2. Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі Кәсіпкерлік үшін команданың мәні



Дата16.09.2020
өлшемі99.5 Kb.
2. Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі
Кәсіпкерлік үшін команданың мәні
Өткен сабақта біз сіздермен кәсіпкерліктің не екенін және оның қандай түрлері болатыны туралы баяндадық. Мысалы, сіз кәсіпкер болуды шешкен шығарсыз. Бұл үшін не істеу керек? «Жабдықты сатып алу, ғимаратты жалға алу» және т.б. деп айтуға асықпаңыз. Біріншіден, кез келген бизнес неден басталады бұл, әрине команда. Команданың «дұрыс» болуы тиіс.

1-тапсырма

Біз «Дұрыс команда» дегеннің не екенін талқылауды бастамас бұрын, бұл анықтаманы өзіңіз беруге тырысыңыз. «Дұрыс команда – бұл ... » деген ұсынысты жалғастырыңыз.



Осы тапсырманы орындау үшін Сіз аудиторияны топтарға, мысалы, қатарлар бойынша бөліңіз. «Дұрыс команданың» барлық анықтамаларын тақтаға жазыңыз. Мысалы, командалар кезек бойынша бір-бірден анықтама бере алады. Жауап беруге қиналатын команда ойыннан шығады. Соңғы болып қалған команда жеңіске жетеді.

«Дұрыс команда» дегенді айқындаған кезде, оның мағынасы адамның санына емес, ондағы кәсіпқойлардың сапасын көрсетеді. Команда да тек бірнеше адамның болуы, бірақ олар 10 және одан да көп қатысушысы бар басқа командаға қарағанда өнімді жұмыс істей алуы мүмкін.

Қазіргі кәсіпкерлік әлемінде, тек дұрыс команда жинап, аса маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Егер кәсіпкерлікті қандай да бір механизм ретінде қарастыратын болсақ, онда ол жұмыстың тиімділігі үшін, оның құрамдастары өздерінің жеке міндеттерін жақсы орындауға міндетті. Осы қағидат бойынша бизнес-команда құрылуы тиіс.

Команда да кім болу керек

Команда үйлесімді және ұйымшыл түрде іс-әрекет етуі керек – бұл кәсіпкерлік табысының құрамдас бөлігі. Оның әрбір мүшесі белгілі бір міндеттерді орындауға және басқаларды толықтыруға міндетті. Ең қиыны осы рөлдерді анықтаудан тұрады. Біз қазір PAEI үлгісін қарастырамыз, ол осы үшін арналған..

PAEI – бұл табысты және акроним болу үшін кез келген ұйымға қажетті менеджменттің төрт түрін (рөлін) сипаттайды. Бұл рөлдер: продюсер (P), әкімші (A), кәсіпкер (E) және интегратор (I).
Продюсер

Осы тұлғаның адамдары – тамаша орындаушылар. Олар нақты қойылған тапсырмалар мен міндеттерді жақсы көреді және оларды сөзсіз орындайды. Инновацияны енгізбейді және бастаманы сирек көрсетеді. Қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізу – бұл психотиптің мақсаты.



Әкімші

Мұндай қызметкерлер тапсырмаларды орындауға бағытталған. Өндірушіден айырмашылығы, олар нәтижеге емес, оларды алу жолына бағытталған болуында. Бәріне ұқыптылықпен қарайды. Барлық міндеттерді мүлтіксіз орындайды, компанияның ішкі ережелеріне сәйкес келеді және басқалардан осыны талап етеді. Ұйымшылдылығымен және кішіпейілділігімен ерекшеленеді. Әкімші кез келген деректерді болжайды және оған талдау жасайды.

Әкімшілер – кәсіби заңгерлер, экономистер, бухгалтерлер.

Кәсіпкер

Мұндай түрдегі адамдар өзгерістерді жақсы көреді және оларға үнемі дайын болады. Олар үшін ең маңыздысы мақсатқа жету. Бұл кезде оларға әдістер қажет емес. Кәсіпкер – ұзақ мерзімді келешекте жұмыс істейтін адам. Командада жақсы жұмыс істейді, ынталы, мақсатты және харизматикалық қызметкерлер.

Бас директор, маркетолог, жарнама жөніндегі маман және т.б. лауазымдарда өздерін жақсы сезінеді.

Интегратор

Достықты сүйетін, харизмамен ерекшеленетін басшы қызметкерлер. Олар құрмет көрсете алады, сенім артады, алғыс айтады. Бұл адамдар ұжымда үйлесімді тұлғааралық қарым-қатынасты құруға жәрдемдеседі, әділ және әрдайым көмек көрсетуге дайын жүреді.

Мұндай психотип үшін ең жақсы лауазым: PR-менеджер, қызметкерлерді таңдау жөніндегі менеджер, жарнама бөлімінің басшысы және т.б.

Бизнесті дамыту кезеңдері

Бірінші кезең – «Пайда болу» (Courtship). Пайда болу кезеңі ұйымның қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде компания тек қана идея түрінде бар, ол компанияның негізін қалаушының ойында қалыптасқан. Кәсіпорынның қалыптасуының осы кезеңі армандар мен мүмкіндіктерге негізделеді, ал басшының негізгі міндеті идеяны терең ұстануды құру және дамыту болып саналады. Жобаның тәуекелі мен белгісіздігі жоғары болған сайын, нәтижеге деген сенім арта түседі. Осы кезеңде компанияны дамытуда жалдамалы басшылар пайдасыз болады.

Екінші кезең – «Нәресте» (Infancy). Сәбилер сатысы идея иесі компанияны негіздеген және қаржылық тәуекелдер мен міндеттемелерді өзіне алған сәтте басталады. Идея нақты іс-әрекеттерге айналады, талқылау уақыты аяқталады, ал компаниядан нақты нәтижелер талап етеді. Жаңадан құрылған компанияның өнімділігі төмен деңгейде болады, ол салада тиімді жұмыс істеуге бейімделеді.

2-тапсырма

Қазір, сіз PAEI бойынша қандай рөлге неғұрлым бейім екенін анықтаған кезде, сіз өз бизнес-жобаларыңызбен одан әрі жұмыс істейтін командаларға бөлінуге болады. Ол үшін сіз командада 4-5 адам есебінен болашақ бизнес-жобалардың көшбасшысы бола алатын және оны қалайтын білім алушылардың арасынан бірнеше кәсіпкерлерді (яғни, егер топта 20 білім алушы болса, 4-5 кәсіпкерді таңдау қажет) таңдауыңыз қажет.



Қазір білім алушылар болашақ ұжымдық бизнес-жобалардың «Негізін қалаушы» болатын кәсіпкерлерді таңдап алуы тиіс. Егер топта үміткерлер көп болса, онда сіз олардың арасында жарыс өткізіңіз – олардың әрқайсысы басқаларды стартап негізін қалаушы рөліне неге сәйкес келетінін сендіру керек. Содан кейін тақтаға үміткерлердің аттарын жазып, басқа білім алушылардан өздері таңдаған үміткердің есімінің жанына смайлик салуды сұраңыз. Көптеген смайликтерді жинаған үміткерлер стартаптардың негізін қалаушылар бола алады. Егер қалаушылар аз болса, сіз топ білім алушыларынан осы рөлге сәйкес келетіндердің есімін атауды ұсыныңыз.

Ағынның жағдайы

Енді әрбір кәсіпкер өз командасын жинауы керек. Мұны қалай жасауға болады? Сізге ағынның жағдайы сияқты әдісті пайдалануды ұсынамыз. Ағынның мұндай жағдайын сипаттау үшін Сізге қандай да бір сабақта толық жүктелген жағдайды еске түсіруді ұсынамыз, бұл оқу ма немесе басқа нәрсе ме, маңызды емес. Бұл мәселе сіздің тапсырманы қаншалықты деңгейде орындап шықтыңыз, айналадағы болып жатқан жағдайларға қалай жауап бердіңіз немесе мүлдем байқамаған болғаныңыз туралы болып отыр, осы кезде сіздің жұмысыңыз қалайша сәтті аяқталды. Әрине, сіз осындай жағдайды бастан өткізген шығарсыз және кейіннен алынған нәтижелерге –тіпті осындай қысқа уақыт аралығында өзіңіздің тамаша бір жұмыстарды жасай алатыныңызға қатты қуанасыз.



3-тапсырма

Біз бәріміз бірге ағынның жағдайына кіруге тырысайық. Бастау үшін әркім өз орнында тұруы қажет. Қозғалыңыз, қолды айналдырыңыз, бірнеше отырып-тұру, бүгіліп-жазылу жаттығуларын жасаңыз, керіліп созылыңыз. Үстелде отырған кезде пайда болған дененің кернеуін шығарып тастау қажет.



Білім алушыларға бірнеше дене жаттығуларын жасау үшін біршама минут беріңіз. Сіз оларға мысал ретінде көрсету үшін, өзіңіз олармен бірге жаттығу жасаңыз. Алғашқы болып шыныққанға көпшілік алдында мақтау білдіріңіз.

Білім алушыларға отыруға, демалуға, өзіне ыңғайлы жағдайды қабылдауға уақыт беріңіз. Бір минут ішінде олар көздерін жұма отырып, еркін дем алуы тиіс. Сіз олардың еркін дем алуына: «Бетті, маңдайды, көзді, ерінді бос ұста. Иықты, қолды, саусақтарды бос жібер. Терең және баяу демалыңыз: демал, дем шығар» деп айта отырып көмектесіңіз.

Білім алушыларды командаға бөлу үшін барлық продюсерлерді бір жерде, басқалары да – барлық әкімшілер, кәсіпкерлер мен интеграторлар бір жерге жиналсын. Әрбір кәсіпкер кезек бойынша әр топтан бір білім алушыдан өз стартапына таңдау керек. Таңдау кезектілігін ауыстырып отырыңыз. Егер А кәсіпкер бірінші болып продюсерді таңдаса, онда Ә кәсіпкер бірінші болып интеграторды таңдап алсын және т.б. Егер қандай да бір командада білім алушылардың саны көп болса қорқатын түгі жоқ – ең бастысы топтың барлық білім алушылары командаға бөлінуі тиіс. Білім алушыларға енді олар таңдаған команда бойынша келесі барлық сабақтардың кезінде бірге жұмыс істейтінін ескертіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет