Заңды тұлғалар /жеке кәсіпкерлер үшін «Мобильдік банкинг» жүйесі қызметтерін ұсыну талаптары



жүктеу 59.7 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі59.7 Kb.
Заңды тұлғалар /жеке кәсіпкерлер үшін

«Мобильдік банкинг» жүйесі қызметтерін ұсыну талаптары


  1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) өзінің клиенттеріне мобильдік байланыс арқылы корпоративтік төлем карточкалары бойынша тиісті тарифтерге сәйкес «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтерін ұсынады.

2. Осы талаптар Банк пен клиент арасында бекітілетін «Мобильдік банкинг» жүйесінде көрсетілетін қызметтерге қосылу шарты (бұдан әрі - Шарт) болып табылады. Шартты бекіту Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің «Қосылу шарты» деген 389-бабына сәйкес клиентті Шарт ережелеріне қосу арқылы іске асырылады және Шарттың 1-Қосымшасына сәйкес нысандағы «Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылуға өтініш (бұдан әрі - қосылу туралы өтініш) негізінде жүргізіледі.

3. Клиент (заңды тұлға /жеке кәсіпкер) «Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылуды заңды тұлғаның /жеке кәсіпкердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі Банктің ОПЕРбасқармасына барып, қағаздық тасымалдаушыда өтініш жазу және оған қол қою арқылы ғана іске асыра алады. Сонымен қатар заңды тұлға /жеке кәсіпкер бұған қосымша Банкке заңды тұлғаның /жеке кәсіпкердің басшысының қолы қойылған белгілі бір корпоративтік карточканы мобильдік телефонның тиісті нөміріне қосу туралы өтініші бар хатты қоса ұсынуға тиіс.

Бұл ретте клиенттің бір карточкасына Банк мобильдік телефонның тек бір нөмірін ғана тіркейді. «Мобильдік банкинг» жүйесінде қызмет көрсету клиенттің қолына берілген, әрекет мерзімі аяқталмаған және карточка ұстаушының карточкалар базасындағы ағымдағы шотында негізгі карточкасы бойынша карточкалар базасындағы ағымдағы шотында белгіленген кредит лимитінен асатын сомада берешегі жоқ төлем карточкалары бойынша жүргізіледі.

4. Клиенттердің Банкке SMS-хабарламасы түрінде жіберілетін сұратулары үшін ақыны клиенттер тиісті мобильдік байланыс операторларымен жасалатын шарт негізінде өздері төлейді.

5. Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттың жай-күйі туралы ақпарат ашық түрде (SMS-хабарламасымен) және үшінші тұлғалар (мобильдік байланыс операторлары) ұсынатын желілер арқылы берілетін болады.

6. Карточка бұрынғы нөмірімен (нөмірі өзгертілмей) қайта шығарылатын болса, «Мобильдік банкинг» қызметтерін көрсету жаңа карточка бойынша одан әрі жалғастырылады. Клиенттен Банктегі «Мобильдік банкинг» жүйесіне қайталап қосуға өтініш беру талап етілмейді. Карточка ауыстырылғанда, егер оның нөмірі өзгертілетін болса, Карточкалар базасында карточка нөмірі туралы ақпарат өзгертілген сәттен бастап қызметтерге қол жеткізу мүмкін болмайды («Мобильдік банкинг» жүйесінен ажырату жүргізіледі). Жаңа карточка бойынша «Мобильдік банкинг» жүйесі қызметтерін көрсету жүйеге қосу туралы жаңадан өтініш берілгеннен кейін ғана жаңғыртылады.

Бұл ретте клиент:

Банктің ОПЕРбасқармасына барып жолығуы тиіс және Шарттың 5-қосымшасына сәйкес «Мобильдік банкинг» жүйесінен ажырату үшін өтініш (бұдан әрі - ажыратуға өтініш) толтыруы қажет;

жаңа карточка нөмірі бойынша жүйеге қосылу туралы өтініш толтыруы керек.

7. Төлем карточкасы жоғалған /өткізілген жағдайда Банктің «Мобильдік банкинг» жүйесінде қызмет көрсету:

Клиент «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметіне ұялы телефон арқылы немесе Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген телефон бойынша ауызша тәртіппен оқшаулау қойғанға дейін;

жүйеден ажырату туралы өтініш негізінде төлем карточкаларының біреуі немесе барлығы бойынша мобильдік телефонға «Мобильдік банкинг» жүйесі қызметін көрсету тоқтатылғанға дейін жүргізеді. «Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуды Банк жүйеден ажырату туралы өтініш толтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде іске асырады;

төлем карточкасы жаңа нөмірмен қайта шығарылғанға дейін;

карточкалар базасындағы ағымдағы шот жабылғанға дейін

жалғасады.

8. Банкке жүйеге қосу туралы өтініште анықталған мобильдік телефон нөмірінен жіберілетін SMS-хабарламасы түрінде сұратулардың /нұсқаулардың жіберілуі Банктің клиент нұсқауларын немесе сұратуларын алуы болып есептеледі.

9. «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтері үшін ақы төлеу тиісті қызмет көрсету тоқтатылатын сәтке дейін клиенттің ОПЕРБасқармада толтыратын жүйеден ажырату туралы өтініші негізінде жүргізіледі. Егер клиент жүйеден ажырату туралы өтінішті ағымдағы айда толтырған болса, клиенттің карточкалар базасындағы ағымдағы шотынан ай сайынғы комиссиялықты ұстау тек келесі күнтізбелік айдан бастап тоқтатылатын болады, яғни «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметін пайдаланудың ай сайынғы комиссиясы ағымдағы күнтізбелік ай үшін автоматты түрде ұсталып қалады. «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтері оқшауланғанда және Банк ұсынған қызметтер үшін ақы төленбегенде мұндай төлемдер міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

10. Банк пен клиент арасында даулы жағдайлар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда бұлар Қазақстан Республикасының заңнамасы мен «Мобильдік банкинг» жүйесінде қызмет көрсету тәртібін реттейтін Банктің ішкі ережелері негізінде шешіледі.




  1. Банктің міндеттері мен құқықтары

11. Банктің міндеттері:

1) қағаздық тасымалдаушыда жасалып, қол қойылған жүйеге қосу /тіркеу ақпаратын өзгерту /жүйеден ажырату туралы (клиент Банкке өзі келгенде немесе сенім білдірілген тұлғасын жібергенде (нотариалды ресімделген сенімхаты бар болса) өтініш негізінде:

мобильдік телефон нөмірін «Мобильдік банкинг» жүйесінде тіркеуді жүргізу;

мобильдік телефон нөмірі бойынша тіркеу ақпаратына өзгеріс жасау;

«Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша қызмет көрсетуді тоқтату;

2) клиент өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысын (банкомат, мультикиоск) қолданғанда мобильдік телефон нөмірін «Мобильдік банкинг» жүйесінде тіркеуден өткізу;

3) клиент мобильдік телефонын жоғалтқан жағдайда клиенттің тәулік бойы қызмет істейтін Авторизация орталығына +7 (727) 2 590 375 телефоны арқылы жасайтын ауызша өтініші негізінде Банктің тиісті ережелерімен белгіленген тәртіппен «Мобильдік банкинг» қызметтеріне жедел түрде оқшаулау қою.

12. Банктің құқықтары:

1) клиенттің карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану жөнінде берешегі болған жағдайда тұрақсыздық айыбын (өсімақыны, айыппұлды), тәуекел үшін сыйақыны, Шартта қарастырылған және Банкте қолданыстағы тарифтерге сәйкес өзге комиссияларды, залалды, оның ішінде уыстан шығарылған пайданы клиенттің Банкте ашылған барлық шоттарынан (оларды тікелей дебеттеу арқылы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс жерлердегі басқа банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдарда ашылған кез келген шоттарынан клиенттің акцептісі талап етілмейтін төлем талабы-тапсырмалары негізінде, Шарттың нотариалды куәландырылған қосымшасын қоса тіркей отырып, толығымен немесе ішінара, акцептсіз тәртіппен өндіріп алу;

2) егер «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтері үшін сыйақы ретінде ақша алып алынатын сәтте клиенттің Банкте ашылған карточкалыр базасындағы ағымдағы шотында ақша жеткіліксіз болса (кредит лимитін, т.б. ескере отырып), «Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша көрсетілетін қызметтерді оқшаулау. Бұл ретте егер карточкалар базасындағы осы аталған ағымдағы шот бойынша «Мобильдік банкинг» жүйесі қызметтеріне ақы төлеу бірнеше мобильдік телефон үшін жүргізілетін болса, жүйе қызметтеріне барлық телефон бойынша оқшаулау қойылады;

3) мына жағдайлардың біреуі болғанда төлем карточкасы бойынша «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметі көрсетілмейді:

клиент төлем карточкасын алмағанда;

үш айлық биллинг кезеңі үшін комиссия төленбегенде;

клиент төлем карточкасын одан әрі пайдаланудан бас тартқанда (жүйеден ажырату үшін Банкке жазбаша өтініш беру арқылы);

төлем карточкасы жаңа нөмірмен қайта шығарылғанда;

клиенттің карточкасында «Мобильдік банкингтің» әрекет етуші қызметі бар болса;

4) клиенттің карточкалар базасындағы ағымдағы шоты жабылған жағдайда «Мобильдік банкинг» жүйесі қызметтерін ұсынбау;

5) өзгерістер туралы клиентті Банктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде немесе Банк сайтында www.halykbank.kz. алдын ала хабардар ете отырып, Шарт талаптары мен Банк тарифтерін бір жақты тәртіппен өзгертіп отыру.


  1. Клиенттің міндеттері мен құқықтары

13. Клиенттің міндеттері:

1) «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтері үшін Банк тарифтеріне сәйкес сыйақы сомасын Банкке сөзсіз тәртіппен төлеп отыру;

2) жүйеге қосу туралы өтініште көрсетілген клиенттің мәліметтері (клиенттің төлқұжаттық мәліметтері өзгертілгеннен басқа жағдайларда) өзгерген жағдайда өтінішті қайта ресімдеу;

3) «Мобильдік банкинг» жүйесін пайдалану жөніндегі басшылықты орындау.
14. Клиенттің құқықтары:

1) «Мобильдік банкинг» жүйесінде карточкалардың шектеусіз санын тіркеу;



2) тиісті өтініштің немесе заңды тұлғаның /жеке кәсіпкердің басшысының хаты негізінде «Мобильдік банкинг» жүйесінен бас тарту немесе «Мобильдік банкинг» жүйесінде тіркелген мобильдік телефонға жазылған төлем карточкаларының тізімін өзгерту.

___________________________________________________
: content -> admin -> files -> contents
contents -> Жеке тұлға және өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және жсн алу бойынша жадынама
files -> Алдын ала төленген төлем карточкасының біріктіру шарты осы Шартта (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі»
admin -> Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ақысы алдын ала төленген карточкаға ақша қабылдау бойынша қаржылық қызмет көрсету және Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт
contents -> Руководством ао «Народный Банк Казахстана»
contents -> «ЗАҢды тұЛҒаларға арналған интернет-банкинг» ЖҮйесінде банктік қызмет көрсету туралы шарт қ. №20 жылғы “ ” «Қазақстан Халық жинақ банкі»
contents -> Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына заңды тұлғалардың / жеке кәсіпкерлердің (шарт бойынша және шарт бекітпей) ақша аударымдары туралы нұсқаулық Шоттың 20 таңбалық құрылымына ауысуға дейін және одан кейін




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет