З. С. Токубаев заң ғылымдарының докторы, Қр іім б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Ғылыми зерттеу институты бастығының орынбасары


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сұрақтар



бет4/6
Дата01.05.2016
өлшемі1.27 Mb.
1   2   3   4   5   6

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сұрақтар
1. Сотталғандардың құқықтық мәртбесінің түсінігі.

2. Сотталғандардың құқықтарын шектеу.

3. Пенитенциарлық мекемеде жазаны өтеу кезіндегі сотталғандардың құқықтық жағдайы.

4. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың қылмыстық-атқару құқығы нормаларында бекітілген құқықтары және міндеттері.

5. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың құқықтық мәртебесін жүзеге асыруды қамтамасыз ету кепілдігі.

6. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың ұсыныстарын, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібі.

7. Бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктердің және азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері.
5 Мемлекет мекемелері мен органдарының жаза атқару жүйесі
5.1 Жаза атқаратын мемлекет мекемелері мен органдарының түрлері және міндеттері

Қылмыспен күресу үрдісі әртүрлі бағытта өтеді: болжау, арнайы алдын алу жұмысын ұйымдастыру; жасалған қылмысты тергеу; жасалған қылмысты сотта қарау және жазаны белгілеу; сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларынын іске асыру мемлекеттің мекемелері мен органдарына жүктелген. Яғни, жазаны атқаруға байланысты белгілі бір мемлекеттік мекемелер мен органдар құрылады.

Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе сот төрағасы үкімнің көшірмесімен қоса үкім орындау міндеттелген мекемеге немесе органға жібереді.

ҚР ҚАК 15-бабына сәйкес «Сотталушының жазасын өтеу орнына келгені туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне 10 тәулік ішінде хабарлауға міңдетті».

Сотталғанның пайдалы әлеуметтік байланыстарын жоғалтпау кездесулерді уақытында алып тұру мақсатында, жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне 10 тәулік ішінде хабарлауға міндетті. Әкімшілікпен жіберілген хабарламада сотталғанға қажет азық-түліктің және бірінші кезекте керек заттардың тізімі көрсетіледі. Заңды өкілі ретінде кәмелетке толмаған сотталғанның қамқоршысы және сотталғанның адвокаты бола алады.

Берілген ереже сотталғанның өзі жазасының өтеу орны туралы хабарды жөнелту мүмкіншілігін жоққа шығармайды.

Жазаның түрлеріне байланысты оны орындаушы мекемелер мен органдарда әр түрлі болады.

Айыппұл және мүлікті тәркілеу жазасын үкім шығарған сот, сондай-ақ мүліктің орналасқан жері бойынша және сотталушының жұмыс орны бойынша сот атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-бабы1-тармағы).

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сотталушының тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы, түзеу мекемесі жүзеге асырады. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі, сондай-ақ лицензиатты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыруға Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-бабы 2-тармағы).

Құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру туралы жазаны осы атақтарды берген лауазымды тұлға атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.3-т.).

Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.4-т.).

Қамау, бас бостандығынан айыру және өлім жазасы түріндегі жазаларды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері атқарады.(ҚР ҚАК-нің 14-б.5-т.).

Қамауға сотталған адамдар жазаны соттау орны бойынша тергеу изоляторларында өтейді (ҚР ҚАК-нің 63-б.1-т.).

Бас бостандығынан айыру жазасын орындауда сотталғандардың әр түрлі дәрежесі болатындықтан және оларды бір-бірінен бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған. Сотталғандардың жасына карай түзеу мекемелері екі топқа бөлінеді:

- ересектер үшін (18 жасқа толғандар);

- кәмелетке толмағандар үшін (14-тен 18 жасқа дейінгілер).

Түзеу мекемелері ересектер үшін бірнеше түрге бөлінеді: колония-қоныстар, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар және түрмелер.

Кәмелетке толмағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар:

- жалпы режимді тәрбиелеу колониясы;

- режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек қана ер адамдар үшін).

Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған кылмысының ауырлығына, бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемесінің түрін белгілейді.

Тергеу изоляторында шаруашылық қызметі үшін сотталғандар қалдырылуы мүмкін.

Сотталған ауруларды емдеу үшін арнайы емдеу мекемелері ашылған және онда сотталғандар жынысына, жасына қарай бөлек бөлек орналастырылады.

Жазалаудың мақсатына жету үшін түзеу мекемелерінің алдына нақтылы міндет қойылып, ал олар негізгі түзеу мен тәрбиелеу амалдарының көмегімен іске асырылады. Ол жазаны атқару (өткеру) режимін орындау, қоғамдық, пайдалы еңбек ету, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, жалпы білім мен техникалык-мамандыққа оқыту болып табылады.

Жоғарыда айтылған түзеу мекемелерінің барлық түрлері мен қылмыстық-атқару инспекциялары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құрылымына кіріп, біртұтас қылмыстык-атқару жүйесін кұрайды.

Әрбір облыстағы облыстық түзеу мекемелерін басқару үшін түзеу мекемелерінің саны мен ондағы сотталғандардың санына байланысты облыстық қылмыстық-атқару департаменті құрылады.

Облыстық қылмыстық-атқару департаменті Қылмыстық-атқару комитетінің құрылымына кіреді, соған бағынышты.

Әскери қызметшілер мына жазаларды өтейді:

- қамауға сотталған әскери қызметшілерге арналған гауптвахталарда гарнизондардың командованиясы немесе гарнизон гауптвахталарының тиісті бөлімшелерінде атқарады;

- әскери қызмет бойынша шектеуді аталған әскери қызметшілер қызмет өтіп жүрген әскери бөлімдердің, мекемелерінің, органдар мен әскери құрамалардың командованиясы атқарады.(ҚР ҚАК-нің 14-б.7-т.).

Шартты сотталғандар қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауында болады. Шартты сотталған әскери қызметшілерге бақылау жасауды әскери бөлімдердің қомандованиясы атқарады.(ҚР ҚАК-нің 14-б.9-т.).

Жазаны атқару мекемелері мен органдарының негізгі міндеттері мыналар:

1) Соттың үкімімен белгіленген қылмыстық жазаны лайықты түрде атқару;

2) Сотталғандарды түзету;

3) Сотталғандардың жаңа қылмыс жасамауын ескерту (арнайы немесе жеке ескерту);

4) Басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту (жалпы ескерту).

Жаза атқарушы мекемелер мен органдар өз міндеттерін тиімді орындауы үшін, әсіресе сотталғандарды түзету үрдісінде тергеу, сот, прокуратура, полиция органдарымен, сол сияқты жергілікті билік органдарымен, қоғамдық құрылымдар және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасайды.
5.2 Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу

шараларын қолдану

ҚР ҚАК-нің 16-бабының 1-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ ақыл-есінің кемістігі болуы мүмкін, бұзылуынан зардап шегуші адамдарға атқарушы мекемелер соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Сот алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ ақыл-есінің кемістігі болуы мүмкін, бұзылуынан зардап шегуші адамдарға үкім шығарғанда жазаның орнына, оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеп ем жүргізу шараларын тағайындайды.

Егер, бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде сотталушының алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратыны анықталса, жазалардың аталған түрлерін атқарушы мекеменің әкімшілігі медициналық мәжбүрлеп ем жүргізу жайлы мәселені көтеріп, мекеме бастығы сотқа мұндай сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыныс жібереді.

Мәжбүрлеп ем жүргізу арнайы түзеу мекемелерінде жүзеге асады. Бұл мекемелер ҚАК-нің 97-бабының 2-тармағына сәйкес құрылады. Бұл мекемелердің медициналық бөлімдері емдеуді жүзеге асыруға қажет мамандармен жасақталады.

Кем дегенде алты айда бір рет аурудың жағдайын тексеру үшін психиатр дәрігерлердің қабылдауы өтуі керек. Сотталған аурулардың жағдайларына байланысты емдеуді жалғастыру, тоқтату немесе өзгерту сияқты шешім қабылданады. Егер комиссия емді тоқтату немесе өзгерту туралы шешімді қарастырмаса, онда сотқа емді жалғастыру жайлы қорытынды парағын жібереді. Бірінші мәжбүрлеп ем жүргізуді ұзартуды емді бастаған күннен бастап алты айдан соң, ал кейінгі ұзартулар жыл сайын жүргізіледі. Науқастың жағдайы түбегейлі өзгеретін болса, онда бекітілген мерзімге қарамай медициналық коммисия тексеруді жүргізеді.

Мәжбүрлеп ем жүргізу сотпен медициналық коммисияның ұсынысы бойынша тоқтатылады. Осы сияқты ауруларды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталғандар арасынан да анықтауға болады. Бұл жағдайда сот аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіппен психиатриалық-неврологиялық мекемелерге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына қажетті материалдар жібере алады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 90-бабына сәйкес егер сотталған қоршаған ортаға қауіп тудыратын болса, онда оған емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу тағайындалуы мүмкін.

ҚР ҚАК 16-бабының 4-тармағына сәйкес «Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға және туберкулездің ашық түрімен ауыратын немесе соз ауруынан емделудің толық курсынан өтпеген, сондай-ақ ВИЧ/СПИД жұқтырған сотталғандарға жазалардың аталған түрлерін атқарушы мекеме медициналық комиссияның шешімі бойынша міндетті емдеу қолданады».

ҚР Қылмыстық-атқару кодексі міндетті емдеу ұғымын енгізеді. Міндетті емдеу бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға, бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың туберкулездің ашық түрімен ауыратын немесе соз ауруынан емделудің толық курсынан өтпеген, сондай-ақ ВИЧ/СПИД жұқтырған адамдарға қатысты тағайындалады. Мұндай ауруы анықталған сотталған медициналық комиссияға жіберіліп, олардың шешімімен сотталғандарға міндетті емдеу тағайындалады. Есерілетін жай, осы аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қоршаған адамдарға, соның ішінде түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, басқа сотталғандарға, мекемеге келетін басқа адамдарға қауіп төндіретіндігінен ғана тағайындалып отыр. Емдеу қажеттілігі сотталған ауру жазасын өткергеннен соң да, ауру таратушы ошаққа айналмауы үшін туындап отыр.

Міндетті емдеу медициналық комиссияның шешімі бойынша ғана тоқтатылады, ал оған дейін міндетті емдеу жалғастырыла береді. Егер сотталған емі аяқталғанға дейін босатылатын болса, онда тұрғылықты жерінің денсаулық сақтау органдарына емді жалғастыру жайлы ақпарат жіберіледі.

Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға, бас бостандығынын айыруға сотталған адамдарға мәжбүрлеп және міндетті емдеу қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті органдарында жүзеге асады. Ал, қажет жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынын айыруға сотталған адамдарды емдік түзеу мекемелеріне ауыстырады. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар емді түзеу орталығының денсаулық сақтау мекемелерінде жалғастыра алады.


5.3 Мемлекеттік бақылаудың түрлері

Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаны атқару кезінде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге немесе басқада заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатымен қылмыстық жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтеріне бақылау жүргізіледі.

Сондықтан жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтерін бақылау түрлері және оның тәртібі ҚР ҚАК 3-тарауында бекітілген.

Қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдарының қызметтерін бақылау жұмыстарын әр түрлі органдар жүргізеді. Ең бірінші бақылау бұл жергілікті атқарушы органдардың бақылауы болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар өз аумақтарында орналасқан жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін қадағап, бақылайды. Ол үшін оларға ҚР Конституциясының 87-бабының 2-тармағында ұсынылған өкілетті пайдалана алады. Мекемелер мен органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Келесі бақылау бұл сот бақылауы. Жазаны өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түріне ауыстыру туралы, сотталушының ауыруына байланысты жазадан босату туралы, адамның жеке басына жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін бес жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда жүкті әйелдердің және сегіз жасқа дейін балалары бар әйелдердің жазаларын өтеуін кейінге қалдыру туралы, сондай-ақ түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы мәселелерді шешу кезінде жазалардың атқарылуын сот бақылайды.

Жазаны өтеу шартын өзгертуге байланысты мәселелерді сот бақылайды. Бұл шарттар сотталушының айыппұлды бір жолғы төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда сотталушының өтініші бойынша төлемнің мерзімін ұзартуға немесе алты айға дейін бөліп-бөліп төлеуге жол береді. (ҚР ҚАК 226. 2т.) Түзеу жұмыстарында сот сотталушының материалдық жағдайы нашарлаған ретте қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.

Сотталушының өзі немесе ол жұмыс істейтін ұйымның әкімшілігінің қолдаухатымен оның жалақысынан ұстап қалу мөлшерін кемітуге құқылы. Сот сотталушының мүлкін тәркілеу туралы (ҚР ҚАК 57-58б.б.) сондай-ақ бас бостандығынан айыруға немесе түзеу жұмыстарына сотталғандардың жазасын атқаруды кейінге қалдыру туралы мәселелерді де шешеді ( ҚР ҚАК 386. 5-т; 171 бап.) Сот шартты сотталушыларға толық немесе жартылай, әйтпесе бұрын бекітілген міндеттерге толықтырулар енгізуі мүмкін. (ҚР ҚАК 184 бап 1т.), Сотталушының сынақ мерзімін ұзарта алады. (ҚР ҚАК 184 бап Зт,); Шартты түрде соттаудың күшін жоя алады. (ҚР ҚАК 184 бап 4т.)

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға мінез-құлқына және еңбекке көзқарасына қарай түзеу мекемесінің түрі өзгертілуі мүмкін. (ҚР ҚАК 73 бап).

Сотқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларына тағайындалған адамның емін жалғастыру немесе өзгерту құқығы берілген. (ҚР ҚК 16 бап).

Сотталғандардың өздеріне тағайындалған жазадан жалтаруына байланысты, сот өтеу жазасын қатаң түрге ауыстыра алады.(ҚР ҚК 42 бап. және ҚР ҚАК 35 бап., ҚР ҚК 43 бап және ҚР ҚАК 42 бап, ҚР ҚАК 55 бап. және т.б.) және сот жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түріне ауыстыра алады (ҚР ҚК 71бап.)

Сот мерзімінен бұрын босату туралы мәселелерді шешкенде бақылайды, жазадан мерзімінен-шартты түрде босату (ҚР ҚК 70, 84 баптар, ҚР ҚАК 196 бап), ауруға шалдығуға байланысты жазадан босату (ҚР ҚК 736, ҚР ҚАК 196 бап.)

Сот заңда қарастырылған сотталғандардың атқарушы мекеме мен органдардың қызметіне арыздануын, шағымдануын қарастырады. Қарастырылған бапта конститутциялық норма жүзеге асырылады. Онда сот билігі Республиканың халықаралық келісімдері, нормативтік құқықтық актілері мен заңдары, Конституция негізінде туындайтын барлық іс пен даулы жағдайларда таралады (ҚР Конститутциясы 766-бап 2т.).

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар үкім шығарған сотқа бас бостандығынан айыруды өтеуінің басталғаны және оның орны жайлы хабарлайды. Берілген ереже ҚР ҚАК 18 бабы З-т. іс жүргізу нормаларына негізделеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормасына сәйкес үкім шығарған сот, үкімнің ұйғарымы мен қаулысын атқарылуын қадағалауға міндетті.

Сот тек жазаның атқарылуын ғана емес, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу түріндегі жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың әкімшілігінің қызметіне де бақылау жасайды. Мысалы, жоғарыдағы мекемелердің кінәсінен сотталғандарға келтірілген залалдар туралы талапты (ҚР ҚАК 94.Зт.), жазасын өтеу уақытында сотталушы мемлекетке зиян келтіру туралы түзеу мекемесінің арызын қарастырғанда (ҚАК 98 бап.)

Жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметіне ведомствалық бақылау жүргізіледі. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне жоғары тұрған басқару органдары мен лауазымды адамдардың тарапынан ведомствалық бақылау жүзеге асырылады. Ведомствалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Бұдан бұрын да белсенді түрде жүзеге асырылып жүрген ведомствалық бақылау, қылмыстық-атқару заңында алғаш рет жазаны атқарушы органдар мен мекемелерге бекітілді. Жазаны атқарушы органдар мен мекемелер Әділет министірлігінің (түзеу мекемелері, қамау үйлері, түзеу орталықтары, қылмыстық-атқару инспекциялары), Қорғаныс министірлігі (әскери тәртіп бөлімдері, гаувпахт гарнизонының командованиясы, әскери бөлімдер, мекемелер) жүйесіне енеді. Аталған органдар ведомствалық бақылауды анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелерді бақылау жүргізуді реттейтін ведомствалық нормативтік құқықтық актілері: сотталғандардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауда және жазаны атқаруда заң мен басқа нормативтік актілердің сақталуын; жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің, сотталғандардың және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомствалық бақылауда сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы және олардың еңбек әрекеті, осы мекемелердің әкімшілігінің жұртшылық және мемлекеттік органдармен өзара қатынасы бағаланады.

Алдына қойылған міндеттерге жету үшін анықталған кемшіліктерді шеттету туралы нақты шара қолдану көзделіп, олардың пайда болуының себебі мен салдарын анықтау бойынша жазаны атқарушы органдар мен мекеме әкімшілігі қызметін бағалау бақылау негізінде жүзеге асады.

Әскери қызметтегілерге қатысты жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін бақылау Қорғаныс министірлігі, бөлім командирлері, әскери жарғы мен ҚР Қорғаныс министірлігі және ҚР Үкіметі қабылданған басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асады.

Бас бостандығын шектеу және айыру, қамау, түзеу және қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ шартты соттау жазасын атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін бақылауды Әділет министірлігі, атап айтсақ ҚР ӘдМ Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті жүзеге асырады. Жоғарыда аталған мекемелер мен органдардың бақылау нысандары: статистикалық есептілік талдауы, қаржылық-шаруашылық немесе өндірістік саланы тексеру (ревизия), жазаны атқарушы мекемелер мен органдарды тікелей инспекциялау, шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеріп, тиісті шешім қабылдау болып табылады. Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалауды прокуратура жүргізеді. Дәлірек айтқанда жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын қадағалауды ҚР заңдарына сәйкес ҚР Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

Прокуратура мемлекет атынан ҚР Президентінің нұсқауларын және Республика аумағында өзге де нормативтік құқықтық актілерді, жедел іздестіру қызметінің, анықтаушы мен тергеушінің, іс жүргізуші және әкімшіліктің заңды дәл және біркелкі қолдануын қадағалайды. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару ісін жүргізудің пәні болып түзеу мекемесінде және басқа да жазаларын өтеу орнындағы жерлерде заңмен бекітілген құқы, бостандығы мен міндеттерін бас бостандығынан айыруға байланысты емес, жаза атқарудың заңдылығын сақтау болады.

Қадағалауды жүзеге асыруда ерекше назар ҚР ҚАК сотталғандардың құқықтық жағдайын, материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуі мен медициналық қызмет көрсетулерін анықтайтын ережесінің сақталуына басты назар аударылады.

ҚР Заңы прокуратураға заңды сақталуын тексеру кезінде зор мүмкіншіліктер берген. Қадағалауды жүзеге асырушы прокурор, кез-келген уақытта жазаны атқарушы органдар мен мекемелерге келуге, сотталғандардан сұрақ-жауап алуға, жедел материалдармен және қай құжаттың негізінде сотталып, жазасын өтеп жүргендіктерін тексереді.

Прокурор әкімшіліктен жазасын өтеп жүрген сотталғандарға құқығын қамтамасыз ететін жағдау тудыруды талап ете алады.

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердегі әкімшіліктің бұйрықтары, өкімдері және қаулыларының заңға сәйкестігін тексеріп, лауазымды тұлғалардан түсініктеме талап етуге, ұсыныс пен наразылық білдіруге, әкімшіліктің құқық бұзушылығы жайлы іс жүргізіп, қылмыстық іс қозғауға құқы бар. Прокурор өз қаулыларымен заңды бұзған сотталғандарға салынған тәртіптік жазалауды өзгертуге, жедел тәртіптік немесе айыптық оқшаулау орындарында, камералық үлгідегі үй-жайларда және жалғыз адамдық камерада ұстау орындарынан босата алады.

Прокурор немесе оның орынбасары өз қаулыларымен жазаны атқарушы орындарда заңды негізсіз отырған әрбір адамды дереу босатуы тиіс. Прокурордың талабы мен қаулысы жазаны атқарушы органдар мен мекемелер әкімшілігі үшін міндетті түрде орындауға жатады. Осы сияқты өкілеттік өз құзыреті шегінде жазаны орындау кезінде заңның сақталуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша Бас Прокурор мен оның орынбасарларына, төмендегі прокурор мен оның орынбасарларына, айырықша тапсырма бойынша прокурордың көмекшілері, аға прокурор мен прокурорға, басқарма мен бөлімдердің аға қылмыстық прокуроры мен қылмыстық прокурорына берілген.

ҚР ҚАК прокурорларға жазаны орындауға байланысты мәселелерде қосымша өкілеттік ұсынады. Олар негізінен сотталушыға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде оны ішкі істер органы прокурордың санкциясымен жазаны өтеуден жалтаруды болғызбау және материалдарды сотқа беру мақсатында 15 тәулікке дейінгі мерзімге ұстауы мүмкін. ҚР Бас Прокурорымен келісе отырып, түзеу мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізіледі. (ҚР ҚАК 80б. Зт.)

Өлім жазасының заңды түрде атқаруды қадағалауда прокурордың рөлі арттады. Сотталушы кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқан жағдайда түзеу мекемесінің әкімшілігі прокурордың қатысуымен тиісті акт жасайды (ҚАК 165б.3т.). Сондай-ақ, өлім жазасын орындау кезінде прокурор қатысады (167 б.2 т.). Демократиялық мемлекетте қоғамдық бақылаудың маңызы зор. Бұл тұрғыда ҚАК 19-1 бабында облыстық ( республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) қоғамдық бақылау комиссиялары туралы айтылған. Қоғамдық бақылау комиссиясы түзеу мекемелері мен тергеу изоляторында ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында құрылады.

Сондықтан, қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларының қызметіне, сондай-ақ жедел- іздестіру, қылмыстық іс жүргізу қызметі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі қызметіне араласуға жол берілмейді. Қоғамдық байқау комиссиясының заңмен белгіленген құқықтары бар, біріншіден, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының кемінде екі мүшесі құрамында қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы белгілеген тәртіппен кедергісіз кіруге құқылы.

Екіншіден, қоғамдық байқау комиссия мүшелері сотталғандармен олардың келісімі болған кезде әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері жөніндегі өтініштері мен шағымдарын қабылдауға құқылы. Үшіншіден, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнінде түзеу мекемлері мен тергеу изоляторларының әкімшілігіне, сондай-ақ прокуратураға өтініш жасауға құқылы. Сонымен, жазаны атқарушы мекемлер мен органдарының қызметтерін бақылаушылар нысандары әр алуан болуының ең басты мақсаты сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін заң негізінде қорғау, заң бұзушылыққа жол бермеу болып табылады.


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сұрақтар
1. Қылмыстық жазаны атқаратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің түрлері.

2. Қылмыстық жазаны орындайтын, мемлекеттік орган жүйесін анықтайтын факторлар.

3. Жазаны атқарушы органдардың басқа құқық қорғау органдарымен және басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс әрекеті.

4. Жазаны атқарушы органдардың және мекемелердің қызметіне бақылауды ұйымдастыру.

5. Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдар тұрғысынан бақылау.

6. Сот бақылауы, оның ерекшеліктері.

7. Ведомствалық бақылау, оның ерекшеліктері.

8. Қылмыстық жазаны атқару кезіндегі заңдылықтың сақталуы үшін жасалатын прокурорлық қадағалау ерекшеліктері.

9. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде болу тәртібі.

10. Қамау және бас бостандығынан айыру түрінде жазаларды атқаратын мекемелердің объектілерін және сотталғандарды кино -, фото- және бейнекөрініске түсіру тәртібі.



Жалпы бөлім бойынша тест

1. Қылмыстық жазаны атқару саласындағы мемлекеттің саясаты қандай?

А) қылмыспен күрес;

В) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

С) мемлекеттің қауіпсіздігі;

Д) қылмыстық жазаны орындау және өтеу;

Е) а, в, с, д тармақтарында айтылғандардың бәрі.



2. Қылмыстық-атқару құқығы қандай белгісі бойынша құқықтың дербес саласы болып табылады?

А) өзіне тән принциптері бар;

В) өзіне тән нормалары бар;

С) өзіне тән пәні, құқықтық реттеу әдісі, құқықтық нормалар жүйесі бар;

Д) өзінің тарихы және нормалары бар;

Е) өзінің құқықтық нормалар жүйесі бар.



3. Қылмыстық-атқару құқының принципін атаңыз

А) жазаның әділдігі;

В) баршаның заң алдындағы теңдігі;

С) жазаларды атқарудың жауаптылығы;

Д) бір түзеу мекемесінде жазаны өтеу;

Е) жазаны атқару негіздемесі.



4. Қылмыстық-атқару құқығының негізгі принципі:

А) әділдік;

В) жазалау;

С) гуманизм;

Д) жалпы ережелер;

Е) оқшаулау.



5. ҚР Қылмыстық-атқару кодексі қашан қабылданды?

А) 1998 ж. 13-желтоқсанда;

В) 1998 ж. 1-қаңтарда;

С) 1997 ж. 13-желтоқсанда;

Д) 1999 ж. 13-желтоқсанда;

Е) 2000 ж. 1-қаңтарда.



6. ҚР Қылмыстық-атқару кодексі қай жылы күшіне енді?

А) 1998 ж. 13-желтоқсанда;

В) 1998 ж. 1-қаңтарда;

С) 1997 ж. 13-желтоқсанда;

Д) 1999 ж. 13-желтоқсанда;

Е) 2000 ж. 1-қаңтарда.



7. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабына сәйкес ҚР қылмыстық-атқару заңының мақсатын атаңыз

А) сотталғандарды түзеу, қылмысты уақытында ашу;

В) сотталғандардың жазаның барлық мерзімін өтеуі;

С) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың сол сияқты басқа адамдардың жаңа қылмыс жасауының алдын алу;

Д) сотталғандарды қамауда ұстау;

Е) сотпен тағайындалған жазаның барлық түрлерін орындау.



8. Жазаны атқарудың негіздемесін атаңыз

А) заңды күшіне енген соттың қаулысы;

В) түзеу мекемесі бастығының қаулысы;

С) сот шешімі;

Д) заңды күшіне енген соттың үкімі;

Е) заңды күшіне енген соттың үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылдық немесе кешірім жасау актісі.



9. ҚР Қылмыстық-атқару заңының негізгі принциптерін көрсетіңіз

А) қылмыстық жазаны өтеу;

В) қылмыстық жазаны атқару;

С) соттылық;

Д) жазаларды атқарудың саралануы мен жеке даралығын қамтамасыз ету;

Е) көпшілікке бағыну.



10. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарын атаңыз?

А) жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібі (режимі);

В) тәрбие жұмысы, қоғамдық-пайдалы еңбек;

С) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, кәсіптік даярлық;

Д) қоғамдық ықпал ету;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



11. Қылмыстық-атқару құқығының принципін атаңыз

А) демократизм және жариялық;

В) барлық жазалардың орындалуы;

С) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

Д) бір түзеу мекемесінде жазаны өтеу;

Е) жазаны атқару негіздемесі.



12. Қылмыстық-атқару құқығының принципін атаңыз

А) жазаны түзеу ықпалымен біріктіру;

В) сотталғандарды түзеу;

С) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

Д) үкімді орындау;

Е) жазаны атқару мекемелерінің жүйесі.



13. ҚР қылмыстық-атқару заңдарының кеңістік тұрғысында қолданылуы

А) ҚР аумағында жазасын өтеуші сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары қолданылады;

В) ҚР аумағында жазасын өтеуші сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары қолданылмайды;

С) ҚР аумағында жазасын өтеуші сотталғандарға Халықаралық заң нормалары қолданылады;

Д) ҚР аумағында жазасын өтеуші сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары мен Халықаралық заң нормалары қолданылады;

Е) ҚР аумағында жазасын өтеуші сотталғандарға тек қана сот үкімі қолданылады.



14. ҚР қылмыстық-атқару заңдарының уақыт тұрғысында қолданылуы

А) сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрін атқару кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады;

В) сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрін атқару кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылмайды;

С) сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрін атқару кезінде қолданылып жүрген Халықаралық заңдарға сәйкес жүзеге асырылады;

Д) сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрін атқару кезінде қолданылып жүрген заңдарға және Халықаралық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады;

Е) сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрін атқару кезінде қолданылып жүрген сот шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.



15. Қылмыстық-атқару құқығының пәнін атаңыз

А) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын және осы құқық саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды айтамыз;

В) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын сотталғандардың заңды мүдделерін айтамыз;

С) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын сотталғандардың еңбекақысын айтамыз;

Д) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп бас бостандығынан айыру түрінде жазасын түзеу мекемесінде өтеп жатқан кезде пайда болатын сотталғандардың арыздарын айтамыз;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс.



16. ҚР Қылмыстық-атқару құқығының пәнін анықтаңыз

А) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын және осы құқық саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды айтамыз;



В) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын сотталғандардың заңды мүдделерін айтамыз;

С) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын сотталғандардың еңбекақысын айтамыз;

Д) қылмыстық-атқару құқығының пәні деп бас бостандығынан айыру жазасын түзеу мекемесінде өтеп жатқан кезде пайда болатын сотталғандардың арыздарын айтамыз;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс.



17. Диспозитивті әдіс дегеніміз не?

А) субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік беретін әдіс;

В) субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік бермейтін әдіс;

С) қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолдарын мадақтау арқылы субъектілердің шешім қабылдауларына әсер ететін әдіс;

Д) құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс.



18. Мадақтау әдісі дегеніміз не?

А) субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік беретін әдіс;

В) субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік бермейтін әдіс;

С) қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолдарын мадақтау арқылы субъектілердің шешім қабылдауларына әсер ететін әдіс;

Д) құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі;

Е) қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолдарын мадақтау арқылы субъектілердің шешім қабылдауларына әсер ететін әдіс.



19. Ұсыныстық әдіс дегеніміз не?

А) субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік беретін әдіс;

В) субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік бермейтін әдіс;

С) қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолдарын мадақтау арқылы субъектілердің шешім қабылдауларына әсер ететін әдіс;

Д) құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі;

Е) құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі.



20. Қылмыстық-атқару құқы қандай белгісі бойынша құқықтың дербес саласы болып табылады?

А) өзіне тән принциптері бар;

В) өзіне тән принциптері мен нормалары бар;

С) өзіне тән пәні, құқықтық реттеу әдісі, құқықтық нормалар жүйесі бар;

Д) өзінің тарихы және нормалары мен принциптері бар;

Е) өзінің құқықтық нормалар жүйесі бар.



21. Қылмыстық-атқару құқының принципін атаңыз

А) жазаның әділдігі;

В) гуманизм;

С) жазаларды атқарудың жауаптылығы;

Д) бір түзеу мекемесінде жазаны өтеу;

Е) жазаны атқару негіздемесі.



22. ҚР Қылмыстық-атқару кодексі қашан қабылданды?

А) 1998 ж. 13-желтоқсанда;

В) 1998 ж. 1-қаңтарда;

С) 1997 ж. 13-желтоқсанда;

Д) 1999 ж. 13-желтоқсанда;

Е) 2010 ж. 1-қаңтарда.



23. ҚР Қылмыстық-атқару кодексі қай жылы күшіне енді?

А) 1998 ж. 13-желтоқсанда;

В) 1998 ж. 1-қаңтарда;

С) 1997 ж. 13-желтоқсанда;

Д) 2010 ж. 13 желтоқсанда;

Е) 2010 ж. 10-қаңтарда.



24. Жазаны атқарудың негіздемесін көрсетіңіз

А) заңды күшіне енген соттың шешімі;

В) түзеу мекемесі бастығының бұйрығы;

С) сот шешімі немесе үкімі;

Д) прокурордың шешімі немесе бұйрығы;

Е) заңды күшіне енген соттың үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылдық немесе кешірім жасау актісі.



25. ҚР Қылмыстық-атқару заңының негізгі принциптерін көрсетіңіз

А) қылмыстық жазаны атқару;

В) қылмыстық жазаны өтеу;

С) сотталғандарды түзеу;

Д) жазаларды атқарудың саралануы мен жеке даралығын қамтамасыз ету;

Е) көпшілікке бағынбау.



26. Сотталғандарды түзеудің құралын көрсетіңіз

А) жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібі (режимі);

В) көтермелеу;

С) жазалау;

Д) көтермелеу және жазалау;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



27. Қылмыстық-атқару құқығының принципін атаңыз

А) демократизм және жариялық;

В) сотталғандарды түзеу;

С) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

Д) бір түзеу мекемесінде жазаны өтеу;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



28. Қылмыстық-атқару құқығының принципін атаңыз

А) жазаны түзеу ықпалымен біріктіру;

В) сотталғандарды түзеу;

С) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

Д) үкімді орындау;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



29. Диспозитивті әдіс дегеніміз не?

А) құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі;

В) субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік бермейтін әдіс;

С) қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолдарын мадақтау арқылы субъектілердің шешім қабылдауларына әсер ететін әдіс;

Д) құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



30. Қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздеріне не жатады?

А) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

В) түзеу мекемесі бастығының бұйрығы ;

С) сот үкімі;

Д) прокурордың шешімі немесе қаулысы;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



31. Сотталғандарды түзеу дегеніміз не?

А) оның бойында құқық ұстанушылық мінез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелері мен дәстүрлеріне оң көзқарасты қалыптастыру;

В) түзеу құралдарын қолдану;

С) оның мінез-құлқын қайта қалыптастыру;

Д) оларға қылмыс жасатпау;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



32. Сотталғандарды түзету құралдары:

А) жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібі ( режимі), тәрбие жұмысы, қоғамдық-пайдалы еңбек, бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім беру, кәсіптік даярлық пен қоғамдық ықпал ету;

В) жазаны атқару мекемелерінің қызметі;

С) жазаны атқару тәртібі, ережелері және қылмыстық-атқару заң нормалары;

Д) жазаны атқару кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



33. Қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары:

А) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу;

В) әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды қинау, сотталғандарға жұмыс істету;

С) әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандардың тәртібін бағалау, сотталғандарға сенім арту;

Д) әлеуметтік әділеттіліктің деңгейін көтеру, сотталғандардың тәртібін түзеу, сотталғандарға көмек көрсету;

Е) а,в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



34. Гипотеза дегеніміз -

А) нормаларды қолдану жағдайын көрсететін баптың бір бөлігі;

В) малардың мазмұнын көрсететін баптың бір бөлігі;

С) нормалардың сапасы мен санын көрсететін баптың бір бөлігі;

Д) нормалардың орналасу тәртібін көрсететін баптың бір бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



35. Құқық нормалары неше бөлімнен тұрады?

А) үш бөлімнен;

В) екі бөлімнен;

С) бір бөлімнен;

Д) төрт бөлімнен;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



36. Диспозиция дегеніміз -

А) нормаларды қолдану жағдайын көрсететін баптың бір бөлігі;

В) нормалардың мазмұнын көрсететін баптың бір бөлігі;

С) нормалардың сапасы мен санын көрсететін баптың бір бөлігі;

Д) құқық субъектілері бағынатын тәртіп ережесін көрсететін норманың бір бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



37. Санкция дегеніміз -

А) нормаларды қолдану жағдайын көрсететін баптың бір бөлігі;

В) нормалардың мазмұнын көрсететін баптың бір бөлігі;

С) нормалардың сапасы мен санын көрсететін баптың бір бөлігі;

Д) құқық нормаларының орындалмау немесе орындалу нәтижесін көрсететін норманың соңғы бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



38. Қылмыстық-атқару құқығының институты дегеніміз -

А) бәріне ортақ немесе бір-біріне ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы;

В) нормалардың мазмұнын көрсететін баптың бөлігі;

С) нормалардың сапасы мен санын көрсететін баптың бөлігі;

Д) құқық нормаларының орындалмау немесе орындалу нәтижесін көрсететін норманың соңғы бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



39. Қылмыстық-атқару құқық саласы дегеніміз -

А) қылмыстық-атқару құқығының нормалары мен институттарының жиынтығы;

В) бәріне ортақ немесе бір-біріне ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы;

С) нормалардың сапасы мен саны;

Д) құқық нормалары мен ережелердің мазмұны;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



40. Қылмыстық-атқару құқық саласы дегеніміз -

А) қылмыстық-атқару құқығының нормалары мен институттарының жиынтығы;

В) бәріне ортақ немесе бір-біріне ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы;

С) нормалардың сапасы мен саны;

Д) құқық нормалары мен ережелердің мазмұны;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



41. Қылмыстық-атқару нормалары жазба сипаты бойынша қалай бөлінеді?

А) материалдық құқық нормалары, процессуалдық нормалар және техникалық нормалар;

В) реттеуші, мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

С) мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

Д) процессуалдық, мадақтаушы, реттеуші нормалар;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



42. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларында бекітілген тәртіп ережесінің сипатына байланысты:

А) материалдық құқық нормалары, процессуалдық нормалар және техникалық нормалар;

В) реттеуші, мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

С) мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

Д) процессуалдық, мадақтаушы, реттеуші нормалар;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



43. Нормалар бөлшектену ережесінің түрлері бойынша бөлінеді:

А) жалпы сипаттағы нормалар, арнайы нормалар, санаулы нормалар;

В) реттеуші, мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

С) мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

Д) процессуалдық, мадақтаушы,реттеуші нормалар;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



44. Қылмыстық жазаны атқару негіздемесі болып саналады:

А) соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылық немесе кешірім жасау актісі;

В) тек қана рақымшылық немесе кешірім жасау актісі;

С) тек қана соттың заңды күшіне енген үкімі;

Д) тек қана прокурордың талабы;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



45. Қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздеріне нелер жатады?

А) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары;

В) прокуратура бұйрығы мен қаулысы;

С) сот үкімі;

Д) сот үкімі, әкімнің бұйрығы;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



46. Сотталғандарды түзеу дегеніміз -

А) сотталғанның оң көзқарасын қалыптастыру;

В) түзеу құралдарын қолдану;

С) оның мінез-құлқын қайта қалыптастыру;

Д) оларға қылмыс жасатпау;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



47. Сотталғандарды түзету құралдары:

А) жазаны атқару ережелері мен талаптары;

В) жазаны атқару мекемелерінің қызметі;

С) жазаны атқару тәртібі, ережелері және қылмыстық-атқару заң нормалары;

Д) жазаны атқару кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



48. Қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары:

А) әлеуметтік әділеттілікті орнату;

В) әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды қинау, сотталғандарға жұмыс істету;

С) әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандардың тәртібін бағалау, сотталғандарға сенім арту;

Д) әлеуметтік әділеттіліктің деңгейін көтеру, сотталғандардың тәртібін түзеу, сотталғандарға көмек көрсету;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



49. Гипотеза дегеніміз -

А) нормалардың күшін көрсететін баптың бір бөлігі;

В) нормалардың мазмұнын көрсететін баптың бір бөлігі;

С) нормалардың сапасы мен санын көрсететін баптың бір бөлігі;

Д) нормалардың орналасу тәртібін көрсететін баптың бір бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



50. Құқық нормалары неше бөлімнен тұрады?

А) үш бөлімнен;

В) екі бөлімнен;

С) бес бөлімнен;

Д) төрт бөлімнен;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



51. Диспозиция дегеніміз -

А) нормаларды қолдану жағдайын көрсететін баптың бір бөлігі;

В) нормалардың санын көрсететін баптың бір бөлігі;

С) нормалардың сапасы мен санын көрсететін баптың бір бөлігі;

Д) нормалардың сапасы мен қауіптілігін көрсететін баптың бір бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



52. Санкция дегеніміз -

А) нормаларды қолдану жағдайын көрсететін баптың бір бөлігі;

В) нормалардың мазмұнын көрсететін баптың бір бөлігі;

С) нормалардың сапасы мен санын көрсететін баптың бір бөлігі;

Д) құқық нормаларының орналасу тәртібін көрсететін бір бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



53. Қылмыстық-атқару құқығының институты дегеніміз -

А) бәріне ортақ немесе бір-біріне ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы;

В) нормалардың мәтінін көрсететін баптың бөлігі;

С) нормалардың санын көрсететін баптың бөлігі;

Д) құқық нормаларының орындалмау немесе орындалу нәтижесін көрсететін норманың соңғы бөлігі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



54. Қылмыстық-атқару құқық саласы дегеніміз -

А) қылмыстық-атқару құқығының нормалары мен институттарының жиынтығы;

В) бәріне ортақ немесе бір-біріне ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы;

С) нормалардың орналасу тәртібі;

Д) құқық нормалары мен ережелерінің мазмұны және тәртібі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



55. Қылмыстық-атқару құқық саласы дегеніміз -

А) қылмыстық-атқару құқығының нормалары мен институттарының жиынтығы;

В) бәріне ортақ немесе бір-біріне ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы;

С) нормалардың орналасу тәртібі;

Д) құқық нормалары мен ережелерінің мазмұны және тәртібі;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі.



56. Қылмыстық-атқару нормалары жазба сипаты бойынша қалай бөлінеді?

А) материалдық, процессуалдық және техникалық нормалар;

В) реттеуші, қорғаушы нормалар;

С) мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

Д) процессуалдық, реттеуші нормалар;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



57. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларында бекітілген тәртіп ережесінің сипатына байланысты:

А) материалдық құқық нормалары, процессуалдық нормалар және техникалық нормалар;

В) реттеуші, қорғаушы нормалар;

С) мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

Д) тек қана реттеуші нормалар;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



58. Нормалар бөлшектену ережесінің түрлері бойынша бөлінеді:

А) жалпы сипаттағы, арнайы, санаулы нормалар;

В) реттеуші, қорғаушы нормалар;

С) мадақтаушы, қорғаушы нормалар;

Д) тек қана процессуалдық нормалар;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



59. Қылмыстық жазаны атқару негіздемесі болып саналады:

А) соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы;

В) тек қана рақымшылық немесе кешірім жасау актісі;

С) тек қана соттың заңды күшіне енген үкімі;

Д) тек қана прокурордың талабы;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.

60. Құқық нормалары неше бөлімнен тұрады?

А) бір бөлімнен;

В) екі бөлімнен;

С) үш бөлімнен;

Д) төрт бөлімнен;

Е) а, в, с, д тармақтарында көрсетілгендердің бәрі дұрыс емес.



61. ҚР азаматы болып табылатын сотталғандардың құқы мен міндеттері қандай құжаттармен шектеледі?

А) ҚР ӘМ ҚАЖК дайындаған нормативті құжаттармен;

В) ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодексімен;

С) ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодексімен және жазанын нақты түрінің жағдайына қарай басқа заңдармен;

Д) ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодексімен;

Е) ҚР Конституциясы, халықаралық келісім және ҚР басқа заңдарымен;



62. Бас бостандығынан айырылған сотталғандардың құқы мен міндеттері қандай нормативтік-құқықтық актіде реттеледі?

А) 11.12.2001ж. №148 бұйрықта;

В) 11.12.2001ж. №147 бұйрықта;

С) 11.12.2001ж. №154 бұйрықта;

Д) 11.12.2001ж №151 бұйрықта;


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет