Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы 9 айдағы қорытындысы туралы анықтама



жүктеу 88.96 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі88.96 Kb.
Зайсан ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы 9 айдағы

қорытындысы туралы анықтама.
Өнеркәсіп

2008 жылдың 9 айында Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен алғанда 544,905 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 158,1 пайызға артты. Тау кен өндірісінде ЖШС «Сайхан» мекемесі – 59,8 млн. теңгенің көмірін өндіріп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен өсімі 186,5 пайызға жетті. ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты 382,8 млн. теңгенің балық өнімдерін өндіріп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 191,8 пайызға көбейді. Электр энергиясын өндіру және таратуда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі 31,2 млн. теңгені құрап, 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 101,4 пайызға артты.





Бюджет

Аудан бюджетінің барлық (өз кірісі, трансферттер мен субвенция) кірісінің жоспары 2008 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 1196,62 млн.теңгені құрап, нақты 1205,499 млн. теңге түсіп, 100,7 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 251,009 млн. теңгеге бекітіліп, нақты 259,652 млн. теңге түсіп, жоспар 103,4 пайызға артты.


Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2008 жылдың 9 айында 1836,8 млн. теңге болып, 2007 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,2 пайызға артты. Аудан көлемінде 877,3 млн.теңгенің 4964,8 тонна еті, 844,6 млн.теңгенің 27258,7 тонна сүті, 22,9 млн.теңгенің 2254 тонна жұмыртқасы, 21,3 млн.теңгенің 215,6 тонна жүні өндірілді. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ет 12,4 пайызға, сүт 2,3 пайызға , жұмыртқа 5,1 пайызға , жүн 11,5 пайызға артық өндірілді.

Осы жылдың 9 айында ірі қара саны 68774 басқа жетіп, 2007 жылдың осы мерзімінен 2120 басқа, немесе 3,2 пайызға өсті. Қой мен ешкі саны 172635 бас болып, өткен мерзімнен 6138 басқа кеміді. Жылқы 11673 бас, өткен уақытпен салыстырғанда 1378 басқа артты, немесе 13,74 пайызға, құстар саны 40187 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 2995 басқа немесе 8,1 пайызға артты.

2006-10 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасына сәйкес аудан көлемінде дәнді дақыл, картоп, көкөніс, бақша дақылдарына және жерді тыңайтатын бұршақ (соя), көпжылдық шөп дақылдарын егіге көңіл бөлініп отыр. 2008 жылы соя дақылы 617 гектар жерге егілді. Аудан бойынша 3114 га дәнді астық егіліп, әрбір гектарынан 11,6 центнерден, көкөністен 108 центнерден, картоптан 85,7 центнерден, бақша өнімдерінен 103 центнерден өнім алынды. Биылғы жылы 3183 тонна астық, 400 тонна күнбағыс, 85 тонна соя, 7180 тонна көкөніс, 12300 тонна картоп, 3125 тонна бақша өнімдері алынды. 110 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды.

2008 жылы әртүрлі ат күші бар 79 трактор, 2 комбайн ҚХР-нан және 1 МТЗ-82 тракторы ұзақ мерзімді лизинг бойынша «КазАгроФинанс» АҚ арқылы алынды. Лизинг бағдарламасы бойынша 2,3 млн.теңге, көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын өткізуге берілген дизель отынына субсидия 27,3 млн.теңге, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізіп беру бойынша қызмет көрсетудің құнына 2,2 млн.теңге, сиыр етін өндіруге 3,2 млн.теңгенің субсидиясы берілді. Малдар мен құстардың ауруларын диагностикалық тексеруге, аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошағын жоюға, эпизоотияға қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға 32 млн.теңге, өсімдік шаруашылығындағы фитосанитарлық шаралар бойынша 5000 га жемір шегірткеге қарсы алқап өңделді.Өсімдік арамшөптері мен аурулары, карантиндік зиянкестер ошақтарының пайда болу, таралу және жою шаралары 2000 га алқапта жүргізілді. Зиянды және аса қауіпті организмдердің таралмауына және дамуына мониторинг жүргізу шараларына 2,25 млн.теңге қаражат жұмсалды.



Шағын кәсіпкерлік

2008 жылдың 1 қазанына аудан бойынша 1782 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Ауданда 25 шағын кәсіпорындар жұмыс істеп, бюджетке 6428,1 мың теңге салық түсті. Патентік жүйемен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 2007 жылдың 9 айында 351 болса, 2008жылдың 9 айында 385-ке өсіп бюджетке 8638,1 мың теңге салықтүсті, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Ықшамдалған декларациямен жұмыс атқаратын 241 кәсіпкер тіркеліп, оның 188-і тұрақты жұмыс атқарып, осы есепті мерзімде 15342,9 мың теңгенің салығы түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 пайызға артық. Жалпы түрде жұмыс атқаратын жеке тұлғалар саны 42, олардан 2008 жылдың 9 айында 6547 мың теңге салық түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Аудан базарларында 44451 талон беріліп, 5211,6 мың теңгенің салығы түсті. Шаруа қожалықтарының саны 2008 жылдың 1 қазанына 1048, олардан бюджетке 35341,6 мың теңге салық түсті.

2008 жылдың 9 айында барлық шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 78328 мың теңге (2007 жылдың 9 айында 59632 мың теңге) түсті, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 31 пайызға артық.


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Жұмыспен қамту бөліміне 2008 жылдың 9 айында 493 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, оның 220 ауылдық жерден. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 59 жұмыссызға азайды.

2008 жылдың 9 айында 289 адам жұмысқа орналастырылған, бұл 2007 жылдың осы мерзімінен 33 адамға азайды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2008 жылға 9000 мың теңге бөлініп, 9 айда 6589,9 мың теңгесі игеріліп, аудан бойынша 366 адам тартылды. Жұмысқа тартылғандардың саны 2007 жылғы сәйкес мерзімінен 82 адамға азайды.

«Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау» бағдарламасына бюджеттен 2008 жылы 591 мың теңге бекітіліп, 531 мың теңгесі игерілді. Оқуға 28 адам жіберілген, өткен жылдан 5 адамға көбейді.

Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға биылғы жылы 411 мың теңге бөлініп, толық игерілді. «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 16-24 жас аралығындағы жоғары және арнайы оқу орнын бітіріп келген 8 жас маман жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2008 жылға 17600 мың теңге бөлініп, 9 айда 317 отбасының 971 мүшесіне 13811 мың теңге тағайындалып төленді.

Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақысына бюджеттен 2008 жылға 42500 мың теңге қаралып, 9 айында 1486 отбасының 3637 баласына 32166,2 мың теңге төленді.

Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және оның коммуналдық қызметін төлеу үшін, аудан бюджетінен тұрғын үй көмегіне 2008 жылы 1404 мың теңге бекітіліп, 9 айында 86 отбасы 1004 мың теңге алды.

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын 41 мүгедек балаларға 2046 мың теңге материалдық көмек берілді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілген 130 адамға 9 айда 6215 мың теңге коммуналдық шығындарын төлеу үшін материалдық көмек берілді;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» мен марапатталған, «Батыр ана», 1,2 дәрежелі «Материнская слава» ордендерімен марапатталған, көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмекке 10180 мың теңге қаралып, 1018 анаға төленді;

аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды жоғары оқу орындарында оқудың құны, степендия, жатаханада тұру қаржысын төлеу үшін 527 мың теңге игерілді.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес 2008 жылдың 3224 мың теңге бөлініп, 9 айда 1612 мың теңге игерілді. Дәрігерлік тексеруден өткен 582 мүгедекке жеке оңалту бағдарламасы берілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген 5784 мың теңгеге гигиеналық құралдар сатып алынып, 46 мүгедекке таратылып берілді, оның ішінде 28-і балалар. 18 адамға кресло-арба, 12 балдақ, 52 таяқ, 30 сағат, 1 телефакс, 5 тифлоплеер, 1 диктафонтабыс етілді. Облыстық протез орталығынан 14 мүгедекке кеуде, аяқ, қол протездерін, 16 есту аппараттары берілді.Мүгедектер мен ардагерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында «Уба» санаторийіне 102 жолдама, оның ішінде 24-і мүгедектер, «Қарғалы» пансионатына 17 жолдама, оның ішінде 8-і мүгедектер, « Мойылды» санаторийіне 6 жолдама беріліп, мүгедектер емделіп қайтты.


Білім саласы

2007-2008 оқу жылын аудан мектептері 50,5 пайыз сапамен аяқтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 590 оқушының 71,2 орташа балл көрсетіп, облыста 3-ші орынды иеленді. Аудан мектебін бітірген түлект ердің ұлттық бірыңғай тестілеуге 46-ы 100-ден жоғары балл, 67-і 50- ге дейінгі балл алды. 10 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері болса, 2 мектеп бітіруші «Үздік аттестатты» иеленіп отыр.

Ауданда М.Әуезов атындағы орта мектеп түлегі 125 балл жинап, республикадағы 2 баланың бірі болды.

9-11 сыныптар арасында аудандық пән олимпиадасына 24 мектеп қатысып, 12 оқушының жұмыстары облысқа жіберіліп, оның 8-і жүлделі орынға ие болды.

Білім саласы бойынша 9 айға бөлінген 679272 мың теңгенің 675031 мың теңгесі немесе 99,4 пайызы игерілді. Жыл басынан күрделі жөндеу жұмыстарына :

Сартерек орта мектебінің жылу жүйесіне 2308 мың теңге (ЖК Әміренов), Әуезов орта мектебінің төбесін жөндеуге 2890 мың теңге (ЖШС Естол), осы мектептердің жобалық сметалық құжаттарына 151 мың теңге, №1 бала бақшаның жылу қазандығы мен жылу жүйесіне жоба құжаттарымен (жобалаушы Е&К ЖШС) қоса 10000 мың теңге бөлініп (ЖШС Жеменей), жұмыс орындалды.

Есепті мерзім ішінде Айнабұлақ мектебіне 4230 мың теңгеге физика кабинеті (сатушы Экспресс тайм ЖШС), Қаратал, Сартерек мектептеріне 6536 мың теңгеге химия кабинеті (сатушы ЖШС Экспресс және МакстЭр), Абай мектебіне 3706 мың теңгеге биология кабинеті (сатушы Макстэр ЖШС), Қаратал мектебіне 200 мың теңге дәрігерлік (сатушы-Аптека-45 ЖШС), Амангельды мектебіне 5007 мың теңге лингофонды мультимедиялық кабинеттер (сатушы Макстэр ЖШС) толығымен алынып, қаржысы 100 пайызға игерілді.

Білім мекемелерін оқулықпен қамтамасыздандыру мақсатында 14642 мың теңге бөлініп, 7 баспаханамен: Алматы кітап, Армен ПВ, технокон, Атамұра, келісім шарт жасалды. Есепті мерзімде орындалуы 12958 мың теңге.

Екі балабақшаға құрал-жабдықтар алуға 3294 мың теңге, мектеп интернатқа электрплита алуға 320 мың теңге, Тасбастау мектебіне компьютер алуға 614 мың теңге, Ломоносов, Қаратал мектептерінің жылу қазандығына электронасос алуға 212 мың теңге қаралап, толығымен орындалды. Қазақстан мектебінің жылу қазандығы мен жылу жүйесіне 3636 мың теңгенің қаржысына жұмыс жүргізілді.

Білім саласын ақпараттандыруға 100 мың теңге, трафикке 1875 мың теңге қаралып толығымен орындалды.


Сәулет және қала құрылысы, құрылыс

2008 жылдың 9 айында жалпы ауданы 3127 шаршы метр 36 тұрғын үй салынды. Қарабұлақ ауылындағы «Балық Продукт Восток» мекемесінің 16 орынды жатаханасы қабылданды.

Аудан бойынша 4 дүкен салынып, 1 дүкенге реконструкция жүргізілді. Сонымен қатар, кондитерлік цех, май сығатын цех, мешіт, жатахана, тіс протезін салатын кабинет, дәмхана құрылысы аяқталды. Аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеуі аяқталды. 2008 жылы Зайсан қаласының бас жоспарын жасауға аудандық бюджеттен 6,0 млн. теңге бөлініп, 27 ақпанда тендер өтіп, жеңімпазы жобалау фирмасы «ГРАДО» ЖШС болып танылды. 9 айда 4050 мың теңге игерілді.

Жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік жүйе және коммуникация құрылысының жобалық-сметалық құжат жасауға 7000 теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінген, игерілгені- 2010 мың теңге.

Спамбетов көшесіндегі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысына 38,86 млн.теңге(игерілгені 38658,1 мың теңге) және орталық «Сайқан» стадионға реконструкциясына 25,0 млн.теңге бөлінген, игерілгені 24,6 млн. теңге.

Аудандық бюджеттен қатты қалдықтар полигонының құрылысының жобалық сметалық құжатына 4900 мың теңге, 60 пәтерлі үйдің жобалық-сметалық құжатына 5825 мың теңге, ипотекалық үйдің жобалық-сметалық құжатына 485 мың теңге ипотекалық үйдің инженерлік желілері құрылысының жобалық-сметалық құжатына 900 мың теңге, Жеменей көпірі құрылысының жобалық-сметалық құжатына 2400 мың теңге, орталық стадионның реконструкциясының жобалық-сметалық құжатына 1266 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Зайсан қаласының мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 2008 жылға 40,0 млн.теңге және Кеңсай, Шілікті мәдениет клубтарының жобалық сметалық құжатын дайындауға бөлінген 2,1 млн.теңге қаражат қаралып, толығымен игерілді

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

Зайсан ауданының жолдарын жөндеуге 2008 жылға барлығы 40,26 млн.теңге бөлініп, 9 айда 30,189 млн. теңгесі игерілді. Оның ішінде:

Орташа жөндеу жұмысына 26,47 млн. теңге қаралып, Зайсан қаласының (1,70 км) жолына 10,0 млн. теңге, Біржан ауылына кіреберіс (1 км) жолына – 6,0 млн. теңге, Сартерек ауылына кіреберіс (1 км) – 6,0 млн. теңге, Кеңсайға кіреберіс (0,74 км) жолына – 4,47 млн. теңге.

Ағымдағы жөндеу жұмысына 9,745 млн. теңге қаржы қаралған, оның ішінде Омск-Майқапшағай-Жамбыл (2 км) 400 мың теңге, Дайыр – Көкжыра (7 км) 1400 мың теңге, Біржан-Ақарал (4,225 км) жолына 845 мың теңге, Омск-Майқапшағай-Жанабаз (5 км) жолына 1,0 млн.теңге, Қарабұлақ ауылына кіреберіс (2 км) жолына 400 мың теңге, Кеңсай-Шілікті (23 км) жолына 4,6 млн. теңге, Зайсан-Шүршітсу (5,5 км) жолына 1,1 млн.теңге.

Сумен жабдықтау желілерінің жұмыстарына үлкен назар аударылуда. 2008 жылы «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы негізінде су құбырларын күрделі жөндеуге 74,130 млн. теңге қаржы қаралып, оның ішінде «Сауыр» мөлтек ауданына – 27,2 млн. теңге, игерілуі 23,6 млн. теңге, Кеңсай ауылдық округіне – 21,3 млн. теңге, игерілуі 17,3 млн.теңге, Біржан ауылдық округіне – 25,5 млн. теңге, игерілуі 25,4 млн. теңге және жобалық сметалық құжатын дайындауға Айнабұлақ, Дайыр округтеріне 375 мың теңге (игерілуі 146 мың теңге), Кеңсай мен Біржан округтеріне 781 мың теңге бөлінді.

Қоғамдық тәртіп

2008 жылы негізгі бағыттар қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті күшейту бойынша ішкі істер органдарының қызметі елеулі түрде жандандырылды. 2008 жылдың 9 айы көлемінде ауданда «Құқық тәртібі, Мал ұрлығы, Қару, Мак, Допинг, Іздеу, Қадағалау, Жасөспірім, Көше» 47 жалпы Республикалық операциялары және оперативтік іздестіру шаралары жүзеге асырылды. Қылмыстың алдын алу, жолын кесу бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыр қылмыстар 17-ден 11-ге немесе 35,3 пайызға, зорлау 5-тен 0-ге, тонау 3-тен 1-ге немесе 66,7, қарақшылық 1-ден 0-ге немесе 100 пайызға кеміді. Ағымдағы жылдың 9 ай көлемінде тіркелінген қылмыстардың ашылуы 87,2 пайыз болса, 2007 жылдың осы мерзімінде 81,4 пайыз болып, қылмыстардың ашылу проценті өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,8 пайызға артты.



Аудан аумағында 2008 жылдың 9 айында тіркелген барлық қылмыстардың саны 123, бұл 2007 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,9 пайызға артып отыр.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет