Қуанышбай Тәлiмжанұлы



жүктеу 103.91 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі103.91 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
«ҚАРТ ДЕГЕНIҢ–ҚАЗЫНА»
Бұл күнделiк-эссенi Маңғыстау облыстық сотын 20 жылдан астам уақыт бойы басқарған, Қазақстанға еңбегi сiңген заңгер Қуанышбай Тәлiмжанұлы Мәмбетовке арнаймын.
Автор.
Тәлiмжанұлының тәлiмi
25.08.94.
94-тiң маусым айында аяқ асты «аттестация» өткiзiлiп, облыстық радионың бас редакторлығынан бiр сатыға төмендетiлдiм. Облыстық теле-радио ұжымында 20 жылдай табан аудармастан қызмет iстеп, еңсемдi ешкiмге ездiрмей, ерке желдей еркiн жүрген маған бұл жай ауыр тидi. Арым азаптады. Мәселе бас редакторлықта емес едi. «Аңдамаған төмпешiк арба аударады» дегендей, бiр дарынсыз неменiң арамдығын асырып, жемқор төрағаның жемсауына бiрдеңе салып, жапалақтай жарбақтап жүрiп, әдiлетсiз әдiспен қызыл кресломнан құлатып кеткенiнде едi.

Өмiр бойы адалдықтың азабын тартқан ақымақ басым көресiнi көзсiздiгiмнен, тиексiз тiлiмнен тарттым. Сөйтiп, жаралы жолбарыстың орнына жағымпаз жапалақ жайғасты. Ендi маған бастық болмақ. Ақылдасуға сол кездегi облыстық «Маңғыстау» газетiнiң бас редакторы, парасат пайымы мол жанашыр ағам Сәуiрбай Есiмовке келдiм.

- Ал, аға не iстеймiн? Аңдаусызда арбам аударылып қалды. Заңсыз екенiн бiлемiн, бiрақ қазiр әдiлдiк айтар кiм бар? Заң аяқасты болған заман ғой...

- Келсең, аға тiлшiлiкке алайын, - дедi ағам сөзге келместен.

- Қой, күншiл әрiптестерiм қорыққанынан ағасының қол астына барып паналады дер?

- Ал, ендеше сотқа барамысың?

- Сотқа-а-а?! – деп өңiм түгiл түсiме кiрмеген мекеменiң атын атағанда аң-таң қалдым.

- Иә, облыстық сотқа...

- Онда не iстеймiн?

- Аудармашы әрi баспасөз хатшысы қызметiн атқарасың.

- Айлығы қанша?

- Оны қазiр бiлейiк, - деп бас редактор қасындағы телефонға қолын созды.

- Қуанышбай Тәлiмжанұлы, сәламат-саусыз ба? – деген қысқа амандықтан кейiн:

- Өткендегiге орай сiзге бiр жақсы журналист таптым, тек жалқаулау, сәл қамшылап қусаңыз қатарға қосылады. Адал азамат. Кепiлдiктi өз мойныма алайын. Кiм дейсiз бе? Әнуар Жәнiбек... Ә, бiлемiн дейсiз бе... Иә, облыстық радиода бес жылдай бас редактор болды.

Маңғыстау облысы құрылған 1973-тiң күрең күзiнде Қуекең қараған бiр үлкен қылмыстық iске аудармашы болғаным бар едi. Ол кезде облыстық «Коммунистiк жол» газетiнде тiлшiмiн. Сол облыстық сот төрағасының әлi есiнде екен. Әрiптестерi «зердесi ғажап адам» дейтiн едi, рас екен.

- Ал жақсы, соттың ауылын да көр, журналист емессiң бе? Жаңа тақырыпқа жазып, тың тәжiрибе жинақтайсың, - деп Сәкең арқамнан қағып, кабинетiнен шығарып салды. Қамқор ағамның сол жақсылығы Алладан қайтқай!

Облыстық сот төрағасы Қ.Мәмбетов те сөзге келместен 1994-тiң 1 қыркүйегiнен Маңғыстау облыстық сотына аға кеңесшi-аудармашы етiп қабылдады. Қосымша облыстық соттың баспасөз хатшысы мiндетiн қоса атқаруды жүктедi.
2.09.94.
Соттағы екiншi күн. Үш кеңесшi тауықтың ұясындай бөлмеде отырамыз. Өлi тыныштық. Теле-радиодағыдай жанталасқан у-шу, ызу-қиқу тiрлiк мұнда жоқ. Қызметкерлерi де бiр-бiрiмен ерiне амандасады, артық ауыз сөз естiлмейдi.

Мұнда техникалық қызметкерлердi қосқанда барлығы 25 адам iстейдi. Ал, алатын еңбекақылары кiсi күлерлiктей едi... Мысалы, төрағаның айлық жалақысы 2 мың, орынбасары 1800, судьяның алатыны 1500 теңге.

Ал, менiң қызмет бабындағы кураторым, облсот төрағасының орынбасары А.Т.Хаймович едi. Бұл өзi өте ақылды, сабырлы әйел екен. Жасы егде тартқанын, қазылық қызметтен қажығанын, шаршаңқырап жүргенiн жасырмады. Бiрден ашық әңгiмелестiк. «Төрағамыз өте қатал, сөзге сараң, iшiндегiңдi бiлiп отыратын сезiмтал кiсi, байқап сөйлегейсiң» дедi. Менiң қиналған көңiл-күйiмдi сезгендей:

- Жә, қатты қиналмаңыз, екi-үш айда үйренiп кетесiз. Журналиссiз ғой, төралқа, алқа мәжiлiстерiне тұрақты түрде қатысыңыз. Iс қарау кезiнде болмаса мәжiлiстерде аударма аз, - деп Александра Тихоновна маған дем берiп, жiгерлендiрiп қойды.

- Қайдам, бұл жер мен секiлдi тым сезiмтал, әсершiл, жүйкесi жұқарған, көңiл-күйдiң кiсiсiне қолайлы емес сияқты. Амалым қайсы, келiп қалдым, төзiп көремiн де. Ал, сiздерде теле-радиоға хабар жасайтын диктофон, видеофон дегендер бар ма? – деп сұрап едiм.

Александра Тихоновна маған таң қалғандай кейiппен аузын ашып:

- Мiне, кабинетiмдi көрiп отырсыз ғой, тiптi дұрыс орындық та жоқ, телефонымыз да сынық... – дедi.

- Ой-бой, облсотты осынша кедей мекеме деп ойламап едiм. Қиын екен!..

- Осы ендi, әзiрге жағдайымыз осындай... – деп алқа төрайымы сөзiнiң соңын жұта салды. Менiң бiрден ашыла, ақтарыла сөйлеген сөзiмнен секем алғандай. «Бұл кiм өзi? Төрағаның туысы емес пе? Тым еркiн екен», – деп ойлағандай әсерде қалдым.

7.09.94.
Бiр апта өткен соң жұмыс аяғында төраға өзiне шақырды.

- Қалайсың? Жұмыс жоспарын жасадың ба? Сен қалайда Маңғыстаудың Нури Мұфтахы болуың керек! – деп қойып қалғаны.

- Қуеке, Нури Мұфтах аса дарынды, сұмдық еңбекқор, жүрек жұтқан журналист! Шындық, әдiлдiк жолында өлiмге басын тiккен адам. Заңды заңгерден артық бiледi. Ал, менiң елудi иектегенде сотты көрiп тұрғаным осы. Байбақты Барақ батырдың тұқымы болғаныммен, кезiнде КГБ ұлтшылсың, алашордашылсың деп ұзақ жыл iзiме түсiп, әбден қорқытып тастады, - деп жымидым.

- Ә, ондайың да бар ме едi... Қорқақ, жағымпаз, жалтақ жаннан жақсы журналист шықпайды ғой... Ал, сенi күнделiк жазады екен деп естiдiм, рас па?

- Иә, ондай «ауруым» бала кезiмнен басталды. Сол жемiссiз жазуды әлi қоя алмай жүрмiн. Әзiрге екi мың беттей қағазды бүлдiрдiм.

- Сонда не жазасың?

- Күнделiктi көз көрген, көңiлге түйген сезiм-ойларымды, күйiнiш-сүйiнiштерiмдi қағаз бетiне түсiрiп отырамын...

- Е-е, көңiл-күй күнделiгi десейшi... Ендеше сот күнделiгiн жаз, көрген-бiлгенiңдi қорықпай қағазға түсiр, журналиссiң ғой, түбi бiр керегi болар.

- Бұл ақылыңызға рахмет! Өзiм де осы ойдамын...

- Ал, аш онда күнделiк дәптерiңдi, мен саған жылқы жайлы бiр қысқа хикая айтайын, соны жазып көршi...


«Жалды қараның» хикаясы

Мен жас кезiмде аз жыл Орал жақта судьялық қызмет атқардым. Сонда сенiң ана жымпиған Жымпитыңда көшпелi сот мәжiлiсiн өткiзiп, бiр қызық iске тап болғаным бар. Әлi есiмде. Қысқа қайырсам мазмұны төмендегiдей:

Сырым елi ежелден жылқы малын қатты қастерлейдi екен. Соның Жауғаштылар тұратын Саралжын елдi мекенiнде бөлек, ерекше бiр үйiр жылқы болыпты. Үйiрдiң иесi «Жалды қара» атанған қара айғыр. Серiгi сұмдық сұлу бестi көк бие болыпты. Екеуi бiрiн-бiрiн адамнан бетер, өлердей жақсы көрген дейдi. Күнi-түнi бiрге жүредi. Бие жайылғанда айғыры жерден шөп үзiп алмай, екi көзi боталап, оған қарайды да тұрады. Қасынан қыл елi кетпейдi. «Әне, жылқы махаббаты қандай!» деп төрағам бiр желпiнiп алды. Бұл кiсi табиғатынан жылқы малын сұмдық жақсы көредi екен. Менiң Әдiлғалиұлы Әсет ағам сияқты. Ол кiсi де елуге келгенше жылқысыз тұра алмаған, ақыры марқұмның ажалы да жылқыдан болды ғой, иманды болғыр!..

Үшоба жерiндегi үлкен егiстiкке түскен жылқы үйiрiне қарауылшы Қарабай шал үркiтемiн деп, қосауыз мылтығына тұзбен оқталған оқтың орнына, мастықпен, шын оқ салып жiберiп атқанда ол қас қылғандай-ақ үйiрдi бастайтын қара айғырдың қақ маңдайына тиедi. Даусы жер жара шыңғырып құлаған «Жалды қараны» көрген сыңары көк бие қарауыл шалға қарсы шауып, оны табан асты тiстеп теуiп, талқанын шығарады. Содан екi ай аудан ауруханасында емделiп, зорға тiрi қалған Қарабай күзетшi көк биеге ежелгi жауындай өшiгедi. Қайткенде де оны азаптап, көзiн құртуды көксейдi. Жасамағаны жоқ. Iшiнде «Жалды қара айғырдың кесiлген басы бар, үш төрт жылқы басын егiстiк жиегiне тiзiп, iлiп қояды. Көк бие өз айғырының басын тауып иiскегенде, көзiнен жас парлап, есалаң күйге түседi. Иесiн өлтiрген екi аяқты адам-айуанға деген өшi өмiрi өшпестей болды, бие өз махаббатын аңсап, ауыр азапқа түседi. Аз уақытта жадап-жүдеп, қара айғырдың қу басының қасынан қанша қуса да кетпейтiн болады. Оның осылай қиналғанына Қарабай қаныпезер қатты қуанады. Қысқасы, айғырдың иесi iстi сотқа жеткiзгенше ол көк биеге күн көрсетпейдi.

Мұны сезген ауыл ақсақалдары жиналып, Қарабай қарауылдың қатыгездiгiн, тас жүректiгiн бетiне басып, оған лағынет айтады. Қарауылдан кетiредi. Аруақты айғырдың ажалы, көк биенiң көз жасы қатыгез шалды ақылынан алжастырады.

Көк биенi басқа айғыр үйiрiне де қосып көредi. Анайы айғырдан әбден азап көрген көк бие құлын тастайды. Оның жалды қара айғырдан буаз қалғанын бiлмеген ауыл ақсақалдары қатты өкiнедi. Сөйтiп, олар адамнан бетер сезiмтал жануардың жүрегiн одан әрi жараламайын деп, қара айғырдың қу басы мен одан туған өлi құлынды бiр шұңқырға қастерлеп көмгiзедi. Ендi көк бие сол шұңқырды күнi-түнi қорып, ол жерге адам түгiл, қанатты құсты да қондырмайды...

Мiне, өмiрде осындай да ғажайып болады екен. Сонда ұлы Абайдың: «Айғырдың биенi иемденуiнде де махаббат бар» дегенi рас болғаны ғой. Өзiм де жылқыны жақсы көремiн. Кiм бiледi, судья болмағанымда, жылқышы болар ма едiм.

Ал, бүгiнгi төралқа мәжiлiсiнде де ұры мен жылқыға қатысты бiр iс қаралды. Мұнда да кейбiр аң адамға қарағанда жылқының жақсы көру сезiмi өте күштi екенiне қайран қаласың!..

Мә, мына үкiмдi оқып, жақсы қылмыстық хикая жаз. Сенiң қандай қаламгер екенiңдi содан бiлемiн, - сот төрағасы Қуанышбай Тәлiмжанұлы Қарақия аудандық соты шығарған бiр үкiмнiң көшiрмесiн қолыма ұстатты.

Ендi, құрметтi оқырман сол төраға тапсырмасының қалай орындалғанын оқып көрiңiз.


21.09.94.
Қара айғырдың

ажалы
Қалы кiлемдей құлпырған тау баурайында қаннен қаперсiз жайылып жүрген қара айғырдың үйiрiне қарай құйындатқан ескi “Москвичтiң” iшiнде екi кiсi отыр. Көздерi қанталаған сүлiк қара, сүр мас Марат дегенi бұрын да ұрлық үшiн үш жыл түрмеге түскен. Қазiр де жұмыста жоқ, кәнiгi “кәсiбiне” қызу кiрiскен, Қарақияның қасқыры атанған айтулы ұрылардың бiрi. Кеше құдайы көршiсi, жiгiт ағасы жасындағы Бисен екеуi өкiртiп iшiп отыр едi.

- Әй, Марат, - дедi көршiсi жерден жетi қоян тапқандай қуанып, - мына көрiнген тау бөктерiнде жылқы үйiрi жатыр дейдi. Iшiнде бiр бөтен бестi байтал бар көрiнедi. Соны ертең қуырдақ жасасақ қайтедi? Алты айдан берi ақша алған жоқпыз, бала-шаға аш...

- Да-вай! Қалай ұстаймыз?

- Менде қос ауыз бар, машинаны да өзiм табам. Сенiң жұмысың - байталды ату... Келiсемiсiң?

- О не дегенiң, давай! Бiздiң үйде де ет жоқ. Ал, байтал кiмдiкi?

- Оны бiлiп қайтесiң... Ұсталсақ жаныңдамын ғой, жауабын өзiм беремiн.

- Жақсы...

- Ендеше iшудi осымен доғарайық, ертең ерте жүремiз.

Боз байталдың қара айғырдың үйiрiне қосылғанына көп болған жоқ едi. Бiрден басқа биелердi тастап, қара айғыр бестi байталдың жалына жабысқан-ды. Содан берi қасынан қыл елi кетпейдi. Естi байтал да иесiн жаңа тапқандай, есi кете берiлдi...

Бүгiн де қара айғыр үйiрдiң шетiнде боз байталдың сауырын емiрене иiскеп, есi кетiп тұр едi. Қастарына елу метрдей жерге келiп тоқтаған “Москвичке” мән бермедi.

- Ат! – дедi рульде отырған Бисен артқы орындықтағы қос ауыз мылтықты қолына алған Маратқа.

- Байталды ат! Айғырға тигiзiп алма...

Махаббат буына елiтiп тұрған боз байтал мына оқсыс дауысқа жалт қарағанда, мылтық гүрс еттi. Қақ маңдайдан тиген қорғасын оқтан дүние дөңгеленiп жүре бердi.

Көз алдында жанары жаудырап, талып түскен серiгiне аяқ асты не болғанын бiлмей қара айғыр шошына оқыс оқыранып, шыңғырды-ай!.. Содан соң қар қадым жерде тұрған машинаға көзiне қан тола тура шапты. Келе айнала берiп, қос аяқтап тептi. Айғырдан мұндай қылықты күтпеген машина iшiндегi екi аяқты айуандар жан дәрмен машина еденiне екпеттеп жата кеттi. “Москвичтiң” терезелерi тас талқан болды, ал, ашуы басылмаған қара айғыр машинаны тiстелеп, ажал оғының осыдан шыққанын сезгендей жан таласа кiсiнеп, жын қаққандай халге түстi. Екiншi рет тағы да айнала берiп, тепкелi жатқанда Бисен бақырды:

- Ат! Бұны да ат! Әйтпесе бiздi өлтiретiн түрi бар ғой...

Марат қорықаннан қолы қалтырай қос ауызды қолына алып, айғырды көздей мылтықтың қос шүрiппесiн қатар басты. Мынадай сұмдықты тiрлiгiнде көрмеген жануар жан таласа шыңғырып, бүкiл тау бөктерiн басына көтердi. Қатар атылған қос қорғасын оқтан қатты әлсiреп қалған қара айғыр ендi машинаны тастай берiп, анадай жерде қанға батып жатқан боз байталға қарай ұмтылды. Қасына жете өзi де гүрс етiп, жерге қатар құлады. Боз байталдың мойнына басын салып, жапанды жаңғырта, соңғы рет сай сүйектi сырқырата кiсiнедi-ай келiп!..

Абайдың айтқаны ақиқат: “Айғыр биеге ие болмақта да махаббат бар”. Сол айтқандай қара айғырдың өз махаббатын жанын аямай қорғап, сол үшiн екi аяқты айуандардың қолынан ажал тапқаны көкiрегiнде көзi бар адамды мұңға батырар. Ой-парасат пен сезiмнен жұрдай екi аяқты айуандар өздерiнiң ит тiрлiгiне деген ашу-ызасын мына кiнәсiз жануарлардан алғаны, олардың қасиеттi қара айғыр құрлы қадiр-қасиетiнiң жоқтығы ойлантады. Олардың Алла сотының, Ар сотының алдында құны тесiк тиын. Өз басым мына екi итке қарағанда өз махаббатын қорғап ажалын тапқан қара айғырдың киелi қасиетiне бас иемiн!

Қарақия аудандық соты бұл қылмыстық iстi жан-жақты қарап, әдiл шешiм алды. Жылқы құрлы сезiмi жоқ пәтуәсiз пенделердi бiрнеше жылға бас бостандықтарынан айырды.


3.10.94.
Бүгiн ойда-жоқта Ақтау қалалық сотының төрағасы Марат Сабырбаевпен сөйлесiп қалдым. Асығыс болғанымен ашық әңгiмелестiк.

- Қуанышбай Тәлiмжанұлы туа бiттi нағыз кәсiби заңгер. Бұл кiсiнiң есте сақтау қабiлетi ғажап, «феноменальный» десе де болады. Кiтапты, газет-журналды көп оқиды.

Iсiне қатысқан адамдарды, бiр көрген кiсiсiн аты-жөнiне дейiн есiнде ұстайды. Он-он бес жыл бұрынғы өзi жүргiзген қылмыстық iстерге қатысқан куәларды, жәбiрленушiлердi, сарапшыларды аты-жөндерiн дәл айтқанын өзiм талай естiдiм. Бiз болсақ, бүгiнгiнi ертең ұмытып қаламыз. Ал, кiрiсi қатты кiсi екенi рас. Қызметке келгенде аяушылықты бiлмейдi. Өзiмдi де жұмыс бабында талай рет қуырдақтай қуырды. Бiрақ болмасын демейдi, заңдылық, әдiлеттiлiк сақталсын деген ниет қой. Дәл қазiр есiмде жоқ, бiрақ ұзақ жылғы қазылық ғұмырында жиырмадан астам адамға ату жазасын шығардым дегенi есiмде. Бiр де бiр үкiмi Жоғарғы Сотта бұзылмаған. Мұндай заңгерлер қазiргi сот жүйесiнде саусақпен саналады, соның бiрi – Қуанышбай Тәлiмжанұлы.
4.10.94.
Қуекең айтады:

- Мен жетiге толмай мектепке барып, он жетiге толмай заң институтына түстiм. Жиырма бiр жасымда Алматыдағы заң институтын алғашқы бiтiрушiлердiң бiрiмiн. Екi жылдай адвокат болдым, жиырма үш жасымнан қазылық қызмет атқарамын. 1962 жылы 29 жасымда Батыс Қазақстан өлкелiк сот төрағасының орынбасары болдым. Содан берi басшылық жұмыстамын. Ал, Маңғыстауға облыс құрылған 1973 жылы облыстық соттың төрағасы болып келгенмiн, мiне жиырма жылдан асты, осы жауапты жұмысты атқарамын. Қазiр республикада менiң қатарымнан екi-ақ адам облыстық сот төрағасымыз.

Мен ойладым, қазақта: «Күнiнде болған адамның ата тегiн сұрама» деген аталы сөз бар. Қуекең жиырма бiр жыл бойы Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болды. Мұндай аса жауапты қызметтi атқару айтуға ғана оңай. Және республикамыздың бiрде бiр аймағында бiр орында осынша ұзақ жыл жемiстi жұмыс жасаған облыстық сот төрағасы некен-саяқ. Ал, осындай нағыз кәсiби заңгер, республиканың сот жүйесiне елеулi еңбегi сiңген адам 1995 жылы күзде аяқ астынан, заңсыз қызметiнен босатылды. Кейiн сот арқылы Қ.Мәмбетов бұл әдiлетсiздiктi дәлелдеп, сол кездегi республика Әдiлет министрлiгiнен 1 миллион теңге айыппұл өндiрiп алды. Бұл да нағыз заңгердiң ерлiк iс-әрекетi емес пе?

Қ.Тәлiмжанұлы төралқа мәжiлiсiн жүргiзгенде ұшқан шыбынның ызыңы естiлетiн едi. Қызметте тым қатал, тым талапшыл болғанын өзiм де көрдiм. Облыстық сот жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету жоспарын үш рет қайта жазғызып, зорға бекiткенi есiмде. Мендей жалқау журналистке бiр мықты қамшы керек едi, сiрә соған анық кездестiм-ау деймiн. Ал, мықты болсаң шыдап көр.


1.03.03.
Кәсiби заңгер Қуекең 1996 жылдан берi қорғаушылық қызметпен айналысып жүр. Заңғар заңгердi адвокаттыққа алуға клиенттер таласып жатады. 2003-тiң ақпан айында заңгер ағамыз кемел жасқа – жетпiске толды. әлдекiмдердей арзан атақ, абырой үшiн елдi шулатып той өткiзудi өзiне жат санайтын қарапайым да кiшiпейiл жан, өзiнiң жиырма жылдан астам жасаған Маңғыстау облыстық сот ұжымының құттықтауына бек риза болды да қойды.

Алтынның сынығындай сирек кездесер тектi кiсiнiң кезiнде менi сотқа қызметке алып, журналистiк жаңа тәжiрибе жинақтауға қамшылағанына бек ризамын. Соның арқасында Мағыстау облыстық сотының бас маманы-облыстық соттың баспасөз хатшысы қызметiн 2001 жылдың 3 қаңтарына дейiн адал атқардым. Сот өмiрiнен 700 беттей күнделiк, қылмыстық хикаялар жаздым. Осы мүмкiндiктi туғызғаны үшiн ғана бұрынғы облыстық сот төрағалары Қ.Т.Мәмбетов пен Н.Қ.Чиняевқа айтар алғысым зор.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет