Заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна



Дата03.05.2016
өлшемі64.94 Kb.
Заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна,

Ю-12-1 оқу тобының студенті Темирханов Серикбай Талгатович

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Адвокаттар еңбегіне ақы төлеу

Адвокаттар еңбекақысы келісімді болғандықтан ол азаматтар мен ұйымдарға берген заң көмектеріне келіп түскен еңбекақы болып саналады да пайда болып есептелмейді.

Адвокаттарға ешқандай мемлекеттік бюджеттік органдардан айлық жалақы төленбейді. Олар клиенттері арасында жасалатын келісім арқылы өздері беретін заң кеңесіне қарай еңбекақы мөлшерін өздері белгідейде. Сондықтан олар пайда табуды көздемейді, адвокаттардың еңбекақысы келісім арқылы сыйлықақы, яғни сыйақы деп танылады. Өйткені, оның айлық жалақы сияқты белгілі бір көлемі болмайды. Ол әрбір қараған ісінің күрделілігіне, арнайы кәсіби біліктілікті қажет етугі, жаңалығына байланысты болады.

Оның үстіне мерзімімінен жағдайларға қарай да гонорардың көлемі өсуі мүмкін. Сондай-ақ, егер адвокат өзіндегі бірнеше іске қатысу салдарынан ол істі алу мүмкіндігі болмауы мүмкін. Ал егер адвокат сол бір іс үшін басқа бір жұмыстардан бас тартуыда гонорардың көлемінің ұлғаюына әкеп соғады.

Адвокаттың тәжірибесі, абыройы заң көмегін көрсету қабілеттілігі жоғары адвокаттарға тәртіп бойынша гонорар жоғары төленеді.

Осылармен қатар, көмек сұрап келген азаматтың материалдық жағдайына байланысты гонорар жоғары төленуі мүмкін.



Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша шартта белгіленеді.

Шарт жасасу ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Шарттың бір данасы көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға беріледі. Мыналар:

1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын көрсету;

2) адвокаттық қызмет ұйымының нысанын және өз мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрету ;

3) тапсырмалардың нысаны;

4) адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі;

5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады [1].

Олар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды білдіретін тараптардың мүліктік даулары туралы істер бойынша шарттарды қоспағанда, адвокаттар көрсететін өаң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылға соманың бір бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді.

Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына тиісті қаржы құжатынсыз жол берілмейді. ҚР-ның заңнамасында көзделген жағдайларды, адвокат көрсететін өаң көмегіне ақы төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығыстарын анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және соттардың ұйғарымы бойынша бюджет қарадатын жүргізіледі. Бұл орайда, адвокат көрсететін өаң көмегіне ақы төлеудің және алдында аталған жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерімен тәртібі ҚР Үкіметтінің 1999 жылғы 26-тамыздағы №1247 Қаулысымен [2] бекітілеген Республикалық бюджет қарадаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы өлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудін ережелерінде белгіленген.

Бұл ережелерге сәйкес адвокаттың тергеуде және анықтауда қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бүзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысқан бір сағат ішіндегі көрсеткен заң көмегіне, соның ішінде іс материалдарымен танысқаны, іс бойынща шағым жасағаны үшін ақы төлеу мөлшері ҚР-ның заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 1/21 есебінен белгіленеді. Адвокаттың қамауда ұсталатын сезіктімен не айыпталушымен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты беогіленген ақының 75 пайызы мөлшерінде төленеді. Егер адвокат белгіленген уақытта келсе және басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, адвокаттың тергеу немесе іс жүргізу әрекетінің басталуын күтуге жүмсаған уақыты белгіленген ақының 50 пайзы мөлшерінде төленеді.

Адвокаттың ҚР ҚІЖҚ-нің 68-бабында [3] белгіленген мерзім аяқталатын, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбір сағатына белгіленге ақыдан бір жарым еседен кем емес мөлшерде ақы төленеді. Адвокаттың ҚР ҚІЖҚ-нің 68-бабында белгіленген мерзім аяқаталын демалыс және мереке күндері сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбір сағатына белгіленген ақыдан екі еседен кем емес мөлшерде ақы төленеді.

Адвокаттың сотта іс бойынша іс жүргізуге қатысқан бір сағат ішіндегі көрсеткен заң көмегіне, соның ішінде, егер ол осы іс бойынша алдын ала тергеуге не анықтауға қатыспаса, сотқа дейінгі дайындық барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс не азаматтық іс материалдарымен, сот отырысының хаттамасымен танысқаны, қылмыстық не азаматтық іс бойынща аппеляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымын немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шағым, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулер жасағаны үшін ақы төлеу мөлшері ҚР-ның заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 1/21 есебінен (әр қарау – ІІ белгіленген ақы ) белгіленеді.

Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталуұымен не сотталған адаммен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты оты тармақтың ІІ беогіленген ақының 75 пайызы мөлшерінде төленеді.

Егер адвокат белгіленген уақытта келсе және басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, оның іс бойынша сот талқылауының басталуын күтуге жұмсалған уақытына, сондай-ақ егер адвокат осы уақытта басқа адамдарға заң көмегін көрсетпесе, басты сот талқылауын кейінге қалдыру уақытына ІІ белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерінде ақы төленеді.



Адвоткаттар мыналарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды:

1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істреді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға;

2) егер соттың қарауындаға дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұл Отан соғысының қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;

3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға [4, 76б.].

Асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істердің соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға; егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтаға мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге тегін заң көмегі ҚР-ның азаматтық іс жүргізу заңнамасында [5] белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Ал алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға адвокатқа адам жүгінгеннен кейін заң көмегі тікелей көрсетіледі. Өтініш білдіруші жүгінгеннен кейін тікелей заң көмегін беру болмаған кезде, ол жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Мұндай жағдайларда заң көмегін беру ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттық құрылым басшысы ұзарта алады. Бір мәселе бойынша адам құқықтық көмекті тек қана бір рет ала алады.

Адвокаттың көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу тиісінше адвокаттар алқасыныңң адвокат кеңсесінің қаражат есебінен жүргізіледі.

Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескеріле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушісі, адвокат кеңсесінің иесі(иелері) және өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегіне ақы төлеуден босата алады. Осы аталған жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу тиісінше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.



Азаматтық істер бойынша адвокаттың (өкілдің) көмегіне ақы төлеу, егер адвокат заң көмегін тарапқа тегін көрсетсе, сот осы бапта аталған шығындарды адвокат бөлген заң консультациясының, кеңсесінің пайдасына немесе келісімшарт пайдасына жұмыс істеуші адвокаттың пайдасына өндіреді.

Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды мемлекеттің есебіне жатқызуға құқылы.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195 «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы (2015.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыз N 1247 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы» қаулысы.

  3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi. – Алматы: Юрист, 2015.

  4. Алауханов Е.О. Қазақстан Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет: оқулық. – Алматы, 2010.

  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. - Алматы: Юрист, 2015.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет