Viіі республикалық студенттік пәндік олимпиада қарағанды қаласы, 7-8 сәуір 2016 жыл



Дата01.05.2016
өлшемі79.36 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Педагогикалық факультеті

Дефектология кафедрасы

Инклюзивті білім беру кеңестік-тәжірибелік орталығы
VIІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

Қарағанды қаласы, 7-8 сәуір 2016 жыл


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!

Сіздерді академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 7-8 сәуірінде өтетін 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша VIІІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиадаға 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының күндізгі және күндізгі қысқартылған бөлімінің 2-3 курс студенттері қатыса алады. Оқу орындары құрамында 4 студенттен аспайтын команданы ұсына алады. Команданың міндетті түрде жетекшісі болуы қажет.
СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

Олимпиаданың мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады.

Олимпиаданың міндеттері:

- Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдыру;

- Студенттердің дефектологияға, яғни арнайы білім туралы ғылым ретіндегі кәсіби қызығушылықтарын жоғарылату;

- Психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке болашақ педагогтардың шығармашылық қатынасын дамытатын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласында тәжірибелік дағдылары мен іскерліктерін, түзете-дамытушылық бағыттағы кәсіби педагогикалық сапасын дамыту.


2. Топтарды ұсыну тәртібі

Дефектология бойынша Олимпиадаға әрбір университеттердің ішінде өткізілетін І-кезеңде 1 орын алған топтар қатыса алады. Қатысушылар тобы 4 студенттен аспауы керек және жетекшіден тұруы қажет.


3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Олимпиаданың І-іріктеу кезеңі әрбір жоғары оқу орындарында өткізіледі, үй тапсырмасы ретінде әрбір қатысушы топ төмендегі жұмыстарды өткізуі тиіс:

1) «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориялық және қолданбалы аспектілері» концепциясын әзірлеу.



Талаптары: көлемі 3 бетке дейін.

Бағалау критерийлері: мәселенің өзектілігі, ғылымилығы және тәжірибелік маңыздылығы.

2) «Ерекше балаларға ерекше ыңғай!» тақырыбында эссе жазу.



Талаптары: көлемі 3 бетке дейін.

Бағалау критерийлері: өзектілігі, мазмұндылығы, ауқымдылығы және тақырыпты ашудың тереңділігі, өзіндік кәсіби ұстанымын көрсете білуі, логикалылығы және мазмұндау мәдениеті.

II (қорытынды) кезең 7-8 сәуірде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткізіледі. Бұл кезеңге Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне уақытылы өтініш ұсынған, барлық шығармашылық тапсырмаларды (концепция, эссе) орындаған топтар жіберіледі. Олимпиаданың бағдарламасына келесі конкурстар кіреді:

  1. Топтардың сәлемдесуі, өзін-өзі таныстыруы:

    1. Топтың «Визиттік карточкасы» – (әр топ өзінің оқу ордасы мен мамандығын видеоролик немесе ән-шашу ретінде ұсынып, тобының атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады) – 10 мин.

ІІ. «Дефектология – толыққанды әлеуметтік өмірге балаларды қосу өнері ретінде» (практикалық сайыс) – ұсынылатын әртүрлі проблемалық ситуацияны шешу барысында түзете-дамытушылық маршрутын құрастыру. (7-10 мин).

IIІ. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады». Топ басшылар сайысы. «Арнайы педагогика», «Арнайы психология» және «Арнайы педагогика тарихы» пәндерінен әр топ басшысына 5 сұрақ қойылады.

IV. «Ұшқыр ой» шығармашылық сайысы. Мамандық бойынша әр топ 5 терминге дұрыс, толық және жан-жақты түсініктеме беруі қажет.

V. «Дефектология – оқу пәні ретінде» - «Арнайы педагогика», «Арнайы психология», «Логопедия негіздері» жалпы курстары бойынша тестілеуден өту, тесттік тапсырмалар саны – 40. Тестке берілетін уақыт – 60 минут. Топтың орташа баллы бойынша бағаланады.

4. Конкурстарға қатысуды бағалау.

5. Топтарды марапаттау.

6. Құжаттарды Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне жіберу тәртібі:

- топтардан өтініш;

- «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориялық және қолданбалы аспектілері» концепциясын әзірлеу;

- «Ерекше балаларға ерекше ыңғай!» тақырыбында эссе жазу.

Таңдаулы жұмыстар Олимпиаданың ғылыми жұмыстары жинағында жарияланады.

ДЕФЕКТОЛОГИЯ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,

Педагогикалық факультеті, дефектология кафедрасы

7-8 сәуір 2016 жыл
Олимпиадаға қатысу үшін мына электронды поштаға defectolog2015@mail.ru немесе пошталық мекен-жай бойынша 100026, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Карбышев көшесі,7, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, педагогикалық факультетіне келесі материалдарды жіберіңіз:


  1. Олимпиадаға қатысу өтініші (1-қосымшаны қараңыз) – 2016 жылдың 1-наурызына дейін;

  2. «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориялық және қолданбалы аспектілері» ғылыми-әдістемелік концепциясы (2-қосымшаны қараңыз) – 2016 жылдың 5-наурызына дейін;

  3. «Ерекше балаларға ерекше ыңғай!» тақырыбындағы эссе (2-қосымшаны қараңыз) – 2016 жылдың 5-наурызына дейін;


Назар аударыңыз! Жеке куәлік, студенттік билет және іссапар қағаздарының болуы міндетті!!! Қатысушылардың өтініші, ғылыми-әдістемелік концепция және эссе мына үлгі бойынша рәсімделуі керек.

Үлгі:

Бір топтың қатысушыларының өтініші бар файл былай аталуы тиіс: өтініш Қарағанды (қала), педагогикалық факультеті (факультет).

Ғылыми-әдістемелік концепциясы бар файл былай аталуы керек: концепция Қарағанды (қала), педагогикалық факультеті (факультет).

Эссесі бар файл былай аталуы тиіс: эссе Қарағанды (қала), педагогикалық факультеті (факультет).

1 қосымша
Дефектология мамандығы бойынша VIІІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік Олимпиадаға

ҚАТЫСУ ӨТІНІШІ

Қала, білім мекемесінің толық атауы________________________________

_______________________________________________________________________________
Қатысушының аты-жөні (толығымен), курсы, мамандығы:

1.____________________________________________________________________________

2._____________________________________________________________________________
Топ жетекшісінің аты-жөні (толығымен), қызметі_________________________________________ _________________________________________________________
Пошталық байланысқа арналған мекен-жай (пошталық индексті көрсету қажет) _________________________________________________________________
Телефондар (қала кодын көрсету):

ЖОО (кафедра)___________________________________


Электронды мекен-жай:

ЖОО (кафедра)___________________________________

Электронды поштаның мекен-жайы______________________________
Профилакторияға орналастыру қажеттілігі __________________________
Қосымша тілектеріңіз ________________________________________
2 қосымша

Ғылыми-әдістемелік бағдарламаны рәсімдеу ережесі:

Word форматында ғылыми-әдістемелік материалды рәсімдеу ережесі – Times New Roman; кегль 12; жол аралық интервал – 1; шеттері: жоғары – 2 см., төмен - 2 см., оң жақ – 2 см., сол жақ – 2 см. Жоба көлемі А 4 форматында 5 бетке дейін.


Біздің мекен-жай

100026, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Карбышев көшесі 1, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті», педагогикалық факультеті, №11 корпус., 118-аудитория.


Байланыс телефондары:

87003872203, 87025313351 – олимпиаданы өткізу бойынша жауапты Мусеева Гульназ Нурлыбековна

8 (7212) 35-12-50 –дефектология кафедрасы;

Электрондық пошта : defectolog2015@mail.ru.

Олимпиаданы ұйымдастыру және мазмұны бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды көрсетілген мекен-жайға хабарласа аласыз.

Көрсеткен қызығушылықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз және сіздерді қатысуға шақырамыз!!!



ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Каталог: files -> Other
Other -> АҚпараттық хат құрметті оқытушылар және мектеп және гимназиялардың бітіруші сыныптарының
Other -> Жеке пәндер мәліметі (курстардың, юниттердің) Мамандық «5В050300-Психология»
Other -> Жеке пәндердің сипаттамасы (курстар, юниттер) Мамандық «5В010800-Дене шынықтыру және спорт»
Other -> Бағыты: “Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақта дамытылатын саяхаттық бағыттар” Пәні
Other -> Пән атауы/юнит Азаматтық қоғам дамуының басты бағыттары Пәннің коды
Other -> Конкурса на лучшую организацию акции «Чистая сессия»
Other -> Priekule 23 июня к 12 часам
Other -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Other -> Пән атауы Алгебра Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет