Зырян қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің оңды имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі ақпарат



жүктеу 63.06 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі63.06 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Зырян қаласы әкімі

аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің оңды имиджін

қалыптастыру және нығайту жөніндегі

ақпарат

(2011 жылдың III тоқсанына)

Зырян ауданы әкімінің 2011 жылғы 10 маусымдағы «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Зырян ауданы әкімінің web-сайттарында орналастыру үшін ақпарат беру туралы» № №-598ө өкімінің 2- тармағының 1) тармақшасын орындау мақсатында және Зырян ауданы әкімімен бекітілген «Зырян ауданында мемлекеттік қызметтің оңды имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарына» сәйкес қала әкімінің аппаратында жоспардың тармақтарын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Зырян қаласы әкімінің аппараты тұрғындармен тұрақты жұмыстар жүргізіп тұрады, осындай жұмыстардың барысында ақпараттық- насихаттық жұмыстың негізгі нысандары мен әдістері болып табылатын кездесулер, жиындар, жеке қабылдау және тікелей желілер өткізіледі. Қалада қала мектептерінің жастар ұйымдары, ақсақалдар кеңесі, ардагерлер кеңесі, саяси партиялар, діни бірлестіктер, этномәдени бірлестіктер, кәсіптік одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыс атқару механизімін нығайту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Басшылармен, тұрғындармен кездесулер Зырян қаласында, сонымен қатар қажет болған жағдайда Грехово кентінде де өткізіледі.

«Зырян қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2011 жылы Қазақстан Республикасының негізгі бағдарламалық құжаттарын, Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық-насихаттау бойынша жұмысын жалғастыруда. Жолдау шыққан күннен бастап 450 адамды қамтыған 30-ға жуық кездесу өткізілді. Тұрғындармен өткізілетін ақпараттық-насихаттық жұмыстың барысына «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдармен бірлесіп қала әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілері қатысады. Әкім аппаратында «Ақпарат» стендінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауының толық мәтіні және барлығына қол жетімді жерде Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексінің мәтіні, ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік басқармасының Тәртіптік кеңесіне және ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша комиссияға шағымдар мен ұсыныстарды жинауға арналған жәшіктер орналастырылған. Қала әкімінің аппаратында 7-90-58 «сенім телефоны» бар.

2011 жылдың III тоқсанында қала әкімінің міндетін атқарушы Л.А. Гречушникованың жанында келесі мәселелер бойынша ұйымдар, кәсіпорындар басшыларымен кеңестер өткізілді: жол жабындысын жөндеу, қала аумағының санитариялық жағдайы туралы, дүкендердің қасбеттері мен көрмелерін безендіру, жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің бағасын көтеру, саяжай учаскелерін қорғау, ҰОС ардагерлеріне шатырларды жөндеу, қала көшелерінің жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарының мерзімін ұзарту, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілетін ісшаралар. Кездесулер ұйымдар, кәсіпорындар басшыларымен, Ардагерлер кеңесімен, учаскелік инспекторлармен өткізілді.

Қала әкімінің жанында қаланың Әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес жұмысын жалғастырып жатыр. Құрамына ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшылары, кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар басшылары кіреді, кеңестің барысында әртүрлі бағыттағы мәселелер талқыланады. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Кеңестің 1 отырысы өткізілді, оған тұрғындарға тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, қаланың тұрғын үй қорының үй ішілік жүйелерін жылу беру маусымына қосу бойынша және зыряндықтармен ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған қызметтердің басшылары шақырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 06.04.2005 жылғы «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есептік кездесулер өткізуі туралы» № 1546 Жарлығының негізінде қала әкімі өткізген есептік кездесулердің барысында айтылған сұрақтар мен ұсыныстар бақылауға алынған.

Көп пәтерлі тұрғын үйлер мен үй ішілік жылу жүйесін қысқы мерзімге дайындау үшін қала әкімі аппаратының қызметкерлері мен өзге мемлекеттік мекемелердің жұмысшылары ағымдағы жылдың қыркүйек айында үй ішілік жылу жүйесін қысқы мерзімге дайындау мақсатында тұрғындармен жиындар өткізді. Жиындар өткізу барысында тұрғындарға жөндеу жұмыстарын орындайтын мамандандырылған қызметтер туралы ақпарат берілді.Барлығы 80 жиын өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.09.2002 жылғы «Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында қабылдауды ұйымдастыру туралы» № 974 Қаулысына және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13- бабына сәйкес қала әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың кестесі тоқсан сайын бекітіледі. Азаматтарды қабылдау айына 2 рет өткізіледі. Алайда толғандыратын мәселелерін шешу үшін Зырян қаласының тұрғындары жеке қабылдаулар жазыла алады, сонымен қатар қала әкімінің міндетін атқарушыға немесе мемлекеттік қызметшілерге телефон шала алады.

Мемлекеттік қызметшілер жастармен тұрақты жұмыс жүргізеді, кездесулер, акциялар, конкурстар ұйымдастырады, барысына Зырян қаласы колледждерінің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысады. Қаланың жастары қаланың аумағында өткізілетін барлық қоғамдық-маңызды ісшараларға қатысады. «Жиырма жарқын іс» акциясының шеңберінде 2011 жылдың қазан айында қайың ағаштарының көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр, алдыңғы жылы сияқты ағымдағы жылдың желтоқсан айында да СПИДқа қарсы күрестің халықаралық күнінің шеңберінде колледж оқушыларымен, медицина жұмысшыларының қатысуымен кездесу өткізу жоспарланып отыр. 2011 жылдың қыркүйек айында Ақсақалдар кеңесінің, орта арнаулы оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларының, «Нұр Отан» ХДП Зырян ауданындағы филиалы өкілдерінің, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді, барысында болашақта бірігіп істейтін жұмыстардың жоспары талқыланды.

Зырян ауданы әкімінің жанында жастар істері жөніндегі кеңес өз жұмысын атқарады, аталған кеңестің құрамына абаттандыру мәселелерін реттеу инспекторы- Г.Б. Сүлейменова қала әкіміні аппаратының атынан енгізілді.

Кәмелетке толмаған балаларды қорғау және жағдайлары нашар отбасыларымен жұмыс істеу мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның құрамына Зырян қаласы әкімінің м.а. Л. Гречушникова енгізілді, комиссия отырыстары көбінесе қала аумағында, қажет болған жағдайда Зырян ауданының өзге елді мекендерінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А. Мусиннің тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде қала әкімінің м.а. Л.А. Гречушникова тікелей желі өткізді. «Тікелей желінің» өтетін күні мен уақыты, телефондар мен электронды пошта туралы ақпарат азаматтарға «Пульс!» газеті арқылы хабарланды.

Қазақстан Республикасының Конституция Күнін мерекелеуге байланысты Зырян қаласының Достық үйінде келесі тақырыптағы дөңгелек үстел отырысы өткізілді: «Конституция- халық берген, мемлекеттің төлқұжаты», аталған отырысқа Зырян қаласы әкімінің м.а.- Л.А. Гречушникова, бөлім бастығы- Э.И. Гаязова қатысты, әр қатысушы мемлекеттің негізгі Заңында белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының іс жүзінде қалай іске асырылып жатқандығын айтты. 30 тамызда жалпықалалық шеру өткізілді, шеруге қаланың еңбек ұжымдары, мемлекеттік қызметшілер мен Зырян қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Шеруге сонымен қатар этномәдени бірлестіктер де қатысты, татар халқының этномәдени бірлестігінің атынан ұйымдастыру-кадрлық және құжаттамалық жұмыс бөлімінің бастығы Э.И. Гаязова қатысты.

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында белгіленген қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту және негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде қала әкімі аппаратының жұмысшылары «Денсаулық күніне» орай өткізілген спорттық ісшараларға қатысты.

«Жиырма жарқын іс» акциясының шеңберінде Зырян қаласының аумағында көп пәтерлі үйлер тұрғындарының арасында үй ішілік ойын алаңдарын қалпына келтіру және Зырян қаласының аумағын абаттандыру мақсатында «Ең үздік аула» қалалық конкурсының нәтижелері шығарылды.

Зырян қаласының аумағында ЕХЖ жұмыс атқарады, құрамына барлық меншік түріндегі ұйымдар, кәсіпорындар басшылары, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер кіреді. ЕХЖ барлық жұмыстары Зырян ҚАІІБ өкілдерімен бірігіп атқарылады. ЕХЖ жұмыс кестесін Зырян ҚАІІБ бастығы, полиция полковнигі А.Қ. Мұрзықанов келіседі. 2011 жылы жұмыс 03 мамырдан басталды және 30 қарашаға дейін жалғасады.

Зырян қаласы әкімінің аппараты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен бірігіп жұмыс атқарады. Өткізілетін барлық ісшаралар туралы ақпарат жергілікті ақпараттық- саяси газеттерде, «Алва» телеарнасында және Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады. Апта сайын, әр жұмада әкімнің міндетін атқарушы Л.А. Гречушникова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өткізеді, кездесу барысында барлық толғандыратын сұрақтарға жауаптар беріледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 2011 жылдың III тоқсанында келесі ақпараттар жарияланып, орналастырылды: «Ақсақалдармен кездесу», «Абайлаңыз бруцелез!», «Қыстың дауылы алыс емес», «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына», «Ағаштарды кесу- Зырян қаласын абаттандыру мәселелерінің бірі», «Қаланы абаттандыру», «70 ағаш бюджет есебінен кесілді», сонымен қатар Зырян ауданы әкімінің сайтындағы қала әкімі аппаратының құрылымына түзетулер енгізілді.


Зырян қаласы әкімініңміндетін атқарушы Л. Гречушникова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет