Вирусты гепатиттің зертханалық диагностикасы



жүктеу 43.15 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі43.15 Kb.
: statja
statja -> Адам иммун тапшылығының вирусы (аитв) және жүктілік
statja -> Состоявшийся с 15 по 17 мая в Шуне /курортный городок на берегу Мертвого моря в Иордании/ пятый Всемирный экономический форум по Ближнему Востоку отчетливо приобрел в этом году политический крен
statja -> Гвинейские путчисты объявили о захвате власти 23 декабря 2008 года, через несколько часов после того, как стало известно о кончине в результате тяжелой болезни президента страны Лансаны Конте
statja -> Кузнецова C
statja -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
statja -> 23 мая 1949 года председатель Парламентского Совета Конрад Аденауэр в Бонне провозгласил Конституцию фрг. Этот день считается днем образования фрг
statja -> Адам аитв-ын төмендегідей жағдайда жұқтырады
Вирусты гепатиттің зертханалық диагностикасы

ВГ ерекшелік таңбаларын анықтау үшін зерттеуге қолданылатын барлық әдістерді иммунохимиялық және молекулярлы-биологиялық деп екі топқа бөлуге болады..

 Иммуно-химиялық әдісте – рективтердің жоғары сезімталдығы мен ерекшелігі, мінез ахуалының қарапайымдылығы мен орнықтылығы бар иммуноферментті талдама (ИФТ) басты орынға ие.

Молекулярлы-биологиялық әдісте – дәл нүктелі және сұйықты будандасуын, сондай-ақ полимеразиялық тізбек реакция (ПТР) – тікелей ДНК-ВГВ, немесе вирусты ерекшелікті ферментті анықтау көмегімен – ДНК- полимеразаның болуын анықтауға мүмкіндік береді.

ГВ диагностикасында НВsAg анықтамасы мейлінше кеңінен пайдаланылады.

Осы антидене асқынған ауруда да, сонымен қатар созылмалы ауруда да анықталады (алайда ауыр инфекция әдетте анти-НВс IgМ жоғары титрлерінің болуымен расталады).

Ауыр ГВ кезінде вирустың беткей антигені жұқтырылған кезінен бастап 3-5 аптадан кейін, яғни аурудың клиникалық белгілері пайда болмастан бұрын анықталады және бұл жағдайда бірден-бір таңба болып табылады.

НВsAg аурудың сарғаю алдындағы және сарғаю кезеңінде ұдайы анықталады. НВsAg –ның 6 және одан да көп ай бойы ұзақ сақталуы, аурудың ұзаққа созылуын немесе созылмалығын көрсетеді, және вирустың созылмалы тасымалы деп пайымдауға мүмкіндік береді. Ауыр ГА бар науқастарда анти-НВs-дегі НВsAg сарысу конверсиясы инфекциялық үдерісті шешу сатысында науқастардың 90-95% болып өтеді және, ГВ вирусына иммунитетінің көрсеткіші болып табылады, яғни анти-НВs болуы, инфекцияны бастан өткергенін және осы инфекцияға иммунитетінің барлығын айғақтайды. Қорғанышты шоғырланымда (10 МЕ және одан да көп) осы антидене бар адамдар ГВ-мен ауырмайды және екпе жасауды қажет етпейді.

ВГВ репликациясының серологиялық таңбалары – анти-НВс сыныбы IgМ, НВеAg, ДНК және ДНК-полимераза болып табылады, осылар ауыр ГВ кезінде клиникалық көріністің алғашқы күнінде анықталады және созылмалы ГВ өршіген кезде анықталуы мүмкін.

ВГВ репликациясының серологиялық таңбаларын, жалпы диагностикалау мақсатында да, сонымен қатар қолданылған терапияның тиімділігін бағалау үшін де анықтайды. ГВ ауыр кезеңінде IgМ сыныбындағы анти-НВс болуы, осы аурудың қосымша таңбасы болып табылады. Алайда, созылмалы ГА ауыратын науқастардың 50% жуығында, өршуі кезеңінде, дегенмен көбінесе төменгі шоғырланымда , осы антидене болуы мүмкін.

  Қан сарысуында тек қана IgG сыныбында анти-НВс болуы, НВsAg жоғалуы мен анти-НВs.   пайда болуы арасындағы кезеңінде байқалады.  

IgG сыныбында анти-НВс төменгі титрде анти-НВs ұштасуын анықтау, ГВ-инфекциясын бастан өткергені мен иммунитетінің барлығын көрсетеді.

НВеAg тестілеуді тек қана НВsAg бар қан сарысуында өткізіледі және осы таңбаның оңды нәтижесі ГВ белсенді үдерісін айғақтайды немесе ауыр ГВ диагнозын растайды, немесе созылмалы ГВ өршуін айғақтайды.

НВеAg айналымының ұзақтығының маңызды болжамдық мәні бар: ауру басталғаннан кейін 2 және одан да көп айдан кейін НВеAg анықталуы, созылмалы гепатиттің ықтимал дамуының белгісі қызметін атқарады.

Алайда, мутантты вирус жұқтырылған науқастар, сақталған жұқтырылуына және анти-НВе болуына қарамастан, НВеAg бойынша сарысуы теріс болып қала беруі мүмкін. Қан сарысуында ДНК-ВГВ болуы, осы үлгісінің жоғары жұқпалығын және организмде вирустың өсіп –көбеюін көрсетеді.Сырқаттанудың қызған кезінде іс жүзінде барлық науқастардың оңды нәтижесін тіркеуге қол жеткізіледі.  

Созылмалы В гепатиті сарысуда HBsAg ұзақ сақталуымен және В гепатиті вирусына ДНК болуымен сипатталады. Сарысуды HBsAg тазарту, трансаминаз деңгейін қалыпқа келтіру және HBsAg (анти-HBs) қарсы антидененің пайда болуы аурудың ерте шешілуіне байланысты болады.

Осыдан 30 жылға жуық бұрын, осының алдында инфекция болып өткен бірден-бір таңба ретінде HBcAg (анти-HBc) қарсы антиденеден тұратын, қан трансфузиясы кезінде ВГВ берілуінің сипаттамасы жазылды.

Осының анықталуы, бұрын ВГВ инфекциясын өткерген таңбалардан тұратын HBsAg-теріс пациенттердің сарысуы, ВГВ инфекциялық бөлшектерінен тұруы мүмкін екендігін айғақтайды. Бұдан едәуір кейінгі зерттеулер, ВГВ-ның ДНК, өздігінен жинақталатын ауыр гепатит жағдайында да, сонымен қатар созылмалы ВГВ инфекциясы бар пациенттерді табысты емдеу жағдайында да ВГВ ДНК сарысуында және/немесе HBsAg, жоғалған соң едәуір кейін бауырда анықталуы мүмкін екендігін толық растайды. ВГВ инфекциясының осындай түрі де оккультті В гепатиті деп аталады.

ВГВ –ның оккультті инфекциясы, бұл сарысуда ВГВ-ға ДНК болуымен және/немесе бауырда В гепатиті үшін анықталатын беткей антигені (HBsAg) болмаған кезде жақсы танып-білумен сипатталатын клиникалық бірлік.

Оккультті гепатит В вирусты гепатиттің ауыр және созылмалы түрімен ауыратын пациенттерде ғана емес, сонымен қатар, ВГВ әлде-бір серологиялық таңбаларсыз пациенттерде де байқалады. Созылмалы С гепатитімен ауыратын пациенттерде В вирусты гепатитінің оккультті инфекциясы, бауырдың қаттырақ ауруы мен интерферонды емдеудің төменгі жауап реакциясын ынталандыра демей алады.

ГС зертханалық диагностикасы ВГС серологиялық таңбаларын ГС вирусына антидене (анти-ВГС, IgМ, IgG сыныбындағы анти-ВГС ) – ИФТ әдісімен және РНК – ВГС ПТР әдісімен анықтауға негізделеді.  

РНК-ВГС – ВГС белсенді репликациясының көрсеткіші және инфекцияның ең ерте таңбасы болып табылады, және сарысулық трансаминаз деңгейін көтерместен бұрын, жұқтырылған соң 1-2 аптадан кейін ПТР әдісімен анықталуы мүмкін.

Мейлінше кеңінен расталған қаттыфазалы иммуноферментті тест-жүйесі – core, NS3, NS4ab, NS5a жекелеген вирусты антигенге антиденені анықтауға негізделген.

ВГС РНК анықталуы ГС диагностикасында «алтын» стандарт деп және анти-ВГС анықтаудың оңды нәтижелерінің расталуы деп есептеледі.  

Қазіргі уақытта ВГС РНК индикациясы үшін сапалық және сандық нұсқада ПТР пайдаланады.

Жылдан жалға ВГС РНК анықтау әдістерінің сезімталдығы арта түсуде, қазіргі кезде ол қанның 1 мл-да РНК 10-50 көшірмесіне жетті.  

ВГС оккультті түрі.

2004 жылы бауырдың белгісіз этиологиясымен созылмалы ауруы бар пациенттерде ВГС инфекциясының жаңа түрлері сипаттала жазылған. ПТР жоғары сезімтал әдісін пайдалану арқылы ВГС РНК анти-HCV бар пациенттер бауырында 57%, сондай-ақ сарысуында ВГС РНК теріс құрамы мен функционалды бауыр сынамалары деңгейінің нормаларынан ұдайы ауытқуы бар пациенттерде анықталды.

Бұл ВГС инфекциясының оккультті түрінің болуын айғақтайды.

Бауыр жасушаларында ВГС РНК анықтау – бұл осы инфекцияны танып білудің баға жеткізсіз әдісі.




Зертхана меңгерушісі Г.А. Сүйебаева



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет