1 бөлім. Бастауыш мектеп оқушыларының



бет7/8
Дата03.04.2016
өлшемі1.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Математика орталығы.

Көрнекіліктері: Ыдыста бидай, таразы, түрлі-түсті суреттер.

Жақшасы бар өрнек құра алатындай етіп, есеп құрастыру.

Кері есеп құрастыру.



Оқу орталығы.

Ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап дайындау.



Оқу техникасын қалыптастыру орталығы.

Балалар өз бетімен ертегі тексті бойынша жұмыс істейді.



Жазу орталығы.

«Бидай» сөзіне қатыстырып, мәтін құрау.

«Бидай» сөзіне (сын есім, сан есім, етістік ) сөз таптарын қатыстырып, сөйлем құрау.

Ғылым орталығы

Нанды қалай жасайды? (зерттеу жұмысы)

Бидайдан дайындалатын тағамдар түрлерін кестеге толтыру.

Ұнның түрлерін салыстырып зерттеу.



Өнер орталығы.

Ертегі бойынша сурет салу.

Ертегі бойынша көрініс көрсету.

Ермек-саз орталығы.

«Бидай» тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар дайындады.

Орталықтарда жұмыс істеу барысында балалар:

- Бірлесіп жұмыс істеуге;

- Бір-бірінен үйренуге;

- Өздерінің білімдерін тәжірибе жасау арқылы іс-жүзінде пайдалануға;

- Өзбетімен қабылдай білуге үйренеді. Орталықтардағы жұмыстарды қорытындылау. (5-6 минут). Орталықтардағы жұмысты бағалау;

Коррекция сабақ мазмұнын балалар қалай меңгергенін бағалау картасы




Атауы

тірі табиғат

жақсы қасиет

жаман қасиет

Бидай

+

+




Арамшөп

+




+

Адам

+

+




Аңдар

+

+

+

Құстар

+

+

+

Әрбір ата-ана, психолог-тәрбиешілер жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарымқатынас жасағанына ештеңенің де тең келмейтінін түсіну керек. Баланың жан-дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды іріктегенде төмендегі талаптар орындалуы қажет:

- мазмұнын таңдағанда ертегі немесе әңгімелердің көлеміне назар аудару керек. Кішкентайлармен жұмыс жүргізуге ұзақ айтылатын, шұбалаңқы әңгімелерді пайдалануға болмайды;

- мазмұны коррекция сабақтың тақырбына сәйкес болғаны жөн;

- мазмұны балаға қандай да болмасын құндылықты түсінумен қатар, оның бойында өзіндік пікір туғызатындай болу керек;

- мазмұнын баланың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу қажет. Келесі кездесуде тренинг ойындарының көптеген түрлерін пайдалана отырып ата-аналар мен балаларды бірге «балалалық шаққа» саяқатқа шақырдық.



3-ші коррекциялық сабақ.

Тақырыбы: «Мен құрбыларымды жақсы көремін».

Балалардың шеңбер құра отырғызып оларды бір-бірінің қолдарынан ұстауын сұраңыз. Енді бірнеше тренинг ойындары жүргізілетінін айтып, балалардың ата-аналары ойынға шақырылады.



1. «Мен сені жақсы көремін» ойыны.

Балалардың ішінен біреуі «Мен сені жақсы көремін» (көршісінің атын айтады) дейді де қатар отырғанның қолын қысады. Жақсы көруді қабылдаушы оған күлімсіреп жауап береді және соны көрші оқушыға қайталайды. Осы айналым аяқталғаннан кейін психолог балаларға өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсіндіреді.



2. «Сақина салу» ойыны.

Музыка ойнайды. Балалар шеңбер құра отырады және шеңбер бойынша сақинаны береді. Психологтің немесе бақа жүргізушінің сөзі бойынша (немесе басқаша санамақ бойынша) сақинаны жұмылған қос алақанға салғандай болып, оған бір жағымды сөз айтылады. Сақина салынған адам басқаларға өз өнерін көрсетуі керек және сақина салған адамға алғысын білдіру қажет.



3. «Құнды қасиет беру» ойыны.

Қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады. Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды шығарады және онда жазылғанды орындайды. Күні бұрын даярланып қойылуға тиісті мұндай парақтарда коррекция сабақ тақырыбы бойынша қандай да бір әрекет жазылып қойылады.

Ойының қорытындысы бойынша:

- шындақты айтудың мәні қандай екені туралы өз пікірін айтуға;

- адамлық секілдімінездің қасиеті, ән айту немесе өлең оқып беруге;

- құндылықтың қатысы бар белгілі фильмді (әңгімені, ертегіні) немесе содан алынған бір көріністі әңгімелеуге болады.



4. «Психолог сөйлейді» ойыны.

Психолог топтың алдында тұрады және балалардын әлдебір әрекетті орындауды, бірақ оны тек «Психолог сөйлейді» деген сөзден кейін жасайтыны айтылады. Психолог осы сөздерді айтқан кезде, оның артында балалардың қайталауы керек оңды әрекеттер жалғасуы керек. Егер психолог «Психолог сөйлейді!» - дегенді айтпай әлдебір әрекетті орындайтын болса, оны қатысушылар қайталап жасамауы керек. Психологтан кейін осы әрекетті қайталаған бала ойыннан шығады. Ойын қызықты, балалардың босаңсуына уақыт бермей тез қарқынмен жүргізілсе мүлдем қызықты болады.

Бұл ойын балалардың назарын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің әркеттерімен балаларға үлгі беретін психологтің өзін де тәртіпке салады.

Ойындарға ата-аналардың қатынасуы олардың балалық «Менін» оятып, бала болу қандай екенін естеріне салады және ата мен бала арасындағы түсінбеушіліктерден шығуға мүмкіндік береді.



5. «Кімде қандай қасиет бар» ойыны.

Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қаситін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және такаппарлық және т.б.

Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді.

6. «Сүйіспеншілік» ойыны.

Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізуі керек.

Психолог бағыттаушы сөзді таңдап айтып, ол өзбен өзінің сүйіспеншілігін білдірген адамына допты береді. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы жылы сөздерді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталаған дұрыс. Сондықтан бір оқушы айтылған сөздерді тақтаға жазып отыруына болады.

Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.



7. «Сәлемдесу» ойыны.

Екі бала ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып, бір-бірімен сәлемдесуі қажет.

Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?

Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін.?

«Өзің жалғастыр...»

Марат коррекция сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты...

Айнүр досын ренжітіп алғандай болды...

Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті...

Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өздерінше бетінше аяқталуларын тауып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады.

8. «Бір-бірінің жақсы мінезі мен қылықтарын айтып, мадақтау» ойыны.

Балалар шеңбер бойынша дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да таяқшаны оған береді. Ол осы ретпенен таяқшаны келесі адамға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. (Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл, сенің даусың қандай керемет!, Гүлнар, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді!, Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды т.с.с.) Соңында балалар бір-біріне жақсы көңілі мен пікіріне рақмет айтады.



9. «Түспен ажырату» ойыны.

Ойынның мақсаты адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жағымсыз жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші балаларға адамның қасиеттін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанынын өзі түсіндіріп береді.

10. «Баға беру» ойыны.

Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

Жүргізуші балалардан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі.

Бұл ойын баланың адамды тани білу келбетін дамытады, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.



11. «Пантомима» ойыны.

Бұл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

Мысалы, топтарға бөліп, түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі.:

- ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аймалайды;

- оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек.

- әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;

- ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласады.

Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.

Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша әңгімелер құрастырады.

Коррекциялық ойындар әр адамның өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, пайдаланылған ертегілер, әңгімелер кейіпкерлерінің батылдық, ұстамдылық, мейірмандық, сыйысымдылық және ертегі баланың қиялын дамытып, өзіндік пікірін туғызады. Адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін ажыратып, жағымды жақтарын өзіне азық етуге тырысады.

Осы тренигтерден балаларды ата-аналармен бірге өткізгенде балалық және ата-аналық боршты атқаруда тіл табысу, ізгілікке бағытты болу, кішкентай баланы да азамат деп санап, олардың жақсылық қасиеттерін дамытуға үлес қосу қажеттілігін үлкендер түсінді. Нәтижесінде көптеген сүрақтар туып, психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін талдау ата-аналарды қызықтырды және болашақ отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктеріне үлкен көңіл аудару қажеттілігін түсінді.

ҚОРЫТЫНДЫ
«Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы дипломдық зерттеу жүргізу нәтижесінде біз келесі қорытындылар жасадық.

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің әлем парламентарияларына жолдаған «XXI ғасыр Бейбітшілік пен Адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс!» қаулысының басты міндеті - жаңа ғасыр тәрбиесінің негізінде жалпы адамзаттық құндылық арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік ынтымақтастық пен бейбітшілік сақтау, ал негізгі мақсаты - адамның жан-дүниесіне кішкентай кезінен бастап адамгершілік, имандылық, салауаттылық сияқты қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін болмыс арқылы түсіндіре отырып, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Бұл - жаңа ғасыр белесінде жаңа өмір салты бойынша өмір сүру керек деген сөз. Олай болса, балаларға мектепте берілетін адамгершілік тәрбие орнықты, әрі өзіндік ерекшелігі анықталған, баланың еркін дамуына жағдай жасалған өз сипаты, заңдылығы, нәтижесі бар үздіксіз үрдіс болуы қажет.

Қазақтанның болашақта дамуы азаматтардың көзқарасы, жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Жеке тұлғаның адамгершілік сапалары тек ана тіліне, туған жерге сүйіспеншілігімен шектелмейді, басқаларға мейірбандық, қамқорлық сезім білдіру, жалпы азаматтық рухта тәрбиеленуімен бағаланады.

Қоғамның қазіргі жағдайында елдің саяси, әлеуметтік- экономикалық жақтарын жаңарту кезінде, оның болашақта дамуы, азаматтардың көзқарасы, адамгершілік тәрбиесіне тәуелді. Адамның халықтың адамгершілік сапалары тек ана-тілі, туған жерге сүйіспеншіліктен шектелмейді, басқаларға мейірбандық, қамқорлық сезім білдіру, жалпы азаматтық рухта тәрбиеленуімен бөлінеді.

2. Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының ролі, ата-анасының қарым-қатынасқа балаларын үйретуі, барлық адами қасиеттерді қалыптастыруда жетекші орын алатыны анық. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі болғандықтан психологиялық қызмет көрсетуде ата-аналарға балалардың теріс деп бағаланатын қасиеттерін диагностикалау нәтижелерімен таныстырып, оларға бұл проблеманы шешу жолдарын анықтаудың ролін көрсету қажет. Тәлім-тәрбие процесі тиімді болуына халық педагогикасының элементтерін пайдалыну халық ағарту саласындағы кейбір теріс жағдайлардың орын алуы, мектеп, гимназия, лицейлердің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнында халықтың ежелегі тәрбиесінің ескерілмеуінде екені көптеген зерттеулерде дәлелденген.

3. Зерттеу нәтижесінде бастауыш мектеп балаларына адамгершілік тәрбие беруді жақсарту және жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар жасаймыз.

1. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналар ынтымақтастығын нығайту.

2. Адамгершілік-қоғамдық дамудың әр-түрлі тәрбие саласының бірлікте, іс-әрекет арқылы жүргізілуіне жағдай жасау.

3. Балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастуда халық педагогикасының барлық мүмкіндіктерін пайдалану

4. Оқу—тәрбие үрдісінде балалармен адамгершілік, инабаттылық. силастық ата-анаңа, жолдастарыңа мейірбандық, туған жерге, елге, салт-дэстүрге сүйіспеншілік т.б. тақырыптарда жұмыс жүргізу.

Зерттеу нәтижесінде бастауыш мектептегі бастауыш сынып балаларына адамгершілік тәрбие беруді жетілдіруге ата-аналарды жұмылдыру үшін біз дипломдық зерттеу барысында жұмысымызда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда «Адамгершілік - асыл мұра», «Мен құрбыларымды жақсы көремін», «Кімде қандай қасиет бар», «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып мадақтау» т.с.с. бастауыш сынып балаларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілген психокоррекциялық жұмыс түрлерін ұсындық;

- әр түрлі тәрбие салаларының бірлікте, іс-әрекет арқылы жүргізілуіне жағдай жасау арқылы келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік туады:

- балалардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруде халық педагогикасының барлық мүмкіндіктерін пайдалану;

- психологдер мен ата-аналар ынтымақтастығын нығайту;

- балалардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруде, оларға қарым-қатынасқа икемді болуды, инабаттылық, сыйластық, тіл табықыштық, ата-аналарына, жолдастарына, мейірбандық, туған жерге, елге, салт-дәстүрге, отбасына және ондағы туған туысқандарға сүйіспеншілік тақырыптарында ата-аналары мен балаларды қосып жүргізетін тренинг сағаттары және т.б. психокоррекциялық шараларды жоспарлау және оларды жүргізу нәтижесінде отбасындағы бір-бірін сыйлаушылық және мейірмандық нығайғанын ата-аналардың өздері айтты.

5. Дипломдық жұмыста жинақталған материалдарды білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында кеңінен пайдалануға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Алтынсарын Ы. Таңдамалы педагогиалық мұралары. Алматы. 1991.

2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.

3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.

4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.

6. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. Алматы 2001 ж.

7. Әміралиев Ш. байлық өмірден //Бастауыш мектеп 1992 №11,12

8. Әуезов М. Таңдамалы шығармалар Алматы 1974

9. Әлімбаев М.. Халық-ғажап тәлімгер-Алматы, 1994.

10. Балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу. Балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу. Алматы 1991.

11. Бержанов К., Сейталиев К. Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік тәрбие мәселелері.

11. Байдуллина А. «Мектеп пен ата-анаға ортақ міндет». //Қазақстан мектебі 1996 ж. №9, 49-51 б.

12. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.

13. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.

14. Ғаббасов Б. ізгілік әліппесі-Алматы, 1991

15. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Алматы 1964.

16. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.

14. Диагностика готовности детей к обучению в школе — анализ поведения. М., 1993.

17. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у детей. Ж. «Вопросы психологии», 1988, № 16.

18. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. М., 1992.

18. Елубаева М., Әлімбаев М. - балалар ақыны. Бастауыш мектеп №5. 2003.

19. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім -тәрбиесі - Алматы 1995

20. Жұмабаев М.. Педагогика. Алматы, 1992

21. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. Алматы, 1993.

22. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы. 2000.

23. Қожахметова К. Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы. 1993.

24. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. Алматы, 1977

25. Қоңыратпаев Ә, Қоңыратпаев Т. Көне мәдениет жобалары. Алматы 1992.

26. Макаренко А.С. Методика организации воспитательного процеса. М.1958.

27. Макаренко А. С. Шығармалар. 5-том. М., 1958.

28. Мен Адаммын. Құрастырушы Игенбаева Б. К. Алматы. 2000.

29. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.

30. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.

31. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж.«Вопросы психологии», 1972, № 2.

32. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.

33. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.

34. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970.

35. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекуты). Ростов-на-Дону, 1976.

36. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.

37. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.

38. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.

39. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.

40. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М, 1989.

41. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.

42. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.

43. Матейчик 3. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.

44. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.

45. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2004.

46. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.

47. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М., 1996.

48. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.

49. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.

50. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.

51. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М., 1990.

52. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.

53. Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980.

54. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.

55. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.

56. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.

57. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.

58. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.

59. Римский С, Римская Р. Практическая психология. М., 1999.

60. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.

61. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. М., 1999.

62. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.

63. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.

64. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.

65. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1961.

66. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.

67. Педагогическая энциклопедия том 1. М. 1964

68. Ушинский К.Д. Избранное педагогическое сочинение-М.,1964

69. Ұзақбаева С. А. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. Пед. ғыл. док.-дис. Алматы. 1993.

70. Сәдірмекова Ж.Б. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Автореферат. Алматы. 1994.

71. Сухомлинский А.В. Балаға жүрек жылуы. Алматы, 1976ж

72. Төлеубекова Р. Бала тэрбиесіндегі халықтық педагогика Алматы, 1994.

73. Этнопсихология және этнопедагогика. 5-жинақ. Алматы. Дарын, 1998.

74. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.

75. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.

76. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.

77. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.

78. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.

79. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004

«Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері»

тақырыбында орындаған
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА
ҚОСЫМШАЛАР

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және тәрбиелеу негізін құратын бағдарлама.

Сынып ұжымын зерттеу бағдарламасы.

1. Сынып ұжымы, топ туралы жалпы мағлұмат (оқушылардың саны, оның ішінде қыз және ұл балалар саны, жас ерекшеліктері, сынып жетекшілерінің өзгеріп тұруы т.с.с).

2. Сыныптың ұйымшылдығы: өзін-өзі басқару деңгейі, сынып жұмысын орындайтындығы.

3. Сынып ұжымының оқу іс-әрекеті. Сыныптың жалпы үлгеріміне мінездеме (кейбір оқушылар үлгерімінің жеке бақылауға алынуы, оқу процесінде оқушылардың өзара көмек көрсетуі, оны ұйымдастыру түрлері).

4. Оқушылар ұжымының еңбек іс-әрекеті. Өндірістік, қоғамдық пайдалы еңбек, өзіне-өзі қызмет етуі, оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардағы орны. Жұмыстардың түрі. Жалпы еңбекке деген көзқарасы.

5. Оқушылар ұжымының қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті:

А) сыныпта тапсырманы бөлудің түрлері (үнемі немесе кезектесіп);

Б) сыныптағы оқушылардың белсенділік деңгейі, майталмандардың түрақты немесе уақытша болуы;

6. Сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері:

А) Балалардың ұйымшылдығы (сыныптың жетістіктері мен кемшіліктері, оқушылардың бірлесіп жұмыс жасағанды жақсы көруі, ер балалар мен қыз балалардың бір-біріне өзара көмегі және олардың ішкі негізі, сыныптаң ортақ іске деген қызығушылығы;

Б) Жеке оқушылардың эмоционалдық жағдайы;

В) Оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері;

7. Ұжымдағы дәстүрлердің қалыптасқандығы;

8. Ұжымның бос уақытты бірге ұйымдастырған іс-шараларда өткізуі, балалардың ой-өрісі (интеллектуалдылығы), рухани, спорттық өмірі, көркемөнер, шығармашылық кештер, компьютелік сауаттылығы т.с.с. көрсеткіштер бойынша бағалау.

Осы бағдарлама бойынша жиналған мәліметтерді ретке келтіріп бағалауға негіз болатын келесі көрсеткіштерін анықтадық.

1. Мінез-құлық қасиеттерін бағалау көрсеткіштері:

1.1 Жағымды мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі:

- белсенділігі, тәртіптілігі;

- жинақтылығы, ұйымшылдығы, мейрімділігі;

- жауапкершілікті сезінуі, қайырымдылығы;

- іскерлігі, кішіпейілділігі;

- шешім қабылдағыштығы, қарапайымдылығы;

- ұстанымдылығы, адамдарға ықылас қоюы;

- ашықтығы, шыншылдығы;

- әдептілігі, адамгершілігі.

1.2 Жағымсыз мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі:

- эгоистігі, тұйықтығы;

- дөрекі, өтірікші, ұстанымсыздығы;

- менменшілдігі;

1.3 Жағымсыз әдеттері:

- темекі тартуы;

- алкоголизмге, накотикке және басқа да улы заттарға құмарлығы.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет