«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Үздік педагог»



жүктеу 49.78 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі49.78 Kb.
: arhiv -> uslugi
uslugi -> «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
uslugi -> Регламенті Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»
uslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі
uslugi -> «Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті
uslugi -> Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
uslugi -> Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
uslugi -> «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
uslugi -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
uslugi -> «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
uslugi -> «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 15 маусымдағы

№ А-6/277 қаулысымен

бекітілді

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Ақмола облысының білім басқармасымен, аудандық, Көкшетау және Степногорск қалалық білім бөлімдерімен көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі беру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш сомасында сыйақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету

тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:

1) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кеңсесі жыл сайын 1 сәуірге дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.

Конкурстың бірінші кезеңі жыл сайын сәуірде өткізіледі. Аудандық, қалалық комиссия конкурс жеңімпаздарын анықтайды және екінші (облыстық) кезеңге қатысу үшін ұсынымдама береді;

2) Ақмола облысы білім басқармасының кеңсесі жыл сайын 1 мамырға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.

Конкурстың екінші кезеңі жыл сайын мамырда өткізіледі. Облыстық комиссия конкурс жеңімпаздарын анықтайды және үшінші (республикалық) кезеңге қатысу үшін ұсынымдама береді;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі 30 тамызға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі беру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш сомасында сыйақы төлеу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара

әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кеңсесі;



  1. Ақмола облысы білім басқармасының кеңсесі;

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі.

7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:

1) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кеңсесі жыл сайын 1 сәуірге дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

2) Ақмола облысының білім басқармасының кеңсесі жыл сайын 1 мамырға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі 30 тамызға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына

қатысу үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

регламентіне қосымша

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Мемлекеттік қызмет көсретудің процесі (жұмыс барысы, ағыны)

Көрсетілген қызметті алушы

ҚФБ 1- тобы

ҚФБ 2- тобы

ҚФБ 3-тобы










Ақмола облысы білім басқармасының кеңсесі жыл сайын 1 мамырға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі 30 тамызға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут.




*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің);


- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берудің басталуы немесе аяқталуы;


-

көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ рәсімінің (әрекетінің) атауы;


- келесі рәсімге (әрекетке) ауысу.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет