«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3


«Қазақстан Халық банкі» АҚ

Басқармасының 2011 жылғы 30 қарашадағы

сырттай отырысының № 861 хаттамасына

1-қосымша

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»

жүйесінің ережесіне

1-қосымша»




«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»

жүйесінде банктік қызмет көрсету шарты
_____________қ. 20_____ «______»___________

«Қазақстан Халық банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), 20___ жылғы «____» ___________ № _______ негізінде әрекет етуші ________________________________арқылы бір жағынан және [__________________________ (бұдан әрі - Клиент), ________________________________________ негізінде әрекет етуші _______________ арқылы екінші жағынан] [_____________ (бұдан әрі - Клиент), негізінде әрекет етуші (заңды тұлға құрмаған кәсіпкердің мәртебесін дәлелдейтін құжат көрсетіледі/лицензияның деректемелері көрсетіледі)]1 бір жағынан, бұдан әрі бірлесіп - Тараптар деп, ал әрқайсысы жекелей - Тарап деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар,

осы Шартты төмендегілер туралы жасады.

1-бап. Шарттың мәні
1.1. Осы Шартта пайдаланылатын барлық терминдер мен түсіндірмелер оларға «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінде банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарында (бұдан әрі – Талаптар) берілген мәнге ие.

1.2. «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінде (бұдан әрі - Жүйе) банктік қызмет көрсету шарты бойынша Банк Клиенттің тапсырмасы бойынша Жүйеде электрондық банктік қызметтер көрсетуге міндеттенеді, ал Клиент бұл қызметтердің ақысын осы Шартта қарастырылған талаптармен төлеуге міндеттенеді.

1.3. Тараптар Жүйеде операциялар жүргізуде пайдаланылатын электрондық сандық қол қойылған (бұдан әрі - ЭСҚ) электрондық үлгідегі құжаттар (бұдан әрі – электрондық құжаттар) қағаз түріндегі құжаттармен бірдей мәнге ие екенін және осы Шарт бойынша Тараптардың олармен бірдей құқықтары мен міндеттерін тудыратынын мойындайды.

1.4. Клиент жіберушіде ЭСҚ кілттері және куәландыру орталығында тексеруден өткен тіркеу куәлігі болған жағдайда ғана электрондық құжаттың соңында ЭСҚ жасақтау мүмкін екендігін мойындайды.

1.5. Тараптар осы Шарт бойынша өздері пайдаланатын ақпаратты және ЭСҚ қорғау жүйесі рұқсатсыз қол сұғушылықтан қорғауға, сондай-ақ электрондық құжаттардың шынайылығы мен авторын дәлелдеуге жеткілікті деп мойындайды.

1.6. Күмәнді қолмен куәландырылған құжаттарды орындағаны үшін Банк арқалайтын жауапкершілік Клиенттің жазбаша хабарландыруын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен бастап туындайды.


2-бап. Шарт бойынша банктік қызмет көрсету
2.1. «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесіндегі шоттар бойынша жүргізілетін операциялар мен банктік қызмет көрсету талаптары Шартқа қосымшаға – Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінде банктік қызмет көрсету талаптарына қамтылған.

2.2. «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінде банктік қызмет көрсету талаптары Банк пен Клиент үшін міндетті болып табылады және Клиенттің Банкте ашылған шоттарына қатысты барлық операциялар мен әрекеттерге қолданылады.

2.3. Шарт бойынша әрбір Тарап Талаптарда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде екінші Тарапқа бере алады немесе екінші Тараптан ала алады.

2.4. Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына және Банктік қызмет көрсету талаптарына сәйкес рәсімделуге тиіс.


3-бап. Дауларды шешу
3.1. Тараптар туындаған даулар, қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу жолымен және құру жайы Талаптарда қарастырылған комиссияда қарастыру жолымен реттеуге шаралар қолданады.

3.2. Келіссөздер жүргізу мүмкін болмаған немесе даулар, қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.


4-бап. Қолданылатын құқық
Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрастырылады және реттеледі.
5-бап. Шарттың әрекеті. Шарттың тілі
5.1. Шарт екі Тараптың да уәкілетті өкілдері қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

5.2. Шарт мерзімсіз әрекет етеді.

5.3. Шарт мынадай жағдайларда бұзылады:

5.3.1. Банк пен Клиенттің өзара келісімі бойынша кез-келген уақытта;


5.3.2. барлық шарттар бұзылған және Жүйені пайдалана отырып олар бойынша операциялар жүргізіліп келген осындай шарттар бойынша Банкте ашылған Клиенттің банктік шоттарының ең соңғысы жабылған жағдайда, соңғы шот жабылған және соңғы шарт бұзылған күннен бастап шарт бұзылды деп саналады. Мұндай жағдайда Тараптар Шарт бұзылғаннан бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Шарт бойынша есеп айырысуларды жүргізуге міндетті;
5.3.3. Шарт бұзылғанға дейінгі 10 (он) күннен кешіктірмей бұл туралы екінші Тарапты ескерткен (жазбаша хабарландыру түрінде) бір Тарап Шарттан бас тартқан жағдайда. Шарт бұзылған жағдайда Тараптар бұған дейін туындаған және Шарт бұзылған күнге дейін әрекетін тоқтатпаған бір-бірінің алдындағы барлық міндеттемелерін орындауға және шартты бұзу туралы жазбаша хабарламада көрсетілген күннен кешіктірмей өзара есеп айырысуға міндетті.

5.4. Шарт Тараптар келіскен тілде екі данада, әрбір Тарап үшін заңды күші бірдей бір данадан жасалған.




6-бап. Тараптардың орналасқан жерлері, банктік деректемелері және қолдары

Банк

Клиент

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

_______________________________________

БСК: HSBKKZKХ

СТН: 600200048129

БСН: 940140000385

______________________ филиал,

________________қ., _________көшесі,

тел.: ___________________,

тел. (оның ішінде электрондық банктік қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жүгіну үшін): ___________________ (Байланыс орталығы),

факс: ________



Заңды мекен-жайы:_________________________

тел/факс___________________________________

СТН2: ____________________________________

БСН (ЖСН)3: ______________________________

ЖСК № ________________ ________________

___________________________________________




Банктен

________________________________

қолы

м.о.


Клиенттен

____________________________________

қолы

м.о.


Бұрыштамалар:

________________ _____________________

(қолы) (құрылымдық бөлімше жетекшісінің тегі)

________________ _____________________

(қолы) (орындаушының тегі)

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»

жүйесінде банктік қызмет көрсету шартына

қосымша
«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»



жүйесінде банктік қызмет көрсету талаптары

(Талаптар)
МАЗМҰНЫ

1-бап. Пайдаланылатын терминдер

2-бап. Жүйеде қызмет көрсету

3-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4-бап. Etoken pass құрылғысы мен шешуші тасымалдаушыны пайдалану

5-бап. Банктің комиссиялық сыйақысы

6-бап. Тараптардың жауапкершілігі

7-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

8-бап. ЭСҚ пайдалануға байланысты дауларды шешу тәртібі

9-бап. Форс-мажор

10-бап. Талаптардың әрекет ету мерзімі

11-бап. Қорытынды ережелер




1-бап. Пайдаланылатын терминдер

1.1. Осы Талаптардың мәтінінде бас әріппен пайдаланылатын терминдер, егер тікелей мәтінде басқаша түсініктеме болмаған жағдайда, осы Талаптарда берілген түсінікке ие.




Шарт

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінде банктік қызмет көрсету шарты.

Банк

«Қазақстан Халық банкі» АҚ, филиалдарын қоса.

Клиент

Заңды тұлға немесе заңды тұлғаның оқшау бөлімшесі (филиал, өкілдік), жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, осы Талаптарға және Шартқа сәйкес Шот иесі- адвокат.

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі
(бұдан әрі – Жүйе)


Клиент пен Банк арасында Интернет желісі («Интернет-Клиент» модулі) және /немесе Банктің модемдік пулы («Банк-Клиент» модулі) арқылы электрондық құжаттармен алмасу жолымен Клиентке Банкте ашылған өзінің банктік шоттарын қашықтан басқару мүмкіндігін беретін Банк қызметтерінің жүйесі.

Талаптар


www.halykbank.kz мекен-жайы бойынша Банктің ресми сайтында орналастырылған «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінде банктік қызмет көрсетудің осы Талаптары Клиентке олармен Шартқа қол қойғанға дейін танысып шығуға мүмкіндік береді.

Шот


Банктік шот шарты, Банктік салым шартының негізінде Банкте кез-келген валютада ашылған Клиенттің банктік шоты және Банк есептемесіндегі есепке алу шоты. Бұл жерде Банктік шот шарты бойынша бір немесе бірнеше шот ашылатын жағдайлар да ескеріледі.

Егер Талаптардың 2.5 тармағындағы операциялар тізбесі Клиентке өзінің Банкте ашылған карточка базасындағы ағымдағы шотына қолжетімділік алуға мүмкіндік берген жағдайда осы Талаптарда карточка базасындағы ағымдағы шоттар да шотқа жатқызылады.



Уәкілетті тұлға


Талаптарда және/немесе Шартта қарастырылғандай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өкілеттіктерге ие болған және Клиенттің, Банктің немесе үшінші тұлғалардың атынан әрекет етуші тұлға.

Үзінді

Белгілі бір уақыт кезеңі үшін Клиент Шотының жағдайы туралы тиісті түрде рәсімделген құжат (қағаз тасымалдағышта немесе электрондық үлгіде).

Қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжат


Клиенттің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерін қамтыған, олардың қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар және Талаптарда көрсетілген немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда нотариалдық куәландырылуға тиіс құжат.

Операциялық күн

Төлем құжаттарын қабылдау, кассалық және басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін Банк белгілеген сағаттар.

Клиенттің автоматтандырыл-ған жұмыс орны
(бұдан әрі - АЖО)


Мынадай Жүйеде жұмыс істеу үшін Клиенттің бағдарламалық-техникалық құралдарына орнатылатын бағдарламалық кешен:

  • «ДБО BS-Client» («Банк’c Софт Системс», Мәскеу қ.) ақпаратты өңдеу және сақтау бағдарламасы;

  • Tumar CSP ақпаратты криптографиялық қорғау құралы («Гамма Технологиялар» ҒЗЗ, Алматы қ.).




Электрондық сандық қол (бұдан әрі - ЭСҚ)

ЭСҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның кімге қарастылығы мен мазмұнының өзгеріссіздігін дәлелдейтін электрондық сандық символдардың жиынтығы.
Электрондық құжаттарға Клиентке тиесілі және куәландыру орталығында тексеруден өткен бір және бірнеше электрондық қол қоюға жол беріледі.

ЭСҚ ашық кілті

Электрондық құжаттағы ЭСҚ-дың шынайылығын дәлелдеуге арналған және кез-келген тұлға үшін қолжетімді электрондық сандық символдардың реті.

Шешуші тасымалдаушы

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып криптографиялық операцияларды орындауға және ЭСҚ ашық және жабық кілттерін құрастыруға (генерациялау) және сақтауға арналған қорғаудағы электрондық құрылғы.

ЭСҚ жабық кілті

Жүйе арқылы қайта генерациялау барысында Клиент шешуші тасымалдаушыда жасаған, куәландыру орталығында тіркелген және тек тіркеу куәлігінің иесіне ғана белгілі электрондық сандық символдардың реті, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып ЭСҚ жасауға арналған.
ЭСҚ жабық кілті жоғалған немесе құпиясы ашылған жағдайда Клиент қысқа мерзім ішінде Банкке немесе куәландыру орталығына ЭСҚ кілтін және оған қоса берілген тіркеу куәлігін кері шақырып алуға өтініш беруге міндетті.

Бастапқы инициализациялау кілттері

Клиенттің Жүйемен жұмыс істей бастау үшін пайдаланатын криптографиялық кілттері, Жүйе арқылы ЭСҚ криптографиялық кілттеріне алмастыруға арналған.


eToken pass

құрылғысы

Жүйеге кірген кезде және/немесе электрондық төлемдерді авторизациялау кезінде бір рет пайдалануға арналған, Клиентке сұрату бойынша электрондық сандық символдардың бірегей ретін (бұдан әрі - Код) өзі құрастыруға мүмкіндік беретін құрылғы. Клиент Жүйеге әрбір кірген сайын жаңа бір реттік (біржолғы) код жасап пайдалану талап етіледі.

Қолданыстағы заңнама


Белгіленген тәртіппен қабылданған, нормативтік құқықтық актілерден тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасы.

Ақша


Ұлттық немесе шетел валютасында өрнектелген төлем құралы.

Тарап/Тараптар

Өзара Шарт бекіткен Банк және Клиент.

Тарифтер


Клиентке ол көрсететін банктік қызметтер үшін Банк комиссияларының мөлшерін айқындайтын тарифтер.

Қауіпсіздік рәсімі

Электрондық құжаттарды құрастырған, берген және алған кезде Клиенттің электрондық банктік қызметтер алу құқығын анықтау мақсатында, сондай-ақ берілетін және алынатын электрондық құжаттардың конфиденциалдығын қамтамасыз ету және олардың мазмұнындағы қателіктерді және/немесе өзгерістерді анықтау үшін Клиентті сәйкестендіруге және авторы екенін айқындауға (авторизациялауға) арналған ақпарат қорғаудың ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық – техникалық құралдарының кешені.

Жұмыс күндері


Қазақстан Республикасындағы және/немесе тиісті шетел валютасы шығарылған елдегі банктер мәмілелер жүргізуге ашық болатын күндер.

Уәкілетті орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, салық органы немесе басқа уәкілетті орган.

Электрондық құжат


Ондағы ақпарат электрондық-сандық түрде берілген және ЭСҚ арқылы куәландырылған құжат.

Тіркеу куәлігі

ЭСҚ ашық кілтінің ЭСҚ жабық кілтіне және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық сандық қол туралы Заңымен белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдеу үшін куәландыру орталығы беретін қағаз түріндегі немесе электрондық құжат.

Бастапқы инициализациялау-ды тіркеу куәлігі

Банктің Клиентке Жүйеде жұмыс істей бастау үшін беретін, куәландыру орталығынан Жүйе арқылы ЭСҚ кілттеріне тіркеу куәлігін алуға арналған қағаз түріндегі немесе электрондық құжат.

Қол қоятын тұлға

ЭСҚ жабық кілтіне заңды түрде иелік ететін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығына ие жеке немесе заңды тұлға.

Куәландыру орталығы

«Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» РМКК – Банкпен шартқа отырған және ЭСҚ ашық кілтінің ЭСҚ жабық кілтіне сәйкестігін куәландырушы және тәркеу куәлігінің шынайылығы мен кері шақырылмағандығын дәлелдеуші заңды тұлға.

1.2. Осы Талаптар Банкте бір немесе одан көп Шоттары болуына байланысты Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Осы Талаптар осындай Шоттардың барлығы үшін әрекет етеді.

1.3. Осы Талаптар қолданыстағы заңнаманың және Банктің ішкі құжаттарының негізінде дайындалған. Шартқа қол қоймай тұрып Клиент www.halykbank.kz мекен-жайы бойынша Банктің ресми сайтында орналастырылған, Талаптарды өзіне қамтитын Шарт мәтінімен танысуға тиіс.

1.4. Банк тарапынан Клиентке басқа да қызметтер, атап айтсақ, кепілдіктер, аккредитивтер шығару, банктік заемдар, бағалы қағаздармен операциялар секілді Шот пайдалануды талап ететін қызметтер көрсетілген жағдайда, мұндай қызметтер жеке шарттар мен келісімдердің негізінде көрсетіледі. Бұл ретте Шотты пайдаланған жағдайда Талаптарды қамтитын Шарт пен Банк оның негізінде Клиентке басқа да қызметтер көрсететін шарт/келісім пайдаланылады. Егер Шот Банктің Клиентіне кепілге ақша беруіне, ақша талап ету құқығына байланысты пайдаланылған жағдайда осындай Шотқа қатысты Шарт бойынша қызмет көрсету уақытша тоқтатылуы, доғарылуы немесе кепіл талаптарына байланысты жүзеге асырылуы мүмкін.


2-бап. Жүйеде қызметтер көрсету
2.1. Жүйемен жұмыс істеу үшін Клиент мынадай бағдарламалық - техникалық құралдардың болуын өзі қамтамасыз етуге тиіс:

Компьютердің конфигурациясы мынадай төмен болмауға тиіс: процессор – Celeron 800 Мгц,


Оперативтік жадында сақтау құрылғысы (ОЗУ) 512 Мб жоғары, орнатуға арналған, бос көлемі кем дегенде 300 Мб және тұрақты жұмыс істеу үшін 500 Мб болатын қатаң диск болуы қажет.

  • Microsoft  Windows XP  SP3 және одан жоғары операциялық жүйесі;

  • Microsoft Internet Explorer’7.0,8.0 браузері немесе одан да жаңа түрлері;

  • біруақытта бірнеше телефон қатарынан қосылмаған телефон желісі;

  • V34 және одан жоғары протоколды қолдайтын, орнатылған және желіге қосылған модем;

  • 33,6 Кб/с және одан жоғары жылдамдықта Интернетке қолжетімділік;

  • прокси-сервер пайдаланылған жағдайда 212.19.135.80 қолжетімділігі үшін 1024 порты және 212.19.135.83 қолжетімділігі үшін 443 порты («Интернет-Клиент» модулі) ашылуға тиіс;

  • Microsoft Word’97 және одан жоғары;

  • қосылған желілік немесе жергілікті принтер болуы қажет;

  • Клиент өкілі өз компьютерінде әкімші (администратор) құқығына ие болуға тиіс;

  • өзекті жаңартылған базалары бар антивирустық БЖ болуы қажет;

  • Клиенттің компьютерінде бос USB-порты болуы қажет.

Бағдарламалық-техникалық құралдар дайын болған жағдайда Клиент Шартқа қол қойылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Банкке Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда Клиенттің АЖО орнату туралы өтінімді ұсыну қажет.

2.2. Жүйеде жұмыс істеу үшін Клиент барлық тиісті түрде рәсімделген құжаттарды Банк талабына сәйкес беруге тиіс.

2.3. Шешуші тасымалдаушыдағы ақпарат пен оған қолжетімділік паролі конфиденциалдық ақпарат болып табылады.

2.4. Банк Клиентке Жүйеде жұмыс істеу үшін «ДБО BS Client» ақпаратты өңдеу және сақтау бағдарламасын пайдалануға бірегей емес лицензияны басқаға беріп жіберу құқығынсыз береді. Клиент мұндай бағдарламаны өзгертпеуге, талдау жүргізбеуге, көшірмелемеуге, жария етпеуге, мұндай бағдарламаның көшірмесін бермеуге және кез-келген үшінші тарапқа Жүйені пайдалануға және көшірмесін жасап алуға септігін тигізбеуге міндеттенеді.

Бағдарламалық жасақтаманы беретін сәтте Банк Клиентке Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасында қарастырылған мүліктік құқықтарды қорғау мерзімінің шегінде Шарт әрекет ететін бүкіл мерзімге бағдарламалық жасақтамаға мынадай мүліктік құқықты – пайдалану құқығын береді.

Шартқа сәйкес Банк Клиентке бағдарламалық жасақтаманы Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға мүліктік құқық береді.

2.5. Электрондық құжаттарды пайдалана отырып Жүйе арқылы жүзеге асырылуы мүмкін операциялардың тізбесі:

1) ұлттық валютада аударымдарды жүзеге асыруға электрондық төлемдік тапсырмаларды қабылдау, оның ішінде:

- салық төлемдерін төлеу;

- міндетті зейнетақылық жарналарды және әлеуметтік аударымдарды аудару;

- ұялы байланыс провайдерлер қызметінің ақысын төлеу;

- тауар және/немесе қызметтер үшін төлем жасау;

- жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын толықтыру;

2) шетел валютасындағы аударымдарды жүзеге асыруға төлемдік тапсырмаларды қабылдау;

3) Клиенттен шетел валютасын айырбастауға (сату/сатып алу) электрондық өтінім қабылдау;

4) Клиентке электрондық түрде мыналарды беру:

- Шоттың жағдайы туралы қорытынды үзіндіні;

- алдын-ала үзіндіні (Шот бойынша анықтама);

5) анықтамалықтар бойынша ақпарат беру (контрагенттердің, төлем мақсаты кодтарының, бюджеттік жіктеме кодтарының, банктердің және т.б.);

6) валюталық бақылауға байланысты экспорттық-импорттық валюталық бақылауға қатысушылардың құжаттарын қабылдау (келісім-шарттар, инвойстар, келісімдер, төлемге шоттар, қосымша келісімдер және т.б.) мәмілелер паспортына қосымша парақтарды, мәмілелер паспортын қоспағанда:

- тараптардың хаттарын (сұратулар, өтінімдер, хабарламалар және т.б.);

- жинақ шотын ашуға және банктік салымдарды енгізуге өтінімдерді;

- тіркеу куәліктерін шығаруға сұратуларды,

- кепілдік шартын бекітуге өтінім–офертаны (өтелген кепілдіктер беру туралы бекітілген келісімнің шеңберінде);

- валюта түсімі/есепке алу туралы хабарламаларды;

сондай-ақ ақпаратты Банктің www.halykbank.kz. Интернет-сайтында орналастыру жолымен осы тізбеге қосымша енгізілуі мүмкін кез-келген құжатты. Электрондық қызметтер жүйесін пайдалана отырып жаңалары пайда болғанда/бұрын қолжетімділерін көрсету тоқтатылған жағдайда Банк біржақты тәртіппен (Клиентпен келісімсіз) www.halykbank.kz. Интернет-сайтында бар Жүйені пайдалануда көрсетілетін операциялардың тізімін өзгертеді және жаңасын жариялайды.

Осы тармақта келтірілген тізбеге кірмейтін, төлемдік емес сипаттағы кез-келген басқа ақпаратты беруге жол беріледі, бірақ бұл ақпарат Банк тарапынан міндеттеме туындауына негіздеме болып табылмайды.

2.6. Клиент электрондық құжаттарды қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ Банк Клиентті алдын-ала таныстыратын Банктің нұсқауларына сәйкес толтыруға тиіс, бұл ретте электрондық құжаттарды дұрыс толтырмауға байланысты келтірілуі мүмкін шығынды қоса отырып жауапкершіліктің барлығы Клиентке жүктеледі.

2.7. Электрондық құжат, егер ол тиісті түрде рәсімделген, ЭСҚ-мен куәландырылған, осы Талаптарда көрсетілген телекоммуникациялар жүйесі бойынша жеткізілген, ал қабылдаушы жақ тексерген және қабылдаған жағдайда, осы Талаптарға сәйкес Тараптардың міндеттемелерін тудырады.

2.8. Электрондық құжатты алғаннан кейін қабылдаушы Тарап электрондық құжаттың қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарландыратын электрондық түбіртекті дер кезінде кері жіберуге тиіс.

2.9. Электрондық құжаттың қабылданғаны туралы түбіртек құжаттың алынғаны түпкілікті дәлелденгенін білдіреді.

2.10. Төмендегідей қателіктері бар құжаттар «ЭСҚ дұрыс емес» деген мәртебеге ие болады:



      • құжатқа қол қойылмаған;

      • құжат шифрланбаған;

      • құжатты шифрлау қабылдаушы Тарап үшін жасалмаған;

      • қол қоюдан кейін құжат бұрмаланған;

      • құжатқа қол қоюшының тіркеу куәлігінде «кері шақырылды» мәртебесі болса;

      • иесінің тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі өткен болса.

2.11. Электрондық құжатты өңдеген кезде өңдеу жүйесі Талаптардың 2.10. тармағында көрсетілген себептердің бірі туралы хабарлама берген жағдайда қабылдаушы Тарап осы алынған электрондық құжатты орындауға қабылдамауға міндетті.

2.12. Берілген электрондық құжатқа түбіртек алынбау деректері туралы Тараптар бір-біріне ол жіберілген күні хабарландыруға тиіс.

2.13. Егер қандайбір себеппен бір Тарап Жүйе арқылы екінші Тарапқа электрондық құжатты дер кезінде жеткізе алмаса, онда бұл Тарап тиісті түрде рәсімделген төлем құжаттарын қағаз түрінде жеткізуге шаралар қолдануға тиіс.

Электрондық банктік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуші техникалық құралдарға ақау келу себебіне байланысты электрондық банктік қызметтер көрсетуді Банк уақытша тоқтатады, бұл туралы Банк Клиентті хабардар етеді. Электрондық банктік қызметтер көрсетуді тоқтатуға түрткі болған себеп жойылғанда Банк Шарт бойынша Клиентке электрондық банктік қызметтер көрсетуді қайта жандандырады және бұл туралы Клиентті хабардар етеді.

2.14. ЭСҚ тексерулері табысты жүргізілген және құжатты қабылдаған сәтте оған қол қойған тұлғадан өзінің ЭСҚ жабық кілтінің немесе бағдарламалық жасақтаманың жасырыны ашылғаны туралы ресми мәлімдемесі тіркелмеген жағдайда, Тараптар олардың ЭСҚ жабық кілттерімен қол қойылған, тіркеу куәліктері куәландыру орталығында тіркелген электрондық құжаттардан туындайтын міндеттемелердің барлығын толығымен өз мойнына өзара міндеттеме арқалап алады. Кез-келген Тараптың бұл талапты орындамауы екінші Тараптың Шарттан бас тартуына негіздеме болып табылады.

2.15. Өзінің ЭСҚ-мен Клиенттің уәкілетті тұлғалары ретінде Клиенттің электрондық құжаттарына қол қою құқығына ие болатын жеке тұлғалар Клиенттің Жүйедегі пайдаланушыны тіркеуге Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес үлгіде берген өтінімдеріне сәйкес айқындалатын болады. Клиенттің Жүйедегі пайдаланушыны тіркеуге бірген әрбір өтініші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

2.16. Тараптар Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес үлгіде қабылдау-өткізу актісіне қол қойған сәттен бастап бастапқы инициализациялау кілттері, eToken Pass құрылғысы мен шешуші тасымалдаушыны Банк Клиентке берді деп саналады дегенге Тараптар келіседі.

2.17. eToken Pass құрылғысы мен шешуші тасымалдаушыны Банк Клиентке береді, оларды Клиент тек Шарт бойынша электрондық банктік қызметтер алу мақсатында ғана пайдалануға құқылы.

2.18. Клиент бастапқы инициализациялау кілттерін алмастыру жолымен алынған ЭСҚ жабық кілттері шешуші тасымалдаушыда екенін және бір данамен ғана шығарылғанын мойындайды.

2.19. Банктің Операциялық күнін Банк белгілейді және оны Банк біржақты тәртіппен өзгерте алады. Операциялық күннің қаншаға созылатыны және/немесе оның өзгерістері туралы ақпарат Банктің операциялық залдарында орналастырылады. Клиенттің электрондық құжаттары:

- Банк операциялық күн аяқталғанға дейін алған электрондық құжаттар сол операциялық күні өткізіледі;

- Банк операциялық күн аяқталғаннан кейін алған электрондық құжаттар келесі операциялық күні өткізіледі (Банкте техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда - сол операциялық күні).


3-бап. Тараптардың міндеттері және құқықтары
3.1. Тараптардың міндеттері:


  • электрондық құжаттарды пайдаланғанда Шарттың/Талаптардың және қолданыстағы заңнаманың талаптарын және нормаларын басшылыққа алу;

  • телекоммуникациялар, ақпаратты өңдеу, сақтау және қорғау жүйелерін Жүйеге және Тараптарға зиян келтіре алатын компьютерлік вирустар мен бағдарламалардың жоқтығы тексерілген, жұмысқа қабілетті және ақаусыз жабдықта ғана пайдалану;

  • Жүйеде қолданылатын ақпарат қорғаудың нақты тәсілдерін үшінші тарапқа жария етпеу (қолданыстағы заңнамамен немесе Тараптардың қосымша келісімімен қарастырылған жағдайларды қоспағанда);

  • ЭСҚ жабық кілті мен тіркеу куәлігін Жүйе арқылы ауық-ауық (жылына бір реттен жиі емес) ауыстырып отыру;

  • Телекоммуникация жүйелеріне және ЭСҚ жабық кілтіне рұқсатсыз қол сұғу оқиғасына сезік туған барлық жағдайлар туралы, сондай-ақ шешуші тасымалдаушы және/немесе eToken Pass құрылғысының жоғалуы, ұрлануы туралы немесе кілттерді алмастыру және бағдарламалық –техникалық құралдардың жұмыс қабілетін сақтауға бағытталған екінші Тараппен келісілген басқа да әрекеттерді жүргізуге арналған телекоммуникациялар, ақпаратты өңдеу, сақтау және қорғау жүйелерінің бағдарламалық – техникалық құралдарына ақау келгені туралы барлық оқиғаларды екінші Тарапқа дереу хабарлап отыру;

  • Клиент өзінің ЭСҚ жабық кілтінің құпиясын ашып алған жағдайда Клиент тіркеу куәлігін кері шақырып алу туралы өтінішпен Банкке жүгінеді, ал Банк оны ала сала тіркеу куәлігін куәландыру орталығынан дереу кері шақырып алады;

  • Клиент тарапынан Жүйеге рұқсатсыз кіруге сезік туғаны туралы хабарлама алынған жағдайда немесе Банк тарапынан Клиенттің АЖО-ына рұқсатсыз қолжетімділікке күдік туған жағдайда – Банк барлық жағдаяттар айқындалғанға дейін электрондық құжаттармен барлық операцияларды тез арада оқшаулайды;

  • электрондық банктік қызметтер көрсету және алу барысында электрондық құжаттардағы ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз ету.


3.2. Банктің құқықтары:


  • Талаптардың 2.10. тармағында қарастырылған негіздемелерге сәйкес электрондық құжаттарды орындауға қабылдаудан бас тарту;

  • өз қалауы бойынша Жүйенің қорғау тетіктеріне өзгерістер енгізу;

  • Клиенттің тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі өткен жағдайда Клиенттің Жүйеге қолжетімділігін оқшаулау;

  • Шот бойынша қозғалыстар болмаған және Клиент Шотында үш ай қатарынан ақша болмаған (ағымдағы шоттар бойынша) жағдайда Клиенттің Жүйеге қолжетімділігін оқшаулау. Шот бойынша қозғалыстар болмаған және Шотта алты айдан астам мерзім бойына ақша болмаған жағдайда Шарттан бас тарту жолымен Шартты бұзу;

  • Клиенттен электрондық құжаттардың егжей-тегжейін растауға сұрату жіберу жолымен, сондай-ақ басқа да тәсілдермен Жүйе жұмысының қауіпсіздігін көтеруге бағытталған кез-келген іс-шараларды жүргізу;

  • Шартта қарастырылған басқа да құқықтарды пайдалану.


3.3. Банктің міндеттері:


  • Осы Шартты бекіткеннен және Клиент Банк тарифтеріне сәйкес тиісті комиссияларды төлегеннен кейін Клиентті жүйеде тіркеу, логинді, паролі бар
    ЖСН-конвертті, eToken Pass құрылғысын және Жүйемен жұмысты бастау үшін бастапқы инициализациялау кілттері бар шешуші тасымалдаушыны беру;

  • Клиентке Жүйені орнату және онымен жұмыс бойынша пайдаланушы басшылығы бар нұсқаулық материалдарды беру;

  • Шарт талаптарына сәйкес электрондық банктік қызметтер көрсету, оның ішінде Клиенттің Банкке телекоммуникациялық құралдармен жіберген, Клиенттің ЭСҚ-мен куәландырылған және расшифровкасы жасалған, куәландыру орталығында тексеруден өткізілген, Шоттан ақша аударуға нұсқауларын орындау;

  • Клиентке Жүйенің мәселелері бойынша Банк тарифтеріне сәйкес техникалық қолдау көрсету.


3.4. Клиенттің міндеттері:


  • осы Талаптардың қауіпсіздік бойынша нұсқауларын зерттеу және онда сипатталған Банк нұсқауларына бағыну;

  • Жүйе арқылы әрекет етуші шешуші жұпқа бастапқы инициализациялау кілттерін алмастыру;

  • Интернет желісіне қолжетімділікті өз қаражатының есебінен қамтамасыз ету және оны пайдалануға байланысты жеткізушілер қызметінің ақысын өзі төлеу;

  • төлем құжаттарын қолданыстағы заңнамаға және Талаптарға сәйкес рәсімдеу. Төлем тапсырмалары міндетті түрде көрсетілуге тиіс деректемелерді қоя отырып рәсімделеді, оның ішінде «төлем мақсатының коды» бағанында – төлем мақсатының мәтіндік белгіленуіне сәйкес келетін төлемнің белгілену кодын (ТМК), ал салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдерді төлеуде – осындай кодтың мәтіндік атауына және «төлем мақсаты» бөлігінде көрсетілген төлем мақсатына сай келетін бюджеттік жіктеме кодының (БЖК) сандық белгіленуін көрсету;

  • бағдарламалық-техникалық жасақтаманы өзгертпеу, декомпиляция жүргізбеу, көшірмелемеу және үшінші тарапқа бермеу;

  • осы Талаптарға сәйкес пайдаланылатын өзінің бағдарламалық-техникалық құралдарының өз қаражаты есебінен жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау;

  • шешуші тасымалдаушыны дұрыс өшіру;

  • Банкке Клиенттің ЭСҚ жабық кілтімен қол қойылған электрондық құжаттар беру;

  • Жүйеде пайдаланушыны тіркеу туралы Банкке берілген өтініштерде көрсетілген уәкілетті тұлғалардың өкілеттіктерін тоқтату/өзгерту туралы Банкті хабардар ету және олардың тіркеу куәліктерін дереу кері шақырып алу;

  • Жүйені Банк берген пайдалану туралы нұсқаулыққа толығымен сәйкес түрде пайдалану;

  • өзінің жабық кілті жоғалған, ашылған, бұрмаланған жағдайда немесе оны басқа тұлғалар пайдаланған жағдайда тіркеу куәлігін кері шақырып алу туралы өтінішпен тез арада Банкке жүгіну;

  • өзінің ЭСҚ жабық кілті туралы ақпараттың заңсыз таралуына жол бермеу;

  • өзінің ЭСҚ жабық кілтін құпия ұстау, оны жоғалтудың, оның ашылуының, бұрмалануының және рұқсатсыз пайдаланылуының алдын алуға мүмкіндігінше шаралардың барлығын алу;

  • ЭСҚ кілттерінің және тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі өтерден кем дегенде 30 (отыз) жұмыс күні бұрын Жүйе арқылы куәландыру орталығына ЭСҚ кілттерінің жаңа жинақталымын тіркеуге және оларға тіркеу куәлігін шығаруға электрондық сұрату жіберу.


3.5. Клиенттің құқықтары:


  • Жүйеде осы Талаптарды қамтитын Шартқа сәйкес қызмет алу;

  • Банк берген пайдалану туралы нұсқаулықта айтылған парольдің ұзындығы мен күрделілігіне қатысты талаптарға сәйкес Жүйеге кіріс парольді өзгертіп отыру;

  • Банкпен келісе отырып қосымша eToken Pass құрылғыларын және шешуші тасымалдаушыларды алу;

  • Клиент пайдаланған пароль жоғалған жағдайда Банкпен келісе отырып Жүйеге кіруге қажетті паролі бар ДСН-конверт алу;

  • Банктен осы Талаптарды қоса алғанда шартты тиісті түрде орындауды Банктен талап ету.


4-бап. eToken Pass құрылғыларын және шешуші тасымалдаушыны пайдалану
4.1. eToken Pass құрылғысы Жүйеге кіруге және/немесе Клиент пайдаланатын Жүйе модулінің түріне байланысты электрондық төлемдерді авторизациялауға арналған.

4.2. eToken Pass құрылғысы мен шешуші тасымалдаушыны Банк Клиенттің/Банктің уәкілетті қызметкеріне береді және Тараптар қабылдау-өткізу актісіне қол қойған сәттен бастап оны Банк Клиентке берді деп саналады.

4.3. Клиент eToken Pass құрылғысын немесе шешуші тасымалдаушыны жоғалтып алған жағдайда Банк Клиенттің өтінішіне сәйкес eToken Pass құрылғысын немесе шешуші тасымалдаушыны осы Талаптардың 4.2 тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес қайта береді және алмастырғаны үшін осы Талаптарға сәйкес және Банкте белгіленген тарифтермен белгіленген мөлшерде комиссиялық сыйақы алады.
5-бап. Банктің комиссиялық сыйақысы
5.1. Банк Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық сыйақыны Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған тәртіпте және мерзімде Шотты тікелей дебеттеу жолымен алуға құқылы.

Клиент Шарт бойынша Банк көрсететін қызметтер үшін комиссиялық сыйақы сомаларын, сондай-ақ оның Шарт бойынша Клиенттің нұсқауларын орындауға байланысты шеккен шығындарының барлығын Банктің Шотты тікелей дебеттеу жолымен алып алуына Банкке өзінің сөзсіз келісімін береді.

5.2. Банк Клиентпен алдын-ала келісімсіз біржақты тәртіппен тарифтерді белгілейді және тарифтерге өзгерістер енгізеді. Бұл ретте Банк олар күшіне енгізілгенге дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын Банк филиалдарының операциялық залдарында және Банктің веб-сайтында орналастыру жолымен тарифтердің енгізілгені және тарифтерге өзгерістер енгізілгені туралы Клиентті хабардар етеді.

5.3. Клиенттен комиссиялық сыйақыны алып алу мүмкін болмаған жағдайда Банк Шарт бойынша қызметтер көрсетуді уақытша тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы. Бұл туралы Банк Шарт бойынша қызметтер көрсету уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылғаннан бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Клиентті жазбаша түрде немесе электрондық тәсілмен хабарландырады. Клиент қызметтердің ақысын төлеген жағдайда Банк Клиентке қызмет көрсетуді бұл туралы Клиентті жазбаша түрде немесе электрондық тәсілмен хабарландыра отырып қайта жандандыруға құқылы.



6-бап. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Тараптар Шарттың талаптарына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік арқалайды.

6.2. Әрбір Тарап екінші Тараптың электрондық құжаттарды пайдалану нәтижесінде, оның ішінде егер осы құжаттар тиісті түрде рәсімделген және бір тарап жеткізген, ал екінші Тарап тексеріп, қабылдап алуы нәтижесінде алғашқысының кінәсіне байланысты емес себептермен шеккен шығындары үшін жауапкершілік арқаламайды.

6.3. Электрондық төлем құжаттарының негізінде операциялардың дер кезінде және дұрыс жүргізілгені үшін Банк Шартқа сәйкес жауапкершілік арқалайды.

6.4. Егер бұл Клиенттің абайсыздығынан, немқұрайдылығынан және/немесе қасақана әрекетінен болған жағдайда, кез-келген негіздеме бойынша Клиенттің АЖО-ына, ЭСҚ жабық кілтіне, eToken Pass құрылғысына, кіріс парольдары туралы ақпаратқа қолжетімділік алған үшінші тұлғалардың, қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, контрагенттердің/Клиент қызметкерлерінің кез-келген іс-әрекеттерінің салдарынан Клиенттің шеккен шығыны үшін Банк жауапкершілік арқаламайды.

6.5. Клиент кілттерді дайындау туралы өтініште көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерінің көлемі өзгергені немесе тоқтатылғаны туралы Банкті дер кезінде хабардар етпеген/хабардар етпеген жағдайда, Клиенттің электрондық құжаттарының орындалғаны /орындалмағаны /орындалуының дұрыстығы үшін Банк жауапкершілік арқаламайды.

6.6. Клиенттің уәкілетті тұлғасының кіріс парольдарды, логиндарды, беру себебіне байланыссыз шешуші тасымалдаушыларды үшінші тұлғаларға беруі салдарынан пайда болған шығыстарды, оның ішінде нақты шығынды, уыстан шығарып алған пайданы өтеп беру мәселесін Клиент пен Клиенттің уәкілетті тұлғасы Банктің қатысуынсыз өзара шешеді.



7-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
7.1. Клиент қауіпсіздік рәсімдеріне және Жүйенің қауіпсіздігіне қатысты Банктің беруі мүмкін басқа да кез-келген саналы нұсқауларына бағынуға келіседі.

7.2 Клиент Жүйені, шешуші тасымалдаушыларды, eToken Pass құрылғысын орнату, ұстау, қолжетімділіктің және пайдаланудың қауіпсіздігін ұйымдастыруға тұрақты бақылау, сондай-ақ оның компьютерлік және коммуникациялық жүйелерінде сақталатын ақпараттың, оның ішінде атап айтсақ, Жүйеге кіру үшін қажетті парольдерді бақылау үшін жауапкершілікті Клиент толығымен өз мойнына алады.

7.3. Клиент Жүйеге кез-келген рұқсатсыз қолжетімділік туралы немесе өзі білетін немесе сезік тудырған рұқсатсыз операция туралы дереу Банкті хабардар етуге міндеттенеді.

7.4. Клиент қауіпсіздік жөніндегі нұсқаумен танысқанын және оны орындайтындығын растайды.

7.5. Клиент осы бапқа сәйкес өз міндеттемелерін Клиенттің орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны салдарынан Банктің душар болуы мүмкін кез-келген арыз-шағымдар мен сот талқылауларынан қорғауға, Банк ұшыраған кез-келген түрдегі шығыстарды, шығындарды және залал-зардаптарды өтеп беруге келіседі.
8-бап. ЭСҚ пайдалануға байланысты дауларды шешу тәртібі
8.1. Тараптар арасында ЭСҚ пайдалануға байланысты туындаған дауларды әрбір нақты даулы жағдайды шешу үшін құрылған сарапшылық-техникалық комиссия шешеді.

8.2. Клиент Банк оның негізінде Шот бойынша операцияны орындаған электрондық құжатты көрсете отырып, тағылған кәнараттың мәні баяндалатын өтінішті Банкке береді. Банк Клиенттің өтінішін алғаннан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде өтінішті қарайтын сарапшылық-техникалық комиссияны жасақтауға міндетті. Комиссия құрамына Клиенттің, Банктің, куәландыру орталығының өкілдері және, қажетті жағдайда, – Жүйені құрастырушы-фирманың өкілі, тәуелсіз сарапшылар кіреді. Сарапшылық-техникалық комиссия Клиенттің өтінішін оның құрамында Клиенттің, Банктің және куәландыру орталығының бір-бір өкілі болған жағдайда қарауға уәкілетті.

8.3. Сарапшылық-техникалық комиссия Клиенттің өтінішін Клиенттің ЭСҚ ашық кілтіне және даулы электрондық құжатқа техникалық сараптама жүргізу жолымен мынадай кезеңдермен қарастыруды жүзеге асырады:


  • операцияның жүргізілген уақыты анықталады;

  • бақылау сомасын есептеу және оны эталондық сомамен салыстыру жолымен екі Тараптың да Жүйесінің бағдарламалық жасақтамасының тұтастығы тексеріледі;

  • ЭСҚ жабық кілтінің Клиентке тиесілі екендігі тексеріледі;

  • тиісті ЭСҚ жабық кілтіне сәйкес тіркеу куәлігінің мәртебесі мен құжатты рәсімдеген сәттегі оның әрекет ету мерзімі тексеріледі;

  • шешуші тасымалдаушының жұмыс қабілетін тексеру үшін ұсынылған шешуші тасымалдаушыны пайдалана отырып бір теңге сомасына тестілік операция жүргізіледі. Мәліметтер базасынан ол бойынша ЭСҚ тексерілген тестілік операция бойынша мәліметтер алынады;

  • Жүйенің мәліметтер базасының мұрағатынан мәліметтер мен электрондық құжаттың ЭСҚ алынады және Клиенттің ЭСҚ шынайылығы тексеріледі.

Техникалық сараптама мәліметтерінің негізінде акт жасалады, оған сарапшылық-техникалық комиссияның бүкіл құрамы қол қояды.

8.4. Тараптар сарапшылық-техникалық комиссияның шешімін қабылдаған жағдайда ол келесі жұмыс күнінен кешіктірмей орындалуға тиіс.

8.5. Сарапшылық-техникалық комиссияның шешімін орындаудан бас тартылған жағдайда Тараптар олардың арасында туындаған дауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органдарының қарауына ұсынады.
9-бап. Форс-мажор

9.1. Егер қайсыбір Тарап төменде сипатталған форс-мажор жағдайының міндеттемелерін орындауға кедергі келтірсе немесе кешіктірсе, онда Тараптың міндеттемелерін орындауы форс-мажор жағдайлары созылатын уақытқа парапар уақытқа және олар Тараптың міндеттемелерін орындауға кедергі келтірген немесе кешіктірген дәрежеде уақытша тоқтатылады. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде, Шартқа сәйкес өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігінен айрылған Тарап бұл туралы форс-мажор жағдайы туындағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша түрде хабарландыруға және екінші Тарапқа қатысты шығындарды немесе залал-зарлаптарды төмендету үшін және Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетін қайта жандандыру үшін қолдан келетін барлық іс-шараларды қолдануға тиіс. Хабарландырмау немесе дер кезінде хабарландырмау Тарапты кез-келген еңсерілмес дүлей күш жағдайына, егер мұндай хабарландырмау немесе дер кезінде хабарландырмау тиісті Форс-мажор жағдайынан тікелей туындағаннан басқа оқиғаларда, Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау үшін жауапкершіліктен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.


9.2. Форс-мажор кез-келген еңсерілмес дүлей күштер жағдайын қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей, өрттер (Тараптардың қылмыстық ұқыпсыздығынан немесе немқұрайдылығынан болғандарын қоспағанда), су тасқындары, жер сілкіністері, соғыстар (жарияланған және жарияланбаған), жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер мен азаматтық соғыстарын білдіреді.


10-бап. Талаптардың әрекет ету мерзімі
Бұл талаптар Шарт әрекет ететін мерзім бойына әрекет етеді.
11-бап. Қорытынды ережелер
11.1. Клиент Банктің алдын-ала келісімінсіз Шартқа байланысты кез-келген құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге немесе аударуға құқысыз. Осы бапты бұза отырып мұндай беру немесе аударуға жасалған кез-келген талпыныстардың заңдық күші және зардаптары жоқ.

Шарттың ажырамас бөлігі ретінде осы Талаптар Тараптар үшін, олардың құқықтық мирасқорлары үшін (заңды тұлға – Клиенттің бөліну және бөлініп шығу жолымен қайта құрылуы нәтижесінде бірнеше заңды тұлғаның пайда болуы немесе заңды тұлғадан бір немесе бірнеше заңды тұлға бөлініп шығуы оқиғаларын қоса алғанда) және уәкілетті тұлғалары үшін міндетті болып табылады.

11.2. Шарттың ажырамас бөлігі ретінде осы Талаптар Тараптардың өзара толық түсіністігі болып табылады және Клиент Шотын ашу, жүргізу және жабуға қатысты олардың арасында бұған дейін жасалған барлық жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтарды алмастырады.

11.3. Банк Шартқа, Талаптарға және тарифтерге өзгерістер енгізу құқығын сақтап қалады. Банк олар күшіне енгізілгенге дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын Клиентті мұндай өзгерістер туралы (оларды енгізу тәртібі Талаптардың басқа нормаларымен реттелетін тарифтердегі, Жүйені пайдаланған кезде жүргізілетін операциялардың тізбесіндегі өзгерістерді қоспағанда) хабардар етуге міндетті. Хабардар ету Клиентке жазбаша хабарлама жіберу арқылы (Клиенттен мұндай хабарламаны алғанын дәлелдеу талап етілмейді) жүзеге асырылады. Мұндай хабарламаны алғаннан кейін және егер Клиент мұндай өзгерістермен келіспеген жағдайда, Клиентке бұл туралы Банкті өзгерістер күшіне енгізілетін күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуі қажет және Клиент осы талаптарда тікелей айтылғаннан басқа жағдайларда Шарттан (Шарттың 5.3 тармағының 5.3.3 тармақшасы) айыппұл санкцияларынсыз бас тартуға құқылы. Клиент Шартқа, осы Талаптарға енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратты алмауға байланысты болуы мүмкін тәуекелдердің барлығын және жауапкершілікті өз мойнына алады. Шартқа және /немесе Талаптарға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін, егер Клиент Шарттан бас тартпаған жағдайда, Шарт пен Талаптар өзгертілген түрде әрекет етуін жалғастырады.

Банк осы тармаққа сәйкес жіберген жазбаша хабарламаны, төмендегідей жағдайларда Клиент алды деп саналады:

- қолма-қол (курьермен) жіберілген жағдайда – тиісті белгімен алынған күні;

- тапсырысты хатпен жіберілген жағдайда – жіберілгеннен кейін төртінші күнтізбелік күні (жіберген кезде почта ұйымы берген құжаттың күні бойынша);

- электрондық почтамен жіберілген жағдайда – жіберілген күні;

- Жүйе арқылы жіберілген жағдайда – жіберілген күні.

Клиент осы тармаққа сәйкес жіберген жазбаша хабарламаны, төмендегідей жағдайларда Банк алды деп саналады:

- қолма-қол (курьермен) жіберілген жағдайда – тиісті белгімен алынған күні;

- тапсырысты хатпен жіберілген жағдайда – жіберілгеннен кейін төртінші күнтізбелік күні (жіберген кезде почта ұйымы берген құжаттың күні бойынша);

- Жүйе арқылы жіберілген жағдайда – жіберілген күні.

11.4. Банктің Клиент пен үшінші тұлғалар арасындағы сот талқылауларына тартылуына байланысты шеккен кез-келген шығындары, сондай-ақ Банктің Клиентпен арадағы қарым-қатынасының салдарынан Банктің шегуі ықтимал және тарифтермен реттелмейтін кез-келген шығындар Клиенттің шотына жатқызылады. Банк шығындардың сомасын көрсете отырып Клиентке төленетін шотты ұсынады. Клиент бұл шотты ала салысымен дереу оны төлеуге міндетті.

11.5. Осы Талаптарға /Шартқа қатысы бар барлық құжаттар Банк пен Клиент арасында келісілген мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде құрастырылуғап тиіс. Егер Тараптар құжаттарды екі тілде жасауға келісетін болса, онда мұндай құжаттардың мазмұнына қатысты келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар __________________ тілінде жасалған тиісті құжаттың мәтінін басшылыққа алады.
12-бап. Тараптардың орналасқан жерлері, банктік деректемелері және қолдары4


Банк

Клиент

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

_______________________________________



БСК: HSBKKZKХ

СТН: 6002000481295

БСН: 940140000385

______________________ филиал,

________________қ., _________ көшесі ,

тел.: ___________________,

факс: ________


Заңды мекен-жайы:_________________________

тел/факс___________________________________

СТН: ____________________________________

БСН (ЖСН): ______________________________

ЖСК № ________________ ________________-де

___________________________________________




Банктен

________________________________

Қолы

м.о.


Клиенттен

____________________________________

Қолы

м.о.



«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінде

банктік қызмет көрсету Талаптарына

1-Қосымша
КЛИЕНТТІҢ АЖО ОРНАТУҒА ӨТІНІШ

Осы арқылы Шартқа Талаптардың 2.1 тармағында көрсетілген бағдарламалық-техникалық құралдардың бар екендігін растаймын және «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі клиенттің АЖО орнатуды сұраймын, модуль:

Интернет-Клиент

мына шоттарға қашықтықтан қол жеткізу үшін ________________________________________________________________:



(ұйымның атауы)

  • ағымдағы шоттар (шоттың нөмірі, валюта): __________________________________________________________________________

  • жинақ шоттар (шоттың нөмірі, валюта): __________________________________________________________________________

Қосымша мәліметтер:


Позиция

Белгі

Ескерту

  1. Орнатудың нақты мекен-жайы







  1. Анықтама үшін телефондар







  1. Байланысқа шығатын тұлғаның Т.А.Ә.







  1. Клиенттің АЖО орнатуға қажетті компьютерлердің саны*




Белгілеу: тораптық немесе әр ДК-ге өз ЭСҚ орнату

  1. Компьютерде USB-портының болуы




USB-портына шешуші тасымалдаушы қосылады

  1. Модемның бар болуы




Өндіруші, үлгіні маркалау және ұстанатын жылдамдығы

  1. Белгіленген линияның бар болуы




Провайдер, арнаның ширина канала

  1. Интернетке басқаша қол жеткізу




Провайдер, бірігу жылдамдығы

  1. Шлюздар мен прокси-серверлердің бар болуы




Бар болса – атауын көрсету

10. Басқа Банк-Клиенттердің бар болуы







11. Электрондық құжаттың астындағы ЭСҚ саны

___________________

 Қосарлас

 Тізбектік


1 бастап 2 қолға дейін мүмкін.
Екі ЭСҚ болған жағдайда – қолдардың түрін таңдау

12. Санкциялау опциясының қажеттілігі




Санкциялауды соманың мөлшері бойынша немесе Банк-Клиент үшін операцияның түрі бойынша баптау мүмкіндігі бар.
Бұл мақсаттар үшін Интернет-Клиентте екінші қол пайдаланылады.

13. Бухгалтерлік бағдарламаның бар болуы




Бағдарламаның атауын көрсету

* - бірнеше компьютерлердің жағдайында Клиент әр жұмыс станциясы үшін 2.3. тармағының орындалғандығын растайды
Қосу тәртібі маған түсіндірілді. Орнату кезінде техникалық маманның болу, сондай-ақ актілерге мөр мен бірінші басшының қойылған қолдарының қажеттігі туралы маған айтылды. Банк инженері бухгалтерлік жүйені баптау бойынша тек ұсыныстар беретіні, соған байланысты бухгалтерлік жүйе бойынша маманның болуы қажет екендігі маған хабарланды.

Т.А.Ә. ________________________________________________________

Лауазымы ____________________________________________________

Қолы _______________________

М.О.

Күні: ____/____________/________ Уақыты: __________/_____________




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет