«зоопсихология» ПӘні бойынша



бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК

042-14.05.01.20.39/03-2012



«Зоопсихология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Баспа №3

26.02.2010 орнына Баспа № 4 ------------






ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«ЗООПСИХОЛОГИЯ»

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050300 «Психология» мамандықтарына

оқу-әдістемелік кешені


Семей 2012



Мазмұны:


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

  5. Студенттің өздік жұмысы


1 Глоссарий – түсініктемеер


  • Зоопсихология – жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көріністері жайлы ғылым.

  • Зерттеу әдістері – психикалық құбылыстар жайлы мәліметтер жинақтау құралы., жануарлар психикалық құбылыстардың заңдылықтары, байланыстары, қарым – қатынастары жайлы ғылыми ақпараттар жинақтау.

  • Психика – объективті шындақтың жануар психикасында бейнеленуі қоршаған ортаны бағдарлауда белсенділік дағдыларын қалыптастырады.

  • Қылық – әрекеті – жануарлар психикасының алғы шарты, мінез – қылық функциясына психикалық әрекет қалыптасып қоршаған ортаға организмнің белсенділігін тудырады, бағыттайды.

  • Экстрополяциялық рефлекстер – заттардың кеңістікте орналасуын алдын – ала танып білу рефлекстері.

  • Таксистер – қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қозғалыс белсенділіктің қозғалыс түрі.

  • Инстинктер - өмірлік маңызы бар, белгілі бір әрекет істеуге бой ұрғызатын тұқым қуалайтын қасиет.

  • Коацерваттар- белокты молекулалық күрделі қосындысы

  • Панпсихизм - психика барлығында бар.

  • Антропропсихизм - психика тек қана адамға тән

  • Биопсихизм - барлық тірі материяда психика болады.

  • Фитопсихизм - психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар.

  • Нейропсихизм - психика жүйке жүйесі барларда болады.

  • Анималпсихизм - психика барлық жануарларға тән.

  • Тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы

  • Настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторлармен сәйкес келуі.

  • Таксистер - грек тілінен аударғанда «реттік орналасу» көп клеткалы организмнің сұйықтық қозғалысы

  • Хемотаксис – химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің қозғалыстары: -жағымды,-жаағымсыз

  • Термотаксис – температураның ықпалына қарай қозғалысы.

  • Фототоксис – жарықтың ықпалына қарай қозғалысы.

  • Реотаксис – судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы

  • Гальвонотаксис – электр тогымен байланысты қозғалыстар.

  • Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттандыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары.

  • Қажеттіктер – биологиялық, рухани.

  • Вилюнас – генетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қажеттілік.

  • Латенттік үйрету – жасырын үйрету.

  • Қылық-әрекетті жетілдірудің имитациялық тәсілдері «еліктеу» және «викарлық» (латыннан vikarus – орын басатын) үйрету деп бөлінеді.

  • Еліктеу дегеніміз – іс-әрекеттің немесе қимылдың мақсатын түсінбей-ақ тура көшіру арқылы үйрету тәсілі.

  • Викарлық үйрету – тілеген мақсатқа жетуде қылық-әрекет формасын «технологиялық үлгі» (аналог) ретінде көшіру.

  • Импринтинг (алғаш О. Хейнрот пен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның imprint – із қалдыру, көргенді есте сақтау) дегеніміз – жануар өмірінің алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай «жазылып, еске сақталынып қалуға» әкелетін тума ерекшеліктердің қосылуымен шартталған құбылыс

  • Үйрету – жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану, Провотворовтың анықтамасы бойынша үйрету - жануарлардың белгілі бір сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті:

  • Оқыту – белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс (процесс).

  • Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тітіркендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы.

  • Айдия - кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесінің бұзылуы).

  • Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы.

  • Гомеостаз–организмнің ішкі жағдайын қалыпта, тұрақтылықта сақтап отырудағы белсенділігі, яғни өзін өзі реттеуі.

  • Биологиялық (ритмдер) ырғақтар немесе био-ритм - космостық уақытпен организмнің ішкі тұрақтылығы, ішкі ритмінің сәйкестеліп келетін ырғақтық қозғалыстардың әрекеті.


2 ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ
1-ші дәріс тақырыбы: Жануарлар психикасы мен жүріс-тұрысы

Сұрақтары:

  1. Жануарлар психикасы туралы түсініктің дамуы

  2. Эволюция процессі.

  3. Жануарлар психикасының даму кезеңдері.

  4. А.Н.Леонтьевтің зоопсихология дамуына қосқан үлесі.

Психика – ғылым ретінде психологияның зерттейтін көптеген субъективті құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуі бір емес екі бастамаға тәуелді. Психика табиғатын түсіндіруде материалдық және идеалистік көзқарастар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке бастамалар. Материалистік түсініктер бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Қазіргі зерттеулер бойынша бір клеткалы қарапайымдылардың психикалық құбылыстарына тән ерекшелік: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік, ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік. Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды. Ол қоршаған ортамен байланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді жәнеұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге деген қабілеттілік қосылды.

Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық органикалық қосылулардан басталған, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері пайда болған. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею, генетикалық жүре п.б. ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.

Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі психика дамуының қайнар көзі болды.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б. Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Психиканың дамуы мен жануарларда қылық-әрекеттің дамуы қалай жүзеге асты?

Жануарлардың қылық-әрекеттерін зерттеу - адамзаттың күнделікті тәжірибесі. Біріншіден, біз қайда тұрмайық және немен шұғылданбайық бізге жануарлармен күнделікті жағдайда қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Мысалы, аңшы өзінің аңдыған аңының әрекетін білуі керек, фермерші - өзінің жануарларының қылық-әрекетін және зиян келтіретін (тышқан, қосаяқ т.б.) жыртқыштардан қалай айырылу керектігін , балықшы – қайда және қалай, қай кезде балық ауланатынын білу керек. Ал қала тұрғындары үйде үй жануарларын ұстамаса да (мысық, ит, құс) жануарлармен күнделікті өмірде бетпе-бет кездесіп жатады. Екіншіден, біз «Homo Sapines»-тің саналы адамның ерекше түрі болғандықтан бір-бірімізбен әртүрлі қарым-қатынасқа үнемі түсе отырып, қарым-қатынас барысындағы қарсыласымыздың іс-қимылы мен көптеген әрекеттерінен көңіл-күйін, сезімдерін, өзімізге арналған көзқарасын (жағымды немесе жағымсыз) ықыласын, қылығын, сөзін және т.б. бақылаймыз. Әдетте біз қарсыласымыздың әдеттеріне баға беріп, жақсы жақтарын өзімізге қабылдап, өмірлік тәжірибеде қолдана аламыз.

Алайда адам тек бақылауға ғана талпыныс жасамайды, әрдайым өзі өмір сүріп жатқан әлемін тануға үнемі ұмтылады. Адамның ғылым-білімге деген қызығушылығы мен құштарлығы жаңаны білуге ұмтылысы мен танымдық шығармашылық әрекетінің негізінде пайда болды. Сондықтан адамдардың жануарлар қылық-әрекетін танып білуге деген танымдық қызығушылығы, жануарлардың қылық-әрекетін ғылыми тұрғыдан зерттеуге әкелді. Енді ғана қалыптасып, дамып келе жатқан зоопсихология ғылымының аумағы жануарлар өмірінің жеке қызықты эпизодтарынан ғана тұрмайды. Оның басты мақсаты: жануарлардың психикасындағы бейнеленудің ерекшеліктері, жануарларды тіршілікке итермелейтін қандай күш бар және әртүрлі жағдайларда қимыл–қозғалыстарын қалай өзгертеді, және т.б. жануарлар түсінігіне қатысты мәселелерді анықтау.

Жануарлардың қылық-әрекеті дегеніміз не? Бұл сұрақтың қысқа, әрі нақты жауабы жоқ. Дөрекі тілде айтқанда қылық-әрекет дегеніміз – бұл жануарлардың қимыл-қозғалысы. Бірақ бұл бір жерден екінші жерге орын ауыстыру түрлері: жүгіру, жүзу, өрмелеу және т.б. ғана емес, сонымен қатар жануарлардың қоректену, дем алу барысындағы қозғалыстарын да жатқызамыз. Қылық-әрекетке жатқызылатын қимылдар мұнымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, құлағын тікірейту, дыбыс шығару да жануарлардың қылық-әрекетіне жатады. Ал кейбір жануарлардан адам қабілетіне ұқсас ұяттан қызару сияқты әрекетті байқауға болады. Олар жыртқыштардан қорғану мақсатында, қарсыласына шабуыл жасағанда, не ұрғашының көңілін аулау мақсатында, өзінің реңдерін түрлі-түстерге өзгертуде байқалады.

Жануарлардың қылық-әрекетінің көп түрлері бар, оларды ғылыми негізде түсіндіру, сипаттау және талдау үшін көптеген зоолог ғылымдар зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Екі түрлі жануардың қылық-әрекеті бірдей болмайды. Мысалы, Зарянка құсының өлең айтуынан қоректену әдісі, ұя салуы, қауіп-қатер жағдайында түрлі қимылдарды қабылдауы, некелік ойындарын танып білуге болады. Сондайақ түрлері бір жануарлардың қылық-әрекет типтері де әртүрлі болады, мысалы: шағалалар суда сүңгіп балық ұстап, не ауру құсты өлтіріп, не шыбын-шіркей, құртпен қоректенеді; дегенмен жануарлардың қылық-әрекеті шектеулі болады (шағала балықты сұңқар сияқты ұстай алмайды, ал зарянка ұяны печник құсы сияқты сала алмайды).

Неге жануарлар қылығы әртүрлі және шектелген? Бұл сұрақ қарапайым көрінгенімен, толық білу үшін маңызды орын алатын мәселелер жан-жақты зерттелуде. Жануарлар қалай қоректенеді және неге қоректенеді? Одан қандай пайда? Бұл сауалдардың алғаш жауабы: тірі қалып, өмір сүру үшін. Қылық-әрекеттің маңызы, көп пайдасы тіршілік үшін күресте көрінеді. Ешбір қимыл-қозғалыссыз тіршілік ету мүмкін емес. Қылық - әрекеттің нәтижесі оның себептері жайлы мәселені қозғайды. Өмір сүруге қажетті қимыл – қозғалыстарды меңгеріп, күнделікті тіршілігінде қолданып, жаңа іскерлік пен дағдыларды игере отырып, кез–келген тірі организм сыртқы ортаға бейімделеді. Орталық жүйке жүйесі жұмысын өз бетімен дербес атқармайды, басқа бастаулардан әсерлер келеді. Ең алдымен ол сезім мүшелері – құлақ, көз, мұрын және т.б. Олар жануарларға сыртқы орта жайлы ақпарат береді. Сондықтан сезім мүшелерінің қызметі – сенсорлық процестерді де зерттеп тану зоопсихологияның негізгі міндеті. Жануарлар қылық-әрекетінің себептерін танып білуде өзіндік қиындықтары да баршылық. Әр себептің өз себебі болады. Жануарлар өмірі көп циклден тұрады: қылық-әрекеттің формалары жиі қайталанып отырады және қоректену кезеңдері кезектесіп отырады: жануарлар алдымен тоқ, одан кейін қарындары аши бастайды, соңынан аш болады. Осы сияқты басқа да циклдер одан көп уақытты қамтиды. Жануарлардың көпшілігі жылына бір рет қана ұрпақ әкеліп, көбейеді. Біз білетін және білмейтін жануарлардың түрлері сансыз, үрім-бұтақтары ауысып отырды, олардың қылық-әрекеттері қазіргі жануарларға қарағанда өзгеше.

Жануарлардың қылық-әрекет қызметінің механизмін қалай атқарады? Кез – келген жеке түр қалай дамиды? Эволюция барысында қылық-әрекет қалай қалыптасты? Осы мәселелермен көптеген тәжірибелі зерттеушілер айналысып, бүгінгі күні белгілі нәтижелерге де жетіп жатыр. Жануарлардың қылық-әрекетін мұқият зерттеу біздің өзімізді танып білуге көмектеседі. Сондықтан, жануарлардың қылық-әрекетін, қимыл–қозғалыстарын, тіршілікке бейімделу ерекшеліктерін зерттейтін зоопсихология ғылымының маңызы өте зор.

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамдарды А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы” еңбегінде ұсынды. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри жануарлар психологиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді.

Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары.

(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.)

Кесте 2


Псикалық бейнелеу деңгейі мен стадиясы

Ерекшеліктері

Бұл даму деңгейіне жеткен тіршілік иелері

І.Элементарлы сенсорлы психика стадиясы







І.І. Төменгі деңгей – сезгіштік элементінің примитивтілігі, тітіркенушіліктің дамуы


Ортаның биологиялық мәнді ерекшелігіне байланысты нақты, анық реакцияларды қозғалыс бағыты мен жылдамдықты өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың қарапайым формалары. Мәнерлі тәртіптің әлсіздігі, биологиялық бейтарап. Ортаның өмірлік маңызы бар әсерлеріне қалыыптаспаған, қабілеттілік әлсіз, бағытталмаған қимыл-қозғалыс белсенділігі.

Арапайым төменгі, көпклеткалы организмдер.

І.ІІ. жоғары деңгей – түйсіктің болуы, манипуляцияның негізгі органы – жақтың пайда болуы. Қарапайым шартты рефлекстерді қалыптастыруға қабілеттілігі.

Биолог. Бейтарап тітіркендіргіштерге анық реакция, дамыған қимыл-қозғалыс, жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу. Индивидуалды тәжірибе үйрену ролі мөлшерінің аздығы. Тәртіпте негізгі мән – қатал туа біткен бағдарламалар.

Сақиналы құрттар, бауырымен жорғалаушы молюскалар және т.б.

ІІ. Перцептивті психика стадиясы.







ІІ.І. Төменгі деңгей – сыртқы әрекетті заттардың формасы, образына қарай бейнелеу. Интеграция зат образын жүйелеуде әсеретуші факторлерді біріктіру.

Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Ригидті, генетикалық бағдарланған компоненттер басымдылық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс қабілеттілігі күрделі және әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру, өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу.Жағымсыздардан бас тарту, дамыған қорғаныс тәртібі.

Балықтар және т.б. омырқасыз жәндіктер.

ІІ.ІІ. Жоғары деңгей – ойлаудың элементарлы формалары.

Әрект-қылықтың жоғары дамыған инстинктивті формалары. Үйренуге деген қабілеттілік.

Жоғары омыртқалылар

ІІ.ІІІ. Ең жоғары деңгей – практикалық әрекеттерде ерекше бағдарлама –зерттеушілік, дайындық формаларын анықтау. Бір міндетті түрлі жолдармен шешу қабілеттілігі. Бір рет табылған шешімді жаңа жағдайға тасымалдау. Қарапайым құралдарды әзірлеу, оны іс-әректте қолдану. Биологиялық қажеттіліке байланыссыз қоршаған ортаны танып білу қабілеттілігі.

Арнайы маманданған органдар манипуляциясын анықтау: табан, қол. Әрекет-қылықтың зерттеушілік формаларының дамуы. Олардың бұрын қабылданған іскерлік, білім дағдыларын кеңінен пайдалану.

Маймылдар және кейбір жоғары омыртқалылар.

Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума (инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады. Зоопсихология жануарлардың психикасы пайда болғанға дейінгі эволюциялық дамуын зерттейді. Зоопсихология жалпы психологияның бір бөлімі. Зоопсихология-ға дейінгі қызығушылықтың өсуі әсіресе соңғы кезінде жан-жануарлар-ға экспериментік тәжірибенде мен зерттеу жұмыстары мен творчестволық ойлаудың дамуына байланысты. Зерттеушілер жан-жануарлардың тәртібін зерттеумен қоса зоологиялық таксондарды амеба мен шимпанзені жатқызды. Зоопсихологияның міндеті адамның санасы қалыптасуын түсіну үшін сол сананың қайдан бастаудан белгілеу. Оны білу үшін жануарлардың әр кезіндегі психикасының қалыптасуын оқу керек, оның эволюциясын, тегін т.б. білу керек. Зоопсихология адам психикасына қалыптасуын дамуына негіз болды. Психикалық процестің эволюциялық дамуын ғылыми түрде айтылып көрсетіледі. Жетілу кезеңдері бір клеткалы жабайы организм көп жасушыға дейін олардың ерекшелітері қарастырылады.Нерв жануар адам жүйесінде орналасу ерекшеліктері қызметі. Жануарлар психикасының дамуы онтегенздеген.

Зоопсихология пәні әр түрлі топтардағы жануарлардың нейробиологиялық механизмін, спецификалық ерекшеліктерін және белсенділігін қарастырады. Соның ішінде психиканың эволюциялық даму заңдылықтарын, әртүрлі биологиялық түрлердегі бейнеленудің ерекшеліктерін салыстыру. Этология пәні жануарлар әрекетінің координацияланған сыртқы белсенділігін зерттейді.

Эпикур, Лукреций жануарларда «жанның бастауы» бар деді. Жанның бастауы материалитсік деді. Сократ: жануарлар мен адамда универсалды «ақыл парасат» бар. Жан тән мен қосылып сезімдікке әсер етеді де өздерінің қимыл әрекеттерінде еліктеумен құмарлыққа бағыттанған. Платон жануарлар тәртібі мен қимыл қозғалысы еліктеумен анықталады, бұл инстинкке анықтамаған алғаш қадам. Аристотель өлмейтін «ақыл парасатты» жаны дегенді енгізді. Ерекше құдай тәріздсе жанға енеді. Аристотель жануарларды бақылау арқылы қорытынды жасайды. Мысалы: құмырсқалардың белсенділігі сыртқы факторларға байланыстылығын анықтайды. Аристотельдің еңбегінде тұңғыш рет жануарлар тәртібінде мінез-құлқы туралы нұсқаулар кездеседі. Мысалы: жаңа туған баланың анадан ажырауы кезіндегі жылауы бөлек. Содан шыққан қортынды өлең айтуға (дауыс шығару, жылау) деген қабілеттілік табиғат сиы, дербес үйрету мен есте сақтаумен байланысты.

ХVІІІ ғ. жан-жақты дамуына көзқарас. Ж.О. Ламеттри жануарлар инстинкт арқасында қимыл-қозғалыстарды өзінің тәжірибесінде ойлауына байлыныссыз қолданады деген.Тітіркену барлық тірі организмге тән құбылыс. Объективті заттың организмде бейнелуі үшін сол заттың қасиеті болу керек. Бейнелену организм қажетіне байланысты. Психика дамуының негізгі сатысы сезгіштік «сенсорлық». Тітіркену бейтарап, тітіркендіргіш барлық организмде бірдей, пайдалы және пайдасыз болады. Жоғарғы сатылы айырықша орналасқан қимылға тән биотикалық организм. Тітіркену сыртқы ортаға жауап береді.

Белокты молекулалық күрделі қосындысы коацеватор . Белоктың ерекшелік қасиеті сыртқы әсерге жауап қайтарады. Бұл жауап физикалық механикалық болуы мүмкін. Белоктардың күрделі организмдердің өзіне керектеріне жауап қайтару, керек еместеріне бейтарап болу яғни бұл тітіркену. Тітіркену неорганикалық материяның жабайы қасиеті. Неорганикалық тану органикаға ауысады. Яғни қасиеті күрделінеді. Бұнда ассимиляция мен дессимиляция жауап қайтарады. Яғни керек емеске жауап қайтару кезінде белоктың қасиеті өзгереді. Сезгіштік органикалық материяда болады. Сенгіштік тітіркену және сезімге белгіленгкн. Бұл жоғарғы сатылы қасиет. Бұл психикаға байланысты. Сенгіштікте белсенділік болады тітіркенудісыртқы орта өзіне бейімдейді. Мысалы: өсімдіктің күнге қарауы, ылғанды жерге тамырын жіберуі т.б. тек ғана тітіркену арқылы жүреді.

Биотикалық «тіршілік» ортаға бейімделу тітіркену организмді әрекеттік жағдайға итермелеу ол сыртқы ортаға байланысты. Тітіркену барлық органикалық организмде бірдей емес. Өйткені олардың құрылысы әртүрлі. Тітіркенудің түрлері көп. Психикалық даму процесі екі түрге бөлінеді: 1.Тітіркену: температуралық, жарықтық, темпералық «термомотропизмдер», химиялық «химотропизм», сәуле он «гелиомотропизм» химиялық, механикалық, физикалық, биологиялық. 2.Тітіркену арнаулы объектілерге жауап қайтарудан турады. Жауап қайтару сыртқы ортадағы заттың қасиетіне байланысты.Тітіркену органикалық ең жабайы организмге (амеба, инфузория туфелькасы т.б.) тән.

2- дәріс тақырыбы: Зоопсихология пәні, міндеттері мен маңызы



Сұрақтары:

1.Зоопсихология пәні жайлы түсінік.

2. Зоопсихологияның міндеттері мен маңызы.

3.Зоопсихологияның ғылым ретінде дамуындағы Ч.Дарвин мен В.А.Вагнер ролі.

4. Зоопсихологияның әдістері мен қазіргі кезеңдегі маңызы.
Зоопсихология жалпы психологияның саласы. Жануарлардың психологиялық әрекетінің онтогенезі мен даму заңдарын, функциясын зерттейтін ғылым саласы. Зоопсихология психиканың басқа формаларының салыстырмалы мәліметтерін жинақтайды. Зоопсихология өзінің ғылыми зерттеу объектісімен дараланады: зерттеу объектісі жануарлар әрекетінің психикалық ерекшелігі мен мінез-құлқының ерекшелігі.

Зерттеу пәні: жануарларда қоршаған орта туралы түсініктерінің психикада бейнеленуі. Психика өзінің даму ерекшеліктеріне қарай бірнеше формаларға бөлінеді. Жануарлар психикасында қоршаған орта мен заттардың бейнеленуі. Ортаға байланысты бейнелеудің ерекшелігі мен жануарлардың тіршілікке қажетті қылық әрекеті қалыптады. Кез келген жануарлардың қылық әрекеті оның психикасының көрінісі.

Зоопсихологияның негізгі міндеттері:

  1. Әр түрлі сатыдағы жануарлардың (амебалардан приматтарға дейін) психикалық әрекетін зерттеу. Барлық тіршілік иелеріне жан тән, түйсік психологиялық құбылыстың төменгі деңгейі, ал интеллект жоғарғы деңгейі болып табылады.

  2. Жануарлар психологиялық әрекетінің онтогенездік даму ерекшеліктерін зерттейді. Жануарлардың психологиялық әрекетін зерттеу үшін олардың даму деңгейін «кезеңін» анықтап алған жөн.

Жануарлардың даму кезеңдері:

- эмбрионалдық немесе пренатальдық, құрсақтағы даму кезеңі;

- поснатальдық немесе постэмбриондық туғаннан бастап жануарлардағы эмбриондық дамудың өзіндік ерекшелігі, яғни туа біткен тану құбылысы;

- импритинг – яғни көргенін есте сақтау, бейнелеу (Лоренцтің пікірінше бұл саланы «этологизм» немесе жануарлар тәртібін, мінез-қылығын зерттеу деп атайды);

- ювенилдік – ойын функциялары, ойын процестерінде туа біткен және жүре пайда болатын ерекшеліктердің қатнасы.

Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру. (Ойлау, қарым-қатынас, тілдік қауымдастық ерекшеліктерін салыстыру).


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет