Туризм және рекреация мақсатында Қазақстан аумағын зерттеу мен бағалаудың негізгі әдістері және гис-технология



жүктеу 124.92 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі124.92 Kb.
Туризм және рекреация мақсатында Қазақстан аумағын зерттеу мен бағалаудың негізгі әдістері және ГИС-технология

Толепбаева А.К., Оразбекова К.С.
«География Институты» ЖШС, Алматы қ.
Туризм географиясы, әлеуметтік-экономикалық географияның бөлімі ретінде қалыптаса отырып, маңызды тәжірибелік міндеттерді шешудегі теориялық мәселелер қатарынан орын алуда. Басқа ғылымдармен бірге туризм географиясы, туризмнің аумақтық ұйымдасуы сияқты, күрделі және жеткілікті ізденістер жасалмаған мәселелерді зерттеуге қатысады.

Туризм және демалыс күрделі кеңістіктік, әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, теориялық-әдістемелік және де қолданбалы аспектілерінде де ғылыми ізденістерді қажет етеді.

Географтардың міндеті, басқа да мамандармен бірге анықтау әдістемесін жасау, рекреациялық ресурстарды картографиялау және бағалау, аумақты тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар беру, рекреация үшін, ландшафттың әдемілігі мен табиғатты қорғау және де теориялық ізденістер ретінде, демалыс аудандарының типтік үлгілерін салу және негізгі түсініктері мен ережелерін жасау, рекреациялық география зоналарын табу [1].

Туризмді және демалысты дамыту мақсатында, аумақтың ресурстық мүмкіндіктерін бағалау үшін, әртүрлі авторлармен ұсынылған, көптеген әдістемелік жолдар бар. Шет елдің географиялық әдебиеттерінен, бағалаудың қолданылып жүрген тәсілдерінде үлкен дифференциация бар екендігі байқауға болады, бұл қазіргі уақытқа дейін негізделген әдістемелік базаның жетіспеушілігін білдіреді [2,3]. Францияның туризміне қатысты Ж. Жинье монографияларында [4,5], сондай типте жасалған Жапониядағы туризм аясы жайлы жұмыстарда [6], Венгрияда [7]. Азербайжанда [8] табиғи ортаның жағымды жақтарын бағалау әдетте, көбінесе сипаттама түрінде болады және туристік қозғалыстармен байланысты, әлеуметтік-экномикалық сипаттағы құбылысты айтарлықтай кеңінен талқылаудың бастапқы нүктесі болып табылады.

Ю. А. Веденин, Н.Н. Мирошниченко, бұрынғы СССР демалыс зоналарын бағалай отырып, 5 сатылы жүйені пайдаланды 9. В.С. Преображенский және Ю.А. Веденин өздерінің рекреация үшін, табиғи ортаның жағдайын бағалау тақырыбын талқылауда, әлеуметтік топтарға кіретін, білім, жас, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болатын айырмашылықтар нәтижесі болып табылатын, туристердің жекелеген түрлерінің ландшафтты эстетикалық бағалауынан туындайтын қиындықтарды көрсетеді.

Табиғаттың ерекшеліктерін бағалаудың сандық әдістерін Я. Варшиньский ұсынды 12. Бұл әдістің мағынасы бағалауды бонитировкаға негіздеу, ал сандық ақпаратты сәйкес таңдап алынған математикалық функция үлгісіне қайта өзгерту болып табылады. Осыған орай, бұл функция табиғи орта белгілілерін білдіретін, математикалық үлгінің бір түрі болып келеді, бұл әдісті үлгілеу әдісі деп атайды.

Туризмнің дамуына әсерін тигізген, табиғи мәліметтерді бағалаудың айтарлықтай жетістіктері, Ю.А.Веденин және Н.Н. Мирошниченко, Л.И. Мухиннің еңбектерінде жасалған 13.

Табиғи рекреациялық ресурстардың айтарлықтай толық әдістемесі, Преображенскийдің жетекшілік етуімен, РАҒ ГИ қызметкерлер ұжымымен ұсынылған 14.

Бұл әдістемеде рекреациялық ресурстарды оның элементтері бойынша және кешенді сипаттаудың әдістемелері толық, , ықпал ететін, шектейтін және кедергі болатын факторлар топтары бойынша кеңірек берілген, рекреациялық жерлерді кшятий түрлері үшін бағалау шкаласы ұсынылған. Рекреациялық ресурстарды бағалау үдерісі екі кезеңді қамтиды: элементтік (сараптамалық) және интегралдық (синтетикалық) бағалау.

Табиғи-рекреациялық потенциал ресурстардық қызметтік бірлестіктер негізінде де бағаланады, және аумақтық бірлестіктердің ерекше типі ретінде қарастырылады.

Қазақстанда демалыс пен туризмді дамыту мақсатында рекреациялық ресурстарды бағалау саласындағы зерттеулерді Аридті аудандардың таулы елдері геоэкологиясының халықаралық орталығының, Абай атындағы АМУ В.И.Попов, С.Е.Глотов, Т.С.Гуляева сияқты қызметкерлері зерттеді. Олар таулы аумақтарды кешенді түрде рекреациялық тұрғыдан бағалаудың әдістемелік сұрақтарын Солтүстік Тянь-шань мысалында қарастырды 15.

Климатты кешенді түрде рекреациялық тұрғыдан бағалаудың толық әдістемесін А.А. Киселев ұсынды. Ол Павлодар облысы мысалында рекреациялық қызметке кедергі болмайтын кейбір метеорологиялық параметрлер мен жағдайларды бөліп көрсетті 16.

С.А.Шабельникова кез-келген аумақтың рекреациялық ресурстарын кешенді бағалау жүйесін ұсынады, бұл жүйе туристік маршруттарды жобалау және ұйымдастыруға болатын болашағы ең ұтымды туристік аудандарды бөлу үшін объективті критерийлерді қолдану мүмкіндігін береді 17.

Қазақстанның бес экономикалық ауданы бойынша табиғи ландшафттарды демалыс пен туризм мақсатында тартымдылығы дәрежесі бойынша типтерге бөлу жіктемесін С.Р.Ердавлетов ұсынды 18. Ол Қазақстанды табиғи рекреациялық тұрғыдан аудандастыру үшін М.Милесскаяның аудандастыру әдістемесін қолданған 19. Жіктеу нәтижесінде баллдар суммасы алынды, осы баллдар суммасының көмегімен жер бедері, су, орман және табиғаттың басқа да нысандары бағаланды. Бұл М.Милесская ұсынған табиғи ландшафттардың туристік аттрактивтігін анықтау үшін пункттер бойынша бонитировкалау әдісі.

Рекреациялық ресурстарды бағалау әдістері мен принциптерін құрастыру саласындағы жинақталған тәжірибеге қарамастан, аумақтың рекреациялық әрекетке жарамдығы критерийлерін анықтау проблемасы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Бағалау критерийлерін анықтаудың күрделілігі бірқатар әдістік ерекшеліктеріне байланысты, атап айтқанда:

- табиғи факторлардың әртүрлілігіне байланысты әрбір аумақта жүргізілетін рекреациялық әрекет түрлері де әртүрлі болады, сонымен қатар рекреациялық ресурстары да әртүрлі, сондықтан кез-келген аумаққа пайдаланатын бірыңғай әдістеме жасау мүмкін емес. Бұл түрлілік ландшафттық тұрғыдан бірыңғайлылық дәрежесі жоғары аумақтардың өзінде де үлкен;

- әрбір рекреациялық қызмет түрі және демалушылардың әрбір категориясы табиғи кешендер сапасына, инфрақұрылымның даму деңгейіне өзінің арнайы талаптарын қояды;

- ресурты бағалау бағыттарының әртүрлілігіне байланысты бір ресурс әртүрлі бағаланады; қызметтің бір түрі үшін құнды болса, екінші түрі үшін тіпті қолдануға келмейді.

Бұл ерекшеліктер аумақтың рекреациялық қасиеттерін бағалау критерийлеріне қосымша талаптар қояды. Негізінен, осындай ерекшеліктері төмендегілерден көрінеді:

1) рекреациялық қасиеттер критерийлерін жасау рекреацияның аймақтық даму жағдайларын ескереді;

2) аумақтың рекреация мақсаттарына жарамдылығы жалпы түрде бағаланбайды, табиғи кешеннің әрбір құрамдас бөлігі, яғни жер бедері, климат, су ресурстары, өсімдік, т.б. үшін бөлек бағаланады;

3) бағалау критерийлерді жасаудың өзінің «масштабтығы» бар, яғни аумақты зерттеу мақсатына байлынысты рекреациялық аудандастырудың белгілі бір таңдалған деңгейі бойынша жасалады.

Жалпы алғанда, негізгі рекреациялық аудандарды анықтау үшін аудан халқының рекреациялық сұраныстарының аумақ бойынша бөлінуі, табиғи потенциалының сапасы және аумақтың рекреациялық тұрғыдан игерілуі дәрежесі туралы деректер синтезі негіз болады 20.

Аумақты рекреациялық сұраныстарды қанағаттандыру жағдайы бойынша рекреациялық аудандастырудың бірінші сатысы табиғи рекреациялық ресурстарын анықтау және оның сапасы бойынша деңгейлерін (айтарлықтай қолайлы, қолайлы, қолайлылығы төменірек, қолайсыз) бөлуге қолданылады. Географиялық зерттеудің бұл кезеңінде аумақты табиғи ландшафттардың туристік аттрактивтік дәрежесі бойынша аудандастыру жүргізіледі. Аудандастыру негізінде табиғатты пайдалану проблемалары анықталады, рекреациялық қызметті басқару және оның дамуын болжау мақсатында осы проблемаларды шешу жолдары анықталады, болашақ демалыс ортасын құру жүргізіледі.

Келесі кезеңде ауданды игеру үшін мүмкіндіктер деңгейінің сипатымен анықталатын рекреациялық сұраныстарды қалыптастыру мен қанағаттандырудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттарымен қанығу дәрежесі бойынша аудандастыру жасалады. Бұл жағдайлардың таралуын шкаламен көрсетіп, жоғары, орташа, жоғары емес және төмен деңгейлі аудандарды бөлуге болады.

Шын мәнінде қалыптасқан туристік-рекреациялық потенциалдың жіктемесін ескермесек, рекреациялық үдерістердің сипаттамасы толық болмайды.

Нәтижесінде облыс туризмі саласының даму деңгейін анықтау жәнеоның қазіргі жағдайына сипаттама беру.

Бағалаудың бір ғана әдісін қолдану рекреациялық ресурстардың құндылығы мен жағдайы туралы толық ақпарат бермейді. Толық мағлұмат алу үшін сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесін, баллдық және экономикалық бағалау әдістерін бірге қолдану қажет. Дегенмен экономикалық бағалауды тек құндық (бағалық) тиімділігін өлшеуге болатын ресурстар үшін ғана қолдануға болады. Бұл әдісті минералды суларды, емдік балшықтарды, жербеті суларын, бір туристің емделу тиімділігін бағалауға қолдануғаболады. Экономикалық әдісті қолдану мүмкін болмаған жерде баллдық және картографиялық әдістердің ролі артады. Бағалаудың баллдық әдісі толық сенімді емес, себебі оның субъективтілігі бар және есептеу көрсеткіштерін бермейді. Табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстардың көптеген сапалық белгілері салыстырмалы шамамен (мысалы, ландшафттың эстетикалық қасиеттері) ғана өлшенеді. Осы жағдайда бағалаудың баллдық әдісі бірден бір әдіс болып табылады.

Бағалауға байланысты зерттеулердің ең қиын мәселесі – бағалау шамасын табу, яғни оны көрсету әдісін, немесе сапасы жағынан әртүрлі элементтерден тұратын геожүйе сияқты күрделі, көпжақты нысанның құндылығы шкаласын анықтау.

Сонымен, аумақтың туристік құндылықтарын бағалау оның күрделілігіне байланысты абсолютті сипатта болмайды, дегенмен ол қабылданған критерийлер мен әдістерге байланысты мүмкіндігінше дәл болуы тиіс.

Жалпы алғанда, республиканың рекреациялық ресурстары медициналық-биологиялық (табиғи ландшафттардың демалысты ұйымдастыруға жайлылығы), психологиялық-эстетикалық (табиғи ортаның демалушыларға эмоциялық әсері, табиғи және мәдени-тарихи нысандардың тартымдылығы), технологиялық (ресурстардың туризм мен демалыстың түрлерін ұйымдастыруға жарамдылығы) көрсеткіштері бойынша арнайы және кешенді аумақтық-рекреациялық кешендер қалыптастырудың халықаралық стандарттарына сай 21.

Табиғи рекреациялық ресурстар – біздің еліміздің бас байлығы. Сондықтан оларды тиімді пайдалану – біздің дәулеттілігіміздің кепілі. Ел аумағы өте кең, сондықтан оның табиғи ресурстарын басқаруда кеңістіктік аспект негізгі болып табылады. Рекреациялық потенциалды бағалау, көптүрлі, кеңістікте таралған деректерді визуализациялау, рекреация саласында модельдеу бойынша жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін заманға сай геоақпараттық технологияларды қолдану қажет.

Қазіргі кезде геоақпараттық технология басқа кезеңге өтуде, осы уақытқа дейін әр түрлі ақпарат көздерінен мәліметтерді интеграциялау мен кеңістіктік географиялық талдау жүйесі мен үлгілеуге және одан ары шешім қабылдауда қолдау жасайтын толық масштабты жүйелерге әр түрлі карталарды жедел құрастыру құралы ретінде ғана қызмет атқарды. Тиімді басқару – бұл оны талдау мен болжам жасау негізінде нақты бір жағдайда туындаған мәселені тез және ұтымды шешу. Сондықтан ГАЖ –де тез арада минут ішінде және ұзақ уақытқа арналған шешім қабылдау үшін, базалық (ұзақ уақыттық) және тез өзгеретін ақпараттың бірігуі қажет. Бұндай ақпарат жаңаратын, шынайы, маңызды бола отырып, әр түрлі тақырыптық қабаттардан тұруы керек. Сондай-ақ, рекреацияға бағытталған ГАЖ функциялардың қажетті жиынтығына ие болуы керек.


  • Картографиялық және атрибутивтік ақпаратқа тез және ведомствалық кіруге таратылған рұқсаттын болуы;

  • ақпаратты түзету және жаңарту мүмкіндігі;

  • үлгілеу, талдау және бағалау функцияларының болуы.

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS программалық өнімі – жаңа ұрпақтық, замануи бағдарламалық өнімдер тобы. Жетекші Географиялық ақпараттық жүйелерді құрастыру және тарату саласында танымал ESRI компаниясы ақпараттық технологиялар дамуының алдыңғы қатарлы үрдісін және көптеп саналатын тұтынушылардың өсіп келе жатқан талаптарын ескере отырып, жасаған. ArcGIS компьютерлік саланың стандарттары негізінде құрылған, оның ішінде жалпы қабылданған стандарттарды қолдауды, ұсынылатын шешімдердің жұмсақтығын, өзара әсер етудің кең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін COM, NET, Java, XML, SOAP нысандық архитектуралар бар. ArcGIS-тің іргелі архитектурасы оны қолданбалы салалардың көпшілігінде және жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі деңгейінде, атап айтқанда жеке компьютерлерде, серверлерде, Web арқылы, немесе «далалық» жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді 22.

Кез-келген ГАЖ-дың негізін, автоматтандырылған картографиялық жүйе құрайды карталардың пайдалануды және олардың құрастыруын қамтамасыз ететін аспаптардың және программалық құралдардың кешені, олар өз кезегінде жүйешелер қатарынан тұрады, олардың ішінде маңыздысы ақпаратты енгізу, өңдеу және шығару жүйешесі.

ГАЖ мәліметтерді визуализациялау үшін, растрлық немесе векторлық бейнеге ие, графикалық үлгі пайдаланылады. Растрлік әдіс, кеңістікте бір-біріне жабысып, олардың орналасқан жерін жабатын пикселдерге бөлуге негізделген. Растрлық формат кеңістіктік талдауға және де мәліметтерді грид-форматқа сәйкес сақтауға жақсы келеді. Векторлық үлгіде, кез-келген нүкте кеңістікте нақты орны бар координаттардың жұбына (Х, Y) ие болуы керек. Сонымен қатар, кеңістік үздіксіз болып қарастырылады. Сызықтар сүйір ұштармен байланысқан координатттар жұбының топтары ретінде болса, ал областар – бастапқы және соңғы нүктелері түйісетін, сызықтардың тұйықталып қосылуы.

90-жылдары қашықтықтан түсіру және геоақпараттық технологиялар бір-біріне қадам басты, бұл қадамды бағдарламалық ГАЖ қамсыздандырудың дамуынан көруге болады. Қашықтықтан зондтау дерктерімен жұмыс жасайтын арнай бағдарламалар дамыған ГАЖ қызметтерін атқаратын белгілерге ие бола бастады, ал векторлық деректермен жұмыс жасауға бағытталған классикалық ГАЖ деректердің растрлық модельдерімен жұмыс жасауға мамандадырылған модельдермен толықтырылды. Жұмысқа төмендегі арнайы бағдарламалар қолданылады: ArcGIS (Spatial Analyst, 3D-Analyst), ENVI, WinChips, Arclnfo и др.

Геоақпарттық технологиялар карта түсінігінің өзіне көзқарасты өзгертті, енді карта тұрақты нысан емес, аумақ туралы динамикалық түрде дамитын компьтерлік деректер базасы ретінде қабылданады. Деректер базасын қалыптастыру, оған жету және онымен жұмысты деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) қамтамасыз етеді, ол қажетті ақпартты тез тауып, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Геодеректер базасы – әртүрлі деректердің (векторлық, растрлық, адрестік нүктелер, геодезиялық өлшемдере деректері, т.б.) жіктелуін және сақталу ережелерін анықтайтын модель. Бірегей технология әртүрлі деректерді тиімді сақтауға, оларды күрделі жобалар мен жүйелерде жеңіл қолдануға мүмкіндік береді. Геодеректер базасында қолданушылар сақтау орнында ережелер мен қатынастарды анықтай алады, осы ережелер кеңістікте өзара байланысты географиялық нысандар мен нысандар кластарының іс-әрекетіне, сонымен қатар деректердің тұтастығына (әдетте оны топология деп атайды) негіз болады. Геодеректер базасы көпқолданушы режимінде де, автономдық режимде де баламасын көшіре отырып редакторлауға мүкіндік береді. Геодеректер базасының экспорты XML форматы геодеректер базасын толық немесе оның элементтерін (мысалы, кестелер, домендер, топология ережелер) басқа қосымшаларда ашылатын алмасу форматтарына ауыстыруға мүмкіндік береді 23.

Картографиялық ақпарат көздері мен оларды көрсету әдістері қандай да бір 15-20 жыл бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда көп екенін байқамауға болмайды. Географияның қоршаған ортаны сипаттайтын ғылым екендігі өзгермегенмен, осы білімді көрсету әдістерінің саны әлдеқайда артты. Белгілі бір жер туралы деректерді жинау, олармен жұмыс, карталарды дайындау және баспаға шығару технологиялары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Көптеген дәстүрлі әдістеме түрлері электрондық-сандық баламалары және аналогтарымен ауыстырылды. Сонымен геоақпарттық технологиялардың арқасында картографияның түр-пішіні мен мағынасы өзгерді 24.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Родоман Б.Б., Географические      проблемы      отдыха      и      туризма.// Территориальные системы производственных сил.-М.:МФГО, 1971.-378 с.

2. Доманьски    P.Typological    procedure    in    economic-geographical    research. География Польши, 1965.-№7.

3. Mariot P., Prispevok Ku Klasificacii navstevnych miest, Acta Geogr.Univ.Comen.Econom-geogr. 1970.- № 10.

4. Ginier J., Geographie Touristique de la France. Etude generale et regionale. Paris,


1965.

5. Ginier J., Les touristes etrangers en France pendant I'ete. Paris, 1969.

6. Suzuki Y., Tourism in Japan [B:] Festschrift Leopold G. Scheidl zum 60. Geburstag. Wien, 1965.-T.2.

7. Gertig В., The tourist trade in the Balaton resort district [B:] Hungary Geogr.


Studies Budapest: 1971.

8. Kasumov R.M. Tourism and social-economic development in Azerbaijan [B:]


Papers submitted to the 22nd International Geographical Congress. Canada, Monreal,
1972.-T.1.

9. Веденин Ю.А., Мирошниченко Н.Н. Оценка природных условий для организации отдыха // Известия АН СССР. Серия география, 1969.-№4 - С.30-32.

10. Преображенский В.С, Зорин И.В., Веденин Ю.А. Географические проблемы
конструирования новых рекреационных систем // Известия АН СССР. Серия
география.- 1972,- №1,- С.307.

11. Мухина  Л.Н.   Принципы   и  методы технологической  оценки  природных


комплексов. М.: МГУ, 1973,- 214 с.

12. J.   Warszynska   Waloryzacja   miejscowosciz  punktu   widzenia  atrakcyjnosci

turystycznej {zarys metody). Zesz.Nauk. UJ, Prace Georg.Krakow, 1971. Z. 27

13. Веденин Ю.А. и др. Территориальная рекреационная система СССР как

объект исследования.-В кн.:Проблемы территориальной организации туризма и

отдыха. —Ставрополь, 1978.- 128с.

14. Преображенский В.С,Зорин И.В., Веденин Ю.А. Географические проблемы

конструирования новых рекреационных систем // Известия АН СССР. Серия география.- 1972.- № 1._ С.307-312..

15. Попов   В.И.,   Глотов   С.Е.,   Гуляева   Т.С.   Методологические   вопросы
комплексной рекреационной оценки горных территорий // Актуальные вопросы
теории и практики туризма. Алматы: Казак Университет!, 1999,- С.33-38.

16. Киселев А.А Комплексная рекреационная оценка климата (на примере


Павлодарской области) // Актуальные вопросы теории и практики туризма.
Алматы: К,аЗЭК Университет!, 1999.-С.61-65.

17. Шабельникова С.А.Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан


для целей развития туризма и отдыха: Автореф.дис. канд.-Ал маты, 2000.-30 с.
19. M.J.Mileska. Regiony turystyezne Polski. Stan obecny i potencjaine warunku rozwoju. Prace Geogr. JG PAN. Warszawa, 1963.- № 43.

18. Ердавлетов СР.  Индустрия  туризма,  условия  и  факторы ее  развития  и территориальной организации // Проблемы становления индустрии туризма Казахстана./Сб. матер, межд.     конф. специалистов     туризма.-Алматы,     Казак, Университет!, 2002.-С 13-26.

19. Турсинбаева К.С К вопросу оценки территории Карагандинской области для целей отдыха и туризма //Вестник КазГУ, серия географическая.- Алматы, Қазақ Университеті, 2000.-№2.-С. 158-162.

20. Исаченко А.Г.География в современном мире.-М.:Просвещение, 1998.-160 с.

21. Ердавлетов СР. География туризма Казахстана.-Алма-Ата: Гылым,1992.-
192с.

22. Лопандя А.В., Немтинов В.А. Основы ГИС и цифрового тематического картографирования. 2007.



23. Берлянт А.М. Картография: учебник для вузов. – 2002. - 336 с.

24. Андрианов В. Неокартография. – ArcReview, №1, 2009, с. 2-3
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет