Зерттеу қ о Ғ амды Қ Қ ор : құқықтық жағдайының өзекті мәселелері



жүктеу 151.99 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі151.99 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 03bbe8183b24ab674625709d001a46b4 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Алқа билер соты төңірегіндегі ой-пікір
$FILE -> ТҰЛҒА Әділ судьяның қашан да ЖҮзі жарқЫН

ЗЕРТТЕУ

ҚоҒамдыҚ Қор: құқықтық жағдайының өзекті мәселелері


Советжан ЫНТЫМАҚОВ,

Қазақ гуманитарлық заң университеті, Алматы заң

академиясының азаматтық құқық және азаматтық

іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы
Қор заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде азаматтық айналымға алғаш рет ресми түрде 1991 жылы, яғни КСР Одағы мен одақтас республикалардың Азаматтық заңдар Негіздеріне сәйкес ендірілген болатын (11-б. 2 т.,18-б. 3 т.). Алайда, Азаматтық заңдар Негіздерінде аталған ұйымдық-құқықтық нысанға нақты анықтама берілмей, тек қорға тән екі белгінің болатындығы ғана көрсетілгенді. Бірінші белгі - ол қордың коммерциялық емес ұйым екендігін нұсқаса, ал екінші белгі - қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ екендігін баяндайды.

Қазір, әрине Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында “қор” деген ұғымды емес “қоғамдық қор” деген ұғымды ұстанып оған мынандай ресми анықтама береді: Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады (ҚР АК 107-б.1 т.. мен ҚР “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңның 12-б. 1. т..).

Бұл анықтамадан қордың басқа заңды тұлғалардан басты ерекшелігін айқын аңғаруға болады, яғни “қор азаматтар мен (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі емес, азаматтар мен (немесе) заңды тұлғалардың қоғамдық пайдалы мақсаттарға жету жолындағы мүлкінің бірлестігі болып табылады. Әрине, аталған белгі қорды кез-келген өзге коммерциялық емес ұйымдардан ажыратуға мүмкіндік беретін ең елеулі ерекшеліктердің бірі болып табылады”.

Демек, қоғамдық қорды ең алдымен құрылтайшылардың мүлік шоғырландыруымен тікелей байланыстыруға болады.

Қор осы жоғарыда аталғандардан басқа сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, заң көмегін көрсету үшін және азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе материалдық емес өзге де игіліктерін қамтамасыз ету мақсаттарында құрылуы мүмкін.

Міне мұның бәрі қоғамдық қордың аса тиімді құқықтық құрылым екендігіне дәлел болып, жалпы кез-келген қоғам үшін аса маңызды әлеуметтік рол атқаратындығын аңғартады. Бірақ осыған қарамастан, өкінішке орай, қазіргі күнге дейін Қазақстанда қоғамдық қорлардың қызметін реттейтін заңнамалар негіздері жеткілікті дамымай, кенже қалып отыр деп айтқан болар едік. Оған дәлелді алыстан іздеудің ешбір қажеті жоқ, мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қоғамдық қорлардың құқықтық жағдайын айқындап, қызметін реттеуге арналған тек бір ғана норма бар–ол 107-бап, дәл сол сияқты “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңда да (бұдан әрі қарай Заң) жалғыз ғана норма қарастырылған, яғни ол аталған Заңның 12- бабы, әрине, көріп отырғанымыздай бұл нормалар Қазақстанда қоғамдық қорлардың толыққанды қызмет атқаруы үшін жеткілікті құқықтық негіз бола алмайтындығы айтпаса да түсінікті болар. Бірақ соған қарамастан қоғамдық қорлар соңғы жылдары Қазақстанда басқа заңды тұлғалармен салыстырғанда азаматтық айналымға айтарлықтай кең тарап үлгерді.

Алматыдағы Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығы өкілдігінің директоры Р.Ремиастың пікірінше қоғамдық қорлар қызметінің құқықтық тұрғыда жете реттелуі бұл ұйымдардың мәнін түсінуге толық мүмкіндік тудырар еді, әрі қоғамдық қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ара жігін айқын анықтауға мүмкіндік жасап, “шынайы” қорлардың құрылуына негіз қалары сөзсіз.

Қоғамдық қордың құқықтық жағдайына қатысты алдымен айта кеткіміз келіп отырған басты проблеманың бірі -ол ҚР АК 107-бабына қатысты. Біздер ҚР АК 107-бабының 1 тармағының қоғамдық қор деп белгіленуін дұрыс емес деп санаймыз, себебі, Заңның 13- бабының 4 тармағына сәйкес, қоғамдық қор болып бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың –қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры табылады. Яғни, бұл анықтамадан біздер қоғамдық қордың қордың дербес бір жеке түрі болып табылатындығын көреміз. Демек, қоғамдық қор ол –түр. Ал тектік ұғым ретінде қор танылуы тиіс, өйткені, тектік ұғым ретінде қор деген ұғым бір топ әр түрлі қорлардың түрлерін біріктіріп тұр. Міне осы себептерге байланысты қоғамдық қор өзі түр бола тұрып ҚР АК 107- бабының 1 тармағында көрсетілгендей тектік ұғымды белгілеуі, әрине қалыптасқан дәстүрлі құқықтық доктрина қағидаларына қайшы келеді. Сондықтанда ҚР АК 107-бабы қоғамдық қор ретінде емес жай ғана қор ретінде белгіленуі керек. Сондай-ақ осы жоғарыда аталып өткен Азаматтық кодекстің 107-бабы жалпы мазмұны тұрғысынан Заңның 12-бабына сай келіп тұрған жоқ, сол себептен де АК 107-бабын Заңның аталған нормасына сәйкестендіру қажет деп білеміз. Алдымен бұл арада құқықтық иерархияда Азаматтық кодекстің аранайы заңдардан биік тұратындығы (әрине, егер арнайы заңдардың нормаларында мұндай басымдылық тікелей қарастырылған реттерді қоспағанда) ескерілмеген, сол себептенде арнайы заң нормаларының Азаматтық кодекстің нормаларына қайшы келуі осы аталған қарама-қайшылықты құқықтық тұрғыдан өрескел қате деп тануға толық негіз берері сөзсіз.

Ю.Г. Басин, шамадан тыс жиі, тіпті кейде жөнсіз, Азаматтық кодекстің текстіне өзгертулер ендірудің жағымсыз салдары болуы мүмкін, өйткені бұл құқықтық тұрақсыздыққа әкеліп соғады.. деп санайды. Бұл әрине орынды, сондақтанда мұндай көзқарасты біз де ұстанамыз тек заңдарға өзгерістер ендіру шаралары тек жеткілікті негіз, объективті қажеттілік болған ретте ғана жүзеге асырылуы тиіс. Ал біздер ұсынған жоғарыдағы ұсыныс осындай қажеттілікке негізделген деп айтқан болар едік.

Енді қоғамдық қорлардың құрылу мәселесіне тоқталып өтер болсақ қорлар тек қана заңдардың негізінде ғана құрылып қоймай, сондай-ақ арнайы құқықтық актілердің негізінде де құрылуы мүмкін, мәселен ҚР Президентінің Жарлығы бойынша немесе ҚР Үкметінің Қаулысына сәйкес т.с.с., демек, қор құру туралы бастаманы Қазақстанда заң негізіндегі актілер қабылдау арқылы да жүзеге асыруға жол беріледі деп тұжырымдауға болады. Бірақ барлық жағдайда бұл ұйымдардың, яғни қоғамдық қорлардың құрылтай құжаттары заңнамаға қайшы келмеуі тиіс.

Қазақстандағы қорлардың құқықтық жағдайын айқындайтын заңнамалар негіздерін саралай келіп біздер жалпы қор түрлерінің құқықтық жағдайына ықпал ететін басты факторлардың бірі ол-қордың құрылтайшылар құрамы мен қызмет мақсаты деп санаймыз. Алайда, “...өкінішке орай тәжірибе тұрғысында тіркеу органдары қоғамдық қорлардың қызмет мақсатын қадағаламайды”. Мысалы, Заңның 13- бабының 1-тармағына сәйкес, қор құрылтайшыларының құрамына қарай қорлардың төмендегідей түрлері қарастырылған, яғни жеке қорлар, корпоративтік қорлар, қоғамдық қорлар және мемлекеттік қорлар, ал қорлардың қызмет мақсатына қарай: әлеуметтік қорлар, қайырымдылық қорлары, мәдени қорлар, білім қорлары және өзге де қорлардың құрылуы мүмкіндігі қарастырылған.

Мәселен, бір ғана жеке адамның немесе жеке адамдардың – бір отбасы мүшелерінің өзінің (өздерінің) жеке қаражаттары есебінен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәләндірілген өсиеті бойынша да құрылуы мүмкін. Жеке қордың мүлкі жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан – бір отбасы мүшелерінен (құрылтайшылардан) бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен, өсиет бойынша түскен мүліктен, және жеке қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады (Заңның 13 б. 2 т.).

Бір заңды тұлғаның немесе бірнеше заңды тұлғалардың-коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаты есебінен құрған қоры корпоративтік қор деп танылады. Корпоративтік қордың мүлкі бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен және корпоративтік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады (Заңның 13 б. 3 т.). Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың –қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры қоғамдық қор деп табылады. Қоғамдық қордың мүлкі заңды тұлғалардан –қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен және қоғамдық қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады (Заңның 13 б. 4 т.). Мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған, белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген, қордың мақсаттары мен міндеттерін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қор мемлекеттік қор деп аталады. Мемлекеттік қордың мүлкі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен және мемлекеттік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан Республикасының заңамаларына сәйкес қорды бір ғана тұлға, яғни жеке немесе заңды, коммерциялық болмаса коммерциялық емес ұйым, сондай-ақ осы аталған тұлғалар бірлесе отырып құра алады. Ал Заңның 13 бабының 1 тармағы, сонымен бірге, қызмет мақсаттарына қарай өзге де қорлардың құрылуына мүмкіндік береді. Әрине, бұл өз кезегінде Қазақстанда қорлардың түрлері жабық тізбе түрінде берілмегендігін көрсетеді. Демек, біздіңше, болашақта қоғамдық бірлестіктердің мүлкі мен мемлекеттік меншіктің негізінде, “қоғамдық-мемлекеттік” қор деп танылатын жаңа қор түрін құруға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында ешбір құқықтық кедергі жоқ деп батыл болжам айтуға болады.

Құқықтық тәжірибеде мұндай қор конструкциясының болғаны да рас, мәселен, Ресей Федерециясында 1992 жылы 15 желтоқсанында Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен “Российские немцы” деп аталатын қоғамдық-мемлекеттік қордың құрылғаны мәлім.

Кейде құқықтық қолданыста “қор” деп белгілі бір мақсаттар үшін ақша ресурстарын шоғырландыруды атайды, мысалы, “жол қоры”, “әлеуметтік қорғау қоры” т.б., алайда мұндай қорларды коммерциялық емес ұйымдардың дербес ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылатын қорлардан ажырата білудің тәжірибелік маңызы зор, яғни жоғарыда аталып өткен қорларды заңды тұлға ретінде қарастыруға болмайды.

Мысалы, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар қоғамдық қорлар бола алмайды. Сондықтан АК-тің 107-бабының ережелері оларға қолданылмайды. Бюдежттен тыс мемлекеттік қор мемлекеттік коммерциялық емес ұйымдардың дербес түрі болып табылады, оның құқықтық жағдайы өзінің қызметін реттейтін нормативтік актілермен айқындалған.

Ал Коммерциялық емес ұйымдар туралы және де өзге де заңдарда қарастырылған қорлар заңды тұлға, яғни коммерциялық емес заңды ұйым болып табылады. Шет елдерде қорлардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар жүйесіндегідей емес өзгешелеу болып келеді. Мәселен, “көптеген еуропа мемлекеттерінің заңнамалары бойынша қайырымдылық, мәдени және өзге де қызметтермен айналысатын заңды тұлғалар мекемелер деп аталады, ал кейбір ТМД елдерінің азаматтық заңнамалары бойынша, мәселен Ресей Федерациясының “Қоғамдық бірлестіктер туралы”10  Заңының 10-бабына сәйкес, қоғамдық қор - ол қоғамдық бірлестіктердің бір түрі, яғни мүшелігі жоқ коммерциялық емес заңды тұлға болып танылады”.

Алғаш рет Қазақстан заңнамасында “мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым” деген ұғым АК 107-бабының 1 тармағында, яғни қоғамдық қорға берілген анықтамада қарастырылған болатын, алайда, өкінішке орай, бұл ұғымға заңда ресми анықтама берілмеген.

Енді кейбір құқықтық нормаларға салыстырмалы талдау жасай келіп, “мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым” деген ұғымның нені білдіретіндігі мен оның заңды тұлғаның құқықтық жағдайына қандай ықпалы мен тәжірибелік маңызы болатындығына қысқаша да болса тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.

Кейбір авторлардың11  көзқарасы бойынша “мүшелігі жоқ ұйым” ол мұндай заңды тұлғаны басқа заңды тұлғалардан ажыратуға мүмкіндік беретін, әрі ұйымның құқықтық жағдайының ерекшелігін айқындайтын басты белгісі болып табылады.

Яғни, “қордың құқықтық құрылым ретінде басқа заңды тұлғалардан тағы бір ерекшілігі – ол қорда мүшеліктің болмауы”12  деп айтуға болады. Қазақстанда мүшелігі жоқ мұндай коммерциялық емес ұйымдар саны екеу, яғни ол мекеме мен қоғамдық қор (Заңның 8,12 баптары).

Негізінен құқықтық теорияда “мүшелікке” қатысты басты белгілер болып мыналар қарастырлған:

Біріншіден - ұйымға мүше болушы тұлғаның ерік білдіруі қажет болады;

Екіншіден - осы тұлғаны мүшелікке қабылдауға ұйымның келісімі болуы тиіс;

Үшіншіден - ұйым мен мүшенің арасындағы қатынастар тиісті тәсіл арқылы (әдетте ол жарғыда қарастырылады) рәсімделіп, қажет жағдайда ұйым мүшелерінің санын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек;

Төртіншіден - мүшелік ол - осы ұйым мен оның мүшелері арасында өзара құқықтар мен міндеттер тудыруы қажет, мысалы, мүшелердің ұйымның басқару органын сайлауға немесе оған сайлану құқығына ие болуы;

Бұл арада аса мән беріп айта кетерлік мәселе -ол ұйым мен мүшенің арасынада тек қана жеке мүліктік емес қатынастар ғана орнап қоймайды, сондай-ақ мүліктік, соның ішінде міндеттемелек қатынастар да орнайды, мәселен ұйым мүшесінде мүшелік жарна төлеу міндеті, ал ұйымда аталған жарналарды тиісінше төлеуді талап ету құқығы пайда болады.

Бесіншіден- мүшелік қатынастар ұйым мүшесінің бастамасы бойынша да сондай-ақ ұйымның өзінің бастамасы бойынша да тоқтатылуы мүмкін, мысалы, ұйымның мүшесі ұйымға қатысты өзінің міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда13 .

Қазақстанда азаматтық заңнамаларда құрылтайшы, қатысушы немесе ұйым мүшесі деген ұғымдарға ресми құқықтық анықтама берілмеген, сондықтан да аталған ұғымдардың аражігін айқын анықтау біздерге оңайға соқпасы сөзсіз. Оның үстіне бұл жағдайды біраз ушықтырып жіберген (әрине, өзге арнайы заңдарды қарастырмағанның өзінде!) АК 36-бабының 1, 4 тармақтары, 44-бабының 2 тармағы, Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңның 4-бабы, 11-бабының 2 тармағы, 15-бабының 2 тармағы, 22-бабының 1 тармағының 4 тармақшасы т.с.с. деп айтсақ артық болмас еді. Яғни бұл аталған заң нормалары бірде “құрылтайшылар” деген ұғым мен “қатысушылар” деген ұғымның арасына “теңдік” белгісін қойса, (нақтырақ айтқанда бұл екі ұғым көбіне жақшаға алынып көрсетіледі), бірде “мүшелер” деген ұғым мен “қатысушылар” деген ұғымның арасына “теңдік” белгісін қояды.

Әрине, егер осы аталған заң нормаларының талаптарын басшылыққа алар болсақ, онда біздер қарастырып отырған қоғамдық қорға “құрылтайшы” деген ұғым мүлдем қолдануға келмейді, неге, себебі бұл арада құрылтайшы мен қатысушы бірдей құқықтық дәрежеге ие, сол сияқты “мүшелер” деген ұғым мен “қатысушылар” деген ұғым өзара теңдей құқықтық салмаққа ие болып отыр. Демек, бұл арада Заңның 12-бабының 2 тармағы, жалпы қоғамдық қордың құқықтық табиғатына, нақты айтқанда қоғамдық қордың мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым екендігіне қайшы келіп тұрған жоқ па, түсініксіздеу.?! Сол сияқты Заңның 12-бабының 5 тармағындағы қордың құрылтайшыларын осы нормада көзделген негіздер бойынша қордың құрылтайшыларының жалпы жиналысы құрылтайшыны қордан шығарады деп белгілеуі ешбір құқықтық логикаға көнбейтін, аса даулы мәселе деп айтуға болады. Сондықтан да, әрине, “құрылтайшыны қордан шығару” тек құқықтық қана қателік емес жалпы жүзеге аспайтын құқықтық утопия деп айтуға толық негіз бар.

Заңи түсініктер-ғылыми болып табылмайды, - дейді А.Г.Диденко. Олар заң шығарушының жүзеге асырылған еркі ретінде ресми сипатқа ие, ал ғылыми түсініктер болса олар ешкімніңде еркіне тәуелді емес объективті заңды құбылыстың қортындысы болып табылады14 .

Сол себептенде құқықтық ұғымдар мен ғылыми ұғымдардың аражігін айқын ажыратып, олардың мазмұнына қатаң мән берілуі тиіс.

Азаматтық кодекстің 107-бабының 3 тармағында қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлік қордың жеке меншігі болып табылады.Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ деп белгіленген.

Жалпы С.И.Климкиннің пікірінше Қазақстанда бүгінгі күнге дейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтарының арақатнастарын саралайтын елеуге тұрарлықтай зерттеулер жасалған жоқ15 .

Жоғарыды қарастырып өткен АК 107-бабының 3 тармағы қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтарын шектегенмен, алайда біздің көзқарасымыз бойынша, қордың құрылтайшыларының қорға қатысты өздерінің мүліктік емес құқықтарын сақтап қалуына ешбір тиым салып тұрған жоқ. Мәселен, құрылтайшылардың мүліктік емес құқықтарына құрылтайшылардың қорды басқаруға қатысу құқығын жатқызуға болады. Егер осы АК 107-бабының 3 тармағының 2 бөлігіне сүйенер болсақ, онда құрылтайшылар қордың басқару органдары құрамына кіре алды деп айтуға құқықтық негіз пайда болады, яғни басқаша айтқанда қор құрылтайшыларының қорды басқаруға қатысу сияқты мүліктік емес құқықтары сақталады деп айтқан болар едік.

Бірақ, кейбір авторлар 16  қордың құрылтайшылары қорды басқаруға міндетті емес деп санап, тіпті, олардың қорды тікелей басқаруға мүлдем мүмкіндігі жоқ деп пайымдайды. Егер қордың мүшелегі жоқ коммерциялық емес ұйым екендіген ескерер болсақ бұл ретте қордың құрылтайшыларының мүліктік емес құқықтары, яғни қорды басқару құқығы заңмен шектелуі тиіс! Мысалы, қор құрылтайшыларының өз еріктерімен қорды тарату туралы шешім қабылдауларына заңмен тиым салынуы керек деп білеміз. Бұл жағдай, әрине ең алдымен қордың құқықтық табиғатының ерекшеліктеріне байланысты, өйткені “....Қорды құрып және оған мүлік бергеннен кейін құрылтайшылар қордың мүлкіне барлық мүліктік құқықтарын жоғалтады, яғни қор осыдан кейін жарғыда құрылтайшылар белгілеген пайдалы мақсаттарды көздеп өз бетінше “өмір сүреді”...”17 

Заңның 12-бабынының 5 тармағы қор құрылтайшыларының қордың мүлкіне мүліктік құқығы жоқ және оларды міндеттемелерін орындамағаны үшін жарғыда белгіленген тәртіппен құрылтайшылырдың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкін деп көрсетеді. Біздіңше бұл нормада қарастырылған құқықтық санкцияны мүлік беруге байланысты өз міндеттемелерін орындамаған (тіпті жарғыда белгілеген күннің өзінде!) қор құрылтайшылары (құрылтайшысы) үшін қолдануға болмайды деп санаймыз. Себебі, қордан шығару (жалпы, “шығару” деген процедураның өзі қандайда бір мүшелікте болуды білдіреді емес пе?!) ол іс жүзінде қордан мүшеліктен шығарумен пара-пар, ал бұл Азаматтық кодекстің 107-бабының 1 тармағының және де Заңның 12-бабынының 1 тармағының талаптарын, нақты айтқанда қордың мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым болатындығы туралы қағидасына қайшы келеді.

Заңның 22-бабының 1 тармағының 6 тармақшасының талаптарына сәйкес, қоғамдық қордың құрылтай құжаттарында, нақты айтқанда ұйымның жарғысында оның мүлкінің құрау көздері көрсетілуі тиіс.

Қоғамдық қордың мүлкінің құрау көздері болып Заңның 13-бабының 4 тармағының 2 бөлігіне сәйкес, мыналар табылады: заңды тұлғалардан-қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер және де осы Заңның 35-бабына сәйкес, ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдылықтар, заңдарда белгіленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсімдер (кірістер), акциялардан, облигациялардан, басқа да бағалы қағаздар мен салымдардан (депозиттерден) алынған дивиденттер және заңмен тиым салынбаған басқа да түсімдерден.

Сондай-ақ, бұл тізбе ашық болып табылады, алайда, заңдармен кейде оған шектеулер белгіленуі де мүмкін, мәселен, Заңның 13-бабының 4 тармағының 3 бөлігі қоғамдық қордың мүлкі бір отбасы мүшелерінен - аталған қордың бірден бір қатысушыларынан түсетін түсімдер есебінен құрала алмайды деп белгілейді. Біздер осы нормада берілген қордың бірден бір қатысушыларынан деген сөз тіркесінде құқықтық әрі мағыналық қате бар деп санаймыз, себебі қоғамдық қор ол - мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым болып табылады, ал қатысушы деген ұғым, әрине қоғамдық қорда мүшелік бар дегенге меңзейді. Сондай-ақ Қазақстан заңнамаларында қатысушылар мен мүшелер деген ол тең ұғымдар ретінде қарастырылған сондықтанда аталған нормадағы қатысушыларынан деген сөздің орнын құрылтайшыларынан деген сөзбен алмастырған әлдеқайда дұрысырақ болар еді.

Осыған дейін жоғарыда атап өткен болатынбыз, АК 107-бабының 3 тармағына сәйкес қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлік қордың жеке меншігі болып табылады, сол себептен де, қоғамдық қор АК 44-бабының 1 тармағында қарастырылған жалпы ережелерге сәйкес өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.

АК 44-бабының 2 тармағында қарастырылған заңды тұлғаның жауапкершілігіне қатысты жалпы ереже қоғамдық қор үшін де қолдануға жатады, яғни, аталған нормаға сәйкес қордың құрылтайшылары қордың міндеттемелері бойынша, ал қор өзінің құрылтайшыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, себебі, Қазақстан заңнамасында бұл мәселе өзгеше көзделмеген.

Қазақстан Республикасында қоғамдық қордың мүлкінің ең төменгі мөлшері заңмен белгіленбеген. Ал бұл біздіңше құқықтық реттеуді қажет ететін мәселе деп айтқан болар едік, сондықтан да біздер қордың мүлкінің ең төменгі мөлшерінің заңмен тікелей белгіленуін орынды деп санаймыз. Қоғамдық қордың мүлкінің ең төменгі мөлшерінің заңмен қарастырылуының айтарлықтай тәжірибелік маңызы бар екендігін, әрине мүлдем жоққа шығаруға немесе онымен санаспауға болмайды деп санаймыз. Мәселен, Азаматтық кодекстің 107- бабының 7 тармағының 1 тармақшасы, егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшін оның мүлкі жеткіліксіз болса және қажетті мүлікті алу ықтималдығы нақты болмаса, қоғамдық қордың сот шешімі бойынша таратылатындығын айтады. Демек, бұл жағдай тәжірибе тұрғысында қоғамдық қордың мүлкінің ең төменгі мөлшерінің заңмен белгіленуінің елеулі дәрежеде тәжірибелік мәні бар екендігін аңғартса керек. Бұлай болмаған ретте, қоғамдық қорды таратуға негіз болып отырған мүліктің жеткіліксіз болуы мен қажетті мүлікті алу ықтималдығын анықтауға, сондай-ақ қорды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу мәселесін объективті құқықтық ұстанымдар, яғни белгілер бойынша жүзеге асыру қиындап кетері сөзсіз. Әрине, бұл арада қоғамдық қордың мүлкінің көлемін анықтау осы қордың көздейтін пайдалы мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті шығандарын нақты ескере отырып жүргізілгені дұрыс.



Сондай-ақ, кейде күнделікті қолданыста осы қарастырып отырған қоғамдық қордың мүлкін “жарғылық қор” немесе “жарғылық капитал” деп те жатады, әрине, бұл тек қана терминологиялық қате емес, сондай-ақ елеулі құқықтық қате деп айтқан болар едік, себебі, мұндай ұғымдар көбіне коммерциялық ұйымдарға қатысты, мысалы шаруашылық серіктестіктерінде, акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін, т.б. қолданылады, сондай-ақ, аталған ұғымдар осы ұйымдардың құқықтық табиғатына анағұрлым тән деп айтқан болар едік.

(Жалғасы бар)
Резюме
В статье “ Актуальные проблемы правового статуса общественного фонда” рассматриваются проблемные вопросы правового положения общественного фонда как некоммерческого юридического лица, в частности, отсутствие единого подхода в определение данной правовой конструкции в законодательстве РК, проблемы правового статуса попечительского совета общественного фонда, осуществления предпринимательской деятельности общественным фондом, вопросы правособственности, реорганизации и ликвидации фондов, раскрывается сущность понятий “некоммерческая организация, не имеюшая членства”, анализируются отдельные положения ГК и Закона “О некоммерческих организациях” , предлагаются пути решения проблем и устранения проблелов, допущенных в законодательстве и др.

Resume
Theme: “Actual problems of legal status іn publіc funds” Іn thіs artіcle іt іs beіng consіdered the problem questіons of legal status іn publіc funds as the uncommercіal legal person, іn partіcular, the absense of common approach іn decіsіon of gіuen legal constructіons іn legіstatіon of RKz, and problems of government and legal status jf guardіanshіp councіl publіc funds, realіsatіon of guardіanshіp councіl publіc funds. Іt іs beіng analysed separate status of uncommercіal legіstatіon of Kazakhstan and іs beіng suggested the decіsіon ways of problem and elіmіnatіon of defіcіencіes of legіstatіon and etc.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет