1.Ғылыми шығармашылық және оны жетілдірудің жолдарын талдаңыз. «Шығармашылық»



Дата27.05.2020
өлшемі75.05 Kb.
1.Ғылыми шығармашылық және оны жетілдірудің жолдарын талдаңыз.

«Шығармашылық» сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес білім алушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе құрастыру (білім алушылардың жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың деңгейі анықтайды: төмен, орташа, жоғары.

Шығармашылық іс әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажеттісін ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес. Кез – келген шығармашылық іс - әрекеттің негізінде болжам, мүмкін нәтижені алдын – ала көруде жатыр. Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар.

 Ғылыми-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу А.Маслоудың пайымдауынша адамның шығармашылыққа жетуі мына қағидалар қажет етеді



Рухани қажеттіліктер (шығармашылық арқылы өзін-өзі дамыту) 

Престиж қажеттіліктері (құрмет, өзін-өзі сыйлау, статус)

Әлеуметтік қажеттіліктер (ұжым, жақын қарым-қатынас, достық, махаббат)

Экзистенциалды қажеттілікте (қауіпсздік, тәуелсіздік, қожайын екенін сезіну)

Физиологиялық қажеттіліктер (ашығу, шөлдеу, демалу және т.б.)

Шығармашылыққа деген мотивацияның негізгі екі түрі:



  • ішкі (шығармашылық қабілеттермен еркін ойнаудан қанағат алу, өзін танытуға, сынауға құштарлық, рухани қажеттілік, өмір салты);

  • сыртқы (тіршілік үшін күрес, практикалық пайда, ерекшелену немесе басқаларды таң қалдыру).


2.Ғылыми зерттеу құралдарын анықтаңыз және оларды жеке жеке талдаңыз.

Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар,

жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық

қатарды құрайды.



Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір

немесе бірнеше математикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.



Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын

қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.



Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше

нысаналы әдістердің жиынтығы.



Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу

жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.



Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі

білімнің жиынтығы.



Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті

техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.



Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не

қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола

алады.
3.Ғылыми жұмыстар мен ғылыми мақалаларға кіретін негізгі бөлімдерді салыстырып талдаңыз.

Ғылыми жұмысты ұйымдастыру үшін ең қажетті мәселе – база. Ғылыми жұмысты ұйымдастырғанда мына принциптердің басты назарда болатынын ескерту қажет:


зерттеу нысаны етіп алу.

  • -  Нарық заңына және әлемдік білім беру стандартына сәйкес аталмыш жұмыстың тиімділігін және келтірер пайдасын есептеп шығару.

  • Кіріспе.

  • Әдебиетке шолу.

  • Ғылыми-зерттеу әдістері.

  • Нәтижелер.

  • Талқылау.

  • Қорытынды.


Мақала құрылымының жалпы жоспары:

Мақала атауы Бір ғана фразадан тұрса да, сәтті таңдалған атау уақытты қажет етеді, Атау мақала мазмұнын айқындап тұруы қажет, сонымен бірге көзге түсетіндей көркем болуы қажет. Бұл, әсіресе, қазіргі ақпараттың орасан зор легімен байланысты үлкен

Мақаланың құрамдас бөлімдері Мақала аннотациядан, кіріспеден, негізгі бөлімнен (алынған нәтижелер мен олардың түсініктемелерінің, зерттеулердің әдістемесінен), қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұады.

Аннотация Аннотация мақаланың кеңейтілген атауы қызметін атқарады және жұмыс мазмұнын баяндайды.

Кіріспе Кейінгі кездері мақала авторлары бұл бӛлімге атүсті қарайды да бірден алынған нәтижелерді баяндауға бірден кӛшеді. Бұл атүсті қарайтын жайт емес. Оқырман үшін жұмыс қойылу қажеттігін білу қажет және ол жұмыстың отандық және шетелдік тұжырымдар арасында қаншалықты орын алатындығын білу маңызды.

Негізгі бөлім Жеке зерттеушіге төмендегідей біліктілік керек:
1. Зерттеудің міндеттерін анықтау.

2. Зерттеу жүргізудің қолда бар құралдарын пайдалану немесе жаңа құралдарды құрастыру.

3. Алынған нәтижелерді саралау және зерттеудің қандай жаңа және пайдалы нәрсе бергендігін түсіну.

Қорытынды Қорытындыны аннотациямен шатастыруға болмайды, олардың қызметі әр түрлі. Қорытынды не алынғандығын кӛрсетуі қажет, ал аннотация не істелінгендігін түсіндіреді. Қорытынды тезис сипатында келеді.

Әдебиеттер тізімі Әдебиет тізіміндегі түпнұсқаға сілтемені дұрыс жасау керек. Түрлі баспалар оның безендірілуіне әр түрлі талап қояды. Бірақ кез келген жағдайда авторлар фамилиясын, журналды, басылым жылын, томын (шығарылуын), нӛмірін, беттерін көрсеткен жөн.
4.Теория мен зерттеу арасындағы байланысты талдаңыз.

Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория және зерттеу арасындағы байланыс сипаттамасы ешқашан тікелей қарастырылмайды. Бұл тақырыпта талқылануы тиіс бірнеше маңызды мәселелер бар, дегенмен осы арада екі түрін ерекше ашып қарастырамыз. Біріншіден, теорияның қандай түрі талқыланып жатқанын анықтау керек. Екіншіден, деректердің теорияны тестілеу мақсатында немесе теория құрастыру мақсатында жинақталғаны анықталуы тиіс. Зерттеуші жүргізіп отырған зерттеуіне жүйелі түсініктеме беріп, оның аясын анықтап беретіндіктен теорияның маңызы ерекше. Сонымен қатар, теория - құбылыстарды түсінудің және зерттеу нәтижелерін жете түсіндірудің негізі болып табылады. «Теория» термині әртүрлі жолдарда қолданылады, бірақ зерттеуге алынған заңдылығына түсініктеме беруде қолданылуы ерекше орын алған. Теориялар күрделігіне қарай: абстракциялы жоғары деңгейлі теориялар, қалыптасқан орта деңгейлі теориялар және бастапқы жалпылама теорияларға бөлінеді.


5. Зерттеудің эпистемологиялық құраушысын анықтаңыз және оның зерттеу жұмысындағы маңызын талдаңыз.

Эпистемология -грек. episteme - білім, logos – оқу, ұғым, таным дегенді білдіреді. Әрине зерттеуге байланысты ұғымдар өте көп, сондықтан біз олардың ішінде көп танымалыларын қарастырамыз.

Зерттеуде маңызды ұғымдардың бірі - позитивизм.

Позитивизм - әлеуметтік болмысты зерттеуде және одан тыс зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының қағидаларын қолдануды мақұлдайтын, эпистемологиялық көзқарас. Термин бұл қағидадан тыс та кең қолданылады, дегенмен құрамдас элементтері әр авторда әртүрлі.

Интерпретивизм - эпистемологияның позитивизмге қарсылығын көр-сетуге арналған термин. Интерпретивизм - онжылдықтар бойы үстемдік етіп келген позитивисттік ортодокстыққа балама ретінде қолданылатын термин. Бұл адамдар мен жаратылыстану ғылымдарының объективтері арасындағы ерекшеліктерді ескеретін стратегияны талап етуге негізделген және осыған байланысты әлеуметтанушылардан әлеуметтік әрекеттің субъективтік мәнін түсінуді талап етеді. Бұл термин жаратылыстану ғылымдарының үлгілерін әлеуметтік өмірді талқылауда қолдануды сынға алады және төменде келтірілетін әртүрлі интеллектуалды жоралардың әсеріндегі авторлардың пікірлерін жинақтап көрсетеді. Олардың пікірінше, әлеуметтану ғылымдарының тақырыптары - адамдар және олардың тармақтары жататын жаратылыстану ғылымдарынан мүлдем басқа.


6.Сенімділік өлшеміне жататын тұрақтылық және ішкі сенімділік факторларын салыстырып талдаңыз.

Тұрақтылық. Бұл түсінік біршама уақыт бойы өлшемнің тұрақты болып тұратынын тексереді, осылайша, қатысушылар іріктемесіне қатысты өлшемінің нәтижесі ауытқымайтынына көз жеткізе аламыз. Демек, егер біз белгілі бір топқа өлшем қолданып, әрі қарай қайталап тағы қолдансақ арадағы уақытты ескере отырып нәтижелерде азғантай айырмашылықтың болатынын көреміз. Мысалы: 2010 жылы Ұлыбритания статистикалық мәліметтерінде, ауыр қылмыстың анықтамасы өзгертілуіне байланысты және соның салдарынан статистика нәтижесінде ауыр қылмыс негізгі көрсеткішінен 35% артық болып шыққан. Дәл осы жағдайда уақыт өте келе үлкен айырмашылықты көрсеткенін назарға алатын болсақ, ауыр қылмыстың өлшем бірлігі сенімді емес болып табылады.

Ішкі сенімділік. Осы арада қарастырылатын маңызды мәселе - индексті көрсететін индикаторлардың тұрақты немесе тұрақсыз екенін, басқаша айтқанда, қатысушылардың кез келген көрсеткішіне берілген ұпайы олардың басқа көрсеткіштеріне берілген ұпайларымен байланысатынын немесе байланыспайтынын анықтау болып табылады. Мысалы: Қазіргі таңда көбіне ішкі сенімділіктің коэффициентін өлшеу үшін Кронбах альфасы атымен белгілі тестілеу түрін таңдайды. Сапалық деректерді талдау мақсатында компьютерлік бағдарламамен байланыстырылып жетілдірілгеннен бері бұл тәсілді қолдану артып отыр.
7. Қайталама зерттеу өлшемін анықтаңыз және оның зерттеу жұмысына әсерін талдаңыз.

Қайталама зерттеу өлшемі – зерттеуші басқалардың жұмыс нәтижелерін қайталауды таңдап жатқанда қолданылады. Бұлай етулеріне белгілі себептер де бар, мысалы, түпнұсқа нәтижелері қарастырылып отырған сұрақтың басқа аспектілеріне сай емес деген пікірдің туындауы. Қайтара зерттеу жүргізу үшін зерттеу жұмысы қайталауға бейім болуы керек, басқаша айтқанда зерттеу жұмысы қайталап жүргізуге мүмкіндіктер қарастыруы керек. Осы арада туындайтын өте айқын ой: егер зерттеуші өз ойын ерекше ашып көрсетпеген болса, қайталау жұмысын жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар, тұжырымдаманың сенімділігін бағалау үшін, осы бағалау басқа біреулер тарапынан берілуі тиіс. Бірақ зерттеулерде қайталама зерттеу аса көп танымал емес. Себебі әрбір зерттеулер оригиналдылығымен құнды. Мысалы: Буравой (1979) АҚШ зауытында тақырыптық зерттеу жобасын жүргізіп жатқанда, осы зауытта отыз жыл бұрын басқа бір зерттеуші (Дональд Рой) тарапынан зерттеу жүргізілгенін біледі, ол өз жұмысын ары қарай қайтара зерттеу ретінде жүргізуді ойлады. Алайда академиялық өмірде қайтараның төмен бағаланатынын ойлап, бұл пікірінен айныды.
8.Заңдылық өлшемін анықтаңыз және қолданылатын маңызды түрлерін талдаңыз.

Заңдылық өлшемі - көптеген жағдайларда, заңдылық зерттеу өлшемдерінің ең маңыздысы болып табылады. Заңдылық - зерттеудің жүргізілген шағын бөліміне негізделіп шығарылған ұғымдар қаншалықты тұтас бөлімін сипаттайды немесе онымен байланысқан. Заңдылық өлшемінің қолданылатын келесідей маңызды түрлері бар:

Өлшем заңдылығы – бұл өлшеу мүмкіндігі. Өлшем заңдылығы ең алдымен сандық зерттеуде және әлеуметтік ғылыми ұғымдарды бағалауға арналған зерттеулерде қолданылады.

Ішкі заңдылық. Ішкі заңдылық негізінде себептік байланысқа қатысты мәселелерді қарастырады. Ішкі заңдылық бір немесе бірнеше айнымалылар арасындағы себептік байланыс қорытындысының қисынды болу немесе болмауына қатысты сұрақтарды талқылайды.

Экологиялық заңдылық – зерттеу мәселесінің табиғилығына (натурализм) байланысты. Экологиялық заңдылық ғылыми нәтижелер адамдардың күнделікті өмірлерінде, табиғи бағдарларында қолданылып немесе қолданылмайтыны жайлы сұрақтарды қарастырады. Мысалы: Сикоурел (1982: 15) айтқандай: «Біздің күнделікті өмірде кездестіріп жатқан жағдайларымыз, пікірлеріміз, құндылықтарымыз, мақсаттарымыз және білім деңгейіміз оларды табиғи ортасында қалай болатыны жайлы оқығандарымызбен сәйкес келеді ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін.
9.Соңғы жылдардағы ғылым жетістіктері мен зардаптарын салыстырмалы талдаңыз.

Қазіргі заманда экологиялық проблемаларының шиеленісу, адамзат пен табиғаттың өзара әрекеттесуінің құндылығы арта түсуде, қазіргі заманғы ғылым өзінің экологизациялық дәуіріне аяқ басып отыр. Ғылым алдында жаңа мақсат тұр ол мақсат табиғатпен соғыс емес, керісінше адам мен табиғат біріктіре отырып дамыту.

Мәдениет тарихында ғылым мен адамдардың тығыз өзара әсерлесуіне қарамастан ғылым міндетін орындауда ізгілікке жат, адамдық қасиетке жатпайтын әрекеттері кездеседі, сондықтан да ғалымның адамгершілік жауапкершілігі деген сұрақ тұрады. Зерттеуші қазіргі кезде өзінің зерттеу нәтижесінің сапасы алдында ғана жауап бермейді. Ол сол зерттеудің салдарын да ойлануы керек, оның зерттеуінің салдарынан қандай зардабы бар екенін де ойлануы қажет. Бұрыннан белгілі ғылыми жетістіктер тек қоғамның дамуына әсер етпеуі керек.Дәл қазіргі жағдайда ғылым адамзатты бақытсыздыққа немесе жер бетіндегі өмірдің жоғалып кетуіне себепкер болуы мүмкін деген мәселе өткір қойылып отыр.

Мысалы: бірқатар ғылым саласында биологияда қатерлі зерттеулер жүргізілуде микро организмдерді ойлап табу, ауруды қоздыратын, бұрыннан бар имунитетті құртатын микроорганизмдерді ойлап табу, гендік инженериядағы жаңалықтар, антибиокке қарсы тұратын микробтарды тауып отыр. Бұл келтірілген мысалдардан ғылымның міндеті, әрқашан да адамгершілікке жатады деп айту қиын.


10.Ғылым этикасының қағидаларының бір объективтілікті анықтаңыз және оның зерттеу жұмысындағы маңызын талдаңыз.

Ғылыми ортада көп уақыттан бері өздерінің адамгершілік нормалары тыйым салу, ғылыми қызметін реттеу сияқты ғалымдар әлемінің өзіндік этикалық ережелері мен қағидалары бар. Олар

1) Объективті шындықты талап ету. Мұның мәнісі қатып қалған көзқарас немесе пікірде шыншылдық болмайды, оған факті мен дәлел керек.

2) Ғылым этикасының қағидаларының бірі – білімді дәлелдеу. Ғылымдағы адамгершілік ұстанымның бірі – субъективизмді қаралау. Мұның мәнісі әр адамның өзіндік көзқарасы болады. Өзіндік пікірі болады.

3) Келесі ғылыми этиканың қағидасы ол ғылыми еңбектегі этикалық талаптар. Мысалы: ол авторлық мәселе және ғылыми зерттеулерді жариялау. Басқа еңбектерден алған цитаталарға дәл, нақты сілтеме (ссылка )жазу.

- авторлық мәселесі;

- пікір беру;

- плагиат мәселелері – өзгенің еңбегін пайдаланғанда сілтеме жасамау.


11.Сипаттамалық және эксперименттік зерттеу әдістерін салыстырып талдаңыз.

Сипаттамалық зерттеу әдістері – белгілі бір зерттеу объектісінің жағдайын, мүмкіндіктерін және байланыстарын сипаттайды. Оның өзі сандық және сапалық зерттеу әдістеріне бөлінеді.

Негізгі эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызуға болады:

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; Бақылау – белгілі мақсаты мен міндеті бар объектіні мақсатты түрде және жүйелі түрде қабылдау. Ұзақтығына байланысты бақылауды ажыратады: ұзақ уақыттылық, қысқа уақыттылық, үздіксіз, дискретті (аз уақыт ішінді бірнеше рет қайталау).

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; Яғни өлшеу дегеніміз арнайы текникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жағдайда белгілі бір физикалық мәнді табу процесі.



Эксперимент зерттеу әдістері – объектіні оның бұрын белгісіз қасиеттерін анықтау немесе теориялық ережелердің дұрыстығын тексеруге бағытталған тәжірибелік әдістерінің жиынтығынан тұрады. Ол белгілі бір зерттеу идеясымен анықталады.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде эксперименттік зерттеу ерекшелігі келесі сатылардан тұрады:

- айғақтайтын; - қалыптастыратын; - түзететін; - бақылау.
12.Зерттеуші экспериментті дайндау кезінде жасау міндетті іс шараларды тізімдеңіз және талдаңыз.

Эксперимент әдіснамасы немесе методологиясы дегеніміз эксперименттік зерттеуді қою және жүргізу реті. Тәжірибені жүргізу кезеңдерінің реттілігі оның интелектуалды және материалдық шығындары ескерілмегенде алға қойылған мақсатқа жете алмайды. Сол себепті зерттеуші экспериментті дайндау кезінде келесілерді жасау міндетті:

1) нысанды мақсатты бағытталған бақылау үшін жоспар құру;

2) тәжірибе жүргізілетін шекараны анықтау;

3) зерттеу нысанына шарттардың, мінездемелердің, әсердің өзгеруін,

жағдайлардың қайталануын есептеп қажетті жағдайларды құру.

4) зерттеліп жатқан нысанды оқу және сипаттау мақсатында жүйелі бақылауды жүргізу.

5) тәжірибе нәтижелерін талдау.

Сонымен экспериметтік зерттеу дегеніміз жаңа ғылыми білім алуға бағытталған зерттеу әдісі. Теориялық зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді эксперименттік жағдайда тексеру керек болып табылады. Эксперимент нақты есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе ғылыми негізінде қойылған зерттеулерге арналған жұмыстар жиынтығы.
13.Эмпирикалық зерттеудің әдістемелік циклының негізгі 5 фазасын
тізімдеңіз және талдаңыз.

Эмпирикалық зерттеудің әдістемелік циклы негізгі 5 фазадан тұрады:

1.Бақылау: құбылысты байқау және оның себептерін зерттеу. Бұл кезеңде идея гипотезаны ұсыну үшін пайда болады. Осы кезеңде эмпирикалық деректер байқауды қолдану арқылы жиналады. Мысалы: ағаш жапрықтарының белгілі бір түрі тек белгілі бір маусымда ғана түрлі түсті болады.

2.Индукция: гипотезаларды тұжырымдау - құбылысқа жалпыланған түсініктемелер беру. Бұл кезеңде бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерден жалпы қорытынды жасау үшін индуктивті пайымдау жүргізіледі.

3.Дедукция: гипотезаларды тексеретін эксперименттерді тұжырымдау (яғни, егер бұл шындық болса, растау, жалған болса теріске шығару). Бұл кезең зерттеушіге экспериментінен қорытынды шығаруға көмектеседі. Бұл нақты объективті нәтижелер шығару үшін қисындылық пен ұтымдылыққа негізделуі керек.

4.Тестілеу: гипотезаларды тексеру және мәліметтер жинау процедуралары. Бұл кезең зерттеушіге гипотезаны тестке енгізу үшін эмпирикалық әдістерге оралуды қамтиды.

5.Бағалау: бұл кезеңді көбісі ұмытады, бірақ білім алу үшін маңызды кезең. Осы кезеңде зерттеуші жинаған мәліметтерін, қолдау дәлелін және оның қорытындысын ұсынады.

14.Аргументтеу және дәлелдеуді салыстырып талдаңыз.


Аргументациялау. Ғылыми зерттеу әдістерінің арасында аргументтеу ерекше бөлініп алынады. Ол аса логикалық процесс және оның мәні дәлелдеуге ұмтылған пікірдің шындығына негізделген.

Аргументацияға дәлелділік пен сенушілік тән. Дәлелділік – бұл кез келген шынайылығы дәлелденген тезистің анықтылығына негізделген. Кез келген дәлелдеу аргументтелген (дәлелді), бірақ кез келген аргументация (дәлелдеме) дәлелдеу болып табылмайды. Осылайша, аргументация – бұл мақсаты мәселеге өзіндік көзқарасын айтуға болып табылатын дәлелденбеген дәлелдеу. Басқа сөзбен айтқанда дәлелдеу процесіндегі құрал. Егер құрал дұрыс пайдаланылса мәселе оңай дәлелденеді.

Құрылымы бойынша аргументация мен дәлелдеу сәйкес, себебі олардың құрылымдық сұлбасы бірдей. Айырмашылық тек дәлелдеушілік деңгейінде, себебі дәлелдеу – пікірдің шындығына жету. Жаңа нәтиже тек оны дәлелдеу деңгейінде ғана мойындалуы мүмкін. Кең түсінікте «дәлелдеу» түсінігінде пікірдің шындығын дәлелдеуге болатын кез келген әдісті айтады.

Сонымен аргументтер (негіз) - шынайлығы бекітілген және даусыз болып табылатын бастапқы теориялық мәселелер немесе дәлелденген мәліметтер.

Аргументтер құрамына мыналар кіруі мүмкін: фактілер, анықтамалар, аксиомалар, және т.б.

Аргументацияның сенімділігі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

- Аргументтер – барлық дәлелдеулер құрылған тек шындығы дәлелденген және фундамент рөлін атқаратын ережелер;

- Аргументтер автономды ұсынылатын, тезиске тәуелсіз дәлелденуі тиіс, басқа жағдайда аргументтің өзі соңына дейін жеткізуді талап етеді;


- Аргументтер өз өзіне қарама-қайшылықта бола алмайды, сондықтан өзіндік жеткілікті болуы тиіс.
15.Теория мен тезисті салыстырып талдаңыз.

Әлемге әйгілі ғалым теоретик Альберт Эйнштейн зерттеулердегі шығармашылықтың ролін «Жаңа сұрақтар, жаңа мүмкіндіктер туғызады, ескі проблемаларды жаңа қырынан қарастыру шығармашылық қиялды қажет етеді және сонда ғана ғылымда нақты ілгерілеушілік болады» деп көрсетіп кеткен. Бұл сөздерден шығармашылықтың зерттеу барысында және әсіресе теориялық зерттеулерде маңызы зор екенін көруге болады.



Теориялық зерттеулер логика мен шығармашылықтан пайда болып теорияға негізделген тұжырымдарға сәйкес келеді. Көбіне теориялық зерттеулер эмпирикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес немесе өте қымбат болған жағдайда жүргізіледі. Дегенімен әрбір зерттеу процесінде белгілі бір көлемде бастапқы теориялық зерттеулер болады. Яғни теориялық зерттеулерді эмпирикалық зерттеулердің бастапқы қадамы ретінде қарастыруға да болады.

Тек дәлелденген теория заңдылыққа айналады және одан кейнгі зерттеулерге негіздеме бола алады.

Жақсы теориялық зерттеулер көптеген көзқарастарды қамтып, және олардың бәрі осы теорияның белгілі бір тұстарын түсіндіріп дәлелдей алуы тиіс. Теориялық зерттеулердің процесінің сызбасын төмендегідей көрсетсе болады:



Тезис (гр. tesis) – шынайлылығы немесе қателігі дәлелденетін мәселе.

Тезис ретінде жалпы мәселе немесе тұжырымдамалар қатыса алады.


16.Сауалнама негізінде зерттеу әдісінің жолдарын талдаңыз.

Сауалнамалық зерттеулер барлық сандық зерттеу әдістері мен зерттеулерінің ең іргелі құралы болып табылады. Сауалнамалар респонденттердің санына сұрақ қою үшін пайдаланылды, мысалы, онлайн-сауалнамалар, қағаз анкеталар, веб-интервью және т.б.. Әрбір кіші және үлкен ұйым өз тұтынушылары өздерінің өнімдері мен қызметтері туралы не ойлайтынын білгісі келеді, нарықтағы жаңа мүмкіндіктердің қаншалықты жақсы екендігі және тағы басқалар.

Сауалнамалық зерттеулер жүргізу арқылы ұйым бірнеше сауалнама сұрақтарын қоя алады, тұтынушылар тобынан деректерді жинай алады және сандық нәтижелерге қол жеткізу үшін жиналған деректерді талдай алады. Бұл кез-келген зерттеу үшін мәліметтер жинаудың алғашқы қадамы.

Әдеттегідей, сауалнамалық зерттеулер бетпе-бет немесе телефон арқылы жүргізілді, сонымен қатар электронды пошта немесе әлеуметтік желілер сияқты желідегі мүмкіндіктердің ілгерілеуімен, сауалнамалық зерттеулер Интернеттегі орталарға да таралды.



Сауалнамалық зерттеудің екі түрі бар, оларды қолдағы уақытқа және қажетті мәліметтер түріне қарай таңдауға болады: Кросс-секциялық сауалнамалар және ұзақ мерзімді суреттеу
17.Фокус топ және жеке сұхбат арқылы зерттеу жүргізу артықшылықтарын талдаңыз. Жеке сұхбат: бұл сұхбат белгілі бір уақытта бір қатысушымен өткізіледі. Бір-бірімен сұхбаттасу үшін сұрақтарды алдын-ала дайындау үшін зерттеуші қажет. Зерттеуші қатысушыға ең маңызды сұрақтарды ғана қояды. Сұхбаттың бұл түрі 20 минуттан жарты сағатқа дейін созылады. Осы уақыт ішінде зерттеуші қатысушылардың ішінен қорытынды жасау үшін мүмкіндігінше мазмұнды жауаптар жинайды. Жеке сұхбат-бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында, үйде және далада жүргізілуі мүмкін. Фокус-топтар: Фокус-топтар - бұл шамамен 6-10 қатысушыдан тұратын шағын топтар, олар әдетте осы тақырып бойынша маман болып табылады. Фокус-топқа модератор тағайындалады, ол топ мүшелері арасында пікірталасты жеңілдетеді. Фокус-топты жүргізудегі модератордың тәжірибесі маңызды рөл атқарады. Тәжірибелі модератор қатысушыларға зерттеуге байланысты ақпараттың үлкен көлемін жинауға көмектесетіндұрыс сұрақтар қою арқылы тексере алады. Фокус-топ—құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы.

18.Таным әдіснамасының негізгі принциптерін талдаңыз.

Ғылыми таным әдіснамасының мәні – ол ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелеуге  мүмкіндік береді және зерттеудің келесі тиімді бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Ғылыми таным әдіснамасының негізгі міндеті – ғылымның дамуы жетістіктерін тәжірибелік  мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін жинақталған ғылыми білімнің синтезі. Әдіснама әдістерді, құралдарды және тәсілдерді зерттейді, оның  көмегі арқылы  білімнің  әртүрлі  жүйесі жинақталып, құрылады.

Әдіснамалық аппарат:

- ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу принциптері;

- ғылыми зерттеу әдістері мен оның стратегиясынанықтау әдістері;

-  ғылыми  аппарат:  ғылыми зерттеудің ұғымдық-категориялық негізі (өзектілігі,  ғылыми  жаңалығы,  эвристикалық  құндылығы,  практикалық мәні, проблемтикасы, объект, зат, гипотеза, мақсат және міндет).



Таным әдіснамасының негізгі принциптері:

- өзара келісілген болып табылатын теориялар мен тәжірибелер  бірлігінің принципі;

- осы және басқа құбылыстардың барлық факторларының есебін қажет  ететін объективтілік принципі;

- объективтік процесстер мен нақты тәсілдердің маңызды жағы мен заңдылықтарын көрсететін нақтылық принципі;

- ғылыми білімді таным объектісінің айырмашылықтары, сандық және сапалық өзгешеліктерін бейнелейтін ғылыми білімді қалыптастырудан тұратын даму принципі;

- қатынастар мен олардың арасындағы байланыс есебінен құбылыстың шарттылығын қажет ететін заңдылықтар принципі.


19. Зерттеудің әдіснамалық негізін құрайтын бөліктерін тізімдеп жазыңыз және талдаңыз.

Зерттеудің әдіснамасы негізінен зерттеуге байланысты мәселелерді шешуге бағытталады. Ғылымда зерттеудің әдіснамалық негізін құрайтын бөліктерді негізгі 6 бөлікке бөліп қарастырса болады. Оның I және II бөліктері проблеманы табуға байланысты болса, ал III-VI бөлімдері проблеманы шешуге қатысты. Олар келесідей:

I. Мәселені анықтау (Problem Finding)

II. Зерттеу мәселесі (Research Problem)

III. Зерттеу режимі (Research Mode)

IV. Зерттеу стратегиясы (Research Strategy)

V. Формальды әдістер

VI. Формальды емес әдістер



I. Мәселені анықтау (Problem Finding) - бұл зерттеудің әдіснамалық бөлімі проблеманы немесе мәселені анықтауға бағытталған екі тәсілдер жиынтығынан құралады: формалды тәсілдер және формалды емес тәсілдер.

II. Зерттеу мәселесі (Research problem) Зерттеу мәселесіне қойылатын міндет келесідей, ол ең алдымен: дұрыс анықталуы керек, шешілуі мүмкін мәселелер қойылу керек, шешім қоршаған ортаға қолданыла алатындай етіп жасалған ортамен қисынды түрде байланыстырылуы керек

III. Зерттеу режимі (Research Mode) Зерттеуші әдістердің салдарын түсіну үшін олардың қандай режимде екенін білу қажет. Зерттеу екі түрлі режимі бар олар: индукция және дедукцияға негізделген зерттеу режимі.

IV. Зерттеу стратегиясы (Research Strategy) Зерттеу әдістемесі теорияны құру немесе проблемаларды шешу кезінде қолданылатын стратегиялардан тұрады.

V. Формальды әдістерге мыналар жатады: математикалық логика, математикалық модельдеу, ұйымдастырудың формальды әдістері.

VI.Формалды емес әдістерге: философиялық дәлел, сценарий, диалектика (толық әзірленген дәлел және қарсы дәлел), дихотомиялық әдіс (иә немесе жоқ) және тератологиялық әдіс (гипотезаларды ұтымдылық шегінен тыс тұжырымдау) жатады.
20.Қарапайым және күрделі гипотезалардың айырмашылықтарын талдаңыз.

Гипотезаның құрылымын қарапайым және күрделі деп бөлуге болады:

Қарапайым гипотеза - функционалдық тұрғыдан сипаттамалық және түсіндірмелі деп жіктеуге болады: қарапайым сипаттамалық гипотеза -кейбіреулері зерттелген құбылыстарды жинақтайды, олардың байланысының жалпы формаларын сипаттайды; қарапайым түсіндірмелі гипотеза – ол белгілі бір факторлар мен жағдайлардың ықтимал салдарын, яғни, нәтижесінде осы нәтиже алынған жағдайларды ашады.

Күрделі гипотезалар бірнеше қарапайым гипотезаларды біріктіруі мүмкін және олардың құрылымына зерттелген құбылыстардың сипаттамасын және себеп-салдар байланыстарының түсіндірмелерін қосады.

Осы функциялардан басқа, ғылым зерттеу құрылымын да болжауы керек, гипотезаның құрылымы үш бөліктен тұрады, оның ішінде:

а) мәлімдеме;

б) болжам;

в) ғылыми негіздеу.

Мысалы, «егер сіз осыны жасасаңыз, онда білім беру процесі болады, өйткені келесі заңдар бар: біріншіден ... екіншіден ... үшіншіден ...»


21.Зерттеулердегі әлсіз гипотезалардың себептерін тізімдеп жазыңыз және талдаңыз.

Зерттеулердегі әлсіз гипотезалардың себептері әртүрлі болуы мүмкін:

- зерттеу бойынша ғылыми, әдістемелік немесе практикалық дайындықтың жеткіліксіздігі. Көбінесе бұл жоғарыда айтылғандарға байланысты - практикалық тапсырма мен ғылыми проблеманың арасындағы айырмашылыққа байланысты болуы мүмкін;

- барлық зерттеулерде гипотеза міндетті түрде болуы қажет емес.

Себебі кейбір эксперименталды зерттеулердің нәтижесін болжау мүмкін емес немесе көптеген факторларға тәуелді болуы мүмкін.

- кейде зерттеуші қызықты зерттеу жүргізгенімен, гипотезаны өте ауқымды немесе көп санын тұжырымдайды. Себебі, ізденуші өзінің зерттеуін әйгілі ғалымдардың еңбектерімен салыстыра отырып, оның нәтижелері тым нақты, егжей-тегжейлі болып көрінетінін көреді де, көп санды және ауқымды гипотезалар құра бастайды. Бірақ бұл қате! Ғылым үшін кішігірім болса да бірақ нақты жұмыстар мен зерттеулер маңызды, себебі бұл ерекшеліктер де қызығушылық тудырады, өйткені ірі ғалымдардың тұжырымдамалары мен теориялары осындай ондаған нақты жұмыстарды жалпылауға негізделген. Сонымен болжам немесе гипотеза – бұл құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі.


22.Ғылымдағы парадигма түсінігін анықтаңыз және мүмкіндіктерін бағалаңыз.

Ғылыми парадигма (грек тілінен «кескін, үлгі, үлгі, модель») - ғылыми қоғамдастық сөзсіз қабылдаған ғылыми қызмет моделі.

Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:

- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы

сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;

- экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.


Ғылымдағы парадигманың негізгі үш функциясы туралы айтуға болады:

  • ғалымдардың жекелеген топтарын ғылыми қоғамдастыққа біріктіру, оның міндеті зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ал мақсаты-ғылыми прогресті қамтамасыз ету;

  • ғылымдағы парадигма күш-жігерді үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені ғалымды бастапқы ұғымдар мен қағидаттарды анықтау қажеттілігінен босатады (бұл функция парадигма дәлелсіз қабылданса ғана орындалады));

  • есептерді оңай шешуге мүмкіндік береді, өйткені белгілі және белгісіз жағдайлар арасындағы ұқсастықты анықтауға мүмкіндік береді.


23.Іргелі ғылыми зерттеулерді анықтаңыз және оның ғылымдағы орнын бағалаңыз.
Іргелі ғылыми  зерттеу – табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымнын маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уакытта колдану мәселелері койылмайды. Мұндай зерттеулердің мақсаты - табиғи жаңа заңдар ашылуы, іс-шаралар және жаңа теориялар құру арасындағы байланыстарды ашу. Іргелі және оң нәтижелерді алу тұрғысынан маңызды тәуекелдер мен белгісіздікке байланысты негізгі ғылыми-зерттеу ықтималдығы 10% артық емес. Алайда, негізгі зерттеулер ғылым мен қоғамдық өндірістің негізі болып табылады. Іргелі ғылыми зерттеулер жаңа білім алуға және табиғат пен қоғам дамуының ең маңызды заңдылықтарын анықтауға, құбылыстар мен процестерді түсіндіруге, зерттелетін объектіні толық түсінуге, адам білімін кеңейтуге бағытталған эксперименттік және теориялық қызметті көздейді. Іргелі зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде пайдалану тікелей міндет ретінде қойылмайды, пайда алуға бағдар жоқ, жарияланғаннан кейін зерттеу нәтижелері ортақ игілікке айналады. Бұл ғылыми зерттеулер заманауи технологиялардың негізін құрайды, серпінді деңгейдегі инновацияны алуға мүмкіндік береді.

Іргелі зерттеулер жүргізу кезінде идея мен инновациялық жоба пайда болады.


24.Әдеби көздердің негізгі түрлерін көрсетіңіз және бағалаңыз.

Зерттеу тақырыбына әдеби шолу - бұл әр ғылыми жұмыстың маңызды және ажырамас бөлігі. Әдебиетке шолу зерттеудің теориялық негізін құруға, тақырыптың өңделуін бағалауға, зерттеу бағытын таңдауды негіздеуге көмектеседі. Әдебиеттерге шолу кіріспеге енгізілуі немесе ғалымның ғылыми жұмысының жеке тарауына айналуы мүмкін.

Әдебиеттерге шолу жасау кезінде материалдардың түрлерін ажырата білген жөн. Әдебиеттерге басқа зерттеушілер бірдей немесе ұқсас мәселелерді қарастыратын шығармалар кіреді. Мұрағаттық материалдар, ресми құжаттар, фотосуреттер, карталар, бейнелер және көркем репродукциялар кіретін әдебиеттер мен «дереккөздер» санатын шатастырмаңыз.

Әдеби көздердің негізгі көздері:



  • Бір автордың кітабы

  • Екі автордың кітабы

  • Үш автордың кітабы

  • Жалпы тақырыппен берілген бір, үш авторлардың жинағы

  • Автордың атындағы әр түрлі басылымдар

  • Ресми материалдар

  • Конфереция, кеңес, семинар материалдары

  • Оқу құралы, хрестоматия,сөздік,анықтама және библиографиялық көрсеткіш

  • Стандарт

  • Нұсқау

  • Диссертация, автореферат


25.Индуктивті және дедуктивті зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін бағалаңыз.

Дедуктивті теория (жалпыдан жекеге), теория мен зерттеулер арасындағы байланыстың ең қарапайым түрі. Зерттеуші, жеке бір сала жайлы айқын мәліметтер мен осы салаға байланысты теориялық ұғымдар негізінде гипотезаны (ғылыми болжам) немесе гипотезаларды анықтайды, өз кезегінде гипотезалар эмпириялық зерттеуден өтілуі талап етіледі. Гипотезаны зерттеу барысында, зерттеу шарттарына бейімделген жаңа ұғымдар пайда болады. Зерттеуші гипотезаны асқан шебелікпен дәлелдеп,оны қолданысқа енгізе білуі тиіс. Демек, гипотезаны анықтау үшін зерттеуші осы ұғымдарға байланысты деректерді жинақтау тәсілін алдын ала анықтауы тиіс.

Индукция (жекеде жалпыға) бұл дедукцияға карсы бағытта жүргізілетін зерттеу, зерттеуші осы зерттеуді жүргізуге себеп болған деректер жинағын енгізіп, ары қарай теорияға айналдыруға ұсынады. Бұл нәтижелер теорияға айналып және зерттеу нәтижелері бірталай салалардың талаптарына сай қолданыс халіне келтіріліп, кері қайтарылады. Алайда белгіленген тәсілде міндетті түрде индукциялық бөлшек болса да, әдетте, дедуктивті бағыт басым болып келеді. Сонымен қатар, әдетте сандық зерттеумен байланыста болатын дедуктивті тәсіл қолданылғанда, үдерістердің шынайы реттілігі жоғарыда көрсетілген түрінде сақталмайтынын ескерген жөн. Индуктивті зерттеуге мысал ретінде келесі зерттеуді көрсетсе болады:
26.Теориялардың ғылыми зерттеудегі рөлін бағалаңыз.

Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория және зерттеу арасындағы байланыс сипаттамасы ешқашан тікелей қарастырылмайды. Бұл тақырыпта талқылануы тиіс бірнеше маңызды мәселелер бар, дегенмен осы арада екі түрін ерекше ашып қарастырамыз. Біріншіден, теорияның қандай түрі талқыланып жатқанын анықтау керек. Екіншіден, деректердің теорияны тестілеу мақсатында немесе теория құрастыру мақсатында жинақталғаны анықталуы тиіс. Зерттеуші жүргізіп отырған зерттеуіне жүйелі түсініктеме беріп, оның аясын анықтап беретіндіктен теорияның маңызы ерекше. Сонымен қатар, теория - құбылыстарды түсінудің және зерттеу нәтижелерін жете түсіндірудің негізі болып табылады. «Теория» термині әртүрлі жолдарда қолданылады, бірақ зерттеуге алынған заңдылығына түсініктеме беруде қолданылуы ерекше орын алған. Теориялар күрделігіне қарай: абстракциялы жоғары деңгейлі теориялар, қалыптасқан орта деңгейлі теориялар және бастапқы жалпылама теорияларға бөлінеді.


27.Зерттеу жобасы түрлеріне жататын зертханалық эксперимент пен далалық эксперимент тиімділігін салыстырмалы бағалаңыз.

Эксперименттік жоба зертханалық эксперимент пен далалық эксперимент болып екі негізі маңызды түрге бөлінеді.



Зертханалық эксперимент зертхана ішінде немесе жасанды ортада өткізіледі. Мысалы: Хауэл мен Фрост (1989), харизмалық жетекші (Макс Вебердің (1947) заңды билік түрлерімен байланысты атау) басқа жетекші түрлеріне қарағанда, мекемеде тиімдірек болатын мүмкіншілігіне қызықты. Олар харизмалық жетекшілік пен жетекшіліктің басқа екі түрі - ойланып-толғану және құрылымдаудың тиімділігін салыстыратын зертхана экспериментін ұйымдастырды. Бірнеше гипотеза талданды, соның ішінде таңдалғаны: «Харизмалы жетекші қол астында жұмыс істейтіндер, ойланып-толғанатын жетекшімен жұмыс істегендерге қарағанда тапсырманы орындау қабілеті жоғары болады» деген тұжырым жасалды (Хауэл мен Фрост, 1989: 245). Бұл экспериментке 144 оқушы өз еркімен қатысты. Олардың пән бағалары, зерттеуге қатысуға келіскендері үшін 3 % жоғарылатылды. Бұл оқушылар кездейсоқтық әдісімен үш жетекші түрінің бірінің қол астына тапсырма жасауға белгіленді. Тапсырма ретінде симуляцияланған бизнес тапсырма берілді. Барлық үш жетекшілік әдісін екі әртіс әйел орындады. Кең ауқымда гипотезаға сай, харизмалық жетекші қол астында тапсырма орындағандар жалпы алғанда, басқа жетекші қол астындағыларға, әсіресе ойланып-толғанатын жетекші қол астында тапсырма орындағандарға қарағанда жоғарырақ бағаланды.

Далалық эксперимент - табиғи ортадағы яғни, мектеп сыныптарында және ұйымдар ішінде немесе жаңа реформалар немесе жаңа саяси бағыт енгізу тәрізді шынайы өмір ортасында өткізіледі.
28.Зерттеу жобасы түрлеріне жататын кросс-секциялық зерттеу жобасының ғылымдағы рөлін бағалаңыз.

Кросс-секциялық жобасы дегеніміз - бірнеше тақырыптар қиылысынан тұратын (әдетте екіден көп) және белгілі бір уақыт аралығында сандық немесе санауға болатын көрсеткішті жинау мақсатында, екі немесе одан да көп (әдетте екіден көп) айнымалыларға қатысты және одан әрі байланыс бағытын анықтау үшін, деректер жинақтауға байланысты және зерттеу жұмыстырында ең көп қолданыстағы жоба түрі (Суретте). Мысалы: Кросс-секциялық жоба және ішкі дәлділікке: Денсаулық пен өмір салты сауалнамасы негізінде бір мысал қарастырайық. Блакстер (1990) сұхбатттың кең ауқымды кросс-секциялық зерттеудің кейбір нәтижелеріне деректер жинақтауда үш тәсілді қолданғанын айтады: әр респондентінің физиологиялық мәліметтерін медбике көмегімен жинау; стандартталған сұхбат жүргізу; өз бетімен сауалнама толтыру. Мәліметтер 9000-ға жуық адамдардан тұратын кездейсоқ іріктеліп алынған топ арасында жиналды. Бір мезгілде, Блакстер тұлғаның темекі шегіп-шекпеуі мен оның диетасы арасында байланыс барлығын көрсеткен болатын. Алайда бұл байланысты қалай талдауымызға болады? Блакстер бұл мәселеде өте абай болып, екеуінің арасындағы себеп-салдар қатынасын тұжырымдамайды.

Зерттеудің әртүрлі зерттеу жобаларына көңіл бөле отырып, деректер жинақтау мен оларды талдаудың бірнеше құрылымдарына назар аудару қажет. Зерттеу жобасы - зерттеуді бағалауда қолданылатын критерийлерге жатады. Сондықтан ол - зерттеуші үшін маңызды критерийлер мен зерттеу сұрақтарының тиісті жиынтығына сай тиімді дәлелді анықтауға арналған құрал.


29.«Мақсат құралды ақтайды» деген қағиданы этикалық тұрғыдан бағалаңыз.

«Мақсат құралды ақтайды» деген қағида этикаға сай емес болуы мүмкін (цель оправдает средства) бұл ғылыми этикаға жат. Мысалы: Зигмунд Рашердің тәжирбиелерінен көргендей, өз мақсатына жету үшін қаншама адам шошырлық эксперименттерді қолданған. Мақсаты дұрыс болғанымен, сол мақсатқа жетудегі құралының дұрыс емес екенін көреміз.

Жалпы ғылымның мақсаты – адмзат дамуына қажетті сенімді және дәлелді ақпарттар жиынтығын қалыптастыру. Абай Құнанбаевтың өлеңінде «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» делінгендей әрбір ғалым ғылымға бір кірпіш болсада мықты кірпіш қалағаны дұрыс. Мысалы, парсы математигі, астрономы, ақын, философы Омар Хайям айтқандай: «Алда үлкен жетістіктер туралы армандағаннан! Өзіңді игере алсаң, биіктерге жетерсің» деген. Бұл сөздерден жету мүмкін емес мақсаттар қойғаннан, жетуге болатын мақсаттар қою қажеттігін түсінуге болады.

Ғылыми зерттеу жұмысы көптеген сатылардан тұратын, кейде бұл сатылар бірнеше мәрте қайталануы мүмкін іс-әрекеттерден тұрады. Егер де зерттеу тақырыбы дұрыс анықталып, мәселе өзекті екендігіне көз жеткізілсе, келесі қадам зерттеу мақсатын анықтау және сол мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеуші өз алдына бірнеше міндеттер қою қажет.

Көптеген зертеушілер ғылыми-зерттеуді өздерін қызықтыратын басты идеядан бастайды. Яғни, зерттеу мәселесі ғылыми-зерттеу жұмысының мақсатын және міндеттерін анықтауға бағыттайды.


30.Эмпирикалық зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы бағалаңыз.

Эмпирикалық зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктері

Эмпирикалық әдістер, басқалары сияқты, олардың да жағымсыз жақтары бар. Мысалы, егер біз байқауды қарастыратын болсақ, онда оның сөзсіз артықшылығы - объектіні зерттеу процесі кез-келген құбылыстың өзгеруімен қатар, нақты уақытта және табиғи ортада, зерттелетін объектінің қалауы мен жүріс-тұрысына қарамай жүретіндігінде.

Бірақ екінші жағынан, байқау белгілі бір жағдаймен шектеледі, демек оның индикаторлары жеке сипатта болады, екінші жағдайда олар әр түрлі болады, және оны мүлдем қайталауға болмайтындығы да мүмкін. Егер байқау тірі объектіге қатысты болса, онда бақылаушы мен бақыланушы арасындағы қоршаған шындықты қабылдаудағы айырмашылықтарды жоққа шығаруға болмайды, демек, тұжырымдардың дәл еместігі байқалады. Сондай-ақ, егер объект қаралып жатқанын білсе, ол белгілі бір сипаттамаларды әдейі өзгерте алады, бұл қайтадан жалған нәтижелерге әкеледі. Эксперимент жағдайында зерттеушінің сөзсіз артықшылығы - тақырыптағы белгілі бір көрсеткіштердің көрінісі үшін жағдайларды басқару мүмкіндігі бар. Бірақ дәл осы фактор қажетті дәл ақпаратты ала отырып «қатыгез әзіл» ойнайды, өйткені экспериментті жиі өткізуге болмайды (тірі заттардың қатысуымен), сізбен бірге белгілі бір жабдық болуы керек. Сонымен қатар, егер ол тақырыптар үшін жариялылықпен жүргізілсе, олар бағалаудан қорқады, белгілі бір жағдайларға бейімделеді, сондықтан шынайы деректерді көрсетпейді. Егер салыстыру туралы айтатын болсақ, онда жалпы ештеңе жоқ нысандарды салыстырудың мағынасыз екенін, мұндай зерттеу тек үстірт нәтиже беретіндігін ұмытпауымыз керек.


31.Теориялық зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы бағалаңыз.

Теориялық зерттеулердің бірнеше артықшылығы бар:

1.Эксперименталды жүйелер практикада өте қолайлы емес. Ал теориялық зерттеулерде идеалды жүйені модельдеуге және оның сыртқы бұзылуларға реакциясын бақыланатын әдіспен зерттеуге болады.

2.Эксперименталды жүйелер әдетте әртүрлі параметрлерге байланысты болады. Көбіне әр параметрді өздігінен бақылау және жүйенің реакциясын осы параметрлердің функциясы ретінде зерттеу мүмкін емес. Керісінше, теориялық зерттеулерде жүйенің реакциясын әр тәуелсіз параметрдің функциясы ретінде бақылап отыруға болады және жүйенің эволюциясы туралы жақсы түсінік алуға болады

3.Әрине, теориялық зерттеулердің бағасын салыстырмалы түрде арзан, бірақ ұсынылған үлгіні қабылдау үшін тәжірибелік бақылауларды түсіндіре білу керек.

4.Экспериментальды зерттеу зертханаларды құруға, жабдықтарды калибрлеуге, ақауларды түсіруге және тағы басқаларға қаражат талап етеді. Тұрақтылық пен сенімділік эксперименттік зерттеудің шешуші факторлары болып табылады. Кез-келген нәтижені қабылдағанға дейін көптеген өзгертулер мен түзетулер қажет. Демек, қажетті нәтиже алу үшін қажет уақыт ұзартылады. Керісінше, теориялық зерттеу аз уақыттың ішінде қымбат емес нәтижелер алуға көмектеседі. Әрине, есептеулерді жүргізіп, кейін мағыналы сандарды шығару үшін компьютерлік тәжірибелер қажет.

32.Бірінші деңгейлі және екінші деңгейлі мәліметтерді жинау ерекшеліктерін анықтаңыз және мүмкіндіктерін бағалаңыз.


Сандық зерттеу әдістерінің мәліметтер жинау түріне қарай: Бірінші деңгейлі(Primary Quantitative Research Methods) және екінші деңгейлі (Secondary Quantitative Research Methods)

Бірінші деңгейлі cандық зерттеу әдістерінде мәліметтер жинауды зерттеуші алғашқы рет, бұрын жүргізілмеген зерттеулерден немесе алғашқы алынып жатқан мәліметтері жатады. Мысалы: зерттеушінің өзі жасаған сауалнама мәлметтері, эксперимент деректері және тағы басқалары.

Ал екінші деңгейлі cандық зерттеу әдістерінде мәліметтер жинауды зерттеушілер басқа зерттеушілер немесе мекемелер тарапынан жинақталған дайын мәліметтерді өзінің зерттеуінде пайдаланады. Мысалы: дайын статистикалық мәліметтер, қаржылық есептер немесе аудиторлық тексеру қорытындылары және т.б.


33.Зерттеу мәселесіне қойылатын негізгі міндеттерді анықтаңыз және мүмкіндіктерін бағалаңыз.


II. Зерттеу мәселесі (Research problem)

Зерттеу мәселесіне қойылатын міндет келесідей, ол ең алдымен:

1. дұрыс анықталуы керек,

2. шешілуі мүмкін мәселелер қойылу керек,

3. шешім қоршаған ортаға қолданыла алатындай етіп жасалған ортамен қисынды түрде байланыстырылуы керек

4. бұрыннан бар білім деңгейімен тексерілген, яғни бұрын шешілмеген мәселе болуы керек,

5. қоғамның дамуына әлеуетті елеулі үлесі бар болуы керек.
Зерттеу мәселесін анықтаудағы төмендегі кемшіліктер алдын алынуы керек:

-мәселені дұрыс көрсетпеу;

-нормативті сипаттаманы шатастыру қателіктері;

- өткен немесе болашақ проблемаларды қазіргі кезде қолдану;

-зерттеу жұмыстарында студенттерді іскер адамдардың мінез-құлқын зерттеу үшін пайдалану;
- шешілмейтін мәселені анықтау, мысалы, «кәсіпкерлер проблемаларын қалай шешеді» деген сияқты қате зерттеу мәселесі.
34.Гипотезаны құрудың кезеңдерін анықтаңыз және мысал арқылы
мүмкіндіктерін бағалаңыз.


Гипотезаны құрудың бірнеше кезеңдерін ажырата аламыз: Бастапқыда зерттеуші проблемалық жағдайдың пайда болуын анықтайды, әйгілі әдістер мен ғылыми зерттеулердің құралдарын қолдана отырып, жаңа құбылыстың себептерін түсіндірудің мүмкін еместігін дәлелдейді, жаңа құбылыстарды жан-жақты зерттейді, осы құбылыстың ықтимал себебі туралы ғылыми гипотезаны тұжырымдайды және болжамды себептен логикалық түрде болатын салдарды анықтайды. Соңғы кезеңде осы салдардың шындық фактілеріне сәйкестігін эксперименттік тексеру жүреді, яғни гипотеза алынған нәтижелер нақты фактілерге сәйкес келе бастаған кезде ғана дұрыс деп танылады.
Гипотеза тесттері: Гипотеза тесттері алға қойылған бір пікірді дәлелдеу немесе жоққа шығару қызметін атқарады.

H0: Гипотеза - дәлелдеуді қажет ететін болжам немесе нолдік гипотеза.

H1: Антитеза - болжамға қарсы қойылған жағдай немесе алтернативтер.

Мысалы:

H0: Нан бағасының өсуі тұтынуды азайтады.

H1: Нан бағасының өсуі тұтынуға әсер етпейді.
35..Ықтималды және ықтималды емес негізінде іріктеу әдістерін
салысырып жазыңыз және мысал арқылы мүмкіндіктерін бағалаңыз.


Іріктеудің әдістері ықтималдылыққа байланысты ықтималдық негізде іріктеу және ықтималды емес негізде іріктеу деп екіге бөлінеді.

Ықтималдық негізінде іріктеу – бұл жерде, жиынтықтың әр мүшесінің таңдалу мүмкіндігі бірдей болады, Мысалы жалпы тұрғындардың кез келгенінің таңдалу мүмкіндігі. Ықтималды негізде іріктеу бірнеше түрге бөлінеді:


  • Кездейсоқ негізде.

  • Жүйелі негізде

  • Кездейсоқ бөлшектелінген негізде

  • Кластер негізінде


Ықтималды емес негізде іріктеу - популяцияның таңдау мүмкіндігі бірдей болмайды; оның орнына таңдау кейбір факторларға байланысты болады, мысалы:

  • Қолайлылық - белгілі бір уақытта болу, мысалы асханада түскі ас кезінде.

  • Мақсатты - адамдарды әдейі таңдауға болады, өйткені олардың көзқарастары осы мәселеге қатысты.

  • Квота - популяцияда кіші топтар бар деген болжам жасалды, ал респонденттердің квотасы осы әртүрлілікті көрсету үшін таңдалды.



36.Мәліметтерді жинаудың құрылымданған және құрылымданбаған
әдістерін анықтаңыз және мысал арқылы мүмкіндіктерін бағалаңыз.


Құрылымданған мәліметтерді талдау ерекшеліктері:

Деректер алдын-ала белгіленген санаттарға сәйкес келетіндіктен, оны символдармен кодтауға болады (әдетте сандар, бірақ кейде әріптер). Талдау әдетте статистикалық деректер арқылы жасалады.



Статистикалық талдаудың екі негізгі формасы бар:

Сипаттамалық талдау - статистика заңдылықтарды анықтау және айнымалылар арасындағы айырмашылықтарды көрсету үшін қолданылады.

Ықтималды талдау - статистикалық қорытынды жасау, себеп пен салдарды түсіндіру және болжау жасау үшін қолданылады. Мұнда зерттеушіні тәуелді айнымалылардың (оның мәні басқа айнымалыға байланысты немесе әсер ететін) және тәуелсіз айнымалылардың (бағынбайтын айнымалы) арасындағы байланыс қызықтырады.
Құрылымданбаған деректер - бұл деректер өзгеруі мүмкін, көбінесе ашық сұрақтар, байқау және т.с.с. жағдайларда туындайды және кодталудан бұрын біраз реттеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл деректер жартылай құрылымданған әдістер арқылы жинақталады.

Құрылымданбаған мәліметтерді талдау ерекшеліктері:

Әрине құрылымданбаған мәліметтерді талдау қиындау және зерттеушіден үлкен аналитикалық қабілетті талап етеді. Бұл жерде ең маңыздысы мәліметтерді кодтау үшін арнайы шаблондар мен тұжырымдамалар пайдаланған жөн.


37.Зерттеу құралдарының негізгі міндеттерін анықтаңыз және
мүмкіндіктерін бағалаңыз.


Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.

Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген іс-әрекет түрі.

Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.

Әдістеме (методика) – бір нәрсені үйретудің бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

Әдіснама (методология) - зерттеу әдістері, жүйелері мен тәсілдері жөніндегі білім мен ғылым жиынтығы.

Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті бір бірімен байланысты техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
38.Магистрлік диссертацияның тақырыбын дұрыс таңдаудың ғылыми зерттеудегі орнын бағалаңыз.

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау Диссертация тақырыбы магистрантпен ол оқуға қабылданған соң 2 ай мерзімінде анықталады және бекітіледі. Ол, ереже бойынша, Ғылыми кеңесте қаралған және ректор бұйрығымен бекітілген, шығарушы кафедраның ұсынған тақырыптар тізімінен таңдалынады. Магистрантқа жасаудың мақсатты образды қажетті негізімен және кейіннен кафедра отырысында бекітілетін, өз тақырыбын ұсыну құқықы беріледі. Магистрлік диссертация тақырыбын таңдау кезінде, диссертация тақырыбының ғылыми бағытталуына, өзектілігіне, проблемаларды зерттеу деңгейі және магистранттың өз алдына қойған міндеттерді орындау мүмкіндігі бөлігінде жеке қызығушылықтарын есепке алу керек. Сонымен қатар, тақырыпты таңдаудың дұрыстығы, әдеби көздермен алдын-ала танысуға және сәйкес бейін маманы практикасымен тікелей қарым-қатынас жасау жағында есепке алу керек. Магистрлік диссертация ретінде ғылыми сипатқа ие болатын өнеркәсіптік немесе инновациялық жобалар да қорғауға жіберіле береді. Зерттеу тақырыбы өзекті, мамандық бойынша ғылымның заманауи жағдайына сәйкес келетін және шығаратын кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарымен байланысты болуы керек. Диссертацияны ғылыми жетекшілері болып ғылым докторы немесе кандидаты, ғылыми дәрежесі бар, PhD/бейін бойынша доктор академиялық дәрежесі бар, аталған білім саласында жеткілікті еңбектері жарияланған, белсенді қызмет етуші тұлғалар тағайындалады (сәйкестік ережелермен анықталады).


39.Бірінші деңгейлі және екінші деңгейлі мәліметтерді жинау ерекшеліктерін анықтаңыз және мүмкіндіктерін бағалаңыз.

Бірінші деңгейлі ақпарат форматы және құрылымы мәліметтерді жинау үшін қолданылатын әдістер, тәсілдер, аспаптар ерекшеліктеріне жауап береді, олардың ықпал ету сферасы жинаудың сәйкес жүйешесі және алғашқы өңдеумен шектеледі.

Екінші деңгейлі ақпарат құрылымы жүйеішілік сипатқа ие, себебі өзара жүйешелер өзара әрекеттестік үрдісін көрсетеді. Үшінші деңгейлі ақпарат оларды қолданушылар немес өзге жүйелермен картографиялаудың барлық жүйелері өзара әрекеттестігіне арналған, және сондықтан оның құрылымы және форматы тұтынушылармен келісті болуы тиіс.

Ақпаратты ұсынудың тілдік құралдары сандық картаграфиялаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады, оларға қойылатын талаптар көп, оның ішінде: мәліметтер мазмұнын толық және бірмәнді бейнелеуді қамтамасыз ету, картақұрушы жұмыстарды генерализациялау, жер үлгілерін құру және түзету логикалық үрдістерінде мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндіктері, ЭЕМ өңдеу үшін жарамдылық және қолдану қарапайымдылығы; қол еңбегін барынша аз қолдану, ЭЕМ өңдеу уақыты мен жадыны қолданудағы үнемділік; көп жағдайда инженерлік мәліметтер негізінде топографиялық ақпарат қолданушылары сипаттаған мәліметтер мазмұнын кеңейту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.


40.Ғылыми туындылардың қоғамдық игiлiкке айналу маңыздылығын мысалмен бағалаңыз.
Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы

1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуi олардың қоғамдық игiлiкке айналғандығын бiлдiредi.



2. Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды кез-келген адам авторлық сыйақы төлемей еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiнiң құқығы мен оның беделiн қорғау құқығы сақталуға тиiс.

3. Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды пайдаланушылар авторлардың шығармашылық қызметiне ықпал ету, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында авторлардың кәсiби қорына немесе авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдарға қаржы аударуға ерікті.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет