Зейнетақы жүйесін жетілдіру – қаржы тұрақтылығының негізі орташа айлық кірісіне байланысты



Дата25.04.2016
өлшемі28.16 Kb.
Зейнетақы жүйесін жетілдіру – қаржы тұрақтылығының негізі орташа айлық кірісіне байланысты.

Осыдан он алты жыл бұрын, 1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін жаңғыртуға кірісіп, ұрпақтардың әлеуметтік ынтымақтастығы ұсынымынан жеке зейнетақы қорын жинақтауға ауыса бастады.

Жүргізілген жаңғыртудың нәтижесінде Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесі құрылып, жұмыс істеуде. Еңбек үлесіне және бұрыңғы кірістеріне қарамастан, барлық зейнеткерлерге базалық зейнетақы төленеді.

Екінші, міндетті деңгейде ынтымақтастық және жинақталған зейнетақы беріледі.

Ынтымақтастық зейнетақыларын зейнет жасына жеткен және 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдар алады. Ынтымақтастық зейнетақы төлемдерінің көлемі еңбек өтіліне және зейнетке шығу қарсаңындағы орташа айлық кірісіне байланысты.

Қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы қызметкерлердің өздерінің міндетті зейнетақы жарнасының 10 пайызы есебінен жинақталады.

Үшінші, ерікті деңгейде зейнетақы төлемдері қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ерікті зейнетақы жарнасының есебінен құралады.

Бірқатар артықшылықтарына қарамастан, қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесінде бірқатар проблемалар қордаланып, шешуді талап етеді.

Зейнетақы төлемдерінің бұрынғы алынып келген кіріске сайма-сайлығы және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қаржылық қамтамасыз ету осы проблемалардың маңыздысының бірі болып табылады.

Осыған байланысты Елбасының тапсырмасымен Қазақстанның зейнетақы жүесін кезең-кезеңімен жаңғырту басталды.

Жаңғыртудың бірінші кезеңінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) кұрылып, онда зейнетақы активтерін шоғырландыру жұмысы аяқталды (2015 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары 4,6 триллион теңгені құрады, зейнетақы шоттарының саны – 9,7 миллион).

Жұмыс істейтін әйелдерге мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлінуде (баласы бір жасқа толғанша оны күтіп-бағатындарға). Атап айтқанда, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдерге міндетті түрдегі демеуқаржы төлеу енгізілді.

Үстіміздегі жылдан бері жұмыс берушілер зиянды еңбекпен шұғылданатын қызметкерлерге олардың өз қаржысы есебіндегі кірістерінің 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын аударуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 18 маусымындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес зейнетақы жүйесінің екінші кезеңінде қайта құру жүргізілуде.

Тұжырымдама бірқатар оң өзгерістерді қарастырған. Олардың біріншісі – 2017 жылғы 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны зейнетақы жүйесіне қатысудағы өтіліне байланысты тағайындау тәртібіндегі өзгерістер. Зейнетақының базалық көлемі 10 жылдан асқан толық әр жыл үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 2 пайызға арттырылады (өтілі 35 жыл болса – 100 пайыз).

Екіншіден, 2018 жылдан бастап қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесі жаңа шартты жинақтау құрылымымен толықтырылады. Жұмыс берушілер БЖЗҚ-на олардың кірістерінің міндетті 5 пайыз зейнетақы жарналарын шартты зейнетақы шотына аударып отырған қызметкерлер зейнетақы жүйесіне қатысушы болады.

Тұжырымдамада, сондай-ақ, күш-қуат құрылымдарының қызметкерлерің зейнетақымен қамсыздандыру, жинақтаушы жүйеден зейнетақы төлемдерінің тәртібі, тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту бойынша шаралар кешені қарастырылған.

Жанғырту нәтижесінде алмастыру коэффициенті азаматтардың алынбаған еңбекақысының кемінде 40 пайызының деңгейінде қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.



Тұтастай алғанда, зейнетақы жүйесі бойынша жүргізіліп отырған жетілдіру мұнда үш тарап – қызметкер, жұмыс беруші және мемлекет бірдей қатысатындықтан, жүйені теңдестіретінін атап айту керек
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет