Ювенальная юстиция



жүктеу 87.21 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі87.21 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы

ювенальная юстиция

БАЛАЛАРДЫҢ ТАБИҒИ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРI


Гүлнәр ҚонаҚбаева,

ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару

академиясы Сот төрелiгi институтының магистранты
Өткен жылдар - Қазақстанның мемлекеттiлiгiн нығайту, оның қазiргi демократиялық, құқықтық республика ретiндегi белгiлерiн қабылдау уақыты болды. Қазiргi кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстiнде. Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендiрiлiп, жаңадан жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкiндiктер жасалуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабында көрсетiлгендей мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. Азаматтарымыздың көгерiп, көркеюi - мемлекетiмiздiң басты мақсаты болып табылады [1].

Адам құқығы мен бостандығына қатысты мәселелердi талдап қарайтын болсақ, мемлекетiмiздiң оған ерекше мән берiп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт iшiнде елiмiздiң демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негiзi етiп қалағаны, iшкi және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел. Бiздiң Негiзгi заңымызда адам және оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, одан ешкiм айыра алмайды деп жазылып, баға берiлген.

Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесiне ерекше назар аударумен келедi. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерiлiстер болғанда да әрбiр жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субъектiлердiң кең шеңберiне таралуына ұмтылыстар жасады.

Мемлекеттердiң тарихи даму кезеңдерi олардың қоғамдағы ерекше құбылыстарымен ерекшеленедi. Қоғамның ең басты негiзi – жеке тұлғаның өмiр сүру жағдайын қамтамасыз ететiн маңызды құқықтар мен бостандықтар. Мемлекетiмiздiң адам құқықтарын қамтамасыз етуде қоғамдық өмiрге тигiзетiн ықпалын елiмiзде жүрiп жатқан реформалардан, мысалы, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасынан айқын көремiз [2]. Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық мемлекет ретiнде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекiтiлген негiзгi мақсаты - адам мүддесiн мемлекет мүддесiнен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетiмiздiң ең бiр атқаратын қызметi – мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепiлдiк беру.

Қазiргi қоғам дамуының негiзi адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарының мәнiнiң өсуiмен сипатталады. Адам құқығы алғаш идея ретiнде қалыптасып, одан кейiн теория негiзiнде тұжырымдалып, көптеген кезеңдерде өздерiнiң көрiнiстерiн тауып, қалыптасты.

Қоғамның және жеке болмыстың әртүрлi аспектiлерiн қамтитын адамзат дамуының ең жоғары құндылығы – адам құқығы. Адам құқығын қорғау үшiн бiрiншi кезекте адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын заң мазмұндарында көрсете отырып, оның қамтамасыз етiлуi мемлекет тұрғысынан ғана емес, жалпы адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан ескерiлуi, сол бағытта iс-әрекеттер жасалуы қажет.

Қоғамның ең басты негiзi – жеке тұлғаның өмiр сүру жағдайын қамтамасыз ететiн маңызды құқықтар мен бостандықтар. Адам құқығын қорғау мәселесi бiр ғана мемлекет шегiнен шықты. Осыған байланысты адамның негiзгi құқықтарын бекiтетiн әмбебап халықаралық-құқықтық стандарттарды құру қажет болды.

Бiрiккен ұлттар ұйымы өзiнiң қызмет етуiнiң бiрiншi күндерiнен бастап адам құқығына үлкен мән бердi. Ол адам құқықтары төңiрегiнде 70-тен аса халықаралық құжаттарды қабылдады. Халықаралық құжаттардың барлық түрлерi заңдық сипатына және жүзеге асырылуына байланысты өздерiнiң ерекшелiктерiне ие.

БҰҰ-ның Бас хатшысы 1998 жылдың 10 желтоқсанындағы өзiнiң жолдауында: “Барлық адамзаттық құқықтарды толық қолдана алып, қинауға ұшырайтын ешбiр ер, зорлауға ұшырайтын ешбiр әйел, ар-намысы қорлауға ұшырайтын ешбiр бала қалмағанға дейiн адам құқықтарының шеңберiн кеңейту үшiн күресуде әрбiр күндi маңызды етуге” шақырады.

Адам құқығы – бiздiң кезеңiмiздiң өзектi мәселесi. Сондықтан да әрбiр адам және қоғамның әрбiр органы декларацияда көзделген құқықтар мен бостандықтардың құрметтелуiне, ұлттық және халықаралық дамушы шаралар арқылы қамтамасыз етiлуiне, танылуына және жүзеге асуына ұмтылуы тиiс.



Кез келген мемлекетте, қандай да бiр қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы - балалар, сондықтан да олардың өмiрi қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшiн қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес елiмiздiң келешегi айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негiзгi құқықтарын қорғау сұрақтары–кез келген мемлекеттiң басты көкейтестi мәселесi болуы қажет.

Қозғалған тақырыптың ерекшелiгi оның көп қырлылығында: балалықты, кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерiн қорғауды құқықтық реттеу мәселелерi экономикалық, саяси, рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазiргi жағдаймен байланыстыра отырып қарастырылады.


Балалардың тағдыры, олардың қиыншылықтары кез келген саналы, мейiрбан адамды толғандырмай қоймайды. Қазақстан Республикасының азаматтары - мемлекеттiк қызметкерлер, мұғалiмдер, полиция қызметкерлерi әркез балаларға көмектесуге тырысады.


Бiздiң қоғамымыз қазiргi кезде әлеуметтiк өзгерiстердi басынан кешiрiп отыр. Балаларға және жастарға қатысты заңнама да өзгерiп, жаңарды. Балалармен және жастармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдар және қоғамдық ұйымдар қызметiнiң ұйымдастырылуы және мазмұны өзгердi. Мүлдем басқа жаңа мәселелер пайда болып, үлкендердiң де, балалардың да өмiрi едәуiр өзгерiстерге ұшырады. Болған өзгерiстердiң әсерiмен жаңа өмiрдiң талабына жауап бермейтiн жұмыстың нысандары мен әдiстерi қажетсiз болып қалды. Бiрақ, өкiнiшке орай пайдалылығы дәлелденген балалықты қорғаудың көптеген түрлерi мен бағыттары ұмытылып қалды. Балалар үшiн барлық қажеттi және мүмкiн болатын шаралар жасалып отырған жоқ. Ал, бұл мәселенiң балалықты қорғау аясындағы құқықтарды қолдануға, балалардың әртүрлi мүдделерiн қорғауға тiкелей тұрғыда қатысы бар.

Осы жағдайда балалардың мүдделерiн және қоғам мүдделерiн қорғауға бағытталған, яғни балалықты құқықтық қорғауға, әрекет ететiн заңдардың қолдану тәжiрибесiнiң сипатын ашуға және олардың балалықты қорғаумен байланысты өмiрлiк қиыншылықтарды шешу үшiн қалай қолданылуы мүмкiн болатындығын көрсетуге бағытталған заңнаманың жағдайын сипаттауға қажеттiлiк туындады.

Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейiн сипаттайды. Адамның өмiрiне, жеке басының бостандығына, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғуға ешкiмнiң құқы жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке басының бостандығын қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Егер өмiрiне, денсаулығына, азаматтық қадiр-қасиетiне қауiп төнсе, әр адам мемлекеттiк органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы.

Ең маңыздысы - адамның табиғи, яғни өмiр сүру құқығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 бабында: “Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ” деп жазылған [1].

Ал, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңының 10 бабында әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар екендiгiн, сонымен қатар, мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз ететiндiгiн, оның тәнi мен жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiктен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асыратындығын көрсеткен [3].

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқықтары декларациясында: адамзаттың балаға қолда бардың ең жақсысын беруге мiндеттi екендiгi айтылған[4]. Бiрақ, өкiнiшке орай, бұл тұста бiз күннен-күнге ұлғайып бара жатқан балалардың өлiмiн және өсiп келе жатқан ұрпақтың әлсiз денсаулығын айтуға мәжбүр болып отырмыз.

Адамның өмiрiне қол сұғатын әртүрлi аспектiлердегi қылмыстарды зерттеуге ерекше назар аударудың себебi алдымен қазiргi кезде олардың көп таралғандығымен емес, олардың қоғам үшiн қауiптiлiгiнiң артуымен түсiндiрiледi. Әрбiр адамның өмiрiн сақтау маңыздылығы кiсi өлтiрудiң түрлерiмен, соның iшiнде баланы өлтiрумен күресу проблемаларына назар аударуды қажет ететiндiгiмен шартталады.

Қазiргi кезде нәзiк жанды әйелдер мен болашағынан зор үмiт күттiретiн жастар арасындағы қылмыстық әрекеттердiң саны арта түсуде.

Анасының өз баласын өлтiру қылмысын қоғамдағы жасалатын қылмыстардың iшiндегi ең қатыгез, ауыр түрiне жатқызуға болады.

Анасының нәрестесiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiн психикасының бұзылуы жағдайында немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында өлтiруi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 97 бабына сәйкес қылмыс болып табылады. Бұл қылмыстық әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi сол - адамға туғаннан берiлетiн, оның өмiрге деген шексiз құқығы бұзылады [5].

Әрқашан да ана адамның ақылшысы, қоғамның тiлеушiсi ретiнде жоғары ардақталып, құрметтеледi. Небiр қиын жағдайларда аяулы, асыл жүрек аналарымыз балаларын қызғыштай қорғаушы едi. Ал, қазiр заман өзгердi ме, жоқ әлде адамдар қатыгез болып кеттi ме, аналардың туған сәбиiн өлтiру фактiлерi жиi кездеседi. Балалардың мәйiттерi немесе олардың дене бөлiктерi қалалық қоқсықтың iшiнде жиi табылуда. Қоқсықтың арасында тек қана нәрестелердiң өлiктерi ғана емес, сонымен қатар әлi тiрi балалар табылған оқиғалар да ұшырасып жатады.

Сонымен бiрге, баланың табиғи құқығына қол сұғатын көптеген басқа жәйттарды да байқауға болады. Қазiргi кезде ауыстырып салу не өзгедей мақсаттарда пайдалану үшiн адамның, соның iшiнде баланың мүшелерiн немесе тiнiн алу жағдайлары көрiнiс табады. Бұл жәйт баланың өмiр сүру құқығының бұзылуына әкелетiндiгi сөзсiз. Адамның мүшелерiн және тiнiн трансплантациялаудың көптеген құқықтық мәселелерi анықталмаған. Әлемде мүшелер мен тiндi трансплантациялаудың әртүрлi аспектiлерiне қатысты 200-ден астам заңдар және заңға бағынышты актiлер бар. Сөз болып отырғаны – тiрi адамнан немесе мәйiттен донорлықты құқықтық реттеу, өлiмнiң заңды түсiнiгi және оны констатациялаудың санаттары, донорлықтың ерiктiлiгi және оның мүмкiн болатын нәтижелерiн жете түсiнуi, кәмелетке толмағандардың, әрекетке қабiлетсiздердiң донор болуларына жол берiлмеуi сияқты сұрақтар.

Бүкiл әлемде адамның мүшелерiн трансплантациялаудың коммерциализациясы бойынша қауiп күннен-күнге өсуде. Соның iшiнде балалардың мүшелерiн пайдалану жағдайлары да көбейiп кеткенi мәлiм.

Адамзаттық генофонды сақтау және жақсарту адамгершiлiкке сай болу керек және адамның табиғи құқықтарын қозғамауы тиiс. Адамның генетикасына қатысты халықаралық келiсiмдерде адамның денесiн, мүшелерiн және жасушаларын тауарға, коммерцияның затына айналдыратын қандайда бiр адамға тәжiрибелер жүргiзуге тыйым салуды қарастыру қажет [6].

Қазiргi кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкiл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өмiршеңдiгiн кепiлдiк етудегi және оның келешек дамуын болжаудағы өсiп келе жатқан ұрпақтың анықталған рөлiмен түсiндiрiледi. Бiрақ, әлемдегi бiрде бiр мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнiнен өзiн үлгi етiп қоя алмайтындығын айтқан жөн. Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердiң өзiнен-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуiн, әлеуметтiк жағдайы төмен отбасылардың болуын, медициналық қызметтiң жеткiлiксiздiгiнен балалар өлiмiнiң көбеюiн, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы фактiлердiң барлығы бала мәселесiн тек қана ұлттық тәсiлдермен шешу мүмкiн еместiгiн дәлелдейдi.

Мемлекет пен қоғам балаларды тәрбиелеу саласында қандай да бiр тиiмдi шаралар қолданғанымен, ата-ана махаббатын, олардың қамқорлығын еш уақытта айырбастай алмайды. Сондықтан да әрбiр бала ата-ананың сүйiспеншiлiгi аясында моральдiк, материалдық қамқорлықта өсiп жетiлуi тиiс. Әр ата-ана Президентiмiздiң “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасындағы: “Бүгiнгi кезеңнiң мiндеттерiнен бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтынын күнделiктi есте ұстауы тиiс” деген үндеуiнiң терең мәнiн түсiнiп, жүрекпен сезiнуi керек [2]. Жас ұрпақты моральдiк тәрбиелеудегi немқұрайлық көзқарастың арқасында жiберiлген залалдың орнын ештеңе толтыра алмайды.

Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесiнiң көкейтестiлiгi және көпқырлылығы соншалық, ол үнемi ғалымдар мен тәжiрибедегi адамдардың назарын аударып отырады.

Егер әлемнiң барлық мемлекеттерi бала құқықтары төңiрегiндегi қажеттi жағдайларды орындауға ұмтылса, билiк басындағылар өз жеке басының ғана қамын ойламай, өз елiндегi мұқтаж халдегi балалардың да жағдайын ойластырғаны абзал. Өкiнiшке орай, әлемдегi балалардың көпшiлiгi үлкендер және қоғам тарапынан немқұрайлылықты сезiнедi.

Ортақ мүдде қоғам дамуында әр кез тежеуiш емес, демеуiш болған. Олай болса, бала тағдырына байланысты күрделi проблемаларды шешуге отандастарымыз жұмыла ұмтылса дұрыс болар едi.

Резюме

Данная статья посвящена теме: “Проблемы защиты естественных прав детей”. В любом государстве дети как уязвимая часть общества пользуются особой заботой и поддержкой. Самое ценное что у нас есть - это дети, поэтому насколько их жизнь будет сложена зависит наше будущее. В связи с этим защита основных прав детей является актуальным вопросом государства.



Summary

Title of the article “The problems of defence the natural childrens rights”. In any state children as the most vulnerable part of society use by special care and tease. The valuest we have are children, and our future depend of their comfort and conditions, which are created for them by state. In this connection defence of the absolute rights of the child is an actual guestion for a state.


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. “Қазақстан” баспасы, 1998 ж.

2. Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешу жолдары. Алматы. “Қазақстан” баспасы, 1998 ж.

3. “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” Қазақстан Республикасының Заңы.

4. Декларация прав ребенка. Конвенция о правах ребенка. Алматы. ТОО “Аян Әдет”, 1999 г.

5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне түсiнiк. Алматы. “Баспа” ЖШС, 2001 ж.

6. Рустемова Г.Р. Медико-правовые проблемы трансплантации органов и тканей человека. Алматы. Издательство “Санат”, 1998 г.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет