«Зейнеткердің таңдауына: аннуитет немесе график» «Казахстанская Правда»



жүктеу 59.77 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі59.77 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Зейнеткердің таңдауына: аннуитет немесе график»
«Казахстанская Правда» газетіне мақала

Лицензиялау басқармасының бас мамандары:

Майя Баратова, Анна Алимских

«Бірнеше айдан кейін мен зейнеткерлікке шығамын. Зейнетақы қорында маған өзімнің жинақталған қаражатымды зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ма, әлде қордан алғым келе ме деген сауал қойды. Екі схеманың да заңды және өз артықшылықтары бар екенін түсінемін, бірақ өзіме лайықты болатынын қалай таңдасам екен?»

Николай Васильевич, Алматы облысы
Оқырманға Қаржылық қадағалау агенттігінің лицензиялау басқармасының мамандары Майя БАРАТОВА мен Анна АЛИМСКИХ жауап береді:

Бәсеке тіпті зейнетақымен қамсыздандыру сияқты салада да болады. ЖЗҚ-ның салымшысы зейнетақы қорларын ғана емес, сонымен қатар болашақ төлемдердің схемаларын да таңдай алады. Жинақталған қаражатты ЖЗҚ-дан алған жақсы ма, әлде зейнетақы аннуитеті туралы шарт жасасып, сақтандыру ұйымынан алған жақсы ма деген сауал көпшілік үшін өзекті болады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың осы тәсілдерінің айырмашылығы неде? Біріншіден, зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушы оның жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуы бойынша заңнамалық тұрғыда бекітілген кепілдіктермен қорғалған, әрі бұл ретте сақтандыру ұйымдарында болатын сияқты алушының зейнетақы активтері зейнетақы қорының меншікті капиталымен араласпайды.

Екіншіден, зейнеткер қайтыс болған жағдайда, ЖЗҚ-дағы пайдаланылмаған жинақ қаражат мұрагерлікке беріледі, ал сақтандыру компаниясында мұндай мүмкіндік жоқ.

Үшіншіден, ЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу график бойынша төлену тәртібімен жүргізіледі, ол график ыңғайлы болу үшін жыл сайын төлем жасау мерзімдері бойынша түзетілуі мүмкін.

Төртіншіден, график бойынша төлем жасауды жүзеге асыру кезінде алушының негізгі зейнетақы капиталы ЖЗҚ-ның ол үшін табыс ретінде табатын, күн сайын есептелетін инвестициялық кірісі есебінен көбейе түседі. Сонымен қатар, ЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушының қызмет көрсетуді еркін таңдауына болады. Егер салымшы басқа зейнетақы қорының қызметін пайдалануды немесе жинақталған қаражатын сақтандыру ұйымына аударуды қалайтын болса, мұны кедергісіз жасай алады. Бұл туралы зейнетақы аннуитеттерін сатып алушыларға қатысты айта алмаймыз, өйткені олардың ЖЗҚ-ға қайтып оралуға құқығы жоқ. Әзірше басқа сақтандыру компаниясына ғана ауысуға болады. Сақтандыру ұйымында сақтанушының жинақталған қаражатын жеке есепке алудың болмауы салымшының зейнетақы қорына қайтып орала алмау себептерінің бірі болып табылады. Сақтандыру ұйымдары зейнетақымен қамсыздандырудың баламалы түрі – зейнетақы аннуитетін ұсынады. Аннуитеттік төлемдердің ЖЗҚ-ның зейнетақы төлемдерінен айырмашылығы неде?

Аннуитет – бұл өмірді сақтандыру компаниясымен аннуитет шартын жасасқан тұлға - сақтанушыға тең уақыт аралығы ішінде тең үлеспен төленетін ақша сомасы. Мысалы, біржолғы немесе бөліп-бөліп жасалған жарнаға айырбас ретінде ай сайын, тоқсан сайын не жыл сайын төленеді. Шын мәнінде, бұл – өздерінің жинақталған қаражатын тәуекелдерді қайта бөлу есебінен зейнетақы төлейтін сақтандыру компаниясына табыстайтын түрлі қатысушылардың бірлескен жүйесі болып табылады.

Егер аннуитеттік шартта нақты мерзімдері көрсетілмеген болса, зейнетақы аннуитетінің басты құндылығы – төлемдердің өмір бойы төленуінде. Бұл жайт шарт жасасқан сақтандыру компаниясы зейнетақыны өмір бойы төлеу тәуекелін мойнына алады дегенді білдіреді, алайда өзінің клиенті қайтыс болған жағдайда оның қаражатын өзінде қалдырады. Зейнетақы қорында қалған еркектер болжам бойынша 74 жасқа дейін, ал әйелдер 77 жасқа дейін (еліміздегі өмір ұзақтығының орташа статистикалық көрсеткіштері) зейнетақы төлемдерін алатынына сене алады.

Егер зейнеткер өмір ұзақтығының осы көрсеткішінен асып, ал оның ЖЗҚ-дағы жинақ қаражаты таусылған болса, онда зейнеткер ЖЗҚ-дан зейнетақы ала алмайды да, мемлекет төлейтін ең төмен әлеуметтік жәрдемақыға ғана сенуіне тура келеді. Ал сақтандыру төлемдері зейнетақы аннуитеті туралы шартқа сәйкес алушының шотына өмір бойы түсетін болады. Яғни, сақтандыру компаниясы клиентін өмір бойы асырауға міндетті. Тіпті олардың клиенті орташа өмір ұзақтығынан аса өмір сүрсе де, ол бәрібір өз зейнетақысын сол мөлшерде өмірінің аяғына дейін алатын болады. Осылайша, зейнетақы аннуитеті туралы шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы ЖЗҚ-дан график бойынша төленетін сомаға қарағанда жоғары болуы мүмкін.

Аннуитеттік сақтандырудың басты кемшілігі – бұл мұрагерлікке қалдырудың болмауы. Сақтандыру төлемдерін алушы өмір бойғы зейнетақы аннуитетін сатып алу кезінде өзінің меншік құқығын сақтандырушыға береді.

Қазіргі уақытта зейнетақы аннуитеті туралы шарт жасасу міндетті емес. Зейнеткерлер оларға ыңғайлы болатын талаптарды өздері таңдай алады. Ол үшін жинақталған зейнетақы қаражатының белгілі бір сомасы қажет. Әзірше елімізде мұндай жинақ қаражаты бар зейнеткерлер көп емес, сондықтан зейнетақы аннуитеті туралы шарт жасасудың міндеттілігі туралы сөз қозғау әлі ерте.

Зейнетақы аннуитетінің ЖЗҚ-дан төленетін төлемдерге қарағанда бірқатар даусыз артықшылықтары бар болғанмен, зейнеткерлерге заңнама ұсынатын жинақ қаражатын алудың екі тәсілін салыстыру үшін уақыт керек. Жыл сайын, зейнетақы қорында жеткілікті жинақ қаражаты бар адамдар санының өсуіне қарай зейнетақы аннуитеті туралы шарт жасасуға ниетті адамдардың саны да артуы ықтимал. Егер болашақ зейнеткердің жинақ қаражаты жеткілікті болса, онда ол қаражатын ЖЗҚ-дан кез келген сақтандыру компаниясына аудара алады.

Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті туралы шарт жасасуға құқығы бар тұлғалар тізбесі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңмен белгіленген және бірнеше санаттардан тұрады. Бірінші санатқа 63 жасқа жеткен еркектер және зейнетақының ең төмен мөлшерінен кем емес рента төлеуге жететін жинақталған зейнетақы қаражаты бар 58 жастағы әйелдер кіреді. Екіншісіне төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар кіргізілген. Бұл ретте еркектер жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа, ал әйелдер тиісінше 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жетуі тиіс. Үшінші санатқа бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген және 50 жасқа толған әйелдер кіреді. Қалғандарына 55 жасқа жеткен тұлғалар, мерзімсіз мүгедектік белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ әскери қызметшілер, ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және еңбек сіңірген жылдар құқығы бар қызметкерлері кіргізілген. Аталған тұлғаларда зейнетақының ең төмен мөлшерінен кем емес рента төлеуді қамтамасыз етуге жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты болуы тиіс.

Сонымен, кім үшін аннуитеттің артықшылығы бар? Ең алдымен, зейнетақы заңнамасында белгіленген жасқа (әйелдер үшін ең көп дегенде 58 жас және еркектер үшін 63 жас) жеткенге дейін зейнеткерлікке шыққысы келетін адамдар үшін артықшылығы бар – бұл үшін жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражатының бар болуы ғана қажет. Сондай-ақ, аннуитет денсаулығы мықты және біраз жинақ қаражаты бар адамдардың арасында да кең тарайтын болады. Ең бастысы, осы қаражаттың аннуитетті сатып алуға жететін болуы керек. Зейнетақы заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемі ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

Қордан төленетін төлемдермен қатар аннуитеттік төлемдерге заңнамада көзделген табыс салығы салынады.

Зейнетақы аннуитеті туралы шарт жасасқан адам сақтандыру ұйымын еркін таңдай алады. Бүгінгі таңда республикамыздың қаржы нарығында осындай қызмет көрсететін, яғни «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласында қызмет көрсетуге уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар 4 сақтандыру компаниясы және 14 ЖЗҚ жұмыс істейді.

Қазіргі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының арасында қатаң бәсекелестік байқалмайды.

Салымшылардың іс-әрекет жасауына келер болсақ, бұл тұрғыда өте сақ болу қажет. Зейнеткердің тағдырына қатысты болғандықтан, таңдауды асығыс жасауға болмайды. Таңдау жасамас бұрын міндетті түрде бірнеше сақтандыру компанияларының және өзіңіздің ЖЗҚ-ның талаптары мен пайдалы жақтарын салыстырып алу қажет. Әрбір салымшы оған қайсысы ыңғайлы болатынын анықтап алуы тиіс: сақтандыру компаниясы ма, әлде қор ма, басқаша айтқанда сақтандыру компаниясынан төленетін өмір бойы зейнетақымен қамсыздандыру ма, немесе салымшы қайтыс болғаннан кейін ақшаның қалдығын мұрагерлікке беру мүмкіндігі бар, жинақталған қаражат сомасын зейнетақы төлемдері ретінде қордан алу ма.



Аннуитеттік жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қарағанда біздің нарығымызда кейінірек пайда болды. Бұл ретте зейнетақы қорлары өздерін тұрақты институт ретінде көрсетіп үлгерді, ал сақтандырушылар өздерін енді ғана көрсете бастайды. Дегенмен, нарығымызда ЖЗҚ-ға баламаның пайда болуы жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына мүмкіндік беретін болады.

Аннуитеттік нарықтың болашағы бар екені күмән туғызбайды, өйткені ол барлық қызметкерлердің де, сондай-ақ барлық зейнетақы төлемдерін алушылардың да өмірлік мұқтаждықтарына жауап бере алады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет