Қ.Қ. Қайырбекова, Ф. К. Копобаев, А. А. Көшкінбаев Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы


Сирақ-аяқ басы буынының артқы бетінің қабаттары



бет5/6
Дата21.11.2020
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сирақ-аяқ басы буынының артқы бетінің қабаттары

  1. Тері асты клетчаткасында сыртқы тобықтың артынан n. suralis және v. saphena parvae бағанасы өтеді.

  2. Меншікті шандыр екі байлам түрінде қалыңдайды retinaculum peroneorum superius және inferius оның астымен қынаппен қоршалған м. peroneorum longi және brevis өтеді. Бұл қынап бірігіп malleolus lateralis-тен 4-5 см төменге дейін созылады.

  3. Тамырлар. А. peronea сіңірдің артымен өтіп, а. tibialis posterior мен анастомоз жасайды және екі тармаққа бөлінеді: ramus malleolaris және ramus profundus


Сирақ-аяқ басы буыны

Бұл буын балтыр сүйектерінен және talus-тен құралған. Бірінші сүйек өзінің тобықтарымен асық жілікті орап тұратын білік түзеді. Асықтың жоғарғы буынды беті блок тәрізді пішінде болады, ол tibiae-ның буынды бетіне, ал бүйір бетінде-тобыққа жанасып жатады.

Tali-дің басы алдынан os claviculare-мен, төменнен calcaneus-пен /articulatio talocalcanea / бірігеді.

Буын сөмкесінің алдында және артында байлам жоқ. Ішкі жағында мықты байлам /Lig. deltoideum/ ішкі тобықтан басталады және тәрізді сүйектің, асықтың және өкше сүйегнің бөлігіне бекітіледі. Байлам өте мықты. Сыртқы жағында байлам malleolus lateralis-тен басталады және асыққа, өкше сүйегіне бекітіледі. Сонымен қатар асқыты жіліктің аяқ жағының алдымен және артымен мықты Lig. tibiofibularis anterius және posterius өтеді. Буын сөмкесі буын бетінің жиегіне бекітелід. Оның алдыңғы және артқы қабырғасы жеңіл қозғалады. Буын қуысы асықты жіліктің соңының бірігуімен байланысады. Эпифизарлы сызық буын қуысынан тыс, fibulae-ға қарағанда tibia-дан төмен өтеді. Қанмен қамтамасыз етілуі алдынан a. tidialis anterioris және a. peroneae тармақтарымен, ал артында a. tidialis posterior –мен жүзеге асады. Буынның жүйкеленуі сыртынан n. suralis, ішкі жағында n. sapheni және алдынан –n. peronei profundi тармақтарымен жүзеге асады. Қозғалысы – сыртқы және өкшеге қарай бүгілуі және сыртқа қарай бүгілгенде біршама алып келу және аып кетуге болады.


Аяқ басының сырты

Қабаттары:



  1. Терісі жұқа, жақсы қозғалады.

  2. Тері асты клетчаткасы борпылдақ, оның ішінде нашар дамыған-fascia superficialis өтеді. Тері астында vv. Saphena magna және parvae көздерінен веналық торлар орналасқан. Rete venosus dorsale arcus dorsalis pedis пен байланысады, оған метатарзальды аралықта орналасқан vv. meteterseae dorsalis pedis веналары құйылады. fascia superficialis астында ішкі жағында n. sapheni-дің тармақтары, сыртынан-n. suralis өтеді. n. suralis аяқ басының сыртқы жағын және V саусақты қоректендіреді. Бұл жүйкелердің арасында-n. peronei superficialis орналасады. Ол аяқ басының үстін және саусақтарды /бірінші саусақ аралықтан басқа/ n. peronei profundi жүйкелендіреді.

  3. Аяқ басының үстінің апоневрозы- Fascia dorsalis pedis, fascia cruris-тің жалғасы және беткі және терең жапырақшалардан құралады, екеуінің арасымен жұқа орталық жапырақша өтеді. Fascia dorsalis pedis superficialis астымен жазғыш бұлшық еттердің сіңірі өтеді, ол келесі тәртіппен орналасқан. Іштен сыртқа қарай: m. tidialis anterioris сіңірі /бірінші сына тәрізді сүйекке және бірінші метатарзальды сүйектің негізіне бекітіледі/ m. extensoris сіңірі /бас бармақтың екінші фалангісінің негізіне бекітеді/, сіңірі /ІІ, ІІІ, ІV саусақтың апоневрозына бекітілген/, m. extensoris hallucis communis сіңірі /бесінші метатарзальды сүйектің негізіне бекітіледі/, m. peronei brevis сіңірі /бесінші метатарзальды сүйектің төмпешігіне бекітіледі/ болып. Осы сіңірлердің астымен жұқа ортаңғы жапырақша өтеді, ол астындағы екінші қабаттан бөліп тұрады, ол қабат екі бұлшық еттен құралған: m. extensor digitorum communis brevis және m. extensoris hallucis brevis. Бұл бұлшық еттердің астынан Fascia dorsalis pedis-тің терең жапырақшасы өтеді, оның астында метатарзальды аралықта mm. interossei жатады. А. dorsalis pedis a. tibialis anterioris-тің жалғасы, dorsalis pedis-тің ортаңғы жапырақшасының астымен өтеді, / m. extensoris hallucis longus-тің сыртқы жағымен/. Артерияның бағыты тобықтардың ортасын бірінші метатарзальды кеңістікпен біріктіретін сызыққа сәйкес келеді. Артериямен бірге /vv. peroneus profundus/ сәйкес келетін веналар орналасқан. Аяқ басында артерияның ішкі жағынан өтеді. Одан m. extensoris digitorum brevis-ке тармақ шығады, оның негізгі бөлігі бірінші меттарзальды кеңістіктің беткі қабатына енеді.


Аяқ басы буыны

Articulationeus intertarseae. Бұл буынның құрамына тілерсектің барлық жеті сүйегі кіреді. Articulatio talocalcanea posterior tali-дің төменгі бетімен және өкше сүйегінен құралған буын, сыртқы жағында сүйектердің арасында кеңістік /sinus tarsi/ пайда болады, онда мықты фиброзды байламдар жатады. Асық сүйектің басының алдында ладья тәрізді сүйекпен, ал sustentaculum tali calcanei-нің алдыңғы-ішкі бөлігімен бірігеді. Екі буынада да, articulatio talocalcaneonavicularis деп аталатын жалпы буынды сөмке бар. Бұл буын өкше жағынан мықты байлам-Lig. calcaneonavicularis бекітілген. Сыртқы жағынан өкше сүйегі-куб тәрізді сүйекпен бірігеді- articulatio calcaneocuboidea articulationis talonavicularis және calcaneocuboidale нің буын сызығы /бір қуыс/ S-тәрізді пішінде жатады. Бұл екі буынның қуыстары ирек-ирек шопаров буыны. Буын мықты байламмен –Lig. ypsiloides /Шойар»кілті»/ бекітілген, ол екі бөліктен тұрады: Lig. calcaneonavicularе superius және Lig. calcaneocuboideum-нен, бұл екі байламда tuberositas calcanei-ден басталады. Articulatio talocalcaneonavicularis алдында жалпы буын орналасқан. Ол ладья тәрізді сүйектен және үш сына тәрізді сүйектерден құралған – articulatio cuneocunavicularis. Бұдан сыртқары куб тәрізді сүйек үш сына тәрізді сүйекпен байланысқан буын articulatio cuneocboidea, орналасқан. Екі буындардың да қуыстары бір-бірімен және articulatioes tarsometatarseae-менде байланысады.


Articulationes tarsometatarseae, s. lisfranci

Табан-тілерсек буыны тілерсек сүйектерінің соңынан /үш сына және куб тәрізді сүйектерден/ және бес табан сүйектерінің нгізігнен құралған. Бұл жерде үш буынға бөлінеді. Олардың орналасуы іштен сыртқа қарай: 1. cuneiformei және metetarsalei аралығында, 2. cuboideum және metetarsale Iv, V аралығында.

Әр бір буынның өзіндік сөмкесі бар. Бұл үш буын Лисфранков буыны. Бұл буынның сызығы түзу емес, өйткені os metetarsale II, I және ІІ сына тәрізді сүйектің арасына кіреді. Бұл жерде Лисфранков буынның «кілті» os cuneiforme I мен os metetarsale II арасында байлам /Lig. cuneometatarseum interossum midiale/.
Articulationes metatarsophalangeae табан сүйектерінің бастарымен саусақтың бірінші фалангісінің арасында жатады. Әр бір буынның буын сөмкесі және ішкі бүйірлік және сыртқы бекітетін байламы бар. Буын сызықтарын анықтағанда І және V табан сүйектерінің бастарын қолданады, өйткені сипап сезуге оңай.

Articulationes interhalangeae бір сүйектің басынан және басқа фалангтердің негізінен құралған. Articulationes interhalangeaprima /І және ІІ фалангтер арасында/ және articulatio interhalangea secunda /II және III фалангтер арасында/ болып бөлінеді. Әр буынның сөмкесі және бүйірлік байланыстыратын байламдары бар. Аяқ басы сүйектері байламдарымен және бұлшық еттер сіңірлерімен байланысқан. Аяқ үсті Lig. calcaneo naviculare plantare және m. tibialis posterioris сіңірлерінен құралған. Жүрген кезде неігізгі күш асыққа және соңғы сүйектен басқаларына өтіп түседі. Аяқ үстіне күштің қалыпты түсуін қадағалайдф. Ал оның пружина сияқты қозғалысы жүргенде серпімділігн қадағалайды. Аяқ үстін түсіргенде аяқ басы жалпақ болады /per planus/.
Аяқтың өкше аймағы

Қабаттары:



  1. Тері нашар қозғалады, өкше төмпешігі аймағында және метатарзальды сүйектердің басы /тірек нүктесі/ жағында қалың.

  2. Тері асты клетчаткасы жақсы жетілген және тірек нүктесі аймағында едәуір қалың. Май ұлпаға дәнекер ұлпаны шоғырлар енгізілген, ол теріні өкше апоневрозымен байланысады. Өкше төмпешігінің астында клетчаткасының астында bursa mucosa infracalcanea орналасқан.

  3. Aponeurosis plantaris tuber calcanei ден шығады және бес тістермен саусақтың негізіне бекітеді. Апоневроз ұзынша және көлденең сіңір талшықтарынан құралған. Ол астында жатқан бұлшық еттерді жабады және жартылай олар осы жерден басталады. Оның тістерінің арасында борпылдақ клетчатка бөліктері беткі тамырларды қоршап жатады. Апоневрозды medialis және lateralis аймағында перделер шығады және аяқ басының сүйектерімен бірге бұлшық етке арна түзеді. ішкі арнадан бас бармақтың бұлшық еті өтеді, сыртқы арнада-кішкентай саусақтың бұлшық еттері жатады, ортаңғы canalis malleolaris mm. interossei-тің жалғасы, бүккіш бұлшық еттердің сіңірі және /ең соңғысы төрт бөліктен тұрады, ол –spatia intermetarsalisa-ға сәйкес келеді/. Ішкі арнаның бетінде және ішкі жағында m. adductor hallucis m. flexoris hallucis longi өтеді және арнаның тереңінде m. adductor digiti жатады. Сыртқы арнада digiti V m. opponeus V, m. flexor digitorum brevis орналасқан.Ортаңғы арнаның бетінде m. flexoris digitorum longi, оның астында m. lumbricale-дің сіңірімен бірге және тереңінде m. gudratus plantae және caput obliguum m. abductoris hallucis өтеді.

  4. Тамырлар және жүйкелер. A. tidialis posterior canalis malleolaris-те екі тармаққа аа. plantares medialis және lateralis-ке бөлінеді. A. plantaris medialis және m. flexor digitorum brevis m. abductor hallucis және sulcus plantaris medialis арасымен өтіп бас бармақтың ішкі бөлігінің терісін қоректендіреді. A. plantaris lateralis ірі тармақ бірінші- m. flexor digitorum brevis және m. guadratus plantae арасымен ортаңғы арнамен өтіп, сосын сыртқы арнаға өтіп V метатарзальды сүйекке дейін жетеді және қайтадан ортаңғы арнаға өтеді. Бұл жерде ол A. dorsalis pedis-тің тармағы ramus profundus-пен бірігіп /arcus plantaris/ доға түзеді. соңғысынан аа. metatarseae plantares шығады, сосын аа. plantares digitales-терге бөлінеді. N. plantaris medialis бас бармақтың бұлшық еттерін және І, ІІ, ІІІ саусақтың терісін және IV саусақтың ішкі жағын қоректендіреді. N. plantaris lateralis кішкентай саусақтың бұлшық еттерін mm. lumbricalis, m. adductor hallucis V саусақтың терісін және IV саусақтың сыртқы бетін жүйкелендіреді.


Аяқтың саусақтары

Қабаттары:

1. Аяқ басының үстінде тері жұқа, ал өкшеде тығыз /бірінші фалангі аймағында/.

2. Тері асты клетчаткасы үстіңгі бетінде нашар дамыған.

3. Тамырлар, клетчатка ішінде үстінде-бүйір бетінен aa. dorsalis digitales, ал өкше бетінен –a. plantares digitales өтеді.

4. Үстіңгі апоневрозды саусақты жазғыш бұлшық еттердің сіңірлері құрайды. Өкше жағында бүккіш бұлшық еттің сіңірлерінің синовиальды қынап қоршап остеофиброзды өзектен өтеді.


Аяққа жасалатын операциялар. Артерияларды ашу.

Сытқы мықын артерияны байлау.

Артерияның кескіні кіндіктен spina ilii anterior superior symphysis pubis арасындағы сызыққа сәйкес келеді.



Купер бойынша жасалатын операция. 1. 8-10 см ұзындықта пупартов байламынан 1 см жоғары, оған қатар тілік жасайды. Тілік артерияның кескінінің сызығынан сәйкес келуі керек. Тіліктің ішкі жағындағы соңы ұрық шылбырын зақымдамас үшін, tuberculum pubicum-нен 3 см қашықтықта болу керек. 2. Теріні, тері асты клетчаткасын, беткі шандырды және Lamina Thompsoni-кеседі. Клетчаткадағы vasa epigastrica-ны екі лигатураның арасынан кеседі. 3. Науа тәрізді зонд бойымен сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозын кеседі. 4. Ішкі қиғаш бұлшық еттің және құрсақтың көлденең бұлшық еттерін төмендегі жиегін доғал ілмекпен жоғарыға ығыстырса, сонда fascia transversa көрінеді. 5. Көлденең шандырды науа тәрізді зонд бойымен кесіп және іш пердесі алдындағы борпылдақ майлы клетчатка қабатқа /tunica adiposa/ енеді.6. Доғал жолмен кескінді сызық сәйкес клетчатканы ашып ірі лимфалық түйінді іздейді және оның астындағы сыртқы мықын артериясын табады. 7. а. epigastrica inf. және a. circumflexae ilium prif.-ның шығатын жерінен жоғары артерияның астына, қабында жатқан венаны зақымдап алмай Купер инесін лигатурамен өткізеді. 8. Сыртқы мықын артериясын байлаған соң 85 процент шамасында жақсы нәтиже береді. Коллатериальды қан айналым е. epigastrica sup. және а. epigastrica inf. және aa. glutea sup inf. және a. crcumflexa femoris lateralis a. obtiratorica және a. crcumflexa femoris medialis арасындағы анастомозға қатысады. A. femoralis-ті байлау.

Артерияның кескіні spina ilei ant. sup. және tiberculum adductorium арасымен жүргізілген Кэна сызығы бойынша, ол санның ішкі ұршығында орналасқан. Ол арық адамдарда жақсы сипап сезіледі. Артерияның орны бұл сызыққа аяқты сыртқа бұрғанда және тізе және жамбас сан буындарын бүккенде сәйкес келеді. A. femoralis sub arcu-ді байлау /пупартов байламы астынан/.



Көрсеткіштері: сан артериясын скарпов үш бұрышы аймағында байлағанда. 1. Теріні 6-8 см ұзындықта кескін сызығына сәйкес, оның жоғарғы жағы пупартов байламынан 1-11,5 см жоғары тұратындай етіп кеседі. 2. Теріні, тері асты клетаткасын және беткі шандырды кеседі. Бұл жерде кездескен көптеген лимфалық түйіндерді ығыстыра отырып, доғал ілмекпен байламнан төменгі жиегін нысаналып және сопақша тесік /fascia cribrosa/ аймағында операциялық сызықты созады. 3. Науа тәрізді зонд бойымен fasciae latae-нің беткі жапырақшасын кесіп және доғал жолмен артерияны бөледі. Бұл кезде артерияның ішкі жағында вена жататынын ескеру керек, өйткені, ол зақымдалса операция қиындайды. 4. Пупартов байламының астынан a. profundae femoris шығатын жерден жоғары және вена жатқан артерия астына лигатураны Дешан инесінің көмегімен енгізеді. 5. Ақыр соңы: 20 процент жағдайда аяқтың гангренасы байланады: Коллатериальды қан айналым a. glutea inf. және a. crcumflexa femoris lateralis, a. pudenda ext. pudenda inf., a. obtiratorica және a. crcumflexa femoris medialis және басқа арасындағы анастомоздар арқылы қалпына келеді. A. popliteae-ні Жоберов ойысында байлау.

  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды 6-7 см ұзындықта m. adductoris magni сіңірі бойымен, жоғарыдан санның ішкі ұршығының жоғарғы жиегінен бастап кеседі. 2. Fascia –lata-ны науа тәрізді зонд бойымен кеседі. Бұл кезде тігінші бұлшық етінің қынабын тауып, оны ішке ығыстырады. 3. m. adductoris magni-дің сіңірін алға mm. semitendinosi, semimembranosi және gracilis-тен сіңірлерін артқа ығыстырады. Бұдан кейін жоберов ойысындағы борпылдақ клетчатка көрінеді. 4. A. popliteae-ні доға жолмен іздейді. Лигатураны Куперов инесіне өткізеді. Коллатериальды қан айналым rete articulare genu арқылы қалпына келеді.




    1. tibialis posterioris-ті байлау

Артерияны қай деңгейде зақымдалғанына байланысты байлайды. Кескіні: tidfiae-ның ішкі жиегінен бір елі ішкері тұратын нүктеден ішкі тобық пен ахиллов сіңірінің аралығына дейін жүргізіледі. Аяқтың орны: аяқты тізе және жамбас сан буынынан бүгеді және сыртқа бұрады.

Балтырдың жоғарғы бөлігінде байлау

  1. Теріні 7-8 см ұзындықта кескін сызықпен кеседі. Тері асты клетчаткасын беткі шандырды қабат-қабатымен кеседі. Кейде клетчаткада кездесетін v. saphenae magnae тармақтарын шетке ығыстырады. 2. балтырдың меншікті шандырын науа тәрізді зонд бойымен кеседі, m. gastrocnemii жиегін іздеп және оны артқа ығыстырады. Бұдан кейін жара түбінен m. soleus ті көрінеді. 3. М. soleus ті пышақпен кеседі, оның өткір жағы сүйекке қарау керек. Бұдан кейін сары түрдегі m. solei-нің алдыңғы бетіндегі апоневрозын /доғал жолмен бұлшық етті ығыстырып/ кеседі және балтырдың меншікті шандырының терең жапырақшасы тереңнен көрінетіндей болады, ол арқылы тамыр-жүйке шоғырын көреді. 4. Жүйкенің ішкі жағынан науа тәрізді зонд бойымен canalis cruropliteus-ті ашады, артерияны бөліп және купер инесін сабақталған лигатурамен байлайды. Коллатерияльды қан айналым a. tidialis anterioreis тармақтарымен қалпына келеді.

Ішкі тобық аймағында байлаау

  1. Теріні 6 см ұзындықта доға тәрізді ішкі тобық аймағына сәйкестендіре кеседі. Қабат-қабатымен тері асты клетчаткасын және беткі шандырды кеседі және Lig. Laciniatum-ді ашады. 2. Lig. Laciniatum-ді және балтыр шандырын науа тәрізді зонд бойымен кеседі. Бұл кезде артериямен шатыстыратын венаның артында жататын жүйке сіңірлердің арасында жататынын ескеру керек. Тамыр-жүйке шоғырының алдында фиброзды қынаппен m. flexoris digitorium longi сіңірі, артынан - m. flexoris pallucis longi сіңірі өтеді. 4. Артерияны бөлектеп жүйке жақтан Дешан инесіндегі лигатураны енгізеді. Коллатериальды қан айналым a. tidialis anterioreis тармақтарымен және a. peroneae-мен жүзеге асады.

Веналарға жасалатын опеарциялар

Веналарды байлаау

Көрсетккіштеі: Операция жасауға жиі көрсеткіштердің бірі болып көп қан жоғалатын ірі вена бағаналарының зақымдалған кезі. Бұл кезде қысып тұратын таңғышты қолданғанымен, ол қажетті нәтиже бермейді. Сонымен қатар іріңді-қабыну процесі кезінде инфекцияның ошағы жайылып кетпес үшін, венаның бөлігін ашып, байлап, кесіп алып тастайды.



Сирақ және сан веналарының кеңеюі кзіндегі операциялар

Ұсынылған әдістердің кең таралған түрі Маделунг операциясы. Оның маңызы v. saphenae magnae-ның жоғарғы ұшін байлағаннан соң кеңейген венаны кесіп алып тастау. Патологиялық өзгерген венаны алып тастағанда тері ұзынша етіліп кесіледі. Кейде, тері жұқарғанда /вена тез кеңейгенде/ венамен бірге терінің семіп қалған жолағын қосып алып тастайды. Түйіндерді алып тастағанда коллатериальды веналарды байлайды. Қанның ағуы операциядан кейін терең веналар арқылы жүзеге асады. Веналарды ашық жолмен алып тастаумен қатар, жабық-тері асты әдісімен алуда қолданылады.

Бэбкок операциясы - v. saphenae magnae-ның ортаңғы бөлігін алып және оны байлайды. Сосын венаның тесігін ашады және соңғы ұшы жуан темір зондты тамырдың соңынан қарай бағыттап кіргізеді. Бұл зондты шетіне қарай қаншалықты кіргізуіне байланысты енгізіп және жуан төмпешігі бар жерден теріні кеседі: венаны бөліп, соңын зондтың үстінен байлайды. Алдын ала салынған лигатурамен зондтың ортаңғы бөлігінен тартып венан алып тастайды. Бұл кезде коллатериальдар үзіліп, тері асты гематомасы байқалады. Бұл әдісті v. saphenae magnae-ның кеңейген бағанасы бөлек болған кезде қолданады.

Веналардың кеңеюін емдеу үшін, қазіргі қолданылатын әдістердің бірі Соколов Н.Н. модификацияланған Клапп операциясы болып табылады. Операцияның маңызы көптеген лигатура салу, оны кеңейген вена аймағына тері және тері асты клетчаткасы арқылы жібек жіп салу. Лигатураны байлаған соң, түйіндер тері асты клетчаткасына енеді. Операциядан кейін венаның байланған бөлігі семіп қалады.


Жүйкелерге жету

Аяқ жүйкелерін ашудың көрсеткіші жүйкелердің /үзілуі, оқ тиіп жарақаттану/ зақымдалуы болып табылады, сонымен қатар жүйкелердің айналасында бірігу, невромалар және басқалар.

H. ischiadici-ді ашу.

Жүйкенің кескіні tuber ischii мен trochanter major арасынан тақым ойысының ортасына жүргізілген сызыққа сәйкес келеді. Жүйкенің көрсеткіштеріне байланысты деңгейде ашады.



Санның жоғарғы бөлігінде жүйкеге оперативтік жету

  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды 10-15 см ұзындықта кескін сызыққа сәйкес кеседі. Кескіннің басы plicae natium-нен 2 см жоғары тұру керек. 2. Науа тәрізді зондпен санның жалпақ шандырын кеседі, бұл кезде n. cutanei femoris posterioris-ті зақымдап алмау керек. 3. Fasciae latae-нің жиектерін ілмекпен ығыстырады. Доғал жолмен клетчаткаларды бөлектейді, бұл кезде санның екі басты бұлшық етінің басы көрінеді, оның доғал жолмен /ілмекпен/ ішке қарай ығыстырады. Өзінің жуандығымен ажырататын жүйке бағанасын, осы бұлшық еттің сыртқы жағынан клетчаткадан іздейді. Санның төменгі бөлігінде шонданай жүйкесін, ашқан кезде m. bicipitis femoris-тің ұзын басын сыртқа ығыстырады. Сонымен қатар бұл жерде n. ischiadicus n. tibialis-ке және n. peroneus-ке жиі бөлінеді.

Н. tibialis-ті тақым ойысында ашу.

1. Ұзындығы 12-15 см –дей тақым ойысының ортасынан тілік жасайды. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды кеседі. Жараның төменгі бұршында v. saphena parva және онымен бірге n. cutaneus-surae medialis көрінеді. Бұл құрылымдар Fascia latae дупликатурасынан өтеді. 2. Науа тәрізді зонд бойымен тақым шандырын кеседі және майлы клетчаткадан n. tidialis-ті іздейді, одан тереңіректе және ішке жағынан v. femoris-ті, одан да ішкері және тереңіректе артерияны іздейді.


Сүйектерге жасалатын операциялар

Аяқ сүйектеріне операцияны сүйек әр түрлі ауруларға шалдыққанда /мешел, сүйек туберкулезі, сүйек сынғанда, оны салғанда дұрыс бітпегенде ж.т.б./ қалған басқа сүйек аурулары кезінде, сүйек ақауларын ауыстыру мақсатында, остеомиэлит кезінде, тесікті алып тастау ж.т.б. мақсатта жасайды.



Остеотомия

Көрсетккіштері: Әр түрлі аурулардан кейінгі қалған патологиялық өзгерістерді түзету мақсатында аяқтың сүйегінің бөліктерінінің әр түрлі бөлігінде оны кесуге тура келеді. Жұмсақ ұлпаларды кесіп кең түрде ашады да, сүйекті кесумен операцияны аяқтайды /ашық остеотомия/ немесе жабық әдіспен остеотом еніне тең жұмсақ ұлапаларды кесу арқылы жасайды. Сүйекті әр түрлі пішінде кеседі: 1. ұзынша, 2. көлденең, 3. қиғаш остеотомия. Сүйекті кесу үшін аспаптар керек: распатор, Буяльский күрекшелі және остеотомдар, сонымен қатар қашаулар және алғаш балғалар керек.

Деңгейлеріне қарай osteotomia subtrochanterica supracondylica, supramalleolaris ж.т.б. болып бөлінеді.

Ұршық асты остеотомия (ашық әдіс)


  1. Жұмсақ ұлпаларды үлкен ұршықтың жоғарғы жиегінен бастап және төменнен санның сыртқы-бүйір беті бойынша 8-9 см созып кеседі. 2. жараның шеттерін ілмектермен ашып, сүйек қабығын ұзынша етіп кеседі және оны распатормен жан-жағына ығыстырады. 3. Сүйек қабығы тілігіне екі жағынан сүйекті кескенде жұмсақ ұлпалар зақымдалмас үшін көтергіштер және Буяльский күрекше ерін енгізеді. 4. Остеотомды керек бұршына өзгерген деңгейге байланысты қойып, Пельс-Лейсден бойынша сыртқа және төменнен жоғары және ішке бағыттап балғамен ұрып сүйекті кеседі.

Кескен кезде 1-1,5 см қалғанда, сүйекті сындырады. Сүйекті кесу бағыты әдістеріне байланысты әр түрлі болады. 5. аяқты керекті орнына қояды. Сүйек сынықтарының жоғарғы бөлігінің өткір ұштарын төменгі бөліктің сүйек-ми өзегіне қаратып бекітеді. 6. Жұмсақ ұлпаларды қабат-қабатымен түпкілікті тігеді. 7. Гипспен таңғыш салады. 8. бақылау үшін, рентген суретін жасайды, егер сынықтар дұрыс тұрмаса, олар тез арада оларды орындарына қойып түзетеді.
Тізе тобығын тігу

Тізе тобығын травма кезінде сынғанда тігеді. Тізе тобығын ашу үшін, буынды ашуға тура келеді. Операция кезінде асептика тәртіптерін қатты сақтау керек. Тізе тобығы сынғаннан кейін 6-8-ші күндері тігу ұсынылады, өйткені бұл кезде зақмдалған тканьдер және терідегі сызықтар жазылады. Тізе буынына инфекция тез түсетінін ескеру керек. Операция алдында рентген суретін жасап, оның қанша дәрежеде ашылғанын және сынықтар орнын білу керек.

Операция әдісі- 1. Жансыздандырылу жалпы немесе жұлын-ми анестезиясын жасау керек. 2. Доға тәрізді тілікті тізе тобығының төменгі жиегінен жүргізеді. Теріні, тері асты клетчаткасын және үстіндегі кесіндіні тізе тобығы сызықтары көрінетіндей етіп ашады. 3. таза тампонмен қуыста ұйыған қанды тазартады. 4. Тізені бүккен кезде сіңірдің және шандырдың бөліктерін алп тастайды. Олар сынықтардың арасында болып, олардың бірігуіне кедергі жасауы мүмкін. 5. Мюзе қысқышымен немесе бір тісті өткір ілмектермен сынықтарды бір-бірінен біріккенше тартады. Бұл кезде аяқтың тізе буыны жазық болуы керек. Күшін азайту үшін жамбас-сан буынынан аяқты бүгу ұсынылады. Оқ тиіп сынғанда тізе тобығынан екі елі жоғарғы тік бұлшық еттің сіңірін И-тәрізді кеседі. 6. сынықтарды жуан жібек жіппен жақындатқан соң дөңгелек тігістер салады. кейбіреулер сымды қолдануды ұсынады. 7. Тізе тобығының алдынан басқа жеріне n. vasti medialis және lateralis сіңірлерінің үзілген бөліктерін мықты жібекпен И тәрізді тігіс салады. 8. теріге тігіс салып қысып тұратын таңғышпен орайды және бақылау үшін рентген суретін жасайды. 9. Аяқты қозғалмайтын етіп бекітеді.

Операцияның табысы операциядан кейінгі кезеңде науқасты қарауға және арнайы таңғыштарды қолданғанда байланысты. Тізе тобығының жұлдыз тәрізді болып сынғанында fasciae lata жапырақшасын екі қабаттап ақауды жабу немесе ақауды орнына m. sartorii-ті қою ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет