Тұрсынбекұлы Данияр э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы Абдуллин Рустем Жомартович э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы



Дата17.05.2020
өлшемі72.76 Kb.
Тұрсынбекұлы Данияр - э.ғ.м., Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ оқытушысы

Абдуллин Рустем Жомартович - э.ғ.м., Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ оқытушысы
АҚ «ЛСО»-НЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
Бухгалтерлік есеп стандартында және сол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарда басқарушылық пен қарржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары әрбір кәсіпорындардың есеп саясатында белгіленген. Онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарай нақтыланған.

Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда,есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын негізгі тетігі болып саналады.

Бухгалтерлік есеп жүйесін және оны жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативті-құқықтық құжаттарда белгіленген. Осыған орай АҚ-ның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны дұрыс болады:

- АҚ өз мүлкімен өзімен- өзі болушылығы (АҚ өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктердіғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);

- талассыз қызметі(есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім АҚ өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылығы алынуы керек);

- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі( шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай- ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);

- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).

Қолданылып жүрген есеп саясатының басты міндеті мен негізгі мақсаты кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық шынайы ақпаратпен қамтамасыздандыру. Ол есеп процесінің барлық талаптарын қамтуы тиіс, яғни әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын. Әдістемелік деп-кәсіпорынды өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияшығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп- осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп- осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.

Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.

АҚ- есеп саясаты осы ұйым құрылған уақытында дайындалады, оны дайындаумен АҚ-ның бас бухгалтер немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайыналған есеп саясатын АҚ-ның басшысы өзінің бұйрығымен немесе үкімімен бекітеді. Мұнда есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашық түрде жазылады. Сонымен қатар әр пунктің қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде дайындалғандығы көрсетіледі. Егер есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен үкімдер т.б), онда міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет. Қабылданып, бекітілген есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады,оған өзгеріс еңгізу мынадай жағдайларда жүргізуі мүмкін;

- ҚР- ның бухгалтерлік және қаржылық есеп беру қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

- бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;

- жаңа бухгалтерлік есеп шоттар стандартына көшуге байланысты және т.б.

АҚ-ның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. АҚ-ның филиалдарының, еңшілес және тәуелді серікткстердің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есепсаясатын таңдауына құқығы болмайды.

АҚ қаржылық қызмет бөлімшелерін есеп саясатында болған өзгерістер болған туралы қамтамасыз ету қажет

АҚ-ның түсініктеме жазуларында жыл ішінде орындалған жұмыстар бойынша жасалынғанқаржылық талдаудың мәтін мен бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешімі және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар, осы түсініктемеде АҚ-ның келесі жылға қабылданған есеп саясаты (егер, есеп беру жылына өзгерістер еңгізілген болса) қоса жазылады.

«Локомотив сервис орталығы» АҚ «АЛСО» филиалының есеп саясаты 26.12.1995 жылғы №2732 ҚР-ның «Бухгалтерлі есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңына, халықаралық қаржылық есеп беру стандартына «IAS» , халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары «IFRS») және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру бойынша ҚР-ның нормативтік құқықтқ актілеріне сәйкес жасалынған.

Компанияның есеп саясаты консалидацияланған қаржылық есепберу мақсатында оның барлық еңшілес бөлімшелеріне орналасу жеріне қарамастан бірдей таралады. Филиалдың есеп беру кезеңі квартал және күнтізбелік жылболып табылады және оның алға қойған қызметінің мақсаттарына мыналар жатады:

1. Жолаушы және жүк пойыздарына локомативтік тартым қызметін көрсетудің нарықтық сұранысын арттыру;

2. Маневрлік қозғалыстарда магистраль темір жол желіоператорының қажеттіліктерін қанағаттандыру:

3. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыздандыру:

4. Ұсынылатын қызмет көлемін ұлғайту:

5. Өндірістік экономикалық тиімділікті арттыру;

6. Жұмыс және қауіпсіздік сапасын арттыру;

7. Каржылқ тұрақтылықты және тиімділікті арттыру.

Егер қызметтің белгілі түрін жүзеге асыру үшін ҚР-ның заңдарына сәйкес лицензия алу талап етілсе, онда лицензия немесе «ЛСО» АҚ рұқсат алғаннан кейін жасалады.

«Локомотив сервис орталығы» АҚ заңды тұлға болып табылады және өзінің жарғысында әрекет етуші заң негізінде өз қызметін жүзеге асырады. АҚ- ның дербес балансы, банкте есептік, валюталық және тағы басқа есептері бар, қазақ және орыс тілдерінде атауы көрсетілген мөрі бар.

«ЛСО» АҚ-ның мүліктеріне негізгі және айналым қорлары сонымен қатар басқа да материалдық құндылықтар мен қаржылық ресурстар құрайды.

Қаржылық есеп беру – есептесу принциптеріне, үздіксіз қызметіне және түсінікті, орынды, сенімді,салыстырмалы сияқты сапалы сипаттамаларына сәйкес құрастырылады. Қаржылық есеп беру бастапқы құнмен бағаланатын сатуға жарамдынегізгі құралдар мен инвестициялық қағаздардың бағасын алып тастағандағы нақты құн негізінде жасалады.

Қаржылық есеп беруге дайындық Компания басшылығына есепке алынатын активтер мен міндеттемелердің сомаларына, ағымдағы кезеңнің кірістері мен шығыстарына әсер ететін субъективті бағалар мен жорамалдардың қолдануын алдын ала ескереді. Мұндай бағалар пайдалы қызмет мезгіліне, іске асыруы қиын тауарлы- материалдық қорларға резервтер (1360), негізгі құралдардың құнсыздануына резервтер (2420), күмәнді қарыздар бойынша резервтер (2110), еңбек қызметі және мерзімі ұзартылған табыс салығы аяқталғаннан кейін қызметкерлерге сыйлық ретінде берілетін міндеттемелеріне резервтер (7300) жатады. Нақты нәтижелер осы субъективті бағалардан өзгеше болуы мүмкін.

Компанияның бухгалтерлік есебінде ҚР Қаржы Министрлігі кепілдемелерімен өнделген қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік жаңа есеп шоттар жоспары қолданылады.

«ЛСО» АҚ жылдық қаржылық есебімен жергілікті салық комитетін таныстырады. Барлық қаржылық есеп – ұлттық валюта теңгемен жүргізіледі.

«Консалидацияланған және бөлек қаржылық есеп беру» 27 ХҚЕС- ке сәйкес жүргізіледі және оған:

- бухгалтерлік баланс;

- табыстар мен шығыстар туралы есеп;

- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

- капитал өзгерісі туралы есеп;

- түсініктеме жазбахат;

- кәсіпорынның есеп саясаты туралы ақпарат кіреді.

«ЛСО» АҚ-да тауарлы- материалдық қор (1300) есебі 13.11.1996 жылы бухгалтерлік есеп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының №3 қаулысымен бекітілген «Тауарлы- материалдық қор» № 7 бухгалтерлік есебі стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Тауарлы- материалдық қорлардың барлық түрлері есебінде типтік құжаттар қолданылады және 1300шотта көрсетіледі.

Тауарлы- материалдық қор есептік кезең басында болған немесе ол кезең барысында пайда болған бірліктің орташа құны бойынша бағаланады. ФИФО әдістері қолданылмайды.

Өндіріске жіберілген ТМҚ есептен шығару есептік материалдық жауапты тұлғадан өндіріс шығыны есебіне тікелей өндіріледі. Өндіріс шығынына материалдық қорды есептен шығару үшін президент, мастермен растандырылған рәсімделген талап болып табылады және 1360 шотта сипатталады.

ТМҚ инвентаризациясы жылына бір рет жүргізіледі, бірақ АҚ Президентіжарлығымен бекітілген ереже бойынша бірінші қазаннан бұрын емес. Инвентаризацияны жүргізудегі нормативті құжаттар: 31.12.1997 жылы бекітілген «Бухгалтерлік өызметті қйымдастыру» №24 бухгалтерлік есеп стандарты және оған «мүлік және міндеттерді заңды тұлғаларға инвентаризациялауды жүргізу реті туралы» методикалық ұсынысы. ТМҚ-ды қайта бағалау бекітілген ереже бойынша жүргізіледі.

«ЛСО» АҚ жұмысшыларына еңбегін төлеу тарифтік ставка, еңбекақы мөлшері, еңбек нормаасына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмысшыларға тарифтік еңбекақысы бекітілген штаттық кесте негізінде беріледі және 2100 шотта беріледі.

Бухгалтерлік есеп және ішкі бухгалтерлік есептілік регистрлері мазмұны коммерциялық құпия болып табылады. Есептік- бухгалтерлік ақпаратты көруге тек «ЛСО» АҚ президентінің рұқсаты бар тұлғаларға ғана болады.



Нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін ұйымдарды бухгалтерлік есепті қоюдағы жақындастық өзгерді.Бухгалтерлік есепті қоюдағы жаңа жақындастықтың мәні негізінен мемлекеттік тіркелген жалпы ереже бойынша кәсіпорынның бухгалтерлік есебін есептеу алдында қойылған тапсырмаларды шешу үшін өз бетінше есептік саясатты жасау болып табылады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет