіру үшін пайдалануға тырысты, газеттер мен журналдардың үстінен қарайтын оның жалғыз өзі екендігін көрсетіп қалуға ұмтылды».

М.Әуезов айтқандай, Ә.Байділдин тек «беделін көтеру үшін ғана» қолына қалам алса бір жөн ғой. Біздіңше оның көрсетіндісінің астары бұдан да гөрі терең жатқан сияқты.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Бiрақ та бұл екi оқиға (Сәдуақасовтың басмашыларға қосылуы туралы ойы мен менiң мақалама байланысты жағдайлар) осы кездегi бiздiң – Әуезовтiң, Сәдуақасовтың және менiң iс-әрекеттерiмiздi толық айқындап бередi. Әуезовтiң сол кездiң өзiнде-ақ (21-жылдың қарашасы) астыртын байланысы барлығын, дәлiрек айтсақ, алашордашылардан қол үзбегендiгi және контрреволюциялық жоспары болғандығы анық едi. Сәдуақасов екі ортада теңселiп жүрдi де, алашордашыларға қарай бейiмделе бастады, ал мен азды көптi болса да партия ұйымының бағытын ұстадым».

Бұл – «бедел көтеру емес», оның астарында «Советская степь» арқылы ашық мәлімделген:

«Колчактың тұсында, «Алашорданың» Шығыс бөлiмiнiң белсендi қайраткерлерiнiң бiрi ретiнде Әуезов Колчакқа қарсы күреспедi, күрескiсi де келмедi, керiсiнше сол кездегi бүкiл «Алашорда» үкiметi, оның iшiнде Әуезов Колчакпен одақтаса отырып большевиктерге, Кеңес өкiметiне қарсы күрескенi белгiлi... Бiрақ та, Кеңес өкiметi орнаған соң Әуезов сол жаққа шығып, партияға өттi»,– деген шындыққа жақын қылмыстық айыптау жатыр еді.

Бұл шындық па, жала ма? Басқа-басқа, қанша жалақор болса да «Правданың» бетіне жалған деректі жариялауға Ә.Байділдиннің де дәті шыдамайтын.

Бізге салса, әсіресе, «Алашорда» үкіметі мен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Заки Валидов тұрғысындағы жауаптарында тарихи деректермен тоғыспайтын тұстар мен пайымдаулар, өмірлік шындықтар бар. Қалай жоққа шығаруға тырысқанымен де, Мұхтар Әуезовтің осы үш тұлғамен де астыртын байланысы болғаны анық. Сонда Мұхтардың Орта Азиядағы басмашылар қозғалысы арқылы Англиямен, Түркиямен астыртын байланыс жасап, қазақ даласында қарулы көтерiлiс ұйымдастырмақ болғаны рас па, жоқ па?

Рас, Мұхтардың өзi түсiнiк бергенiндей, Колчак пен Анненковтiң әскерi Семей қаласын басып алған кезде қазақ зиялыларының астыртын әрекетке көшкенi, Мұхтар мен Әлiмхан Ермековтер шаhарда қалып, ақтарға қарсы күрес жүргiзгенi, кейбiреулерi қолға түсiп, оларды Семейдiң көпестерiнiң көмегi арқылы босатып алғаны, кеңес өкiметi орнасымен 1919 жылдың желтоқсанынан бастап қазақ бөлiмiнде қызмет атқарғаны шындық. Әлiмхан Ермековтiң естелiгi де, түрмедегi жауаптары да мұны толық дәлелдейдi.

Дегенменде осы арада Мұхтардың өзі де мойындамаған бiр оқиға бар.

Бұрын жазушының өзi де, зерттеушiлер де жасырып келген бiр ақиқат – Мұхтардың «Алаш» партиясының жастар iсi жөнiндегi жауапты адамның бiрi болуы едi. «Алашорда» үкiметiнiң құрамына сайланбағанымен де, партияның идеология саласындағы үгiт-насихат жұмысын, өзi айтқандай, жанын салып iстедi. «Сарыарқа» газетi мен «Абай» журналы «Алаш» идеясының ту ұстар басылымы болды. Сол тұста, Омбы қаласында, 1918 жылдың қазан айында қазақ жастарының құрылтайы өткiзiлдi. Бұл ұйымға Смағұл Сәдуақасов жетекшiлiк еттi. Осы құрылтайға «Алашорданың» Семейдегi шығыс бөлiмшесiнiң жастар өкiлi ретiнде Мұхтар Әуезов қатысып, баяндама жасады. Ол баяндамасы Қызылжарда шығатын «Жас азамат» газетiнiң 15 және 25 қазандағы санында «Ескеру керек» деген атпен жарияланды. Жанартаудай жалындып тұрған Мұхтар бұл құрылтайда батыл пiкiрімен, шешен сөзiмен көзге түстi. Смағұл екеуiнiң танысып, табысуы сол жиыннан басталса кере-тi. Құрылтайда алаш жастарының мiндетi мен бағдары талқыланды. Мұхтар да соған үн қосып:



«Ендiгi халық болумызға ұйытқы болатын нәрсе – құрсаулы әдiл, қатал билiк. Ендiгi хакiмнiң алдында нашар да, жуан да теңшiлiкте болып, белгiлi негiзге құрылған закон болмаса, жуан атаның еркi ел iшiне жүрмеуi керек. Әлi де жуан ата билеп-төстеп, қадiрлi болатын болса, автономия деген, бөлектiк дегеннiң бәрi де сырты бүтiн, iшi түтiннiң iсi болады. Бiрақ мұндай күйдi бұрынғы уақыт көтерсе де, қазiргi уақыт көтермейдi»,– деп құрбыларына көсемдiк жол сiлтеген едi.

Бұл – бұрынғы Ресей империясының астан-кестенi шығып, азамат соғысының аласапыраны басталып кеткен аса қатерлi де аумалы-төкпелi кезең едi. Орыстардың өзi ақ пен қызылға бөлiнiп, адмирал Колчак дербес Сiбiр үкiметiн құрып, тайталасқа түскен шақ болатын. Мұхтар қазақ жастарының құрылтайына қатысқан тұсында «Алашорда» мен Сiбiр үкiметтерiнiң арасында бiр-бiрiн тану туралы келiсiм жүргiзiлiп жатыр едi. Алайда, арада бiр апта өткеннен кейiн Сiбiр үкiметi: «Алашты» да, автономиялық Башқұртстанды да заңсыз деп жариялап, оларды Колчак үкiметiне бағынуға тиiстi, әскерлерiн таратсын деген жарлық шығарды. Ашық күнгi найзағайдай әсер еткен бұл оқиға дербестiкке қолы ендi ғана жеткен отар ұлттардың мемлекет қайраткерлерiн дағдартып-ақ тастады. Ақ пен қызылдың қаhарына қатар ұшыраған қазақ пен башқұрт ұлтының сарбаздары аса қиын жағдайда қалды. Мiне, осындай қысылтаяң шақта екi үкiметтiң өзара келiсiмi қажет едi. Қызыл Мешiттегi Башқұрт ұлттық армиясының қолбасшысы Заки Уәлидимен (Валидовпен) жолығуға «Алашорданың» уәкiлдерi де келдi. Заки Уәлиди Тоған өзiнiң 1969 жылы Стамбулда жарияланған «Естелiктерiнде» 1918 жылғы Қызыл Мешiтке келген «Алашорданың» қайраткерi туралы:



«Бiз Ермолаевкада тұрған кезiмiзде, желтоқсанның бiрiншi жартысында өткен, кейiннен бiздiң күрес майданымыздың өзгеруiне тiкелей әсер еткен үш оқиғаны есiме түсiре кеткiм келдi. Бiрiншiсi: тұтқындағы түрiк офицерi Киязим – бей Ташкент қаласындағы үндiстандық либерал-демократ, ағылшындардың дұшпаны – Мавляви Баракатолламен байланыс жасап тұратын... Олар Башқұрт үкiметiне хат жазып, кеңес өкiметiмен келiсiмге келуге шақырыпты... Мұндай тиянақты мәлiметтер бiз үшiн жаңалық едi, сондықтан да кеңес өкiметiмен келiссөздi бастаудың аса қажет екендiгiне бiздiң бiраз серiктерiмiздiң көзiн жеткiздi. Екiншi оқиға – менiң адмирал Колчактың және француз генералы Жанненнiң атаман Дутовқа жолдаған хаттарымен танысуым едi... Ол қағазда Башқұртстан мен Қазақстанның әскерiн шұғыл түрде таратып, менi және басқа да башқұрт қайраткерлерiн әскери-дала сотына беру туралы үзiлдi-кесiлдi бұйрық берiптi... Үшiншi оқиға – «Алашорда» үкіметі өкілдерінің әкелген хабары. Олардың қатарында Ғазымбек Бірімжанов пен жазушы Мұхтар Әуезов болды. Колчак пен оның одақтастары: ұлттық әскер мен ұлттық үкімет құруға қарсы жазалау әрекетіне көшкендіктен де, олар да еріксіз кеңес үкіметімен келісуге мәжбүр болыпты. Кейіннен Ғазымбек Германияға келіп, сонда білім алды, ал отанына қайтып оралғаннан кейін зауалға ұшырады. Мұхтар Әуезов көрнекті кеңес жазушысы болды, алпыс жасқа толған мерейтойы кеңінен аталып өтті, Қазақстан ғылым академиясының академиктігіне сайланды. Ол 1961 жылы дүниеден қайтты»,– деп (277-бет) деп көрсетілген.

Мұхтар Әуезовтің өміріндегі бір құпия оқиға осы. «Алашорданың» атынан кеңес үкіметі жағына шығу туралы өкілдікке баруы Заки Валидовтың «Қатираларыннан» басқа құжаттарда расталмайды. Сол тұста «Алашорданың» Семейдегі Шығыс бөлімі оқшау қалып, қызылдар мен ақ гвардияшылардың, казак атамандарының және жергілікті орыс, қазақ большевиктерінің қыспағында қалып, бірде астыртын, бірде ашық әрекет етіп жүрген болатын. Бұл оқиғалар «Алашорданың» шығыс бөлімінің төрағасы Халел Ғаббасовтың, Әлімхан Ермековтің көрсетінділерінде қамтылған. Мұхтар Әуезовтің Колчак пен қызыл әскердің жазалауынан бой тасалап елге шығып кеткені туралы досы Балтақай Толғанбаевтың естелігі бар. Ал оның Башқұрт үкіметінің бас штабы орналасқан Ермолаевка селосына құпия баруы алашордашыл жастардың Омбыдағы жиналысына қатысқан тұстарындағы жанама мәліметтермен ғана қосымша расталады.

Егерде әскери жағдай кезінде жол жүрудің өзі өте қауіпті екенін ескерсек, М.Әуезовтің қандай қатерге бас тіккені өз-өзінен түсінікті.

З.Валидов, «Қатира»: «Сол аралықта «Алашорданың» Семейдегі күншығыс бөлімі де таратылды. Оның екі мүшесі Мырзағазы (Сеидазым-?- Т.Ж.) Қадырбаев пен Мұхтар Әуезов наурыз айында Башқұртстанға келді. Кейіннен профессор және Қазақстан ғылым академиясының мүшесі (1961 жылы 27 шілде күні дүниеден қайтты) болған (Мұхтар Әуезов – Т.Ж.) бұдан бұрын, 1918 жылы да Башқұртстанға келген болатын. Бұл жолы оның көңіл-күйі өте түсіңкі екен. Мен оған өзімнің кейбір ойларымды айттым. Иркабаевтің Қиыр Шығысқа баратынын жеткіздім. Өзінің сабырлы және қоңыржай (пассивный) табиғатына қарамастан Әуезов күрестің Түркістанда жалғасын табатынын қызу қолдады, тек қана: «Мұнда сіздерде барлық жағдай бар екен, жақсы қамтамасыз етіліпсіздер. Мұны қалай қиып тастап кетесіздер?»,– деп абыржушылық білдірді. 1959 жылы кеңес өкілдерінің құрамында Нью-Иоркке келген кезінде оған жолыққан қазақ эмигрантының біреуіне: «Сол кездегі қапаспен салыстырғанда Башқұртстан бізге солтүстік шұғыласындай болып көрінді»,– депті (345 бет).

Бұл – 1920 жылдың көктемінде, М.Әуезов Семей губкомының бұратана ұлт (қазақ) тұрғындарымен жұмыс істейтін бөлімнің меңгерушісі боп тағайындалғанына үш-ақ ай болған кезде өткен оқиға. Демек М.Әуезов Семейден бірден Уфаға барып, қайтар жолда Омбыға аялдаған. Қандай мақсатпен, тапсырмамен барды? Бұл З.Валидовтің «Естелігінде» де, С.Қадырбаевтың да, өзінің де көрсетінділерінде айтылмаған. Әрине, бұл кездесулерді жасырын ұстағаны түсінікті.

Керісінше М.Әуезов өзінің: басмашылармен және Заки Валидовпен ешқандай байланыс жасамағанын, ол адаммен мүлдем бейтаныс – екенін мәлімдеген. Тергеуге тартылғандардың жауаптарының әрқисынды болуы заңды. Астыртын ұйым жұмысы соны талап етеді. Араға елу жыл өткен соң да З.Валидовтің Бұқарадағы «құрылтайға қатысқан екі қазақ қайраткері әлі тірі» деп олардың атын атамауы да сол астыртын күрестің заңына бағынғандық.

Алаш азаматтары тергеушіге «қиыннан қиыстырып қандай сылтау айтса да», «Алашорда» қайраткерлерінің Бұқарадағы «Түркістан ұлттық бірлігі» партиясының құрылуына қатты назар аударғаны анық байқалады. Өзге жанама деректерді былай қойғанда, Москвадан бірге шығып, Еділ мен Жайықтың арасында З.Валидовпен қоштасқан А.Байтұрсыновтың және поезда жолыққан Т.Рысқұловтың бұдан толық хабардар болғаны анық. Ал А.Байтұрсыновтың бұл құрылтай туралы Ә.Бөкейханов пен М.Дулатовқа толық мағлұмат бергені еш күмән тудырмайды.

Демек, Ташкенттегі ұйымның биресми төрағасы болып саналатын Х.Досмұхамедовтің де қаперінде бар жағдай бұл. Ал Бұқараға барғандардың ішінде Ғ.Бірімжанов пен Х.Болғамбаев «Алашорданың» өкілетті құзырына ие болған және құпия хатты жеткізген сол екеуі деп сеніммен айтуға болады. Х.Болғамбаевтің куәлігіне «Алашорданың» мөрі басылғанын, өзінде ондай құқық болмағанын Д.Әділев өзінің көрсетіндісінде атап айтады. Сонымен, «Алашорда» қайраткерлері мен Түркістан, Бұқара, Хиуа республикаларының арасында ынтымақты саяси байланыс болған. Өзінің жасырын өкілдерін жіберу арқылы «Түркістан ұлттық бірлігі» қозғалысының заңды мүшесі ретінде тіркелген деп есептеуге толық негіз бар.

Осы арада толық дәлелденбеген, бірақ шағын топқа ғана мәлім бір жорамал туралы айта кеткенді жөн көрдік. Ол «Қатираларда» аты аталған Мұхтар Әуезовтің астыртын Бұқараға З.Валидовпен жолығуға баруы. Өмірлік деректерде де, тергеу ісінде де, жалпы ауызекі әңгімелерде де М.Әуезовтің «Түркістан ұлттық бірлігі» қозғалысымен байланысы туралы ешқандай мағлұмат та, «сыбыс та» кездеспейді. Мұндай оқиға өмірде болса да М.Әуезовтің оны «мүлдем жадынан өшіріп тастауы» заңды да. З.Валидов жаңылысып, Ғазымбек Бірімжановпен ауыстырып алуы да мүмкін.

Алайда, тура осы жылдары түсірілген суреттің сыртына: «Бұқарада, кей түсінікте Маңғыстау мен Хиуада түсірілді»,– деп жазылған М.Әуезов пен Ә.Бөкейхановтың фотосы бар. Онда М.Әуезов қырынан түсірілген және шашын алып тастаған. Сондай-ақ сол жылдары Бұқара мен Самарқанның баспасөзінде алашордашылардың қатарында жарияланған М.Әуезовтің сызба суреті те бар. Қалай дегенмен де біз бұл оқиғаны жоққа да шығара алмадық, шындыққа да жатқыза алмадық. Тек М.Әуезов Ташкентте қоныс аударғанда Қазақстаннан мүлдем күдер үзіп, партиялық билетін тастап кеткені анық. «Аштарға көмек» комитетінің мүшесі ретінде Ғ.Бірімжановпен бірге елеусіз сапармен баруы да мүмкін. Мұндай көңіл-күйдің тұсындағы адамның іс-әрекетін нақты болжау да қиын. Сондықтан да бұл мәселені ашық қалдырамыз.

Бiр таңғаларлық жай: Ғазымбек Бiрiмжанов өзiнiң Германияда оқуда жүргенiнде Заки Уәлидимен жолыққанын тергеушiге баяндап берсе де, Мұхтарға қатысты оқиға жөнiнде ләм-мим демеген. Ал Әбдiрахман Байдiлдин бұл оқиғаларды білген. Өйткені сол кездесуге Ә.Бөкейхановтың адъютанты ретінде қатысып, алаш әскеріне қару-жарақ алып, вагонға тиеген. Бірақ біле тұрып қасақана қағазға түсірмеген. Оған да шүкiр. Егерде жаза қалған жағдайда Мұхтарды тәубесiне келтiрiп, оқиғаны ушықтырып баяндауы әбден мүмкiн едi. Мүмкін өзінің де қауіпсіздігін ойлаған болар. Әлде есі кірді ме?

Заки Уәлидидiң бұл естелiгi отызыншы жылдары жариялана қалса, қазақ ұлты рухани жетiмсiреп қалатыны анық болатын. «Абай жолы» да жазылмай, әлем жұртының алдында еңсемiз аласарып, бақытымызды кiм көтерер екен деп жалтақтап өмiр сүретiнiмiз де кәмiл.


5.
Талант пен тұлғаның тағдыры талқыға түскен шақтағы олардың жандүниесi мен жанжүйесiн түсiну үшiн тергеу барысында тәркiленген бiраз хаттардың ұзын-ырғасымен таныстырып, шағын өмiрбаяндық желi тартамыз. Бұл, бiрiншiден, тұлғалардың өзара тағдыр мен таным тамырластығын байқатады. Ал тағдырсыз тұлға қалыптаспайды. Екiншiден, олардың тiлге тиек етiп отырған ұлттық, мемлекеттiк мәселелерге деген көзқарастарын бiлдiредi. Үшiншiден, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтiң ұлттық рухани тәуелсiздiк жолындағы қозғалысқа қатысын және оның кейiнгi өмiрлерiндегi қатпар-қатпар, құбылыстармен қарама-қайшы пiкiрлерiнiң түпкi себебiн ашып бердi.

«Алашорда» мен қазақ мемлекет қайраткерлерiнiң «коммунистiк – колонизаторлыққа» қарсы қозғалысы барынша қуатты күшке ие болған қарбаласы мен жанталасы қауырт дәуiрде Мұхтар Әуезов бұрынғы Санкт-Петербург, сол кездегi Ленинград университетiнде оқуда жүрсе де тарихи оқиғадан тыс қалған жоқ. Ол тiкелей мiнбеде сөйлеп, мақала жазбағанымен де ұлттық сана қозғалысының алдыңғы толқынының ағысында жүрдi (Оған айғақ жетерлiк. Мұны түрмедегi тәркiге алынған құжаттар растайды).

Жат ортада жүрген Мұхтардың да жеке басы аңду мен тiмiскiден азат болмады. Оған Әлкей Марғұланның бiзге айтқан естелiктерi дәлел. Қашан Мұхтар түрмеге түсiп, Марғұлан өзiне-өзi қол салғанша бұлардың соңынан ОГПУ-дiң тыңшысы бiр елi қалмапты. Әлкей Марғұлан марқұм:



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет