Түсінік хат Кіріспе: Курс маңызы,мазмұны, құрылымы Пәні: Дүниежүзі тарихы 9 сынып Мақсаты



жүктеу 214.65 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі214.65 Kb.
: files -> sites -> 1374125625025789 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1415354272406095
1415354272406095 -> Дүние жүзі тарихы (қоғамдық –гуманитарлық бағыт) 11-сынып
1415354272406095 -> Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің
book-catalog -> 2014 жылғы түлектердің тізімі Список выпускников 2014 года
book-catalog -> Ы тЇлектердіЈ тізімі Список выпускников 2014 года № Мекеме атауы/ Наименование организацииМаманды
book-catalog -> 2014 жылғы түлектердің тізімі Список выпускников 2014 года
book-catalog -> ҚазаҚстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Дінтану негіздері Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған бағдарлама
book-catalog -> 2014 жылғы түлектердің тізімі Список выпускников 2014 года
book-catalog -> 2014 жылғы түлектердің тізімі Список выпускников 2014 года
Түсінік хат
Кіріспе: Курс маңызы,мазмұны, құрылымы

1.Пәні: Дүниежүзі тарихы 9 сынып

2. Мақсаты:Оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.

3. Міндеттері:

- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

- оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;

- гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеу;

- оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

- Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

4.Күтілетін нәтиже:

-қазіргі заманғы адамдардың көзқарастары мен ұстаған бағытында болған өзгерістерді білуі;

-қазіргі заман тарихындағы азаттық күрестердің нәтижелері мен маңызына баға бере алады;

-ХХ ғасырдағы Ресей, Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің саяси тарихындағы ең маңызды да бетбұрысты оқиғаларды сипаттай алады;

-түрлі деректермен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін сабақта пайдалана алады.

- тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерін талдауда қолдана білуі;


- қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуі;

5.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

6.Бағдарлама:. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы бойынша

оқу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


7.Оқулық : Қазіргі дүниежүзі тарихы (1914-2008 жж.) Оқулық. Қожахметұлы К., Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдулина. –Алматы: «Мектеп», 2009
8.Сағат саны: (1914 ж - бүгінгі күнге дейін). Барлығы – 34 сағат, (аптасына 1 сағаттан).

9-сынып Қазіргі дүниежүзі тарихы

Барлығы – 34 сағат, (аптасына 1 сағаттан).



Тақырыбы


Мазмұны

Бағдарлама бойынша сағат саны

Жоспар бойынша сағат саны

Үнем-делген сағат саны

Пән аралық байланыс

Мерзімі

I бөлім. Еуропа және Америка елдері 1918-1945 жж. – (9 сағат).

1

Бірінші дүниежүзілік соғыс

ХХ ғасырдың басындағы саяси дағдарыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары.



1

1



География, Қазақстан тарихы






2


Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйес

Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Германия және оның одақтастарымен жасалатын бітім жобаларын талқылау. Вашингтон конференциясы. Төрт мемлекеттің аралдық иеліктері туралы келісімі. Бес держава келісімі. Қытай мәселесі. Тоғыз держава келісімі. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары.



1


1





География, Қазақстан тарихы




3

Ұлыбритания

Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Жұмысшы қозғалысы. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. Ұлыбритания дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясаты. У.Черчилль және сыртқы саясаттағы өзгерістер.



1


1





География, Қазақстан тарихы




4

Франция

Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның парламенттік сайлаудағы жеңісі. Францияның сыртқы саясаты.



1


1





География, Қазақстан тарихы




5

Германия

Соғыстың зардаптары, экономикалық және саяси дағдарыс. 1918-1919 жж. революция. Веймар республикасы. Фашистік партия және нацистердің өкімет басына келуі. Германияның өнеркәсіптік қуатының қалпына келтірілуі. Тоталитарлық режим орнату. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейъхтің сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық.



1


1





География, Қазақстан тарихы




6

Италия

      Италия соғыстан кейінгі кезеңде. Фашистік ұйымның құрылуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Корпоративтік мемлекет. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.



1


1





География, Қазақстан тарихы




7

КСРО

      Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Уақытша үкіметтің құрылуы. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің өкімет басына келуі. Жер және бітім туралы Декреттер. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы және интервенция. КСРО құрылуы. 1924 ж. конституция. И.В. Сталин және тоталитаризм. Индустриаландыру. Ұжымдастыру. Жоспарлы экономиканың құрылуы. 1937-1938 жж. жаппай жазалаулар. ГУЛАГ жүйесін құру. 1936 ж. конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты.



1


1





География, Қазақстан тарихы




8

Америка Құрама Штаттары

АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық және саяси дамуы. «Просперити» кезеңі. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның АҚШ-на әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;



1


1





География, Қазақстан тарихы




9

Қайталау

Еуропа және Америка елдері (1918-1945 жж)

1


1











II-Бөлім. Азия және Африка елдері 1918-1945 жж. – (6 сағат).

10

Жапония

Жапонияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Танака меморандумы және сыртқы саясаттағы бетбұрыс. «Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті.

1


1





География, Қазақстан тарихы




11

Түркия

      Осман империясының ыдырауы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік реформалары. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының ХХ ғасырдың 30–40-жылдардағы дамуы.



1


1





География, Қазақстан тарихы







12

Қытай және Монғолия

Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы. Шаньдун мәселесі. Гоминьданның қызметі. Азамат соғысы. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі;
      Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы. Әлеуметтік өзгерістер және олардың салдары. Х. Чойбалсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы







13

Ауғанстан және Иран

      Жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Аманолла-хан. Реформалар. Нәдір-хан билігі тұсындағы Ауғанстанның дамуы;
      Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран. 1921 ж. мемлекеттік төңкеріс. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Иранның саяси және экономикалық дамуы. Сыртқы саясаты.

1


1





География, Қазақстан тарихы







14

Үндістан

Үндістан халқының Британ билеушілерінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатъяграха науқаны. Мұсылман Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея.



1


1





География, Қазақстан тарихы







15

Азия және Африкадағы араб елдері

Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Араб мемлекеттерінің дамуы. Азиядағы араб елдері халықтарының азаттық күресі;
      Африкадағы араб елдері және олардың дамуы. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Араб халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Судан және Ливия.

1


1





География, Қазақстан тарихы







16

Екінші дүниежүзілік соғыс

      Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік «Оғаш соғыс». Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Антигитлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы. Еуропада екінші майданның ашылуы. Ялта, Қырым конференциялары. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы;

1


1





География, Қазақстан тарихы,

әдебиет








ІІІ-бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).




17

Ұлыбритания

      Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Британ отарлық империясының ыдырауы. Англияның Еуропалық Экономикалық Одаққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тэтчеризм. Сыртқы саясат. Ольстер мәселесі. Елдің ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. Англия-Қазақстан қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы,

әдебиет








18

Франция

Францияның азат етілгеннен кейінгі экономикалық және саяси жағдайы. Уақытша режим. Францияның Төртінші республика кезіндегі дамуы. Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс және оның елдегі саяси ахуалға әсері. IV республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. «Голлизм». «Миттеран дәуірі». Сыртқы саясат. Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Н. Саркози билігі тұсындағы Францияның дамуы. Конституциялық реформа. 2012 жылғы сайлау және социалистердің жеңісі. Франция-Қазақстан қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы,

әдебиет








19

Германия Федеративтік Республикасы

Германиядағы оккупациялық режим. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Елді жіктеу және екі герман мемлекетінің пайда болуы. Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». НАТО құрамына ену. В. Брандт үкіметі. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 80-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық өрлеу. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияны біріктіру. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. Социал-демократтар үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. ГФР XXI ғ. басындағы дамуы. А. Меркель үкіметі.



1


1





География, Қазақстан тарихы,








20

Италия

Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 50-жылдарда. Демократиялық қайта құрулар. Республиканың жариялануы. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Аграрлық реформа. 70-жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. Лаңкестік және неофашизм. Италия ХХ ғ. 80-жылдарында. Итальян неоконсерватизмі. Саяси тұрақсыздық. Коррупциямен күрес. Италиядағы екінші республика. Италия XX-XXI ғғ. тоғысында.



1


1





Жалпы тарих








21,22

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері

Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және экономикалық реформалар. ГДР-ғы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Польшадағы қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы ЧаушесҒку режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі.

1


1





Дүниежүзі тарихы







23

КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері

Соғыстан кейінгі экономикалық даму. Саяси жағдай, жазалаулардың жаңа толқыны. «Хрущев жылымығы». Тың жерлерді игеру кезеңі. Л.И. Брежневтің билік құру заманы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1960-1980 жж. кеңестік жүйенің дағдарысы. 1977 ж. Конституция. Коррупцияның күшеюі. М.С. Горбачев және қайта құру саясаты. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағыт ұстау. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО ыдырауы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Орталық Азия мемлекеттері. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы,








24

Америка Құрама Штаттары

Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Трумен. Маккартизм. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Вьетнамда соғыс бастау. НеоконсерҒватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың және Б. Обама. билігі кезеңіндегі АҚШ-ның дамуы. Америка-Қазақстан қатынастары.



1


1





Қазақстан тарихы,








ІV-Бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. Азия және Африка елдері – (6 сағат).




25

Жапония

Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Саяси партиялар. Жаңа конституцияның қабылдануы. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты. Жапон-Қазақстан қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы,

Экономика негіздері









26

Түркия

Соғыстан кейінгі кезеңдегі елдің саяси және экономикалық дамуы.
      Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру. Демократиялық партияның билікке келуі, оның ішкі және сыртқы саясаты. Ұлттық бірлік комитеті және оның қызметі. 1970-1980 жж. саяси дағдарыс. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары. Түркия және Қазақстан қатынастары.

1


1





География, Қазақстан тарихы,

әдебиет








27

Ауғанстан. Иран

Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы Ауғанстан;
      Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Иран-Қазақстан қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы,

әдебиет








28

Қытай. Моңғолия

ҚХР құрылуы. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. «Ұлы секіріс». «Мәдени революция». КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Қытайдағы саяси өзгерістер. Дэн Сяопин және экономикалық реформалар. Қытай – Қазақстан қатынастары;
      50-80 жылдардағы Моңғолиядағы қайта құру, қайшылықтары. 90-жылдардағы экономикалық және әлеуметтік даму. ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басындағы Моңғолия. Моңғолия-Қазақстан қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы,









29

Үндістан. Пакистан

Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы. «Неру бағыты». И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. Сыртқы саясаты. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;
      Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Пакистан-Ислам республикасы. ХХІ ғасырдың басындағы Пакистан. Бангладеш Халық Республикасы.












География, Қазақстан тарихы,









30

Араб елдері

Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін тарихи маңызы. Суец каналын национализациялау. Г.А.Носердің бағыты. Магриб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид келісімдері. ХХ ғасырдың соңы- ХХІ ғасырдың басындағы араб-израиль қатынастары.



1


1





География, Қазақстан тарихы,









31

ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар

Соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралық мәселелерді реттеу жолдары. «Қырғи қабақ соғысы» және әскери қақтығыстар. Еуропа мен Азияда әскери-саяси блоктардың құрылуы. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Еуропалық интеграция. ЕҚЫҰ құрылуы. АСЕАН құрылуы. Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Әлемдік сыртқы саясаттағы Қазақстанның орны.



1


1





География, Қазақстан тарихы,

Ә








32

ХХ – ХХI ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы

      Ғылым мен мәдениеттің дамуындағы негізгі бағыттар. ХХ ғасырдағы жаратылыстану, қоғамдық ғылым саласындағы, техника мен өндірістегі маңызды ашылулар мен жетістіктер. ҒТР. Халықаралық мәдени орталықтардың құрылуы. ЮНЕСКО-ның қызметі. Дамушы елдердегі мәдени-техникалық эволюцияның ерекшеліктері мен заңдылықтары. Шығыстағы қоғамдық ой. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.

1


1





География, Қазақстан тарихы,

әдебиет








33

Қайталау

ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. Азия және Африка елдері

1

1














34

Қорытынды

Жинақтап- қорытындылау сабағы

1


1

















©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет