Туған жер алтын бесігім Жаратылдым топырағыңнан, сен түбім. Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім. Сенен басқа жерде маған қараңғы, Жарық болар Шолпан, Айым, сен Күнім



Дата10.10.2019
өлшемі18.2 Kb.
Туған жер - алтын бесігім

Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім.

Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.

М. Жұмабаев

Ұлылардың ұлысы туған жер. Төсіңде еліктей шапқылаған әр ұланыңның бүгінде өз орны бар ау? Даралығың, даналығыңмен қымбатсың. Асқақсың сен. Өмірімнің өрнегін қалаған да сен. Алғаш дүние есігін ашып, жарқын өмірге аяқ басқаныма сен куәсің. Ең тәтті сәттерімнің куәгері өзің ғана. Мұңайсам мұңыммен, қуансам қуанышыммен ортақтастың. Сен менің ең жақынымсың.

Мен алғаш тәй тәйлата басқан қадамым, алғаш былбырап шыққан тілім бәрі - бәрі мына сенің төсіңде өтті. Сен нағыз аламанда ат оздырмас дүлділдерді дүниеге әкелген айдын көлді - Шалқарымсың. Әр адамның туған жерге деген махаббаты ерекше болады ғой, сірә? Саған деген махаббат мені алға жетелеуден талған емес. Бұл сенің құдіреттілігің деп білемін. Киелім менің - Шалқарым. Төсіңде ойнақтап өскен ерке балаң бүгінде өмірде өз орнын табу үшін ізденісте жүрген жас ұландардың бірі. Сенен қанатын құлаш жая ұшқан қырандарың қаншама?! Батыр ұл - қыздарың мен талантты ел ұландарың қандай, шіркін?! Сенің арқаң! Сенің топырағыңның киесі бұл. Ақын да, батыр да сенің топырағыңда аунап, киелі суыңмен сусындады.

Ақтөбеде Шалқар деген ел жатыр,

Біздің елде туып-өскен ер батыр.

«Еңкейме деп дұшпаныңның алдында»

Қарттарымыз бала күннен берді ақыл.

Ер Тілеудің жүрегінің оты бар,

Ел қорғаған Дәрібай мен Көтібар.

Ер Есеттің батырлығы бір басқа,

Қас жауына жебе болып атылар.

Дана десең дана да бар Шалқарда,

Иманды елге не бермесін мәрт Алла!

Мөңке бидің нақылынан нәр алып,

Қазанғаптың күйін тыңда әр таңда.

Асан Ишан иманы бар, ары бар,

Тағыберген қамшыгерім тағы бар.

Алты Әлімнің ұранына айналған

Бақтыбайды туған елдің бағы бар.

Сары Батақ ел деп кешті қайғы мұң,

Боранбайдың Саршолағы — айбыным.

Мырзағұл да мырза болыс болыпты,

Халық үшін құрбан еткен байлығын.

Саналы ұрпақ Ідіріспен мақтанар,

Нағымдайын еңбек сүйсең бақ қонар.

Боз кілемде желбіреткен көк туды

Есенгелді есте мәңгі сақталар.

Мекен еткен ауызы бір алты Әлім,

Мен сендермен мақтанамын Шалқарым!

Бізден шыққан әр азамат лайықты,

Мол сеніммен тапсыруға хан тағын.

Дұшпан болсаң қастығыңды кел, ұқтыр,

Досым болсаң әзіл айтып жеңіп тұр.

Қорамдағы жалғыз қойым сойылсын,

Қонақ болсаң есігімді теуіп кір!!!

Шағалалы Шалқардың төсінде кеше ғана асыр сала ойын қуып жүрген Қайнар бүгінде туған жерінің есімін барша жұртқа таныстырып жүрген дүлдүл ақын. Алагөзовтың мына бір өлең жолдары ойыма оралып, бойымды билеген сан сауалға жауап, сан ойларға нүкте болды. Туған жер, сен сөзсіз өнерлісің. Сен күйшісің. Сен күйшініде тудырдың. Сен Қазанғапты тудырдың, уа, туған жер. Киелім. Қазанғаптай күйшіңнің домбырасының шанағынан қаншама күйлер төгілді. Мықтысың сен. Сен дәріптеген балаң болашақ ұрпаққа сенен шыққан батырды дәріптеуде. Құрманғазыдай күйші балаң осы жолда өмірін қапаста өткізбеп пе еді? Балаларыңды қалай мықты етіп тәрбиелейсің сен?! Жауырынына екі үш адамды оп - оңай іліп алар, ел тыныштығын күзеткен батырлардың да анасы мына сен. Көтібарың бір төбе, Көтібардың Есеті бір төбе ғой саған. Сен үшін, сенің ұрпағың үшін жауға қарсы шықты бұл батырлар. Не үшін? Не үшін туған жерім деп аттанды?

Туған жер бұл сенің қадірлігіңде, қымбаттылығыңда. Қымбатсың сен! Әр адамның туған жері оның жәннәті деп білемін. Сен де менің жұмағымсың, киелім менің.

Шалқар… Атыңда да терең мағына жатыр. Атыңа заты сай ерекше жерсің. Мейлі сен жер жәннәті болмасаңда қымбатсың - ау!

"Боран", "Шырағың сөнбесін" романдары қай қазақтыңда жүрегін жаулағаны анық. Ал осы шоқтығы биік шығармалардың иесі Тахауи Ахтанов киелі Шалқар топырағының тумасы. Қалмагердің балалық шағы осы Шалқардың төсінде өтті. Қасиетті Шалқарым! Бауырыңда ойнақ сала ойнақтаған балапандарыңның қаламын ұштап, өнерін өрістеттің. Қанатым сен барда тала қоймас. Сен барда қанатымды кеңге жая аспанға қалықтай ұшпақпын. Сен аман бол, туған жер! Мен сенен жаратылған бір балаңмын.

Ең сүйікті ақындарымның бірі - Қадыр Мырза Али. Бар ойымды осы кісінің өлеңімен түйіндесем:

Осы жерде тәңірменен теңелгем.

Осы жерде қуанышқа кенелгем.

Атомды да ажыратып аларсың,

Алайда сен бөле алмайсың мені елден!

Желтоқсанда аппақ қырау құрсанған,

Жаздыгүні жаңбырдан соң бусанған

Бөле алмайсың мені мына даладан —

Бөле алмайсың ақ селеуден,

Жусаннан!

Бөле алмайсың боранынан,

Құмынан.

Бөле алмайсың жалғызынан,

Мыңынан.

Бөле алмайсың ерлерінен,

Езінен,

Бөле алмайсың шаттығынан,



Мұңынан!

Осал болсам мен басқаның зорынан,

Оңашада отырып ап қорынам.

Бөле алмайсың мені Отанның бағынан,

Бөле алмайсың -

Бағы түгіл —

Сорынан!

Тайса жігіт елге берген сертінен,

Ол күймейді,

Мен күйемін өртіне.

Бөле алмайсың арманынан бұл елдің,

Бөле алмайсың қасіреті,

Дертінен!

Қуат алып шуағынан,

Суынан,

Туған жердің теңізіне жуынам.



Бөле алмайсың гербісінен мені елдің,

Бөле алмайсың желбіреген туынан!

Алақанда әлдилеген Отаным,

Көмейімді күйдіреді от-әнім!

Бұл елге мен парыздар бір перзентпін

Қазақ деген боз інгенге ботамын!



Летчикова Назерке Ерсайынқызы

Байланыс телефоны: 87084992503

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет