Ұзынкөл ауылдық кітапханасы



жүктеу 111 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі111 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> zhanibek
nav -> Аудандық балалар кітапханасы
nav -> 1920 жылдары Ілбішінде қызыл әскерлер горнизонының Чапаев атындағы клубы ашылды. Клубта алғашқы кітапхана, оқу бөлімі, үйірме ұйымдастырылды. Тұрғындар рухани құндылықтармен оқу бөлмелерінде отырып ой бөлісті, сауат ашып
nav -> Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 515 Кітап берілімі: 10276 дана
nav -> Түрлі сайыстар,ойындар,байқаулар; оқырман конференциясы, әдеби талқылау, дауыстап оқу; ақпаратты шолулар, ұсыныс әңгімелер т с. с өткізіледі
nav -> Абай ауылдық кітапханасының шежіресі
nav -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
nav -> Алмаз ауылдық кітапханасы
zhanibek -> Жақсыбай ауылдық округіне қарасты Ақадыр бөлімше кітапханасы
zhanibek -> Ақоба ауыл кітапхана тарихы
Ұзынкөл ауылдық кітапханасы
мәдениет үйі

Ұзынкөл ауылы ауданнан оңтүстік шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Тұрғыны 910 мың адам.


Кітапхана -дүниеде ештеңе теңестірмейтін білім бұлағының көзі.Қоғамның өсуі адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті,өнерлі болуы қажет.Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухын сіңіру сондай-ақ ана тілмен әдебиетін, тарихын, өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

Ұзынкөл ауылдық кітапханасы дп осындай қара шаңырақтың бірі. 50 жылдарға дейінгі кезеңде «Ленин жолы» колхозының «Қызыл отау» деп аталған, шағын бір бөлмелі мектеп жанында болған. Колхоз жастары бос уақытында, осында келіп газет журналдар оқып, көркемөнерпаздар үйірмесін құрып, шағын концерттер қойып отырған.

1959 жылдары кітапхана аты беріліп, кітаптармен толықтырылды. 1959-64 жылдар аралығында кітапханада жас маман Кама Негметова істеген.

1964 жылдан бастап «Ұзынкөл» селолық кітапханасының меңгерушісі болып Атаева Сулуғаным апай жұмыс істеген.

Сол уақытта кітапханада 380 дана кітап қорымен қабылдап алған. Ол кездерде кітап облыстық биб. Коллектор қорынан почта арқылы түсіп отырды. Кітапханада кітаптар білім санасына бөлініп, жинақталып, тіркеп отырды.

Болашақ жас ұрпақ жауангерлерді ерлік дәстүріне тәрбиелеуде үлкен тәрбиелік маңызы бар шығарма екені көрсетілді. Жастарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу, «Қыс пен қоштасу». «Алтын күз», атты кештер, «Ал, кәнеки жігіттер», «Ал , кәнеки бойжеткендер» т.б ойын жарыстар өткізілді. Ісмер қолдар үйірмесі клубын құрып, үй шаруасындағы әйелдермен жас келіншектерге тоқулар, тамақ пісіру, жаз уақытында жеміс жидектердің қысқы мерзімге жабылу туралы әңгіме өткізіліп, жастарға үйретілді.

Кітапхана партия сьездеріне, пленум, конференция материалдарына шолулар өткізіп, «насихатшылар үшін, бұл сіздер үшін» үгітшілер бұрышы ұйымдастырылды. Малшы- шопандарға, механизаторларға арналған жаңа кітап бұрышы шығарылып, жаңа әдебиеттерге бюллетень беттер шығарылып насихатталып отырылды.. Науқан кездерінде «Жауынгерлік бет», «Молния» шығарылып, көрсеткіш тақталар толтырылып, Еңбек озаттары дәріптелді. Ол кездерде аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Сара Ихсанова, Амангелді Уахитов т.б адамдар жұмыс істеді. Кітапхана жұмысына көп көңіл бөлініп, жиі аралап отырды.

1972 жылы совхоздың екі бөлімшесіне 2 кітапхана штаты беріліп, кітап қорлары бөлінді.

Ауылдың негізгі кәсібі мал шаруашылығы дала шаруашылығы. Жаз уақыттарында, науқан кездерінде малшылармен пішеншілер арасында болып, жауангерлік бет шығарып, «Сіздерге арналған жаңа кітаптар» атты кітап көрмесін шығарып, жаңа әдебиеттерге шолу өткізіліп отырылды.

Заман талабына сай сол кезде КПСС Орталық Комитетінің СССР Министрлер Советінің «Село халқының мәдени қызмет көрсетуді, одан әрі жақсатру жөніндегі шаралар туралы қаулысында көрсетілген міндеттерді басшылыққа алған селеолық кітапхана өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп, біршама игілікті шараларды жүзеге асырды.

Ізденістер нәтижесіне соңғы жылдары кітап оқушылар саны күрт өсті. Оқырман саны -130 болып өсті. Совхоз комсомол комитетімен бірлесіп, жастар арасында «Дұрыс киіне білесізбе?», «Достықты қалай түсінесіз» атты диспуттар, қыздар арасында «Қызғалдақ» қыздар клубы құрылып, тәрбиелік мәні зор кештер, диспуттар, сырласу сағаттары өткізіліп отырылды.

1979-1981 жылдар аралғында кітапхан 9177 дана кітап қоры болды. Оқырман саны -650 ге жетіп 10 мыңдай кітап айналымы болды. Жүргізілген көпшілік жұмыстар негізінен партия сьездерінің конференция материалдарын насихаттау болды.

Қазақ халқының салт дәстүрін насихаттау барысында мәдениет үйімен бірлесіп «Наурыз» тойларын өткізіп, «Жігіт сыны», «Қызы сыны», «Келін сыны» байқаулары ұйымдастырылды, онда жастарға ұлттық тәлім тәрбие бұлағына сусындатып, әдеп пен өнер әлеміне жетелеу ана тіліміздің беделін көтеріп, кейінгі ұрпаққа салт дәстүрімізді ұғындыру бағытында «Ата дәстүр асыл мұра», «Салт білген, халқын білер» тақырыптарында түрлі шаралар оздырылды.

Кітапхана 1991 жылы жаңа типтік жобада салынған Мәдениет үйіне көшіріліп, соның ішінен бір бөлме кітапханаға берілді.

Сонан бері кітапхана көпшіліктің рухани қазына орталығына айналып түрлі мәдени кештер оздырылып, Бүгінде кітапхана -18402 кітап қорымен 700ге жуық оқырманға қызмет көрсетуде.

Елбасының Халыққа арнаған Жолдауын насихаттауда, кітапханада «Дағдарыстан дамуға» атты кітап көрмесі шығарылып,ауыл тұрғындары арасында талқыланды.

Бұл жылы «Мәдениет мұра» бағдарламасының 2007-2009жылдарға арналған екінші кезеңі басталды. Аса құнды тарихи мұрамыз, ата-бабаларымыздың ұрпақтарына аманаты, өнегелі өмірлерінің өшпес іздеріндей болып бүгінге жетті. Солардың бірі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын оқырман қауымға хабардар ету мақсатында, кітапханада «Мәдени мұра- ұлт болып ұйымдасуымыздың темір қазығы» атты кітап көрмесі шығарылып, осы бағдарлама аясында кітапханаға түскен әдебиеттерге шолу өткізілді.

Қазақтың көрнекті ақын жазушылары.Ә.Тәжібаевтың туғанына-110жыл толуына арналып, көрмелер, әдеби кештер өткізілді.

«Бір ел-бір кітап акциясы аясында М.Жұмабаевтың» «Жан сөзі» кітабын насихаттау да оқырмандар назарын аударып, көптің көңілінен шыққан шығармалардың бірі- «Мағжанның бай, жатық, таза, өмір, әдемі тілі біздің ұлттық игілігіміз» атты көркем сөз оқу сайысы өтті. Оқырмандар М.Жұмабаевқа арнаған ақынның өрнекті ойы, өз арнауларын, ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Терең мағыналы-парасат пен өрілген саршыл да мөлдір поэзиясынан қуатталған оқушыларға М.Жұмабаевтың өмірі мен әдеби мұрасы таныстырылып, өмірі мен талант тағдырын танытуда «Қазақ поэзиясының асқар шыңы» кітап көрмесіне шолу өткізілді.

Ауылдық кітапхана Мәдениет үйімен бірлесе отырып жүргізген «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған»-8 наурыз мерекесіне , «Наурыз жасарумен жаңарудың мерекесі» атты театрландырылған қойылымдар , 9-мамыр күні «Ерлік ұрпаққа ұран» тақырыбында өткен, терең мазмұнды кештер көрермендерді қуантты.

Кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді насихаттауда «Оқыңыздар жаңа әдебиеттер», «Кітап әлеміндегі жаңалық» көрмелер, шолулар шығарылып таныстырылды.

Қайырымдылық айын өткізуде «Қариялар құрметті жандар» кітап көрмесі шығарылып, «Үлкенге сый құрмет кішіге жол көрсет»-тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді, оған ауыл қариялар шақырылып құрмет көрсетілді.

Елбасы Н:Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі Жолдауы қашанда еліміздің қоғамдық өміріндегі басты оқиға болып табылады. Осы орайда кітапханада «Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесі , Жолдау жолдарына арналып стендтер шығарылды. Ауыл тұрғындары мен ұжымдар арасында «Елбасының Жолдауы жарқын болашақ бастауы» атты талқылаулар өткізілді.

«Бір ел-бір кітап акциясы аясында жерлес ақын қоғам қайраткері Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасын насихаттауда «Жыр алыбы-Жұбан» атты кең көлемді кітап көрмесі шығарылып, «Жұбан-деп жырлайды жүрегім» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Аудандық кітапхананың ұйымдастыру мен өткізілген «Жұбан –деп жырлайды жүрегім» атты Жұбан оқулары байқауы өткізіліп, оған кітапхананың белсенді оқырманы М.Мұхамбетова қатысып жүлделі орынға ие болды.

Қазақ ақын-жазушылары шығармаларын мерейтойларын атап өтуде, оқырмандармен әдеби, сазды, поэзия кештері ұйымдастырылды.

Жерлес ақын Қ.МырзаӘлінің-75жылдығына орай:

«Жырламау ақын болып мүмкін емес,

Туған жер топырағын басып тұрып» атты кітап көрмесі шығарылып, «Батыстан шыққан ақын аға» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Кемеңгер жазушы С.Мұқановтың туғанына-110 жыл толуына арналып, «Бір туар тұлға»-атты кітап көрмесі шығарылып, «Қаламы әсте мұқалып көрмеген-С.Мұқанов» атты әдеби кеш өткізілді.

Ойшыл ақын-А.Құнанбаевтың туғанына-165жыл толуына арналып, «Абай тарихтағы кемеңгер ұлы ақын» тақырыбында кітап көрмесі шығарылып, «Әр өлеңі-бір әлем» атты өлеңдер жинағына шолу өткізілді.

Қоғам қайраткері ақын Ғ.Қараштың туғанына-125жыл толуына орай: «Ғұлама дарын-ірі тұлға» атты кітап көрмесі шығарылып, «Ғумар жыры ұрпақтар жадында» атты әдеби кеш өткізілді.

Мәдени мұра бағдарламасын насихаттауда, «Мәдени мұра –ұлт рухының алтын қоймасы» атты кең көлемді кітап көрмесі шығарылып, «Мәдени мұра ұлтымыздың қазынасы» атты кітапханаға түскен мәдени мұра бағдарламасы аясында шыққан кітаптарға шолу өткізілді.семинар кеңсеге қатысушы қаламгер Ұзынкөл ауылында да болып,мәдени-мұра бағдарламасы аясында өткізілген жұмыстар мен танысып,сол кезде Мәдени мұра ұлттық мақтанышы атты көлемді кітап көрмесі ұсынылып таныстырылды.

Оқитын Қазақстан бағдарламасы аясында оқырманның терең оймен сапалы білімге жеткізуде кітапты алатын орны ерекше екенін түсіндіруде. Ата-анамен бала арасындағы кітап жайлы көзқарасын білу мақсатында «Әулеттің кітаптан алар мұрасы» атты пікірлесу өткізілді.

Оған кітапхананың белсенді оқырман отбасылары шақырылды. Ата-аналарға кітап туралы мақал-мәтелдер, жалғасын тап, ойындары, кітап оқу туралы беріліп, «Рухани құндылық кітап» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді.

Ауылдық Мәдениет үйімен бірлесіп, «Ардақты менің анашым»,мерекелік концерті, «Армысың әз Наурыз» атты театырландырылған мерекелік концерті бірлесіп өткізілді.

Ұлы Жеңістің-65жылдығына орай: «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты кітап көрмесі шығарылып, «Отты жылдар ойымнан кеткен емес» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.Оған тыл ардагерлері шақырылып,мерекелік концерт қойылды.

Аудан көлемінде Ұлы Жеңістің-65жылдығына өнер фестивалі өткізілді.Ауыл көркем өнерпаздары өнер додасына қатысып өнерлерін көрсетті.

1-қазан Егде адамдар күніне арналып, «Қариялар құрметті әз жандар»атты көлемді кітап көрмесі шығарылып, «Жан жылуымыз, ән жырымыз сіздерге арналады» атты концерт қойылып, ауылдың үлкендері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып дастархан жайылып,құрмет көрсетілді.

Бұл жылы елеулі жаңалық ауылымызға табиғи газ тартылып, облыс әкімі Б.Ізбұхамбетов ашылу салтанатына қатысты. Ашылу салтанатында айтыс ақыны Мұрадым Мирланов жырдан шашу шашты.
Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы жолдауында-мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруді қойды.Осы бағытта кітапханада «Тілім биік тұғырым» атты әдеби-сазды кеш өткізіліп, «Жаса жайна мәңгілік ана тілім»,атты кітап көрмесі ұсынылды.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам бағдарламасына орай: «Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле» атты кітап көрмесі шығарылып, «Ер дәулеті- еңбек» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Еңбек адамдарына құрмет көрсетіп,олардың еңбегін үлгі тұту,жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу мақсатында.Дөңгелек үстелге еңбек ардагерлері шақырылып құрмет көрсетіліп,сыйлықтар тарту етілді.

2030-бағдарламасына орай, «Тұғыры биік туған ел» атты кітап көрмесі шығарылып, «Қазақстан-Отаным алтын бесік» атты кеш өткізілді. 9-11 сынып оқушылары қатысып,қазақ ақындарының өлеңдерін оқып,әндер орындады.

2007 жылы облыс әкімі Б.С.Ізмұханбетовтың Ұзынкөл ауылдық кітапханасына келген сапары.

.

Елімізде тұңғыш рет өткізілген қысқы ІҮ Азияда ойындарының алауын өткізу рәсімін өткізу барысында.ҮІІ қысқы Азияда-2011 тақырыбында кітап көрмесі шығарылып, мектеп жанындағы спорт залында ашылу рәсімі өткізілді. Алғашқы сөз кезегін ауыл әкімі Н.Елемесов ашып құттықтап,қазақ елінің туы биік көтерілуіне жеңіс тіледі. Ауылымыздың жас әншілері «Жаса Қазақстан, Өз елім, Атамекен т.б.» әндері шырқалып, спорттық ойындар өткізілді.



Ауыл студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары, жас мамандар мен «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ» кездесу кеші өткізілді.Студентке, жастарға оқушылар сұрақтар қойып, көркем сөз оқылып,әндер айтылды.

Еліміздің Тәуелсіздік алғанына-20жыл толуына арналып, «Тәуелсіздік жасампаздық мұратымыз» тақырыбында көлемді кітап көрмесі шығарылып, «Тәуелсіздік ел тірегі» тарихи әдеби кеш өткізілді. Бұл мереке қарсаңында бүкіл Қазақстан бойынша аталып өткен «Жұлдызды-20күн» мерекелік шарасына аудандық фестивалінде ауыл өнерпаздары концерт қойды.

Жәнібек ауданының құрылғанына 90 жыл осы орайда барлық ауылдарда түрлі кең көлемде шаралар оздырылды.

Ұзынкөл ауылының кітапханасында «Шежірелі сырға толы- Жәнібегім »-атты кеші өтті.

Жаса,жаса Жәнібегім,жарқыным,

Сенде бөлек нажағайдың жарқылы

Мен келемін алшаң басып әлемде,

Сенің ғана қасиетін арқылы- деп ақын жырлағандай туған жерін,елін сүймейтін пенде жоқ шығар.

Кеште ауданның шығу тарихы Ұлы Отан Соғысы кезіндегі аудан жұртшылығының тұрмыс-тіршілігі туралы көптеген тың деректер айтылып өтті.. Қазір ауданымыз күн сайын өсіп өркендеу үстінде.Самаладай шамдары жарқырап, көшелерге тротуар төселіп, асфальт жолдар салынды. Аудан жастарына «Арман» жастар орталығы ашылып, онда жастар үшін түрлі тәрбиелік мәні зор шаралар оздырылуда. Аудан халқының демалуы, серуендеуі үшін аудандық мәдениет және демалыс саябағы халық игілігіне айналуда. Аудан халқының назарына орталық алаңда ауыз біршілікпен жарасымды өмір салтының көрінісіндей әсер қалдыратын биіктігі 14 метрдей «Жасампаздық тұғыры» бой көтерді. Бұл аудан ауыл халқы үшін зор мақтаныш.

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ф.Оңғарсынованың өлеңдеріне арналып, «Жыр тамған жүрек» атты өлеңдеріне шолу өткізілді. «Дауа» кітабын насихаттауға арналып, «Далам менің қазынам,жыр сандығым» кітап көрмесі шығарып, «Поэзия патшайымы» атты әңгіме өткізілді.Онда ақынның өлең-кітаптары таныстырылды.Ауданда өткен поэзия кешіне ауылдық кітапхананың белсенді оқырмандары Ә.Қибатова,А.Зинекенова қатысып ақынның өлеңдерін оқыды. Кітапханада Ф.Оңғарсынованың шығармаларын насихаттауда «Өлең мен сені аялап өтем» жыр кеші өткізілді.Ақынның көптеген өлеңдері оқылып, слайд арқылы ақынның өмірі мен шығармашылын тамашалап, көрме таныстырылды. Кеште ақынның біраз өлеңдеріне жазылған әндері орындалды.


Алаш қозғалысының қайраткері ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, М.Жұмабаевтың туғанына 120-жыл толуына арналып «Қазақ поэзиясының асқар шыңы» кітап көрмесі ұсынылып, «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» жыр кеші оздырылды.

Ақынның өмірі шығармашылығы таныстырылып, «Қазақ тілі», «Жер жүзіне», «Мен жастарға сенемін», « Тұтқын», «Өнер білім қайтсе табылар», «Туған жер» т.б. өлеңдері жатқа оқылып, шығармаларына шолу жасалды.

Халқымыздың аяулы ұлы,тума талант, ғұлама дарын иесі Ғ.Қараштың-140 жылдығына арналып, аудан орталығында өткен жыр кешіне, кітапхананың белсенді екі оқырманы барып қатысып,өлеңдерін оқыды.

Жазғы каникул кезінде балаларға арналып, «Жаз мерейлі, жаз жарқын жайдарлы жазғы каникул» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Жұмбаққа да қалмас шешім табылмай» атты сайыс өткізілді. Жазғы лагерьде демалушылар арасында жұмбақтар арқылы оқушының ой-өрісін ойлау қабілетін дамытып, танымын кеңейту шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, жарысты.Жақсы қатысқан топқа сыйлықтар берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты стенд шығарылып,Мәдениет үйі қызметкерлері арасында талқыланды.Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы жолдауында-мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруді қойды.Осы бағытта кітапханада «Тілім биік тұғырым» атты әдеби-сазды кеш өткізіліп, «Жаса жайна мәңгілік ана тілім»,атты кітап көрмесі ұсынылды.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам бағдарламасына орай: «Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле» атты кітап көрмесі шығарылып, «Ер дәулеті- еңбек» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Еңбек адамдарына құрмет көрсетіп,олардың еңбегін үлгі тұту,жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу мақсатында.Дөңгелек үстелге еңбек ардагерлері шақырылып құрмет көрсетіліп,сыйлықтар тарту етілді.

2030-бағдарламасына орай, «Тұғыры биік туған ел» атты кітап көрмесі шығарылып, «Қазақстан-Отаным алтын бесік» атты кеш өткізілді.9-11 сынып оқушылары қатысып,қазақ ақындарының өлеңдерін оқып,әндер орындады.

Кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді оқырманға жеткізу мақсатында, «Кітап әлемінде жаңа кітаптар» атты көрмелері ұйымдастырылып, «Жаңа әдебиеттердің ақпараттық тізімі» тақырыбында жарнама беттер шығарылып ұжымдарға таратылды.



Неғметова Мария Жұмабайқызы
1958жылы 21-сәуірде Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданы,Ұзынкөл ауылында дүниеге келді.

1965жылы В.И.Ленин атындағы 8-жылдық атындағы мектептің 1-ші класына барып, 1975жылы Т.Жароков атындағы орта мектебінің 10-класын бітіріп шықты.

Білімі арнаулы орта.

1984жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесіне түсіп,аталған училищени 1986 жылы «кітапхана» саласы бойынша бітіріп шықты.



1975жылы Ақшкол елді мекенінің клуб меңгерушісі қызметіне қабылданды.
1977жылдан Ұзынкөл совхозы орталығындағы кітапханада меңгеруші болып қызмет жасайды.
Марапаттары:
1999жылы Жаңа мыңжылдық ХХІ ғасырға өзіндік шығармашылықты қолтаңбасымен аттағалы отырған,бұдан әрі рухани қуат беру мақсатында және өткен ғасырдағы сіңірген еңбегіне лайықты бағалау үшін мәдениет бөлімінің басшысының алғысы жарияланды.
2012жылы аудан әкімінің мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай мәдениет саласында көп жылғы жасаған жұмысы үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жәнібек ауданының құрылғанына 90-жыл толуына орай «Шежірелі сырға толы-Жәнібегім» атты әдістемелік құралдар байқауында І-жәрежелі дипломмен марапатталды.
8-наурыз Халық аралық мерекесіне арналған мерекесіне арналған аудан әкімі Б.Есенғалиевтің құттықтау хатымен марапатталды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет