Утеулиева Л. Ш. Сейтказиева С. Е. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Қазақстан жолы» тәрбие-білім



жүктеу 109.21 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі109.21 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары
«Келісемін» «Бекітемін»

__________ Утеулиева Л.Ш. __________ Сейтказиева С.Е.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Қазақстан жолы» тәрбие-білім



білім бөлімі басшысы беру орталығының жетекшісі

12.01.2015 жыл 12.01.2015 жыл



Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығы
«ТОЛАҒАЙ!» отбасылық сайысының ережесі
1. Жалпы қағидалар

1.1. «Толағай» отбасылық сайысының (әрі қарай – «Сайыс»)  ұйымдастырушысы «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығы болып табылады;

1.2. Сайысқа әр мектептен екі оқушы ( 1 бастауыш – 1-4 сынып пен 1 орта буын – 5-7 сынып оқушысы) ата-анасымен қатысады (командада 4 адам және 1 денешынықтыру пәнінің мұғалімі);

1.3. Сайыстың тақырыбы:  «Толағай» отбасылық сайысы.

 

2. Сайыстың мақсаты

2.1. Сайыстың мақсаты:

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға үлес қосу;

- Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

- Баланың отбасындағы әлеуметтік рөлді орындау қабілеті мен отбасы құндылықтарын қалыптастыру.

  

3. Сайысты өткізу тәртібі
1-тур. Үй тапсырмасы

Шарты: топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;

2-тур. Пингвин.

Шарты: Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай, пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

3-тур. «Картоп егіп кел де, жинап ал»

Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.

4-тур. Қосаяқ.

Шарты: Әр команда мүшесі скакалкамен қос аяқпен кедергілерден өтіп секіреді.

5-тур. Тәтті жұп.

Шарты: Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.

6-тур. Сарбаздар.

Шарты: Әр командадан әкелер мен шешелер сайысқа түседі. Олар берілген белгіден кейін противогаз киіп, кедергілерден өтіп, допты ұрып жүгіреді.

7-тур. Кім епті?

Шарты: Әр шелектегі судан қасықтап тасып, стаканды толтыру.

8-тур. Қаппен секіру.

9-тур. «Көпсайыс»

Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

10-тур. Арқан тарту (командалық жарыс).
4. Марапаттау тәртібі

4.1. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

4.2. Сайыстың барысы және нәтижесі аудандық және облыстық БАҚ-да кеңінен жария етіледі.
5. Ұйымдастыру комитеті және сайыс комиссиясы

5.1. Сайысты дайындау және өткізу үшін бекіткен ұйымдастыру комиссиясы құрылады.

5.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Сайысты өткізудің мақсаты мен тәртібін айтып, түсіндіреді;

- Сайыс тапсырмаларын бағалаудың шарттарын белгілейді;

- Даулы мәселелерді шешеді;

- Сайыстың құжаттарын жүргізеді.

5.3. Сайысты ұйымдастыру комитетінің шешімдері тізімдегі құрамының жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі.

5.4. Сайыс комиссиясының құрамы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әкімдігімен келісіліп, қалыптастырылады.

 

6. Сайысты өткізудің кезеңдері мен мерзімдері

 

6.1. Сайысты өткізудің келесі кезеңдері мен мерзімдері белгіленеді:


р/с

Мектептер

Уақыты

р/с

Мектептер

Уақыты

1

Ш.Уәлиханов о.м.

03.02.2015

1

М.Әуезов о.м.

05.02.2015

2

№1 мектеп-лицейі

2

Абай о.м.

3

№2 о.м.

3

Б.Момышұлы о.м.

4

Құлан о.м.

4

Октябрь шаруа о.м.

5

Ю.Гагарин н.м.

5

Қ.Сәтпаев о.м.



















1

Т.Рысқұлов о.м.

10.02.2015

1

Болтай батыр о.м.

12.02.2015

2

М.Горький о.м.

2

Ақтоған о.м.

3

Қызылшаруа о.м.

3

Қ.Сұлтанбеков о.м.

4

Ақбұлақ о.м.

4

А.Байтұрсынов о.м.

5

Т.Әубәкіров н.м.

5

Подгорное о.м.

6

Қорағаты о.м.




6

Ы.Алтынсарин о.м.






















1

Ақыртөбе о.м.

17.02.2015




2

Қызылту о.м.




3

Бірлес о.м.




4

Жамбыл о.м.




5

Р.Смаилов о.м.




6

Малдыбай о.м.




7

Алғабас о.м.




8

А. Шынасилов о.м.





6.2. Ақтық сайыс 26.02.2015ж өткізіледі. Ақтық сайысқа әр топтан бір мектеп өтеді.
7. Өткізу орны

Аймақтық ойын және ақтық жарыс жоғарыдағы кестеге сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде өтеді.

Сағ.: 14-00
Ескерту. Әр мектеп әкімшілігі байқауға қатысатын оқушы мен ата-ана туралы сұраныс пен оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы бұйрықты қаңтар айының 30-шы жұлдызына дейін Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде орналасқан «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығына өткізуі тиіс.

Әр топтың аты, ұраны, формасы, жанкүйерлері қолдау қағаздарымен болуы тиіс.

Ата-аналардың жеке куәліктерінің көшірмесі, оқушылардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі және дәрігердің денсаулық туралы рұқсат қағазы сұранысқа қосымша тіркелуі тиіс.
Орындаған: Көлжанова М.

Байланыс тел.: 2-16-43

Ұялы тел.: 87055040418

Келісемін» «Бекітемін»

_______Л.Ш.Утеулиева _______С.Е.Сейтқазиева

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Қазақстан жолы» тәрбие-білім білім бөлімі басшысы беру орталығының жетекшісі

12.01.2015жыл 12.01.2015жыл



    «Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы» тақырыбында оқушылар арасында өтетін аудандық пікірсайыс турнирінің ережесі

    І.Жалпы ережелер

    1. «Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы» тақырыбында оқушылар арасындағы аудандық пікірсайыс турнирі. «Қазақстан-2020» Болашаққа айқын жол. Қазақстан Республикасы оқушылар арасында 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығының 2015 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі

    2. Турнирді ұйымдастырушы: Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығы.

    ІІ. Турнирдің мақсаттары мен міндеттері

  • Оқушыларды көшбасшылық қасиеттерге дағдыландыру, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне машықтандыру арқылы пікірсайысшы оқушылардың интеллектуалды элитасын қалыптастыру;

  • Оқушылардың азаматтық пікірінің қалыптасуына, қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал ету;

  • Оқушылар арасында өз ойын жетік және дәлелдей білетін азаматтар даярлау, олардың өзара тәжірбие алмасуына, жаңа ұсыныстар қалыптастыруға баулу, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету;

  • Аудан аралығында пікірсайыс ойындарын кең көлемде насихаттау және жастарды шешендік өнерге баулу;



    ІІІ.Турнирдің талаптары мен шарттары

    Пікірсайыс АПФ бойынша өтеді. Бір команда екі адамнан тұрады. Команда берілген уақытты тиімді пайдаланып, турнир қарарымен ойнауы керек. Турнир іріктеу туры мен жартылай финал және финалдан тұрады.

    Аудандық пікірсайыс турнирі ағымдағы жылдың 27 наурызында сағат 10.00-де Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде өткізіледі.

    Ескерту: Кешіккен топ ойынға қатыспайды.

    ІV.Турнирдің қарары

    1. Б.п. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің мұқтаждығының ескерілу жолдарын ұсынады.

    V. Турнирдің қорытындысы

    Турнир жеңімпаздары төрешілердің шешіміне сәйкес арнайы мақтау қағаздарымен марапатталады. Сұраныстар 25 наурызға дейін «Қазақстан жолы» тәрбие білім беру орталығында қабылданады.

    Орындаған: Әкейбеков Б.

    Байланыс тел.: 2-16-43

    Ұялы тел.: 87057974852






«Келісемін» «Бекітемін»

__________ Утеулиева Л.Ш. __________ Сейтказиева С.Е.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Қазақстан жолы» тәрбие-білім білім бөлімі басшысы беру орталығының жетекшісі

12.01.2015 жыл 12.01.2015 жыл



Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығы



Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арналған іс-шаралар ережесі



  1. Жалпы қағидалар

1.1. Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арналған іс-шаралардың ұйымдастырушысы «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығы болып табылады;

1.2. Іс-шараларға аудан мектептерінің оқушылары қатысады;


  1. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері

2.1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру, Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

2.2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
3. Іс-шараны өткізу тәртібі

р/с

Тақырыбы

Қатысушы категориясы

Орындалу түрі

Орындалу ережесі

Мерзімі

1

«Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы»

«Табысты көшбасшылар мектебі» клубының мүшелері

пікірсайыс

(ережесі келесі бетте)

27.03.

Сағ. 10:00

2

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады»

Аудан мектептерінің 8-10 сынып оқушылары

мәнерлеп оқу байқауы

Байқауда белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды. Шығарманы оқу, орындау үшін әр тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі, берілген уақыт регламенті сақталуы тиіс;

Үміткерлер оқитын шығармалар мәтіндерін жатқа білулері қажет.



Үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

-өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ой жүйелігі мен тереңдігіне көркемдік, ерекшелігіне;

-шығармаларын жатқа және көркем мәтінді оқу шеберлігіне;

-дауыс мәнері және тіл тазалығына;

- сахна әдебіне баса назар аударады.


29.04.

Сағ. 10:00

3

«Даңқты жауынгер –Бауыржан Момышұлы»

Аудан мектептерінің 9-10 сынып оқушылары

шығарма конкурсы

Байқауға «Даңқты жауынгер – Бауыржан Момышұлы» байқауының тақырыбына сай жұмыстар қабылданады.

Шығарма мазмұнын байқауға қатысушы өзі анықтайды.  Жанр бойынша шек қою жоқ.

Байқау жұмысының көлемі – 4 – 6 мектеп дәптерінің қолжазба беті және электронды түрде 4-мамырға дейін өткізілуі тиіс.


04.05.

Сағ. 10:00

4

«Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат»

«Табысты көшбасшылар мектебі» клубының мүшелері және жетекшілері

танымдық кеш

Әр мектеп оқушысы өз ауылынан шыққан, Ұлы Отан Соғысына қатысқан бір ардагер туралы мәлімет дайындап, слайд арқылы таныстыру.

Бір көшірмесі электронды түрде дискімен 4-мамырға дейін орталыққа өткізілуі тиіс.

06.05.

Сағ.

10:00


4. Марапаттау тәртібі

4.1. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

4.2. Байқаудың барысы және нәтижесі аудандық және облыстық БАҚ-да кеңінен жария етіледі.

 

Ескерту. Әр мектеп әкімшілігі апталыққа қатысатын оқушы туралы сұраныс пен бұйрықты (оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы) наурыз айының 25-ші жұлдызына дейін Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде орналасқан «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығына өткізуі тиіс. Байқау қорытындылары мамыр айының 6-на жарияланады.

Орындаған: Көлжанова М.



Байланыс тел.: 2-16-43

Ұялы тел.: 87055040418



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет