1 Біріккен кәсіпорынның мәні


ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ



бет3/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6

ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1.Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық жинақ есебі


Материалдық емес активтер

Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (бір жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді. Бұл анықтама біріккен кәсіпорынға да тән. Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтерін физикалық негізсіз және оларды материалды немесе материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады.

Мысалы, біріккен кәсіпорынның жабдықтары технологиялық басқаруға арналған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етіліп, онсыз жабдық жұмыс істей алмайды. Бұл жағдайда бағдарлама жабдықпен бірге негізгі құрал құрамына енеді ме немесе материалды емес актив құрамына енеді ме, ол принципиальді түрде анықталуы керек.

Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтеріне: лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру, патенттер, авторлық құқық, басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі, фирмалық атаулар, ноу-хоу, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.

Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтерін бағалау:


  1. Басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетеді;

  2. Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады;

  3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

Біріккен шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтер есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 28-стандартына сәйкес және субъектілердегі қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы бірінші “Айналымнан тыс активтер” - деп аталатын бөлімнің 10-бас шотының 101-шот – Лицензиялық келісімдер, 102-шот – Программамен жабдықтау, 103-шот – Патенттер, 104-шот – Ұйымдастырру шығындары, 105-шот – Гудвилл, 106-шот – Басқадай материалдық емес активтер – деп аталатын бөлімше шоттарында жүргізіледі.

Материалдық емес активтердің біріккен кәсіпорынға келіп түсуі мен шығуы бір данада жасақталған №1 нысанындағы “Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде көрсетіледі.

Актлерде материалдық емес активтердің дәл атауы, кәсіпорынға дәл өткізілген (келіп түскен) күні, объектінің сипаттамасы, бастапқы құны, амортизация нормасы көрсетіледі.

Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтері басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады; өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізеді. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда материалдық емес активтердің атауы, ай басындағы және соңындағы қалдықтары, ай ішіндегі қозғалысы келтіріледі. Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограммада жасалды.

Біріккен кәсіпорынға материалдық емес активтердің келіп түсуі.

Басқа заңды және жеке тұлғадардан сатып алынғанда сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 101-103,106 К-т 671, ҚҚС сомасына Д-т 331 К-т 671, ҚҚС-ты есепке алғанда Д-т 633 К-т 331, ұсынылған шотты төлегенде Д-т 671 К-т 441, 431, 451, 452жазулары жазылады.

Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасаса (бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу), жұмсалған материалдардың құнына Д-т 901 К-т 201-206, әзірлеушілердің жалақысына Д-т 902 К-т 681, жалақыдан аударым сомасына Д-т 903 К-т 635, материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындарға Д-т 900 К- т 901, 902, 903, жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Д-т 102, 106 К-т 900 жазулары жазылады.

Біріккен кәсіпорындардың материалдық емес активтерін жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 92, 93-бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.

Біріккен кәсіпорындарға материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түскенде мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 511 К-т 501-503 жазуы, ал келіп түскен материалдық емес активтердің сомасына Д-т 101-103, 106 К-т 511жазуы жазылады.

Шаруашылық серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес – шаруашылық субъектілері жарғылық капиталға салым ретінде аластатылған құқықты енгізуге құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық көлемінің бағасы бойынша (жалдық пайызды қоса) қысқартылған түрде бағаланады. Үйлерді, ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 106 К-т 511 жазуы жазылады. Уақытша пайдалануға алынған үйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001-шотта ескеріледі. Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін келгенде Д-т 101-103, 106 К-726, 727 болады. Жыл соңында Д-т 726, 727 К-т 571 жазуы беріледі.

Біріккен кәсіпорындардың материалдық емес активтерінің есептен шығарылғанда басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынса материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 841 К-т 101-103, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, келісім құнына Д-т 141-144 К-т 721, ҚҚС сомасына (айырмашылықтан) Д-т 821 К-т 633, жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне Д-т 571 К-т 841, 842, жиынтық кірістің артуына Д-т841, 821 К-т 571 жазулары беріледі.

Моральдық тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылғанда материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 841 К-т 101-103,106, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, жыл соңында Д-т 571 К-т 841 жазулары жазылады.

Сатуға байланысты материалдық емес активтерді есептен шығарғанда материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 841 К-т 101-103, 106, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, сатылған активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз): Д-т 301 К-т 721, ҚҚС сомасына: Д-т 301 К-т 633, ҚҚС бюджетке төленгенде Д-т 633 К-т 441, сатып алушы шотты төлегенде Д-т 431, 441, 451, 452 К-т 301, жыл соңында Д-т 571 К-т841, зиян шеккенде Д-т 721 К-т 571 жазулары жазылады.

Өтеусіз берілсе баланстық құнға Д-т 841 К-т 101-103, 106, материалдақ емес активтердің баланстық құнына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, ҚҚС сомасына Д-т 821 К-т 633, жыл соңында Д-т 571 К-т 841, 821 жазуы көрсетіледі.

Біріккен кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырайды.

Есептелген тозудың мақсаты – пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін 11-“Материалдық емес активтердің амортизациясы” бөлімшесінің 111-116-шоттары көзделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипаттағы шоттар. 111-116-шоттарының кредиті бойынша материалдық емес активтер амортизациясының (тозуының) ай басындағы қалдығын, ай ішіндегі есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 111-116 шоттарының дебеті бойынша МЕА амортизациясының (тозуының) есептен шығарылуы (кемуі) көрсетіледі.

Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтері бойынша амортизация бастапқы құнынан есептелген нормалар және МЕА болжамды ұтымды пайдалану мерзімі бойынша ай сайын есептейді. Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ кәсіпорынның жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып белгіленеді.

Мысалы: Субъект ЭЕМ-ге бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алды, құны 120,0, ұтымды пайдалану мерзімі 5 жыл (60 ай) болып белгіленген.

Ай сайынғы амортизация нормасы 120,0 / 60 = 2 000 теңге немесе 1067 (2 000*100/120,0). МЕА оларды пайдалану мерзімі ішінде кәсіпорынға белгілі бір табыс әкелуге тиіс. Амортизацияны есептеу МЕА құны толық өтелгеннен кейін немесе актив табыс әкелуді доғарған сәттен бастап тоқтатылады. МЕА ұтымды пайдалану мерзімінің дүрыс есептелінуіне олардың амортизациясын өндіріс немесе айналым шығындарына қосу тәуелді, демек оған кәсіпорын қызметінің шынайы қаржы нәтижесі де тәуелді болмақ. МЕА амортизациясының есебі РТ №6-нысанында жүргізіледі. Амортизацияны есептеуді бухгалтерлік есептің шоттарында НҚ бойынша тозуды есептеуге ұқсас көрсетіледі. Амортизацияны есептеу сомасына Д-т 811, 821, 935 К-т 111-116 жазуы беріледі.

111-116-шоттар бойынша талдамалы есеп МЕА түрлері және жекеленген объектілері бойынша ұйымдастырылуға тиіс.

МЕА түгендеген кезде кәсіпорынға меншік құқына тиесілі МЕА нақты қолда бары, оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімділігі, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығы, моральды ескірген активтердің бар-жоғы тексереді.

Бастапқы құжаттамада МЕА объектісінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болып, олардың бастапқы құны, ұтымды пайдалану мерзімі, тозу нормасы, объект падаланатын бөлімщелер, МЕА түгендеулері көрсетілуге тиіс. Объектінің өзінің бар-жоғын және пайдаланудағы кәсіпорынның құқын растайтын құжаттардың қолда барын анықтау қажет.

Кәсіпорын аукционда басқа кәсіпорынның активтерін (НҚ, материалдар, дайын өнімдер және басқалар) сатып алады, сондай-ақ пассивтер кәсіпорынның балансы бойынша 6 000,0 теңге құрады. Активтерді сатуды бөлген жағдайда, олардың нақы бағасы бойынша құрылтайшы 6 000,0 түсім түсіреді. Кәсіпорынды аукционда немесе одан тыс жерде біртұтас түрінде сатқан кезде сатып алу құны 10 200,0 теңге құраған. Активтің бөлініс бағасы мен кәсіпорынды біртұтас түрінде сатқан кезде алынған түсімнің арасындағы айырма сомасы “фирма бағасын” немесе гудвиллді құрайды.

Сатып алушы кәсіпорын активтерінің шынайы құнынан артық 4200,0 төледі. Дәлелдемелері сатып алынған кәсіпорын өткізу нарқында монополияның қайсы бір нысанына ие болған, кәсіпорынды сатып алғанда сатып алушы фирма ішкі немесе сыртқы нысанына ие болған, сатып алушы фирма өндірісті бұрынғы атымен жүргізбек, өйткені оның тауарлары кеңінен танымал және сұранысқа ие, кәсіпорында білікті қызметкерлер бар, кәсіпорында пайда әкелгіш тауар белгілері, тауардың шығатын жері, лицензиялар бар, кәсіпорын сатып алынатын материалдық ресурстарды өткізу нарқына жақын орналасқан болып табылады.



      1. Нұсқа

Сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін, дербес немесе жеке балансын сақтайды. Сатып алынған кәсіпорынның активтерінің құны шегінде төленген баланстық құнына Д-т 562 К-т 441, кәсіпорынды сатып алу құнының оның барлық активтерінің құнынан арту сомасына Д-т 105 К-т 441, 10 жыл ішінде, бірақ субъект қызметінің мерзімінен аспайтындай мерзімде МЕА тозуына есептеу жүргізіледі 4200,0/120 ай= 35,0 (ай сайын) Д-т 935 / негізгі өндіріс К-т 115 – 35,0, егер қандай да бір себептерге байланысты гудвиллді есептелген амортизация сомасы оның құнын жаппаса, онда айырма зиянға есептен шығарылады, бұл орайда Д-т 821 К-т 105 және жыл соңында Д-т 571 К-т 821жазулары жазылады.

      1. Нұсқа

Жұмыс істеп тұрған кезінде сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін жоғалтады, оның активтері мен пассивтері сатып алушы фирманың балансына қосылады. Баланста көрсетілген құнға Д-т 562 К-т441 – 6 000,0 млн.теңге, кәсіпорынды сатып алу құнының олардың барлық активтерінің құнынан арту сомасына: Д-т 105 К-т 441 – 4200,0, сатып алынған кәсіпорынның барлық активтері акт бойынша қабылданды Д-т 10, 12, 20, 22, 32, 33, 40, 44, 45 және т.б. бөлімшелер К-т 562 – 6 000,0, сатып алынған кәсіпорынның барлық пассивтері акт бойынша қабылданды Д-т 562 К-т 11, 13, 50, 56, 60, 61, 63, 65, 66, 67, 68 және т.б. бөлімшелер – 6 000,0, 10 жыл бойына ай сайын есептелген амортизация: Д-т 935 К-т115 – 35,0, 10 жылдан кейін гудвиллдің есептен шығарылуы Д-т 115 К-т 105-4 – 200,0 жазулары жазылады.

Бедвилл жағдайында сатып алынған кәсіпорын құны 10 000,0; 7 000,0 сатып алынған, бедвилл – 3 000,0 Д-т 562 К-т 441 – 7 000,0;

Д-т 562 К-т 727 – 3 000,0;

Жыл соңында: Д-т 727 К-т 571 болады.


Негізгі құралдар есебі

Біріккен кәсіпорынның негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.96 жылғы №3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.97 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №6 “Негізгі құралдар есебі” бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі.

№6 БЕС бойынша біріккен кәсіпорынның негізгі құралдары – бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Біріккен кәсіпорынның негізгі құралдарына мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер,көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар

Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай біріккен кәсіпорындардың негізгі құралдары былайша бөлінеді:



  • өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.

  • Өндірістік емес – бұл – тұтыну мақсатындағы негізігі құралдар.

Тиістілігі бойынша негізгі құралдар меншікті, қысқа мерзімге жалданған, ұзақ мерзімге жалданған, пайдалану сипатына қарай біріккен кәсіпорынның негізгі құралдары қолданыстағы және запаста тұрған, заттық құрамы бойынша негізгі құралдар инвентарлық және инвентарлық емес. Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады. Өнеркәсіп саласына экономикалық барлық салаларында өнеркәсіп өнімдері өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.

Біріккен кәсіпорынның негізгі құралдарының есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.

Біріккен кәсіпорынның негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар, жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар, құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар, активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар шотта көрсетілген сату бағасы, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы, сатып алу-сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу, салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар (үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу) кіреді.

Альтаир” ЖШС-і аумағында 1 200 000 теңгенің құрылысы орналасқан жер учаскесін сатып алды. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттің көрсеткен қызметінің құны – 23 000 теңге, шарт жасау жөніндегі заңгер көрсеткен қызмет құны – 15 600 теңге, құрылысты бұзу шығындары 35 000 теңге, үйді бұзудан алынған табыс 12 300 теңге, учаскені тазалау және тегістеу жөніндегі шығындар 7 000 теңге.

Учаскенің бастапқы құны: 1 200 000 + 23 000 + 15 600 + (35 000 – 12 300) + 7000 = 1 268 300 теңге құрайды. Д-т 121 (жер) К-т 671 (жеткізушілермен есеп айырысу). Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына сатып алу бағасы, тасымалдау шығындары (тасымалдау уақытындағы сақтандыру), монтаждау шығындары, жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу шығындары қосылады.

Біріккен кәсіпорынның негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу (қозғалысы) (НҚ) №1 нысанындағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын ресімдеу үшін, негізгі құралдардың қоймадан (запастан) пайдалануға беру үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланады. Негізгі құралдарды қабылдау ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. НҚ бірнеше объектілерін қабылдау-өткізуді ресімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал-саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл объектілер біртектес болса, құндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданған болса, рұқсат етіледі. Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітіледі. НҚ ішкі қозғалысын ресімдеген кезде акт екі данада жасалады. НҚ басқа объектілерге сатылған кезде акт үш данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады (1-сі НҚ қалдығы мен қозғалысы туралы есептемеге, екіншісі есеп айырысу-төлем құжаттарына қоса беріледі), үшіншісі НҚ қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды “жас өсімдіктер” тобына есептеуді, сондай-ақ өсімдіктерді “пайдаланудағы өсімдіктер (толық ұрықтанғанға немесе бұтақтар өскенге дейін)” тобына ауыстыруды көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен ресімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырылады.

Біріккен кәсіпорынның негізгі құралдардың есебі активтік 121-126-шоттарда жүргізіледі, оларды субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен (негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудан кейін) ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 131-134-шоттар арналған.

Үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алғанда баланстық құнына Д-т 122-124 К-т 671, тозу сомасына (егер пайдалануда болған объектілер сатып алынса) Д-т 122-124 К-т 131, 133 – 100,0, ҚҚС-ты қоса алғанда, жеткізуге байланысты шығындар Д-т 124 К-т 671 – 50,0, жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек өтелгенде Д-т 671 К-т 431, 441, 451, 452 – 350, 0 жазуы жазылады. Егер сатып алу бір қалада және бір күнтізбелік ай ішінде жүргізілсе, онда бухгалтерлік жазбаны 671-шотта көрсетпестен жүргізуге болады, яғни Д-т 122, 124 К-т 431, 441, 451, 452, тозу сомасына (құжаттар бойынша ) Д-т 122, 124 К-т 131, 133. Бұл тәртіп бұзу болып саналмайды, өйткені ол қаржы нәтижелерінде көрсетілмейді. Өзге қалалық есеп айырысу жағдайында бухгалтерлік жазбаларды 671-шот арқылы жүргізуге болады, егер үйлер мен автомобильдер жаңа болса, онда тозу операциялары болмайды. Егер НҚ нарықтықтық бағасы бойынша сатып алынса, онда ол НҚ бастапқы құны болып саналады. Сатып алынған басқа НҚ (бухгалтерлік жазбаларды ақша шоттарымен жасауға болмайды, өйкені есепке алуға арналған ҚҚС бөлініп көрсетіледі) ҚҚС-сыз салық шот-фактураларына сәйкес келісім құнына Д-т 123-125 К-т 671 – 300,0; ұсынылған шот бойынша ҚҚС сомасына Д-т 331 К-т 671 – 45,0; кіріске алу сәті бюджет алдындағы берешекті кемітуге ҚҚС-ты жатқызу сәті болып табылғанда Д-т 633 К-т 331 – 45,0; жеткізушілерге төленген шоттарға Д-т 671 К-т 431, 441, 451 – 360,0 жазуы жазылады. Егер алдын ала төлем жүргізілсе жүргізілген алдын ала төлемнің сомасына Д-т 351 К-т431, 441, 451, 452 – 360,0; НҚ келісім құнына Д-т 123, 125 К-т 671 – 300,0; ҚҚС сомасына Д-т 331 К-т 671 – 45,0; ҚҚС есепке алу Д-т 633 К-т 331 – 45,0; берілген аванстврды (алдын ала төлемдерді) есепке алу: Д-т 671 К-т 351 – 60,0 жазу жазылады.

Егер НҚ демеушілік көмек ретінде алынса, онда оларды былайша кіріске алады: Д-т 122-125 К-т 727 – 1200,0. Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда баланстық құнына Д-т 122-125 К-т 727 – 400,0; тозу сомасына: Д-т 122-125 К-т 131-134 – 800,0 жазуы көрсетіледі. Ал егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан субсидия түрінде алынса, Д-т 122-125 К-т 726 – 1млн теңге, табыс етілген НҚ пайдалануда болып, құжаттарына тозу құны көрсетілсе. Онда баланстық құнына Д-т 122-125 К-т 726 – 600,0; тозу сомасына Д-т 122-125 К-т 131-134 – 400,0 жазуы көрсетіледі. Жыл қорытындысы бойынша 7-бөлімнің шоттарында көрсетілген табыстар жиынтық табыстың өсуіне жатады: Д-т 726, 727 К-т 571


              НҚ жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскенде мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т511 К-т 501-503 – 5 млн теңге; Жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен НҚ келісім құнына Д-т 122-125 К-т 511 – 3500,0 болады. Егер пайдалануда болған НҚ келіп түссе және келісім құны баланстық құнына сай келсе, онда баланстық келісімді құнына Д-т 122-125 К-т 511 – 2300,0; тозу сомасына Д-т 122-125 К-т 131-134 – 1200,0; құрылтайшылар енгізген салымның қалған сомасына Д-т 101-103, 201-205, 208, 221-223, 106, 431, 441, 451, 452 К-т511 – 1 500,0 жазуы беріледі. Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде НҚ келіп түскенде босатылған таурлардың сатып алу құнына Д-т 801 К-т 222 – 1200,0; ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісім құнына (салық шот-фактурасына сәйкес) Д-т 301 К-т 701 – 1500,0; ҚҚС сомасына (салық шот-фактурасы бойынша): Д-т 301 К-т 633 – 225,0; Алынған НҚбаланстық құнына (егер құжаттарда тозу сомасы көрсетілсе) Д-т 122 К-т 671 – 1500,0; Тозу сомасына (қабылдау-өткізу құжаттары бойынша) Д-т 123 К-т 132 – 200,0; ҚҚС сомасына (әріптестен алынған салық шоты бойынша) Д-т 331 К-т 671 – 225,0; ҚҚС есепке алу: Д-т 633 К-т 331 – 300,0; өзара міндеттемелерді есепке алу: Д-т 671 К-т301-1 – 800,0 (1500,0+300,0); жыл соңында:

  1. Шығындар жиынтық табысты кемітеді: Д-т 571 К-т801 – 1200,0;

  2. Табыстар жиынтық табысты арттырады д-т 701 К-т571 – 1500,0.

Аталған операциядан алынатын табыс (571-шоттың кредиттік сальдосы) – 300,0 жазулары жазылады.
              НҚ түгендеу кезінде анықталған артықшылықтары (келіп түскен кезде кіріске алынбағандары) Д-т 122-125 К-т 727 бухгалтерлік жазбамен кірістеледі.

Инвентарлық объект НҚ есебінің объектісі болып табылады, яғни оған тиесілі бейімдеулері және керек-жарақтарымен бірге аяқталған құрылғы немесе жеке оқшауланған зат (заттар кешені) белгілі бір дербес функцияларды орындауға арналған. Инвентарлық объектіге инвентарлық нөмір тағайындалады. Объектінің нөмірлеуін әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша құрады.

Мысалы, үйлер үшін 0001-ден 0299-ға дейінгі ғимараттарға 0300-ден 0499-ге дейінгі нөмірлер бөлінген.

Инвентарлық нөмірлер НҚ №1 нысанында және НҚ қолда бары мен қозғалысын есепке алу жөніндегі барлық тіркелімдер мен құжаттарда келтіріледі. Оларды тиісті объектілерде темір бетондарды бекіту, бояу жағу немесе басқадай әдістермен белгілейді. Инвентарлық нөмір объектінің пайдалануда болған барлық кезеңіне сақтайды, ал ол шығарылатын болса, жаңадан келіп түскендеріне ұзақ уақыт бойы (5 жылға дейін ) қайтадан нөмір қоймайды. Бухгалтерлік есепте НҚ әрбір объекті бойынша бүтін теңгеге дейін дөңгелектелген сомамен ескеріледі.

Негізгі құралдарының саны көп және есепті қол әдісімен жүргізетін ұйымдарда объектілік, яғни НҚ талдамалы есебі инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Олар шаруашылық инвентарлық біртектес заттарын, құрал-саймандарын және өндірістік немесе шаруашылық мақсаты бір және техникалық сипаттамасы , құны бірдей және бір өндірістік бөлімшеде тұрған басқа заттарды қоспағанда, әрбір инвентарлық объектіге ашылады.

Ай ішінде 4-бөлімнің карточкалары 12-бөлімнің (негізгі құралдар) шотында ескерілген айналымдармен салыстырғаннан кейін кортотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдардың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне пайдаланудағы негізгі құралдардың нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына пайызбен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортзациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға дүзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Бірккен кәсіпорындарда амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен шектелген болады. Бірккен кәсіпорындарда амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде НҚ әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерің қолданылады және оны субъектінің таңдап алуы есеп саясатында анықталынады.

Бірккен кәсіпорындардағы қолданыстағы заңдарға сәйкес өзіне тиесілі үйлерді, ғимарттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және инвентарларды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, тегін уақытша пайдалануға немесе қарызға беруге, егер заңдарда және субъектінің жарғысында өзгедей көзделмесе, сондай-ақ оларды баланстан есептен шығаруға құқылы. Кәсіпорындардың, цехтар мен басқа объектілердің құрылысына, кеңейтілуіне және техникалық қайта жарақтануына байланысты физикалық және моральды тозуы бойынша таратылған кезде; табиғи апаттардың, аврияның, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуының нәтижесінде негізгі табыннан малдарды ақау ретінде шығарып тастағанда; шаруашылық аралық дәне басқа кәсіпорындар ортақ кәсіпорынға баланстан шығару арқылы өтеусіз бергенде. Сыйлағанда, табыс еткенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда НҚ шығарылады.

Тарату толық немесе ішінара (объект қайта жабдықталғанда және жаңартылғанда) болады. Ғимараттар, жабдықтар және басқа да тозған құралдар, белгіленген қызмет мерзімін жұмыспен өтегеннен кейін, физикалық тозуы салдарынан толық ескірген өндірістік үй, егер бұл объектілерді қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болса және оларды басқа шаруашылық субъектілерге өткізу немесе сату мүмкін болса, олар тарату тәртібімен субъект балансын есептен шығарылады.

НҚ №4 нысандарындағы актілерде жасалған немесе салынған жылы, кәсіпорынға келіп түскен күні, пайдалануға берілген уақыты, объектінің бастапқы (ағымдық) құны, есептелген тозу сомасы, жөндеулердің саны көрсетіледі. Акт кәсіпорын басшысы бекіткеннен кейін ғана объектіні таратуға кіріседі. Актінің келесі жағында объектіні тарату жөніндегі шығындар мен НҚ тарату алынған материалдық құндылықтардың түсімі көрсетіледі. Материалдық құндылықтарды қоймаға өткізу жүкқұжатпен ресімделеді (кіріске алу пайдаланудың мүмкін бағасы бойынша жүзеге асырылады). Негізгі табыннан жануарлардың жарамсызын шығаруды негізгі табындағы жануарға арналған актімен ресімдейді (бір жануарға №57-нысан, топқа №57а-нысаны).

Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Мұның өзі НҚ жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен, сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу, яңғни күрделі жөндеу мен шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.

Бір жылдан артық мерзім сайын жүргізілетін, нәтижесінде агрегат толықтай бөлшектелетін, алмастырылатын немесе тозған барлық тетіктері мен жерлері қалпына келтірілетін, агрегат жинақталатын және сынақтан өтетін жөндеу машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының күрделі жөндеуі болып саналады. Машинаның агрегаттарына күрделі жөндеу машина маркасына байланыстыбелгіленген жүрістен кейін жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі әдетте жөнделетін объектілерді шамалап қайта құрумен ұштасады, мұндай кезде тозған конструкциялар мен тетіктер алмастырылады. Шамалап қайта құру немесе жаңғырту НҚбастапқы құнын өсірмейді. №6 БЕС-ке сәйкес НҚ объектілерінің бастапқы құнын өсіру кейінгі күрделі салымдардың нәтижесінде объект күйі жақсаратын жағдайларда ғана жүргізіледі. Мұндай кезде оның бастапқы бағалаудың нормативтік көрсеткіштері: қызмет мерзімі, өндірістік қуаты артады. Объектінің техникалық күйін сақтау және ұстау мақсатында НҚ жөндеуге жұмсалған шығындар бастапқы құнды өсірмейді, олар пайда болған сәтте ағымдағы шығындар ретінде танылады.



Мысал: автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге, ұтымды пайдалану мерзімі 8 жыл, ал 5 жылдан кейін автомашинаға құны 2 900 000 теңге болатын жаңа қозғалтқыш орнатылады, оң жақ қапталы 45 000 теңгеге алмастырылады. Қозғалтқышты алмастыру нәтижесінде қызмет мерзімі 2 жылға артады, сөйтіп 2 900 000 теңге сомасындағы шығындар бастапқы құнды өсіреді, ал 45 000 сомадағы шығындар ағымдағы шығынбар ретінде танылады.

Ағымдағы жөндеу НҚ жұмыс жағдайында ұстау үшін оның тозған тетіктерін алмастырудан немесе түзетуден тұрады. Оны НҚ пайдалану процесінде жүргізеді. НҚ сақтандыру мақсатымен белгіленген мерзімдерден ертерек жүзеге асырылатын жоспарлы-ескерту жөндеуінің маңызы зор болмақ. Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен ресімделуін, жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті.

Жұмыстарды жүргізудің шаруашылық әдісі кезінде НҚ ақау ведомосы жасалады. Оның негізінде НҚ жөндеу жүргізуге норяд-тапсырыс жасалады. Кәсіпорынның жөндеу цехтарына (ЖЦ, РМН, РСУ) әрбір жөнделетін объектіге көп бағамдық каточкалар ашылып, онда жөндеудің шығындары жинақталады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №2 нысаны бойынша объектілер тапсырыс берушіге табыс етіледі. НҚ объектілерін жөндеуден мерзімінде алуды бақылау мақсатында №6 нысанындағы инвентарлық карточкаларды объектілерді жөндеу кезінде картотеканың “жөндеуде” деген бөліміне орналастырылады. Жөндеу карточкаларын бұл бөлімнен НҚ топтары бойынша картотеканың тиісті бөлімдеріне көшіреді.

Өндірістік негізгі қорларды жөндеуге жұмсалатын шығындарды есепке алу үшін 934-шот қолданылады. Жалпы шаруашылық мақсаттағы НҚ, жөндеу шығындары 821-шотта, тауарларды сататын жерінде сақтауға арналған НҚ жөндеу шығындары 811-шотта көрсетіледі. Қажет болған жағдайда жөндеуге жұмсалған шығындарды өнімнің, жұмыстың және қызметтің құнына біркелкі енуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеудің барлық түрлері мен оның ұзақтығына жұмсалатын шығындардың жылдық сметасына орай ай сайын аударымдар жасап, жөндеу қорын құра алады.

Қазіргі номативтік актілер мен кәсіпоры есеп саясатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар нақтылы қолда бар негізгі құралдарды айқындау және оның дұрыс сақталуын бақылау мақсатында мерзім сайын түгендеу жүргізіп отырады.

№ 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру » ( БЕС-24) бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес түгендеу жүргізу мерзімін кәсіпорын өзі белгілейді. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шарауапшылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. Инвентарлық карточкалардың, инвентарлық тізімдердің бар-жоғын, техникалық құжаттардың қолда бары мен жағдайы және жалға берілген немесе субъект жалға не сақтауға алған НҚ басқа құжаттарының қолда бары тексеріледі. Құжатта жоқ болса олардың алынуын немесе ресімделуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде немесе техникалық құжаттамада ауытқу және жаңылыс анықталса, тиісті дүзетулер мен растаулар енгізілуі керек. Түгендеуді жүргізу үшін шаруашылық субъектісі қызметкерлеріне, бухгалтерия қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуымен комиссия құрылады. Есепке қабылданбаған объектілер, оларды сипаттайтын деректер бухгалтерлік есептің тіркелімінде жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталған жағдайда, комиссия жетіспейтін, сондай-ақ осы объектілер бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді инвентарлық тізімдемеге және инвентарлық карточкаға қосады.

Ескерілмеген объектілерді түгендеу кезінде анықталған бағалау қолданыстағы бағалар мен өндіріс жағдайлары ескеріліп, жүргізілуге тиіс. Түгендеу комиссиясы осы объектілердің қашан салынғанын немесе сатып алынғанын, өндірістік шығындардың қаржылану көздерін анықтап, оны хаттамада көрсетуі тиіс. Негізгі құралдар объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша инвентарлық тізімдемеге көшіріледі.

Түгендеу сәтінде кәсіпорыннан тыс жерде болған негізгі құралдар кәсіпорыннан уақытша шыққан сәтке дейін түгенделеді. Пайдалануға жарамайтын және қалпына келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізімдемесіне енбейді. Түгендеу комиссиясы мұндай объектілерге пайдалануға енгізілген мерзімі мен осы объектілердің жарамсыздыққа ұшырауының себептерін көрсете отырып, жекеленген тізімдеме жасайды. Меншіктң НҚ түгендеумен қатар жалданған және жауапты сақтаудағы НҚ тексеріледі. Осы объектілер бойынша әрбір шаруашылық субъектісіне (жалға беруші) жекелей түгендеу тізімдемесі жасалады. Мұнда объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Онда белгіленген мәліметтерден басқа, шаруашылық субъектісінің атауы, жалдау немесе сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімінің бір данасы жалға берушіге жіберіледі. Түгендеу нәтижесін анықтау үшін бухгалтерияда “НҚ түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомосі” жасалады. Оған есептік деректердің ауытқуы анықталған объектілер енгізіледі.

Түгендеу комиссиясы отырысының хаттамасын шаруашылық субъектісінің басшысы түгендеу аяқталғаннан кейінгі 10 күннен кешіктірместен бекітеді. Нәтижесі есепте түгендеу аяқталған айда ескерілуге тиіс.



  1. Ескерілгені белгілі болған НҚ объектілерінің құны тозу сомасына Д-т 122-125 К-т131-134 – 120,0, баланстық құнына Д-т 122-125 К-т 727 НҚ объектілерінің жетіспеушілігі анықталған кезде, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 131-134 К-т 121-125, баланстық құнына Д-т 334 / кемшілік және жоғалту К-т 122-125, егер кінәлі адам анықталмаса немесе сот өтеп беруден бас тартса Д-т 821 К-т 334 / кемшілік және жоғалту – 350,0 болады.

  2. Егер кінәлі адам анықталса немесе сот шешімі бойынша кінәлі болып танылса НҚ баланстық құнына Д-т 333 /материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу К-т 334 / кемшілік және жоғалту – 35,0; жетіспейтін НҚ объектілерінің нарықтық және баланстық құндарының арасында айырмашылыққа Д-т 333 /материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу К-т 611; кемшілікті өтеу шамасына қарай Д-т 451, 681 К-т 333 /материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу;сонымен бірге Д-т 611 К-т 727 жазулары жазылады.

Тауарлы-материалдық қорлар

Өндіріс процесіне еңбек құралдармен қатар еңбек заттары да қатысады. Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

Біріккен кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың есебі №7 “Тауарлы-материалдық қорлардың есебі” БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады, онда стандарт әрекетінің аясы, ТМҚ өлшемдері, ТМҚ өзіндік құны, ТМҚ бағалау, шығысты тану, есеп берудің ашылулары белгіленген.

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу; құжат айналымының айқын жүйесі және ТМҚ-ды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды ресімдеу тәртібін сақтау; бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру; ТМҚ-ға тұрақты түрде түгендеу жүргізу; бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру қажет.

Біріккен кәсіпорындарда өндірістік қорлар финкционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:


    1. Шикізаттар мен материалдар;

    2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар;

    3. Отын;

      1. Технологиялық (технологиялық мақсат үшін);

      2. Қозғалтқыш (жанармай);

      3. Шаруашылық (жылу үшін).

    4. Ыдыс және ыдыс материалдары

  1. Қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;

  2. өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар.

    1. Қосалқы бөлшектер, тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді;

    2. Өзге материалдар;

    3. Құрылыс материалдары.

Біріккен кәсіпорындардың материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 20-“Материалдар” бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық 201-“Шикізаттар мен материалдар” шоты, 202-“Жартылай фабрикаттар және конструркциялар мен тетіктердің жинақтаушы бұйымдары”, 203-“Отын”, 204-“Ыдыс және ыдыстық материалдар”, 205-“Қосалқы бөлшектер”, 206-“Өзге де материалдар”, 207-“Өңделетін материалдар”, 208-“Құрылыс материалдары”. шоттарында жүргізіледі.

Біріккен кәсіпорындарда материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болуы керек.



Материалдар номенклатурасы – бұл атауы мен тиісті деректемелері (сорты, мөлшері) көрсетілген материалдың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.

Номенклатуралық тізілім – номенклатура бағалық деп, ал онда көрсетілген бағалар есептік деп аталады.

Тағайындылған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын ТМҚ-дың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды. Талдамалы есепте материалдық құндылықтар нақты есептік бағалар (келісім, жоспарлы-есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.

Біріккен кәсіпорындарда материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынған үшін пайыз төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары; коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар), комиссиялық сыйақылар; тауар биржаларының қызмет құны; кедендік баж; басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымылдау, сақтау, жеткізу шығындарына байланысты анықталады.

№7 БЕС-ына сәйкес тарифтің артық төленген сомаларын қайтару және сол сияқты дүзетулер көлік-дайындау шығындарының сомасынан шегеріледі.

Біріккен кәсіпорындарда қорлардың талдамалы есебі жоспарлы-есептік бағасы бойынша жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндк құн осы бағалар бойынша құннан плюс-минус нақты өзіндік құнының есептік бағасы бойынша құннан ауытқуынан құралады. Бұл бағалар субъектінің өзі келісім бағасының негізінде көлік-әзірлеу шығындарының жоспарлы мөлшерін ескере отырып дайындайды. Көлік-әзірлеу шығындары немесе жұмсалған материалдарға қатысты ауытқулар (плюс-минус) материалдық құндылықтардың шығыны келісім немесе есептік бағалар бойынша көрсетілген шоттарға ай сайын есептен шығарылады. Көлік-әзірлеу шығындарының немесе ауытқуларының пайызы олардың ай басындағы қалдығы мен ай ішінде келіп түскендерінің сомасын материалдардың ай басындағы қалдығының және келісім бағасы бойынша келіп түскен материалдардың сомасын бөліп, алынған нәтижені 100-ге көбейту жолымен анықталады. Есептеп шығарылған пайыз бойынша көлік-әзірлеу шығындарын немесе ауытқуларды тиісті шоттарға есептен шығарады. Материалдар түрлері немесе топтарының шығын көлеміне олар бойынша көлік-әзірлеу шығындарының немесе ауытқулардың пайызын табу керек болса және жеткізушілермен тұрақты байланыс болған кезде бухгалтерлік есептің деректері бойынша өткен айлардағы пайыздың қолданылуы мүмкін.

Біріккен кәсіпорындарда өндіріске есептен шығарылатын материалдық ресурстардың өзіндік құнын №7 БЕС бойынша анықтау ФИФО, ЛИФО, НИФО, арнайы бірегейлендіру, орташа өлшемді құн, стандарттық баға әдістердің біреуін қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша типтік құжаттар әзірленеді. Оларды уақтылы жазып, дұрыс ресімдеу, үйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардың сақталу , әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттардың қолданылуын, әзірленуін ұйымдастырып, олардың жасалу, тексеру және қабылдау кестесін барлық орындаущыларға жеткізуге міндетті. Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциялар құжаттармен ресімделеді. Материалдық құндылықтар біріккен кәсіпорынға әдетте жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімнің саны, сомасы, ассортименті, жиынтықтылығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.

Материалды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға бухгалтерияда сенімхат беріледі.

№2А нысанындағы материалдық құндылықтарды алу номерленген және тесіп байланған, берілген сенімхаттар есепке алу журналында тіркейтін біріккен кәсіпорындар қолданады. №2 нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу туралы деректер сенімхаттың түбіршегінде тіркелінеді және №3 нысандағы журнал жүргізілмейді.

Материалдақ құндылықтардың келіп түсуі мыналармен ресімделеді:



  1. №4 нысанындағы кіріс ордерімен, субъектіге жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорыннан өңдеуден келіп түскен қорларды есепке алу үшін қолданады. Кіріс ордерін материалды жауапты тұлға қорлар қоймаға келіп түскен күні 2 дана етіп жасайды.

  2. №5 нысандағы тауар-көлік жүкқұжаттарын жеткізуші материалдық құндылықтар жеткізушінің қоймасынан автокөлікке орталықтанған түрде жеткізілген жағдайда жазып береді. Оның біріншісі жүкті жіберушіде қалады. Екіншісі материалдық құндылықтарды кіріс ету үшін жүкті алушыға беріледі. Үшіншісі жүкті тасымалдағаны үшін көлік ұйымына шот есебінде беріледі. Төртіншісі жолдама қағазға қоса беріледі.

  3. №7 нысанындағы материалды қабылдау туралы акт жеткізушілердің жолдама құжаттарының деректерімен салыстырғанда сандық және сапалық айырмашылығы бар қорларды қабылдауды ресімдеу үшін қолданады. Акт сондай-ақ құжаттарсыз келіп түскен материалды қабылдаған кезде жасалады. Қабылдау комиссиясы материалды-жауапты тұлғаның және жеткізушінің өкілінің немесе мүддесі жоқ ұйым өкілінің міндетті түрде қатысуымен акт 2 дана етіп жасалады. Материалдық құндылықтар қабылданғаннан кейін актлер қоса берілген құжаттармен бірге былай бөлініп беріледі: 1-ші данасын бухгалтерия, 2-ші данасын жабдықтау бөліміне немесе жеткізушіге шағым түсіру үшін заң қызметіне береді.

  4. Әзірлеу, сақтау және өндіру процесіне материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ысырабы туралы акт жасалады. Олар бойынша табиғи кему нормасы белгіленген, әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде тұрған материалдық қорлардың ысырабы анықталған жағдайда қаолданылады. Акт қордың сақталуы үшін жауапкершілікті бөлімшенің есебінен шығаруға және олардың құнын кінәлі тұлғаның есебінен өтетуге негіздеме болып табылады. Құжаттар №7 нысанындағы актіге қоса беріледі, 2 дана толтырылады және оған комиссия мен кінәлі адамдар қол қояды да: 1-данасы бухгалтерияға беріледі, 2-данасы бөлімшеде қалады.

  5. Материалдық құндылықтардың табиғи кему нормасы шегіндегі ысырабы туралы акт субъектінің қоймасына жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорындардан өңделіп түскен қорларға нормалар белгіленіп, осы табиғи кему нормасы шегіндегі анықталған қор ысырабын ресімдеу үшін қолданылады. Акт №4 нысанындағы кіріс ордеріне қоса беріледі. Материалдық құндылықтардың қоймаға қабылданғанын ресімделген кезде акт 2 данада жасалады. Біреуі қоймаға, екіншісі бухгалтерияға беріледі.

  6. Жүкқұжатпен ресімделетіндер: материалдық құндылықтардың өңдеуден келіп түсуі; пайдаланылмаған материалдардың қоймаға қайтарылуы; табыстылықтан материалдың келіп түсуі.

Кәсіпорынның қоймасынан ТМҚ өнім әзірлеу үшін, әр түрлі шаруашылық мұқтаждықтарына, өңдеу немесе сату үшін сыртқа босатылады. Өндірісті босату дегеніміз өнім әзірлеу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін материалды босату. Материалдарды цехтың сақтау орындарна босату материалдың ішкі қозғалысы ретінде қарастырылады. Цехтың сақтау орындары жоқ болса материалдық құндылықтарды орталық қоймадан босату өндіріс шығыны болып саналады. Материалды өндіріске босатқан кезде белгілі бір талаптар сақталады. Олар: өндірістің қажетті көлеміне белгіленген шығыс нормативтеріне сәйкес олар салмағы, көлемі, массасы бойынша жүргізіледі; босату, әдетте, алдын ала белгіленген лимиттер шегінде жүзеге асырылады. Лимиттеу ай басындағы және соңындағы пайдаланылмаған цех қорларының өтімділігін ескеріп, цехтардың өндірістік бағдарламасының көлеміне жұмсалатын материал шығыстарының прогрессивтік нормаларына негізделу керек. Лимиттеуді жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі жүзеге асырылады; қоймадан материалды талап ету құқы берілетін адамдардың тізімі бас бухгалтермен келісіледі, сондай-ақ олардың қоятын қолдарының үлгілері алынады.

Шығыстар материалдық түрде былайша ресімделеді:



        1. №8 нысандағы лимиттік-шектеу картасы өнімді әзірлеу кезінде жүйелі түрде тұтынылатын қорларды босатуды ресімдеу үшін қолданылады. Лимиттік-шектеу картасын жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдың бір атауына екі дана етіп жасайды. Оның біреуі – ай басталғанға дейін қорды тұтынатын бөлімге, екіншісі қоймаға немесе цехтың сақтау орнына беріледі. №8 нысаны материалдық құндылықтарды есептен шығаруға арналған растаушы құжат болып табылады. Осы карта бойынша өндірісте пайдаланылмаған қорлардың есебі жүргізіледі. Бұл орайда ешқандай қосымша құжаттар жасалмайды.

Қорларды шектен тыс босатуға және басқасына алмастыруға тек кәсіпорын басшысының өкімі бойынша рұқсат етіледі.

Лимит пайдаланып болғаннан кейін лимиттік-шектеу карталары бухгалтерияға өткізіледі;



        1. материалды алмастыруға арналған №10 нысанындағы акт-талап қорлардың белгіленген шектен тыс мөлшерде босатылуын есепке алуға арналған. Олар алмастырылған кезде қорларды қоймадан есептен шығаруға негіз болып табылады. Екі данада жасалып, біреуі – алушыға, екіншісі қоймаға беріледі;

        2. материалды босатуға арналған №15А нысанындағы жүкқұжат – талап қорлардың субъект ішіндегі қозғалысын және өз кәсіпорынның басқа аумақтарда орналасқан шаруашылықтарына, сондай-ақ өзге ұйымдарға босатылуын есепке алу үшін қолданылады;

        3. материалдардың бүлінуі, сынуы, сынығы туралы №7В нысанындағы акт кәсіпорындағы бөлінудің, сынудың нәтижесінде бағасы кемуге немесе есептен шығаруға тиісті қорларды есепке алу үшін пайдаланады. Бүліну туралы актіге комиссия қол қояды. Бір данасы бухгалтерияға жіберіледі, өйткені қорлар ысырабын материалды-жауапты тұлғалардан есептен шығаруға негіздеме болып табылады, екінші данасы бөлімшеге жіберіледі;

        4. машина құрылысы кәсіпорындарының әзірлеу цехтарында, тоқыма, аяқ киім және өнеркәсіптің басқа салаларында пайдаланылатын қаптама карталары.

Қаптама карталарында қойманың номері, тауы, номенклатуралық номері, саны, бағасы, құны, шығындар коды көрсетіледі.

Қаптау аяқталғаннан кейін картада нақты алынған бұйымдардың саны, оларға норма бойынша және нақты жұмсалған материал шығындары белгіленеді және қаптау нәтижесі шығарылады;



        1. жинақтаушы ведомостер. Материалдардың босатылуын тікелей қойма есебінің карточкаларында ресімдеуге болады. Мұндай жағдайда материалды босатуға шығыс құжаттары ресімделеді.

Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы ТМЖ-дың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың үй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшілермен, механизаця жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.

Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі белгіленеді. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарты жасалады. Материалдың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін. Олар: сандық-сомалық есеп әдісі, сальдолық (жедел-бухгалтерлік)әдіс, материалдық есеп беру әдісі.

Қоймадан тізім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат деректері кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша топтастырылады. 20 және 22 – бөлімшелерінің шоттары бойынша ТМҚ-дың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомосте әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі: өткен айдағы ведомске алынған ай басындағы қалдық, құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша ТМҚ-дың шығысы, құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша ТМҚ-дың шығысы, есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.

Жинақтау ведомосі бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады. Қойма есебі материалдық талдамалы есебі карточкаларында және қалдықтар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар бір ғана құжаттардың негізінде жүргізіледі. Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің немесе материалдық жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде “Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы” деген №10 ведомосі жасалады. №10 ведомосі талдамалы есептің деректерін материалдық құндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен ұштастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақтамалы шоттардың немесе есептік топтардың кесімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық құндылықтардың нақты құнының олардың есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. №10 ведомость бірнеше бөлімнен тұрады: 1-бөлім нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішінде келіп түскен материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер №1, №3, №6, №7, №10 журнал-ордерлерден көшіріледі. Мұнда жүктерді жеткізу жөніндегі шығындарды, тиеп-түсіру жұмыстарының шығынын, теміржол алымдарына төлемді және материалды сатып алу құнынан тыс жұмсалған басқа шығындарды қоса алғанда, материалдық құндылықтарды сатып алуға және әзірлеуге жұмсалған шығындар ескеріледі. Дәл осы бөлімге ведомрстың басқа бөлімдерінен алынған, материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны және ай басындағы есептік бағасы бойынша қалдығын жазады. Оған ай ішінде келіп түскен материалдық құны қосылады. Одан кейін нақты құнның есептік бағасы бойынша құннан ауытқуының сомасы мен пайызы анықталады. Ауытқулар сомасы дегеніміз осы көрсеткіштер арасындағы айырмасы, ауытқу пайызы – бұл ауытқу сомасының материалдардың есептік құнға қатынасы. Ауытқу “+” немесе “ - ” таңбасымен болуы мүмкін.

№10 ведомосының екінші және одан кейін бөлімдері материалдық құндылықтарды сақтау жері бойынша кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің сальдолық жинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады, ал оларда - материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен келтірілген. Тап осы жерде олардың нақты өзіндік құны, сондай-ақ материалдық есептен шығарылған тиісті баланстық шоттарға есептен шығаруға тиіс ауытқу сомаларының бөлінуі келтіріледі. Материалдардың толық нақты өзіндік құны есептік бағалар мен ауытқулар бойынша материалдар құнының сомасы ретінде анықталады. Ауытқуларды бөлу есепті кезеңнің соңындағы материалдық құндылықтар қалдығының есептік құнына қатысты ауытқулар сомасы анықталады, қалған сома есептік бағалары бойынша материалдар есептен шығарылған баланстық шоттар бойынша ведомостің басқа 845-шотқа – есептелген пайыздар, 901-шотқа – әдетте, қалған сома. бөлімдеріне бөлінген тәртіптерімен жүргізіледі:

Егер 921-шотқа көптеген материалдар есептен шығарылатын болса, онда ауытқудың сомасы есептік бағасы бойынша ағымдағы айда осы шотқа есептен шығарылған материалдар құнын №10 ведомосте өткен айда көрсетілген, сол айда қолданылған ауытқу пайызын көбейту жолымен анықталады. Көптеген материалдар жұмсап, үлкен көлемді өнім әзірлейтін көмекші қосалқы өндірістері бар субъектілер ауытқуды 921-шотқа көшіреді. Барлық қалған шоттарға ауытқулар есептен шығарылмайды.

Жүкті қабылдаған кезде жетіспеушілік анықталған болса, онда шығын сомасы акт негізінде Д-т 334 К-т 671 болып жазылады. Бұл орайда “Г” бағанада актінің номері көрсетіледі. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі шотты төлеуге келіскенге дейін анықталса, онда шағым сомасын шотты төлеуге келіскен сомадан кемітеді. Мұндай жағдайда жеткізушіге шағым жасау жөніндегі операциялар №6 журнал-ордерде көрсетілмейді. Есепті айда келіп түскен, фактураланбаған материалдық құндылықтар фактураланғандарға ұқсас түрде №6 журнал-ордерде әрбір жеткізілім бойынша жекелей көрсетіледі. Жүкті қабылдауға арналған акт фактураланбаған жеткізілімдерді №6 журнал-ордерге жазуға негіздеме болып табылады. Бұл орайда “А” және “Б” бағандарында тіркеу номері мен шот номерінің орнына “Н”әрпін әрбір осындай жеткізілім қойып шығады.

20-бөлімшенің дебеттелетін шоттарының бағандарында нақты құнның орнына есептік бағасы бойынша келіп түскен материалдық құндылықтардың құнын жазады. Бұл орайда шоттың сомасы бөлімінде “Н”әріпімен көрсетіледі. Бұрын фактураланбаған ретінде қабылданған материалдық құндылықтарға шоттар келіп түскенде есептік құны бойынша материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі дебеттік шоттардың бағандарына жазылған сомалар сторноланады, ал алынған шоттардың негізінде қарапайым жеткізілімді есепке алуға қабылданған тәртіппен жазуларды жүргізеді. Сторнолық жазуларды фактураланбаған жеткізілімдерге келіп түскен шоттар бойынша жазулармен бір мезгілде жүргізеді. №6 журнал-ордерде төлем мен есептен шығарудың сомасы әрбір шот бойынша жекелей жазылады. Төлем мен есептен шығаруды материалдық құндылықтардың келіп түсуі, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы туралы деректер жазылатын жолдар бойынша, яғни жеткізушілерге немесе мердігерлерге төлеуге тиісті сомалар көрсетілген жерлерде көрініс табады. Шоттар материалдық құндылықтар келіп түскенге дейін төленетін жағдайда шоттар бойынша сома тиісті тіркелімдердің Д-т351, 352 бойынша көрсетіледі. Егер бұрын жолдағы құндылықтар деп ескерілген материалдық құндылықтар шоттар төленген айда келіп түссе, олардың құны жай тәртіппен көрсетіледі. Ай аяқталғаннан кейін №6 жкрнал-ордер жабылады, К-т 671 бойынша жиыны корреспонденцияланатын шоттар бойынша есептеліп шығарылады және бас кітапхана көшіріледі.

Материалдардың өндірістегі жұмсалуына алдын ала бақылау кезінде материалдарды өндіріске босату әзірленген лимиттер бойынша жүзеге асырылады. Есепті айға материалдар шығысының лимиті материалдардың жекелеген түрлері бойынша белгілеген шығыс нормасын орындалған жұмыстардың жоспары көлеміне көбейту жолымен анықталады. Материалдерды шектен тыс босату немесе материалдың бір түрін басқасына алмастыру жеке құжатпен, яғни жүк-құжатпен ресіделеді.

Материалдың өндірісте пайдалануын одан әрі бақылау үшін нормадан ауытқуды ресімдеу құжаты, топтамалар бойынша қаптау есебі, инвентарлық әдістері қолданылады.

Құрылыста кезекті бақылау №29 нысанындағы “Өндірістік нормамен салыстырғандағы негізгі материалдардың шығысы туралы есеп берудің” деректері бойынша жүзеге асырылады.

Жұмсалған материалдардың №29 нысанындағы есеп беруде көрсетілген саны жұмсалған материалдардың №19 нысанындағы материалдық есеп берулерде келтірілген санына сәйкес келуге тиіс.

Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде объективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Бұған қоса,оны материалдық жауапты тұлға ауысқан кезде істі қабылдаған күні, құндылықтардың ұрлау, бүліну белгілері болғанда, өрт және табиғат апаттардан кейін жүргізіледі. Түгендеудің негізгі мақсаты ТМҚ-дың нақты қолда барын натуралды және құндық өлшемдерін айқындау. Түгендеу процесінде: ТМҚ-дың сақталуын; олардың босатылуының, салмақ және өлшем құрал-саймандарының дүрыстығы; ТМҚ-дың қозғалысы есебін жүргізудің тәртібі тексеріледі.

Түгендеу тексерудің көлеміне қарай жалпылама және талдамалы, уақытына қарай – уақтылы және аяқасты болып бөлінеді, кәсіпорынның басшысы оның орынбасары немесе бас бухгалтері түгендеуді ұйымдастырады және оның жүргізілуіне басшылық жасайды. Басшының бұйрығымен тағайындалған өкілетті адамдардан тұратын комиссия түгендеу жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Түгендеуді жүргізу сәтінде бухгалтерияда “Қоймалар, учаскелер бойынша ТМҚ-дың инвентарлық тізімі” (ИНВ. №3 нысаны) жасалады. Түгендеуді комиссияның тек толық құрамы материалдық-жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі. Материалдардың бар-жоғы міндетті түрде салмақ өлшеу және шамалау жолдарымен анықталады.

ТМҚ-дың артықшылығы мен кемшілігінің құнын бағалаумен бірге есептік тіркелімдер де келтіріледі. ТМҚ-дың сақталу кезіндегі барлық кемшіліктер мен артықшылықтар бойынша, сондай-ақ ысыраптар бойынша материалды жауапты адамның жазбаша түсініктемесі беріледі. Бұл түсініктемелер түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдаған кезде мұқият тексеріледі.

Жұмыс түгендеу комиссиясының отырысы хаттамасымен ресімделеді, онда қойма шаруашылығының жағдайын инвентарлық тексеру нәтижесі және ТМҚ-дың сақталуын қамтамасыз ету жағдайы көрсетіледі.

ТМҚ-дың бүліну себептері, падаланылмайтын және жарамсыздарының қалыптасуының себептері келтіріледі, оған кінәлі адамдар көрсетіледі, сондай-ақ қорытынды жасалып, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жасалады.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет