Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»



жүктеу 162.29 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі162.29 Kb.
: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер
fikh -> Ажырасудың Исламдағы үкімі
Кітапшаны өзіңізбен бірге алыңыз! Кітапшаны өзіңізбен бірге алыңыз!

Кітапшаны өзіңізбен бірге алыңыз!



УМРА МЕН ҚАЖЫЛЫҚ

жасаушыларға арналған жаднама
Дайындаған Дамир Хайруддин

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған



«Абу Ханифа мирасы»

сайтының редакциясы



بسم الله الرحمن الرحيم
МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР
УМРА:

Меккеге келген бойда
ҚАЖЫЛЫҚ:

8-ші зул-хижа – ихрам халіне кіру, Мина алқабына келіп түсу.

9-шы зул-хижа – Арафатта тұру, Муздалифада түнеу.

10-шы зул-хижа – Үлкен бағанаға (Жамрат әл-ақабаға) тас лақтыру, құрбан шалу, басты қыру, Қағбаның негізгі тауапын орындау.

11-ші, 12-ші және13-ші зул-хижа – Мина алқабында болу, үш бағанаға (жамаратқа) тас лақтыру.
УМРАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ:
Ихрам халіне кіру үшін арнайы белгіленген орында (микат) ихрамға кіріңіз.
Ихрамға кіру
Ихрам халіне кірерде мына сөздерді айтыңыз:

لبيك اللهم بعمرة



«Ләббайка Аллаһумма би-умра»

(«Міне, мен Сенің алдыңда, уа, Аллаһ, умра орындап тұрмын»).


Жүзіңізді Қыблаға қаратып, былай деп айтыңыз:

اللهم هذه عمرة لا رياء فيها ولا سمعة



«Аллаһумма һазиһи умра, лә рийа фиһа уа лә сум’а»

(«Уа, Аллаһ, бұл умра, онда көзбояушылық пен атақ-данққа ұмтылу жоқ!»)


Тәлбия
Содан соң көтеріңкі дауыспен тәлбия айтуды бастаңыз:

لبيك اللهم لبيك لبيك لا شريك لك لبيك إن الحمد والنعمة لك والملك لا شريك لك



«Ләббәйк Аллааһумма ләббәйка! Ләббәйка ләә шәрика ләка ләббәйка! Иннәл хамда уа ниъмата ләка уәл мулк, ләә шәриика ләка»

(«Міне, мен Сенің алдыңдамын, уа, Аллаһ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Міне, мен Сенің алдыңдамын, әрі Сенің серігің жоқ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Ақиқатында, бүкіл мақтау Саған лайық, әрі бүкіл игілік пен билік Сенде!»)


Меккенің харам аумағына жетіп келісіңізбен, Меккенің үйлерін көрген бойда тәлбия айтуды тоқтату керек.
Мешітке кіруде айтылатын дұға
Әл-Харам Мешітіне оң аяқпен кіріп, мына дұғаны айтыңыз:

اللهم صل على محمد وسلم اللهم افتح لي أبواب رحمتك

«Аллаһумма, салли ‘алә Мухаммадин уа саллим! Аллаһумма, ифтах ли абуаба рахматика!»

(«Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілілігің мен сәлеміңді сыйлай гөр! Уа, Аллаһ, мен үшін рахметіңнің есігін аша гөр!»)


Қағбаны жеті рет айналу (тауап жасау) рәсімін бастаңыз
Қара тасқа қарай жүріңіз. Егер Қара тасты сипауға мүмкіндік болмаса, оған жүзіңізді қаратыңыз да, оған қарай қолыңызды созып, тәкбір айтыңыз:

الله أكبر

«Аллаһу әкбар»

(«Аллаһ Аса Ұлы!»)


Қағбаны жеті рет айналуды (тауапты) Қара тастан бастаңыз. Қара тастан қара тасқа дейін жүру бір айналым болып саналады. Әрбір жаңа айналымды бастарда Қара тасқа қарай қолыңызды созып, тәкбір айтасыз. Қағбаның осы тауапын жасауда ер кісілер оның басынан аяғына дейін оң иығын жалаңаш етуге тиіс. Қара тастан Қара Тасқа дейінгі алғашқы үш айналымды ер кісілер жылдам жүріспен айналулары керек, ал қалған төртеуін әдеттегі жүріспен айналады. Мүмкіндік болса, әр айналымда Йемен бұрышына қол тигізіп өтіңіз. Йемен бұрышы мен Қара Тастың арасынан әрбір жүріп өткен кезде мына дұғаны айту керек:

ربنا آتنا في الدنيا حسنة وفي الآخرة حسنة وقنا عذاب النار

«Раббана, әтина фи дуния хасанатан уа фил-ахирати хасанатан уақина `азабан-нар»

Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, Ақыретте де игілігіңді сыйла гөр әрі бізді От азабынан қорға!» («әл-Бақара» сүресі, 201-аят).


Қағбаны тауап жасағаннан кейінгі намаз және Зәм-зәм суын ішу
Қағбаны жеті рет айналып болған соң, ер кісі өзінің оң иығын жабады. Кейін Ибраһимнің тұрған орнына қарай жүріңіз де, былай деп айтыңыз:

وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلّىً

«Уат-тахизу мим мақами Ибраһима мусаллә»

(«Ендеше, Ибраһимнің (тұрған) орнын намаз оқитын орын етіп ал» («әл-Бақара» сүресі, 125-аят).


Мүмкіндік болса, Ибраһимнің орнының артында немесе әл-Харам Мешітінің кез-келген жерінде екі ракағат намаз оқыңыз. Алдыңызды ешкім кесіп өтпеу үшін, бөгет (сутра) қоюды ұмытпаңыз. Бірінші ракағатта «әл-Фатиха» сүресінен кейін «әл-Кәфирун» сүресін оқыңыз, ал екінші ракағатта «әл-Фатиха» сүресінен кейін «әл-Ихлас» сүресін оқыңыз.
Намазды аяқтап болған соң, Зәм-зам бұлағына барып, су ішіңіз және сол судан аздап басыңызға да құйыңыз.
Қара тасқа қайта барып, оған қолыңызды созып, тәкбір айтыңыз.
Әс-Сафа мен әл-Маруа төбелерінің арасын жүріп өту рәсімі (сай)
Әс-Сафа мен әл-Маруа төбелерінің арасынан жеті рет жүріп өту (сай) рәсімін орындау үшін әс-Сафаға қарай бет алыңыз. Сайды әс-Сафа төбесінің алдынан бастаңыз. Әс-Сафаға жақындай келе, былай деп айтыңыз:

إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ بِهِمَا وَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْراً فَإِنَّ اللَّهَ شَاكِرٌ عَلِيمٌ

«Иннас-Сафа уәл-Маруа мин шә’аири-Лләһ, фәман хажжәл-бәйта әу иътәмәра фәлә жунаха аләйһи әй-й-йаттаууафа биһима, уа мән татаууаа хайран фә-инна Ллаһа Шәәкирун ‘Алим»
(«Ақиқатында, әс-Сафа мен әл-Маруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Кім Қағбаға қажылық, не умра жасаса, сол егер олардың арасын жүріп өтсе, күнә жасамайды. Ал кім ерікті түрде игі амал істесе, онда Аллаһ – Қайырымды (әш-Шәәкир), Білуші (әл-`Алим («әл-Бақара» сүресі, 158-аят)).
Кейін былай деп айтыңыз:

نبدأ بما بدأ الله به

«Нәбда’у би-ма бәда’а Ллаһу биһ»

«Біз Аллаһ бастағаннан бастаймыз».


Әс-Сафа төбесіне шығып, жүзіңізді Қағбаға қаратып, былай деп айтыңыз:

الله أكبر الله أكبر الله أكبر .
لا إله إلا الله وحده لا شريك له له الملك وله الحمد يحيي ويميت

وهو على كل شيء قدير،
لا إله إلا الله وحده لا شريك له أنجز وعده ونصر عبده وهزم الأحزاب وحده
«Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһа иллә Ллаһу уаһдаһу лә шәрика ләһу! Ләһул мулку уа ләһул хамду йухьйи уа йумиту уа һуа ‘алә кулли шәй’ин қадир! Лә иләһа иллә Ллаһу уахдаһу лә шәрика ләһу әнжаза уаъдаһу уа нәсара ‘абдаһу уа һаза мәл әһзаба уахдаһу»

(«Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы!Аллаһ ұлы! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, (Ол) серігі жоқ Жалғыз! Билік пен мақтау-мадаққа Ол ғана лайық, Ол тірілтеді және өлтіреді, әрі Ол барлық нәрсеге құдіретті! Серігі жоқ Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ! Ол уәдесін орындады, құлына көмектесті және жалғыз Өзі дұшпан тайпаларды талқандады!»).

Осы сөздерді үш рет қайталаңыз. Екінші және үшінші рет айтудың арасында қалаған дұғаларыңызды айтыңыз. Үшінші реттен кейін дұға айтылмайды.
Кейін әс-Сафа төбесінен төмен түсіп, сай рәсімін бастап, әл-Маруа төбесіне қарай жүресіз. Әс-Сафадан әл-Маруаға дейін бару бір жүріп өту болып есептеледі. Әл-Маруа төбесінде тура әс-Сафа төбесінде істелген нәрселерді істеу керек, яғни Қағбаға жүз бұрасыз, тәкбірлер мен таухид куәлігін айтасыз да, Аллаһқа дұға етіп жалбарынасыз. (Кейін тағы да әс-Сафаға қарай жүресіз, әрі осы үлгімен екі төбе арасын жүріп өту санын жетіге жеткізесіз).
Жасыл түсті белгіге жеткен кезде, ер кісілер екінші белгіге дейін жүгіріп өтулері қажет. Қалған арақашықтықты жай жүріспен өтесіз. Сай рәсімін жасау барысында Аллаһқа мына дұға арқылы жалбарынуға болады:

رب اغفر وارحم إنك أنت الأعز الأكرم

«Рабби-ғфир уа-рхам, иннәка әнтәл-А’аззу-л-Әкрам»

«Раббым, кешір және рақым ет, ақиқатында, Сен Ұлы әрі Жомартсың!»


Мешіттен шықанда айтатын дұға
Жетінші рет жүріп өтуді әл-Маруа төбесінде аяқтап болған соң, әл-Харам мешітінен сол аяқпен шығып, мына дұғаны айтыңыз:

اللهم صل على محمد وسلم اللهم اني أسألك من فضلك

«Аллаһумма, салли ‘алә Мухаммадин уа саллим! Аллаһумма, инни асалюка мин фадлика!»

(«Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілігің мен сәлеміңді сыйлай гөр! Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен Сенен игілігіңді тілеймін!»)


Басты қыру немесе шашты қысқарту
Кейін ер кісі басындағы шашын біртегіс етіп қысқартады, немесе қырып тастайды, ал әйел кісі үш саусақ ұзындығындағы шашын қырқады.
Ескертпе: Қажылыққа келгендер үшін умрадан соң шашын қысқартқандары жақсырақ, өйткені егер шаш қажылыққа дейін өспейтіндей болса, қажылықта тағы басты қыру (үшін шаш) керек болады. Қажылыққа емес, тек умраға келгендер үшін басты қырған жақсырақ.
Ихрам халінен толық шығу
Осымен умра аяқталады. Ер кісілер ихрам киімдерін шешеді. Ихрам халіндегі шектеулер түседі. Енді 8-зул-хижа күні басталатын қажылықты күту керек болады.
ҚАЖЫЛЫҚ
Зул-хижа айының 8-ші күні (әт-таруия күні)
Ихрам халіне кіру
Тұрып жатқан жеріңізде таң атқаннан кейін (фәжр) түске дейін (зухр) ихрам халіне кіріңіз. Қажылық жасауға ниет етіңіз де, мына сөздерді айтыңыз:

لبيك اللهم بحجّ



«Ләббайка Аллаһумма би-хажж»

(«Міне, мен Сенің алдыңда, уа, Аллаһ, қажылықты орындап тұрмын»).


Жүзіңізді Қыблаға қаратып, былай деп айтыңыз:

اللهم هذه حجة لا رياء فيها ولا سمعة



«Аллаһумма һазиһи хижа, лә рийа фиһа уа лә сум’а»

(«Уа, Аллаһ, бұл қажылық, онда көзбояушылық пен атақ-данққа ұмтылу жоқ!»)


Содан соң көтеріңкі дауыспен тәлбия айтуды бастаңыз да, оны (10-шы зул-хижа күні) Үлкен бағанаға тас лақтырғаныңызға дейін үнемі қайталап айтып жүріңіз:

لبيك اللهم لبيك لبيك لا شريك لك لبيك إن الحمد والنعمة لك والملك لا شريك لك



«Ләббәйк Аллааһумма ләббәйка! Ләббәйка ләә шәрика ләка ләббәйка! Иннәл хамда уа ниъмата ләка уәл мулк, ләә шәриика ләка»

(«Міне, мен Сенің алдыңдамын, уа, Аллаһ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Міне, мен Сенің алдыңдамын, Сенің серігің жоқ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Ақиқатында, бүкіл мақтау Саған лайық, әрі бүкіл игілік пен билік Сенде!»)


Мина алқабына қарай жылжу
Кейін асықпастан Мина алқабына қарай аттаныңыз және сонда бесін (зухр), екінті (аср), ақшам (мағриб), құптан (иша) намаздарын қысқартып, бірақ қоспай оқыңыз. Минада түнеңіз.
Зул-хижа айының 9-шы күні (Арафатта тұру)
Таң (фәжр) намазын Мина алқабында оқыңыз да, күн шыққан соң Арафат алқабына қарай жүріңіз. Тәлбия мен тәкбірді («Аллаһу әкбар») үнемі айтыңыз.
Арафат алқабына қарай жылжу
Мүмкіндік болса, Арафатқа жақын орналасқан Намира деген жерде тоқтап, сол жерде түске дейін болыңыз. Кейін (Арафаттың алдындағы) Урана деген уадиге қарай жол алыңыз. Имамның құтпасын тыңдаңыз, сосын бесін намазының уақыты кіргенде, онымен бірге бесін (зухр) мен екінті (аср) намадарын қысқартып және қосып оқыңыз. Осы екі намаздың екеуіне бір азан мен екі иқамат айтылады. Осы екі намаздың арасында нәпіл (сүннет) намаздар оқылмайды.
Арафатта тұру
Кейін Арафатқа қарай бет алыңыз да, сол жерде күн батқанға дейін болыңыз. Мүмкіндік болса, әр-Рахма тауының етегінде жатқан үлкен тастардың қасында тоқтаңыз. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда бүкіл Арафат алқабы (дұға етіп) тұратын орын болып табылады.
Арафатта тұрған кезде жүзді Қыблаға қарату керек және екі қолды жоғары көтеріп, Аллаһқа дұға етіп жалбарыну және тәлбия айту керек.

Сондай-ақ мына дұғаны айту да ерекше маңызды болып табылады:


لا إله إلا الله وحده لا شريك له له الملك وله الحمد وهو على كل شيء قدير
«Лә иләһа иллә Ллаһу уахдаһу лә шарика ләһу! Ләһул мулку уа ләһул хамду уа һууа ‘алә кулли шәй’ин қадир!»

Серігі жоқ Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ! Билік пен мақтау-мадаққа Ол ғана лайық, Ол тірілтеді және өлтіреді, әрі Ол барлық нәрсеге құдіретті!»)


Арафаттан Муздалифаға жылжу
Күн батқаннан кейін тыныштық сақтап, асықпастан Арафаттан Муздалифаға қарай жылжыңыз.
Муздалифада түнеу
Муздалифаға жеткен соң ақшам (мағриб) және құптан (иша) намаздарын қысқартып және қосып оқыңыз. Азан шақырылып, кейін иқамат айтылады да, үш ракағат ақшам (мағриб) намазы оқылады. Содан кейін иқамат шақырылып, құптан (иша) намазы екі ракағат етіп қысқартылып оқылады. Осы екі намаздың арасында қосымша намаздар оқылмайды. Кейін таңға дейін ұйықтап, дем алыңыз.
Зул-хижа айының 10-шы күші (Құрбан айт күні)
Таң (фәжр) намазын Муздалифада оның уақытының ең ерте бөлігінде оқыңыз.
Әл-Мәш’ар әл-Харамға қарай жүру
Кейін әл-Мәш’ар әл-Харамға (Муздалифада орналасқан тау) қарай жүріңіз, оған көтеріліп, жүзіңізді Қыблаға бұрыңыз. «Әл-хамду ли-Лләһ», - деп Аллаһты мақтап-мадақтаңыз, «Аллаһу әкбар», - деп Оны ұлықтаңыз және «Лә иләһа иллә Ллаһ», - деп таухид калимасын айтыңыз. Жарық түскенге дейін Аллаһқа дұға етіп жалбарыныңыз. Егер әл-Мәш’ар әл-Харамға бару мүмкін болмаса, онда осыларды Муздалифаның кез-келген жерінде істеуге болады.
Мина алқабына қарай жылжу
Кейін күн шыққанға дейін Муздалифадан Минаға қарай тыныштық сақтап жылжыңыз.
Үлкен Жамратқа тас лақтыру
Мина алқабына жеткен соң, онда Үлкен жамаратқа лақтыру үшін бұршақтан үлкендеу көлемдегі тастардан жеті тас жинап алыңыз. Тас лақтыру рәсімін мүмкіндігінше түске дейін орындап бітіріңіз. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда бұны түн түскенге дейін орындауға болады.
Мекке сіздің оң, ал Мәдина сол жағыңызда қалатындай етіп жүзіңізді Үлкен жамаратқа қаратыңыз.
Үлкен жамаратқа тасты бір-бірден лақтырыңыз. Әр лақтырғанда «Аллаһу әкбар» («Аллаһ ұлы») деп айтыңыз.
Ихрам халінен жартылай шығу
Соңғы тасты лақтырып болып, тәлбия айтуды тоқтатыңыз. Минадағы тұрар орныңызға қайтып келіп, күнделікті киіп жүрген киіміңізді киіп, хош иістерді себіңіз. Үлкен жамаратқа тас лақтырып болғаннан кейін ихрамдағы кісіге қойылатын жыныстық қатынастардан басқа барлық шектеулер түседі.
Құрбан шалу
Егер сіз мал құрбан шалу туралы сертификат сатып алған болсаңыз, бұл рұқсат етіледі. Ал егер сертификат алмаған болсаңыз, онда мал сойылатын орынға барып, құрбан шалыңыз.
Басты қыру
Құрбан шалып болған соң ер кісі басын қырып тастайды немесе шашын бір тегіс қысқартады (бірақ басты қырған абзалырақ), ал әйел адам шашынан үш бармақ ұзындығында қысқартады.
Қағбаны негізгі тауап жасау (тауаф әл-ифада)
Кейін Қағбаны негізгі тауап жасау үшін Меккеге аттаныңыз. Ихрам киімін киюдің қажеті жоқ. Әл-Харам Мешітіне кіріп, умра кезінде істеген рәсімдердің барлығын, яғни Мешітке кірердегі дұғаны, Қағбаны жеті рет айналуды (тауап), тауаптан кейінгі екі ракағат намазды, Зәм-зам бұлағынан су ішуді, әс-Сафа мен әл-Маруа төбелерінің арасын жеті рет жүріп өтуді, Мешіттен шыққандағы дұғаны орындаңыз.

Назар бұрыңыз: Бұл тауап басынан аяғына дейін жай жүріспен орындалады.


Ихрам халінен толық шығу
Әс-Сафа мен әл-Маруа төбелерінің арасын жүріп өту рәсімін орындап болған соң қажылық орындаушы ихрам халінен толық шығады. Ол ихрам халіндегі адамға қойылатын барлық шектеулерден босатылады.
10-шы зул-хижа күні Қағбаны негізгі тауап жасауға үлгермеген адамдардың назарына
Маңызыды! 10-шы зул-хижа күні күн батқанға дейін тас лақтырғанға дейінгі ихрам халіне қайта кіруі қажет! Ол өзінің күнделікті киімін шешіп, ихрам киімін киюі және Қағбаны негізгі тауап жасап болмайынша оны шешпеуі қажет! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендер осы Үйді тауап жасап үлгермей кеш батып қалса, онда Қағбаны тауап жасап болғандарыңа дейін тас лақтыруға дейінгі ихрам халіне қайта кіресіңдер», - деген (Әбу Дауд «Сунан» (№ 1999), Ибн Хузейма «Сахих» (№ 2958), әл-Хаким «Мустадрак» (№ 1800), әл-Бәйһақи «әс-Сунан әл-Кубра» (№ 9601).
Мина алқабына қайту
Қағбаны негігізгі тауап жасап болған соң Минадағы тұрғылықты орындарыңызға қайтыңыз.
Зул-хижа айының 11-ші, 12-ші және 13-ші күндері (әт-ташриқ күндері)
Минада болу
Әт-ташриқтің үш күнінде Минадағы тұрақты орындарыңызда түнеңіздер.
Үш жамаратқа тас лақтыру
Бұл рәсімді орындау уақыты түстен кейін басталады да, түн кіргенге дейін жалғасады. Күнде үш жамаратқа тас лақтыру үшін бұршақ көлеміндей 21 тас жинаңыз.
Тыныштық сақтап, тас лақтыру үшін бірінші жамаратқа жақындаңыз.

Кіші жамаратқа жүзіңізді қаратыңыз, осы орайда Мекке сол жағыңызда, ал Мәдина оң жағыңызда болатындай етіп тұрыңыз.

Кіші жамаратқа тастарды бір-бірден лақтырыңыз. Әр тасты лақтырған кезде: «Аллаһу әкбар», - деп айтыңыз (мағынасы: «Аллаһ ұлы»).

Бірінші жамаратқа тас лақтырып болған соң, Қыблаға жүзді бұрып, екі қолды көтере жайып, қалаған дұғаңызды тілеңіз.

Кейін тас лақтыру үшін тыныштық сақтап екінші жамаратқа барыңыз.

Ортаншы жамаратқа жүзіңізді қаратып, Мекке сол жағыңызда, ал Мәдина оң жағыңызда болатындай етіп тұрыңыз.

Ортаншы жамаратқа тастарды бір-бірден лақтырыңыз. Әр тасты лақтырған кезде: «Аллаһу әкбар», - деп айтыңыз (мағынасы: «Аллаһ ұлы»).

Екінші жамаратқа тас лақтырып болған соң, Қыблаға жүзді бұрып, екі қолды көтере жайып, қалаған дұғаңызды тілеңіз.

Кейін тас лақтыру үшін тыныштық сақтап үшінші жамаратқа барыңыз.

Үлкен жамаратқа жүзіңізді қаратып, Мекке сол жағыңызда, ал Мәдина оң жағыңызда болатындай етіп тұрыңыз.

Үлкен жамаратқа тастарды бір-бірден лақтырыңыз. Әр тасты лақтырған кезде: «Аллаһу әкбар», - деп айтыңыз (мағынасы: «Аллаһ ұлы»).

Үшінші жамаратқа тас лақтырып болған соң, алғашқы екі жамараттағыдай дұға етпей, жүріп кете бересіз.


Бұл рәсім әт-ташриқтің үш күнінің барлығында орындалады. Тас лақтыру рәсімдерін аяқтап болған соң, 13-ші зул-хижа күні Меккеге ораласыз.
Қағбаны қоштасу тауап жасау

Отаныңызға аттанар алдында Қағбаны қоштасу тауап жасау қажет. Ихрам киюдің қажеті жоқ. Әл-Харам Мешітіне кіріп, умра кезінде істеген рәсімдердің барлығын, яғни Мешітке кірердегі дұғаны, Қағбаны жеті рет айналуды (тауап), тауаптан кейінгі екі ракағат намазды, Зәм-зам бұлағынан су ішуді, Мешіттен шыққандағы дұғаны орындаңыз.



Назар бұрыңыз: Бұл тауап басынан аяғына дейін жай жүріспен орындалады. Әс-Сафа мен әл-Маруа төбелерінің арасын жеті рет жүріп өту орындалмайды.
Қағбаны қоштасу тауап жасаған соң қажы Меккеден үйіне аттанады.
Аллаһ Тағала қажылығыңызды қабыл етсін!
Кітапшаны өзіңізбен бірге алыңыз! Кітапшаны өзіңізбен бірге алыңыз! Кітапшаны өзіңізбен бірге алыңыз!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет