Умкд 042-18-35 01/01-20 Редакция №2



жүктеу 493.1 Kb.
бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі493.1 Kb.
  1   2   3
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

УМКД 042-18-35.1.01/01-20__

Редакция № 2

от 16.06.2014 ж.



стр. из 34




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1. 01

/01-20___




ПОӘК

«Омыртқасыздар зоологиясының үлкен практикумы»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 2 басылым

16.06.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Омыртқасыздар зоологиясының үлкен практикумы»

5В011300 «Биология» мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014
Мазмұны
1. Глоссарий

2. Зертханалық сабақтар

3. Курс жұмыстарының тақырыптары

4. Білім алушылардың өздік жұмыстары



1. ГЛОССАРИЙ
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;

зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;

морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;

онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;

омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;

палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;

симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;

таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;

тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;

ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;

ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;

филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;

физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;

экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;

протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;

гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;

карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;

арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;

акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;

энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;

малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;
2. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
1 МИКРОМОДУЛЬ «Қарапайым бірклеткалы жануарлар»

Биология зертханасындағы жұмыстың орындалуы. Қауіпсіздік ережелері. Микроскопиялық техника негіздері.

Тақырып: Бірклеткалылар патшалық тармағы.

Сабақтың мақсаты: Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен танысу. Қауымды талшықтылардың құрылысымен танысу. Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка, стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу.

Тапсырмалар: Әртүрлі объектілерді пайдаланып уақытша препараттар жасау.

Методикалық жоба: Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау. Эвгленаның және трипанасоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу. Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару. Омыртқалы жануарлардың ішкі клеткалық паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу. Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.



Сұрақтар:

Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде?

Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі?

Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады?

Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай?

Цистаға айналу себептері неде?

Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы.

Стигманың фунциясы қандай?

Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары.

Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді?

Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі.

Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады?

Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)?

Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы?

Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде?

Ядролық дуализм дегеніміз не?

Коньюгацияның биологиялық мәні неде?

Инфузориялардың классификациясының негізі неде?



Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

2 МИКРОМОДУЛЬ «Губкалар және ішекқуыстылар типтері»

Тақырыбы: Губкалар типі. Ішекқуыстылар типі.

Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу. Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.

Тапсырмалар: Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың, ішекқуыстылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Методикалық жоба: Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.

Модульды Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу. Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.


Сұрақтар:

Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде?

Губкалардың клеткалары және олардың функциясы.

Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай?

Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді?

Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы.

Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй?

Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық).

Гидраның мекені және олар немен қоректенеді?

Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде?

Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады?



Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
3 МИКРОМОДУЛЬ «Құрттар бөлімі»

Тақырып: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері.

Мақсаты: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың өкілдерінің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар: Құрттардың әртүрлі топтарының құрылысымен, экологиясымен танысу.

Методикалық жоба: Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу. Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысына қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу. Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу. Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.

Сұрақтар:

Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа қандай мүшелер пайда болады?

Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты?

Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады?

Турбелляриялардың жүйке жүйесі.

Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі қандай?

Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде?

Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?

Аралық және негізгі ие дегеніміз не?

Партеногенез дегеніміз не?

Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар?

Таспа құртар қалай қоректенеді?

Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы.

Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?

Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай?

Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?

Жұмыр құрттардың маңызы.



  1. Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

  2. Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?

  3. Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?

  4. Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген?

  5. Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады?

  1. Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде?

  2. Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары.

  3. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері.

  4. Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.

  5. Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы.

  6. Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
4 МИКРОМОДУЛЬ «Буынаяқтылар типі»

Тақырып: Буынаяқтылар типі.

Тақырып: Шаянтәрізділер класы. Өрмекшітәрізділер класы. Насекомдар класы.

Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу. Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу. Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.

Тапсырмалар: Буынаяқтылар типінің әртүрлі кластарының ішкі және сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен, таралауымен танысу.

Методикаклық жоба: Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу. Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу. Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу. Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу. Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау. Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу. Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу. Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу. Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау. Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу. Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.

Сұрақтар:

  1. Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?

  2. Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.

  3. Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай?

  4. Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?

  5. Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.

  6. Дафнияның тіршілік циклі.

  7. Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не?

  8. Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.

  1. Хелицералылар тип тармағының негізгі белгілері неде?

  2. Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінң денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай?

  4. Өрмекші тәрізділердің практикалық маңызы қандай?

Насекомдардың басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан?

Абдоменде қандай аяқтар орналасқан?

Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады?

Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар?

Тесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?

Насекомдардың аяқтарының әртүрлі болуы неге байланысты?

Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы?

Насекомдардың зәр шығару мүшесі қандай?

Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не?

Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері?

Метаморфоз дегеніміз не?

Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?

Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай?

Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай?

Тарақандар отрядына тән белгілері қандай?

Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай?

Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай?



Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.

5 МИКРОМОДУЛЬ «Былқылдақденелілер типі»

Тақырып: Былқылдақденелілер типі.

Мақсаты: Былқылдақденелілердің алуан түрлілігін білу.

Тапсырма: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Методикалық жоба: Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай?

  2. Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?

  3. Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі.

  4. Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

  5. Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай?

  6. Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?

  7. Моллюскалардың практикалық маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

3. Курс жұмыстарының тақырыптары


  1. Су омыртқасыздарының экологиялық топтары.

  2. Омыртқасыздармен өсімдіктердің зақымдануы.

  3. Жер үсті-ауалы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары.

  4. Сулы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары.

  5. Шаянтәрізділер класының түрлік алуан түрлілілігі.

  6. Ксилобионттардың комплексі.

  7. Тұщы су қоймаларының зоопланктоны.

  8. Су омыртқасыздарының әртүрлі топтарының тыныс алуға бейімделу ерекшеліктері.

  9. Бунақденелілер - өсімдіктердің тозаңдандырушылары.

  10. Қоңыздар – копрофагтар.

  11. Азықтық өсімдіктің бір түрінде тіршілік ететін бунақденелілердің түрлік құрамы.

  12. Мәдени өсімідктердің маңызды зиянкестері және олармен күрес жолдары.

  13. Ескі кесілген ағаштарда кездесетін омыртқасыздар.

  14. Инеліктер, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы.

  15. Бал арасы, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және маңызы.

  16. Өрмекшілердің құрылыс ерекшеліктері және биологиясы, түрлік құрамы.

  17. Улы омыртқасыздар.

  18. Өсімдіктердің жарғаққанаттылармен тозаңдануы.

  19. Өсімдіктердің қосқанаттылармен тозаңдануы.

  20. Өсімдіктердің қатқылқанаттылармен тозаңдануы.

  21. Омыртқасыз жануарлардың қорғаныштық бейімделушіліктері.

  22. Қысқамұртты қосқанаттылардың түрлік құрамы.

  23. Жарғаққанаттылардың түрлік құрамы.

  24. Жартылай қатқылқанаттылардың түрлік құрамы.

  25. Қида кездесетін шыбындар.

  26. Тұщы су қоймаларының былқылдақденелілердің алуан түрлілігі.

  27. Насекомдар – энтомофагтар.

  28. Өзен шаянының құрылыс ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы.

  29. Топырақты ортадағы тіршілікке бунақденелілердің бейімделушіліктері.

  30. Топырақ омыртқасыздарының экологиялық топтары.

  31. Топырақ қатқылқанаттыларының комплексі.

  32. Жауын құрттарының топырақ түзілісіндегі ролі.

  33. Былқылдақденелілердің құрылыққа бейімделушіліктері. Олардың өсімдік қалдықтарын ыдыратудағы маңызы.

  34. Топырақ әртүрлі мөлшерлі категориядағы омыртқасыздардың тіршілік ету ортасы ретінде.

  35. Топырақ кенелері, олардың топырақпен байланысы.

  36. Қоғамдық бунақденелілер, олардың топырақпен байланысы.

  37. Көпаяқтылардың тіршілік әрекеттері, олардың топырақтағы ролі.

  38. Аяққұйрықтылар, немесе коллемболалар – ұсақ топырақ буынаяқтылары.


4. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
1 тапсырма: Бірклеткалы жануарлар.

1) Қауымды талшықтылардың көпклеткалы жануарлардың шығу тегін зерттеп білуде маңызы қандай? Палинтомиялық және монотомиялық қауымдар, ерекшеліктері.


2) Кестені толтыр. Паразиттік бірклеткалылар.


Паразит

Тудыратын аурулары

Жұғу жолдары

Күресу жолдары

Дизентерия амебасы










Лямблия










Ішек балантидиясы










Токсоплазма










Лейшмания










Безгек плазмодиі









3) Кестені толтыр. Амебалардың тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктерін салыстыру.




Амеба түрі

Тіршілік ету ортасы

Қоректенуі

Көбеюі

Таралуы

Амеба протей













Дизентерия амебасы












4) Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды? Мысалдар келтір. Е.Н. Павловскийдің еңбектері.


2 тапсырма: Губкалар және ішекқуыстылар типтері.
1) Губкалардың құрылыс ерекшеліктері.

2) Маржандардың жер рельефін түзуде ролі бар, оны қалай түсіндіруге болады? Рифтер түрлері.

3) Адамға қауіпті ішекқуыстылар.

4) Кестені толтыр. Ішекқуыстылардың кластарының салыстырмалы сипаттамасы.



Сипаттамалары

Гидроидтылар клдасы

Сцифомедузалар класы

Маржан полиптері класы

Өкілдері










Тіршілік ету ортасы










Тіршілік әрекеттері










Симметриясы










Дене пішіні










Қоректенуі










Ас қорыту жүйесі










Зәр шығару жүйесі










Жүйке жүйесі










Сезім мүшелері










Жыныс клеткаларының түзілуі










Даму стадиялары











3 тапсырма. Құрттар бөлімі.
1) Жалпақ құрттардың дернәсілдері қалай аталады және олар қандай өкілдеріне тән?

2) Азқылтанды құрттардың топырақ түзілісіндегі ролі қандай?

3) Төмендегі ауруларды қандай құрттар тудырады, сәйкес өкілдерінің атын жазыңдар:

Дракункулез –

Анкилостомоз-

Тениаринхоз-

Энтеробиоз--

Трихоцефалез -

Трихинеллез-

Описторхоз-

Дифиллоботриоз-

Декроцелиоз-

Аскаридоз--
4) Кестені толтыр. Паразиттік құрттар.


Гельминт түрі

Зақымдалатын мүшелер

Адамға жұғу жолдары

Негізгі және аралық иелері

Күрес және профилактика жолдары

Сібір сорғышы













Альвеококк













Трихинелла













Өкпе сорғышы












5) Кестені толтыр. Жұмыр құрттардың кластарының салыстырмалы сипаттамасы.




Сипаттамалары

Коловраткалар класы

Нематодтар класы

Өкілдері







Тіршілік ету ортасы







Тіршілік әрекеттері







Дене пішіні







Тері-ет қапшығы







Дене қуысы







Ас қорыту жүйесі







Зәр шығару жүйесі







Заттар тасымалы







Тыныс алуы







Тыныс алу мүшелері







Жүйке жүйесі







Сезім мүшелері







Жыныс жүйесі







Дамуы








4 тапсырма: Буынаяқтылар типі.
1) Кестені толтыр. Буынаяқтылардың кластарының салыстырмалы сипаттамасы.

Сипаттамалары

Шаянтәрізділер

Өрмекшітәрізділер

Бунақденелілер

Өкілдері










Тіршілік ету ортасы










Тіршілік әрекеттері










Дене құрылысы










Бас бөліміндегі мұртшалар










Аяқтарының типтері










Жабыны және бұлшық-ет жүйесі










Дене қуысы










Ас қорыту жүйесі










Зәр шығару жүйесі










Қан айналу жүйесі










Тыныс алу жүйесі










Жүйке жүйесі










Сезім мүшелері










Жыныс жүйесі










Дамуы









2) Шаянтәрізділерді кәсіптік мақсатта қолдану (түрлері, қандай елдер айналысады?).

3) Кестені толтыр. Бал арасының өнімдері және оларды қолдану.

Бал арасы өнімі

Өнімнің арада түзілуі (қалай? неден?)

Адам шаруашылығында қолдану аймағы

Ара балы







Ара балауызы







Гүл тозаңы (цветочная пыльца)







Прополис






Аналық сүті







Ара уы






4) Кестені толтыр. Бунақденелілер отрядтары.




Отряд

Өкілдері

Ауыз аппараты

Дамуы

Отрядқа тән белгі

Түзуқанаттылар













Теңқанаттылар













Қатқылқанаттылар













Инеліктер













Торқанаттылар













Қабыршаққанаттылар













Қосқанаттылар













Веснянкалар













Жарғаққанаттылар













Жартылайқатқылқанаттылар














Пән бойынша тест тапсырмалары.


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет