Тусупжанова Сағыныш Досбергенова, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі, ШҚО, Аягөз қалалық №4 орта мектеп Білім беру саласы



Дата02.05.2016
өлшемі28.79 Kb.
Тусупжанова Сағыныш Досбергенова, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі, ШҚО, Аягөз қалалық №4 орта мектеп

Білім беру саласы: Таным, Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: Өлі және тірі табиғат.

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту. Адам өсімдік, жануарлар өмірі үшін табиғат сыйы туралы мәлімет беру. Өлі және тірі табиғат туралы балалардың білімдерін жетілдіру. Балалардың бақылау, ойлау, білу, танымдық қабілеттерін жетілдіру. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Құс, гүл, тас, құм, су, табиғатқа байланысты суреттер.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, тәжірибе жасау, жұмбақтар шешу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Тәрбиеші: Өткен сабақты қайталауБалалар біздің Республикамыз қалай аталады?

-Қазақстан республикасының рәміздерін атаңдаршы?

-Әңұран, үнтаспамен қосылып айтады.

-Балалар Отан туралы білетін тақпақтарымызды есімізге түсірейік.

Өте тамаша, жарайсыңдар!

Балалар, айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атаңдар(желтоқсан, қаңтар, ақпан)

-Қазір қай ай?

-Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл табиғаттың қыс кезіндегі құбылысы. Сендер табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

Табиғат адамдарды қоршаған әлем. Бұласпан, ай, жұлдыздар, шөптер, жануарларәлемі, өзендер,

таулар.

-Табиғат туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

-Иә, балалар, біздің Қазақстанның табиғаты сұлу, өте бай. . оның ұзыннан ұзаққа созылған

кең байтақ даласында ормандар мен өзен-сулар, сан алуан өсімдіктер, таулар бар. Ал осы табиғат екіге бөлінеді:тірі табиғат және өлі табиғат. Тірі табиғат дегеніміз, олар өсіп - өнеді, көбейеді.

Өлі табиғат өнбейді, өспейді. Өлі табиғатқа тас, құм, тау, өзен-сулар, ауа, жер, күн жатады. Табиғат құбылысына:жел, жауын-шашын, , боран, су тасқыны, қар еруі бәрі табиғаттың құбылыстары.

-Балалар, біз қазір тәжірибе жасау арқылы судың температураға байланысты бір күйден екінші күйге ауысуын бақылаймыз. (тәжірибе жасау)

-Балалар, міне қарандаршы, қарды жылы бөлмеге әкеліп едік, ол суға айналып кетті, ал осы суды тоңазтқышқа салсақ қандай күйге енеді?

-Дұрыс, балалар су әр мезгілде әр түрлі күйге енеді. Су, күн және ауа-бұлар табиғаттың сыйы. Бұлар бүкіл тіршілікке, яғни адмға, жан-жануарларға да ауадай қажет. Су тіршілік көзі. Сондықтан біз суды ластамауымыз керек. Ластанған судан неше түрлі жұқпалы аурулар тарайды.

Күн де бізге өте қажет. ол бізге жылу, жарық сыйлайды. Ол микробтарды өлтіреді, күн қай жерге аз түссе, сол жерде адамдар жиі ауырады. Күннің козі болмаса, өсімдіктер, ағаштар дұрыс өспейді. Ал ағаштар ауаны көмір-қышқыл газдаран тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметін атқарады.

Сергіту сәті: Көңілді күн. А. Қалаубаева.

Ал, балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрмыз?

Бұл күн жай күн емес екен, сендерге жасырған сөз жұмбағы бар екен, оны табу үшін күн сендерге жұмбақтар жасырады :


Өртесең де өртеңбейді,

Не тот басып шірімейді.

Өң бойына су сіңбейді,

Ылғал тартып ірімдейді. (тас)
Бар ма, жоқ па,

Оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде

Өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды. (боран)
Біз жаздық ауылым қонған текшесіне

Етіктің жез қақтырдым өкшесіне

Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар

Бөренесін байлаған бөксесіне (инелік)

Самұрық құс самғады,

Көктен өтіп, айға жетіп. (ғарыш)

Өсіп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап,

Саясында ән салып

Құстар жүрген сайрап. (ағаш)

Үлкен –үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. (тау)


-Балалар, сөз жұмбақтағы тігінен тұрған сөзді оқиық та, оны буынға бөлейік. (ТА-БИ-ҒАТ)

-«Табиғат» деген сөзде неше дыбыс естіп тұрсыңдар?(7)

-«7» днген санды айтқан кезде қандай ұғымдар естеріңе түседі?

-Өте жақсы. Маған жеті күнді атап беріңдерші. . . -Апта күндерін атау.



Қорытынды: Сұрақ-жауап, жұлдызшаларды сан
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет