Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Атырау облысы прокуратурасының жанындағы Қоғамдық Кеңес отырысының хаттамасы



жүктеу 27.14 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі27.14 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Атырау облысы

прокуратурасының жанындағы Қоғамдық Кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ
Атырау қаласы №1 23 сәуір 2014 жыл
Төрағалық етті Кеңес төрағасы Ә.Беккужиева

Қатысқандар Кеңес мүшелері М.Қаражигитова, С.Шалабаев,

Ө.Әлімгереев, Г.Байкенова, Ә.Құмғанбаева, А.Шеркеш-

баев, А.Жакиев, Р.Әйтенова, В.Клименко, М.Хакимов,

облыс прокуратурасының қызметкерлері,

уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары (тізім)

Бұқаралық ақпарат құралдары (тізім)


Күн тәртібі:
1. Азаматтық, әкімшілік сот өндірісі мен атқару өндірісіне қатысушы тұлғалардың конституциялық құқықтарының сақталуына қадағалау жұмысының жағдайы туралы.

(Ә.Беккужиева, Б.Қалиев, Р.Әйтенова, Ә.Құмғанбаева, В.Клименко).


Қаралған мәселе бойынша ақпаратты тыңдап және талқылап, Қоғамдық Кеңес

ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыс прокуратурасының ақпаратын назарға алуды.

2. Атырау облысының прокуратурасына ұсынуды:

облыстық жасы кәмелетке толмағандарға қатысты істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесіне ювеналдық әділеттің көкейтесті және проблемалық мәселелері бойынша нақты ұсыныстар енгізу арқылы талдау жүргізуді;

мемлекеттік сатып алумен байланысты даулар туралы азаматтық істер бойынша заңсыз сот актілерін заңға сәйкестендіру және лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың тарапынан орын алған заң бұзушылық фактілері бойынша шара қолдану бағытындағы жұмысты жалғастыруды;

көп тараған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында «нөлдік шыдамдылықты» насихаттау және халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалануды;

«Бірыңғай борышкерлердің тізілімі» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қол қойылған бірлескен бұйрықтардың мемлекеттік органдармен орындалуын тиісті үйлестіруді ұйымдастыруды;

мемлекет пайдасына қаражат өндіру туралы атқару құжаттарын орындау бойынша жұмысты жандандыру мақсатында әкімшілік полиция, салық және атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлерін тарту арқылы шараларды (акция, рейд) өткізу тәжірибесін белсенді қолдануды;

2013 жылы және 2014 жылдың 1 тоқсанында облыс соттарымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның талап арыздары бойынша қаралған азаматтық істер бойынша сот тәжірибесі мен прокурорлық қадағалау жағдайына талдау жасауды.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды облыс прокуратурасының Аппаратына жүктеуді.
2. «Айқын» инновациялық жобаның Атырау облысында іске асырылу барысы туралы.

(Ә.Беккужиева, Ж.Семғалиев, Р.Әйтенова, М.Қаражігітова, Ә.Құмғанбаева, В.Клименко, А.Жакиев, Ж.Искендирова)


Қаралған мәселе бойынша ақпаратты тыңдап және талқылап, Қоғамдық Кеңес

ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атырау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы бастығының орынбасары Ж.Семғалиевтың баяндамасын назарға алуды.

2. Атырау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасына:

«Айқын» инновациялық жобаны насихаттау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану және халықпен кездесулер өткізу арқылы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді;

азаматтардың арыз-шағымдарының қаралу мерзімін бұзу фактілерін болдырмау үшін үнемі мониторинг жүргізуді.



3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды облыстық ҚСжАЕ басқармасының басшылығына жүктеуді.


Кеңес төрағасы Ә.Беккужиева



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет