Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу Жалпы ережелер



жүктеу 357.29 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі357.29 Kb.
  1   2   3
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен

өкілдіктерді есептік тіркеу
Жалпы ережелер
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынуды:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) жүзеге асырады;

3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің электрондық - цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда көрсетілетін жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу портал арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына хабарламаның түсуі негізінде жүзеге асырылады.


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:

жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын, (өкілдіктерін) қоспағанда) қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

үлгілік жарғы болып табылмайтын, қызметін жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда), қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

Орталыққа көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

2) порталда – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады және бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама беру не стандарттың 14-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

порталда – «жеке кабинетіне» шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші:

Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде (бұдан әрі – Комитет) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) орталықтарда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

3) порталда – тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеуді қоспағанда) үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат арқылы өкіліне) көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) стандартқа 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес Министрлік белгілеген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаның жарғысын немесе ережесі не филиалдың және өкілдіктің ережесі;

акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды;

3) жиналыс (конференция, съезд) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін – конференция, съезд) хаттамасы немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешімі;

4) түбіртек немесе бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат;

5) заңды тұлға басшысының (жеке сәйкестендіру нөмірі) және құрылтайшысының (егер құрылтайшы заңды тұлға болып табылса, бизнес сәйкестендіру нөмірі) жеке басын куәландыратын құжаты (шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестер құрылтайшыларын қоспағанда);

6) қоғамдық бірлестіктер қосымша бастамашы азаматтардың тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, үй мен қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген тiзiмiн ұсынады;

7) діни бірлестіктер қосымша тегі, аты, әкесінің аты, күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, тұрғылықты жері, үй мен қызмет телефон нөмірі, өз қолы көрсетілген бастамашы азаматтардың және діни бірлестіктерді құрушы басшы органдардың, электронды және қағаз жеткізгіштегі тізімін; дінтану негіздері және пайда болу тарихын ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдарын ұсынады;

8) саяси партиялар қосымша партия бағдарламасын; құрамында олардың әрқайсысының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын, құжаттың нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрған жерiнiң мекенжайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы кемiнде алты жүз мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерді (филиалдар мен өкiлдiктердi) білдіретін кемінде қырық мың партия мүшесi болатын партия мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады;

9) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шетелдік қатысуы бар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар қосымша:

сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса берілген басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:

Қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің рұқсаты беріледі;

тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар үшін мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімі талап етіледі;

табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімі;

тұтыну кооперативтерi қосымша азаматтар үшiн – осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрғылықты жерi, заңды тұлғалар үшiн – тұрған жерi, банк деректемелері туралы және мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер көрсетілген тiзiм;

су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері тегін, атын, әкесінің атын, тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжат деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірін), сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, заңды тұлғалардың атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып кооператив мүшелерінің тізімін, сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативі мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің болуы туралы мәліметтер;

тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерiнің мекенжайы көрсетілген тiзiмдi ұсынады.

11) орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiрi шетелдiк жеке немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және тіркеуші органға бередi.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны тіркеуші органға береді;

12) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

Заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) туралы ережені заңды тұлға бекітеді, жарғының (ереженің) көшірмелері және заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) басшысына берілген сенімхат (қоғамдық және діни бірлестіктерінің филиалы мен өкілдігін қоспағанда) қосымша ұсынылады.

Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін белгiленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиалды (өкілдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын сауда тiзiлiмiнің заңдастырылған үзiндi көшiрмесі, шетелдiк заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат қосымша ұсынылады. Филиалды (өкiлдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құрған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталықтың қызметкері стандарттың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, сәйкес келмеген жағдайда аталған құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзе асырылады.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттар берілетін күн, уақыты және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Орталықта дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері күн сайын «бір терезе» арқылы онда көрсетілген мерзімде, қолхат негізінде жүзеге асырады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Министрлік айқындаған тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Министрлікпен белгілеген нысан бойынша электрондық құжатты толтыру арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырады.

Тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

Шетелдік қатысуымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.

Порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салуы өтініш берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған көрсетілетін қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жолданады.

Порталға жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы есеп – хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) бас тарту үшін негіздер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртiпте заңды тұлғаны құруы бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі;

2) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса;

3) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192 (Жалған кәсіпкерлік), 216 (Әдейі банкроттық) және 217 (Жалған банкроттық) - баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болуы;

4) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттардың ұсынылуы;

5) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) бар болуы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіз болып табылады.

Діни бірлестіктер оның филиалдары мен өкілдіктері үшін құрылтай және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда тіркеуден бас тартылады.

Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген филиалды (өкiлдiктi) құру тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.

Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша анықталған кемшіліктер жойылғанша немесе тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімін көрсетілетін қызметті берушілер тоқтата тұрады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 6-қосымшасындағы нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өздерінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін кызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдау, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жері бойынша барып көрсетіледі.


Қажетті құжаттардың тізімі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеуді қоспағанда) үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат арқылы өкіліне) көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) стандартқа 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес Министрлік белгілеген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаның жарғысын немесе ережесі не филиалдың және өкілдіктің ережесі;

акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды;

3) жиналыс (конференция, съезд) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін – конференция, съезд) хаттамасы немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешімі;

4) түбіртек немесе бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат;

5) заңды тұлға басшысының (жеке сәйкестендіру нөмірі) және құрылтайшысының (егер құрылтайшы заңды тұлға болып табылса, бизнес сәйкестендіру нөмірі) жеке басын куәландыратын құжаты (шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестер құрылтайшыларын қоспағанда);

6) қоғамдық бірлестіктер қосымша бастамашы азаматтардың тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, үй мен қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген тiзiмiн ұсынады;

7) діни бірлестіктер қосымша тегі, аты, әкесінің аты, күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, тұрғылықты жері, үй мен қызмет телефон нөмірі, өз қолы көрсетілген бастамашы азаматтардың және діни бірлестіктерді құрушы басшы органдардың, электронды және қағаз жеткізгіштегі тізімін; дінтану негіздері және пайда болу тарихын ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдарын ұсынады;

8) саяси партиялар қосымша партия бағдарламасын; құрамында олардың әрқайсысының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын, құжаттың нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрған жерiнiң мекенжайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы кемiнде алты жүз мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерді (филиалдар мен өкiлдiктердi) білдіретін кемінде қырық мың партия мүшесi болатын партия мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады;

9) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шетелдік қатысуы бар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар қосымша:

сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса берілген басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:

Қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің рұқсаты беріледі;

тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар үшін мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімі талап етіледі;

табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімі;

тұтыну кооперативтерi қосымша азаматтар үшiн – осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрғылықты жерi, заңды тұлғалар үшiн – тұрған жерi, банк деректемелері туралы және мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер көрсетілген тiзiм;

су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері тегін, атын, әкесінің атын, тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжат деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірін), сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, заңды тұлғалардың атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып кооператив мүшелерінің тізімін, сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативі мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің болуы туралы мәліметтер;

тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерiнің мекенжайы көрсетілген тiзiмдi ұсынады.

11) орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiрi шетелдiк жеке немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және тіркеуші органға бередi.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны тіркеуші органға береді;

12) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

Заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) туралы ережені заңды тұлға бекітеді, жарғының (ереженің) көшірмелері және заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) басшысына берілген сенімхат (қоғамдық және діни бірлестіктерінің филиалы мен өкілдігін қоспағанда) қосымша ұсынылады.

Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін белгiленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиалды (өкілдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын сауда тiзiлiмiнің заңдастырылған үзiндi көшiрмесі, шетелдiк заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат қосымша ұсынылады. Филиалды (өкiлдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құрған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Министрлік айқындаған тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Министрлікпен белгілеген нысан бойынша электрондық құжатты толтыру арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырады.

Тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

Шетелдік қатысуымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.

Порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салуы өтініш берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған көрсетілетін қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жолданады.

Порталға жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы есеп – хабарлама жіберіледі.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет