Умкд 042-18-35 82/01-20 Редакция №2



жүктеу 0.79 Mb.
бет4/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Жалпақ және жұмыр құрттар типтері

1. Ақ планарияның асқорыту жүйесі қандай бөліктерден тұрады?

А. ауыздан, жұтқыншақтан, тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;

В. ауыздан, жұтқыншақтан, екіге тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;

С. ауыздан, жұтқыншақтан, үшке тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;

Д. ауыздан және тұйық бітетін түтіктен тұрады;

Е. ауыздан, ортаңғы және артқы ішектен тұрады.
2. Кірпікшелі құрттар не арқылы тыныс алады?

А. желбезек арқылы;

В. бүкіл денесі арқылы;

С. өкпе арқылы;

Д. артқы ішегі арқылы;

Е. трахеялар арқылы.


3. Бауыр сорғыш құрттың “мирацидия” (кірпікшелі) дернәсілінің дамуы қайда өтеді?

А. негізгі иесінде;

В. аралық иесінде;

С. суда;

Д. ылғалды топырақта;

Е. құрлықта.


4. Бауыр сорғыш құрттың даму кезендерінің қайсысы “инвазилі” (жұқпалы) сатысы болып табылады?

А. жұмыртқа;

В. редия;

С. церкария;

Д. адолескария;

Е. мирацидия.


5.Сколексінде ілмектері бар және төрт сорғышы бар. Бұл белгілер қай құртқа тән?

А. жалпақ таспа құрт;

В. сиыр цепені;

С. шошқа цепені;

Д. майда таспа құрт;

Е. лигула.


6. Жалпақ таспа құрттың корацидия дернәсілі қайда дамиды?

А. ылғалды топырақта;

В. суда;

С. адамда;

Д. шаянда;

Е. балықта.


7. Адам қарулы цепенмен қалай залалданады (жұқтырады)?

А. қайнамаған су ішкенде;

В. жуылмаған көкөніс жегенде;

С. шала қуырылған сиыр етін жегенде;

Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде;

Е. дұрыс тұздалмаған балық етін жегенде.


8. Адам жалпақ таспа құртпен қалай залалданады (жұқтырады)?

А. қайнамаған су ішкенде;

В. жуылмаған көкөніс жегенде;

С. шала қуырылған сиыр етін жегенде;

Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде;

Е. дұрыс тұздалмаған немесе қуырылған балық етін жегенде.


9. Жалпақ құрттар типінің негізгі белгілерін атаңыздар.

А. парагастральды қуыстың болуы;

В. мезоглеяның болуы;

С. паренхиманың болуы;

Д. алғашқы қуыстың болуы;

Е. миксоцельдің болуы.


10. Сиыр цепені паразиттердің қай тобына жатады?

А. қанды паразиттер;

В. қуысты паразиттер;

С. ұлпалы паразиттер;

Д. жасушалық паразиттер;

Е. эктопаразиттер.

11. Қынап, екі тармақты жатын, екі тармақты жұмыртқа өткізгіш, жіп тәрізді жұмыртқа безі бар. Бұл қай құрттың жыныс жүйесі?

А. жұмыр құрттардікі;

В. буылтық құрттардікі;

С. сорғыш құрттардікі;

Д. таспа құрттардікі;

Е. көп қылтанды құрттардікі.


12. Жыныстық диморфизм қай құрттарда айқын байқалады?

А. буылтық құрттарда;

В. сорғыш құрттарда;

С. таспа құрттарда;

Д. жұмыр құрттарда;

Е. кірпікшелі құрттарда.


13. Жұмыр құрттардың дене қуысы:

А. аралас;

В. целом;

С. алғашқы қуыс;

Д. паренхимаға толы;

Е. парагастральды қуыс.


14. Паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым:

А. протистология;

В. гельминтология;

С. акарология;

Д. арахнология;

Е. энтомология.


15. Бала острицасының ұзындығы:

А. 10 мм;

В. 5-10 см;

С. 10-18 мм;

Д. 35-50 мм;

Е. 32-100 см.


16.Трематодтар үшін қоректенудің қандай типі тән?

А. фитофагия;

В. зоофагия;

С. некрофагия;

Д. сапрофагия;

Е. капрофагия.


17. Тері-бұлшық ет қапшығы дегеніміз не?

А. эпителиймен паренхиманың жиынтығы;

В. эпителиймен базальды жарғақтың жиынтығы;

С. эпителиймен зәр шығару жүйесінің жиынтығы;

Д. эпителиймен бұлшық ет талшықтарының жиынтығы;

Е. эпителиймен асқорыту жүйесінің жиынтығы.


18. Бауыр сорғыш құрттың партеногенез жолымен дамитын сатылары қайда өтеді?

А. негізгі иесінде;

В. аралық иесінде;

С. суда;

Д. ылғалды топырақта;

Е. құрлықта.


19. Адам қарусыз цепенмен қалай залалданады (жұқтырады)?

А. қайнамаған су ішкенде;

В. жуылмаған көкөніс жегенде;

С. шала қуырылған сиыр етін жегенде;

Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде;

Е. дұрыс тұздалмаған балық етін жегенде.


20. Денесі бунақталмаған, дене қуысы және артқы ішегі бар, дара жынысты. Бұл ерекшеліктер қандай құрттарға тән?

А. жұмыр құрттарға;

В. буылтық құрттарға;

С. сорғыш құрттарға;

Д. аз қылтанды құрттарға;

Е. көп қылтанды құрттарға.


21. Бауыр сорғыш құрт:

А. ұлпалы паразит;

В. эктопаразит;

С. қанды паразит;

Д. өкпе паразиті;

Е. қуыс паразиті.


22. Жалпақ құрттар типіне қандай зәр шығару мүшелері тән?

А. протонефридия;

В. метанефридия;

С. целомодукт;

Д. бүйрек;

Е. антеннальды без.


23. Бауыр сорғыштың ас қорыту жүйесінің құрылысы:

А. ауыз тесігі, жұтқыншақ, тұйық бітетін тарамдалған ішек;

В. ауыз тесігі, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі;

С. ауыз тесігі, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі;

Д. ас қорыту вакуольдер;

Е. ас қорыту жүйесі жоқ.


24. Екі жақты симметриялы, экто-энто-мезо-дермадан тұрады, денесі тері-ет қапшығымен жабылған, тері-ет қапшығының жиырылуы арқылы қозғалады. Бұл белгілер төмендегі топтардың қайсысына тән?

А. өрмекшітәрізділерге;

В. ішекқуыстыларға;

С. құрттарға;

D. буынаяқтыларға;

Е. былқылдақденелілерге.


Буылтық құрттар типі

1. Төмендегі топтардың қайсысында алғаш рет қан айналу жүйесі пайда болды?

А. буылтық құрттарда;

В. сорғыш құрттарда;

С. таспа құрттарда;

Д. жұмыр құрттарда;

Е. кірпікшелі құрттарда.
2. Параподиялар – қарапайым аяқтар алғаш рет төмендегі

топтардың қайсысында пайда болды?

А. аз қылтанды құрттарда;

В. көп қылтанды құрттарда;

С. жұмыр құрттарда;

Д. кірпікшелі құрттарда;

Е. таспа құрттарда
3. Буылтық құрттардың ерекшелігі?

А. аралас қуыстың болуы;

В. целом қуысының болуы;

С. алғашқы қуыстың болуы;

Д. паренхиманың болуы;

Е. мезоглеяның болуы.


4. Сүліктер паразиттердің қай тобына жатады?

А. қанды паразиттер;

В. эктопаразиттер;

С. қуысты паразиттер;

Д. ұлпа паразиттері;

Е. жасуша паразиттері.


5. Буылтық құрттар типінің өкілдеріне симметрияның қай түрі тән?

А. екі жақты;

В. радиальды;
С. асимметрия;
Д. екі сәулелі;
Е. симметрия жоқ.
6. Жұмыр құрттармен салыстырғанда буылтық құрттардың өзіне тән қандай ерекше белгісі бар?

А. денесі жоғарыдан төменге қарай жалпайған;

В. дене жамылғысында кірпікшелер бар;
С. қай айналым жүйесі бар;
Д. көпшілігі паразитті тіршілік етеді;
Е. дене қуысы бар, ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады.
7. Қоректену сипаты бойынша жауын құрттары жануарлардың қай тобына жатады?

А. жыртқыштар;

В. өсімдік паразиті;
С. жануарлар паразиті;
Д. ыдыраған өсімдік қалдықтарымен қоректенушілер;
Е. ыдыраған жануар қалдықтарымен қоректенушілер.
8. Жауын құртының ас қорыту жүйесінің құрылысы:

А. ауыз тесігі, жұтқыншақ, тұйық бітетін тарамдалған ішек;

В. ауыз тесігі, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі;

С. ауыз тесігі, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі;

Д. ас қорыту вакуольдері бар;

Е. ас қорыту жүйесі жоқ.


9. Буылтық құрттардың қан айналым жүйесі қандай қызмет атқарады?

А. қоректік;

В. көбею;
С. зәр шығару;
Д. тірек;
Е. қорғаныс.
10. Буылтық құрттар тыныс алады:

А. желбезекпен;

В. өкпемен;

С. кеңірдекпен желбезекпен және өкпемен;


Д. бүкіл денесімен;
Е. кеңірдекпен.
11. Нереида қай кластың өкілі:

А. көпқылтанды құрттар;

В. сорғыштар;
С. азқылтанды;
Д. жұмыр құрттар;
Е. сүліктер.
12. Сүлік қай кластың өкілі:

А. көпқылтанды құрттар;

В. сорғыштар;
С. азқылтанды;
Д. жұмыр құрттар;
Е. сүліктер.
13. Жауын құрты қай кластың өкілі:

А. көпқылтанды құрттар;

В. сорғыштар;
С. азқылтанды;
Д. жұмыр құрттар;
Е. таспа құрттар.
14. Теңізде тіршілік ететін құрттарға жатады.

А. көпқылтанды құрттар;

В. сорғыштар;
С. азқылтанды;
Д. жұмыр құрттар;
Е. таспа құрттар.
15. Нереиданың денесі қандай бөлімдерден тұрады?

А. бас, кеуде, құрсақ;

В. бас, тұлға, аяқ;

С. бас, сегменттелген тұлға, пигидий;

Д. баскеуде, құрсақ;

Е. тұмсық, жаға, тұлға.




  1. Аннелидтер типінің өкілдеріне қандай жүрек типі тән?

А. жүрек жоқ;

В. арқа-қан тамыры;

С. көп камералы жүрек;

Д. екі камералы жүрек;

Е. үш камералы жүрек.
Былқылдақденелілер типі
1.Былқылдақденелілер типінің құрылысының ерекшелігі неде?

А. локомоторлы мүше - аяғының болуы;

В. буындалған аяқ;

С. бас, кеуде және құрсағының болуы;

Д. бақалшақ, мантия және бұлшық етті аяқ;

Е. жалғанаяқтың болуы.


2.Кәдімгі тоспа ұлуы ……тіршілік етеді.

А. тұщы су қоймаларының түбінде;

В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын;

С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде;

Д. су өсімдіктері мен тоған, көл, ағыны баяу өзен суларының бетінде;

Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде.


3.Қошқармүйіз ……тіршілік етеді.

А. тұщы су қоймаларының түбінде;

В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын;

С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде;

Д. су өсімдіктері мен тоған, көл, ағыны баяу өзен мен жылға суларының бетінде;

Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде.


4.Айқұлақ……тіршілік етеді.

А. тұщы су қоймаларының түбінде;

В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын;

С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде;

Д. құрлықта;

Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде.


5.Мидиялар, устрицалар ……тіршілік етеді.

А. тұщы су қоймаларының түбінде;

В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын;

С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде;

Д. құрлықта;

Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде.


6.Кальмарлар, каракатицалар, сегізаяқтар ……тіршілік етеді.

А. тұщы су қоймаларының түбінде;

В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын;

С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде;

Д. құрлықта;

Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде.


7.Шырыштар, жүзім ұлуы ……тіршілік етеді.

А. тұщы су қоймаларының түбінде;

В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын;

С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде;

Д. құрлықта;

Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде.


8. Былқылдақденелілердің бақалшағы қандай қызмет атқарады?

А. сыртқы қаңқа қызметін;


В. жануар денесін кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды;

С. газ алмасу мүшесі болып табылады;

Д. организмді сыртқы ортаның механикалық және химиялық әсерінен қорғайды.
9. Суда тіршілік ететін айқұлақ және басқа да былқылдақденелілер ненің көмегімен тыныс алады?

А. желбезектердің;

В. өкпе қапшықтарының;

С. кеңірдектің;

Д. желбезек, өкпе қапшығы және кеңірдектің;

Е. өкпе қапшығы мен кеңірдектің.


10. Құрлық былқылдақденелілерінде тыныс алу қызметін атқарады:

А. желбезектер;

В. өкпе;

С. кеңірдек;

Д. желбезек және өкпе;

Е. бүкіл денесі.


11.Былқылдақденелілердің қанайналым жүйесі:

А. тұйық, екі негізгі: арқа және құрсақ қантамырларынан;

В. ашық және жүрегі бар;

С. ашық және үш камералы жүрегі бар;

Д. ашық және екі камералы жүрегі бар;

Е. ашық және көп камералы жүрегі бар.


12.Былқылдақденелілердің қанайналым жүйесі қандай қызмет атқарады?

А. қоректік;

В. гомеостазды қамтамасыз ету;

С. зәр шығару;

Д. тірек;

Е. қорғаныс.


13.Былқылдақденелілерде зәр шығару қызметін атқарады…

А. протонефридиялар;

В. жұп бүйрек (жасыл бездер);

С. зәр шығару түтіктері;

Д. зәр шығару түтіктері және бүйректер;

Е. бүйректер.


14.Айқұлаққа қандай жыныс мүшесі тән?

А. дара жынысты;

В. гермафродитті;

С. дамымаған;

Д. жыныссыз.
15. Айқұлақ, устрицалар және мидия қай кластың өкілідері?

А. бауыраяқтылар;

В. басаяқтылар

С. қосжақтаулылар;

Д. азқылтандылар;

Е. көпқылтандылар.


16. Кальмар, сегізаяқ және каракатица қай кластың өкілдері?

А. бауыраяқтылар;

В. басаяқтылар;

С. қосжақтаулылар;

Д. азқылтандылар;

Е. көпқылтандылар.


17. Былқылдақденелілердің құрттардан айырмашылығы:

А. денесі кірпікшелі жамылғымен жабылған, ұзарған;

В. денесі мантиямен және бақалшақпен жабылған, ұзармаған;

С. денесі сегменттелген;

Д. денесі радиальды симметриялы;

Е. сезім мүшелері бар басы, кутикуламен жабылған денесі бар.


18. Қосжақтаулы былқылдақденелілердің бауыраяқтылардан айырмашылығы неде?

А. көздері мен басының болуы;

В. аяғының болуы;

С. мантияның болуы;

Д. қармалауыштары мен көзі бар басының болмауы;

Е. бақалшағының болуы.


19. Басаяқты былқылдақденелілердің бауыраяқтылардан айырмашылығы неде?

А. басының болуы;

В. аяғы сорғыштары бар қармалауышқа айналған, ол басында орналасқан және ауыз тесігін қоршап тұрады;

С. мантияның болуы;

Д. қармалауыштары мен көздері бар басының болмауы;

Е. бақалшағының болуы.


20. Қандай былқылдақденелілер судың табиғи тазартқыштары болып табылады?

А. жүзім ұлуы;

В. шырыштар;

С. айқұлақ;

Д. үлкен және кіші тоспа ұлуы;

Е. қошқармүйіз.


21.Тоспа ұлу қай кластың өкілі?.

А. бауыраяқтылар;

В. басаяқтылар;

С. қосжақтаулылар;

Д. азқылтандылар;

Е. көпқылтандылар.


22. Былқылдақденелілердің қозғалу мүшесі…..

А. аяқ;


В. параподия;

С. қылтандары;

Д. жүзгіш аяқтары;

Е. жалған аяқтары.


23. Қандай былқылдақденелілер кеменің су астындағы ағаштан жасалған бөлімін тесіп, оларды бұзады?

А. устрица;

В. шырыштар;

С. мидия;

Д. кеме құрты;

Е. қошқармүйіз.


24.Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін былқылдақденелілерді атаңыздар?

А. устрица;

В. жүзім ұлуы;

С. мидия;

Д. кеме құрты;

Е. қошқармүйіз.


25.Кейбір қосжақтаулылардың мантиясы мен бақалшағының арасында не түзіледі?

А. маржан;

В. інжу;

С. янтарь;

Д. дәрілік зат;

Е. фарфор.


26.Қандай кәсіптік былқылдақденелілерді арнайы өсіреді?

А. устрица, мидия;

В. жүзім ұлуы;

С. үлкен және кіші тоспа ұлуы;

Д. кеме құрты;

Е. қошқармүйіз.


27. Жұтқыншақ, (радуласы-үгіткіші бар) сілекей безі, бауыр-

төмендегі жануарлардың қайсысында алғаш рет пайда болды?

А. аз қылтанды құрттарда;

В. көп қылтанды құрттарда;

С. моллюскаларда;

Д. желбезек тыныстыларда;

Е. трахеялыларда.
28.Моллюскаларды зерттейтін ғылым:

А. акарология;

В. энтомология;

С. арахнология;

Д. малакология;

Е. гельминтология.



Буынаяқтылар типі

1. Денесі аяқ орналасқан сегменттерден тұрады. Гетерономды метамерия тән. Аяқтары түрі өзгерген параподиялар. Хитинді кутикуласы және көлденең салалы ет талшықтары болады. Дене қуысы миксоцель. Жүрегі арқасында орналасқан. Қан айналу жүйесі ашық. Бұл ерекшеліктер қай типке тән?

А. алғашқы қуыстылар типіне;

В. буынаяқтылар типіне;

С. былқылдақ денелілер типіне;

Д. жалпақ құрттар типіне;

Е. буылтық құрттар типіне.
2. Мальпигий түтікшелері алғаш рет қай типте пайда болды?

А. жұмсақ денелілер типінде;

В. жалпақ құрттар типінде;

С. жұмыр құрттар типінде;

Д. буылтық құрттар типінде;

Е. буынаяқтылар типінде.


3. Шаянтәрізділердің денесі қандай бөлімдерден тұрады?

А. бас, кеуде, құрсақ;

В. бас, тұлға, аяқ;

С. бас, сегменттелген тұлға, пигидий;

Д. баскеуде, құрсақ;

Е. тұмсық, жаға, тұлға.


4. Буынаяқтылар үшін қандай симметрия типі тән?

А. винтті;

В. шар симметриясы;

С. радиальды симметрия;

Д. сәулелі симметрия;

Е. билатеральды симметрия.


5. Өрмекшілердің жүру аяқтары қанша жұп?

А. бір жұп;

В. екі жұп;

С. үш жұп;

D. төрт жұп;

Е. бес жұп.


6. Төмендегі буынаяқтылардың қайсысының дене сегменттері жойылып кеткен?

А. құршаян;

В. жалған құршаян;

С. кене;


Д. өрмекші;

Е. пішенші.


7. Өрмекші тәрізділердің аяқтарының жалпы саны қанша?

А. үш жұп;

В. төрт жұп;

С. алты жұп;

Д. сегіз жұп;

Е. он тоғыз жұп.


8.Төмендегі отрядтардың қайсысы толық түрленіп дамиды?

А. жарғаққанаттылар отряды;

В. тарақандар отряды;

С. түзуқанаттылар отряды;

Д. қандалалар отряды;

Е. инеліктер отряды.


9. Алдыңғы аяғы ұстағыш типке жатады. Сирағының іш жағы тісшелерден тұрады. Бұл ерекшелік қай отрядтың өкіліне тән?

А. термиттер отрядына;

В. түзуқанаттылар отрядына;

С. дәуіттер отрядына;

Д. жартылай қатты қанаттылар отрядына;

Е. қатты қанаттылар отрядына.


10. Аралар, құмырсқалар, шаншарлар, жұмыртқа жегіштер қай отрядқа жатады?

А. қатты қанаттылар отрядына;

В. жарғақ қанаттылар отрядына;

С. тозаң қанаттыллар отрядына;

Д. жартылай қатты қанаттылар отрядына;

Е. түзу қанаттылар отрядына.


11. Төмендегі насекомдардың қайсысының ауыз аппараты тескіш-сорғыш типке жатады?

А. үй шыбыны;

В. адам бүргесі;

С. капуста ақ көбелегі;

Д. бал арасы;

Е. шаншар.


12. Тайга энцефалитінің қоздырғышын адамға қандай буынаяқтылар тасымалдайды?

А. қансорғыш масалар;

В. соналар;

С. шіркейлер;

Д. кенелер;

Е. бүргелер.


13. Несекомдардың зәр шығару мүшесі.

А. протонефридия;

В. метанефридия;

С. целомодукт;

D. бүйрек;

Е. мальпигий түтікшелері.


14. Төмендегі өрмекші тәрізділердің қайсысының денесі көптеген сегменттерден тұрады?

А. өрмекші;

В. кене;

С. құршаян;

Д. жалған құршаян;

Е. пішенші.

15.Қарақұрт қай отрядқа жатады?

А. құршаяндарға;

В. жалған құршаяндарға;

С. пішеншілерге;

Д. өрмекшілерге;

Е. кенелерге.


16. Төмендегі отрядтардың қайсысы шала түрленіп дамиды?

А. қоныздар отряды;

В. тор қанаттылар отряды;

С. көбелектер отряды;

Д. қандалалар отряды;

Е. бүргелер отряды.


17. Қансорғыш насекомдар - маса, сона, шіркей, құмыты, үнсіз маса қай отрядтың өкілдері?

А. торқанаттылар отрядының;

В. жарғаққанаттылар отрядының;

С. тең қанаттылар отрядының;

Д. қос қанаттылар отрядының;

Е. түзу қанаттылар отрядының.


18. Көкірек бөлігі бунақталмаған, қанаты жоқ. Жылы қанды жануарлардың паразиті. Бұл насеком қай отрядтың өкілі?

А. қандалалар отрядының;

В. бүргелер отрядының;

С. биттер отрядының;

Д. тозаң қанаттылар отрядының;

Е. мамық жегіштер отрядының.


19. Ауыз аппараты спираль тәрізді оралған тұмсық. Денесі, қанаты қабыршақтармен қапталған. Бұл ерекшеліктер қай отрядқа тән?

А. көбелектер отрядына;

В. тең қанаттылар отрядына;

С. жарғақ қанаттылар отрядына;

Д. қос қанаттылар отрядына;

Е. бүргелер отрядына.


20. Сорғыш түтік тәрізді ауыз аппараты қай отрядқа тән?

А. көбелектер;

В. қандалалар отрядына;

С. биттер отрядына;

Д. инеліктер отрядына;

Е. жарғаққанаттылар отрядына.


21. Төмендегі топтардың қайсысы қанатсыз насекомдарға жатады?

А. қандалалар;

В. биттер;

С. жарғаққанаттылар;

Д. түзуқанаттылар;

Е. қосқанаттылар.


22. Ызылдауық насекомдардың қай отрядының өкілдеріне тән?

А. бүргелер отрядына;

В. қосқанаттылар отрядына;

С. қоңыздар отрядына;

Д. көбелектер отрядына;

Е. қандалалар отрядына.


23. Төмендегі буынаяқтылардың адамға ең қауіптісі қайсысы?

А. құршаян;

В. қара құршаян;

С. қарақұрт;

Д. бүйі;

Е. крест өрмекші.


24. Насекомдардың қайсысы толық түрленіп дамиды?

А. тарақандар;

В. қандалалар;

С. инеліктер;

Д. түзу қанаттылар;

Е. көбелектер.

25. Көбелектердің ауыз аппараты…

А. кеміргіш;

В. сорғыш;

С. тесіп-сорғыш;

Д. жалағыш;

Е. тесіп-жалағыш.


26. Көбелектерге қандай дернәсіл типтері тән?

А. нимфа;

В. наяда;
С. жұлдызқұртт;
Д. құрттәрізді;
Е. аяқсыз құрттәрізді.
27. Қандай насекомдар жануарлардың эндопаразиттері болып табылады?

А. шаншарлар, бөгелектер;

В. қандалалар, масалар;
С. галлицалар;
Д. түзуқанаттылар дернәсілдері;
Е. қабықжегіштер.
28. Бөгелектердің қандай маңызы бар?

А. жануарлардың мұрын және ауыз қуыстарында, жараларында паразитті тіршілік етеді;

В. жапырақ пен сабақ маңайында жүреді;
С. өсімдіктердің шырынымен қоректенеді;
Д. ағаш қабығын бүлдіреді;
Е. тозаңдандырушылар болып табылады.

29. Мимикрия – дегеніміз:

А. тіршілік циклінің типі;

В. даму типі;


С. дененің арнайы түсі мен формасында көрінетін сыртқы ортаға реакция;
Д. белгілі бір модельдерге еліктеу (подражание);
Е. метаморфоз типі.

1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет