1. Клиникалық синдромды анықтаңыз, жетекші синдромдарды көрсетіңіз



Дата14.10.2020
өлшемі19.57 Kb.
1)65 жастағы науқас шұғыл хирургия бөліміне эпигастри мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне және лоқсып, бір рет құсқандығына шағымданып түскен. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін ауырған. Анамнез жинау барысында ӨТА, ЖИА және семіздіктің үшінші дәрежесімен ауратындығы белгілі болды. Жалпы жағдайы орташа. Тері мен шырышты қабатында өзгеріс жоқ. Тыныс алуы қалыпты, ентігу байқалмайды. ҚҚ- 140/80 мм.с.б. РS -94 минутына . Тілі құрғақ, ақ жабындысы бар. Тері асты май қабаттарына байланысты іші үлкен, кеппеген, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі байқалуда. Өт қалтасы анықталмайды. Ортнер, Кер симптомдары бар. Дене қызуы - 37,6 С. Лейкоцит -10 000. УДЗ қортындысы: Өт қалтасының көлемі 9-6-5см. Қабырға қалыңдығы 0,5см. Қуысында 1-2см тастар.

Cұрақтар:

1. Клиникалық синдромды анықтаңыз, жетекші синдромдарды көрсетіңіз.

2. Жетекші синдромдар негізінде болжам диагноз койыныз.

3. Лабораториялық –инструменталды зерттеу жоспарын құрыңыз.

4. Дифференциальды диагноз жүргізіп, болжам диагнозды негіздеңіз.

5. Емдеу жоспарын құрыңыз, емханалық деңгейде емдеуге ұсыныс беріңіз.

2) Науқас Д. 72 жаста шұғыл хирургия бөліміне ауырғаннан кейін бес тәуліктен кейін келіп түскен. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі. Науқас үйінде но- шпа қабылдаған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 С. Қалтырау, жалпы әлсіздік, мазасыздануы пайда болған. Көзі сарғайған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында анықталуда, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары ЖИА, қант диабеті. Лейкоцит – 12 мың, билирубин-76 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 12-7см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0, 6 см., холедох – 0,9 см.



Cұрақтар:

1. Клиникалық синдромды анықтаңыз, жетекші синдромдарды көрсетіңіз.

2. Жетекші синдромдар негізінде болжам диагноз койыныз.

3. Лабораториялық –инструменталды зерттеу жоспарын құрыңыз.

4. Дифференциальды диагноз жүргізіп, болжам диагнозды негіздеңіз.

5. Емдеу жоспарын құрыңыз, емханалық деңгейде емдеуге ұсыныс беріңіз.

3) 4) Науқас Е. 63 жаста, ішінің барлық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келіп түскен. Науқаста жалпы әлсіздік мазасыздану болған. 4 тәулік бұрын ауырған, оң қабырға астындағы ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, бірнеше рет құсу болған. Осындай ауру бұрында болған, бірақ спазмолитик қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы өте ауыр. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс -110 минутына. Тілі құрғақ, сұр түсті жабынды. Іші кепкен, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда, оң жақ қабырға астында пайда болады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -21 мың. УДЗ: іш қуысында сұйықтық. Ішек ілмегіне жел жиналған. Өт қабы көлемі 9-6 см., қуысында 2,0 см дейінгі конкременттер, қабырғасы 0,6 см.



Cұрақтар:

1. Клиникалық синдромды анықтаңыз, жетекші синдромдарды көрсетіңіз.

2. Жетекші синдромдар негізінде болжам диагноз койыныз.

3. Лабораториялық –инструменталды зерттеу жоспарын құрыңыз.

4. Дифференциальды диагноз жүргізіп, болжам диагнозды негіздеңіз.

5. Емдеу жоспарын құрыңыз, емханалық деңгейде емдеуге ұсыныс беріңіз.

Тест тапсырмалары

1. 65 жастағы науқасқа 1ай бұрын операция холецистэктомия жасалған. Ауруханаға дене қызуының 380С, дейін жоғарылуына, қалтырауына, тері жабындысының сарғаюына шағымданып келген. Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін.

* Холедохтың тыртықтанып тарылуы

* Перихоледохеалды лимфаденит

* +жедел іріңді холангит

* Холедох бойына тігіс салу

* Өт қалтасы өзегінде ұзын тұқыл қалдыру

2. Жедел холециститте кездеспейтін асқынулар

* + бауыр циррозы

* Холангит

* Механикалық сарғаю

* Өт қалтасының эмпиемасы

* Өт жыланкөздері.

3. Өт қалтасындағы тастың пайда болуына әсер етпейтін факторды атаңыз?

* Инфекция

* Өт қалтасындағы өт іркілісі

* Зат алмасудың бұзылыстары

* Өт қалтасындағы қабыну белгілері

* + Белсенді өмір сүру.

4. Жасы келген қарияларда біріншілік гангренозды холециститтың даму себебін атаңыз.

* Қосалқы созылмалы гепатит

* Порталдық жүйедегі қысымның жоғарылауы

* + Өт қалтасының қан айналымының бұзылыстары

* Гепатикохоледохтың терминалды бөлігіндегі бітеліс

* Порталдық жүйедегі лимфа айналымының бұзылысы.

5. Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографияға қарсы көрсеткішті атаңыз.

* Белгісіз сарғаю

* + паренхиматозды сарғаю

* Бауырдан тыс өт жолдарының кеңейуі

* Холедохолитиазды УДЗ анықтаған жағдайда

* Бауырішілік және бауырдан тыс өт жолдарының кеңейуі.

6. Щеткин –Блюмберг симптомы жедел холецистите нені көрсетеді

* +Жергілікті немесе жайылған перитонит

* Қосалқы панкреатит

* Қосалқы холангит

* Перивезикалды инфильтрат

* Жедел катаралды холецистит

7. Деструктивті холециститте кездесетін күрделі, қауыпты асқыну

* Перивезикалды инфильтрат

* Жедел панкреатит

* +Жайылған перитонит

* Механикалық сарғаю

* Бауыр астылық абсцесс

8. Жедел холецистит кезінде қолданатын аз жарақатты операция

* +Лапароскопиялық холецистэктомия

* Кохер тәсілі бойынша ашып жасау

* Открытый метод доступом по Федорову

* Сағасынан бастап холецистэктомия

* Холецистэктомия түбінен жасау

9. Жедел гангренозды холециститте көрсетілген

* +Шұғыл операция

* Лапароскопия

* Консервативті ем

* Консервативті ем нәтижесі болмаса операция жасау

* Жедел операция

10. Жедел холецистит кезінде шұғыл операцияға көрсеткіш

* +Перитонит болса

* Ауру сезімнің үдеуі

* Қосалқы аурулар

* Жасы


* Науқастың еркі.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет