В данном дипломном проекте рассмотрены вопросы автоматизированного управления резервуарным парком в условиях гнпс "Шымкент"



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4
АНДАТПА

Берілген дипломдық жобада ГНПС "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару сұрақтары қарастырылады.

Резервуар паркін- қолданған кездегі оның сенімділігі және тиімді жақтары қарастырылған.

Технологиялық бөлімде резервуар паркінің автоматты түрде жұмыс жасайтын құрылғылардың, тәртіптерінің барлық түрі қарастырылған және бұрынғы басқару және бақылау практикасы қарастырылған.

Арнайы бөлімде резервуар паркінің құрамы, оның обьект ретінде басқарылыу, негізгі технологиялық операциялар, бүл жүйенің структурасы мен мәні. Қазіргі кезеңдегі резервуар паркінің автоматты түрде жұмыс жасалуы, оның автоматты түрде басқарудың тиімділігі жөнінде ақпараттар қарастырылады.

Экономикалық бөлім басқару жүйесінің экономикалық тиімділігі мен өтеу мерзімін енгізеді.

Жобада еңбек қорғаумен байланысты ұйымдастыру шараларымен жүмысты атқарушы адамдарды және жүмыс орнын қауіпсіздендіру шаралары қарастырылды.

АННОТАЦИЯ

В данном дипломном проекте рассмотрены вопросы автоматизированного управления резервуарным парком в условиях ГНПС "Шымкент".

Рассматриваются все его возможности и оптимальные стороны применения резервуарного парка в промышленности.

В технологической части рассмотрены работа вспомогательных средств автоматизации в автоматизированном режиме работы и рассмотрена ранее существующая практика контроля и управления резервуарным парком.

Специальная часть содержит разделы: весь состав резервуарного парка и как обьект управления, основные технологические операции, структуру и значение системы. В данное время резервуарный парк работает в автоматическом режиме, рассматривается его оптимальное управление и обеспечение информацией.

Экономической часть диплоного проекта содержит расчеты экономической эффективности и сроки окупаемости системы управления.

В пректе приведены организационные мероприятия и рассмотрены безопасность рабочего состава и рабочего места.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТЕХНОЛОГИЯЛЬІҚ БӨЛІМ

1.1 Мұнайдың физика-техникалық-және реологиялық қасиеттері.................12

1.1.1. Мұнайдың физика-техникалык қасиеттері..............................................12

1.1.2. Мұдайдьң реологиялық касиетгері...........................................................16

1.2. Мұнайды құбыр арқылы тасымалдау..........................................................17

1.2.1. Мұнай құбырларының жіктелуі ...............................................................17

1.2.2. Магистралдік құбырлардың негізгі кешендері мен жасақтары..............18

1.3 Мұнай айдаудың технологиялық сүлбесі .....................................................19

1.4. Мұнай және мұнай өнімдерінің жоғалуын классификациялау .................26

1.5. Аса жоғары кысымдардан мұнай өткізгіштерді сақтау .............................32



2 АРНАЙЫ БӨЛІМ

2.1. Резервуар паркінің құрамы............................................................................34

2.2. Резервуар паркінің обьект болып басқарылуы............................................35

2.3 Негізгі технологиялық операциялар.............................................................38

2.4 Резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу жүйесі ..........................................39

2.4.1 Жүйенің структурасы мен мәні ..............................................................39

2.4.1.1 Жүйені құру мақсаты ........................................................................39

2.4.1.2 Жүйе структурасы екі деңгелі болып табылады ...................................39

2.5 Қазіргі практикада жұмыс істеп тұрған резервуар паркінің мұнай айдауыш..................................................................................................................39
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 АБЖ-ны енгізу мен өндіруге жұмсалагын шығыңдарды есегтгеу ............41

3.1.1 Өндеушілф жалақысы..................................................................................42

3.1.2 Кұрастыруға кеткен шығындарды есептеу................................................42

3.1.3 Автомапы техникалык өнімдфдің есегггелуі кезіңдегі шығындар.........43

3.2 Жылдық экономия мен экономикалық тиімділікті есептеу........................44

3.2.1 АБЖ-ны пайдаланғаннан кейінгі эксплуатациялық шығьшдар..............45

3.2.2 Жылдық экономия ......................................................................................45

3.2.3 Жылдык экономикалық тиімділік .............................................................46

3.2.4 Өтеумерзімі..................................................................................................46
4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
4.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының анализі.......................... 48

4.2 Ұйымдастыру шаралары ................................................................................49

4.3.Санитарлы - гигиеналық шаралар..................................................................50

4.4.Арнайы киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етіп, сақтандыру......................51

4.4.1. ЭЕМ машиналық залында өндірістік шуды төмендету шаралары .................................................................................................................................58

4.4.2. Метереологиялық шарттарды қамтамасыз ету.........................................51

4.4.3. Табиғи және жасанды жарықты ұйымдастыру ........................................52

4.5. Өртке қарсы шаралар ....................................................................... ............53

4.5.1.Техникалық шаралар ...................................................................................54

4.6 Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру .................................................54

4.6.1.Жарылыстарды болдырмау бойынша шаралар ........................................54

4.6.2. Табиғи және жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру .........................55 4.6.3. Тұрмыс ғимараттарын қамтамасыз ету.....................................................57

4.6.4.. Шудан корғану...........................................................................................59

4.6.5.Электр қауіпсіздікпен қамтамасыз ету......................................................60

4.6.6.Жерлендіруді есептеу..................................................................................60

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Автоматизация автоматтандырылған басқару жүйесінің электронды есептегіш машинасымен пайдаланып қолдануды ұсынады.

Автоматизация жоғары өнімділікті алуға, экономикалы және социалдық тиімділік жеңісін көтеруге мүмкіндік береді.

Негізгі талаптар, яғни мұнайгазбен қамтамасыз ету жүйесімен көрсетілген сенімділікпен және тоқтамастан мұнайды тұтынушыға барлық технологиялық кешендерде қауіпсіздік және үнемді жұмыста жеткізуді талап етеді. Автоматизация жоғары деңгейде болғанда осы талаптар орындалуы мүмкін. Өндірістік объектісінің мұнай көлігі үлкен әртүрлілікпен және үлкен арақашықтықта сипатталады. Сонымен қатар олар бір-бірімен технологиялық байланыста және пайдалану үрдісінде бір-біріне әсер етеді. Мұндай құрылымды күрделі және бір уақытта бір-бірімен байланысты, жұмыс жүйесінде оларға операциялық басқару сенімділігін және жетілдірілген автоматика құрылғысын және есептегіш техникасын талап етеді.

Айдау станциясы – бұл күрделі инженерлік жасақтар кешені, айдайтын өнімі магистралдық құбырға жіктеледі. Жалпы осы тапсырмаларды магистралды сорап агрегаты, көмекші жасақтар кешенімен және автоматизация аспаптар көмегімен орындайды.

Жабдық құрамы, сондай-ақ автоматизация көлемі құбыр арқылы мұнай айдау тәсіліне байланысты. Мұнай айдау тәсілін үш түрге ажыратамыз: тізбекті, сорап станциясының бір резервуарынан кейінгісі, сораптан сорапқа қосылған резервуар. Барлық айдаудың үш тәсілі дипломдық жобаның технологиялық бөлімінде қарастырылған.

Магистралды мұнай құбырларында сораптық станция ортадан тепкіш сораптарымен жабдықталады. Айдаудың қайталанатын құбылысы 3-4 тізбектей қосылған сораппен қондырылады, ондағы біреуі сақталған қор.

Берілген дипломдық жобада тіректі сораптың автоматизация үлгісінің жұмысы игерілген, автоматизация құрылғысының спецификасы ұсынылған.

Сонымен қатар VISSIM қолданбалы бағдарламаның пакетінде динамикалық; бағдарламалау есебінің көмегімен сораптарға тиімді қысымның таратылуы өңделген және есептелінген.



1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

    1. Мұнайдың физика – техникалық және реологиялық қасиеттері

    2. Мұнайдың физика – техникалық қасиеттері

Мұнай – сұйық каустобиолиттер қатарына жататын табиғи шикізат.

Мұнай сарғылт, жасыл және қоңыр қышқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйқтық.

Мұнайды айдау мен сақтау техникасы, оның физика-техникалық қасиетіне байланысты болады және мұнаймен байланысты жұмыстар.

Мұнай айдағанда және сақтағанда абсолютті және салыстырмалы Т өлшем бірліктер қолданады. Мұнайдың салыстырмалы тығыздығы 0,7 мен 1,07 аралықта болады.

Салыстырмалы тығыздық дегеніміз бірдей жағдайда мұнайдың тығыздығының су тығыздығына қатынасы.

Т – температурада абсолюттік бірлікпен берілген абсолюттік тығыздықты мына формуламен анықтауға болады:



ρ= p293ξ(T – 293)

бұл жерде ρ, р293 Т және 293К- температурасында сұйықтықтың тығыздығы;

ξ – тығыздыққа қосылатын температуралық түзеу.

Мұнайдың тұтқырлығы температураға тәуелді болады. Есептеу жағдайларда лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде алынған тұтқырлық теспература қиясығын пйдалану қажет. Тұтқырлы-теспература графигі болмаса, онда тұтқырлықты керекті теспературада мына империкалық өрнектеу арқылы анықтауға болады:

lg lg(ν + 0,8)= a + b lg T

Сурет 1. Мұнай тұтқырлығының v температураға Т тәуелділігі

Рейнольдс – Филонов

ν = ν *e –u(t-t*)

Фогель-Фульчер-Тамман

ν = ν1exp
мұнда υ- Т температурада берілген кинематикалық тұтқырлық коэффициенті;

υ-t * температурасында берілген кинематикалық тұтқырлық коэффициенті;



a, b, u, υ1, b1θ, υ2, u2, b2

Егер екі берілген температура нүктелерінде тұтқырлығы анықталған болса мәндерін келтірілген өрнектер арқылы анықтауға болады. Бұл жерде Вальтер (ASTM) ең, нақты өрнегі болып табылады, бірақта ол өте күрделі келеді. Сондықтан барлық аналитикалық шешімдерді қабылдауға 1,2- ші формулаларды қолданады. Сыртқы ауа температурасында кейбір мұнайлардың тұтқырлығы өте жоғары болады, сондықтан өндірісте қолдану үшін оны қыздыру керек. Қыздыру процеске байланысты жылу есептеулерін өткізу үшін λ жылуөткізгіштікпен Ср меншікті жылу сыйымдылық коэффициенттерін білу қажет.

λ - жылу өткізгіштік коэффициентін (вт/(мК)) мына өрнекпен анықтайды:

мұндағы:


ρ0 – 293 К температурасындағы мұнай тығыздығы;

Т-мұнай температурасы бұл аналитикалық өрнек 10% дәлдікпен 273-475 К температура аралығында әділетті болады. Мұнайдың меншікті жылу сыйымдылығын Ср барлық процестерді айдау мен сақтау кездерінде тұрақты болады қысымда болады. Ол мына аралықта 1,16:2,5 өзгереді. Сондықтан оны есептеулер жүргізгенде Ср = 2кДж/(кг К) тең деп аламыз. Нақты есептеулер жүргізгенде Крег формуласын қолдануға болады:


Мұнаймен жұмыс істегенде қиындататын спецификалық қасиеттер бар. Ең басты қасиеттерге өртке қауіптілік, эелектірлену, булану қасиеттері және қроршаған ортаға зияндылығымен.

Өртке қауіптілігі. Мұнай жанар заттарға жатады, ауаның қалыпты құрамында өзінен-өзі жануы мүмкін. Өрт көзі оңай жанатын сұйықтарға тез әсер етеді. Оның көрсеткіштері будың тез және өзінен-өзі жану болып табылады.

Газдың жану температурасы - өте төмен (зерттеу жағдайында) жанатын заттың үстінгі қабатында газ немесе бу қалыптасады, будың жану температурасы өте төмен, сондықтан өрт көзі қауіпті, бірақта жануға оның қалыпты температурасы қалыптасқан жоқ. Жану температурасы қалыптасқан жағдайда жану процессі қалыпты болады. Қызып өзінен-өзі жанғанда от және от ұшқыны болмағанмен экзотермиялық реакция жылдамдығы өседі де жану процессі от жалынмен аяқталады.

Электрлену. Статикалық электрлену деп – қатты, сұйық немесе газ тәріздес біртекті емес заттардың бір-бірімен үйкеліс кезінде пайда болатын жлектрлік зарядтар.

Мұнай, бензин, керосин, мұнай газдарының құбыр арқылы тасымалданағанда және сақтағанда, темір жол цистернасына, резервуарға, танкерлерге құйғанда статикалық электр өлшену кездеседі. Мұнай өнімдері жақсы ди-элктрик болғанмен, олар электр зарядтарын көп уақытта сақтап қалады.

Мұнай егер оңашаланған металл құбыр немесе құйылатын ыдыс үлкен потенциал алса жерлестіру заттары арасында ұшқын разряды болса, онда жану мүмкін.

Құбыр мен объектінің түрлерінің статикалық электрленуді жинамау үшін оларды жақсылап жерлестіру керек.

Булануы: Ашық ортада жеңіл мұнайды қалыпты жағдайда газ тәріздес түрге айналып қоршаған ортаға тарайды. Мұндай жағдайда мұнайдың сапасы төмендейді жалпы көлемі азаяды. Мұнай өнімдерінің булануы құрамындағы қаныққан будың қысымына байланысты. Қаныққан будың қысымы үлкен болса, онда мұнай өнімінің булануының, ықтималдығы көп. Қаныққан будың қысымы мұнай өнімінің үстіңгі қабатындағы температураға тәуелді болады.

Температураның өсуіна байланысты қаныққан будың қысымы өседі.

Қаныққан будың қысымын тәжірибелі түрде анықтайтын аспаптардың түрі көп.

Мұнай қысымын анықтағанда бастапқы қайнау температурасы немесе берілген температурадағы графигі немесе жартылай эмпирикалық формуласындағы тәуелділігі арқылы анықтауға болады.


1.1.2. Мұнайдың реологиялық қасиеттері

Сұйықтың қасиеттеріне байланысты ағыстардың сипаттамасын реологиялық деп атайды. Құбырдағы ағыстың бағалық сипаттамасы үшін ең маңызды реологиялық қасиеттері. Градиент жылдамдығынан құбырдың радиусымен сұйықтың қатпарлы бетіндегі кернеудің үйкеліс күші тәуелділігі болып табылады.

Төмен дәрежедегі парафин және парафинистік мұнай үшін жоғарғы температурадағы Ньютонның тәжірибе жүзінде алынған судағы тәуелділікті қолданамыз:

Көптеген сұйықтарда көрсетілген τ тәуелділік dv/dr жылжымалы жылдамдықтан μ тұрақтысында Ньютондық деп аталады және олар үшін графикалық көрсеткіш осы тәуелділікте бастапқа координаталар арқылы өтетін түзуді (3) көрсетеді.

Жүргізілген көптеген сұйықтардың соның ішінде жоғарғы парафинді мұнайларда, салыстырмалытүрде жоғары емес температуралар Ньютон заңына сүйенбейді. Бұндай сұйықтарды Ньютондық емес деп атайды.

Парафинистік мұнай тәртібін қисық сызықты (2) деп бейнелеуге болады. Кең диапазонда псевдопластик үшін техникалық есептерден, кернеу дәреже тәуелділік ретінде жылжымалы жылдамдық мына түрде қолданылады:



мұндағы k, n – берілген сұйықтықтық үшін тұрақты коэффициенттер.

- жылжымалы жылдамдықтың өлшеусіз модулі.

N коэффициентін ағыс индексі деп, ал k – сипаттамасы деп атайды. Ньютондық сұйқтық үшін n=1, k=μ және (1.9) өрнектен (1.8)өрнекті аламыз.


  • шамасы кейде тиімділік тұтқырлығы деп аталады.

Псевдопластик сұйықтық үшін n<1 . Реологиялық сипаттамаларында уақыт бойынша өзгеретін сұйықтар кездеседі. Тұрақты жылжымалы жылдамдықта жалжымалы кернеудің уақыт бойынша өзгеруі, сұйықтың құрылымының бұзылуын түсіндіретін – тиксотропия, ал осы қасиеттерді қабылдайтын сұйықтар тиксотроптылық деп аталады.
1.2. Мұнайды құбыр арқылы тасымалдау

1.2.1. Мұнай құбырларының жіктелуі

Мұнай құбыры деп – мұнай құбыр арқылы айдауды айтады. Егер құбыр арқылы мұнай өнімдерін айдағанда көбінесе оны - өнім құбыры деп атайды. Егер құбыр арқылы мұнай өнімінің бір түрі айдалынса, онда айдалынатын өнім бойынша бензиндік, керосиндік немесе мазут құбыры деп аталынады. Өзінің арнауы бойынша мұнай құбырлары үш түрге бөлінеді:



  1. Ішкі құбырлар: Мұнай база және мұнай өңдейтін зауыттарында түрлі объектілер және қондырғыларды байланыстырады.

  2. Жергілікті: Ішкі құбырларға қарағанда бірнеше километр аралықта орналасады. Мұнай өңдейтін зауыттарының темір жолына немесе кемеге құйылатын пункттерін немесе мұнай құбырының магистральдік бастапқы станциясымен кәсіпшілік пен байланыстырады.

  3. Магистральдік: Үлкен аралықты байланыстырады. Трассаның қасында орналасқан станциялар арасында мұнай айдалынады. Магистральді құбыр тәулік бойы жыл ішінде жұмыс істейді. Ремонт немесе кездейсоқ жағдай кезінде қысқа мерзімдік уақытқа ғана істемейді. Магистральдік мұнай құбырының әртүрлі салыстырмалы диаметрі және ұзындығы болады. Мұнай 5-6,5 МПа қысымда айдалынады. Жыл бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінің миллион тоннасына дейін айдалынады. Товарлық мұнайларды мұнай өндірілетін немесе сақтайтын жерден пайдаланушыға дейін (ВНТП 2- 86 бойынша) магистральдік мұнай құбыры диаметрі 219 дан 1220мм – ге дейін, ұзындығы 50 км ден астам созылады. СниП 2.05.06 – 85 бойынша магистральдік мұнай құбырлары диаметрі бойынша 4 класқа бөлінеді:

Бірінші класс – шартты диаметрі 1000-1200 мм дейін;

Екінші класс – 500-1000 мм дейін;

Үшінші класс – 300-500 мм дейін;

Төртінші класс – 300 мм және одан да кем.


1.2.2 Магистральдік құбырлардың негізгі кешендері мен

жасақтары.

Магистральдік құбыр келесі жасақ кешендерінен тұрады:



  • Кіріс құбырлары, бастапқы құбыр құрылысымен мұнай көзін байланыстырады. Осы құбырлар арқылы мұнай кәсіпшілігінен зауытынан бастапқы станциясының резервуарына мұнай айдалынады.

  • Бастапқы айдау станциясы. Магистральді құбыр арқылы айдалынатын мұнай, жинайды, және оларды сорттан, есепке салып келесі станцияға айдайды.

  • Аралық айдау станциясы, алдыңғы станциядан келген мұнайды ары қарай айдайды.

  • Мұнай айдау станциялары – мұнай құбырының ең күрделі кешендік жасақтары болып келеді.

Бастапқы айдау станциясы мұнайды қабылдау үшін және оны ыдыстан магистральдық құбырға айдайды. Бастапқы айдау станциясының технологиялық жасақтауының құрамына: резервуарлық парк, тіректі насос, мұнай торабын есепке алу, магистральдік насос, қысым реттеуіш торабы, ылай аулау фильтрі, торабтар қорғаныс құрылысы және де технологиялық құбырлар кіреді. Аралық айдау станциясын жол құбырларына гидравикалық есепке сәйкес орналастырады. Айдау станциясы арасындағы бірінші кезек үшін – 200 км, ал еікнші кезек үшін – 50-100 км аралықта орналастырылады. Аралық айдау станциясының құраына: резервуар паркі, тіректі насос және мұнай торап есепке алу кірмейді.

Магистральдік мұнай құбырының 400 ден 600 км дейін үлкен аралық частігінде эксплуатация ұйымдастырады. Бастапқы эксплуатациялық учаскелерінде мұнай айдайтын станциялар орналасқан бірақ, олардың резервуарлық паркінің сыйымдылығы аз болып келеді. Айдау станцияларында технологиялық жақтаудан басқа механикалық ұстахана, төмендету подстанциясы, котельный, кешенді сумен қамтамасыз етуде, әкімшілік және көмекші жасақтаулар, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыс жасақтары кіреді.

Сорапты станциялар сорап жабдықтарымен және қуаты бойынша мың киловатт жететін энергетикалық шаруашылықпен жабдықталады. Мұнай құбырында көбінесе автоматика және телемеханиканы қолдануда. Трасса бойынша тізбекті орналасқан айдау станцияларының мұнай өнімдері мұнай құбырының соңғы пунктінде тоқтайды. Айдаудың соңғы пункті болып мұнай өңдейтін завод немесе мұнай базасы.
1.2.3 Мұнай айдаудың технологиялық схемасы

Айдау станциясы – бұл күрделі инженерлік жасақтар кешені айдайтын өнімі магистральдік құбырға жібереді. Технологиялық схема деп – коммуникациялық принципиалдық схеманың айдау бойынша өткізілетін амалды қамтамасыз ететіндігін айтады.

Технологиялық схема бойынша қойылатын негізгі талап ол олардыңқарапайымдылығы, жоба бойынша қарастырылған технологиялық операцияларын тиек және реттеу арматурасын минималды саны бойынша жасау және бөлшектерді біріктіру, және де технологиялық құбыр жолын минималды тартуын қамтамасыз ету.

Мұнай құбырымен айдау жүйесі сораптың қосқышы және резервуардың аралық станциясының тәуелділігіне қарай мұнай айдау жүйесі келесі түрлерін ажыратамыз: тізбекті, сорап станциясының бір резервуарынан кейінгісі, сораптан сорапқа қосылған резервуар арқылы.

Подстанциялық айдау жүйесінде мұнайды резервуардың кезегі бойынша қабылдайды, ал келесі станцияға басқа резервуардан беріледі. Резервуардың кезекті толтыруы айдалған мұнайдың көлемін дәл анықтауға мүмкіндік береді, алдынғы станциядан айдалынған және де келесі станцияға айдалынатын мұнай көлемі де анықталынады. Осы айдау жүйесінде мұнайдың “үлкен тынысы” арқылы буланады, сондықтан өңделмеген мұнай мен мұнай өнімдері үшін орынды емес.

Сорап станциясында бір резервуардан кейін айдағанда алдынға станциядан келген мұнай буферлік ретінде қолданылатын резервуарға келеді де содан қатадан айдалынады. Бұл жүйеде мұнай айдалынғанда подстанциялық есептеу жүргізілмейді. Мұнай шығыны бұл жерде де болады, өйткені резервуардақозғалыс болғандықтан мұнай буланады. Сондықтан бұл жерде де подстанциялық мұнайды айдау үшін ұсынылмайды.

Айдаудың қосылған резервуарымен жұмыс істеу түрі мұнайдың резервуардағы деңгейі бір деңгейде тұрмайды ол мұнайдың айдалған және құйылған мұнайдың көлеміне тәуелді болады. Егер қосылған сыйымдылықтың жұмысы синхронды істегенде, онда мұнай көлемі бір деңгейде тұрады. Бұл жерде мұнай шығыны “кіші тыныс алудан” анықталады.

Алдыңғы атап кеткен үш жүйе поршендік насос арқылы жұмыс істейді, ол құбырға гидравикалық әсерін азайтады. Ал резервуарлар буферлік сыйымдылық ретінде қолданады. Егер мұнай сораптан сорапқа айдалынса, онда аралық станциялардағы резервуарлар магистралға қосылмайды. Оларды тек қана құбырға авариялық және ремонт жағдайында мұнай қабылдағыш ретінде қолданады.

Тоқтатылған резервуар кезінде буланудан мұнай шығынына келтірмейді және де алдыңғы станциялардың қысымы қолданылады.

Бұл жүйе толық синхрондықты қарастырады және ортадан тепкіш сораппен жабдықталынған станциялар қолданады.

Технологиялық тізбектей қосылған сорап станцияларын келесі негізгі объектілерге бөлуге болады: резервуарлық паркі, бірнеше қабылдайтын және жіберілетін құбырлары бар бірнеше резервуардан, сорапты цехтан, манифольд – ашық алаң немесе жабық алаңда, бұнда ысырма, кері клапан, фильтірлер және де т.б.; құбыр тазартқыш жіберу және қабылдау камерасы.

Негізгі айдау станциясының құрамына резервуарлық парк кіреді, оның сыйымдылығы мағыналы түрде құбырдың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей болып келеді, ал тізбекті айдау да мұнай өнімінің нақты көлемін жинау үшін. Әдетте негізгі станцияның резервуарларының сыйымдылығы екі немесе үш тәулік айдаудың көлеміне тең болып келеді. Тізбектей айдау кезінде негізгі станцияның резервуар көлемі циклдың санына байланысты есептелінеді.

Аралық станцияның резервуарлық паркінің сыйымдылығы өте аз болып келеді (көбісінде кездеспейді). Резервуар паркін екі түрмен байланыстыруға болады.

Қазіргі магистралды құбырдың айдау станцияларында ортадан тепкіш сорап қолданады, көбінесе тізбектей қосылады. Кез-келген агрегатты сақталған қорға ауыстырғанда сорап байланыстары жұмысты қамтамасыз ету керек.




    1. Құбырлардағы апаттар, оларды байқау және жою

Апаттар көптеген себептерден болады: агресивті сұйықтарды айдау кезіндегі немесе сыртқы изоляция қаптаулардың бүтіндігі бұзылған кезіндегі коррозиялы қиратулардан (ішкі және сыртқы коррозиялар) құбырлар металының беріктігі шегін жоғарлататын жоғары температуралы кернеулерден; мүмкіннен жоғары болатын жүктемелерден (мысалы, өзендерді өтудегі құбырлар астындағы грунтты жуу кезінде).

Тесіп өту беттерінің негізгі саны (48-52%-ті құбырлардағы барлық апаттық жағдайлардан) коррозия әсері нәтижесінде болады. Қазіргі уақытта коррозиға қарсы қорғау мен құрылғылары бар магистарлді құбырлар эксплуатацияға беріледі.

Бірақ, бұл жағдайда объектілердің тозуы шамасы бойынша коррозиялы қираулардың саны жеткілікті үлкен.

Құбырлардан кемулерді байқау әдістері грунтта немесе жер бетіндегі құбырлар қасындағы мұнай өнімінің пайда болуы, айдаудың технологиялық параметрлерінің өзгеруі, құбырлар металының біртектілігінің бұзылуы сияқты тікелей және жанама белгілерінің шығарылуына тіркеледі. Кемулерді байқайтын құрылғыларды екі түрге бөлуге болады – тікелей және жанама әсерлер. Тікелей әсер құрылғысы грунтта не оның бетіндегі тасымалдау сұйығының пайда болуына әсер етеді.

Жанама әсер құрылғысы құбыр қысымының ағып кеткен мұнай өнімінің әсері бойынша грунттың температурасының, электрлік сыйымдылықтың және тағы басқа өзгеруіне әсер етеді. Барлық осы құрылғылар ірі кемулерді табуға көмек береді. Кішігірім кемулерді шығару үшін жанама әсер құрылғылары аз қолданылады, сондықтан жиірек тікелей және жанама әсерлер жүйелерінің комбинациясын қолданады. Мұнай өнімінің кемуін құбырлардың ішінде сияқты (ішкі бақылау), сыртқыда (сыртқы бақылау), сыйыстырылатын құрылғылар және приборлар көмегімен анықтауға болады. Соңғы жағдайда құрылғылар стационарлы болуы мүмкін. Сртқы бақылауды визуалды немесе приборлар арқылы өткізуге болады.

Визуалды бақылау трассаны айналып өту кезінде (айналып ұшу) іске асады. Ол айдайтын мұнай өнімі судың не жердің бетіне шыққанда ғана тек ірі апаттарды таба алады. Сыртқы бақылау приборлары ретінде құбыр трассасының маңайында сыйыстырылатын акустикалық, газдық, жылулық түрдегі түрлі датчиктерді қолданады.

Бақылаудың осы түріне жататындар: құбырдың кірісі мен шығысындағы мұнай өнімінің шығынын салыстыру, электр қозғалтқышын қайта жіктеуін бекіту және тағы басқа ішкі бақылауды (жабдық құбыр ішінді орын ауыстырады) акустикалық, электромагниттік, ультродыбыстық және басқа жабдықтар арқылы және де радиоактивті, газды немесе сұйық тассерлер арқылы жүргізеді.

Құбырдың толық немесе бөліктік ажыраулардағы айдалынатын мұнай өнімінің үлкен кемулерін қысым құлауы мен шығынды өлшеу сызықтарын салу жолы арқылы оңай табады.

Құбырдың толық бөлінуіненмұнай өнімі соңғы пунктіне түспейді, ал айдау станциясының шығысындағы қысым станциядан р-дан р2-ге дейін құлайды.

Жер асты құбырының кемулер пайда болғанды кетік маңынан сұйықтықтың ағысының жерінен грунтта акустикалық тербелістер пайда болады және оларды грунт бетінен арнайы жабдықтар мен ұстап алуға болады. Егер айдалынатын мұнай өнімі қоршаған ортадан басқа температуралы болса, ондай кемулерді бақылау үшін жылулық радиацияны өлшеуіне негізделген инфрақызыл термографияны қолдануға болады. Кейде кему орындарын анықтау үшін пайдаланылатын сұйықтың грунт бетінен буды ұстап алатын газоанализаторларды қолданады. Барлық жағдайда бақылау жабдықтарын құбыр трассасы бойынша орын ауыстыратын көлікте орнатады. Тексерілетін тілім екі траншеяның енінен кіші болмау керек.

Кейде кему орындарын анықтау үшін радиоактивті заттарды немесе белгіленген атомдарды (трассерлер-натрий-24, кобольт-60 және т.б.) қолданады. Кему орнында радиоактивті ерітінді грунтқа түседі. Грунттың радиоактивтілігін жер бетінен құбыр трассасы бойымен орын ауыстыратын детекторлармен өлшей отырып, кему орнын табады.

Сонымен қатар құбыр дуалдарының күйін ішкі бақылауын қолданады. Ол үшін өздігінен жүретін арбашаларды қолданады және ол арбашалар, өтіліп кеткен жол есепшілерімен құбырдың ішкі бетіндегі күйін таспаға бекітетін құрылғылармен жабдықталған. Дуал күйін гамма, рентген сәулелері, ультродыбыс магнит өрістері, құйынды тоқтар және басқа параметрлер арқылы талдайды. Айдау қысым кезінде сұйықтың ағынымен бірге жылжитын әртүрлі детекторларды (бақылау құрылғыларды) сынау, олар 4л/сағ. дейінгі өлшемді кемулерін апат орнын 20м дейін анықтау дәлдігімен таба алатындығын көрсетеді.

Барлық приборлардың ішінде ең қолайлысы болып магниттометрліктер жатады. Осы жабдықтардың жұмыс қағидасы құбыр дуалының қалыңдығының өзгеру нәтижесінде магнит өрісінің өзгерулерін тіркеуіне негізделген. Дуал қалыңдығының өзгеруі наминалды мәнінен 2-3% аралығында тіркеледі. Құбыр дуалдар күйімен мүмкін болатын кемулерді бақылау айдауды тоқтатпай жүргізеді, сондықтан ол профилактикалы, перспективті.

Жабдықты арбашаларды радиуы 1,5 Dy майысқын өндірмелерді өте алатындай және 4-13 км/с жылдамдықпен қозғала алатындай етіп құрастырады. Арбашалар қозғалысының жылдамдығы қайта жіберілетін арналар, тежегіштер мен гидротурбиналары бар арнайы құрылғы көмегімен реттейді.

Профилактикалық жабдық ретінде ультрадыбыстық құрылғыны қолдануға болады. Жабдықтың алдыңғы бөлігіне ультрадыбыстық генераторды (арбашаның дөңгелегінен іске қосылады) орнатады. Ультрадыбыстық сәуле жабдық қозғалысының жылдамдығына пропорционалды бұрыштық жылдамдығымен құбыр өсі бойынша айналып құбырдың барлық ішкі бетінің сканерлеуін жүргізеді.

Арнаулы құрылғымен құбырдың ішкі диаметрін өлшейді. Құбыр дуалының ішкі бұзылулары кезінде (коррозиялық бұзылулар, тесіктер және тағы басқа), олар өлшегіштермен белгіленеді, ал нәтижелер арнайы таспаға жазылады. Жазуды өтілген арақашықтықпен келтіреді және цифрді ашқанда құбыр бүтіндігінің мүмкін бұзылулар орындарын анықтайды.

Бүлінгенді жою тәсілі оның түріне байланысты. Егер кему кіші болса онда теория жүзінде онықұбырды ашпай-ақ жоюға болады.

Бұл жағдайда құбырға кемуді табатын детектордан тұратын арнайы құрылғы мен ақауды саңылаусыздандыру үшін құралдары енгізеді. Ақауды тапқаннан кейін құрылғыны тоқтатады.

Саңылаусыздандырғыш элемент құрылғыдан босатыла отырып, құбырдың ішкі бетіне тығыздалып қонады, ал детекторлы арбаша ары қарай кетеді.

Саңылаусыздандырғыш элементті арнаулы жұмсақ төсеніштері бар серпімді таспа түрінде жасайды. Таспаның төсеніштері полимерлі қосындылармен дымқылданған және олар уақыт өткен сайын полимерленіп, кемуді жеткілікті бірлік етіп жояды.

Көбінесе кемуді жою үшін жер асты құбырдың ақау бөлігін ашады.

Егер ақау қуыс түрінде болса, онда қуысты қорғасын тығын мен тығындайды. Содан кейін осы орынға металды жамауды қойып бүкіл контур бойынша құбырға пісіреді. Егер тығынды қолдануға келмесе, онда кемуді бензин өткізбейтін резинадан қорғасыннан немесе фибрадан жасалған иілімді төсеніші бар арнайы қамыт арқылы жоюға болады. Қамытты тарқаннан кейін оны құбырға пісіреді.

Қысым жоқ болса, жөндеуді қатайтқышы бар элоксидті шайырмен жүргізуге болады. Ол үшін қатайтқышы бар шайырмен дымқылданған жұмсақ төсеніштермен ақауы бар құбырды орнайды.

Беріктілікті жоғарлату үшін жұмсақ төсеніштерді иілімді орағыштармен тартады. Полимерлеуден кейін орғыштарды (манжеттер мен тағы басқа) алып тастауға болады. Кіші тетіктерді айдауды тоқтатпай-ақ жөндеуге болады. Элоксидті шайырлы құбыр бөліктерінің беріктігі құбырды әдеттегідей қолдану үшін жеткілікті.

Құбырдың мәнді бұзылуы кезінде сәйкес бөлікті алып тастап, оның орнына катушка деп аталатын құбырдың жаңа бөлігін пісіреді. Катушканы өндіру үшін құбыр бөлігін әртүрлі тығындар арқылы құбырдың басқа бөлігінен айырады (балшық, пластмасса, айдалынатын қатып қалған мұнай өнімі және тағыбасқа). Пісіргеннен кейін құбырдың жаңа бөлігін битумды мастикамен немесе қабыршақпен бөлектеп, грунтпен жабады да, құбыр бойынша айдауды жалғастырады.

  1   2   3   4


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет