Здоровое поколение- будущее нашей страны



жүктеу 52.12 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі52.12 Kb.
: files -> sites -> 1383501182886002 -> files -> FILES -> Uchitelskaya
sites -> Шалгымбаева Самал Тойшанқызы Астана қаласы №58 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
sites -> Музыка 2 вариант
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
Uchitelskaya -> Дені саудың –жаны сау г. Ж. Тусекова Қазақстан Республикасы,Астана қаласы №13 орта мектеп Түйін
ЕЛ БОЛАШАҒЫ-ДЕНІ САУ ҰРПАҚ
Жақсылықова Ш.Т.

Қазақстан Республикасы,Астана қаласы №13 орта мектеп



Түйіндеме

Іс-тәжиребеде гүлденген еліміздің келешек жас ұрпақ денсаулығын нығайту мүмкіндіктерін алдыға қоя білу, өмірдегі басты қағида болып отыр.



Аннотация

ЗДОРОВОЕ ПОКОЛЕНИЕ- БУДУЩЕЕ НАШЕЙ СТРАНЫ

Данный опыт подтверждает, в процветающей стране чтобы укрепить здоровье будущего поколения нужно ставить перед собой все возможности, и это является главным стимулом жизни.

Дені сау азаматтар-мемлекеттің

ең бағалы капиталы.

(В.Комат)

Жеке адамның да, қоғамның да, ең басты байлығы – денсаулық екені белгілі.Сондықтан да, денсаулық мәселесі, оған деген қамқорлық, жауапкершілік еш уақытта да күн тәртібінен түскен емес.Соңғы жылдары құлдырап, құрдымға кеткен еліміздегі денсаулық сақтау саласының еңсесін көтеруге мүмкіндік туғызылды.

Қазақ халқы «Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген елімізді дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсенді жүргізгеніміз абзал. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру-біздің міндетіміз. Мектебіміз жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтауына, денсаулықтарының зор болуына өз ықпалын тигізіп отыр.

Қазіргі таңда дәрігерлік-санитарлық көмек сапасын жақсартуға, қоршаған ортаны таза ұстауға, бала мен ананың денсаулығын сақтауға, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып отыр. Осы күнге дейін, адам өлімінің көбеюіне, халық денсаулығының төмендеуіне тек медицина қызметкерлерін ғана жауапты деп санап келсек, енді, міне, мұндай келеңсіздіктердің болуына әсер ететін түрлі себеп- салдарларға көңіл бөлініп, оған тосқауыл қоюдың жолдары белгіленіп отыр.Оның бір себебі, ауыз судың тапшылығы, ауыз суының лас болуы. Ауыз судың адам денсаулығына пайдасы зор. Адамдар таза су ішпегендіктен, әр түрлі ауру түрлеріне шалдығып жатады.

Біздің мектебімізде биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, 8-12 жас аралығында «Денсаулық үшін – таза су» жобасы іске асырылуда. Менің сыныбым сол жобаға қатысуда. Біз таза судың адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар екенін білдік. Осыған байланысты, «Адам денсаулығына – таза су», «Өмір тіршілігі – таза су», «Су – тіршілік көзі» тақырыптары бойынша сынып сағаттары , қызу әңгімелер өткізілді. Таза суды пайдаланғаннан бері, оқушылардың көңіл күйі көтеріліп, денсаулықтары жақсарып, өмірге деген қызығушылықтарының артқанын байқауға болады.

Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулығың жақсы болу үшін, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Денсаулықтың қадірін, адам ауырғанда білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы, адамның өзіне де байланысты. Дегенмен, оған қоршаған ортаның,жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, су құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді.

Адамзат өмірге келген соң, өмірін қалай болса, солай өткізбеуі тиіс.Яғни, адам саналы да, жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей:



  • Бірінші байлық-денсаулық,

  • Екінші байлық-ақ жаулық,

  • Үшінші байлық-он саулық

демекші, ең алдымен саналы да, жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау-өзіміздің қолымызда қазіргі таңда аурулардың түрлері көбейіп барады. «Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды» деп Баласағұни текке айтпаса керек. Өйткені, әр адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға , дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе, адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын жеген абзал. Денсаулық сақтауда,дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Осыған байланысты сыныпта «Дұрыс тамақтана білесің бе ?», «Көкөністер мен жемістердің адам денсаулығына пайдасы» тақырыптарына байланысты, сынып сағаттары мен сынып оқушылары арасында қызу әңгіме жүргізілді.

Ал, спортпен айналысу-денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі- жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Өскелең ұрпаққа спортпен айналысу өте пайдалы.Менің сыныбымның оқушыларына дене шынықтыру, туризм сабақтары ұнайды. Сыныбымның оқушылары туризм және дене шынықтыру үйірмелеріне ыждаһаттықпен барады. Оқушылар онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысу - адам өмірін ұзартатынын біледі.

Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді дамыған,алдыңғы қатардағы ел екенімізді көре аламыз.

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігеріміздің әлсіздігінде.Денсаулық отбасында да, жұмыста да, бақытты болуға өз үлесін қосады,

Денсаулық- табиғаттың ең қымбат сыйы. Ең алдымен, спиртті ішімдіктің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы-адамның рухы мен ұрпағын жояды»,-деген болатын.Біз ұстаздар қауымы, осы дертті болдырмаудың алдын ала отырып, оқушылармен көптеген жұмыстар жүргіземіз, «Салауатты өмір салтын қолдаймыз», «Темекі шегу- денсаулыққа зиянды» атты іс – шаралар, сынып сағаттарын өткіземіз.

Денсаулық мықты болу үшін, адамға мынандай төрт шартты бұлжытпай орындау керек: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу.

Адам өзін тамақ ішуде шектеу керек ,салмақты бір қалыпты сақтай білу керек.

Жас ұрпақтың дені сау болуына күнделікті күн тәртібінің де ықпалы зор. Әр оқушы өзінің күн тәртібін дұрыс пайдалана отырып, оған жоспар құра білу керек. Сынып оқушылары күнделікті күн тәртібін бұлжытпай орындап отырады.Таңертең оқушылар сабақ басталмас бұрын, «Қара жорға» ұлттық би дәстүрімен таңғы жаттығуымызды бастаймыз. «Қара жорға» биін оқушылар бар ынта –ықыласымен билейді. Бұл биді игеріп алғандары соншалықты, бір- бірімен жарыса билейді. Сондықтан да адам өзін сергітіп көңілін көтеріп, денсаулығы жақсы болу үшін би билеуде денсаулыққа өте пайдалы.

Дені сау болу үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлақтай күш жұмсау керек. Бұларды ештеңемен алмастыруға болмайды. Адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жұмсауда арта түседі.

Адамдардың өз денсаулығын дұрыс кутпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқастар саны жылдан –жылға өсіп отырғаны да рас.Біз бұл қоршаған ортаның ластауынына жол бермеуіміз керек. Ол үшін өзіміздің тұратын жерлерімізді мектеп, үй маңайларын ластанудан сақтап, көбірек ағаштар отырғызуымыз керек. Көктем бастала, біз мектеп маңы ауласын тазалауға сынып болып, белсене ат салысымыз, өйткені, ол біздің де денсаулығымыздың зор болуына тигізетін әсері мол.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», елімізде өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің денсаулықтары мықты, келешегі зор болу үшін қолымыздан келетін барлық жақсы, игі істерімізді аямауымыз керек.



Өз ойымды қорыта келе қоғамның басты мақсаты да – міне, осы!
Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан мектебі № 7- 2005ж

  2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №5- 2010ж

  3. Денсаулық №4- 2009




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет