1 дәріс. Тақырыбы: Туристік іс-әрекет және оның адам өміріндегі әлеуметтік функциялар. Мақсаты



бет1/4
Дата14.10.2019
өлшемі111.78 Kb.
  1   2   3   4
1 дәріс.

Тақырыбы: Туристік іс-әрекет және оның адам өміріндегі әлеуметтік функциялар.

Мақсаты: Туристік іс-әрекет және оның адам өміріндегі әлеуметтік функциялардың дамуы жалпы ішкі , халықаралық туризм түсініктері.

Жоспар:

  1. Туризмді әлеуметтік феномен ретінде түсіну

  2. Ішкі және халыкаральпқ туризм түсініктері

  3. Туристік рекреациялық ресурстар

  4. Туризмнің непзп әлеуметтік кызметтеріне сипаттама: танымдық, деңсаулык, элеуметтік-қарым-қатьшастык, спорттык, эстетикалык, эмоционалдық-психологиялық, шығармашылық, қажылық

Негізгі түсініктер: туризм, туризм тарихы, халықаралық туризм, ішкі туризм, іскерлік туризм.

Халықаралык туризмтануда туризмді әлеуметтік феномен деп атайды. Әлеуметтік дегеніміз — қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен ұғымынық екі мағьнасы бар: 1) философиялық түсінігі — «құбылыс» сезінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе, 2) ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт, адам .

«Туризм» сөзінің түбірі — француз тілІнің «тур», яғнй «серуен» «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тЬбіесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.

«Туризм» сөзі қазіргі энциклопедиялық ұғымда бсхГуЦқытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстын түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдык, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағына-лар береді. Халықаралык туризмде табыс табудан баска кез кел-ген мақсатта уақытша, ерікті түрғын орнын ауыстырушы адам-дардың барлығьш туриске санау әдеті қалыптасқан.

1974 жылдан бастап Біріккен ұлттар үйьшы (БҰҰ) елдің түрғын орнын және жұмысын ауыстырғандардан басқа дема-лу, ғылыми, іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, түрақ ауыстыруларының барлыгын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады [111; 5].

Ал қазіргі Әлемдік туристік үйым мамандары «туризм» де-ген ұғымға өзі түратын жерден тыс жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл салып демалу, іскерлік және т.б. мақсаттарда болуын және саяхаттауын жатқызады.

ТуризмнІң ең басты әлеуметгІк мақсаты — адам омірін үзар-ту және өмір сүруді жақсарту.

Туризмнің басты әлеуметтік қүндьшығы табиғатпен жоне жаңа адамдармен көнілді қарым-қатьтнас, кездесулер. Себебі адам қоғамының ең биік мұраты (идеалы) •— адам қатынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиімді пайдалану барысында ләззат алу Жаңа танымдар мен жаңа-лықтар ашу — адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейім-дағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат бары-сында адам бойында оянады [78; 3].



Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі түратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету туризмін атайды. Елден кетіп саяхат-тау туризмі — өзі тұрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі — бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы [102; 564-566].

Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхат-тайтын, бүкіл әлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркел-ген азаматтарды атайды. Мәселен, 1994 жылы әлемде 528, 4 млн., 2000 жылы 697, 6 млн. адам халықаралық турист болған. Болжаулар бойынша, 2010 жылы олардың саны шамамен 937 млн. адамға жетпек.

Адамның кез келген ойластырған, үйымдастырған және жасаған іс-әрекетінің, белгілі бір қызметтің немесе бірнеше қызметтің әлеуметтік маңызы болады. Ол қызметтердің жағым-ды, жағымсыз жақтары болу мүмкін. Ал туристік саяхаттар-дың, мамандардың айтуына қарағанда, танымдық, әлеуметтік-қарым-қатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоционалдық-психологиялық, денсаулықтық, шығармашылық, қажылық секілді түрлерінің жағымды әлеуметтік қызметтері бар.

1. Танымдық қызметі. Таным дегеніміз — өмір шындығы-ның адамның ойлау процесіндегі бейнеленуі, талдануы және қайта жасалуы; обьективті әлемнің, табиғаттық және қоғам-ның заңдарының заңдылықтарын білу; игерген білім мен тәжірибенің жиынтығы [134; 321].

Адам саяхат жасау үстінде қоршаған ортаны ойлау және сезу қүралдары арқылы таниды. Осы таным процесінде адамның ойлау қабілеті ойлау мен есте сақтау, ал таным - сезімдік-түй-сіктік, қабылдау, елестету секілді логикалық және психикалық компоненттерін іске қосады. Зерттеуші Г. П. Долженконың пікірінше, туризмнің танымдық жағына «адамның өз таным дүниесін тарих, экономика, табиғат, ғылым жөншдегі білім- дерін байытуға, тарихи, этнографиялық, табиғи және револю-циялык ескерткіштер, әскери, еңбек дәстүрлері жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын» жатқызады [78; 7].

2. Денсаулықтық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау үйымы «денсаулық» деген үғымға адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік жақтарының жақсы жағдайда болуын жатқы-зады [102; 143]. Адамның денсаулық деңгейін бағалау крите-рийі — оның қоршаған ортаға ыңғайлана білуі. Адамның қор-шаған ортаның өзгергіш жағдайларына сәтті дағдылана білуі адаптация деп аталады [102; 15]. Адамның туа және жүре пай-да болған қасиеттерінің деңгейінің тиімді адаптациялануын дағдыланғыштық (адаптивность) деп атайды, Физикалық, пси-хикалық және әлеуметтік адаптациялар адам өмірдің барлық саласында белсенді әрекет еткен жағдайда ғана сәтті болмақ. Бүл адамның денсаулық деңгейін анықтайды.

XVIII ғасырда француз дәрігері Тисо: «қозғалыс өз әсері жағынан кез келген дәріні алмастыра алады, ал әлемдегі бар дәрі қозғалыстың әсерін алмастыра алмайды» [111; 52] деп жазған болатын.



Туризмнің негізгі мәні — қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтық қызметтің белсенді түрлері, яғни туристердің белгілі бір бағыттар бойынша өз күштерімен қимыл- қозға-лыс жасауына, ерекше көңіл бөлінеді. Мүндай шарттарға кез келген адамның шамасы келеді. Ең бастысы әрбір туриске сәйкес физикалық ліәне техникалық дұрыс жүктеме бере білу керек.

Белсенді саяхаттық спорттық саяхаттан ерекшелігі туризмде туристер саяхаттың үзақтығын, қашықтығын және техникалық күрделілік деңгейін өздері айқывдайды және кез келген уақытта тоқтата, үзе алады. XXI ғасырдың басына қарай медиктер Жер бетіндегі адамдардың денсаулығының нашарлауының негізгі екі себебін анықтады:!) адам өмірінің зиянды экологиялық жағдай-лары, 2) гиподинамия, яогни қозғалыстық шектеулілігі. Адам ден-саулығына тиімді әсер ететін, жоғарыдағы екі себепті жоятын туризмнің белсенді және спорттық түрлері болып табылады.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметі бойынша, 2002 жылғы ақпан айындағы дерек бойынша әлемдегі ең кәрі адам — жапон жібекшісі Юкичи Чуғандзи 112 жаста. Оның әлі күнге

дейін өз денсаулығына өкпесі жоқ, өзінің ұзақ жасауының құпи-яларымен бөліседі, Дегенмен де Юкичидің жасы адамның ұзақ жасауының шегі емес.

Ең ұзақ жасаған француз әйелі Жан-Луизе Калмен 1997 жылға дейін 122 жыл 164 күн жасаған. Чуғандзиге дейін пла-нетаның ең қарт адамы ретінде италиялық Антонио Тодде са-налған, ол Юкичиден 3 ай үлкен болған. Юкичидің дәл туған датасы — 1889 жылдың 23 наурызы, Жапонияның Огори қала-сы. Ол өмір бойы жібек ісімен айналысьш, бұл іске басқалар-ды да үйреткен. Юкичидің ұзақ жасауының құпиясы, өзінің әңгімелеуінше, өмір салтын өлшеммен жүргізіп, оптимист болған, сары уайымға салынбаған. Ол ішімдік ішкен, бірақ қүмар болмаған. Оның сүйікті тағамы балапан етімен араласқ-ан, суға қайнатылған күріш екен.

Батыс Европа ғалымдары адам биологиялық түр ретінде өзінің эволюциясын аяқтады, адамдар өз өсуінің шыңына жетті деп есептейді. Адамның эволюциясы өз гендерінің қасиеттері-не негізделгендіктен, тірі орғанизм бойында қоршаған ортаға бейімделу мүмкіншілігі аз, себебі адам дамуды тоқтатқан, оның үстіне адамның биосфераға тәуелділігі кеміген, тіпті кейде адам биосфераны өзінің өмір жағдайларына қарап өзгертеді [233]. Барлық үзақ өмір сүрген адамдар биосферамен тығыз бай-ланысты болып, туристік саяхаттардың бастапқы кезеңдегі түрлері (адам өмірінің белгілі бір кезеңінде) оларды биология-лық ортаға оралтып отырған және оларды биологиялық түр ретінде сақтаған.

Адам денсаулығының ең басты көрсеткіштерінің бірі—оның өмірінің ұзақ болуы.

3. Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Коммуникативтік деген қарым-қатынас жасауға дайындалған, ыңғайланған әре-кет, яғни сөйлеу тілінің көмегімен байланысу, ой мазмұнын қабылдау және беру [134; 190].

Сонымен туризмнің әлеуметтік-қарым-қатынастық қызметі дегеніміз — саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда, өндірістік ара қатынасты (субординация) сақтамай-ақ, әлеуметтік мәртебесін, жасын, үлтын, азаматтығын және т.б. адамдарды бір-бірінен ерекшелейтін белгілерді есепке ал-май-ақ байланысу, қатынасу мүмкіндігі.

Туристік қабылдау түрғысынан алғанда, саяхат арқылы белгілі бір жерлерді көру, табиғи, тарихи-мәдени ескерткіш-терді кызықтау ғана емес, бастысы — жаңа адамдармен таны-су, олармен қарым-қатынастан әсерлермен оралу

4. Спорттық қызметі. «Спорт» деген кең мағынасында алғ-анда, өзіндік бәсекелестік іс-әрекет, оған арнайы дайындық, адамдар арасында осы іс-әрекет барысында арнайы қатынас орнату, оның қоғамдық мәні бар нәтижелері.

Спорт — қоғамдық мәні бар дене тәрбиесінің неғүрлым әсерлі қүралдары мен әдістерінің жиынтығы, адамды еңбекке, басқа да қоғамға қажетті іоәрекеттің түрлеріне дайындау. Со-нымен қатар спорт — этикалық, эстетикалық тәрбиенің маңыз-ды бір қүралы, интернационалдық байланыстарды кеңейту, жеңілдету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақ-тастықты, достықты бекіту [203; 15].

Туризмде «спорг» үғымышн басқа «спорт түрі» деген термин қолданыладьі. Спорт түрі деген—бәсекелестік іс-әрекеттің белгілі бір жарыс түрін ерекше споргтық техникамен, тактикамен іске асыру Сол спорт түрінің бірі — спорттық туризм. Туристік-спорттық жарыстардың: 1) спорттық жорықтардан жарыс; 2) ту-ристік көп сайыс бойынша жарыс деген түрлері бар [84; 158].

Адамзат баласы спорттық бағдарламаның неше түрін ойлап тапқан, бірақ туризм спорты ғана адам денсаулығын нығайту, табиғатпен «тілдесу», психологиялық жеңілдеу, физикалық белсенділік, үйреншікті жағдайды өзгерту деген компонент-терін орындай алады.

Спорттық туризмнің ұйымдастырылуы қарапайым және кез келген жастағы адамның онымен шүғылдануға мүмкіншілігі болады. Туризм — спорттың табиғи түрі, себебі онда жүктеме (дозировка) жеңілдетіліп беріледі. Спорттық туризм адамдар-дың бойына үжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді қасиеттерді дарытады [235; 4].

5-6. Эстетикалық және эмоционалдық-психологиялық қыз-меттері. Эстетика (грекше «сезімдік», »сезуші» деген мағына береді) — философия ғылымының шындық өмірдегі әсемдікті, эстетикалық тәрбиені және әдемілік завдарына арналған шы-ғармашылықтың жалпы принциптерін, өнерге деген түрлі көзқарастардың жүйесін зерттейтін саласы [134; 505].

Туризмнің эстетикалық қызметі дегенде туристік саяхаттар кезінде адамдардың табиғаттың, сәулетшіяер, мүсіншілер және суретшілердің туындыларының әдеміліктерінен ләззат алу мүмкіндігін түсіну керек. Туризмнің эстетикалық қызметі оның эмоционалдық-психологиялық қызметімен тығыз байланысты. Ол туризмтануда саяхатшылардың қауырт еңбек процестерінен кейінгі шаршап-шалдығуларды басу, адамдармен қарым-қаты-настан жағымды эмоция алу, қызықты туристік нысандардан әсер алу, спорггық және туристік белсенді саяхатғарда кезде-сетін кедергілерден өту деген сөз [78; 8].

7. Шығармашылық қызметі. Шығармашылық дегеніміз -жаңа сападағы, өзінің қайталанбастығымен, сонылығымен және қоғамдық-тарихи ерекшелігімен есте қалатын іс-әрекет. Шы-ғармашылык адамға ғана тән, өйткені шығармашылық іс-әре-кетті жасампаз тұлға жасайды [102; 535].

Туристік саяхаттың жоғары шығармашылық қарымы оған қатысушылардың әдеттегі аядан шығып, түрмыстық күйбең тіршіліктен ажырап, жаңа, қызықты мәселелердің шешімін іздеуге талпындырады. Ұймдасқан саяхаттар пайда болған бірнеше мындаған жылдар бойында саяхатшылардың сан мыңдаған шығармалары дүниеге келді.

Ол шығармашылық туындыларға ғыльши жаңалықтар, көркем және құжаттык және ғылыми-көпшілік прозалық, поэзиялық шығармалар, туризмге қажетті киімдердің, аяқ киі-мдердің, транспорттық көліктердің, жарак-жабдықтардың, жаңа тағам түрлерінің, саяхатқа қатысушыларды белсенді және спорт-тық саяхаттарға үйретудің жаңа әдістері мен тәсілдері жатады.

8. Қажылық қызметі. Қазақстанда 8 миллиондай мұсылман бар. Ал әлемдегі мүсылмандардың саны — 1 млрд. 126 млн. «Қажылық» деп діннің қасиетті орындарына (христиавдар үшін - Иерусалим және Рим, мүсылмандар үшін - Мекке мен Мәди-не) сапар шегуді атайды. Христиандардың әдет-ғүрпы бойынша қажылық сапардың белгісі — Палестинадан пальма бұтағын әкелу [102; 333].



Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақса-ты бар алғашқы саяхатшылар қажылыққа баратындар мен сау-дагерлер. Әсіресе қажылыққа барушыларды классикалық ту-ризмнің көшбасшыларына балайды. Олар мақсат-мұраттарына жеткенше саяхат барысында алыс қашықтықтарды игеріп, ас-аукат, киім-кешектері аз болса да, қиындықтарды жеңіп жет-кен. Саяхаттарының мақсатына жету үшін, сол кездегі қауіп-қатерді ескерсек, тоналмай, аман-есен жету қажет болды.

Әлемдік үйымдасқан саяхаттың ең көне қызметі бола тұра, қажылық әлі күнге дейін өзінің позициясын жоғалтқан жоқ. Қайта қажылык қазіргі халықаралық туризмде қарқындап да-муда. XX ғасырдың соңында әлемдегі мемлекеттердің ұйымда-суының өзгерістеріне байланысты негізгі әлемдік діндерге се-нушілер мен қажылыққа барушылардың саны күннен күнге, жылдан-жылға арта түсуде. Мұсылмандардың қажылыққа ба-руының саны өскені соншама, Мекке, Мәдине секілді қасиетті қалалары бар Сауд Аравиясы мемлекетінің үкіметі әлемнің әрбір еліне қажылыққа келушілерге арналған жылдық квота тағайындауға мәжбүр болып отыр.

Жоғарыда біз сөз еткен туризмнің негізгі әлеуметтік қыз-меттері ғана, негізінен бұдан басқа жағымды жақтары мен кызғылықты қызметтері жеткілікті. Сондықтан да адамдардың туризмге деген кұштарлығы уақыт өте келе геометриялық про-грессия қарқынымен өсе түсуде. Мәселен, зерттеушілер кейбір адамдардың демалыс кезін саяхатта қызықты өткізу үшін өздерінің тамаққа, киімге деген қажеттіліктеріне әдейі тыйым салатын көрінеді/



Туризмнің аталған әлеуметтік қызметтерін іске асыру үшін туристік-рекреациялық ресурстарды (ТРР) пайдалану қажет. Бұл ресурстарды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады:

1)табиғаттың нысандары мен ресурстарының жиынтығы;

2) мәдени-тарихи нысандардық жиынтығы.

Туризмнің спорттық және сауықтыру қызметтері табиғат ресурстары арқылы, ал қызметтері туристік-рекреациялық ре-сурстар (ТРР) арқылы іске асады.

Адам биологиялық түр ретінде өзінің даму процесінде өзін қоршаған табиғаттың тікелей әсерінде болған және әлі де бола береді. Адам түтас тұлға ретінде оның физикалық және рухани қажеттіліктері әуелден-ақ табиғат мүмкіншіліктерімен жара-сымдылықта болып қана өз кажеттіліктерін қанағаттандырған.

Уақыт өте келе адам еңбегі күрделеніп, ол түрлі машиналар-дың, зиянды технологиялардың «құлына» айналды. Міне, осы себептердің барлығы адам орғанизмінің табиғатпен тепе-теңдігін жойьт, адамның түрлі ауруларға Іпалдығып, еңбек етуге деген қабілетін жоғалтты. Адамның физикалык және рухани күштерін қалпына келтірудің басты құралы – табиғаттың жандандырар күші.

Адамның денсаулығын өзінің негізгі өндірістік еңбегінен тыс уақытта табиғатпен және адамдармен қарым-қатынас проце-сінде қалпына келтіруі рекреация деп аталады. Рекреация бел-сенді (спорттық-туристік) немесе пассивті (пансионатты) болуы мүмкін.

Адам рекреациясында туристік-рекреациялық ресустардың екінші тобы ерекше рөл атқарады. Мәдени-тарихи нысавда-рға экскурсия жасау пассивті рекреацияның кеңістік базасы болып есептеледі.

Мамандардың айтуына қарағанда, экскурсиялық нысандар информацияның 2 түрін береді: 1) семантикалық, яғни логика-лық сипаты бар және адам санасына әсер ететін; 2) этикалық.

Белгілі бір рекреациялық әсер алу үшін танымдық инфор-мация ғана емес, адамның мәдени-тарихи нысандардың эсте-тикалық қасиеттерін қабылдау негізінде адамның эмоционал-дық толғануы да қажет [55; 7].

Халықаралық туризм жекелеген елдердің экономикасында басқа да қызметтер атқарады, Мәселен:

  1. елге валюта жинаудың көзі және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің қүралы;

  2. төлемдік балансқа салымды кеңейтудің қүралы;

  3. туризм аясына қызмет етудің саласын кұрайды, яғни экономиканы диверсификациялаудың құралы;

  4. ұлтгык дәулеттің көтерілуі мен кіріс есімнің, жұмыс орнын көбейтудің құралы,

Адамдардың саяхатқа деген қажеттілігінің көлемі жағынан артуы және туризм индустриясы өнеркәсіп, мекеме және үйымдардың жиынтығы ретінде туристер үшін қызмет көрсе-ту мен табар өндірудің өндірісін қамтамасыз етіп келеді. Сон-дыктан да адам өміріндегі туризмнің әлеуметтік-экономика-лық рөлі өте қаркынды жылдамдықпен артып келеді.

2 презентациялық дәріс - 2 сағат.



Тақырыбы: Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері.

Туризм тарихы дегеніміз — саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың) ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихының зерттеу пәніне туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу, қальштасу және даму зандылыктары жатады.



Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, нумизматика, палеография, этнография және т.б. тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді .

«Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде XIX ғасырда ғана тұрақтала бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. Қазіргі туризм тануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды.Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм кеңестік кезевде әлеуметтік туризм ретінде дамьш, шығындарына қоғамдық қаржы жұмсалды. Сол кезде туризм теориялық тұрғьвда нақты адамдардың туристік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зертгелді де, туризмнің қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырылды.

Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхат-тар бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен же-тістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметгік-эконо-микалық себептерімен байланыстырмады. В.Б.Сапрунованың басқалардан басты ерекшелігі — туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:

  • 1-кезең (кене замандардан XIX ғасырдың басьша дейін) не-месе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды;

  • 2-кезең (XIX ғ.-ХХ ғасырдың басы) — элитарлык туризм кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы;

  • 3-кезең (XX ғасырдың басы — II дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін) — бұл әлеуметтік туризмнің калыптаса бастауы;

  • 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) — бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы. Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңце дамуының дөуір-дәуірге бөлуге (периодизация) техникалық-экономикалық, әлеу-меттік алғы шарттар және туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған.

Бірақ В. Б. Сапрунова туризм тарихын кезең-кезеңге бөлуде көне, орта және жаңа кезеңдердегі адамдардың ұйымдасқан саяхаттарының дамуын жеке-дара қарастырмаған. Яғни адам баласының уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруьшың бастапқы мұраттары айқындалмаған деген сез. Дұрысында жоғарыда көрсетілген мұраттар туризмтану теориясының басты мәселе-лерінің бірі болып табылады. Осы мәселелерді шешу ғана ту-ризм индустриясының әлемдік және өңірлік перманентті ин-тенсификациясьш түсінуге, түсіндіруге мүмкіндік береді. Ту-ризм тарихын зерттеудің мақсаты да осында жатыр.

Үйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негіз болған түрлі себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірле-удің негізінен адамзаттың жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес , уКелетіндігіне көзіміз жетеді. Адамзаттың тарих алдындағы хайуанаттар ортасынан "бөлінуі 5-2 млн жыл бұрын басталып, б.д.д. ІУ мыңжылдықта аяқталған. Адамзат өркениетінің дамуының бірінші кезеңі — көне әлемнің тарихы (б.д.д. IV мыңжылдық — б.д. у ғ.), екінші кезеңі — орта ғасырлар тарихы (V—XV ғғ.), үшінші кезеңі -жаңа дәуір тарихы (1918 жылдан біздің заманымызға дейін). Терімшілдік пен аңшылық адам баласының бірнеше мил-лион жылғы басты кәсібі болған. Шамамен 10 мын жыл бұрын (кейде 5-тен 10 мың жылға дейін делінеді) терімшілдіктен -жер өндеу, аңшылыктан - мал шаруашылығы туындаған.

Өндірістік еңбекке дейін адамның кеңістікте орын ауысты-руы терімшілдік пен аңшылық мақсатында болған. Адамдар-дың ол орын ауыстырулары ретсіз, жоспарсыз болып, ондағы мақсат аштық инстинкті, өзін-взі аман сақтау немесе ұрпақты жалғастыру болған. Мұндай жағдай адам бойында тіршілік ету мен дамудың табиғатқа бейімделуінен табиғатты езіне бей-імдеу мәдениеті қалыптасқанға дейін жалғасты .

Түрлі ғылымдардың мәліметтерін талдай қарасақ, адам ба-ласының Жер шарымен мақсатты түрде танымдық мүддемен саяхаттауы бүдан 5-6 мың жыл бүрын басталғанға ұқсайды. Міне, осы кезеңнен бастап адам терімшілдік пен аңшылықтан өндірістік еңбекке көшкен.

Көне заманның алғашқы саяхатшылары саудагерлер болды. Оған дәлел арнайы жоспарланған саяхаттың адамның өндірістік еңбегінің басталуымен байланыстылығында жатырлБ.д.д. II мыңжьшдықта адамның алғашқы еңбек бөлінісі (мал шаруа-шылығынықжерді игеруден бөлінуі), екінші бөлініс (қолөнердің жер игеру мен мал шаруашылығынан бөлінуі), үшінші бөлініс (ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) басталды.

Еңбекгің бірінші, екінші бөліністері егіншілер мен малшы-лардың бір-бірімен азық-түлік алмастыру қажетгілігін, ал үшінші бөлініс Жер планетасының қүрлығы мен суы жөнінде жүйелі мәліметгер жинауына мүмкіндік тудырды. Адамдар жаңа жер-лер ашу үшін планетаның қүрлық, су, жер асты туралы деректер жинап, арнайы саяхаттарды жасауды жоспарлады. Осылайша та-рих және география ғылымдары қалыптаса бастады.

Адамдардың металдарды (мыс, қола) кеңінен қолдануы, олар-дан жаңа еңбек құралдарын жасау егіншілік пен мал шаруа-шылығында еңбек өнімділігі қауырт өсе берді. Өндіріс аясын-дағы билік еркектердің қолына көшіп, патриархалды қоғамдас-тық қалыптасты.

Адамзат қоғамындағы жоғарыда санамаланған барлық өзге-рістер мақсатты саяхаттар үйымдастыруға 2 түрлі жағдай жа-сады. Бірінші. мал шаруашылығының дамуы күрлық жолында орын ауыстыруға ыңғайлы ат секілді көлікті қолдана алатын болды. Кейін келе аттың біршама алыс қашықтықты жылдам жүріп өтетін жүрдек жылкылардың тұқымы іріктеліп алынатын жағдайға жетті. Екінші, еркектердің қоғамдағы жетекшілік жағдайы олардың отбасынан ұзап ұзақ сапар шегіп кетуіне мүмкіншілік берді. Еркектерше ұзап кетуге әйелдің жағдайы балалардың анасы, тәрбиешісі ретінде келе бермеді және отба-сының ошағының түтінінің түзу шығуы сол кісілерге байла-нысты болды.

Адам еңбегінің өнімділігінің артуы оларға төмендегідей бірнеше мүмкіндік берді:

  1. саяхатты өз еңбегінің өнімділігіне қарай жоспарлай алатын болды;

  2. саяхат үшін материалдық дүние-мүліктерін (азық-түлік, еңбек құралы, киім-кешек, көлік) жинақтайтын, жасайтын, пайдаланатын болды.

Әсіресе, ерекше таң қаларлық, данышпан адамдар жайын-дағы, табиғаттың, адамзат мәдениетінің нысандары туралы мәліметтер жинала бастады. Дәл осы мәліметтер әлемнің әр түпкіріне тез тарай бастады. Осы мәліметтерді естіген елдер-дегі адамдар енді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің таңға-жайып нысандарын көру үшін арнайы саяхаттар, яғни туристік мақсаттағы табиғи саяхаттар жасауға көшті.

Көне әлемнің тарихында ұйымдасқан саяхаттардың дамуы-на негіз болған бірнеше мемлекетті атауға болады. Бұған ең алдымен ежелгі Египетті (саудагерлер елдің ерекше сатыдағы адамдары болды, әлем жайлы информациялар жүйелі түрде жинақталып отырды, оның ішінде географиялық, астрономия-лық және медициналық білімдер де бар), Вавилон патшалығы (Алдыңғы Азияда керуен және су жолдарын ұйымдастырып, қоддап отырды), Финикия (теңіздегі және құрлықтағы белсенді сауда, бос жерлер іздеу, б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы -1 мың-жылдықтың басында әлемдегі ең озық корабль қүру мен теңіз-шілер дайындаған, б.д.д, I мыңжылдықтың басында әлемдегі алғашқы алфавит кұрастырылды), Персия (мемлекеттің орталық және шалғай аудандарының аралығын қосатын жолдар салу), кене Үндістан (басқа мемлекеттермен қызу сауда, Ғанг өзенінің алқабындағы ну орман-тоғайды игеру, қант бұтасының сөлінен алғашқы қант ендіру, мақтадан мата тоқу, әлемнің ең көне діні - буддизмнің негізі салынды), көне Қытай (темірді өндіру мен өндеудің басталуы, б.д.д. II мыңжылдықта иероглифтік жазу мен қағазды ойлап тапты, компасты, жібек өндіру тәсілін шығарды, шай дайындауды үйренді), көне Греция (қолөнер, корабль құрылысы, өз жазуларын ойлап тапты, Финикия, Египетпен тұрақты сауда, дауысты дыбысты белгілейтін алғашқы әріптік алфавитті жасады, Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауын жаппай отарлау, теңізде жүзудің дамуы, б.д.д. 776 жылы алғашқы олимпиадалық ойындардың ұйымдасты-рылуы, олимпиадалық ойындар кезінде соғысуға тыйым са-лынды), көне Рим (шығыс Жерорта теңізін игеру, христиан-дықтың тууы, елді ағарту жүйесінің және бүкіл империя үшін бір шіркеу жасап, христиандықты үйымдастыру) елдері жатады.

Орта ғасырлар тарихындағы жоғарыдағы және одан да ба-сқа мемлекеттер туризмнің қалыптаса түсуіне итермеші күш (стимулятор) факторы қызметін атқарады. Олар: көне Рим мем-лекетінің негізінде қайта құрылған Шығыс Рим империясы немесе Византия (Батыс Европа мен Шығыс арасындағы сау-даның дамуы, яғни «Үлы жібек жолы», Аравия арқылы Парсы шығанағына, Үнді мүхитына өтетін «жұпар иіс жолы» мемле-кеттік почта мен шет елмен қатынас ведомостөоларының кұры-луы, шіркеудің батыста католиктік, шығыста православиелік болып бөлінуі, крест жоқтарының басталуы), Аравия (үшінші әлемдік дін - исламның пайда болуы, Мекке мен Мәдинеге қажылық жасау), Франция, Германия, Италия (мектептердің ашылуы, академияның құрылуы, крест жорықтары, сауданың дамуы, европалық саудагерлердің Жерорта теңізіне орнығуы, ірі монастырьлар, жол айрықтарында, өзен өткелдері, теңіз ай-лағына жақын жерлерге қалалар салу, табарлық-ақшалық ша-руашылықтың қалыптасуы, өнеркәсіптік өнімдердің ел ішінде дамыту, өнеркәсіптік табарларды ішкі және сыртқы рыноктарға шығару саясатын үстанды, күшті флот жасау, зайырлы өкіметті нығайту және ұлтгық мемлекеттердін дамуы).

Туризмнің жаңа дәуірінің тарихында саяхат негіздері Анг-лияда (капиталистік шарттардың дамуьшың негіздері одан әрі қалана түсті, тауар сатудың қоймалық рыногы жинақталды, өнеркәсіптің ерекше дамуы үшін жүмыс машиналарын ойлап тапты, машина жасау дамыды), А_ҚШ-та (өнеркәсіптің дамуы табарлар қозғалысы. жаңа жерлерді отарлау, дамыған өнеркәсіп Үшін ішкі рынок жасау, өнеркәсіп пен сауданың дамуының кедергілерін жою, су және теміржол транспорттын жолға қою, телеграфтық Морзе әліппесінің шығуы, Белдің телефон аппа-раты, Эдисон лампасы, комбайын пайда болды), Францияда («Адам және азамат құқығы декларациясы», таптарға бөліну жойылды, өнеркәсіп пен сауда кедергілері жойылды, тұтас ұлттық рынок қалыптасты) болды.

Туризмнің жаңарған дәуірінің тарихында саяхат негіздері АҚШ-та (сауда мен теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кедейлікті жоюға деген талпыныс, елді кәсіптік кайта даярлау шаралары, халықтың білім алуына кемек көрсету), Францияда (1936 жылы аптада қырық сағаттық жұмыс күнін белгілеу, жылына екі апталық төлемді еңбек демалысы, зейнетақыны, жұмыссыздардың төлемақысын көбейту, XX ғасырдың 60-жыл-дарында әлеуметтік завдылықтарды кеңейту), Үлыбританияда (тегін медициналық көмек көрсетудің кіргізілуі, барлық дерлік британ колонияларының азаттық алуы, өнеркәсіптің модерни-зациялануы, іскерлік рухтың көтерілуі), ГФР-да (II дүни-ежүзілік соғыстан кейін демократиялық институттардың бекуі, өнеркәсіптің жаңа техникалық негізде қайтадан қалпына кел-тірілуі және қайта құрылуы, әскери шығындардың азаюы, ка-питал мен өндірістің жиі шоғырлануы, отарлық басқару аппа-раттарын үстауға арналған шығындардың жоқтығы), Италияда XX ғасырдың 50-60-жылдарында экономиканың қаулап өсуі, экспорттың жылдам өсуі, ақша бірліктерінің тұрақталуы, елдің өмір сүру деңгейінің өсуі, «мемлекеттік берекенің» орнауы), Жапонияда («соғыстан үлттық дербес құқығы» ретінде бас тар-ту, жалпыға бірдей сайлау құқығы, сайлаулы өзін-өзі басқару элементгерін енгізу, сөз бостандығы, үйым бостандығы, жүмыс-шылардың үжымдық келісімшартқа және ереуілге құкық алуы, помещиктік жер иелену жойылды, жерді сатып алуды аренда-торларға беру, фермерлік шаруашылық, мемлекеттік шығын-дардың азаюы, инфляцияның тоқтауы, бағаның тұрақтануы, XX ғасырдың 50-жылдарының ортасында жапон экономикасының ерекше өсуінің басталуы, фермерлерге арналған жаңа, ірі өнеркәсіптік табарлар рыногының жасалуы, қорғанысқа аз шығын жүмсау, өндірістік капитал қорын жинау, дәстүрлі жүйе, экономиканың ауырлығьш энергиялық-материалдық са- ладан ғьшымға сүйенген салаға ауыстыру, кәсіпкерліктен алы-натын салықтың төмендеуі) болды.



Туризмнің жаңарған тарихының дамуының бір ерекшелігі — социалистік және дамушы елдер лагерінде қалыптасуы. Мәсе-лен, жоғарыда аталған туризмнің қалыптасып дамуының алғы шарттары Қытай халық республикасында XX ғасырдық 70-жьш-дарының соңы — 80-жылдардың басывда Мао Дзэ Дун қайтыс болғаннан кейін ғана (мемлекеттік мекемелердің шаруашылық есепке көшуі, шағын және орта бизнестің дамуы, шет елдік капитал салуға қолдау көрсету, шет елдік кәсіпкерлерге «арнайы экономикалық зона» жасау арқылы жеңілдетілген шартғар ұсынылды, жерге ұжымдық меншікті сақтай отырып, ауыл шаруашылығына «отбасьшық иелікті» кіргізу, халықтың емір сүру деңгейінің өсуі, 2000 жьшға дейін халық санын тұрақ-тандыру үшін бала табуға шектеу қою шаралары, Батыс елдер-імен байланыстардың кеңеюі мен беки түсуі) қалыптасты.

Азияның, Африканың және Латын Америкасының дамушы елдерінде соғыстан кейінгі жылдарда туризмнің дамуының темендегідей алғы шарттары қалыптасты: импортты ауысты-ратын индустриализацияның орнына экспорттық мүмкіндіктер жан-жақты дамыды, шет ел капиталын әкелу қолдау тапты, ақша айналымы тұрақталды, әлемдік экономикаға интеграци-ялануға талпьшыстар жасалды, ауыл шаруашылығына заманға сай технологиялар енгізілді, «жасыл революция», әлеуметтік қүрылым өзгерді, демократиялык институттар қалыптасты, өз елдерінің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді катысу, әлемдік экономикаға интеграциялану курсын сақтады, эконо-миканың рыноктық құрылымын дамыту, әлеуметгік бағдар-дағы экономиканың қалыптасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет