1. Оба қандай аурулар қатарына жатады?



Дата12.08.2020
өлшемі31.53 Kb.
1.Оба қандай аурулар қатарына жатады?

Оба - жедел жұқпалы ауру. Анропозооноз белгілі аймақтарда кездеседі.

2. Оба ауруы қандай ағзаларды зақымдайды?

Ауру лимфа бездерінің, өкпе және басқа да ағзалардың геморрагиялық - некроздық зақымданулармен сипатталады.

3. Оба қоздырғышы?

Уегsіnіа реstіs - оба таяқшасы жұмыртқа тәріздес, жұмырланған, капсуласы бар, анаэроб. Қайнатқанда 1-2 минутта өледі. Улы зат эндо және экзотоксин бөледі.

4. Ауру көздері?

Ауру көздері - үй жануарлары, түйе, ит, мысық . Ауру адамнан адамға өкпелік түрінде жұғады. Ауруды таратуда қан сорғыш бүргенің рөлі жоғары. Аурумен көбінесе аңшылар, малшылар ауырады.

5. Обаның түрлері, клиникалық көріністері?

Терілік түрі- өте сирек кездеседі. Қоздырғыштың енген жерінде «геморрагиялық карбункул» пайда болады.

Бубондық түрі. Ол ете жиі кездеседі. Ауруда лимфаденит-«бубон» пайда болады. 30-50% -өлімге әкеледі.

Өкпелік түрі- аурудың өкпесі қабынады.Улану белгілері жоғары болады, ентігеді, қан түкіреді, дене қызуы 39-42°С көтеріледі. Аурудың 2-3 күндері 100% өлімге экеледі.

Сепсистік түрі- денесінде және кілегейлі қабатында бөртпе шығады, зәрінде қан, құсығы мен нәжісінде де қан болады, өкпесі мен жатырынан қан кетеді.

6. Науқасты күту ерекшеліктері?

Науқасты күту арнайы оба ауруында киетін киіммен жүргізіледі.Науқасқа қатаң төсек тәртібі тағайындалады. Науқастың тамыр соғуын, қан қысымын қадағалайды. Оба ауруында күнделікті зарарсыздандыру жұмысы жүзеге асырылады. Бөлмелердегі заттар 3% хлорамин немесе 10% хлорлы әкпен тазаланады.

7. Айыққандарды ауруханадан шығару?

Аурудың жеңіл түрінде 1 айдан кейін ауруханадан шығарылады, ол үшін дене қызуы түсуі шарт, ал ауыр түрінде 1,5 айдан кейін шығарылады. Бактериологиялық зерттеу жүргізгенде 3 теріс талдау алып, антибиотикпен емдегенде, ауруханадан шығару керек.

8. Алдын алу шаралары?

Ауруды жедел оңашалау. Жоғарғы денсаулық сақтау орындарына жедел хабар беру. Қарым қатынаста болғандарды 6 күн оңашалап, оларға антибиотик беріп, егу жұмысын жүргізу. Ауру ошағында дезинфекция, дератизация, дезинсекция жұмыстарын жүргізу.

Тақырып. Туляремия

1.Туляремияның анықтамасы?

Туляремия - зооноз, жедел жұқпалы ауру,улану белгілерімен қатар бездерінің, терінің, шырышты қабаттармен, өкпенің зақымдануымен сипатталады.

2.Берілу жолдары?

Ауру қан сорғыш жәндіктер және шаң - тозаң (шөп, егін жинағанда) арқылы жұғады. Көбінесе ауылда тұратындар ауырады. Зақымданған тері, көздің, тыныс, асқазан жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді.

3. Ауру көзі?

Ауру көзі - кеміргіштер, қоян және жан - жануарлар: ақтиын, түлкі, жабайы шошқа, түйе, қой, жылқы, ит, мысық және т.б.

4. Клиникалық түрлері?

Жара - бубондық түрі.Қоздырғыш енген жерде қышитын қызыл дақ пайда болады.

Бубондық түрі. Қоздырғыштың енген жерінде лимфа бездердің ісінуі - үлкеюі байқалады.

Көз - бубондық түрі. Аурудың бұл түрі сирек кездеседі. Науқастың кабағы ісініп, қабынады.

Баспа - бубондық түрі.Тамақтың безі ісінеді, науқастың тамағы қызарады.

Іштік түрі.Аурудың іші ауырып, жүрегі айнып, құсады.

Өкпелік түрі. Аурудың өкпесі қабынады және аз уақытта қызба пайда болады.

5. Асқынулары?

Перитонит, миокардит, менингит, менингоэнцефалит, инфекциялық - токсикалық шок.

6. Ауруды күту ерекшеліктері?

Қызба кезінде теріні, шырышты қабатты күту, тағамды бақылау, іш киімдері және төсек - орындарын ауыстырьш тұру. Бубонға құрғақ жылытқыш қою керек, ал бубон жарылғанда оны таңу керек.

7. "Д" есепке алу

Айыққандар 6 айдан - 1 жылға дейін қадағалауға алынады.

8. Алдын алу шаралары?

Кеміргіштерден сақтану, дератизация, дезинсекция жұмыстарын жүргізу. Су көздерін, тағамдарды, тағам қоймаларын қатаң қадағалауға алу. Арнайы алдын алу-егу шараларын жүзеге асыру.

Тақырып Геморрагиялық қызбалар. Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба (БСГК)

1.БСГК анықтамасы?

Вируспен шақырылады, улану және геморрагиялық белгілерімен сипатталады, нәтижесінде бүйректің жұмысы бұзылады.

2. Аурудың көзі?

Аурудың көзі — әртүрлі кеміргіштер тобы. Жұғу жолы - кеміргіштерден шөп, көгал аркылы, ластанған тағам және ауа-шаң тозаң арқылы.

3. Аурудың қоздырғышы?

Қоздырғышы -вирус, оның екі түрі бар: шығыстық және батыстық түрлері. Қоздырғыш сыртқы ортада төзімсіз.

4. Клиникалық көрінісіне байланысты кезеңдері? Бастапқы кезеңде науқастың белі ауырады, әсіресе түнде шөл қысады, ауыз-қуысы кебеді, кейде мұрнынан қан кетеді. Полиуриялық кезеңде науқастың жағдайы жақсарады, белінің ауырғаны, құсқаны басылады. Айығу кезеңі 4 аптадан кейін басталады.

5. Асқынулары?

Уремия, инфекциялық - токсикалық шок, жұқпалы улы шок, өкпенің ісінуі, бүйрегінің жарылуы.

6. Ауруханадан шығару ережелері?

Науқасты ауруханадан ауру басталғаннан 4 апта өткеннен кейін ғана шығаруға болады. Ауырғандар 3 жыл есепке алынып, қадағаланады.

7. Алдын алу шаралары?



Халық арасында санитарлық - ағарту жұмысын жүргізу. Дератизация жұмысын жүргізу, жеке бастың гигиенасын сақтау, тағамдарды ластанудан сақтау. Қарым - катынаста болғандарды 3 апта қадағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет