Қ.Қ. Қайырбекова, Ф. К. Копобаев, А. А. Көшкінбаев Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы



бет6/6
Дата21.11.2020
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5   6

Буындарға жасалатын операциялар

Буынға пункция жасау

Буынға пункцияны диагностикалық және емдеу мақсатымен жасайды. Ең бірінші буын қуысынан сұйықтықты алып, оның құрамын анқтайды.

Емдеу әдісі патологиялық құрамын алу үшін, немесе дәріні енгіу үшін пункция жасайды. Буынға пункция жасау:


  1. Операция жасалатын орынды дайындағанда және операцияны жасағанда асептиканы сақөтау керек, өйткені буын қуысына инфекция түсуі мүмкін. 2. Уколдың орына анестезия жасайды. 3. Ине кіргізетін нүктені анықтап, хирург теріні ығыстырып және инені /бір типті/ немесе терінің үстіне трокарды тік қадайды. Хирург инені қадаған кезде тканьдер кедергі жасайды, иненің ұшы тұрған орынды нысаналайды. Ең бірінші инеге кедергі теріні тескенде және екінші-буын сөмкесін тескенде кездеседі. Қуысқа иненің кіргендігін инеден шыққан сұйықтықтан біледі. Буынға пункция жасағанда буын бетін жауып тұратын шеміршекті зақмдамауға тырысу керек. 4. керекті манипуляциядан кейін инені алып тастайды, теріні тескеннен бұрынғы ығыстырылған жерінен орынан әкеліп өзегін жабады. 5. ине қадалған жерге иод жағып коллоидпен жапсырады.


Жамбас-сан буынына пункция жасау

Инені үлкен ұршықтың үстіндегі нүктеге теріге тік қадайды. Инені фронталды жазықтықта енгізеді.



Тізе буынына пункция жасау

Тізе тобығының ортасының деңгейінде ішкі және сыртқы жағынан инені кіргізеді. Инені теріге тік енгізеді. Жоғарғы қайырылымда сұйықтық жиналса тізе тобығының жоғарғы жиегінен теседі.


Ампутация және экзартикуляция

Хирург аяққа ампутация жасағанда кесіндінің тірекке қабілеттілігін сақтаумен күреседі, ол үшін кесіндіні дұрыс кесіп, сүйекті жақсылап тазалап және операциядан кейінгі тәртіпті сақтаумен күреседі. Аяқталған саусақтарын жеке-жеке бөліп алмайды, өйткені саусақтардың сыртқа қарай қозғалғанда аяқ-киім киуге кедергі жасайды.

Саусақтарды жеке-жеке бөлгенде І және V саусаққа Фарабеф әдісін және ІІ, ІІІ, І V саусаққа Люпп әдісін қолданады.
Гаранжо бойынша аяқтың барлық саусақтарын бөліп алып тастау

Көрсеткіштері: Аяқтың барлық саусақтары травмалық зақымдалғанда немесе үсігенде жасайды.



  1. Жұмсақ ұлпаларды табан жағынан табан-саусақ қатпарынан сүйектерге дейін кеседі. І метатарзальды сүйектердің басын жабу үшін, артық жұмсақ ұлпалар болу үшін, бас бармақ аймағынан алдыңғы жағынан бірнеше тілік жасайды. 2. Аяқтың сыртынан тілікті сүйекке дейін кеседі. Саусақтар арасындағы терінің жиырылуынан және саусақтың сыртында тілік болғандықтан оның пішіні «фестон» /ирек-ироек ою сияқты/ сияқты болады. 3. І және V метатарзальды сүйектердің бойымен аяқ басының бүйір жиегінен ұзынша етіп қосымша тілік жүргізеді, оны І және V саусақтардың метатарзо-фалангиальды буынын ашу мақсатпен. 4. Пинцетпен скальпельдің көмегімен метатарзальды сүйектердің басына дейін табан және аяқ сыртынан кесіндіні бөледі. 5. ассистент өткір ілмектермен кесінділерді ығыстырады, ал хирург алып тастайтын саусақтарды бос қолымен ұстап, солдан оңғы қарай бүгіп буынды ашуды бастайды, бұл кезде бүккіш бұлшық еттің сіңірлерін және бүйір байламдарды кеседі. 6. Буын қапшығының табан бөлігін кесіп және сол жақтан бастап саусақтардың хирургтің сол қолында болғанша, саусақ аралық қатпарлардан ажыратпай, саусақты бөліп алады. 7. AA. Digitales communis-ті байлайды. 8. метатарзальды сүйектердің басының буынды бетінің шеміршегін Люэр және Листон қысқыштарының көмегімен алады. 9. Теріге тігіс салады.


Метатарзалді сүйектерге ампутация жасау

  1. Теріні және жұмсақ тканьдерді табан жағынан табан-саусақ қатпарлары сызығы бойынша сүйекке дейін кеседі. 2. аяқ басының сыртқы бетінен де жұмсақ ұлпаларды сүйекке дейін кеседі. Метатарзальды сүйектердің оратңғы бөлігі деңгейімен көрсеткіштеріне байланысты кеседі. 3. Аяқ басының сыртынан және табан жағынан жасалған кесіндіні І және V метатарзальды сүйектердің ұзындығы бойынша ұзынша етіп байланыстырады. 4. табан кесіндісін сүйектен бөліп алады. 5. Фарабеф распаторымен алдын ала сүйекті аралайтын жерден сүйек қасығын бөліп алады. 6. Ампутация жасайтын бөлікті алып тасталған соң, a. dorsalis-pedis-ті және табан артерияларының тармақтарын байлайды. 7. Теріге тігіс салады.


Лисфранк буынынан бөліп алып тастаау

Буын сызығы V метатарзалды сүйектердің төмпешігінің біріккен сызығымен кескінделеді. Оны аяқтың сыртқы жиегінен, ішкі жиегінің ортасында сипап сезеді. ІІ сына тәрізді сүйек қысқа, ал ІІ метатарзальды сүйек ұзын, сондықтан лисфранк буынының сызығы алға қарай томпайып тұрады. Операцияны арнаулы Лисфранк пышағымен бір кесінділі әдіспен жүргізеді. Кесінді табан ұлпасынан кесіліп алынады. 1. оператор сол қолымен аяқтың саусақтарын сыртқа қарап тұратындай етіп ұстайды. 2. аяқ басының үстінен доға тәрізді етіп теріні және жұмсақ тканьдерді солдан оңға қарай апоенврозға дейін буын кескінінің сызығынан 2 см алдынан кеседі. 3. Хирургтің сол жағынан аяқ басының жиегінен буын сызығы нүктесіне дейін пышақты қадап және жұмсақ тканьдерді жәйлап кеседі. Кесіндіні хирургтің оң жағынан аяқ басы жиегінің буын қусы нүктесінен аяқтайды. Табан тілігі керек болса, оны қайталайды. 4. Аяқ басының үстінің терісі жиырылған жиегінен сүйекке дейін барлық жұмсақ тканьдерді кеседі. 5. Аяқ басын сол жақтан бастап табанға қарай қатьты бүгіп әр бір буынды ашады.

Бұл кезде ІІ метатарзальды сүйектің ІІ сына тәрізді сүйекпен байланысуы жоғарырақ екенін ескеру керек. Қабықты кескен соң, буын саңлауын толық ашуға болады, өйткені Лисфранк буынының кілтін /ІІ метатарзальды және І сына тәрізді сүйектің арасындағы байламды Lig. cuneometatarseum кесу керек/. 6. Лисфранк пышағының өткір жағын аяқ басының үстіне қаратып, І метатарзальды аралық негізіне қадап және оны m. peronei longi сіңірлерінің пружина тәрізді кедергі жасайтындығын сезгенше, оператор сезгенше енгізеді. Сосын пышақтың қозғалғанынан балтыр-аяқ басы байламы кесілгеніні, сосын буын толық ашылғандығын көреді. 7. Буын қабығының табан бөлігін кесіп және терінің табан кесіндісінің сызығы бойынша жұмсақ тканьдерін кесінді кесіп алады. 8. шығып тұрған І сына тәрізді сүйекті ІІІ сына тәрізді сүйектің деңгейіне дейін аралайды. 9. A. dorsalis pedis және aa. piantres medialis және lateralis-ті байлайды. 10. Тарзальды сүектердің қабығына жазғыш бұлшық еттің сіңірлерін тігеді. 11. Теріге тігіс салады. 12. Гиперэкстензия орнындай етіп гипсті таңғышпен таңады.
Шопар буынынан бөліп алып тастау

Буын сызығы тәрізді пішінде болады және келесі нүктелерден анықтайды: аяқ басының ішкі жиегінде, ал сыртқы жағында V табан сүйегінің төмпешігінен 1,5 см артындағы нүкте. Операция бір кезеңді әдіспен, табан кесіндісімен жүргізіледі.



  1. Теріні Лисфранк пышағымен табан-саусақ қатпарына 4 см дей жеткізбей бірінші белгілі пункттен, буын сызығының белгілі пункіттен екінші жағынан кеседі. 2. Табан тілігінің соңын терінің, тері асты клетчаткасының беткі шандырдың доға тәрізді кесіндісімен байланыстыра кеседі. 3. терінің жиырылған жиегімен аяқ басының үстінің тканьдерін сүйекке дейін кеседі, бұл кезде буын жартылай ашылады. 4. аяқ басын табанына қарай бүгіп және буынды ашып шопаров буынының кілтін /Lig. biurcatum/, mm. peronei longi мен tibialis posterior сіңірлерін кеседі. 5. Буын сөмкесінің табан бөлігін кеседі және табанның сүйектерімен жұмсақ ұлпалардың арасынан пышақты ішінен сыртқа қарай кесінді кесіп алады, бұл кезде a. a. plantaris medialis-ті сақтап қалуға тырысады. 6. A. dorsalis pedis пен a. plantaris medialis және lateralis-терді байлайды. 7. Теріге тігіс салады. 8. Гиперэкстензия орнымен гипсті таңғышпен танады. Шопар буынын алып тастаған соң per eguino valgus пайда болады. Сондықтан жазғыш бұлшық еттердің сіңірлерін табан бұлшық еттер3мен тігеді немесе өкше сүйегін алып тастау ұсынылады.


Пирогов бойыншасүйекті-пластикалық ампутация

  1. Табан жұмсақ ұлпаларын сүйекке дейін бір тобықтың ұшынан бастап табан арқылы екінші тобықтың ұшына дейін кеседі. 2. Аяқ басының үстінен доға тәрізді шығыңқы /томпақ/ жағын саусаққа қаратып бірінші тіліктің соңымен біріктіре тігеді. 3. Буынның қабығын, бүйірлік байламдарды кесіп, аяқ басын қатты бүгеді. Бұл кезде буын қуысы қатты ашылады. 4. Табандағы жұмсақ ұлпалардың тілігі бойынша өкше сүйегін доғалы арамен аралап және аяқ басын алып тастайды. 5. Балтыр сүйектерінің буынды соңынан tibiae-ның шеміршекті бетінен 2-3 см жоғары жұмсақ тканьдерді кесіп алып тастайды. Ішкі тобық аймағында a. tibialis posterior тармақтарын зақымдамауға тырысу керек. 6. Жұмсақ ұлпаларды жоғары көтеріп және балтыр сүйектерінің буынды соңдарын аралайды. Бұл кезде Фарабеф қысқышымен ұстап тұрады. Кейде сүйектерді тобықтардан жоғары аралайды. 7. A. dosalis pedis, aa. plantares medialis және lateralis –терді байлайды. 8. Пайда болған тері-сүйек кесіндісін, өкше сүйегінің жартысын балтыр сүйектеріне, calcanei tibiae-ның сынығына сай келетін етіп жабады және тігістермен бекітеді. Бұл операция кезінде аяқ қысқармайды, ал өкше сүйегі қисаюы мүмкін, сондықтан ахиллов сіңірін кесуге немесе өкше сүйегін шегемен бекітуге тура келеді. Тірек нүктесін өкше төмпешігінің арасындағы кілегейлі сөмке қабынуы мүмкін. Соны болдырмау үшін, Пирогов операциясының әр түрлі модификациясы ұсынылады.


Бир бойынша сүйекті-пластикалық ампутация

Бұл операцияда да басқа операциялар сияқты толық асептиканы сақтауды талап етеді.



  1. Теріні тіл тәрізді ұзындығы балтырдың көлеміне тең, сүйек кесілген деңгейге жиырылуына 2 см қосып, оның ішкі жиегі tibiae-ның артқы-ішкі жиегінен 3 см ішкері, ал сыртқы жиегі-crista tibiae-дан 3 см ішкері етіп кеседі. 2. кесінді екі жағынан асықты жіліктің алдыңғы –ішкі қырына дейін кесіп алады. 3. Доғалы арамен шетінен бастап ортасына қарай сүйек жапырақшасын қалыңдығы 0,2 см және ұзындығы 6 см етіп аралайды. 4. Кесілген жердегі саңлауға қашауды енгізіп сүйек жапырақшасын абайлап сындырады. Оның неігізін бас бармақпен бекітеді. 5. Пайда болған тері-сүйек кесіндісін жоғары көтереді. 6. Негізінен 3-4 см төмен терінің артқы кесіндісін кеседі. Терінің жиырылған жерінен жұмсақ тканьдерді дөңгелек етіп кеседі және linteum bicissum көмегімен оны жоғары көтеріп қояды. 7. Кесілген жапырақшаның негізі деңгейінен балтыр сүйектерін аралайды, оның бөлігін Люэр қысқышымен тістелеп кеседі. Crisrae tibiae-ның өткір жиектерін тегістейді. 8. A. tibialis anterior, a. tibialis posterior және a. peronea-ні байлайды. Жүйкелерді бритвамен кесіп үзеді. 9. Сүйек жапырақшасы балтыр сүйегінің сынығына жабысып жататындай етіп тері-сүйек кесіндісін жауып және тігіп бекітеді. 10. Теріге тігіс салады.



Гритти- Стокс бойынша сүйекті-пластикалық ампутация жасау

Операция Карден әдісімен екі кесінділі болып жасалады. Алдыңғы кесіндінің ұзындығы тізенің 2/3, артқысы 1/3 бөлігі болып табылады. Терінің жиырылуына алдыңғы кесіндісіне 3 см, ал артқысына -4 см қосады.



  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды ортан жіліктің ішкі айдаршығынан бастап асықты жіліктің ішкі жиегінен 2 см артынан, оған қатар төменге қарай тігіп, сосын тілікті қайтарып және tuberositas tibiae-дан 4 см төмен көлденең тілік жасай жалғастырады, сосын асықты жіліктің шыбығына дейін жүргізеді. Бұл жерде тілік тағы да жоғарғы жағынан қайырылып және ортан жіліктің сыртқы айдаршығынан аяқталады. 2. балтырдың артқы бетінің терісін алдыңғы кесіндінің ортасының деңгейінде көлденең тілікпен тігеді. 3. Ал кесіндіні тесіп және tuberositas tibiae-дан біршама жоғары Lig. patellare propri-ді кеседі. Соңғысын өткір ілмекпен ұстап және кесіндімен бірге жоғары көтереді. 4. буынның қуысын ашып бүйірлік байламдарды, крест тәрізді байламды, Lig. alaria-ді , тізе буыны қабығының артқы бөлігін және тері тілігінің деңгейінде тізенің артқы бетінің жұмсақ тканьдерін кеседі. Балтырды алып тастайды. 5. Тізе буынының жоғарғы қайырылымының бүйір қабырғалары кесіп тастайды, ал алдыңғы кесіндінің /тізе тобығы жатқан/ ішкі бетін алға қарай ауыстырады. 6. Оллье сүйекті қысқыштармен patellae-ның шеміршекті бетін ұстап тұрып аралайды. 7. Ортан жіліктің айдаршығын жұмсақ тканьдерден босатады /ажыратады/. Бұл кезде planum popliteum-де орналасқан, а. және v. poplitea-ны зақымдап алмауға тырысу керек. 8. Жұмсақ ұлпаларды распатормен ығыстырып және Фарабеф қысқышымен ортан жіліктің ішкі айдаршығын ұстап, айдаршық үстінен көлденең бағытпен эпифизді аралап кеседі. 9. А. және v. poplitea-ны байлайды. N. ischiadicus-ті жоғарырақтан бритвамен кесіп үзеді. 10. Тізе тобығын алдыңғы кесіндімен бірге ортан жіліктің кесілген жеріне әкеліп жауып және бірнеше сүйек үсті тігісімен бекітеді. Теріге тігіс салады және жараның бұрышына дренаж қояды. 11. M. guadricipitis-тің тартылу күшінен patellae-ның сырғып кетпеуі үшін, сүйек сүйегі пайда бола бастағанда patellae-ны шегемен бекітеді. Осы мақсатпен Альбрехт модификациясы ұсынылған. Тізе тобығын аралағанда тегіс болмайды, ал ортан жіліктің сүйекті-ми қуысында қадалған шип қалады. Операциядан кейін patellae –ның кесіндісінің тірегі болып табылады және пателляр кілегейлі сөмкесінің алдыңғы бурситті байқалады. Бұл операцияға кейбіреулер Сабанаев модифкциясын қолданады.



Тест сұрақтары
1.Иық өрімінің латералді шоғыры қандай жүйке береді:

А) иықтың медиальді терілік жүйке

В) қолтық асты

C) шынтақтық

D) кәрі жіліктік

E) бұлшық ет терілік

2.Білезіктің кәрі жіліктік өзегінен не өтеді:

А) жалпы бүккіштердің сіңірінің синовиальді қынабында

В) ортаңғы жүйке

C) шынтақтық жүйке

D) кәрі жіліктік жүйке

Е) білезіктің кәрі жіліктік бүккіш сіңірінің синовиальды қынабы

3.Пирогов бойынша қолтық асты артерияның кескіні:

А) fossa axillaris-тің алдыңғы және ортаңғы үштен бір бөліктері енінің арасындағы шекара

В) fossa axillaris-тің ортаңғы және артқы үштен бір бөлікті енінің арасындағы шекара

C) fossa axillaris ені ортасында

D) шаш өсу шекарасының алдыңғы жиегі бойымен

Е) шаш өсу шекарасының артқы жиегі бойымен

4.Қандай клетчаткалық кеңістікте беткейлік алақан доғасы орналасқан:

А) тері асты

В) апеновроз асты

C) сіңір асты

D) 5 саусақ төмпешігінің медиальді аймағында

Е) 1саусақ төмпешігінің латеральді аймағында

5.Төрт жақты тесіктен қандай жүйке өтеді:

А) жауырын үсті

В) жауырынның дорсальді жүйкесі

C) кәрі жіліктік

D) қолтық астылық

Е) бұлшық ет терілік

6. Қолтық асты қуысының артқы қабырғасы шектелген:

А) үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері

В) құс тұмсықты бұлшық ет пен иықтың екі басты бұлшық етінің қысқа басы

C) артқы, жоғарғы тісті бұлшық ет

D) жауырын асты, үлкен домалақ, арқаның жалпақ бұлшық еті

Е) алдыңғы тіс тәрізді бұлшық ет

7.Иық сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігі сынғанды жиі зақымдалатын жүйке:

А) ортаңғы

В) кәрі жіліктік

C) шынтақтық

Д) бұлшық ет терілік

Е) қолтық астылық

8.Қолтық асты тамырының кеуде асты үшбұрышындағы тармағы:

А) жауырын астылық тамыр

В) медиальді кеуделік

C) жоғарғы кеуделік

D) кеуде-акромиальді

Е) терең иықтың

9.Медиалді екі басты жүлгеден не өтеді:

А) негізгі вена

В) басты вена

C) терең иық вена

D) алдыңғы айналмалы иық вена

Е) артқы айналмалы иық вена

10.Анатомиялық табакеркадан не өтеді:

А) ортаңғы жүйке

В) шынтақ жүйкесі

C) шынтақ тамыры, көк тамыры

D) кәрі жілік артерия, вена

Е) сұқ саусақтың жазғышының синовиальді қапшығы

11.Алмұрт асты тесіктен шығады:

А) жоғарғы бөксе тамыры мен жүйкесі

В) санның латеральды тері жүйкесі

C) тамыр, көктамыр

D) сан жүйкесі

Е) санның артқы терілік жүйкесі

12.Сан жарығы кезінде сан өзегінің алдыңғы қабырғасы не болады:

А) сан венасының қынабы

В) санны жалпақ шандырының беткі жапырақшасы

C) санны жалпақ шандырының терең жапырақшасы

D) сан артериясының қынабы

Е) лакунарлы байлам

13.Тобық өзегінен өтеді:

А) сықты жілік артерия, вена және терең шыбық жүйкесі

В) асықты жілік шыбығы артерия, вена

C) артқы асықты жілік артерия, вена және асықты жілік жүйкесі

D) жалпы асықты жілік шыбығы жүйкесі

Е) беткей асықты жілік шыбығы жүйкесі

14.Жоғарғы алмұрт тесіктен шығады:

А) жоғарғы бөксе тамыры, венасы мен жүйкесі

В) төменгі бөксе тамыры, венасы мен жүйкесі

C) санның латералды тері жүйкесі

D) санның артқы терілік жүйкесі

Е) сан жүйкесі

15.Терең сан сақинасы жатады:

А) тамыр лакунасының медиалды бөлігінде

В) тамыр лакунасының латералды бөлігінде

C) бұлшық ет лакунасының медиалды бөлігінде

D) бұлшық ет лакунасының латералді бөлігінде

Е) сан үш бұрышында

16.Сан жарығы кезінде сан өзегінің артқы қабырғасы болып табылады:

А) сан венасының қынабы

В) санның жалпақ шандырының беткі жапырақшасы

C) санның жалпақ шандырының терең жапырақшасы

D) сан артериясының қынабы

Е) лакунарлы байлам

17. Әкелушісі өзектің алдыңғы қабырғасы арқылы өтеді:

А) шонданай жүйке

В) тері асты жүйке

C) жапқыш жүйке

D) жоғарғы боксе жүйке

Е) төменгі жүйке

18. Тізе асты ойысындағы тамыр-жүйке шоғыры элементтерінің артан алға қарай орналасуы:

А) асықты жілік жүйке, артерия

В) асықты жілік артерия, вена және жүйке

C) тізе асты вена, артерия, жүйке

D) тізе асты вена, артерия

Е) асықты жілік жүйке, тізе асты вена, артерия

19. Төменгі бұлшық ет-асықты жілік шыбығы өзегінен өтеді:

А) артқы асықты жілік артерия, вена және асықты жілік жүйке

В) алдыңғы асықты жілік артерия, вена және терең асықты жілік шыбығы жүйкесі

C) асықты жілік шыбық артерия

D) жалпы асықты жілік шыбығы жүйкесі

Е) беткей асықты жілік шыбығы жүйкесі

20. Сирақта Пирогов өзегінен не өтеді:

А) терең асықты жілік шыбығы жүйкесі

В) беткей асықты жілік шыбығы жүйкесі

C) асықты жілік шыбық жүйке

D) үлкен тері асты вена

Е) тері асты вена


Жауаптары


1- Е

6- D

11- Е

16- C

2- Е

7- В

12- В

17- B

3- D

8- А

13- C

18- Е

4- В

9- А

14- А

19- C

5- D

10- D

15- А

20- Е


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Оперативная хирургия и топографическая анатомия: учебник для медвузов/ Г.Е. Островерхов, Ю.М. Бомаш, Д.Н. Лубоцкий. -5-е изд, - М.: Мединформагенство, 2005. – 736с.

2. Топографическая анатомия и оперативная хирургия: учебник для вузов: В1т/ В. И. Сергиенко, авт. Э. А. Петросян, авт. И.В. Фраучи, ред. Ю.М. Лопухин.- М.: "ГЭОТАР-мед", 2002. – Т,1. – 832с.

3. Топографическая анатомия и оперативная хирургия: учебник для вузов: В2т/ В. И. Сергиенко, авт. Э. А. Петросян, авт. И.В. Фраучи, ред. Ю.М. Лопухин.- М.: "ГЭОТАР-мед", 2002. – Т, 2 .-592с.

4. Учебно-методическое пособие по топографической анатомии и оперативной хирургии для студентов педиатрического факультета медицинских вузов/ В. И. Сергиенко, авт. Э. А. Петросян, - М.: ГЭОТАР - МЕД, 2001.- 280 с.

5. Учебно-методическое пособие по топографической анатомии и оперативной хирургии для студентов лечебного факультета медицинских вузов / В. И. Сергиенко, авт. Э. А. Петросян, А.А. Суханин - М.: ГЭОТАР - МЕД, 2001.- 280 с.

6. Оперативная хирургия и топографическая анатомия: учебник для вузов / В.В. Кованов, - М.: 2000. – 4-70 стр.

28. 01. 2010 ж. басуға қол қойылды

Көлемі 3.4 есепті-баспа табағы

100 дана


ҚММУ баспаханасында басып шығарылды

Қ


арағанды қаласы , Гоголь көшесі,40



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет