Зуһдтық және бұл дүниені тәрк ету



жүктеу 39.78 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі39.78 Kb.
: files -> book -> kaz -> at-tarbiya
kaz -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
kaz -> Тәубенің шарттары
kaz -> «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»
kaz -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
kaz -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
at-tarbiya -> -
at-tarbiya -> Теледидар туралы
at-tarbiya -> Мейірімді де Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын! Хиджаб немесе адамгершілік құндылықтарын қорғау Бұл еңбек Үлкен Ғалымдар Комитетінің мүшесі, белгілі ғалым Бакр Абу Зайттың «Хирасатул фадыйла»
at-tarbiya -> Өлімді еске салу
at-tarbiya -> Бала қҰҚЫҚтары мухаммад ибн ’Умар ибн Салим Базмул

Зуһдтық және бұл дүниені тәрк ету


Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелері мен сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан кейін:

Исламдағы «Зуһдтық пен дүниені тәрк ету» ұғымына қатысты адамдарда екі үлкен шектен шығушылық бар:

Біріншісі – бұл бүкіл дүниелік нәрселерден безген және қаңғыбас қайыршыларға айналған, әрі осындай өмір сүру салтын зуһдтық деп көрсететін адамдардың тірлігі.

Екіншісі – бұл ақырет жайлы ойлардан алаңдататын дүниелік игіліктерге қол жеткізуге сүңгіп кеткен, дүниені тәрк ету мен зуһдтыққа титтей де қатысы жоқ адамдар!

Ал мынау сәлафтардың дүниеден бас тартуды, зуһдтықты білдіретін «зуһд» ұғымын түсіндіруге қатысты айтқан кейбір сөздері:

Суфьян әс-Саури былай деді: “Зуһд – бұл жаман тамақ жеу және жүннен (тоқылған, жұпыны) киім кию емес, (ол -) үлкен үміттердің болмауы”. Уаки’ “әз-Зуһд” 1/222.

Уахб ибн әл-Уард «зуһд» ұғымы туралы: “Зуһдтық - қолыңнан тайған дүниелік нәрселерге қайғырмауыңда әрі қолың жеткен дүниелік нәрселерге қуанбауыңда ”, - деген. Абу Ну’айм “әл-Хилья” 8/140.

Абу Идрис әл-Хәулани былай деген: “(Адам) зуһдтыққа хәлалды харам етумен және мал-мүлікті босқа шашумен келмейді. Ақиқатында, зуһдтық сенің өз қолыңда бар нәрселерге емес, Аллаһтың Қолындағы нәрселерге көбірек сенім артуыңда, ал басыңа қайғы түскенде, жоғалтқаныңды кері қайтаруға қарағанда осы үшін көбірек (Ақыретте) сый алуды қалауыңда». Ахмад “әз-Зуһд” 96.

Хасан әл-Басри: ”Дүниелік нәрселерден бас тартқан кісі – ол кез-келген адамды көргенде: «Ол менен жақсырақ», - деп айтатын адам болып табылады”, - деп айтқан. Қз.: “Жәми’ул-‘улюми уәл-хикам” 291.

Имам Ахмад: ”Зуһд – бұл болашаққа үлкен үміттер артпау және өзге адамдарға тиесілі нәрселерден бас тарту”, - деді. Қз.: “Жәми’ул-‘улюми уәл-хикам” 297.

Абу Сулейман әд-Дарани: “Зуһд (тақуалық) – бұл Аллаһ Тағаладан көңіліңді бұратын нәрселерден бас тарту”, - деген. Абу Ну’айм “әл-Хилья” 9/258.

Ибрахим ибн Адхам былай деді: “Дүниелік нәрселерден бас тартудың үш түрі болады: парыз болған бас тарту, ар-абырой мен адамгершіліктің артықшылығы болған бас тарту, құтылу болған бас тарту. Парыз болған бас тарту жайында айтар болсақ, бұл харам нәрселерден бас тарту, артықшылық болып табылатын бас тарту – бұл хәлал нәрселерден бас тарту, ал құтылу болып табылатын бас тарту – бұл күмәнді нәрселерден бас тарту”. Абу Ну’айм “әл-Хилья” 8/36.

Сулейман әд-Дарани: “Ешкім туралы: «Ол дүниені тәрк етушілікке қол жеткізді», - деп айтпа, өйткені дүниені тәрк етушілік жүректе“, - деген. Қз.: “Жәми’уль-‘улюми уәл-хикам” 294.

Сәлафтар мен үмметіміздің имамдарының берген бұл анықтамалары сырт қарағанда кішкене әртүрлі екеніне қарамастан, негізінде бұл түсіндірмелердің барлығы ұқсас және бір ортақ ұғымға түйіседі.

Дүниелік өмірді сүю мәселесіне келер болсақ, онда Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөккен нәрсені сүюдің не қажеті бар?!

Әрі қаншама сәлафтар да бұл дүниеге деген махаббатты сөгіп, әрі бұдан сақтандырған болатын, себебі бұл махаббат адамды ол тіпті күпірлікке түсіп кететіндей етіп еліктіріп алып кетуі мүмкін! Өйткені фәни дүние күпірліктің, арсыздықтың және Аллаһқа мойынсынбаудың себебі. Уахб ибн Мунаббих былай деген екен: “Үш нәрсе күпірліктің сипатынан: Аллаһ Тағалаға қатысты салғырттық; бұл дүниеге деген махаббат; және жаман ырым (ырымдарға сену)” Ибн Аби әд-Дуния “Замм әд-дуния” 461.

Ал мынау осы жөніндегі кейбір хадистер:

Жәбир бин Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндайтын: “ Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзін оң жағынан да, сол жағынан да қоршаған адамдармен бірге базарда келе жатып, құлақтары кесілген өлі жатқан лаққа тұспа-тұс келгенде, оны көтеріп, құлағынан ұстап тұрып: «Сендерден кім мынаны бір дирхемге сатып алады?», - деп сұрады. Адамдар: «Біз оны ешқандай ақшаға сатып алғымыз келмейді, әрі біз онымен не істемекпіз?», - деді. Ол: «Ал сендер оны тегінге алғыларың келеді ме?», - деп сұрады. Адамдар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, тіпті ол тірі болғанның өзінде де, құлақтары кесілгендіктен оны қаламас едік, ендеше өлексе туралы не айтуға болады?!», - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың атымен ант етемін, ал Аллаһ үшін бұл дүние мына лақтың сендерге түкке тұрмайтынан да түкке тұрғысыз», - деді”. Муслим 2957.

Сәхл ибн Са’дтың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер осы дүниенің Аллаһ үшін масаның қанатындай құны болғанда, Ол кәпірге бір тамшы су ішуге бермес еді!» Әт-Тирмизи 3/162. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 3318.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл дүние мен ондағы бүкіл нәрсеге лағынеттелген, тек Аллаһты ойлаудан және осымен байланысты нәрседен басқа, сондай-ақ ғалым мен дінді үйренушіден басқа» Әт-Тирмизи 2322, Ибн Мәжжаһ 4113. Имам әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбани хадисті жақсы деген.

Алайда бұл дүниеге деген лағынет пен сөгістің жер бетіндегі игіліктер мен Аллаһтың аяттарына қатысы жоқ, өйткені мұның барлығы Аллаһтың Өз құлдарына берген нығметтеріне жатады. Бұл нығметтер оларға пайда әкеліп қана қоймай, Аллаһтың ұлылығы мен Оның бар екендігінің дәлелі болып табылады. Бұл лағынет Аллаһқа бойұсынбау, ақырет өміріне немқұрайлы қарау және дүниелік игіліктерді Аллаһтың разылығына жету үшін пайдаланбау секілді адамдардың тірліктеріне қатысты. Қз.: “Сайд әл-хатыр” 1/27.

Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар болсын!

Автор: А‘маш



Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет