ҚҰзыретті органдардың Өзара келісімі



жүктеу 35.57 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі35.57 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ӨЗАРА КЕЛІСІМІ

Осымен Ақш пен Қазақстан Республикасының құзыретті органдары, Хаттамамен қоса 1993 жылғы 24 қазандағы АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны Уағдаласушы Мемлекеттердің заңдарына сәйкес фискальді ашық болып қарастырылатын тұлғалардың қолдануға құқықтылығы бойынша келесі Өзара Келісімді (Келісім) жасайды. Келісім фискальді ашық тұлғалардың Конвенцияны қолдануға қашан құқықты екендіктерін белгілейді және бір Уағдаласушы Мемлекетте Конвенцияға сәйкес жеңілдіктерді алу құқығының тәртібін айқындайды.


1. Фискальді ашық тұлғалардың Конвенцияны қолдануға құқықтылығы
Конвенцияның 4 (1) (b) бабы келесіні қарастырады:

Осы Келісімнің мақсаттары үшін «Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті» термині сол Мемлекеттің заңнамасы бойынша тұратын жері, резиденттігі, азаматтығы, басқару орны, заңды тұлға ретінде тіркелу орны немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да критерий негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді.

b) егер табыс серіктестікпен, қормен немесе сенімгерлік қормен алынса, резиденттік сондай табысқа қатысты салық салынуға жататын тұлғаның резиденттігіне сәйкес анықталады.

Құзыретті органдар Конвенцияның 4 (1) (b) бабын қолдану кезінде қайда құрылғанына қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттердің заңдарына сәйкес фискальді ашық болып қарастырылатын тұлғамен бір Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алынған табыс екінші Уағдаласушы Мемлекет резидентінің табысы ретінде сондай табысқа салық салынуға жататын бөлігінде екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентімен алынған табыс ретінде қарастырылады деп түсінетініне келіседі.

Мысалы, АҚШ резиденті федералды салық салу мақсаттарында серіктестік болып қарастырылатын жауапкершілігі шектеулі компанияның (LLC) мүшесі болып табылса, АҚШ резидентіне Қазақстанда LLC арқылы алынған табысына қатысты сондай табысқа қарасты резиденттің қатысу үлесі бойынша Конвенцияны қолдану құқығы беріледі. Осындай ереже серіктестіктіің мүшесі, S Corporations бөлімі бойынша Корпорацияның акционері, оның иесінен бөлек тұлға болып саналмайтын LLC иесі, немесе трасттық сенімдіктің иесі боып табылатын АҚШ резидентіне қоданылады.

Ұқсас түрде, егер Қазақстан резиденті жай серіктестіктің, консорциумның, немесе Қазақстанның заңнамасы бойынша фискальді ашық болып қарастырылатын басқа да бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып табылса, Қазақстан резиденті сондай шарттар арқылы АҚШ-тан алатын табысына резиденттің сондай табыстағы қатысу үлесіне сәйкес Конвенция ережелерін қолдана алады.


2. АҚШ резиденттігін растаудың тиісті рәсімі
Жалпы немесе шектеулі серіктестік сияқты әрбір фискальді ашық тұлға АҚШ резиденттері болатын оның иелері атынан резиденттік сертификаттарын сұрап алады. Сәйкесінше, АҚШ LLC-ы немесе АҚШ-та болмаса басқа жерде ұйымдастырылған және АҚШ федералды салық салу мақсаттарында серіктестік болып саналатын басқа да тұлға 6166 нысаны бойынша резиденттік сертификатын серіктестік сияқты әдіспен алады. 1065 нысанын тапсыратын серіктестіктер үшін (серіктестіктер табысы үшін АҚШ декларациясы, әдетте ішкі серіктестіктер мен АҚШ-тан табыс алатын шетел серіктестіктері үшін) 6166 Нысаны сондай нысанды тапсырғаны туралы куәландырады және АҚШ резиденттері ретінде салықтық декларациясын тапсырған серіктестер тізімін құрайды. 6166 Нысаны салық агентін жеке төлемді нақты серіктеске бөлуге қатысты ақпаратты ұсыну мақсатында тікелей серіктестікке жүгіну қажеттілігі туралы хабарлайды. Егер Американдық серіктестері бар шетел серіктестігі 1065 нысанын тапсырмау керек болса, 6166 нысаны сол туралы куәландырады және басқа жағдайда оның Американдық серіктестіктеріне қатысты сондай ақпаратты қамтиды.

АҚШ LLC-ы немесе АҚШ-та болмаса басқа жерде ұйымдастырылған, АҚШ салық салу мақсатында оның иесінен бөлек болып саналмайтын басқа да тұлға LLC немесе сондай басқа тұлға оның жалғыз иесінің филиалы, бөлімі, әлде құрылымдық бөлімшесі болып табылатынын және сондай жалғыз иесі АҚШ резиденті болып табылатынын куәландыратын 6166 нысанын алады.

АҚШ салық салу мақсаттарында S корпорация болып қарастырылуды таңдаған АҚШ корпорациясы арқылы табыс алатын АҚШ резиденті серіктестіктегі серіктестер сияқты тәртіппен сертификатталады. S корпорация 1120S нысаны, S корпорация үшін табыс салығы бойынша декларациясын, ақпараттық декларациясын тапсырғанын куәландыратын және АҚШ салық салу мақсаттарында АҚШ резиденттері болып саналатын акционерлер тізімін құрайтын 6166 Нысанын алады.

Құзыретті органдар Қазақстанда Конвенцияның ережелерін қолдану үшін 6166 Нысанының түпнұсқаларын ұсынатын АҚШ тұлғаларына сондай нысандардың түпнұсқалығын куәландыру мақсатында апостиль алуы талап етілмейтініне келісті.

Төменде қол қойған құзыретті тұлғалармен келісілді:
Дәулет Ерғожин

Төраға


Қазақстан Республикасы Douglas W. O’Donnel

Қаржы Министрлігінің U.S. Competent Authority

Мемлекеттік кірістер комитеті Internal Revenue Service

Department of the Treasury

Қазақстан Республикасы United States of America

Астана қ., Жеңіс д. 11 1111 Constitution Avenue, N.W.



Washington, D.C. 20224

2014 жылғы 26 қараша 2014 жылғы 10 қазан



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет