Володар селолық округінің Әкімі с. Р. Икашевтың округ тұРҒындары алдындағы есебі құрметті Володар селолық округінің тұрғындары!



Дата25.04.2016
өлшемі119.76 Kb.
ВОЛОДАР СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

С.Р.ИКАШЕВТЫҢ

ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
Құрметті Володар селолық округінің тұрғындары! Құрметті кездесуге қатысушылар!

Қазақстанның экономикалық дағдарыстан шығып, жан-жақты жаңадан даму кезеңінің негізгі басымдығы жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылдың 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында көрсетілген болатын. Жолдауда дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа қарсы тұратын мәселелерге ерекше көңіл бөлінген..

Жыл сайынғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының маңызы зор. Онда ұлт көшбасшысы қоғамды жетістіктерімізбен ғана таныстырып қоймай, ең бастысы мемлекетіміздің даму кезеңінің алдында тұрған, негізгі даму мақсатын анықтап көрсетеді.

Сондықтан да әр Жолдауды біз қазақстандықтар үлкен үмітпен күтеміз. Жыл сайынғы халыққа үндеуі жетістіктеріміздің қорытындыларына түйіндеме жасап, алда тұрған мақсаттарымызды анықтап, бастысы жалпыға ортақ мақсатқа жету жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі Сіздермен кездесуде, біріншіден біздің мемлекетіміз дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа қарсы тұрып, барлық қиындықтарды жеңе білгенін, ел басшымыздың бәсекеге қабілетті экономиканы құру бойынша жүргізіп отырған саясаты дұрыс екенін атап өткім келеді.

Округ тұрғындары

Володар селолық округінде екі елді мекен орналасқан: Саумалкөл селосы (10704 адам) және Новоукраинка селосы (1163 адам), жалпы саны - 11867 адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша: 36,6%-қазақтар, 44 %-орыстар, 5.7 %-украиндар, 4.7% -немістер және 9 %-басқа ұлттар.



Өндіріс

Селолық округтың өнеркәсіп өндірісі саласын негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын «Айыртау элеваторы» ЖШС (элеватордың бидайды сақтау қоры 116 мың. тоннаны құрайды.), «Молоко» ЖШС, 6 шағын наубайхана ( «Никулина» ЖК, «Гладкий» ЖК, «Популова» ЖК, «Рахметов» ЖК, «Айыртау элеваторы» ЖШС «Сухова» ЖК), диірмендер «Айыртау элеваторы» ЖШС, «САТ Саумалкөл» ЖШС) құрайды.

«Молоко» ЖШС сүт және кілегей, сары май, сірне, ірімшік өндірумен айналысады.

2009 жылы Саумалкөл селосында «Керемет» СТҚ сүтті қайта өңдейтін цехтың (соммасы 30,0 млн. теңге) құрылысы аяқталды.

Саумалкөл селосында жиhаз жасайтын және жиhаз жинайтын 3 цех бар ( «Саумалкөл» ЖШС және «Саумалкөл Құрылыс Сервис» ЖШС, ИП «Машкина»).

Сонымен қатар Саумалкөл селосының аумағында машина жасау кәсіпорны («Володар жөндеу зауыты» ЖШС) және тау кенін өндіру кәсіпорны («Көкшетаустройнедра» ЖШС асфальтобитум зауыты») бар. Бұл кәсіпорын үгіту кешенімен және асфальтобитум өндіретін, автокөлік жолдарын салуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті техникамен жабдықталған. Зауыт суық және ыстық асфальт дайындаумен және қара құмтас өндірумен айналысады.

«Володар МЖЗ» ЖШС сомасы 1,8 млн.теңгеге ағаш өндеу цехын ашты. «Айыртаустройтранс» ЖШС 2009 жылы пластикалық терезе шығару цехын ашты, ашылған уақытынан сомасы 200 мың.теңгеге өнім шығарылды.

Мал шаруашылығы

Селолық округте мал шаруашылығы ырғақты даму үстінде. Селолық округте 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметі бойынша 1439-бас ірі қара мал, соның ішінде 1029 бас сиыр, 170 бас жылқы, 1132 бас қой, 2630 бас шошқа, 22604-құс бар. Аудан орталығында ірі қара малды жасанды жолмен ұрықтандыру пункті жұмыс істейді.


Кәсіпкерлік


Селолық округте кәсіпкерлікпен 68 дүкен, 8 дәмхана айналысады.

Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсететін 8 шаштараз, 2 сурет салоны және 3 аяқ киім және тұрмыс техникасын жөндеу пункті бар.

Селолық округті газбен қамтамасыз ететін 4 газ баллон ауыстыру пункті жұмыс істейді. «Облгаз» ЖШС 2 пункті (Көкшетау қаласы), «Промгаз» ЖШС пункті (Петропавл қаласы), «Омаров» ЖК пункті (Саумалкөл селосы).

Селолық округ аумағында 6 қоғамдық монша бар.

Саумалкөл селосында макарон өнімдерін өндірумен «Дюзбаев» ЖК айналысады.

Ет өнімдерін өңдеумен «Сухова» ЖК, «Иктислямова» ЖК, «Жуковская» ЖК, «Ткаченко» ЖК және «Популова» ЖК айналысады.

Аудан орталығында екі пима басатын «Акмолдин» ЖК және «Жаналинова» ЖК цех бар. Сонымен қатар киім тігу және жөндеу цехы бар («Войтенко» ЖК).

Саумалкөл селосында жана өндіріс орындары, профнастилді дайындаумен айналысатын «Ғасыр-Айыртау» ЖШС, асфальтобитум өндірумен –«Теодолит» ЖШС, жиhаз жасаумен –«Саумалкөл-Құрылыс-Сервис» ЖШС, ағаш өңдеумен –«Айыртаустройтранс» ЖШС айналысатын цехтар ашылды.

2008 жылдан бастап көлемі-7,5 мың тонна бидай сақтайтын «Рамут» ЖШС шағын элеваторы жұмыс істеуде.

2009 жылы аудан орталығында жаңадан 4 дүкен: Саумалкөл селосында «Ивашина» ЖК тұрмыстық техника дүкені, «Нұр» «Кожасова» ЖК құрылыс дүкені, «Жүнісова» ЖК көкөністермен жемістер дүкені, Новоукраинка селосында «Фурсенко» ЖК дүкені ашылды.

Аудан орталығында 2 банк жұмыс істейді: «Халық банкі» және « Тұран Әлем Банкі » . Саумалкөл селосында «Халық Банк» АҚ 2 банкоматы , ТӘБ 1 банкоматы орнатылған.

Құрылыс

Тұрғын үй салу бағдарламасы бойынша ағымдағы жылда Саумалкөл селосының ықшам ауданында №48 коммуналдық 19 пәтерлі тұрғын үй (жалпы алаңы 1454,3 кв.м) және 15 тұрғын үй (жалпы алаңы 1825,8 кв.м), жалпы алаңы 3280,1 кв.м. пайдалануға берілді. Жалпы 65083,7 мың. теңге қаражат жұмсалды. Тұрғын үй құрылыс жоспары 120,6 % орындалды.

2010 жылы ЫА 78 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Шағын бизнес объектілерін салу жалғастырылуда, ЖК «Татаринцев» ет өнімдерін сату дүкені, «Саумалкөл» ЖШС көңіл көтеру орталығы, ЖК «Садвакасова» дәріхана, «Смирнов» ЖК Саумалкөл селосының орталығында жабық сауда орталығы салынуда. ЖК «Николаев» құрылыс материалдарын өндіру цехының, «Астана Агропродукт» ЖШС мал сою пунктінің құрлысын салу жоспарланып отыр.

Новоукраинка селосында пошта байланысының құрлысы салынып аяқталды.

Коммуналдық шаруашылық

«Айыртау-Сервис» МҚК Саумалкөл селосының ықшам ауданын (15 көп пәтерлі тұрғын үйді, пәтерлер саны-661, жалпы алаңы 33 112,5 кв.м ( №7 ОЖП №2 МГ және жалпы алаңы 10034,3 кв.м. интернат ғимаратын, сонымен қатар жалпы алаңы 16750,8 кв.м, 7 тұрғын үйді, жалпы жылумен қамтамасыз ететін алаңы 26785,1 кв.м., №4 ОЖП жалпы алаңы 16361,7 кв.м. 8 тұрғын үйді) жылумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар теміржол станциясының тұрғындар кенті (14 көп пәтерлі және 6 екі пәтерлі тұрғын үйді, ,170-пәтер, жалпы алаңы 8133 кв.м., Қазақ ОМ алаңы 2489 кв.м), сауда орталығының ғимаратын, шіркеуді және бірнеше теміржол қызметінің қызмет бөлмелерін жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы алаңы – 13042 кв.м.

Барлық қазандықтар іске қосылып жұмыс істеуде.

2009 жылы жылу беру мерзіміне «Айыртау-Сервис» МҚК жылумен қамтамасыз ету объектілерін дайындау үшін, «Жол картасы» жобасы бойынша 65282 мың.тенге қаражат бөлінді. Соның ішінде: жылумен қамтамасыз ету объектілеріне -39382 мың.тенге, канализация объектілеріне- 14900 мың.тенге, сумен қамтамасыз ету объектілеріне -11000 мың.тенге.



4-ОЖП, 7-ОЖП, 1-ТЖС және 2-ТЖС қазандықтарының шөгендеріне және жабдықтарына жөндеу жүргізілді. 6 жаңа шөген орнатылды. Барлық қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Су құбырлары жүйесіне, канализацияның сорғыш станцияларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ықшам ауданының және темір жол станциясының жылу трассалары ауыстырылды.

2010-2011 жылдары ЫА қазандық құрлысын салу жоспарланып отыр.

Саумалкөл селосының тұрғындарын сумен «Айыртау-Сервис» МҚК және «Якубенко» ЖК қамтамасыз етеді.

Саумалкөл селосында 2 су құбыры, 33 ұңғыма, 4 құдық, сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 22,2 км нысандар бар. 5 терең ұңғыма бар. Айлық төлемақысы 200-250 теңгені құрайды.

Саумалкөл селосының ықшам ауданындағы су құбырының ұзындығы 12,5 км., ТЖС-да 12,7 км., құрайды.

Абақтандыру

2009 жылы селолық округті абаттандыру үшін жергілікті бюджеттен 4 млн 707 мың теңге қаражат бөлінді.

Абақтандыру іс-шаралары кезінде 2000 астам тұрғын үйлердің маңайлары тазаланып, 16 қалдықтар орналасқан жерлер анықталып, тазартылып, шығарылды.

Тұрғындардың қатысуымен Саумалкөл көлінің жағалауы тазартылып, 5 т. қоқыс шығарылды.

Екі ескерткіштің аумағы тазартылып, тәртіпке келтірілді.

Строительная, Зеленая, Лермантов, Учительская көшелерінен, ЫА «Айыртау строй недра» ЖШС , «Айыртау АЭЖ» ЖШС, «Бондаренко» ЖК, «Фотон» ЖШС, «Нұртазин» ЖК және 7-КЛ көмегімен 5200 куб қоқыс шығарылды.

2009 жылы санитария бағдарламасы бойынша 2 млн.600 мың тенге қаражат бөлінді, 2008 жылға қарағанда 1 млн.984 мың теңгеге артық. Осы бағдарламаны іске асыру барысында ЫА, ТЖС және Строительная көшесінде қоқыс контейнерларын орналастыру үшін, көлік бара алатын жолмен 7-алаң орнатылды. 50 контейнер әзірленіп, орнатылды. Орталық парікте және автобус аялдамаларында 50-айналатын урна орнатылды. Парікте және алаңда 20 жарық шамы, 12 парік орындықтары және 4 урна орнатылды.

«Жасыл-Ел» бағдарламасы бойынша көктемгі акция кезінде 1250 өркен (ТЖС,ЫА, орталық алаңда, Достық көшесінде), 250 көшет, 20 гүл шоғыры, күзгі акция кезінде 400 өркен,. «Жас Өркен» бағдарламасы бойынша 250 өркен отырғызылды.

Конституция көшесінен М.Горького көшесіне өтетін көпірге және Набережная көшесіндегі көпірге жөндеу жүргізілді.

2009 жылы Саумалкөл селосындағы ішкі жолдарды жөндеу жұмыстарына 7999,9 мың тенге қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЫА, Конституция, Достық, Янко, Ақан-сері көшелерінде ойықтарға асфальтобетон төсеу жұмыстары жүргізілді 3650 кв.м., ЫА, Конституция, Зеленая, Чепрасов, Ильин, Озерная, көшелеріне 2866 кв.м., қазақ орта мектебінің, аялдама маңайларына тас төселді.

Сонымен қатар «Саумалкөл-Новоукраинка-Қаратал» КТА1-80 автокөлік жолдарына «Көкшетау жолдары» ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Қыс мезгілінде Саумалкөл және Новоукраинка селоларында автобустар жүретін жолдар, аялдамалардың маңдары қардан тазартылып отырылады.

Ақпан айында қаңғыған иттерді аулау жұмыстары жүргізілді (150,0 мың теңге).

Энергетика.

Саумалкөл селосына электр қуаты «Көкшетау Энерго» ЖШС филиалы Айыртау аудандық электр желісімен Батыс аудан аралық электро желісі арқылы таратылады. Жұмыс істеп тұрған электр желісі тұтынушылар сұранысын толық қамтамасыз етеді.

2009 жылы жергілікті бюджеттен көше жарығына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6050.0 мың теңге қаражат бөлінді. Жалпы сомасы 1 млн 550 мың теңгеге Конституция көшесінде (Янко көшесінен бастап Казақстан дүкеніне дейін), 1810,315 мың теңгеге М.Янко көшесінде және 2690,0 мың теңге ЫА көше жарығына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Салық

Округ бойынша 2009 жылы жеке тұлғалардан 14 085 687 теңге салық жиналды, жоспар 129 % орындалды, соның ішінде жер салығы 1 202 700 теңге, мүлік салығы 788 651 теңге, автокөлік 7 990 000 теңге, біржолғы салық 4 103 465 теңге жиналды.

Айыртау ауданының салық комитетінде 2008 жылы Володар селолық округі бойынша негізгі сауда-саттықпен айналысатын 58 жеке кәсіпкер, және құрылыспен айналысатын 3 жауапкершілігі шектелген серіктестік тіркелген.

Елді мекендерде телефон жүйесімен қамтамасыз ету:

«Қазақтелеком» АҚ телефон жүйесімен қамтамасыз етеді. Саумалкөл селосында 2009 жылы телефон жүйесінің абоненті 2 827 абонентті құрады. Новоукраинка селосында 252 абонент.

Володар селолық округінің аумағында «Қазақтелеком» АҚ CDMА-450 сымсыз байланыс станциясы жұмыс істеуде. Сымсыз байланыс тұрғындарды сапалы телефон жүйесімен қамтамасыз етуде. Сымсыз байланыс станциясын қосу - 11 600 теңгені құрайды. CDMА-450 станциясына қосылған телефон нөмірлері 51 санынан басталады. Аудан орталығын телефон жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілген. Барлық байланыс жаңа сандық станцияға көшірілген.

Денсаулық сақтау

Округтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының міндеттерін шешу денсаулықты сақтау саласын сапалы ұйымдастырусыз мүмкін емес. Округте 5 дәріханалық пункт, Новоукраинка селосында телефонмен қамтамасыз етілген фельдшерлік-акушерлік пункт бар.



Білім беру саласы

Селолық округ аумағында 4 орта мектеп: Саумалкөл №1 орта мектебі-601 оқушы, №2 мектеп-гимназиясы-439 оқушы, мектепке дейінгі бөлімде-45 оқушы, қазақ орта мектебі-482 оқушы, мектепке дейінгі бөлімде-29 оқушы, Рудный орта мектебі-141 оқушы, мектепке дейінгі бөлімде -18 оқушы және кішігірім орталығында -30 оқушы, бір бастауыш мектеп-52 оқушы , №7 кәсіптік лицейі, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз және қорғанышынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат, екі балалар бақшасы бар: «Родничек»-165 бала және «Колосок» -145 бала. Барлық мектептер телефонмен, компьютерлермен қамтамасыз етілген. Жалпы білім беретін мектептердің барлығы Интернет жүйесіне қосылған. Оқушылар ұдайы интернаттан қазақ мектебіне арнайы автокөлікпен тасымалданып тұрады.

Ағымдағы жылда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Саумалкөл №1 ОМ жылу жүйесіне жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын «Омис-строй» ЖШС жүргізді, 8052,0 мың теңге бөлінді, 8051,2 мың теңге игерілді. Сонымен қатар «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Қазақ орта мектебінің шатырына сомасы 4999,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын «Айыртаустройтранс» ЖШС жүргізді.

2009 жылы №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жергілікті бюджеттен -235,0 мың теңге, бастауыш мектепке-206,0 мың теңге бөлінді. Саумалкө ҚОМ, №2 МГ және қазақ орта мектебінің жанындағы интернатта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 617410 теңге бөлінді.

Кәсіптік және техникалық білім беруді әрі қарай дамыту Бағдарламасын іске асыру мақсатында Саумалкөл №2 МГ базасында облыстық гуманитарлық-техникалық колледжінің филиалы, құқықтану, қаржы, экономика, бухалтерлік есеп және аудит, автоматтандырылған жүйені және сандық техниканы бағдарламамен қамтамасыз ету мамандықтарының іштей және сырттай бөлімдері ашылды.

Мәдениет және спорт

Володар селолық округінде аудандық Мәдениет үйі, Новоукраинка және Саумалкөл селосында балаларға арналған бөлімімен аудандық кітапхана, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс істейді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, 5000,0 мың теңге бөлінді.

Ғимараттың ішкі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, тендер 4869,0 мың теңгеге өтті.

Айыртау аудандық Мәдениет үйінде 13 көркем өнер үйірмелері жұмыс істейді. Әр түрлі көрмелер ұйымдастырылып тұрады.

Аудандық орталық кітапхана Мәдениет үйінде орналасқан. Аудандық кітапханада Интернет жүйесі жұмыс істейді.

Новоукраинка селолық кітапханасы Рудный орта мектебінде орналасқан. Кітапхана қоры 11128 дана.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 428 адам әр түрлі спорт түрлерімен (жеңіл атлетика, футбол, шаңғы спорты, допты хоккей, ауыр атлетика, бокс) шұғылданады.

Саумалкөл селосында екі хоккей корты, Новоукраинка селосында бір хоккей корты бар.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздықтың деңгейі 2,57 % құрайды. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, жұмыссыз жүрген 107 адам ресми тіркелген. Өткен жылы экономиканың дамуына жағдай жасау арқылы, кедейлік шегін және жұмыссыздықтың деңгейін азайтуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, әлеуметі аз қамтылған жанұяларға көмек көрсетуге барлық күш жігер жұмсалған еді. 2009 жылы қоғамдық жұмысқа 101 жұмыссыз адам жұмыспен қамтылып, төленген еңбекақының соммасы 3 млн 843 мың теңгені құрады.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау.

Селолық округте 9 Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, 1664 зейнеткер, 519 мүгедектер, 390 жер өндіруде жұмыс істегендер, 42 батыр-аналар, 110 әлеуметі төмен отбасы, 53 көпбалалы отбасы тұрады.

Қарт адамдарды және мүгедектерді қолдау іс-шарасы негізінде Володар селолық округі аумағында айлық өткізілді.

Қарт адамдарды және мүгедектерді қолдау айлығына қарсы 19 қыркүйекте округте қайырымдылық сенбілігі өткізілді. Сенбілікке 105 ұжым қатысты.

2009 жылдың қазан айында қарт адамдарға және мүгедектерге қолдау көрсету айлығында сомасы 1 млн 877 мың теңгеге материалдық және қайырымдылық көмек көрсетілді.

2010 жылдың 1 қаңтарының мәліметі бойынша 139 отбасына (құрамында 432 жанұя мүшесі бар) млн 407,4 теңге, 2008 жылмен салыстырғанда 7,5 % артық. 18 жасқа дейінгі балалары бар 168 отбасына (333 бала) сомасы 3 млн 381,3 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2008 жылмен салыстырғанда 10,9 % артық.

Селолық округтің аумағында 88 жанұя мүшесі бар, 19 оралмандар отбасы тұрады. 26 адам жұмыспен қамтылған, 4 зейнеткер, 6 студент бар.

Құрметті жерлестер!

2009 жылдың қорытындысы- біздің сіздермен ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Өткен жыл жаңа бәсекеге қабілетті мемлекетті құруға бір қадам алға басудың негізі болды. Әрине, алда шешілмеген мәселелер тұр. Бұл мәселелерді біз сіздермен бірге шешеміз деген сенімдемін, ол үшін бізден жанқиярлық еңбек, қуат және ойларымыз бен істеріміздің бірге болуы талап етіледі.



Сіздермен біздің кездесулеріміз жиіленді, бұл кездесулерде сіздер өздеріңізді толғандыратын мәселелер жайында сұрауларыңызға болады
Каталог: uploaded -> airtau.sko.kz -> docs -> stat rus -> akimsotchot10 -> 0110
0110 -> Украин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі Құрметті тұрғындар! Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
0110 -> Елецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру Құрметті жерлестер!
0110 -> Сырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
0110 -> Отчет акима Гусаковского сельского округа Таласова Е. И. перед населением сельского округа
0110 -> Гусаковка селолық округінің әкімі Е. И. Таласовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі
0110 -> Құрметті село тұрғындары!


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет