Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 2.31 Mb.
бет1/14
Дата17.04.2016
өлшемі2.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
: userfiles -> ufiles -> inform catalog
ufiles -> Рабочая программа учебной дисциплины «История Древнего мира» Направление подготовки 050100. 62 «Педагогическое образование»
inform catalog -> Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1354 Қаулысы
ufiles -> Аксенов адриан Васильевич
ufiles -> Мамикон Степанович Акопян
ufiles -> Фроули Давид. Аюрведическая терапия
ufiles -> Отчет о проведении 14-го конгресса российского общества холтеровского мониторирования и неинвазивной электрокардиологии (рохмиНЭ) и 6-го всероссийского конгресса «клиническая электрокардиология»
ufiles -> Книга седьмая глава первая творение мира
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1353 Қаулысы

 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2012 жылғы 24 қазандағы

1353 қаулысымен



бекітілген

 

 



Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы

қағидалары

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін белгілейді.



2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) жұмысқа алғаш рет рұқсат беру - өкім немесе наряд бойынша жұмыстың алғаш рет жүзеге асырылатын рұқсат беру;

2) тарату құрылғысы (бұдан әрі - ТҚ) - электр энергиясын қабылдау және тарату үшін қызмет атқаратын, коммутациялық аппараттардың жиынтығынан, жиналмалы және жалғамалы шиналардан, релелік қорғанысы мен автоматиканың көмекші құрылғыларынан, есепке алу және өлшеу құралдарынан тұратын электр құрылғысы;

3) ашық тарату құрылғысы (бұдан әрі - АТҚ) - барлық немесе негізгі жабдықтары ашық ауада орналасқан тарату құрылғысы;

4) тұтынушы - шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

5) бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі - жұмыс барысында адам болатын аймақта айқындалатын, адамның және өлшеу аспабының болуымен бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі;

6) әуе электр беру желісі (бұдан әрі - ӘЖ) - ашық ауада орналасқан инженерлік құрылыстардағы (көпірлерде, өтпе жолдарда және т.б.), тіректерге немесе кронштейндерге және бағаналарға оқшаулағыштар мен арматураның көмегімен бекітілген, сымдар арқылы электр энергиясын беруге арналған құрылғы. Әуе электр беру желісінің басына және соңғы ұштарына ТҚ-ның желілік порталдары мен желілік кірмелері, ал тармақтары үшін - ТҚ-ның тармақтаушы тірегі мен желілік порталы немесе желілік кірмесі қабылданады.

7) тума кернеудегі әуе желісі - қолданыстағы әуе желілерінің барлық ұзына бойы мен немесе жақын маңдағы жекелеген учаскелерімен немесе электрлендірілген темір жолдың түйіспе торабының маңында, оларды тұйықтаудың (сондай-ақ, тұйықтауыш болмаған жағдайда) әртүрлі схемалар кезінде ажыратылған сымдардағы ауыспалы тогының және қолданыстағы әуе желілерінің (түйіспе тораптың) аса көп жұмыс тогы кезінде кернеуі 25 вольттан (бұдан әрі - В) артық берілгенде жүріп жатқан желілері және әуе байланысының ауа желілері;

8) әуе электр беру желілерін және әуе байланыс әуе желілерін қорғау аймағы - 100 метр (м) қашықтықтағы кеме жүретін су айдындары үшін олардың ауытқымаған жағдайында шеткі сымдар желісінің, екі жағынан тік жазықпен шектелген су айдынының сулы бетінің ауа кеңістігі түріндегі су алаңы (өзен, арналар, көл және т.б.) арқылы өтетін әуе желілерінің өту жолдарының бойындағы, ал кеме жүрмейтін су айдыны үшін - жермен өтетін немесе әуе желілері бойымен өтетін қорғау аймақтарын белгілеу үшін көзделген төменде көрсетілген қашықтықтағы олардың ауытқымаған жағдайында шеткі сымдар желісінің, екі жағынан тік жазықпен шектелген жер учаскесі мен ауа кеңістігі түріндегі аймақ:

кернеуі 1 киловольт (кВ) дейінгі әуе желілері және әуе байланыс желілері үшін - 2 м;

1-20 кВ әуе желілері үшін - 10 м;

35 кВ әуе желілері үшін - 15 м;

110 кВ әуе желілері үшін - 20 м;

150, 220 кВ әуе желілері үшін - 25 м.

9) персонал - кәсіпорынның, ұйымның жеке құрамы немесе орындалатын жұмыстың сипатына қарай бөлінген осы құрамның бір бөлігі;

10) әкімшілік-техникалық персонал - электр қондырғыларында техникалық және жедел қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және реттеу жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген басшылар мен мамандар;

11) бригада - жұмыс жүргізушіні (бақылаушыны) қоса алғанда, екі және одан да көп адамнан тұратын топ;

12) биіктегі жұмыстар - 1,3 м және одан да көп биіктіктегі және биіктік бойынша құлама шекарасынан кемінде 2 м қашықтықтағы уақытша қоршаулармен қоршалған жұмыс орындары және оларға өтетін жолдар. Бұл қоршауларды орнату мүмкін болмаған жағдайда биіктегі жұмыстар сақтандырғыш белбеулерін пайдалану арқылы орындалады.

13) екінші рет жалғау (екінші рет тізбектер) - қысқыштар, электр сымдары мен кәбілдер, жалғаушы аспаптар мен басқару, электр автоматика, блоктау, өлшеу, қорғау және сигнал беру құрылғылары қатарларының жиынтығы;

14) еңбекті қорғау - жұмысшылардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалтушылық және басқа да іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету жүйесі;

15) жоғары өрлеу жұмыстары - жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 5 метрден астам биіктікте орындалатын жұмыстар, тікелей конструкциялармен олардың бетінде монтаждау немесе жөндеу кезінде немесе жабдықтармен жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте жұмыс істеп жатқандарды құлап кетуден сақтандыратын негізгі құрал - сақтандырғыш белдік және оны бекіту тәсілі болып табылады;

16) жұмысқа қайтадан рұқсат беру - бұрын наряд бойынша, сондай-ақ жұмыста орын алған үзілістен кейін орындалған жұмыстарға рұқсат беру;

17) жерге тұйықтау - жерге тұйықтау құрылғылары бар электр қондырғылар немесе жабдықтары, желілерінің қандай да бір нүктелерін әдейі электрлі жалғау;

18) жұмыс санаты - наряд-рұқсат берудің тиісті бағанында көрсетілетін, кернеуді түсіру, кернеуді түсірмеу, ток өткізгіш бөлік әлеуеттерінде кернеуді түсірмеу деп бөлінетін жұмыстар;

19) жүк көтергіш машина - жүк көтеруге және жылжытуға арналған циклдік әрекет ететін техникалық құрылғы;

20) жедел персонал - электр қондырғыларын жедел басқаруды және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмысшыларға рұқсат беру және оларға қадағалау, жұмыстарды ағымдағы пайдалану тәртібімен орындау);

21) жедел жөндеу персоналы - өздеріне бекітілген электр қондырғылары үшін бекітілген көлемде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы;

22) жөндеу персоналы - электр жабдығына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, монтаждау, баптау және сынауды қамтамасыз етуші персонал;

23) жұмыс орнын дайындау - жұмыс орнында жұмыс істеушіге қауіпті өндірістік фактордың әсерін болдырмау үшін жұмыс басталғанға дейін техникалық шараларды орындау;

24) өкім - жұмыстың мазмұнын, орнын, уақытын, қауіпсіздік шараларын (егер олар қажет болса) және оны орындау тапсырылған электр қауіпсіздігі бойынша топтары көрсетілген адамдарды анықтайтын жұмыс жүргізуге берілетін тапсырма;

25) жабық тарату құрылғысы (бұдан әрі - ЖТҚ) - жабдығы ғимарат ішінде орналасқан тарату құрылғысы;

26) жиынтық тарату құрылғысы (бұдан әрі - ЖинТҚ) - жинақталған немесе құрауға толық дайын күйінде жеткізілетін, орнатылған аппараттары, қорғаныс құрылғысы және автоматикасы бар, толықтай немесе ішінара жабық шкафтардан немесе блоктардан тұратын;

27) электр қондырғы - энергияны өндіруге, жинақтауға, өзгертуге, беруге, таратуға немесе тұтынуға арналған өзара байланысты электр жабдығының кешені;

28) қолданыстағы электр қондырғысы - кернеу беріліп тұрған немесе кернеу коммутация аппараттарын қосу арқылы беріле алатын электр қондырғысы немесе оның бір бөлігі;

29) кәбіл желісі (бұдан әрі - КЖ) - электр энергиясын немесе оның жекелеген импульстерін өткізу үшін жалғайтын, бітеуіш және шеткі муфталармен (бітеулер) және тіреу бөлшектері бар бір немесе бірнеше қосарлас кәбілдерден тұратын желіні, ал май толтырылған кәбілдік желілер үшін бұдан басқа, қоректендіретін аппараттары және май қысымының сигнализация жүйесі бар желі;

30) коммутациялық аппарат - электр энергиясын коммутациялауға және электр қондырғысының бір бөлігінен (ажыратқыш, жүктеме ажыратқыш, бөлектеуіш, айырғыш, автомат, шаппа қосқыш, пакетті ажыратқыш, сақтандырғыш) кернеуді түсіруге арналған электр аппараты;

31) кәбілді электр беру желілерін және кәбілді байланыс желілерінің күзет аймағы - жерасты КЖ бойлай, екі жағындағы шеткі сымдардан КЖ үшін 1 м қашықтықта және кәбілді байланыс желісі үшін 2 м, ал қалаларда жаяу жүргінші жолдарының астында жатқан кернеуі 1000 В КЖ үшін 0,6 м және 1 м қашықтықта, тиісінше, көшенің көлік жолына және қарама қарсы жағына қарай алшақ жатқан тік жазықтармен шектелген жер учаскесі;

32) кернеуді алып орындайтын жұмыстар - жұмыс жүргізілетін электр қондырғысының ток өткізгіш бөліктерінен коммутациялық аппараттарды ажырату, шиналар мен кәбілдерді айыру, сымдардан кернеуді алу, жұмыс орнындағы ток өткізгіш бөліктерге кернеу беруге кедергі келтіретін шаралар қабылданып атқарылатын жұмыс;

33) ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстар - ұйымның басшысы (бас инженері) бекіткен тізбеге сәйкес, кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жедел, жедел жөндеу персоналы орындайтын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша басқа да көлемі шағын (бір ауысымнан аспайтын) жұмыстар;

34) қорғаныстық жерге тұйықтау - электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр қондырғысының бөлшектерін жерге тұйықтау;

35) қауіпсіздік белгісі (плакат) - ықтимал қауіп-қатер туралы адамға ескерту, тыйым салу немесе белгілі бір әрекеттерге нұсқама беру, сондай-ақ пайдалануы қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің зардаптарын болдырмауға немесе төмендетуге байланысты объектілердің тұрған жері туралы ақпаратқа арналған белгі;

36) жалғаным - атауы және кернеуі бір мақсаттағы, электр станциясы, қосалқы станция шегінде орналасқан ТҚ, генератор, қалқан, жинақтаушы шиналарына жалғанған электр тізбегі (жабдық пен шиналар). Бір күштік трансформатордың (орама санына қарамастан) әртүрлі кернеуінің, бір екі жылдамдықты электр қозғалтқыштың электр тізбектері бір жалғаным болып саналады. Көпбұрыштардың схемаларында, бір жарымдық схемаларда желілердің, трансформатордың жалғанымына барлық коммутациялық аппараттар мен шиналар жатады, ал солар арқылы бұл желілер немесе трансформатор ТҚ жалғанған;

37) қосалқы электр станциясы - электр энергиясын түрлендіруге және таратуға арналған электр қондырғысы;

38) қарапайым көрнекі схемасы бар электр қондырғысы - салқын жүйелі шиналары жоқ, шиналардың дара секцияландырылған немесе секцияландырылмаған жүйесі бар, кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғысы, барлық ӘЖ және КЖ, кернеуі 1000 В дейінгі барлық электр қондырғылары;

39) мақсатты нұсқама - наряд немесе бригада мүшесіне немесе орындаушыға өкім беруші беретін, нарядпен немесе өкіммен белгіленген адамдар санатын қамтитын электр қондырғысында нақты бір жұмысты қауіпсіз орындау бойынша нұсқама;

40) магнит өрісінің ықпал ету аймағы - магнит өрісінің кернеуі бір метрге 80 А/м асатын кеңістік;

41) механизмдер - гидравликалық көтергіштер, телескопиялық мұнаралар, экскаваторлар, тракторлар, автотиегіштер, бұрғылау кран машиналары, механикалық жетегі бар жылжымалы сатылар.

42) механикалық құлып - тұтқасы кілтпен жабылатын алмалы-салмалы құлып;

43) наряд-рұқсаттама (бұдан әрі - наряд) - белгіленген үлгідегі арнайы бланкіде ресімделген жұмысты жүргізуге және жұмыстың мазмұнын, орнын, оның басталған және аяқталған уақытын, жұмысты қауіпсіз жүргізу жағдайын, бригада құрамын және жұмысты қауіпсіз орындауға жауапты тұлғаларды айқындайтын тапсырма;

44) ток өткізгіш бөліктер немесе оларға жақын маңдағы кернеуді алмай жұмыс істеу - кернеудегі (жұмыс істеп тұрған немесе жеткізілген) ток өткізгіш бөліктерге жанасып немесе осы ток өткізгіш бөліктерден рұқсат етілетін аз қашықтықта орындалатын жұмыс;

45) техникалық қызмет көрсету - бұйымды мақсаты бойынша пайдаланған, оны күтіп сақтау және тасымалдау кезінде, оның жұмысқа жарамдылығы мен дұрыстығын сақтауға қатысты орындалатын операция немесе операциялар кешені;

46) ток өткізгіш бөлік - электр қондырғысының қалыпты кернеудегі бөлігі;

47) ток өткізбейтін бөлік - апатты жұмыс режимінде кернеуде болуы мүмкін электр қондырғысының бөлігі (мысалы, электр машинасының корпусы);

48) қарау - электр жабдығын, ғимараттар мен құрылыстарды, электр қондырғыларын көзбен шолып тексеру;

49) шұғыл жұмыстар - жарақатқа немесе басқа да кенеттен денсаулықтың күрт нашарлауына алып келетін қауіпті өндірістік фактордың адамдарға әсерін болдырмау үшін кідіріссіз орындалатын жұмыстар, сондай-ақ, жабдықтың, құрылыстың, жылу автоматикасы және басқару (бұдан әрі - ЖАБ) құрылғыларының, тұтынушыларды электр және жылумен жабдықтау жүйелерінің қалыпты жұмысын бұзатын ақаулар мен бұзылуларды жою жұмыстары;

50) электр өрісінің ықпал ету аймағы - электр өрісінің кернеулігі бір метрге 5 киловольттан (кВ/м) асатын кеңістік;

51) электр қондырғысының жедел қызмет көрсетуі - электр қондырғысының талап етілетін жұмыс режимін жүргізу; ауыстырып қосуды жүргізу жабдықтарды тексеру; жөндеу жұмысын жүргізуге (жұмыс орнын, рұқсат беруді) әзірлеу; жедел персоналдың лауазымдық нұсқаулықта көзделген жабдықтардың техникалық қызмет көрсету бойынша жүргізілетін жұмыстар кешені;

52) электр қондырғысына жауапты - әкімшілік-техникалық персонал арасынан қолданыстағы қағидалар мен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес электр қондырғысында (-ларда) жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру міндеттері жүктелген қызметкер;

53) электр саласына қатысы жоқ қызметкер - персоналдың «электр техникалық», «электр технологиялық» анықтамасына енбейтін өндірістік персонал;

54) электр техникалық персонал - электр қондырғыларының жұмыс режимімен монтаждауды, баптауды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді басқаруды жүзеге асыратын әкімшілік-техникалық, жедел, жедел-жөндеу және жөндеу персоналы;

55) электр технологиялық персонал - өз басқаруындағы технологиялық процестің негізгі құраушысы электр энергиясы (мысалы, электрмен дәнекерлеу, электр доғалық пештер, электролиз) болып табылатын, жұмысында қолмен басқарылатын электр машиналарын, тасымалды электр құралы мен шырақтарды пайдаланатын персонал және лауазымдық нұсқаулар арқылы осы Қағидаларды білу белгіленген басқа да жұмыскерлер;

56) электр қондырғыларында жұмыстарды орындау кезіндегі жұмыс орны - наряд, өкім бойынша немесе ағымдағы пайдалану тәртібінде жұмысты орындау үшін персонал жіберілетін электр қондырғысының учаскесі;

57) арнайы жұмыстар - қауіпсіздік бойынша жоғары талап қойылатын жұмыстар.

Арнайы жұмыстарға жоғарыға өрмелеу жұмыстары, ток өткізгіш бөліктердегі кернеуі 1000 В жоғары кезіндегі жұмыстар - оқшаулағыштарды тазалау, жуу және ауыстыру, сымдарды жөндеу, оқшаулағыштарды және жалғаушы қыспақтарын өлшейтін қарнақпен бақылау, арқансымды майлау, құдықтардағы, шурфтардағы, тереңдігі 2 м артық орлар мен қазаншұңқырдағы жұмыстар, қысымда жұмыс жасайтын ыдыстарға қызмет көрсету, жабдықты жоғары кернеумен сынау (мегаомметрмен жұмыстарды қоспағанда) жатады;

58) электр желісі - электр энергиясын тұтынушылардың аумағында орналасқан қосалқы станциялар, тарату құрылғылары және оларды жалғайтын электр желілерінің жиынтығы;

59) электрден қорғану құралы - электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қорғаныс құралы;

60) ІІ-IV топтарға жататын жұмыскер - персоналдың электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік дәрежесі.

3. Жергілікті жағдайларға байланысты жұмыс беруші осы Қағидаларға қайшы келмейтін еңбек қауіпсіздігінің қосымша шараларын көздейді. Бұл қауіпсіздік шаралары персоналға өкім, нұсқау және нұсқамалар түрінде жеткізіледі.

4. Электр қондырғыларын қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін техникалық ақаусыз күйде ұстау қажет.

5. Электр қондырғыларын сыналған, пайдалануға дайын қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ қолданыстағы Қағидаларға сәйкес алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жабдықтау қажет.

 

 

2. Персоналдың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету Персоналға қойылатын талаптар



 

6. Жұмысты электр қондырғыларында орындайтын жұмыскерлерде жұмыс сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығының болуы талап етіледі.

7. Персоналдың дайындығы мен білімін бақылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар мен мамандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде денсаулық жағдайын міндетті тексеруден өтеді.

Жұмыскердің біліктілік куәлігінде медициналық комиссияның оң қорытындысы болмаған жағдайда оны аталған жұмысқа жіберуге тыйым салынады.

9. Өндірістік қызметі электр қондырғыларымен байланысты жұмыскер өз қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген электр қауіпсіздігі бойынша топқа сәйкес жүзеге асырады.

10. Арнайы жұмыстарды орындауға жіберілген тұлғалардың біліктілік куәлігінде ол туралы жазба болады.

11. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарға 18 жасқа толмаған адамдарды тартуға рұқсат берілмейді. Бұл жұмыстардың тізбесі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасында белгіленген.

12. Жазатайым оқиға туындау қаупі пайда болған кезде, жақын жердегі жұмыскер қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, оның алдын алу жөніндегі шараларды (механизмді тоқтатады, кернеуді алады) қолданады, ал жазатайым оқиға болған жағдайда, оқиға орнында мүмкіндікке қарай жағдайды сақтап, зардап шеккенге дәрігердің көмегіне дейінгі көмекті көрсетеді. Болған жағдай туралы жұмыскер жұмыстардың басшысына (жүргізушіге), жедел персоналға хабарлайды.

13. Жұмыскерлер қолданыстағы нормалар бойынша жұмыстардың сипатына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі және оларды жұмыс уақытында пайдалануға міндетті.

14. Жұмыс істеп тұрған электр жабдығы (басқару қалқандарын, реле және сол сияқтыларды қоспағанда) бар үй-жайларда, ЖТҚ және АТҚ, құдықтарда, үңгір жолдарда (туннель) және орларда, сондай-ақ ӘЖ қызмет көрсету мен күрделі жөндеу жұмыстарына қатысушы жұмыскерлер қорғаныстық дулыға қолданады.

 

 



Жедел қызмет көрсету. Электр қондырғыларын тексеру

 

15. Электр қондырғыларының жедел қызмет көрсету түрін, сондай-ақ ауысымдағы жедел персоналдың арасынан жұмыскерлер санын кәсіпорын (ұйым) басшылығы белгілейді және тиісті өкіммен бекітеді.

16. 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электр қондырғысында жеке қызмет көрсететін жедел персонал арасынан немесе электр қауіпсіздігі бойынша IV топтың ауысымдағы үлкендері, III топтың ауысымдағы қалған жұмыскерлерге рұқсат етіледі.

17. 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін қызмет ететін жұмыскерлердің электр қауіпсіздігі бойынша III тобы бар электр қондырғысында қызмет көрсететін жедел қызметкерлерге рұқсат етіледі.

18. Электр қондырғыларында адамдардың, механизмдер мен жүк көтергіш машиналардың кернеу беріліп тұрған және қоршалмаған ток өткізуші бөліктерге осы Қағидалардың 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген аралықтан кем қашықтықта жақындауына рұқсат берілмейді.

19. Электр қондырғыларында жедел ауыстырып қосуды жедел және жедел-жөндеу персоналы орындайды. Ауыстырып қосуға екінші тұлға ретінде тұтынушы ұйымдардың жөндеу және электр техникалық персоналын тартуға рұқсат етіледі.

20. Электр қондырғыларын жеке тексеруді кезекшіліктегі жедел персонал, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша V топтағы әкімшілік-техникалық персонал орындайды.

Әкімшілік-техникалық персоналға электр қондырғыларын жеке қарау құқығы мекеме бойынша өкіммен беріледі.

21. Электр қондырғыларын жеке тексеруге құқығы жоқ жұмыскерлер электр қондырғысы орналасқан үй-жайға осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жұмыскерлердің ілесуімен жіберіледі.



Электр қондырғыларында жұмыс істеуге жіберілген жұмыскердің қауіпсіздігін бақылауды ілесіп жүретін жұмыскер жүзеге асырады.

22. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларын тексеру кезінде осы Қағидалардың 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген қашықтықтардан кем аралықта ток өткізгіш бөліктерге жақындауға кедергі болатын қоршаулармен және бөгеулермен жабдықталмаған үй-жайларға, камераларға кіруге рұқсат берілмейді. Қоршаулар мен тосқауылдардың арғы жағына өтуге рұқсат берілмейді. Кернеуі 1000 В дейінгі қалқандар мен құрастырмалардың, басқару пульті мен басқа да құрылғылардың есіктерін ашуға рұқсат етіледі.

23. Кернеуі 3-35 кВ электр қондырғыларында жермен тұйықталу орын алған жағдайда, ЖТҚ-да кемінде 4 метр және әуе желілері мен АТҚ-да кемінде 8 метр қашықтықта тұйықталуды жою және кернеуге түсіп қалған адамдарды босату мақсатында тек жедел ток ауыстыру үшін баруға ғана рұқсат етіледі.

24. Қол жетегі бар кернеуі 1000 В жоғары айырғыштармен, бөлектегіштермен және ажыратқыштармен жасалатын операциялар диэлектрлі қолғаптармен орындалады.

25. Сақтандырғышты алу және орнату жұмыстары кернеу алынған кезде орындалады.

Схемасында кернеуді алуға мүмкіндік беретін коммутациялық аппараттары жоқ қосылымдардағы сақтандырғыштарды кернеу келіп тұрғанда, бірақ жүктемесіз алуға және орнатуға рұқсат етіледі.

Жүктелген кернеу беріліп тұрғанда, екінші тізбектердегі сақтандырғыштарды, кернеу трансформаторларының сақтандырғыштарын және тығын түріндегі сақтандырғыштарды ауыстыруға рұқсат етіледі.

26. Кернеу беріліп тұрған сақтандырғыштарды алу және орнату үшін қолданады:



1) кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында - диэлектр қолғаптарды және бет пен көзді қорғау құралдарын қолданумен оқшаулағыш тістеуіктермен (штангамен);

2) кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында - диэлектр қолғаптармен және бет пен көзді қорғау құралдарымен немесе оқшаулағыш тістеуіктермен.

27. Электр қондырғылары орнатылған үй-жайлардың, камералардың, қалқандар мен құрастырмалардың есіктері бекітетін құрылғылармен жабдықталады. Камераларда, қалқандар мен құрастырмаларда жұмыс жүргізу кезінде соңғысы бекітілмейді.

28. Электр қондырғыларының кілттері жедел персоналдың есебінде болады. Жергілікті жедел персоналы жоқ электр қондырғыларында кілттер әкімшілік-техникалық персоналдың есебінде болады.

Кілттер нөмірленеді және бекітілетін жәшікте сақталады. Кілттердің бір жинағы қосалқы болады. Кілттер қолхатпен:

1) жеке тексеру құқығы бар жұмыскерлерге - барлық үй-жайлардың кілттері;

2) рұқсат етілген жағдайда: басшыға және жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға) - жұмыс жүргізілуге тиісті үй-жайлардың кілттері беріледі.

Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы камералардың кілттері жедел персоналдың арасынан рұқсат берілген жұмыскерге ғана беріледі.

Басшылар, жұмыс жүргізушілер (бақылаушылар) күн сайын жұмыс аяқталған соң, электр қондырғыларын тексеру кезінде - тексеру аяқталғаннан кейін кілттерді қайтаруы тиіс.

Жергілікті жедел персоналы жоқ электр қондырғыларында кілттер, тексеруден кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей немесе жұмыс толық аяқталған соң қайтарылады.

Кілттерді беру және қайтару еркін түрде арнайы журналда немесе жедел жұмыс журналында есепке алынады.

29. Жазатайым оқиғалар кезінде, электр тогы әсерінен зардап шеккен адамды босату үшін кернеу дереу алдын ала рұқсатсыз алынады.

 

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет