Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 134.99 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі134.99 Kb.

Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 92 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7479 тіркелді

      «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық- эпидемиологияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралары ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 33 қаулысына сәйкес, сондай-ақ созылмалы вирусты гепатиттері бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қосымшаға сәйкес Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты заннамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрінің


      міндетін атқарушы                          С. Мусинов

Қазақстан Республикасы  


Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы   
2012 жылғы 17 ақпандағы 
№ 92 бұйрығына    
қосымша        

Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды
зерттеп-қарау және емдеу қағидалары

1. Негізгі ережелер


      1. Осы вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде созылмалы вирусты гепатиті бар пациенттерге немесе олардың болуына күдік туғанда ұйымдастыру тәртібі мен жүйелілігін зерттеп-қарау және емдеуін айқындайды.
      2. Созылмалы вирусты гепатиттерге Созылмалы В (СВГ) гепатиті, дельта-агенті бар созылмалы В гепатиті немесе созылмалы Д гепатиті (СДГ) және созылмалы С гепатиті (ССГ) жатады.
      3. Созылмалы вирусты гепатиті бар пациенттерді тексеру және емдеу амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың, сондай-ақ республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының деңгейінде кезең-кезеңмен көрсетіледі.
      4. Созылмалы вирустық гепатиттері бар және оларға күмән тудыратын пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру және емдеу вирусологиялық тексерусіз тіркелген жері бойынша көрсетіледі және өзіне мыналарды қосады:
      1) жалпы дәрігермен/учаскелік терапевтпен немесе педиатрмен жүзеге асырылатын бастапқы тексерілу (скриниг);
      2) диагноз қою, вирусқа қарсы терапияға және оны жүргізуге көрсеткішті, сондай-ақ «гастроэнтерология» немесе «жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дәрігерлермен жүзеге асырылатын гепотологиялық кабинетпен (орталықпен) қарым қатынасын анықтау.
      5. Полимераздық тізбектік реакция (бұдан әрі - ПТР) әдісімен вирусты гепатиттердің болуына зерттеп-қарау амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның жолдамасы бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайтын зертханаларда аталған зертханалардың қарқынын, жарақтаумен және зерттеу сапасымен (20 халықаралық бірліктен кем анықталған төменгі лимитпен халықаралық бірліктегі миллилитрде С вирустық гепатиті үшін ПТР нәтижесінің сапалы айқындық мүмкіндігі қоса отырып) қамтамасыз етілгендігі ескеріле отырып жүргізіледі.
      6. Созылмалы вирустық гепатиттері бар және оларға күмән тудыратын пациенттерге гепатологиялық кабинет (орталық) деңгейінде денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органымен құрылған көпсалалық медициналық ұйымның базасында жүзеге асырылады:
      1) денсаулық сақтау ұйымдарынан В және С вирустық гепатиттерінің диагностикасына скринингтік зерттеулердің мәліметтер жинағы;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулықты дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі - РДДО) аймақтық филиалдарына жолдама беретін «В» және «С» вирустық гепатиті бар науқастардың жеке есепке алу Картасын толтыру;
      3) созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттердің регистріне мәліметтерді енгізу;
      4) вирусқа қарсы терапияға белгіленген көрсеткішті анықтау;
      5) күту парағын қалыптастыру;
      6) емдеу бағасының тиімділігі үшін пациенттерді айына бір реттен кем емес тексере отырып созылмалы вирустық гепатиттері бар пациенттерге вирусқа қарсы терапия мониторингін жасау;
      7) вирусқа қарсы препараттарды алу үшін рецепт жазып беру;
      8) денсаулық сақтау ұйымдарына, оның ішінде телемедициналық құралдарды пайдалану арқылы консультативтік көмек көрсету.
      7. Созылмалы вирустық гепатиттері бар және оларға күмән тудыратын пациенттерге стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру және емдеу:
      1) созылмалы вирусты гепатиті бар, 16 жастан жоғары пациенттерге денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайтын көп бейінді ауруханалардың немесе инфекциялық ауруханаларының гастроэнтерологиялық бөлімшелерінің (немесе гастроэнтерологиялық бейіндеу бар терапия бөлімшелерінің) базасында;
      2) 16 жасқа дейінгі пациенттерге денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайтын көп бейінді балалар инфекциялық ауруханаларының гастроэнтерологиялық бөлімшелерінің (немесе гастроэнтерологиялық бейіндеу бар терапия бөлімшелерінің) базасында жүзеге асырылады.
      8. Созылмалы вирустық гепатиттері бар және оларға күмән тудыратын пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету деңгейінде тексеру және емдеу гепатология мәселелері бойынша біліктілігін арттыру бағдарламаларын игерген және денсаулық сақтау саласындағы құзырлы органмен анықталған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен берілетін тиісті деңгейдегі білімі туралы құжатты бар, «гастроэнтерология» немесе «жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дәрігерлерге рұқсат етіледі.

2. Созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттерді тексеру


      9. Созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің үйлесімділігі, гепатология саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ аурудың асқынған түрлерінің диагностикасы және емі денсаулық сақтау саласындағы құзырлы органмен анықталған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен жүзеге асырылады.
      10. Созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттерге медициналық көмектің көрсетілуі тиісті меморандум негізінде органдардың және денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік емес ұйымдармен қарым қатынасында жүзеге асырылады.
      11. Созылмалы вирусты гепатиті бар пациенттерге медициналық көмек:
      1) бастапқы зерттеп-қарауды;
      2) диагнозды растауды;
      3) вирусқа қарсы терапия туралы шешім қабылдауды;
      4) вирусқа қарсы терапияны жүргізуді және мониторингті;
      5) профилактикалық шаралар мен пациенттерге консультация беруді қамтиды.
      12. Вирусты гепатитке бастапқы зерттеп-қарау (скринингілік) тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы практика дәрігері/терапевт немесе педиатр жүзеге асырады.
      13. Бастапқы (скринингілік) зерттеп-қарауға мына контингенттер жатады:
      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:
      - гемофилиясы бар пациенттер;
      - гемодиализде жатқан пациенттер;
      - қан мен оның компоненттерінің реципиенттері;
      - қан аурулары және қатерлі ісіктері бар пациенттер;
      - операция жасалған пациенттер;
      - вирусты гепатиттерді жұқтыруға жоғары қаупі бар медицина қызметкерлері.
      14. Вирусты гепатитке скринингілік зерттеп-қараулар иммуноферменттік немесе иммунохимиялық талдаулар көмегімен айқындалатын мына маркерлерді қамтиды:
      1) HBsAg;
      2) anti-HDV (total) - HbsAg тасымалдағыштарда;
      3) anti-HCV (total).
      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тестілердің оң нәтижелері болғанда және созылмалы гепатитке тиісті күдік болғанда одан әрі зерттеп-қарау немесе емдеу пациенттер амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының «гастроэнтерология» немесе «инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша дәрігерге жіберіледі.
      16. «Гастроэнтерология» немесе «жұқпалы аурулар» мамандықтар бойынша дәрігерлер созылмалы вирусты гепатитке күдігі бар пациенттерді одан әрі зерттеуге жібереді:
      1) HBsAg табылған жағдайда:
      anti-HBc;
      HBeAg;
      anti-HBe;
      HBV ДНК-ға ПТР (сапалы тест, оң нәтижеде-санды тест);
      2 anti-HDV total табылғанда:
      anti-HDV IgM;
      HDV РІЖ ПТР-ға (сапалы тест);
      3) anti-HCV табылған жағдайда:
      HCV РНК ПЦР-ға (сапалы).
      17. Соматикалық статусын және функционалдық жай-күйін бағалау үшін 12-тармақта көрсетілген мамандық бойынша дәрігерлер, пациенттерге мынадай зерттеулерді жүргізеді:
      1) тромбоциттерді есептей отырып қанды жалпы талдау;
      2) бауырдың функционалдық сынамасы (АЛТ, ACT, билирубин, сілтілік фосфатазасы немесе ГГТП, альбумин, протромбалық уақыт/индекс немесе халықаралық нормаландырылған қатынасы);
      3) бауыр және өт тамырларының допплерографиясы-айғақтары бойынша өт жолдары ағзаларын ультрадыбыстық зерттеуі;
      4) тиісті жабдықтар болған кезде фиброзды бағалаудың валдизирленген инвазивтік емес әдістері (эластрография);
      5) эзофагогастродуоденоскопия (бауыр циррозына күдік бар пациенттерге тамырдың варикоздық ұлғаюын анықтау үшін);
      6) альфа-фетопротеин;
      7) айғақтар бойынша мамандардың қосымша зерттеулері және консультациялары);
      8) стационарлық жағдайда морфологиялық зерттеулер (айғақтар бойынша).
      18. Серологиялық/вирусологиялық критерийлермен СВГ диагнозын анықтау болып мыналар табылады:
      1) аурудың 6 айдан астам ұзақтығы;
      2) HbsAg бар болуы;
      3) HBV ДНК 2000 МЕ/мл (10000 копий/мл) астам көлемде.
      19. Осы Қағидаларға 18-20 тармақтарына сәйкес созылмалы вирусты гепатиттің диагнозын анықтау фактісі бойынша:
      1) инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша дәрігерлер, егер олар аудандық емханада жоқ болған жағдайда-учаскелік дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері пациент туралы тиісті ақпаратты «В» және «С» вирусты гепатиті бар ауруларды жеке Тіркеу картасына (бұдан әрі - Карта) (№ 130-1/У нысаны 2010 жылғы 21 желтоқсандағы 6697 нөмірімен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізбесінде тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту турлы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген «В» және «С» вирустық гепатиттері ауруларының жеке есебінің картасы) енгізеді, бұдан әрі ақпарат порталдық режимде гепатологиялық кабинетке (орталыққа) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның аумақтық филиалына ай сайын келесі есептік айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін беріледі;
      2) «инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша дәрігерлер, егер мұндай диагноз алғашқы рет белгіленсе, аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына (2011 жылғы 10 қазандағы 7248 нөмірімен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізбесінде тіркелген «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік мәліметтерін жинақтау үшін бағытталған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығымен бекітілген «шұғыл хабарлама инфекциялық аурулар, тамақтан, нақты кәсіптік улану, өкпеге ерекше әсері» 058/у нысаны) беруді қамтамасыз етеді.
      20. Вирусқа қарсы терапия туралы шешім қабылдау кезеңінде науқастың бастапқы жай-күйін және емдеу курсының режимін анықтау мақсатында осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген «гастроэнтрология» немесе «инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша дәрігерлер созылмалы вирусты гептиттері бар пациенттерге мынадай зерттеулерді жүргізеді:
      1) ПТР:
      ССГ кезінде - халықаралық бірлік көлемінде МЕ/мл көлемінде анықталған генотипті және вирустық жүктемені анықтауға;
      ВВГ кезінде -алдыңғы оң нәтиже жағдайында - егер бұндай зерттеулер вирусқа қарсы терапия айғақтарын айқындар алдында тікелей жүргізілмесе вирустық жүктемені (көлемдік тест) анықтау;
      СДГ кезінде - вирустық жүктемені анықтауға - егер осындай зерттеулер жүргізу мүмкіндігі болса;
      2) биохимиялық сынамалар (қан глюкозасы, сарысу темірі);
      3) жүктілікке тест;
      4) Т3, Т4 (еркін), тиреотроптық гормон, тиреопероксидаға антидене (интерферон негізінде жоспарланған вирусқа қарсы терапия алдында);
      5) көз ұяшығын тексеру (интерферон негізінде жоспарланған вирусқа қарсы терапия алдында);
      6) күйзелісі бар пациенттерде «психатрия» мамандығы бойынша дәрігердің тексеріп-қарауы (жоспарланған вирусқа қарсы терапия алдында);
      7) anti-HIV;
      8) айғақтар бойынша басқа да зерттеулер.

3. Созылмалы вирустық гепатиттері бар пациенттерді
вирусқа қарсы препараттармен емдеу


      21. Вирусқа қарсы терапия үшін әлеуетті кандидаттар мыналар болып табылады:
      1) СВГ бар пациенттер:
      жоғары АЛТ белсенділігімен үйлесімде 2000 МЕ/мл (немесе 10000 көшірме/мл) артық вирустық жүктемесі бар және /немесе А2 гепатитінің морфологиялық белсенділігімен және жоғары, F2 фиброзымен және одан жоғары;
      вирустық жүктемеге және гепатиттің белсенділігіне қарамастан HBV ДНК-мен (сапалы ПТР көмегімен) анықталатын бауыр циррозы сатысында;
      2) АЛТ 2 екі есе немесе бір есе жоғары белсенділігімен үйлесімде сапалы ПТР HDV РНК және/немесе HBV ДНК көмегімен анықталатын СДГ бар пациенттер және А2 гепатитінің морфологиялық белсенділігімен және жоғары, Ғ2 фиброзымен және жоғары;
      3) ССГ бар пациенттер:
      қарсы айғақтары болмаған кезде гепатит белсенділігін және вирустық жүктемесіне қарамастан.
      22. Созылмалы вирустық гепатиттің вирусқа қарсы терапиясы көрсеткіші немесе қарсы көрсеткіші тіркелген жері бойынша «гастроэнтерология» немесе «инфекциялық аурулар» мамандықтары бойынша дәрігерлерімен анықталады, ал егер қиын жағдайда-денсаулық сақтау саласының құзырлы органымен ұсынылған диагностиканың және емнің /клиникалық нұсқаулықтардың хаттамаларына сәйкес гепотологиялық кабинеттермен (орталықтармен) анықталады.
      23. Созылмалы вирустық гепатитімен вирусқа қарсы терапияны жүргізу туралы хаттамалық шешімі, мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органымен бекітілген құрамына мыналар кіретін комиссиямен қабылданады:
      1) мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы бастығының орынбасары (төраға);
      2) мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органның жетекшілік ететін маманы (жетекші мамандары);
      3) бас штаттан тыс гастроэнтеролог (гепатолог);
      4) бас штаттан тыс инфекционист;
      5) гепатологиялық кабинеттің (орталықтың) бастығы;
      6) пациентке жолдама берген және вирусқа қарсы терапия көрсеткішін анықтаған «гастроэнтерология» немесе «инфекциялық аурулар» мамандықтары жөніндегі дәрігер;
      7) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті аумақтық департаментінің маманы.
      24. Вирусқа қарсы терапияны жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда тіркелген жері бойынша «гастроэнтерология» немесе «инфекциялық аурулар» мамандықтары жөніндегі дәрігерлер созылмалы вирустық гепатиттері бар пациенттерді гепатологиялық кабинетке (орталыққа) жібереді.
      25. Гепатологиялық кабинеттің (орталықтың) «гастроэнтерология» немесе «инфекциялық аурулар» мамандықтары жөніндегі дәрігерлері:
      1) тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шеңберінде жоспарланған вирусқа қарсы терапия кезінде, пациенттерді балалар және ересектер үшін, сондай-ақ созылмалы гепатиттердің әртүрлі этилогиясы (ВВГ, ДВГ және СВГ) үшін жеке жеке қалыптастырылған күту парағына енгізеді;
      2) пациенттердің дәрілік заттарды алуына рецепт жазып беруді жүргізеді:
      бастапқыда - апталық терапия курсы көлемінде (төзімділігін анықтау мақсатында);
      әрі қарай - ай сайын айлық терапия курсы көлемінде;
      3) мониторинг және тиімділік бағасы, сондай-ақ вирусқа қарсы терапияның модификациялық режимі өзіне денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностика және емдеу/клиникалық басшылықтың хаттамасына сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында немесе стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына емдеу кезінде және оның аяқталғанына 6 ай өткеннен кейін клиникалық-зертханалық (оның ішінде вирусологиялық) зерттеуді жүргізеді;
      4) ай сайын вирусқа қарсы терапияға алынған пациенттердің саны туралы және терапия оның тиімсіздігіне немесе жағымсыз әсерінің дамуына байланысты тоқтатылған пациенттердің саны туралы ақпаратты беріп отырады.
      26. Бұл ретте, емдеу кезінде белсенділік және (METAVIR > А2, F2) морфологиялық бағалаудың стандарттық жүйесінің көмегімен анықталатын немесе вирусқа қарсы терапияға қарсы көрсеткіштің жоқ кезінде бауыр циррозы бар ауруларды қоса отырып, бағалаудың валдизирленген инвазивтік емес (эластография) әдістері бара бар орыны беріледі.
      27. Вирусқа қарсы препараттарды қарқынды қызмет көрсету және қол жетімділік есебімен аудандық деңгейге жеткенге дейін, сондай-ақ препараттарды жіберуді және сатылуды бақылау, мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органымен анықталған фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.
      28. Вирусқа қарсы терапияның бастапқы кезеңін жүргізу үшін созылмалы вирустық гепатиттері бар пациенттер, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының күндізгі стационарында немесе стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызылады.
      29. Созылмалы вирустық гепатиттің жылдам үдейтін (ілгері) ауыр түрлері бар, сондай-ақ ұқсас аурулары бар пациенттер амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген республикалық ұйымдарға жіберіледі.
      30. Созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттерге вирусқа қарсы терапия денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностика және емдеу/клиникалық басшылықтың хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Вирусқа қарсы терапияның жағымсыз әсерлерін түзету оның ауырлығына байланысты көрсеткіштері бойынша амбулаториялық-емханалық немесе гепатологиялық кабинеттің (орталықтың) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.
      32. Созылмалы вирустық гепатиттері бар пациенттерге инфекцияның одан әрі жұғу қаупін жоюға қатысты жеткілікті түсініктемелер беріледі.
      33. Вирусқа қарсы терапия жүргізер алдында созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттер немесе олардың заңды өкілдері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Пациенттің созылмалы вирустық гепатитті емдеуге ақпараттандырылған келісімі» нысанына қол қояды.

Вирусты гепатиттермен ауыратын


науқастарды зерттеп-қарау және
емдеу қағидаларына     
қосымша           

Пациенттің созылмалы вирустық гепатиттіке емдеуге
ақпараттандырылған келісімі


      Сіздің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі созылмалы вирустық гепатитті емдеу бағдарламасына қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Алайда, аталған бағдарламаға қатысуға келісім бермес бұрын, Сіз төмендегі көрсетілген ақпаратты оқып және қандай жағдайда ем жүргізілетіні туралы және қандай дәрілік заттар пайдаланылатыны туралы нақты білу үшін барлық қызықтыратын сұрақтарды қоюға міндеттісіз.
      Сізге төменде көрсетілген беттерде айтылған ақпараттар толық түсінікті болғанша және Сізде туындаған барлық сұрақтарға жеткілікті жауап алғанша қол қоюдың қажеті жоқ. Емдеуге кандидаттардың алдын ала іріктеу кезінде арнайы комиссия Сіздің сырқатнамаңызды толтырады. Сізге барлық емдеу кезінде емдейтін дәрігеріңізге бекітілген уақытты келіп тұруыңыз және оның нұсқаулықтарын қатаң сақтау қажет. Келесі қаралуға келу кезеңі емдеу аяқталған кезеңінен бастап 24 апта ішінде қарастырылған.
      Вирустық гепатиттердің негізгі емі болып интерферондық қатардағы препараттар (стандарттық және ұзақ қолданысағы) және нуклеотидоттардың ұқсас (нуклеозидтердің) түрлері.
      В және С гепатиттерін емдеу өзіне тәуекел элементтерін қамтиды. Интерферон препаратын қолдану кезінде анағұрлым жиі кездесетін әсерлерге мыналар жатады: грипке ұқсас синдром, тәбеттің төмендеуі, күйгелектік немесе депрессия, аутоиммундық аурулар, қан талдауындағы өзгерістер. Рибавириннің анағұрлым жиі кездесетін әсері - бұл анемия (гемоглабиннің төмендеуі). Сондай-ақ кейбір ауыр жағымсыз құбылыстар вирусқа қарсы терапиямен және препаратты қолдану бойынша көрсетілген ақпараттарға байланысты болуы мүмкін. Аталған ақпаратпен Сізге аталған ақпараттандырылған келісімге қол қоймас бұрын танысу қажет.
      Дәрілік заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. Егер Сізде емдеу кезінде жағымсыз симптомдар туындағанда, тиісті медициналық көмекті алу үшін, Сіз онда бұл туралы емдеуші дәрігеріңізге шұғыл хабарлауыңыз қажет. Қолданылатын препараттарды Сіз және Сізге ұсынылған көлемнен аспайтын мөлшерде қолданылуы тиіс. Препараттар балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.

КЕЛІСІМ


      Мен, менің еміме қатысты жоғарыда ұсынылған ақпаратпен таныстым.
      Менің барлық сұрақтарыма жеткілікті жауаптар берілді.

Т.А.Ә. ____________________________________________________________


Қолы ___________________________ Уақыты ___________________________ 
: uploads -> files
files -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет