Уақыттың үлгілік нормасын бекіту туралы



жүктеу 159.96 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі159.96 Kb.
: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Ира́к (араб. عراق‎‎), официальное название — Респу́блика Ира́к
files -> Определение. Сумма членов бесконечной числовой последовательности называется числовым рядом
files -> Халыќ денсаулыєы жјне денсаулыќ саќтау жїйесі туралы
files -> Мазмұны кіріспе
files -> Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 2013 жылғы 1-тоқсандағы бақылау қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Инструкция по эксплуатации Производитель : «Prestige Medical Ltd»
files -> Пәндердің элективті каталогы
Дереккөз: Параграф АЖ WWW http://online.zakon.kz
Уақыттың үлгілік нормасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 275-ө Бұйрығы
 

Аудармашылардың жұмысын ұйымдастыруды жақсарту және құжаттардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударудың сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

Мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді және басқа құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару бойынша уақыттың үлгілік нормалары бекітілсін (қоса беріледі).

 


Министр

Г. Қарақұсова

 

Қазақстан Республикасының



Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің

2001 жылғы 24 желтоқсандағы

275-ө Бұйрығымен



бекітілді

 

Мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді және басқа құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару бойынша жүзеге асырылатын жұмысқа арналған уақыттың үлгілік нормалары

 

Мазмұны

 


1. Жалпы бөлім

 

2. Еңбекті ұйымдастыру

 

3. Нормативтік бөлім

 

3.1. Нормативтік құқықтық кесімдерді және басқа құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне (толық жазбаша) аудару

 

3.2. Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (өзі аударған мәтінді) редакциялау

 

3.3 . Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (басқа адам аударған мәтінді) редакциялау

 

Қосымша

 

 

 

 

 Уақыттың үлгілік нормалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 275-ө бұйрығымен бекітілді және мемелкеттік органдарда аудармашылардың еңбегін нормалау үшін іс жүзінде қолдануға ұсынылады. Осы нормаларда мынадай жұмыс түрлері қамтылады:

аудармашылардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша түрде аударуы;

орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (өзінің аударма мәтінін) редакциялау;

басқа аудармашы орындаған орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (өзге адамның аударма мәтінін) редакциялау.

Уақыт нормалары қызметкерлердің штат санын анықтау үшін, өнімділік нормасын белгілеу үшін ұсынылады.

 

Жалпы бөлім



 

1.1. Уақыттың үлгілік нормалары аудармашылардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударатын жұмыстарын нормалауға арналған.

1.2. Құжаттарды аудару жөніндегі жұмысқа арналған уақыттың үлгілік нормаларын әзірлеудің негізіне мемлекеттік органдардың қызметін регламенттеуші заңнамалық және нормативтік-әдістемелік құжаттарды зерттеу мен талдаудың деректері, Еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар, мемлекеттік органдарда жүргізілген хронометраждық бақылау қорытындылары, нормативтік құқықтық актілер мен әртүрлі құжаттарды, оның ішінде азаматтар мен ұйымдардың хаттарын аударумен, редакциялаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудың қолданыстағы материалдары алынды.

1.3. Осы нормаларда мынадай жұмыс түрлері қамтылды:

аудармашылардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударуы;

орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударманы (өзінің аударма мәтінін) редакциялау;

орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударманы (өзге адамның аударма мәтінін) редакциялау.

Нормативтік құқықтық кесімдер мен әртүрлі құжаттарды жазбаша аудару жөніндегі жұмыстарды нормалау жұмыс бабындағы аударманы ескере отырып жүзеге асырылады.

Жұмыс бабындағы аударма түпнұсқаның мазмұнын дұрыс беретін толыққанды, стилистикалық жағынан сауатты аударманы қамтиды.

Жазбаша аудармаға арналған уақыт нормасы компьютерде басылған мәтін беттерінде орындалған аударма көлеміне қарай белгіленеді.

Мәтіннің компьютерде басылған бір парағы (баспа парағы) 2000 баспа белгіге тең болады деп қабылданды.

Баспа парақ деп басылым көлемінің стандарт форматты қағаз парақтың бір бетінің ауданына тең өлшем бірлігі түсініледі.

Бір баспа белгісі (басу) деп (әріп. Сан және т.б.) клавиштерін біркелкі басу жолымен жасалатын белгі немесе көлемі бір белгі орналасатын ауданға сәйкес келетін аралық түсініледі.

Өнімділік нормасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы сақталып жұмыс күні ішінде аударылатын мәтіннің нақты көлемімен белгіленеді. Аударма кезінде өнімділік нормасының өлшем бірлігі стандарттық форматты баспа парақ болып табылады. Мемлекеттік органдарда аударылған мәтінді компьютерді пайдалана отырып басу Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мына өлшемдерді: жолдардың арасында біржарым интервалды, Microsoft Word үшін «Times New Roman» және «Times/Kazakh» үлгідегі № 14 шрифтіні сақтай отырып А-4 форматты стандарттық парақпен жүзеге асырылады.

1.7. Жинақта жазбаша аударма үшін түпнұсқа күрделілігінің үш тобы көзделген:

I топ. Лексикалық, стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны аудару кезінде қиындақ келтірмейтін жалпы және арнайы мәселелер жөніндегі мәтіндер.

II топ. Стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны қолда бар сөздік-анықтамалық әдебиетті пайдалануды көздейтін шағын салалық сипаттағы арнаулы мәселелер жөніндегі, сондай-ақ көп салалық тақырып жөніндегі мәтіндер.

III топ. Білімінің жаңа салаларынан алынатын, стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны қолда бар сөздік-анықтамалық әдебиетпен қатар ерекше терминдердің мағынасын ашатын қосымша м атериалдар іріктеуді және мамандармен кеңесуді көздейтін мәтіндер.

Жұмыстың мазмұны, өлшем бірліктері, еңбек шығындарына әсер етуші факторлардың атауы мен сандық мағыналары, сондай-ақ жұмыстың әрбір түрі бойынша уақыт нормалары жинақтың нормативтік бөлімінің тиісті тарауларында келтіріледі.

Уақыттың үлгілік нормаларында нормативтік құқықтық актілер мен әртүрлі құжаттарды, оның ішінде азаматтар мен ұйымдардың хаттарын жазбаша аудару мен редакциялау жөнінде тапсырмалар алуға және жұмысты тапсыруға кететін уақыт та ескерілді.

Жинақта уақыттың үлгілік нормасы қабылданған өлшем бірлігіне арналған сағаттармен берілген. Минуттарды сағатқа айналдыру кестесі 1-қосымшада келтіріледі.

Нормада даярлық-қорытынды жұмыстарға, жұмыс орынын ұстауға, дене тәрбиесі үзілістерін қоса алғанда, демалуға және оперативті уақыттың 10 % мөлшерінде жеке қажетіне арналған уақыт ескерілді.

Уақыт нормасының есебі (Уне) жұмыс түрлері бойынша:

 

Уне = Топ. Х  (1 +  К/100) формуласымен келтірілді.



Бұл жерде Топ. -  оперативті уақыт;

К - даярлық-қорытынды жұмыстарға, жұмыс орынын ұстауға, демалуға және (дене тәрбиесі үзілістерін қоса) оперативті уақыттың % мөлшерінде жеке қажетіне арналған уақыт сомасы.

1.12. Жұмысты басқа лауазымдық атаудағы орындаушылардың атқаруы уақыттың үлгілік нормасын қандай да болмасын өзгертуге негіз бола алмайды.

* Ескерту: «Премьер-Министр Кеңсесіндегі іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген.

 

2. Еңбекті ұйымдастыру



 

2.1. Мемлекеттік органдар аударпмашыларының лауазымдық міндеттері мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және аудармашыға қойылатын Басшылардың, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамасында көзделген талаптарға сәйкес белгіленген әкімшілік мемлекеттік біліктілік талаптарды ескеріп әзірленген лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.

2.2. Орындаушылар арасында жұмысты бөлу кезінде олардың біліктілігін, тәжірибесі мен іскерлік қасиеттерін ескеру керек, бұл қажетті машықтарды үйренуге және тапсырманың орындалуын жылдамдатуға жәрдемдеседі

2.3. Осы нормалар аудармашылардың қолданыстағы санитарлық-гигиеналық стандарттарға сәйкес қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық шарттар кешеніне бағдарланған.

Аударма бөлімшелері үшін жеке бөлме беру ұсынылады. Орынның ауданы нормаға сәйкес болуы керек (СН 495-77). Аударма бөлімшелерінің табиғи жарығы және жеткіліті түрде жасанды, ал жұмыс орындарында - жеке жарығы болуы тиіс.

Бөлмелерде шусыз желдеткіш орнатылған болуы керек.

2.4. Орындаушының (аудармашының) жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру барынша қолайлы жағдай туғызуды көздейді.

Жұмыс жиһазы мен өтпе жолдар көлемі өнімді жұмысқа қажетті қолайлы еңбек жағдайын жасауды ескере отырып таңдалуы тиіс.

Үстел үстінде жұмыс күні ішінде жедел жұмысқа арналған құжаттардың ең қажетті аз мөлшері болуы керек.

2.5. Аудармашы жұмысқа қажетті материалдармен (қағазбен, кеңсе бұйымдарымен), сондай-ақ жалпы және арнаулы сипаттағы сөздік-анықтамалық материалмен:

Аранаулы сөздіктер

А.  Қос тілді арнаулы сөздіктер

Б.  Бір тілдегі арнаулы сөздіктер

II.  Арнаулы  (терминологиялық) энциклопедиялар

III. Анықтамалар

IV. Арнаулы әдебиет

V.  Автоматтандырылған жүйенің деректер базасымен уақытылы қамтамасыз етілуі тиіс.

2.6. Мамандардың жұмыс орындары дербес компьютерлермен жабдықталған болуы тиіс.

2.7. нормативтік құқықтық және басқа құжаттардың жазбаша аудармасын жасаушы аудармашыларға белгіленген жұмыс күніне қарай, еңбек және демалыс режимін сақтау қажет. Бұл ретте  қызметкерлердің еңбек және демалыс режимі міндетті және күрделі жұмыстар жұмысқа жоғары қабілеттілік байқалатын, тәуліктің алғашқы жартысында жүзеге асырылатындай тәртіппен ұйымдастырылуы тиіс. Жұмыс басталғаннан соң екі сағаттан кейін және жұмыс аяқталуға екі сағат қалғанда ұзақтығы 110 минуттік физкультуралық үзілістер жасау керек.

 
3. Нормативтік бөлім

 

3.1. Нормативтік құқықтық кесімдер мен басқа құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік



 тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне (толық жазбаша) аудару

 

Жұмыстың мазмұны: Түпнұсқаны оқу. Сөздіктерді, анықтамаларды, арнаулы әдебиетті және т.б. іріктеп алу. Мәтінді мағыналық талдау. Мамандармен (қажет болса) кеңесу: мамандардан арнаулы шағын немесе таныс емес тақырып бойынша мәтіннің жекелеген тіркестерінің дұрыс айтылуын анықтау. Тақырыпты аудару. Мәтінді сөздіктерді, автоматтандырылған жүйенің (АЖ) деректер базасын пайдалана отырып аудару және оны компьютерге енгізу. Аударылған мәтінді басып шығару. Аударманы тапсыру.



Өлшем бірлігі - 1 баспа парақ

Нормативтік құқықтық кесімдер мен басқа құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне (толық жазбаша) аударуға арналған уақыт нормасы

 


 

Аударма көлемі

 


Түпнұсқаның күрделілік тобы

I

II

III


Уақыттың, сағаттың нормасы


1 баспа парақ (2000 баспа белгі)

 

0,727

 

0,879

 

1,000

 


Аударма парақтарындағы өнімділік нормасы (аударма бойынша)

 


 

  Аударма көлемі

 

 


Түпнұсқаның күрделілік тобы

I

II

III

Өнімділік нормасы, баспа парақтары




1 баспа парақ (2000 баспа белгі)

11

9

8


 

3.2. Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (өзі аударған мәтінді) редакциялау

 

Жұмыстың мазмұны: Өзі аударған мәтіндегі сөйлемдерді (абзацтарды) түпнұсқамен салыстыру. Автоматтандырылған жүйенің (АЖ) деректер базасымен салғастыру. Аударманың әрбір сөйлемінің, қолданылған терминологияның бірізділігін, мазмұндау логикасының түпнұсқаға сәйкестігін тексеру. Мәтінді аударма тіліне жатпайтын ұғымдар мен тіркестерден арылту. Мағыналық және стилистикалық түзетулер енгізу. Аударманы тапсыру.

Өлшем бірлігі - 1 баспа парақ

 

Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (өзі аударған мәтінді) редакциялауға арналған уақыт нормасы

 

  Аударма көлемі

 

 



Түпнұсқаның күрделілік тобы

I

II

III

Уақыттың, сағаттың нормасы

   1 баспа парақ

    (2000 баспа  

          белгі)

0,239

0,322

0,435


3.3. Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс

тіліне басқа аудармашы аударған толық жазбаша аударманы

(басқа адам аударған мәтінді) редакциялау

 

Жұмыстың мазмұны: Аударма мәтініндегі сөйлемдерді (абзацтарды) түпнұсқамен салыстыру. Автоматтандырылған жүйенің (АЖ) деректер базасымен салғастыру. Басқа аудармашы орындаған аудармадағы әрбір тіркестің түпнұсқаға сәйкестігін, қолданылған терминологияның, мазмұндама логикасының бірізділігін тексеру. Мәтінді аударма тіліне жатпайтын ұғымдар мен тіркестерден арылту. Мағыналық және стилистикалық түзетулер енгізу. Аударманы тапсыру.



Өлшем бірлігі - 1 баспа парақ
Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс

тіліне басқа аудармашы аударған толық жазбаша аударманы

(басқа адам аударған мәтінді) редакциялауға арналған уақыт нормасы

 


Аударма көлемі

Түпнұсқаның күрделілік тобы

I

II

III

Уақыттың, сағаттың нормасы




    1 баспа парақ  

      (2000 баспа

           белгі)

0,365

0,493

0,665


 

Қосымша



Минуттарды сағатқа есептеу кестесі

 


Минуттар

 


Сағаттар

Минуттар

Сағаттар

Минуттар

Сағаттар

 1

0,017

21

0,350

41

0,683

 2

0,033

22

0,367

42

0,700

 3 

0,050

23

0,383

43

0,717

 4

0,067

24

0,400

44

0,733

 5

0,083

25

0,417

45

0,750

 6

0,100

26

0,433

46

0,767

 7

0,117

27

0,450

47

0,783

 8

0,133

28

0,467

48

0,800

 9

0,150

29

0,483

49

0,817

10

0,167

30

0,500

50

0,833

11

0,183

31

0,517

51

0,850

12

0,200

32

0,533

52

0,867

13

0,217

33

0,550

53

0,883

14

0,233

34

0,567

54

0,900

15

0,250

35

0,583

55

0,917

16

0,267

36

0,600

56

0,933

17

0,283

37

0,617

57

0,950

18

0,300

38

0,633

58

0,967

19

0,317

39

0,650

59

0,983

20

0,333

40

0,667

60

1,000

 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет